Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға




НазваниеҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға
страница4/7
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://pravo.ksu.kz/download/008/008_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7
Білім беру сапасын бағалау

Оқу жетiстіктерiн тәуелсiз сыртқы бағалау жүйесi: ұлттық бiрыңғай тестiлеу (бұдан әрi - ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрi - МАБ) енгізiлуде.

Дегенмен бiлiм берудiң барлық деңгейлерінің сапасын бақылаудың және бағалаудың қолданыстағы тетiгі бiлiм берудiң қазiргi нақты жай-күйiн толыққанды көрсете алмайды және басқару үшiн керi байланыстың объективтi құралы бола алмайды.

Бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң сапасын бағалау көрсеткiштерi мен өлшемдерi жетiлмеген, объективтi мониторинг жоқ. Бiлiм беру сапасын басқару компоненттерi бытыраңқы жұмыс iстейдi. Білім алушылардың жетістіктерiн сыртқы бағалаудың мазмұны, мақсаты мен мiндеттерi қазiргi заманғы бiлiм сапасына деген талаптарға сай емес. Білім алушылардың бiлiм деңгейiн салыстырмалы зерттеулер жөнiндегі халықаралық бағдарламаларға Қазақстан қатыспайды.

Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қолданыстағы статистика жүйесi қазiргi заман талабына мағыналық та, технологиялық аспектiлерi жағынан да сәйкес келмейдi. Мазмұнды әрi оралымды емес, халықаралық стандарттарға сай келетiн, кешендiлігi мен толықтығы жағынан қажеттi бiрiздi статистикалық ақпараттық ағын әзiрленбеген. Бiлiм беру көрсеткiштерінің жүйесi әр түрлi негіздемелерден жиналған деректер жиынымен алмастырылады, олар пысықталғаннан кейiн әкiмшiлiк есептiлiк терминдерiнде түсiндiрiледi.

Бiлiм беру жүйесiнде қалыптасқан ахуалдың негізгi себептерi:

бiлiм беру сапасын бағалауда объективтілiктi қамтамасыз етпейтiн рәсiмдердiң басымдығы;

бiлiм беру жүйесiнiң жаңадан енiп жатқан жайларға ден қоймауы, бiлiм беру құрылымының мазмұны мен қалыптасуының ескiрген қағидаттарына бейiлдiлігі;

педагог кадрларды даярлау деңгейiнiң төмендiгi, таңдаулы кадрлардың тұрақтамауы, ұстаз еңбегiнiң материалдық жағынан нашар ынталандырылуы;

бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтудың жеткiлiксiз қаржыландырылуы;

оқу-зертханалық, дене шынықтыру, ойын жабдықтарының, оқу және әдiстемелiк әдебиеттердiң қазiргі заманғы талаптарға сәйкес келмеуi;

бiлiм беру қызметтерiнiң нарығында сұраныс пен ұсыныстың ғылыми негізделген ұзақ мерзiмдi болжамының болмауы;

сабақтас мемлекеттік жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын және бiлiм берудiң барлық деңгейлерi мен сатыларына арналған бағдарламаларды, олардың мониторингінiң тетiгiн жасау және iске асыру кезiнде әдiснамалық қағидаттардың үйлесiмсiздiгi;

кәсiптiк оқытуды және мамандар даярлауды ұйымдастыру процесiне жұмыс берушiлер мен әлеуметтiк серiктестердi тарту тетiктерiнiң болмауы;

бiлiм беру саласындағы құралдардың, әдiстердiң және бағалау қызметi технологияларының жеткiлiксiз әзiрленуi;

педагог, ғылыми-педагог кадрлардың және өндiрiстiк оқыту шеберлерiн қайта даярлау және бiлiктiлiгін арттыру жүйесiнiң нашар дамуы;

бiлiм берудi басқару жүйесiн қамтитын бiрыңғай ақпараттық бiлiм беру инфрақұрылымының болмауы.

Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ "Бiлiм" бағдарламасын iске асыру жөнiнде қабылданған шаралар, тұтас алғанда, бiлiм беру жүйесiне оң әсерiн тигiздi. Алайда мұның өзi бiлiм беру жүйесiнiң нарықтық экономиканың және ашық азаматтық қоғамның қажеттіктерiне сәйкессiздiгiн жою үшiн жеткiлiксiз.

Келеңсiз құбылыстарды болдырмау, түбегейлi ұйымдық, құрылымдық өзгерiстер, бiлiм берудiң мазмұнын жаңарту және балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетiлдiру, республиканы дамытудың қазiргі заманғы әлеуметтiк-экономикалық және саяси жағдайлары мен дамуы жоғары елдердiң озық тәжiрибесiне сәйкес мамандарды даярлау жөнiнде шаралар қолдануды қажет етедi.

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

Бағдарламаның мақсаты адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттiктерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негiзiнде көп деңгейлi бiлiм берудiң ұлттық жүйесiн жаңғырту болып табылады.

Бағдарламаның негізгі мiндеттерi:

халықтың барлық жiктерi үшiн сапалы бiлiмге қол жеткiзудi қамтамасыз ету;

бiлiм берудi басқаруды одан әрi демократияландыру негiзiнде бiлiм берудiң ұлттық жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру;

қазақстандық патриотизмге, төзушiлiкке, биiк мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарына құрметтеуге тәрбиелеу;

мемлекеттік тiлдi басым дамыту;

отандық дәстүрлер, әлемдiк тәжiрибе және тұрақты даму қағидаттары негiзiнде бiлiм берудiң мазмұны мен құрылымын жаңарту;

12 жылдық жалпы орта бiлiм беруге көшу;

БХСЖ өлшемдерiне сай кәсiптiк бiлiм беру және кадрларды даярлау жүйесiн қайта құрылымдау;

оқытудың жинақтаушы кредиттiк жүйесiне негізделген кадрларды даярлаудың бiртұтас үш сатылы моделiн жасау (бакалавриат - магистратура докторантура);

экономиканың барлық салалары үшiн жоғары бiлiктi және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру;

әлемдiк бiлiм беру кеңiстігіне ықпалдасу;

бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiн құру;

бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру;

бiлiм беру процесiн оқу-әдiстемелiк және ғылыми қамтамасыз етудi жетiлдiру;

бiлiм беру жүйесiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту;

бiлiм берудi, ғылым мен өндiрiстi ықпалдастыру;

білім берудiң сапасын арттыру үшiн экономика секторларының ресурстарын тартудың тетiктерiн жасау;

педагог қызметкерлердiң әлеуметтік мәртебесiн арттыру, бiлiм беру жүйесiн қаржымен, кадрмен қамтамасыз етудi жетiлдiру, бiлiм беру менеджерлерiн даярлау;

көп деңгейлi үздiксiз бiлiм беру жүйесiнде мемлекеттiң, қоғамның және жеке тұлғаның мүдделерiнiң теңдестігін қамтамасыз ету болып табылады.

5. Бағдарламаны iске асырудың негізгi

бағыттары мен тетiгi

 

Алға қойған мiндеттердi iске асыру үшiн:

бiлiм берудiң мазмұнын бiлiм үстемдiгi деңгейiнен нәтижеге бағдарланған "құзыретті" бiлiмге өзгерту;

бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын, пәндiк-кеңiстіктегi ортасын және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн қазiргi заманғы әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға және оқу-тәрбие процесiнiң талаптарына сәйкес келтiру;

білім алушылардың тiлдiк, ақпараттық, экологиялық, экономикалық және құқықтық даярлығын күшейту;

бiлiм берудiң барлық деңгейлерiндегі кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың кәсiптік білім беретін оқу бағдарламаларының құрылымын және мазмұнын жетілдiру;

бiлiм беру деңгейлерiнiң мазмұны мен оқудың ұзақтығы жағынан сабақтастығын қамтамасыз ету қажет.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың сапасын арттырудың негізгi бағыты балалардың жеке бас мәдениетiнiң негіздерiн, мектепте оқытуға қажеттi дағдыларды, мемлекеттік тiлдi үйренуiне, зияткерлiк және эмоциялық дамуына, олардың табиғи және психикалық денсаулығын сақтауға және бекемдеуге жағдай жасау болып табылады.

Халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерiне деген артып келе жатқан қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында:

түрлi бейiндi (дене тәрбиесi-сауықтыру, гуманитарлық, спорттық, эстетикалық, лингвистикалық, экологиялық, ата-аналарды оқыту жөнiндегi, мектепке дейінгі жастағы дарынды балалар үшiн, мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн т.б.) мектепке дейінгі орталықтарды;

отбасылық балабақшаларды;

түзеу және инклюзивтi бiлiм беру кабинеттерiн;

қысқа мерзiмде болу топтары бар жалпы бiлiм беретiн мектептер базасындағы мектепке дейінгі шағын орталықтарды;

балалар бөбекжайын, балабақшаларды, бөбекжай бақшаларды;

"мектеп-балабақша" кешендерiн;

бiлiм беру ұйымдарының базасында мектепалды топтары мен сыныптарын ашу және олардың материалдық-техникалық базаларын жаңарту үшiн нормативтiк құқықтық және қаржылық жағдайларды жасау қажет.

Жергілiктi жерлерде мектепке дейiнгi тәрбие берудi басқару және әдiстемелiк қамтамасыз етудi тиiстi мамандар бiлiм берудi басқару органдарының құрамында жүзеге асыруға тиiс.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын қоғамның өзектi және перспективалы қажеттіктерiне сәйкес ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету үшiн "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрылады. Орталық мектепке дейінгі бiлiм берудi дамыту стратегиясын әзiрлейдi және iске асырады, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң қызметiн зерделейдi және талдайды, мемлекеттік стандарттарды, инновациялық жобаларды әзiрлейдi, оқу-әдiстемелiк құралдарына, ойыншықтарға, ойын құралдарына және т.б. сараптау жүргізедi. Жұмыс берушiлердiң мемлекеттiк емес мектепке дейiнгi ұйымдар желiсiн дамытуға, сондай-ақ iрi кәсiпорындардың жанынан балабақшалар ашуға үлестiк қатысуын ынталандыру тетiктерiн жасау қажет.

Мектепте оқу үшiн тең бастапқы жағдайлар жасау үшiн бес жастағы балалар жалпы бiлiм беретін мектептер мен мектепке дейiнгi ұйымдар базасында мектепалды даярлық бағдарламаларымен қамтылады.

 

ҚР Президентінің 2007.16.11. № 443 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2008.25.06. № 622 Жарлығымен (бұр.ред.қара) бөлім өзгертілді

Орта бiлiм беру

Орта бiлiм берудiң мазмұны мынадай бiлiм беру өрiсiн қамтиды: тіл және әдебиет, адамтану, қоғамтану, математика, информатика, жаратылыстану, өнер, технология, дене тәрбиесi.

Жалпы орта білім беруде мыналарды көздейтін 12 жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады:

1) бастауыш білім беру, оқыту ұзақтығы 4 жыл, 1 - 4-сыныптар. Оқыту 6 жастан басталады.

Бастауыш білім беру мазмұны шетел тілін және информатика негіздерін ертерек оқытумен толықтырылатын болады. Бастауыш білім берудің оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен машықтануын дамытуға бағытталған. Бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың білімін аралық бақылаумен және білім алушылардың оқу жетістіктерін іріктемелі мониторингтік бағалаумен аяқталады;

2) негізгі орта білім беру, оқыту ұзақтығы 6 жыл, 5-10-сыныптар.

Негізгі орта білім берудің оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымның базистік негіздерін меңгеруге, тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі тануына және бейінді бағдарлануына бағытталған. Білім алушылардың бейіналды даярлығы енгізіледі.

Негізгі орта білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушыларға міндетті қорытынды аттестаттау өткізіледі, оның қорытындылары бойынша білім алушылардың қабілеті мен даярлық деңгейін ескере отырып, олардың одан арғы оқу бейіні анықталады;

3) жалпы орта білім беру, бейінді оқыту, оқыту ұзақтығы 2 жыл, 11 - 12-сыныптар.

Жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары білім алушылардың кәсіпке дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізе отырып, білім беру мазмұнын саралауды, ықпалдастыруды және кәсіптік бағдарлауды көздейді.

Жалпы орта білім берудің білім алушыларына шығармашылық қызметке және жеке қабілетін дамытуға ерекше орын бөлінетін жеке білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту мүмкіндігі беріледі.

Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады, оның бір нысаны ұлттық бірыңғай тестілеу болып табылады.

12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2010 - 2011 оқу жылы бірінші сынып оқушылары жаңа жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқитын болады.

Орта бiлiм беруде:

12 жылдық оқытуға көшудiң нормативтiк құқықтық базасын жасау;

білім беретін оқу бағдарламаларының базалық және бейiндiк мазмұнын жетiлдiру, эксперименттік оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер әзiрлеу және сараптау;

оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк әдебиетті әзiрлеудi және басып шығаруды әдiстемелiк қамтамасыз ету, 12 жылдық мектепке арналған оқу әдебиетін сараптауды ұйымдастыру мiндетi болатын "Оқулық" ғылыми-әдістемелiк орталығын құру;

оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын технологияларын енгізу;

білім алушылардың оқу жетiстiктерiн сыртқы ағымдағы және қорытынды бағалау жүйесiн құру;

оқытуды ұйымдастыру қағидаттарын және оқушының бiлiм-бiлiктi, дағдыны енжар "алушы" рөлiн танымдық процестiң белсендi субъектісiне өзгерту;

облыстық және аудандық (қалалық) бiлiм басқармалары туралы ереженi әзiрлеу арқылы басқару буындары мен олардың бағыныстылық функцияларының ара жігін нақты ажырату;

мектепте оқытудың күтiлетiн нәтижелерiн және оларға жету жолдарын мониторинг деректерiнiң негізiнде талқылау процесiне күллi жұртшылықты тарту жүйесiн құру;

жалпы бiлiм беретiн мектептердi салу қажет.

Оқу процесi:

өз бетінше бiлiм алу және оны практикада қолдану қажеттiгі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсiлдерiне мақсатты және жүйелi түрде баулуға;

оқушыны жеке тұлға және қызмет субъектiсi ретiнде дамытуға, өмiрлiк құнды бағдарларын қалыптастыруға;

ұлттық мәдениеттi құрмет тұтуға тәрбиелеуге және басқа да мәдени бастаулардан нәр алуын бойында қалыптастыруға;

нарықтық экономика мен сапаның негізгі түсiнiктерiн және оларды практикада қолдана бiлудi қалыптастыруға;

бейіналды даярлықты (негізгі орта білім беру) және бейінді оқытуды (жалпы орта білім беру) қамтамасыз ету.

Жалпы орта бiлiм берудiң жаңа мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты түлектердiң базалық құзыретi түрiндегі нәтижеге бағытталған бiлiм берудiң ұлттық мақсаттары жүйесiн орнықтыратын болады.

Қазақстан Республикасының зияткерлiк әлеуетiн қалыптастыруға бағытталған, дарынды балалармен жұмыс нысандары мен әдiстерi жетiлдiрiлетін, бiлiм беру жүйесiнде халықаралық байланыстар дамытылатын болады.

Ауылдық мектептердi дамытуға ерекше көңiл аударылатын болады. Шағын жинақталған мектептерде оқу процесiн толыққанды және сапалы өткiзу үшiн негiзгi және аға буындағы бiрiктiрiлген сыныптар бiрте-бiрте қысқарады. Ауылдық жерлерде шағын жинақталған мектептердiң балалары үшiн бейiндi мектеп-интернаттар салу және ашу көзделiп отыр. Ашық білім беру ортасын құру үшiн оқу процесiн ұйымдастырудың қашықтан оқыту әрi басқа инновациялық нысандары кеңiнен енгізілетiн болады.

Арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының желiсi сақталып, кеңейтілетiн болады, мүмкiндiктерi шектеулi балалардың кәсiпке дейiнгi және кәсiптiк даярлыққа қол жеткiзуi кеңейтiледi, мүмкiндiктерi шектеулi адамдарды ықпалдастыра оқытуды мемлекеттiк қолдау, бұрын оқыту мүмкiн емес деп саналған балаларды оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар әзiрленедi, арнаулы бiлiм берудi кадрмен қамтамасыз ету жетілдiріледi.

Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды ерте жастан түзей-дамыта оқытатын бағдарламаларды iске асыру осы санадағы балалардың елеулi бөлiгiн қалыпты жалпы білім беретiн мектептерде оқыту үшiн жағдай жасайды.

Қосымша білім берудi дамыту үшін сол ұйымдардың желiсiн нығайту мен дамыту нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру, халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiнiң балалары мен девиантты мінез-құлыққа бейiм балаларды сабақтан тыс жұмыспен мейлiнше қамту, мүмкiндiктерi шектеулi балалардың қосымша білім беру ұйымдарына баруы үшiн жағдай жасау көзделедi.

Арнаулы және қосымша бiлiм берудi дамытуға қатысуға халықаралық, үкiметтiк емес ұйымдар, жекеше сектор тартылатын болады.

 

ҚР Президентінің 2007.16.11.
1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы
Оса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006 2007 жылдарға арналған ұлттық...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама
Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға icon2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница