Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға




НазваниеҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға
страница3/7
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://pravo.ksu.kz/download/008/008_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7
2-диаграмма

[Графикалық нысанды қараңыз]

Жұмыс берушiлер мен басқа да әлеуметтiк серiктестер техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлау тапсырысын түзуге нашар тартылған. Кәсiптiк бiлiм берудi және кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың жекеше секторының қаражаттарын тарту тетiгі жоқ. Кәсiптiк мектептердiң 122 ғимараты (45%) күрделi жөндеуді, 115 ғимарат (42,1%) ағымдағы жөндеудi талап етедi, кәсіптік циклдегi 153 кабинет, жалпы бiлiм беру циклiндегі 146 кабинет, 108 оқу зертханасы, 78 оқу шеберханасы, 33 асхана, 72 медициналық пункт жетiспейдi.

Өндiрiстiк оқытуды ұйымдастыруға, оқу материалдарын, құралдар мен жабдықтарды сатып алуға, кадрларды қайта даярлауға және олардың бiлiктілігін арттыруға қаржы қаражаты бөлiнбей отыр.

Бөлiнген қаржы қаражаты, негiзiнен, жалақы мен әлеуметтiк салық төлеуге (54%), тамақтануға, киiм-кешекке және стипендияға (23%), коммуналдық қызметтер көрсетуге (10%), үй-жайларды күтiп-ұстауға және қызметтер көрсетуге (3%) жұмсалады.

Кәсiптiк мектептер мен колледждердегi кадр тапшылығы арнайы пәндердiң 934 оқытушысын және өндiрiстiк оқыту шеберiн құрайды. Кәсіптік мектептер мен колледждердегi кадр құрамының қартаю, неғұрлым бiлiктi оқытушылардың шағын және орта бизнеске кету үрдiсi сақталып отыр. Жас мамандардың еңбекақының және педагогтің әлеуметтік мәртебесiнiң төмендеуiнен кәсiптiк мектептер мен колледждердегi жұмыс icтеугe деген ынтасы жоқ.

Облыстық деңгейде кәсiптiк бiлiм беру және кадрларды даярлайтын оқу орындарының басқару мен оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету құрылымы осы оқу орындарының басқару және қаржыландыру функциялары жергiлiктi өкiлдi орындарға және атқарушы билiк органдарына берiлген сәттен бастап (1996 жыл) нығайтылмаған.

Кәсіптік бiлiм беру мен техникалық және қызметтер көрсету еңбегi кадрларын даярлаудың құрылымы мен білім беретін оқу бағдарламалары бiлiктілiк деңгейлерi бойынша Техникалық және кәсіптік бiлiм беру туралы ұсынымдарына (ЮНЕСКО, 2001 жыл), Бiлiм берудi халықаралық стандартты жiктеу бағдарламасының өлшемдерiне (БХСЖ, 1997 жыл) сәйкес келмейдi, бұл кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң ұтқырлығын, икемдiлігін азайтады және әлемдiк бiлiм кеңiстігінде танылу ықтималдығын төмендетедi.

Жоғары бiлiм беру

Әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерiнде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру жүйесiнiң дамуын талдау онда кредиттік бiлiм беру жүйесiне негізделген, кадрлар даярлаудың үш сатылы моделiнiң кең тарағанын көрсетедi: бакалавриат-магистратура - Ph.D докторантурасы. Бұл модель АҚШ университеттерiнде және Еуропаның көптеген елдерiнде қолданылады. Ол неғұрлым икемдi де тиiмдi болып табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгерiп тұрған шағында түлектерге деген сұранысты қамтамасыз етедi.

Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм беру жүйесiнде 180 жоғары оқу орны және ЖОО-ның 86 филиалы бар. 9 жетекшi университеттің ерекше мәртебесi бар. Педагог кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгін арттыру жүйесiн жетiлдiру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық ЖОО-ы ашылды.

Жоғары оқу орындарының саны, студенттер контингентi және мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы өсiп отыр (6-кесте).

6-кесте

   

 Оқу жылы

          

 Жоғары оқу 

орындары саны

Білім алушылардың

 контингенті

 Мемлекеттік тапсырыс (оқуын

жалғастырушылардан басқасы)

2000/2001

2001/2002

2002/2003

2003/2004

     181    

     182    

     173    

     180    

   440715  

   514738  

   590982  

   656561  

            21970          

            25265          

            25465          

            26465          

 

Жоғары оқу орындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 10000 тұрғынға шаққандағы студенттердiң саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан.

2000 жылы қабылданған "Бiлiм" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру барысында жоғары бiлiм беру мамандықтарының жiктеуiшi жетiлдiрiлген. Оқу процесiнiң технологиялы болуын қамтамасыз еткен бастауыш курстардың бiрiздендiрiлген білім беретін оқу бағдарламаларымен қоса жоғары бiлiм берудiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттары әзiрлендi. Жоғары бiлiмге даярлық мамандықтары мен бағыттарының пәндерi 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етiлдi.

Кәсiптiк жоғары бiлiм алуға тең қол жеткізудi қамтамасыз ету және неғұрлым дайындалған жастарды iрiктеу мақсатында кешендi тестiлеу немесе ұлттық бiрыңғай тестiлеу жүргiзу және конкурстық негізде мемлекеттiк білім беру гранттары мен кредиттерiн беру арқылы студенттер контингентiн қалыптастырудың жаңа моделi енгізiлдi.

Кадрларды даярлау жүйесiн әлемде жалпы қабылданған бакалавр-магистр моделiне көшiрудiң негіздерi қаланды. Жоғары оқу орындарына айтарлықтай академиялық еркiндiк берiлдi. Оқытуда пайдаланылатын ғылыми зерттеулер жанданып, академиялық ұтқырлық арта түстi. Қазақстан Республикасының 19 мыңға жуық азаматы әлемнiң 35 елiнде оқиды, оның iшiнде 16,4 мыңы Ресей жоғары оқу орындарында оқиды. 800 адам Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерi болды. Республиканың жоғары оқу орындарында 8690 шетел азаматы оқиды.

Сонымен қатар жекелеген жоғары оқу орындарының және олардың көптеген филиалдарының зияткерлiк, кадрлық, материалдық-техникалық әлеуетiнiң жетiспеуiнен талапкерлердiң және студенттердiң даярлық деңгейiне қоятын талаптарының төмендеуi мамандарды даярлау сапасының төмендеуiне әкеп соқтырады. Бұл жоғары оқу орындарын кадрмен қамтамасыз етуге және олардың материалдық-техникалық базасына қойылатын талаптарды күшейту бағытындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру қажеттiгін туындатады.

Жоғары оқу орындарындағы бiр бейiндi мамандықтарға даярлау жоспарлы экономикаға тән тұрақты салаларға және тұтынушыларға ғана бағдарланған. Әлеуметтік серiктестiк және кадрларды атаулы даярлау, әсiресе, өңiрлiк деңгейде одан әрi дамытуды қажет етедi. Техникалық, аграрлық, технологиялық, ветеринарлық мамандықтар бойынша мемлекеттiк тiлдегi оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығы байқалады. Жоғары оқу орындарындағы оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттердiң 50 %-ы жаңартуды талап етедi.

Қазақстандық және шетелдiк білім беретін оқу бағдарламаларын, бiлiм туралы құжаттарды өзара есепке алу және өзара тану тетiктерiн әзiрлеу процесi баяу жүруде, ол студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын тежейдi.

Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм

Бюджеттiк негiздегі аспирантура 48 мемлекеттік жоғары оқу орнында, 5 мемлекеттік емес жоғары оқу орнында және 66 ғылыми ұйымда, докторантура 15 мемлекеттiк жоғары оқу орнында және 23 ғылыми ұйымда жұмыс iстейдi.

Соңғы жылдары аспирантураны ғылыми дәреже алып бiтiрушiлер 18%-дай ғана, бұл ғылыми кадрларды даярлаудың қазiргi жүйесiнiң тиiмдiлiгiнiң төмендiгiн көрсетедi.

Жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беретін оқу бағдарламалары ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлаудың сапасын басқаруға мүмкiндiк бермейдi. Ғылыми жетекшiлердiң (консультанттардың), бiлiм және ғылым ұйымдарының аспиранттар мен докторанттарды оқыту нәтижелерi үшiн жауапкершiлiгi төмендеген.

Бiрқатар бағыттар, оның iшiнде медицина мамандықтары (трансплантология және жасанды органдар, нейрохирургия, гематология, емдiк дене шынықтыру, спорттық медицина және т.б.) бойынша ғылыми кадрларға деген тапшылық бар, бұл республикада тиiстi ғылыми мектептердiң болмауына байланысты. Ғылыми-зерттеу институттарында және жоғары оқу орындарында кадрлардың "қартаюы" орын алуда. Егер 10 жыл бұрын ғылым докторларының орташа жасы 56 жасты құраса, ал қазiргі уақытта 62 жасты құрайды, ғылым кандидаттарының жасы тиiсiнше - 44 және 47 жас.

Ғылыми ұйымдардың жоғары оқу орындарының бiлiм беру процесiне қатысуы болмашы. Бiлiм берудiң мазмұны мен ғылымның қазiргi жағдайының арасындағы алшақтық маман даярлаудан жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, жаңа технологияларды алға апарушы және қазiргі заманғы технологиялық процестердi басқара алатын зерттеушi маман даярлауға толыққанды көшудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейдi.

Педагогика ғылымдары бойынша жүргізiлген көптеген зерттеулердiң практикалық мәнi төмен. Соңғы жылдары педагогика ғылымдары бойынша 140-қа жуық докторлық және 600 кандидаттық диссертация қорғалғанына қарамастан, ондаған жылдар бойы бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде оқытудың әдiстерi мен нысандары өзгерiссiз қалып отыр, дайын бiлiмнiң көзi ретіндегі педагогтiң мiндетi туралы ескiрген түсiнiк сақталған.

Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру

Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты білім алушылар контингентi 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалiм шығаратын 34 жоғары оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргiзедi.

Педагогтердi даярлауға арналған мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейiн өстi.

Қайта даярлау және бiлiктiлiгін арттырудан өткен мұғалiмдердiң саны өсiп келедi: 2001 жылы - 42784 мұғалiм, 2003 жылы - 48157. Алайда бұл әрбiр мұғалiмнiң бiлiктiлiк арттыру курстарынан кемiнде бес жылда бiр рет өтуiн мiндеттейтiн "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiн iске асыру үшiн жеткiлiксiз, оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалiм бiлiктiлігін арттырудан өтуге тиiс.

Бейiндiк сыныпта оқытуды, 2 сыныптан бастап шетел тілдерiн, информатиканы оқытуды көздеу, кәсiптiк мектептердiң желiсiн кеңейту 28 мың педагогикалық ставканы қосымша енгізудi талап етедi.

Жоғары оқу орындарының түлектерiн ауылдық жерлерде жұмыс iстеуге тарту және орнықтыру тетiгiн әзiрлеу қажет.

Жоғары оқу орындарының мүмкiндiктерi педагог кадрлардың бiлiктілігін арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау мәселелерiн шешу жөнiнде шет елдермен тәжiрибе алмасу нашар дамыған. Бiлiм беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің жаңа бiлім-бiлiктi игеруiн материалдық және моральдық тұрғыдан көтермелеу тетiктерi тиiмдi түрде жеткiлiктi пайдаланылмайды, практикалық қызметке бағдарланған оқытудың белсендi тренингтік технологияларының енгізiлуi нашар.

Білім берудi ақпараттандыру

Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес жалпы бiлiм беретiн мектептердi 100 пайызға компьютерлендiру аяқталды. Орталық коммуникациялық торап құрылып, оған Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң орталық аппаратының торабы және облыстық бiлiм департаменттерінің телекоммуникациялық тораптары қосылған. Жалпы орта бiлiм беретін ұйымдарға арналған электрондық оқулық басылымдары мектеп пәндерiнiң 25%-ын қамтиды. Қашықтан оқытудың спутниктік арнасына республиканың алты облысының 717 мектебi қосылған (8,7%).

Сонымен қатар, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (бұдан әрi - АКТ) дамыту және оларды бiлiм беру саласында қолдану қажеттіктен әлдеқайда артта қалуда.

Қазақстанда бiр компьютерге жалпы бiлiм беретiн мектептердегі 54 оқушыдан келедi, бұл ЮНЕСКО-ның деректерi бойынша ТМД елдерiнiң арасындағы ең жоғары көрсеткiштердiң бiрi (Ресейде - 59). Сонымен қатар 2002 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерi бойынша бұл көрсеткiш 13-ке теңелдi, Латвияда, Венгрияда және Чех Республикасында бұл тиiсiнше 5, 9 және 15-тi құрады. 2004 жылдың басында Ұлыбританияның орта мектептерiнде 1 компьютерге 5 оқушыдан келген, АҚШ-та - 4.

Қазiргi таңда Интернет желiсiне қосылуға Қазақстан мектептерiнiң 44%-ы ғана қол жеткiзген. Финляндияда 1999 жылы 90%-дан астам мектеп, 2000 жылы Эстония мектептерінің 100%-ы, Австралия, Канада, Исландия мектептерiнiң 80%-ы, Венгрияда 58%, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерi бойынша мектептердiң орташа есеппен 52%-ы Интернет желiсiне шығу мүмкiндiгiне қол жеткiзген.

Кәсiптік мектептер (лицейлер) мен колледждерде бiр компьютерге тиiсiнше 31 және 25 оқушыдан келедi. Интернет желiсiне кәсiптiк мектептердiң (лицейлердiң) 39%-ы және колледждердiң 51%-ы қосылған.

4-диаграмма

Интернет жүйесіне қол жеткізген мектептер

саны % облыстар бөлінісінде

[Графикалық нысанды қараңыз]

Жоғары бiлiм беру деңгейiнде ақпараттық жүйемен келiсiлген интерфейсi жоқ оқу процесiн басқаратын жеке оқшау жүйе жұмыс iстейдi.

Жекелеген жоғары оқу орындары ғана қашықтан оқытудың технологиясын енгізген, кейбiрiнде аталған технология эксперименттiк режимде iске асырылуда.

Білім берудi қаржыландыру

Елiмiздегi экономикалық жағдайдың тұрақтылығы бiлiм беруге арналған мемлекеттік бюджет шығыстарын едәуiр арттыруға мүмкiндiк бердi (7-кесте).

7-кесте (млн. теңге)

   

                           

  2000

  2001

  2002

  2003

  2004 

Мектепке дейiнгi тәрбие  

мен оқыту                

Жалпы орта бiлiм беру    

Кәсiптiк бастауыш бiлiм  

беру                     

Кәсiптiк орта бiлiм беру 

Жоғары және жоғары оқу   

орнынан кейiнгi бiлiм беру

Басқа да бағдарламалар   

Жиынтығы                 

IЖӨ-ге %                 

      

 2975 

 60007

       

 2693 

 2662 

       

 8120 

 4959 

 81416

 3,1  

      

 3322 

 67224

       

 3018 

 2528 

       

 9344 

 17640

 103076

3,1  

      

 3880 

 81744

       

 3910 

 2989 

       

 11783

 14671

 118977

3,2  

      

 4553 

 98906

       

 5299 

 3495 

       

 12763

 24505

 149521

3,4  

       

 5742  

 124979

        

 6540  

 5001  

        

 15506 

 33547 

 191315

 3,8   

 

Бiлiм беруге арналған мемлекеттің шығыстары абсолюттi артып қана қоймай, оның өсуiнiң едәуiр қарқынына қарамастан IЖӨ-ге пайыздық қатынасы да өстi.

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы
Оса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006 2007 жылдарға арналған ұлттық...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама
Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға icon2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница