Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға




НазваниеҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға
страница2/7
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://pravo.ksu.kz/download/008/008_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7
Жарлығымен бекiтiлген "Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - "Бiлiм" бағдарламасы) iске асырудың нәтижелерiн талдау негiзiнде әзiрлендi.

3. Бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйін талдау

Қазақстан Республикасын әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретiнде таныды. Тәуелсiздігінiң қысқа тарихи кезеңiнде елiмiз әлемдiк қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткiздi.

Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң, елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң, адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi. Қоғамдық қатынастар жүйесiндегi өзгерiстер бiлiм беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнiң болмысына барабар әрекет етудi және экономиканың даму қажеттiктерiне сай болуды талап ете отырып әсерiн тигiзедi.

Жедел өзгерiп тұратын әлем және ақпарат легiнiң ұлғаюы жағдайында iргелi пәндiк бiлiм мiндеттi, бiрақ ол бiлiм берудiң жеткiлiктi нысанасы болып табылмайды. Білім алушылар қазақстандық бiлiм беру жүйесi бағыт алған бiлiмнiң, дағды-бiлiктiң жиынтығын (бiлiм үстемдiгi) меңгерiп қана қоймауға тиiс. Білім алушылардың өзiн барынша көрсете бiлу және қоғам өмiрiне пайдалы түрде қатысу үшiн (құзыреттiлiк) ақпаратты өз бетiнше табу, талдау, құрылымдау және тиiмдi пайдалану дағдысын бойына сiңiру әлдеқайда маңызды да күрделi. Қазақстандық бiлiм беру жүйесi оның әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiнде лайықты орын алуына мүмкiндiк бермейтiн ескiрген әдiснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Бiлiм беру мазмұны фактологиялық күйiнде қалып отыр және білім алушыларды қоғам өмiрiне құзыретті, жауапты әрi шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңiрлiк деңгейде бiлiм берудi басқарудың бiрiздендiрiлген жүйесiнiң болмауы, бiлiм беру бөлiмдерiнде мамандардың штат санының жетiспеушілiгi бiлiм берудi басқарудың тиiмдiлігіне керi әсер етедi.

Мектепке дейiнгі тәрбие мен оқыту

Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі бiлiм беруге тең қол жеткiзу үшін мүмкiндiктер жасайды. Бұл тек қаржыландыру деңгейiнде ғана емес (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерiнiң бiлiм берудiң жалпы бюджетiнен 9,5 %, 1999 ж.), сонымен қатар балалардың толық күнге немесе қысқа уақытқа келуiне негізделген мектепке дейiнгi тәрбиенiң әр түрлi модельдерiн жасаудан да айқын көрiнедi: мiндетті аналар мектептерi, сәбилерге арналған мектептер, 3-тен 5 жасқа дейiнгi балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларды қарау және күту топтары.

Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейiнгi ұйымдардың саны 12 бiрлiкке (1%), ал олардағы балалардың контингентi 25 421 балаға (18,7 %) өстi, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұраныстарының өсуi мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкiндiктерi арасындағы теңсiздiктi айғақтайды (1-кесте). Нәтижесiнде мектепке дейiнгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейiн баладан келдi. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымдарға орналасу үшiн кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектепалды бағдарламаларымен қамтылуға тиiс.

1-кесте

   

   Жылдар  

  Желi 

  Контингент 

   2000    

   2001    

   2002    

   2003    

  1144 

  1167 

  1162 

  1156 

   135287    

   146375    

   153965    

   160708     

 

Мектепке дейiнгi тәрбие жүйесiнде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 38,7%-ының жоғары бiлiмi, 52,8%-ының арнаулы орта педагогикалық бiлiмi, 6,4%-ының аяқталмаған жоғары педагогикалық бiлiмi және 2,1%-ының орта бiлiмi бар. Мектепке дейiнгi ұйымдар педагогтерiнiң 40 %-ының ғана жоғары және бiрiншi санаттары бар, ал 31,2 %-ының санаты жоқ.

Мектепке дейiнгi тәрбиенiң нормативтік құқықтық және оқу-әдiстемелiк базасы құрылуда. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі 82 атаудан тұратын 19 оқу-әдiстемелiк кешен әзiрлендi, сынақтан өткiзiлдi және 2003/2004 оқу жылында алғаш рет енгiзiлдi.

1999 жылы Қазақстанда балалардың мiндеттi мектепалды дайындығы енгізілдi, бұл балаларды мектепалды дайындық бағдарламасымен қамтуға әсер еттi (1-диаграмма).

1-диаграмма

[Графикалық нысанды қараңыз]

Балаларды мектепалды дайындықпен және мектепке

дейінгі оқытумен қамту көрсеткіштерi (%)

Сонымен қатар мектепке дейінгі бiлiм беруде де бiрқатар проблемалар бар. Қазiргі таңда мектепалды дайындықтағы тек 40%-ға жуық бала ғана жергілiктi бюджет есебiнен оқулықтармен қамтамасыз етiлген. Жұмыс iстеп тұрған балабақшалардағы жиhаздар, спорттық мүкәммал, кiтапхана қоры, ойыншықтар, оқытудың көрнекi құралдары моральдық тұрғыдан ескiрген және табиғи тозған. Аудандық және қалалық бiлiм беру бөлiмдерiнiң 58%-ы ғана мектепке дейінгі тәрбие мамандарымен жасақталған.

МКҚК (мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорындар) мәртебесiне ие мектепке дейiнгi ұйымдарды қалдық қағидаты бойынша қаржыландыру балалардың балабақшада болу ақысының өсуiне әкелiп соқты және мектепке дейінгі ұйымдарға аса мұқтаж халықтың табысы аз және әлеуметтiк жағынан шетiн жiктерiне ауыр тидi.

Тұтас алғанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бiр жастан алты жасқа дейінгі балалардың балабақшалармен қамтылуының төмендiгін көрсетедi (19,1%). Мектепалды дайындықтағы мiндетті бағдарламаны бес жастағы балалардың 40%-ы және алты жастағы 60% бала ғана алады.

Жалпы орта білім беру

Жалпы бiлiм беретiн мектептегi реформалардың шетелдiк тәжiрибесi оқытудың мерзiмiн 12-13 жылға дейiн ұзартуды, жоғары сатыдағы оқушылардың оқудағы жетiстiктерi мен кәсiби оқытуды сыртқы бағалау жүйесiн енгiзудi көздейдi.

Қазақстанның жалпы орта бiлiмi жалпы бiлiм беретiн мектептер санының көбеюiмен әрi демографиялық және көшi-қон процестерiне орай жекелеген өңiрлерде шағын жинақталған мектептердiң өсуiне ықпал еткен оқушылар контингентiнiң азаюымен сипатталады (2-кесте).

2-кесте

   

 Оқу жылы

 Мектептер саны

 Білім алушылар контингенті

2000/2001

2001/2002

2002/2003

2003/2004

      8109     

      8171     

      8164     

      8260     

        3043,3       

        3019,5       

        3095,6       

        3026,2       

 

Республикада 4272 жалпы бiлiм беретiн шағын жинақталған мектеп (бұдан әрi - ШЖМ) жұмыс iстейдi (жалпы мектептер санының 52%-ы). Оларда 429,1 мың бала (жалпы білім алушылар контингентiнiң 14,1%-ы) оқиды. ШЖМ-нiң бiр оқушысын оқытуға жұмсалған шығын қалыпты мектепке қарағанда (өңiрлерге байланысты) 30-100%-ға жоғары. Мектептердiң тұрғын жерден алыс орналасуына байланысты 37 мың баланы тасымалдау ұйымдастырылған.

Қазiргі таңда 3687 (44,6%) қазақ тiлiнде оқытатын, 2069 (26,1%) қазақ және орыс тiлдерiнде оқытатын жалпы бiлiм беретін мектептер жұмыс iстейдi. Мемлекеттік тiлде оқытатын мектептердегі оқушылардың контингентi ұлғайып келедi. Егер 2000 жылы оқушылардың 52,1%-ы мемлекеттік тiлде оқыған болса, ал бүгінгi таңда 54,8%-ы оқиды. Өзбек, ұйғыр, немiс, тәжiк, украин және басқа да ана тiлдерiнде оқытатын мектептер жұмыс iстейдi.

Республиканың жалпы бiлiм беретін мектептерiнде 270 мыңнан астам педагог жұмыс iстейдi, оның iшiнде 195,8 мыңының жоғары бiлiмi, 60 мыңнан астамының кәсiптiк орта бiлiмi бар. 36,5 мың педагог жоғары санатты, 67 мыңы бiрiншi санатты. Шағын жинақталған мектептерде 64 мыңнан астам мұғалім жұмыс iстейдi.

Жалпы бiлiм беретін мектептердiң оқу процесiне оқушы-жетім балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларындағы балалар тегін қамтамасыз етiлетiн 1-8 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтары енгізiлген. Кәсiптiк мектептерде (лицейлерде), колледждерде арнайы пәндер бойынша отандық оқулықтар енгiзiлуде.

"Бiлiм" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың саны 27 бiрлiкке артты, бұл арнайы оқытуға мұқтаж балаларды анықтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Республикада 614 интернат мекемелерi жұмыс iстейдi, оларда мемлекет есебiнен 75 мыңға жуық жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар, девиантты мiнез-құлықты балалар тұрады, 18 балалар интернат-үйлерi жұмыс iстейдi, оның iшiнде бiреуi дене бiтiмiнде кемшiлiгі бар балаларға арналған, онда толық мемлекеттік қамқорлыққа алынған 2,8 мың бала тәрбиеленуде.

5 отбасы үлгiсiндегі балалар ауылы және 17 жасөспiрiмдер үйлерi ашылды, онда өмiр сүру жағдайы отбасына жақын. Тәрбие берудiң патронаттық нысаны даму үстiнде.

2000 жылдан бастап мектептен тыс ұйымдардың саны 25 бiрлiкке, оқушыларды қамту 1,6%-ға артты (3-кесте).

3-кесте

    

Оқу жылы 

          

 Мектептен тыс

ұйымдардың саны

  Контингент

             

2000/2001

2001/2002

2002/2003

2003/2004

       568    

       598    

       617    

       629    

   219126   

   251684   

   266547   

   291545   

 

Сонымен қатар жалпы орта бiлiм беруде өз шешiмiн күткен проблемалар да анықталуда. Оқулықтар шығару тәжiрибесiнiң, авторлар мектептерiнiң, толыққанды сараптаманы қамтамасыз етудiң қаржылық тетiгін және институционалдық қолдаудың жоқтығынан оқулықтардың сапасы педагогтер қауымын қанағаттандырмай отыр.

Ескiргендердi пайдалану және қазiргi заманғы оқу жиhаздары мен жабдықтарының, спорт мүкәммалының (әсiресе, ауылдық мектептерде) жоқтығы мемлекеттік жалпыға бiрдей бiлiм беру стандарттары талаптарын толық көлемде орындауға мүмкiндiк бермей отыр және балалар мен жасөспiрiмдер денсаулығына керi әсерiн тигiзедi. Республиканың әрбiр үшiншi мектебiнде пән кабинеттерi: химия, физика, биология, математика және т.б., мамандандырылған зертханалар мен спорт залдары жоқ.

256 мектеп авариялық жағдайда тұр. 2 мыңнан астам мектеп күрделi жөндеуге мұқтаж. Елiмiз бойынша оқушы орнына тапшылық 500 мыңға жуық орынды құрайды.

Пәндiк көзқарасқа негiзделген мемлекеттік жалпыға мiндетті бiлiм беру стандарттары оқушылардың өмiр жолын таңдауына, мүдделерi мен перспективаларын нақты белгiлеуiне оң негiз бола алмайды. Жоғары сынып оқушыларының 30%-ы ғана өздерiнiң қабiлеттерiне сәйкес келетiн кәсiптік қызметті саналы түрде таңдайды. Болашақ мектеп түлектерiнiң 70%-ының өзiн-өзi бағалау деңгейi өте төмен және өз бетiнше өмiр сүруге дайын емес. Жоғары сатыда бейiндi оқытудың жетiспеушiлігінен еңбек нарығында мектеп бiтiрушiлерге деген сұраныс жоқ.

Кешендi тестілеудің нәтижелерi талапкерлердiң бiлiм деңгейлерiнiң жоғары еместігін көрсетедi. Қанағаттанарлық емес баға алғандар үлесi 5 жыл бойы өзгерiссiз қалып отыр және олар 28-30%-ды құрайды. 2004 жылғы ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (ҰБТ) қорытындылары мектеп бiтiрушiлердiң 24,2%-ы жинауға болатын 120 баллдың 40 баллдық өту деңгейiн жинай алмағанын, оқушылардың тек 0,7%-ы 101-120 балл жинап, үздiк бағаларын дәлелдегенiн көрсетедi.

120 мыңнан астам мүмкiндiгі шектеулi балалардың үштен бiр бөлiгі ғана түзеу ұйымдарында арнайы бiлiм берумен қамтылған. Арнайы бiлiм берудiң нормативтiк құқықтық және бағдарламалық-әдiстемелiк базасы, түзеу мекемелерi үшiн педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесi жетілдiрудi және жаңартуды қажет етедi. Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды орталықтандырылған есепке алу жүйесi жоқ. Инклюзивтiк бiлiм беру нашар дамуда.

Бастауыш және орта кәсіптік білім беру

Дамыған елдердегі кәсiптiк бiлiм беру жағдайына жасалған талдау кадрларды даярлау процесiне қатысу үшiн жұмыс берушiлердi көтермелеу тетiктерiнiң, сондай-ақ кәсiптiк бiлiм берудiң сапасын (бiлiктiлiктi беру мен қуаттау ұлттық орталықтары) реттеудiң институционалдық негізiнiң бар екенiн және кәсiптiк бағдарламалардың аса ұтқырлығы мен кiрiгуiн айғақтайды.

Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесi 722 оқу орнынан, оның iшiнде жалпы оқушылар контингентi 341,3 мың адам 307 кәсiптiк мектеп (лицейлер) пен 415 колледжден тұрады.

Кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн оқу орындарында білім алушылардың контингентi 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейiн 10,3 мың адамға ұлғайды. (4-кесте).

4-кесте

   

 Оқу жылы 

           

 КМ (КЛ) саны

              

Білім алушылардың

 контингенті

Мембюджет қаражаты есе. 

бiнен білім алушылардың саны 

2000/2001 

2001/2002 

2002/2003 

2003/2004 

      306    

      312    

      312    

      307    

     88,3  

     88,1  

     89,6  

     98,7  

           75,4         

           72,1         

           82,3         

           91,3         

 

2000 жылмен салыстырғанда колледждер саны жекеше оқу орындарын ашу есебiнен 101 бiрлiкке өстi. Колледждерде білім алушылардың контингентi 86,5 мың адамға артты (5-кесте).

5-кесте

   

 Оқу жылы

          

Колледждер саны

              

Білім алушылардың

 контингенті

Мембюджет қаражаты есе- 

бiнен білім алушылардың саны  

2000/2001

2001/2002

2002/2003

2003/2004

      314     

      349     

      382     

      415     

     156,1 

     189,8 

     207,9 

     242,6 

           43,8          

           45,7         

           54,8         

           63,3         

 

Бастауыш және орта кәсіптік бiлiм беретiн оқу орындарында 28,1 мың педагог жұмыс iстейдi. Оның iшiнде 2231 адамның жоғары бiлiмi бар, 5647 адамның кәсiптік орта, қалғандарының техникалық орта бiлiмi бар. 7580 адам жоғары санатқа, 6989 адам бiрiншi санатқа ие. Колледждерде 5 ғылым докторы және 96 ғылым кандидаты жұмыс iстейдi.

Сонымен қатар, тез өзгерiп отырған экономикалық жағдайда бiлiм беру қызметтерiнiң реттелмеген нарығының дамуы, жұмыс берушi мен бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесi арасында әлеуметтік серiктестiктiң болмауы бiлiм беру деңгейi және экономика секторлары бойынша кадрлар даярлаудағы тепе-теңдiктiң болмауына әкеп соқты. Тұрғындардың 10 мыңына шаққанда техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлаудың саны жоғары бiлiм беру саласына қарағанда едәуiр төмен және ол колледждерде 162 оқушыны, кәсiптiк мектептерде - 66 оқушыны, ал жоғары оқу орындарында 439 студентті құрайды. Қызмет көрсету саласы және өндiрiстiк емес сектор үшiн кадрларды даярлаудың артуы байқалады, ал техникалық, құрылыс және ауыл шаруашылығы мамандарына деген сұраныс қанағаттанарлықсыз күйде қалып отыр (2-диаграмма).

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы
Оса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006 2007 жылдарға арналған ұлттық...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама
Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға icon2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница