Диссертация «17» «сәуір»




Скачать 490.62 Kb.
НазваниеДиссертация «17» «сәуір»
страница1/3
профессор М Х
Дата конвертации14.02.2016
Размер490.62 Kb.
ТипДиссертация
источникhttp://massaget.kz/userdata/users/user_21/1366194266.doc
  1   2   3


ӘОҚ 658.5:330.341.1:338.242 Қолжазба құқығында


НҰРҒАЛИЕВА ҚҰРАЛАЙ ОРАЗҒАЛИҚЫЗЫ


Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін

арттыруды экономикалық ынталандыру

(«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС материалдары негізінде)


08.00.05-Экономика және халық шаруашылығын басқару

(қызмет салалары мен сфералары бойынша)


Экономика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


Авторефераты


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008


Жұмыс Халықаралық Бизнес Университетінде орындалған


Ғылыми жетекшісі экономика ғылымдарының докторы, профессор

А.М.Сейтқазиева


Ресми оппоненттер экономика ғылымдарының докторы, профессор

А.Н.Саханова


экономика ғылымдарының кандидаты,

Е.Қ.Әбіл


Жетекші ұйым Қазақ Ұлттық аграрлық университеті


Диссертация « 17 » « сәуір » 2008 ж. сағат 16.30 Халықаралық Бизнес Университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 20.01.07 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 А, 208 б. Халықаралық Бизнес Университеті.


Диссертациямен Халықаралық Бизнес Университетінің кітапханасында танысуға болады.


Автореферат 2008 жылдың «_14 наурызында таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

э.ғ.д., профессор М.Х.Түссева

КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.

Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді.

Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға, біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.

Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау, жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек. Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан, «еңбек» деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу барысын жеңу.

Бұл аталған проблемаларға теориялық тұрғыдан айрықша мән берілуі тиіс. Қазір, яғни әлеуметтік-экономиканың серпінді даму кезеңінде өндіріс тиімділігін экономикалық жағынан ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық сипаттамаларын, макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың рөлін айқындау, еңбектің трансформациялануын жалпылау және нақтыланған түрде зерделеу өте маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып отыр.

Жоғарыда айтылған мәселелердің жиынтығы диссертациялық зерттеудің тақырыбының өзектілігін және зерделеу бағыттарын анықтайды.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Отандық ғылымда өндіріс тиімділігін көтеруге ынталандыру мәселесіне қызығушылық соңғы жылдары айқынырақ байқала бастады. Бұл мынадай екі себепке байланысты: біріншіден, 70-ші жылдарда дамыған елдердің көптеген кәсіпорындарында еңбек қатынастары қақтығысқа толы болды, еңбекті ынталандыру мен ұйымдастырудың «гуманистік» тәсілдері жұмысшылардың дәстүрлі еңбек уәждемесінің әлсіреуіне әкелді, екіншіден, экономистер дамыған капиталистік елдердің тәжірибесін көбінесе қолданбалы көзқарас тұрғысынан зерттеді.

Кеңестік экономикалық ғылым ұзақ уақыт бойы «жұмысшылардың өндіріс құралдарымен тікелей бірігуі» туралы тұжырымдамасын дамытып келді, өндіріс тиімділігін арттыруға ынталандыру мен уәждеме мәселесі жоққа шығарылды, өйткені жұмысшы мен кәсіпорын мүдделерінің сәйкес келуі автоматты түрде іске асты, бұл қоғамдық меншікке негізделіп орныққан экономикалық қатынастарға байланысты болды.

Бүгінгі таңда отандық ғалымдар тиімділікті арттыруға ынталандыру жүйесінің жаңа түрі пайда болғанын жариялап отыр, олар жұмыскерді машинаның қосымша бір бөлшегі ретінде қарастыратын теориялық көзқарастан бас тартып, материалдық және бейматериалдық ынталан­дыру жүйесіне көшуді қолдайды. Демек, жалдамалы еңбек уәждемесін және «классикалық» жалдамалы жұмысшыға тән емес жаңа қажеттіліктерді анықтауға талпыныс күшейіп келеді, бұл еңбек нәтижелерін, шығармашылық қызметтің рөлін мойындауда, өндірістік қызметтерді күшейтуде, т.б. жағдайларда жүзеге аспақ.

Отандық экономикалық әдебиетте экономикалық мүдделер, еңбекке ынталандыру, еңбек күшінің ұдайы өндірісі, жалдамалы еңбек және капиталдың арақатынасы ғылыми мәселелерін зерттеу біршама қорланып қалған. Зерттеу тақырыбына сәйкес экономикалық теория және экономика ғылымы әдістемесінің жалпы мәселелері бойынша, мысалы Абалкин Л.И., Гойло В.С., Горланов Г.В., Дзарасов С.С., Колесов Н.Д., Куликов В.В., Ракитский Б.В., Рязанов Т.В., Столяров И.И., Черкасов В.Н. және т.б. еңбектері өте маңызды, әрі олар жиі пайдаланылады.

Нарықтық қатынастар жағдайындағы еңбек мәселесінің ғылыми базасын жасауда мынадай ғалымдар: Смит А., Друкер Г., Маркс К., Мэйо Э., Розенберг А., Саймон Г., Вильховченко Э.Д., Волгина Н., Кокина Ю.П., Ржаницина Л.С., Рофе А.И., Рудык Э., Слезингер Г.Э., Яковлев Р.А., т.б. үлкен үлес қосты.

Қазақстандық ғалымдардан тиімділікті арттыруды ынталандыру және уәждеменің түрлі аспектілерін, өндіріс тиімділігі мәселесін, материалды мүдденің экономикалық қызығушылығын, қажеттіліктері мен ынталандырмаларын негіздеу Әшімбаев Т.Б., Баймұратов О.Б., Оқаев Қ.О., Берішев С.Х., Мұхамбетов Т.И., Сағадиев К.Ә., Кенжеғожзин М.Б., Қошанов А.К., Сәбден О.С., Қадыржанов Е.К., Бердәлиев К.Б. және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.


Бірақ та, өндіріс тиімділігін арттырудың қазіргі экономикалық ынталандыру шаралары, олардың экономикалық өнімге ықпалы әлі де болса толық зерделенбей отыр. Зерттелген жұмыстарда еңбекке ынталандырудың табиғатын айқындау кешенді түрде жүргізілмей, дара-дара қарастырылған. Постиндустриалық парадигманың даму үдерісінде экономикалық ынталандырмалар мен әдістемелер жасау мәселесін ғылыми жолмен шешу қажет. Осылайша, мәселенің аз зерттелуі және өндіріс тиімділігін арттырудағы экономикалық ынталандыру мәселесінің практикалық мәні осы диссертациялық зерттеудің тақырыбын анықтап берді.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің басты мақсаты постиндустриалық қоғамдағы өндіріс тиімділігін ынталандыруды зерттеу, өнеркәсіп кәсіпорындарындағы тиімділікті экономикалық ынталандырудың негізгі бағыттарын айқындау.

Осы мақсатқа сай, жұмыстың алдында мынадай міндеттер қойылды:

  • қазіргі экономикалық ғылым тұрғысынан өндіріс тиімділігін арттыруды ынталандырудың мазмұны мен табиғатын зерделеу;

  • экономикалық ынталандырудың экономикалық мүддемен, материалдық мүдделілікпен және еңбек қызметі уәждемесімен өзара байланысын анықтау;

  • экономикалық ынта­ландырудың басқару жүйесіндегі өндіріс тиімділігін арттырудағы орны мен рөлін негіздеу;

  • постиндустриалды қоғамға тән экономикалық ынталандырудың тиімді жүйесін құрудың негізгі әдістемелік принциптерін анықтау;

  • экономикалық ынталандыру жүйесінің тиімділігін макро-, мезо- және микродеңгейлерде талдау;

  • постиндустриалық қоғамға өтуде өндіріс тиімділігін арттырудың келешегі бар ынталандырмаларын айқындау;

  • постиндустриалды экономиканың даму талаптарына сай әлеуметтік-экономи­калық саланы түрлендіруге бағытталған ұсыныстар беру.

Зерттеу объектісі ретінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің кәсіпорындары алынды.

Зерттеу пәні қазіргі постиндустриалық парадигма талабына жауап бере алатын экономикалық ынталандыру жүйесінің теориялық және әдістемелік аспектілерін әзірлеу болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі мен эмпирикалық базасы ретінде ең әуелі интегративті (пәнаралық) қатынастың теориялық принциптері алынды, ол сондай-ақ философиялық, тарихи, әлеуметтік, мәдени, құқықтық және саяси алғышарттарды қамтиды. Мұнан өзге, жұмыс барысында ғылыми абстракция, талдау және синтез, сондай-ақ кешенді қарастыру сияқты жалпы ғылыми әдістемелер қолданылды. Бұл, зерттеу әдістемелерін жинақтай келіп, экономикалық талдаудың сенімділігін және тұжырымдамалардың негізділігін қамтамасыз етті.

Зерттеудің ақпараттық негізі. Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде экономиканың постиндустриалық дамуы процесінде экономикалық ынталандыру мәселесіне арнаулы қазіргі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік баспасөз және ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлардың материалдары алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілері мен басқа да құқықтық-нормативтік құжаттар пай­даланылды. Зерттеудің эмпирикалық базасын Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттіктің деректері, ғылыми-зерттеу институттарының салалық және академиялық еңбектері, мерзімді басылымдар, сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің жылдық статистикалық есептері құрады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде постиндустриалық қоғамға өту кезеңіндегі өндіріс тиімділігін арттырудың шешуші факторы - экономикалық ынталандыру мәселесін шешуге бағытталған теориялық және практикалық ұсыныстарды атауға болады. Диссертациялық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде келесі нәтижелер қорытындыланды:

  • нарықтық қатынастардың тереңдеп даму жағдайында экономикалық ынталандыру ұдайы өндірістің басым факторы ретінде қарастырылған, оның мазмұны мен табиғаты интеграциялық көзқарас тұрғысынан жаңаша зерделенген;

  • дамып келе жатқан постиндустриалдық парадигманың талаптарына сай экономикалық ынталандырудың жіктемесі нақтыланған;

  • постиндустриалды қоғам дамуының жаңа заңдылықтары мен үрдістері негізінде экономикалық ынталандырудың тиімді жүйесін қалыптастырудың негізгі әдістемелік принциптері айқындалған;

  • еңбек белсенділігі мен экономикалық өсімді қамтамасыз ететін, еңбек өнімділігі мен еңбек ақы төлеудің арасындағы өзара тығыз байланыстың негізгі тетіктері бағдарланған;

  • экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің моделі ұсынылған;

  • «шаруашылықтарды бірге жүргізу» сияқты уәждемелер, еңбекке экономикалық ынталандыру арқылы капитал мен еңбектің тиімді байланысына бағытталған кешенді шаралар ұсынылған, яғни жұмыскердің басқару ісіне, шешім қабылдауға және тек еңбек пен өндіріс процесінде емес, жалпы әлеуметтік және жалпы мемелекеттік мәні бар істерге де қатысуына мүмкіндік беру жайлары талданылған.

Диссертацияның қорғауға ұсынатын негізгі тұжырымдары:

- экономикалық ынталандыруды зерттеу түрлі теориялық-әдістемелік принциптерге бағдарланып, интеграциялық қатынастарға негізделген болуы керек;

- экономикалық ынталандыру әдістемесінде жұмыскерлер «экономикалық адам» қалпында қарастырылады. Бұл жағдайда олардың еңбекті ынталандырудың материалды емес түрлеріне де белсенді қатысу қажеттілігі туындайды: кәсіпорындарды басқару, еңбекті ізгілендіру, өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік алуы, т.б.;

- сапалы экономикалық өсуге қол жеткізу еңбекке ынталандыру жүйесін күшейтуді мына түрде қарастыруды қажет етеді: еңбек белсенділігін арттыруда жалақының рөлін көтеру; «шарттарды бірге жүргізу» уәждемесін ынталандырма ретінде дамыту; еңбекті сапалық жағынан түрлендіру;

- өндірістің тиімділігін макродеңгейде қамтамасыз етудің негізгі бағыты - өнімнің жаңа сапасын экономикалық ынталандыру, бұл өз кезегінде ғылыми-техникалық прогреске, адам капиталына, инвестициялық, ақпараттық және прогресшіл технологиялардың басымдылығына негізделеді.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу барысында алынған нәтижелер, теориялық зерттемелер және практикалық ұсыныстар экономика ғылымында өндіріс тиімділігін арттыруы экономикалық ынталандырудың теориялық және әдістемелік жақтарын кеңейтумен қатар, аталған мәселелерге қатысты салалық және республикалық экономикалық бағдарламалардың негізін жасауға қолданылуы мүмкін. Диссертациялық зерттеудің жекелеген қағидалары «Экономикалық теория», «Фирма экономикасы», «Менеджмент», «Қызметкерді басқару», «Қазақстанның экономикалық реформалары» курстары бойынша қажетке жарайды.

Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы (апробациясы). Жұмыстың негізгі қағидалары, нәтижелері мен тұжырымдары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-і кәсіпорындарының семинарлары мен өндірістік мәжілістерінде талқыланып, төмендегідей халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды: «Образование и бизнес: реалии и перспективы вхождения в международное образовательное пространство» (Алматы, 03 наурыз, 2006 ж.); «Қазақстан экономикасы және оны интеграциялаудың келешегі» (Астана, 10 қараша, 2006 ж.); «Государство и общество: новые аспекты взаимоотношения (Алматы, 17-18 қараша, 2006 ж.); «Тәуелсіз Қазақстан: құқықтық, саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудың көпбағытты даму жолы» (Астана, 8-9 желтоқсан, 2006 ж.).

Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Зерттеудің негізгі нәтижелері жалпы көлемі 3,0 баспа табақ болатын 8 мақалада, соның ішінде 4-і ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы Қадағалау мен атестаттау комитеті ұсынған басылымдарда, 4-і халықаралық ғылыми-өндірістік конференцияларда жарияланды.

Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлімдер мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 31 кесте және 10 суретпен безендірілген.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.

Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты жолдары анықталуы қажет.

Алайда, экономикалық әдебиетте «еңбекке ынталандыру» мәнін анықтауда ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде «экономикалық мүддерлер», «қажеттілік», «ынталандыру», «материалдық ынталандыру», «уәж», «уәжділік» сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық мағынасы да бірқатар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, «ынталандыру» категориясын нақтылауда бүгінгі заманға тән интеграциялық тәсілге сүйенуді, зерттеу шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, әлеуметтік-мәдени, құқықтық және саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын экономистерді қолдаймыз.

Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек, ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, «еңбекке ынталандыру» дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетін дамытудың күшті құралы.

Экономикалық ынталандыру материалдық ынталандыруға қарағанда кең мағыналы категория. Экономикалық ынталандыру – адамдарды өнімді әрі табысты еңбекке қызықтыратын, олардың мүдделік белсенділігін арттырудың әртүрлі үрдістері мен әдістерін қамтиды. Сонымен, экономикалық ынталандыру дегеніміз өндірістік қатынастар субъектілерінің мүмкіндіктерін толығымен пайдалану мақсатында қолданылатын, олардың экономикалық және әлеуметтік жауапкршіліктерін нықтайтын материалдық және материалдық емес тетіктердің жиынтығы.

Нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты тиімді жүргізудің ынталандыру жүйесі өнімді еңбек қызметіне талаптандырудың тағы бір тобын қарастырады, олар әкімшілік және либералды болып жіктеледі.

Экономикалық ынталандырудың қазіргі постиндустриялық жағдайында құндық бағдарлар мен қажеттіліктер, қызметкерлердің еңбек белсенділігінің даму барысындағы оңды өзгерістер мұқият ескерілуі тиіс. Бұлар:

- материалдық ынтаны тұлғаның өзі іске асыруы, зияткерлік әлеуетті дамыту, адамның шығармашылық қабілеттері мен білімін үдету;

- өнімді еңбек пен мол табыстың кепілі – жұмыскерлердің іскерлік қабілеті мен біліктілігін арттыру;

- барынша көп тұтынудан гөрі, өмір сүру мен еңбек қызметінің әлдеқайда жоғары сапасын қамтамасыз етуге бой ұру, қазіргі заманғы жаңа ынталар жүйесіндегі өзін-өзі дамытудың басыңқылығына ден беру;

- сапалы экономикалық өсімге қол жеткізуде еңбек белсенділігін ынталандыру міндеті қызметкердің еңбекке негізделген басым уәждерімен, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырумен сипатталады, демек материалдық ынталандыруда әлеуметтік фактордың ролі арта түседі.

Қазақстан Республикасының жедел дамуына, сондай-ақ өндірістің өнімділігіне экономиканың қазіргі жағдайы, яғни трансформация (түрлену) процесі әсер етіп отыр. Кез келген өтпелі кезеңнің негізгі белгілері: бұрынғы және жаңа жүйе элементтерінің қатар жүруі, қарама-қайшылықтың ерекше көрінісі – бой көтере бастаған және ескірген экономикалық механизмдер мен тетіктердің арасындағы сәйкессіздіктер, тұрақсыздық. Трансформациялық жағдайдың кері әсері, бір жағынан, қоғамдағы экономикалық және өндірістік күрделі өзгерістерге тәуелді болса, екінші жағынан, өз ішінде қайшылық пен проблемаға толы нарықтық механизмнің қалыптасуымен тікелей байланысты.

Нарықтық қатынастарға көшкен кезімізде әкімшіл-әміршіл жоспарлы жүйенің негізі бұзылды, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса алмады. Осыған байланысты, өндіріс тиімділігін ынталандырудың жаңа механизмін құрудың объективті қажеттілігі туындайды. Мұнымен қатар, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері әсерін тигізген құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың өзгеруі. Реформаларда, ғылымға негізделген концепцияның болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім шеңберінің тарылуын тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар әлі ешкім иелене қоймаған ресурстарды қолға алуға және меншікті өз пайдаларына қарай бөлісуге ұмтылады. Бұндай жағдайда, өндіріс табыс табатын құрал ретінде емес, иеленуге болатын байлық ретінде қабылданады. Осының барлығы, өндіріс тиімділігін ынталандыруға ықпал етпейді. Жекешелендіру нәтижесінде, пайда болған меншіктік құрылым және меншікті іске қосудың тиімді, заң шығарушылық базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық ынталандыру механизмінің мүмкіндігін әлсіретеді.

Экономикадағы түрлендірулер тек меншік құқықтарының қайта бөлінісінде ғана емес, жеке меншікке негізделген өндірістік қатынастарды қалыптастыру. Шаруашылықты жүргізудің жеке меншіктік үрдісі өндіріс көлемін ұлғайтудың негізі, оның тиімділігін арттырудың қуатты құралы.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру қажеттілігі кәсіпкерлікті жедел дамыту есебінен нақты іске асырылады. Кәсіпкерлік, дербес, ізденімпаз әрекетке дайын, мол табыс көзіне ұмтылуға қабілетті, іскер адамдар қатарының көбеюін қамтамасыз етеді.

Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі тұрақты экономикалық өсімге, халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға бағытталуы қажет.

Біздің ойымызша, өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыруды мынандай белгілермен сипаттауға болады:

  • экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны, оның сапалық сипаты;

  • өндірілген тауар сапасының артуы және оның отандық, әлемдік нарықты бәсекеге қабілеттілігінің өсуі;

  • халықтың материалдық жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруы;

  • жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық қызмет әсерінің күшеюі, адам капиталын нәтижелі қолдану;

  • басқару тиімділігін арттыру нәтижесінде өндірістік ресурстарды пайдалануды үнемдеу, еңбек өнімділігін ынталандыру.

Қазақстан, қоғамдық өмірдің шешуші саласы – экономикада, әлеуметтік және саяси жаңару жолында сенімді қадам жасап ілгерілеп келеді. Ел экономикасы 2001 ж. бастап жылына орта есеппен 10%-ға өсіп отыр. Соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің негізін құрайтын өнеркәсіп өндірісі де тұрақты даму үстінде. Егер 1995-2005 жж. аралығында өнімнің жылдық өсуі 5%-ды құраса, соңғы 5 жыл ішінде 11,8%-ға жетті (1-сурет).

Ескертпе – ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің деректері бойынша


Сурет 1 - Қазақстан Республикасы өнеркәсіп өнімінің динамикасы

(1995-2005 ж.ж.)


Салада маңызды құрылымдық өзгерістер өз жалғасын тапты. Егер 1995 ж. республика өнеркәсіп өндірісінің жарты бөлігін өңдеу өнеркәсібі иеленсе, 2005ж. мұндай үлес тау-кен өнеркәсібінің еншісінде.

Өнеркәсіптің макродеңгейдегі тиімділігі өндірілген тауар сапасының жақсарғанының, әлемдік нарықтық бәсекеге қабілеттіліктің көрінісі. Кен өндіру өнеркәсібінің қарқынды дамуы экспорт және импорт құрылымына тиісті әсерін тигізуде. Алайда, экспорттың құрылымында шикізаттық тауарлардың үлесі басым.

Соңғы жылдары импорттық тауарлар құрылымында минералды өнімдер үлесінің өскені байқалады: 1999 ж. 11,5%-дан 2005 ж. 13%-ға дейін. Сондай-ақ металлургиялық өнеркәсіп өнімінің де үлес салмағы біртіндеп артып келеді.

Зерттеу жұмыстары атқарылған мерзімде өнеркәсіптің жекелеген секторлардың табыстарының қалыптасуында құрылымдық өзгерістер орын алды. Мәселен, ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі еңбекақының үлесі 2000 ж. 35,8%-дан 2004 ж. 33,3%-ға дейін кемісе, кәсіпкерлердің табысын құрайтын таза пайда мен аралас табыс 38,2%-дан 43,5%-ға өсті. Бұл, бірінші жағынан, өндірістің тиімділігінің өскенін сипаттаса, екінші жағынан, пайданың, көбінесе, қызмет көрсету саласынан түскенін көрсетеді.

Қарастырылып отырған кезеңде өндіріс тиімділігінің жалпылама көрсеткіші - өнеркәсіп кәсіпорындары тиімділігінің, экономикалық қызметтің басқа түріне қарағанда динамикалық қалыпты өсуі мен жоғары деңгейіне қол жеткізілді (1-кесте).


Кесте 1 - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларының тиімділігі

Көрсеткіш

2000 ж.

2001 ж.

2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.

Барлық экономиканың тиімділігі, %

21,6

14,8

18,5

21,6

25,7

Кен өндіруші саланың тиімділігі, %

45,1

37,8

31,9

38,8

67,5

Қайта өңдеу саласының тиімділігі, %

21,4

13,8

19,2

21,4

22,8

Ауыл шаруашылығының тиімділігі, %

5,4

5,3

-4,4

13,8

1,7

Құрылыс саласының тиімділігі, %

4,3

4,5

5,2

5,0

3,4

Сауданың тиімділігі, %

4,7

3,4

5,8

9,3

4,9

Көлік және байланыс саласының тиімділігі, %

9,4

11,8

18,7

18,1

18,9

Қаржылық қызмет саласының тиімділігі, %

3,3

32,5

15,6

9,1

11,2

Жылжымайтын мүлік операциясының тиімділігі, %

40,1

-3,2

13,8

4,3

8,3

Ескертпе – ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің деректері бойынша


1-кестеде келтірілгендей, өнеркәсіп кәсіпорындары тиімділіктің жоғары дәрежесіне ие. Кен өндіру саласы кәсіпорындарының тиімділігі мемлекет экономикасын тұтастай алғандағы пайдалылықтан жоғарырақ. Дей тұрғанмен, 2004 ж. барлық залалды кәсіпорындардың 50,7%-ы өнеркәсіп үлесіне тиеді, соның ішінде 11,5%-ы кен өндіру саласы, 21,4%-ы өңдеу саласы.

Өндіріс тімділігін ынталандыру механизмінің тағы бір маңызды шарты – инвестициялық белсенділік. Инвестициялық қызметтің соңғы 5 жыл ішіндегі динамикалық өсімі қаржылық емес активтер бойынша өте қарқынды болды, олар жыл сайын орта есеппен 20%-ға көбейді. Экспортқа бағытталған салаларға инвестициялардың өсуімен қатар, олардың ішкі нарықтағы тапшылығы байқалады.

Тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің, яғни қазіргі мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттырудың басым факторы – еңбек өнімділігі. Демек, еңбек өнімділігін арттыру ұлттық экономиканың әртараптануының, фирманың, саланың, экономикалық қызметтің нәтижелілігінің алғы шарты.

Зерттеліп отырған кезеңді тұтас алғанда корпорацияның бұл бағыттағы түпкі көрсеткіштері аса нәтижесіз емес. Алайда, табыстың өсу динамикасы тұрақсыз. Корпорацияның жалпы табыстылығына негізгі өндірістің тиімділігі, яғни негізгі қызметтен түсетін пайданың мөлшері тікелей әсер етуде. Мәселен, 2001 ж. корпорацияның таза табысы 2000 ж. салыстырғанда 4,6%-ға ғана кемісе, 2003 ж. бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 30,6%-ға төмендеп кетті. 2006 ж. корпорацияның таза табысы алдыңғы 2005 ж. қарағанда 128,5%-ға арттырылса, 2000 ж. салыстырғанда шамамен 6,0 есеге өскен.

Зерттеліп отырған кезеңде, корпорация табыстарының жалпылама өсу барысына қарамастан, өндірістің тұрақсыздығы орын алды, мұның басты себептерінің бірі әлемдік нарықтағы мыс өнімі бағасының ауытқуы. Осыған байланысты 2001-2003 жж. аралығында өндіріс көлемінің өсу қарқыны біраз төмендеді, әсіресе кәсіпорынның негізгі өнімі – катодты мыс өндіру азайды.

2000-2004 жж. серіктестіктің өнімділігі өнімнің материалдық сиымдылығы 0,15-тен 0,12 теңгеге дейін азая тұрса да 1,4 есе арттырылды. Бұл жылдары негізгі өндірістік қордың қайтарылымы 0,73 теңгеден 0,62 теңгеге дейін, ал өндірістің жиынтық тиімділігінің деңгейі 49,1%-дан 45,5%-ға дейін кеміді. Корпорацияның негізгі экономикалық көрсеткіштері соңғы жылдары айтарлықтай оңала бастады.

Мәселен, 2004 ж. алдыңғы 2003 ж. салыстырғанда еңбек өнімділігі 32,8%-ға өсіп, 2 млн 546 мың теңгені құрады, өнімнің материалдық сиымдылығы 33,7%-ға төмендеп, 0,12 теңгеге теңелді, негізгі өндірістік қорлардың қайтарылымы 17,0%-ға арттырылды, өнімнің пайдалылық дәрежесі 14,3 пайыздық пунктке көтерілді.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-гі көпсалалы, кен өндіруден тұтынуға дайын өнім шығаруға маманданған, біткен циклды өндірісті меңгерген тау-кен металлургиялық кәсіпорыны. Компанияның негізгі қызметі: пайдалы қазбаларды өндіру және оларды байыту, катодтық мыс өнімін шығару, түсті металдар өндіру және сату.

Корпорация, әлемдік деңгейде дамып келе жатқан құрылым. Оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мына төмендегідей (2-кесте).

2-кестеден көрініп тұрғандай, 2000-2006 жж. аралығында корпорацияның өнім өткізуден тапқан табысы 3,7 есе, таза табыстың көлемі 6,0 есе арттырылды. ЖШС-і кәсіпорындарының жиынтық тиімділік деңгейі 2005 ж. 79,3%-ды құрады, бұл 2000 ж. салыстырғанда 30,2 пайыздық пунктке жоғары.

Нарықтық қатынастардың тереңдетілуі және кәсіпкерлік өрісінің кеңеюі жағдайында еңбек төлемін реттеудің маңызы ерекше. Өйткені еңбекақы ғана жұмсалған еңбек күшіне пара-пар келеді және өндірістің дамуына ынталандырудың әсерін күшейте түседі.


Кесте 2 - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері

Көрсеткіштер

Жылдар

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Сатудан түскен табыс,

мың теңге

112699401

116625405

125221331

124219953

170492574

228817260

411176304

Өткізілген өнімнің өзіндік құны,

мың теңге

47093088

54165092

57217269

55782536

58737406

83691000

118303824

Жалпы табыс,

мың теңге

65606313

62460313

68004062

68437417

111755168

145126260

292872480

Осы кезеңдегі шығын,

мың теңге

19135686

19675843

17818541

26396187

44666565

23660417

30079588

Негізгі қызмет табысы,

мың теңге

46470627

42784470

50185521

42041230

67088609

121465843

262792892

Негізгі емес қызмет нәтижесі, мың теңге

3685266

3286309

4350080

832402

6833626

1629564

11979561

Салық салуға дейінгі табыс,

мың теңге

50155893

46070779

54535601

42873632

73922235

123095407

274772453

Табыс салығы,

мың теңге

17627442

15465492

16502175

17243086

26926038

37927399

80125488

Таза табыс,

мың теңге

32528451

31016011

36880320

25600012

46996197

85168008

194646965

Негізгі өндірістің тиімділік

деңгейі, %

70,2

57,9

66,9

51,2

64,9

82,4

104,7

Корпорацияның тиімділік

деңгейі, %

49,1

42,0

49,2

41,2

45,5


50,3


55,3

Ескертпе – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң жылдық есептері бойынша есептеген автор.


Тиімділік – әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын, нәтижеге қол жеткізу мен ресурстарды пайдаланумен байланысты категория. Экономикалық тиімділіктің өсуі, өнім бірлігіне шаққандағы шығынның қысқаруымен немесе бұрынғы шығын көлемін сақтай отырып, тиімділіктің артуымен тікелей байланысты. Еңбекақының тиімділігіне сәйкес оның ынталандырғыш рөлін де айқындауға болады.

Корпорация кәсіпорындарында 2000-2006 жж. аралығында жалақының 1 теңгесіне келетін тауарлы өнім көлемінде айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ. Мұның кем дегенде екі себебі бар: бірінші, еңбек ақы мөлшерінің өндірістің өнім көлеміне сәйкес өсіп отыруы, екінші жалақы төлеуге бөлінген қаржының орынды жұмсалуы. Сонымен қатар, 2006 ж. жалақы төлеудің мөлшері 2005 ж. салыстырғанда 26,6%-ға көтерілді. Бұл тауарлық өнімдер өндірудің жалақы қорына қарағанда жоғары өсу қарқындылығының әсері (3-кесте).


Кесте 3 - «Қазақмыс корпорациясы» шығындар мен тауар өнімдерінің жалпы сомасындағы жалақының үлес салмағы


Көрсеткіштер

Жылдар

2000

2001

2002

2003

2004


2005


2006


Тауар өнімі,

мың теңге

70932717

70140555

73052511

74573932

168879478

230084292

437830139

Жалақы қоры,

мың теңге

8522051,5

9176852,4

9412695,1

9651465,2

19775114,5

23495989

29744199,1

Өндірістік өзіндік құны, мың теңге

44708784,2

49259064

36532212

37031530

38257349

51557817

208890514

Шығындардың жалпы сомасын­дағы жалақы үлесі, %

19,06

18,63

25,77

26,06

51,7

45,6

14,25

Тауар өнімі мөлшеріндегі жалақы үлесі, %

12,01

13,1

12,88

12,94

11,7

10,2

6,79

Ескертпе – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң жылдық есептері бойынша есептеген автор


2000-2006 жж., яғни 2006 ж. дейінгі кезеңде «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарында жалақының өндірістік шығындардың жалпы көлеміндегі үлесі үнемі өсіп отырды (2000 ж. – 19,1%, 2005 ж. 25,4%).

Ал, оның тауарлы өнім мөлшеріндегі үлес салмағы керісінше, біршама төмендеді. Мұндай жағдай мына төмендегілермен түсіндіріледі:

- салыстырылып отырған кезеңде өндірістік өзіндік құнның мөлшері 15,3%-ға өссе, жалақы қоры 2,7 есе, ал тауарлы өнім көлемі 3,2 есе арттырылды;

- жалақы төлемдерінің салыстырмалы көтеріңкі өсімі осы мақсатта жұмсалған қаржының тиімділік деңгейінің төмен екенін көрсетеді.

«Қазақмыс корпорациясы» құрамына енетін кәсіпорындарындағы жалақының үнемі өсіп отыруы өзін-өзі қаншалықты ақтап отыр, басқаша айтқанда, оның ынталандырғыш рөлі қандай? Мұны жұмысшылардың орташа жалақы мөлшерін, олардың еңбек өнімділігімен салыстыру әдісімен, яғни басып озу коэффициентін анықтау жолымен анықтауға болады (4-кесте).

4-кесте деректерінен көрініп тұрғандай, корпорация жұмысшыларының еңбек өнімділігі мен олардың орташа айлық жалақысының арасындағы байланыс тым әлсіз. Бұл «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-і қызмет көлемінің өсуінде жалақының ынталандырушы рөлінің төмен екендігін көрсетеді.

Демек, еліміздің табысы мол, іріленген өнеркәсіптік құрылымдарының алдында, олардың әлеуметтік жауапкершіліктерін арттыру бүгінгі таңда дұрыс қойылған мәселе.


Кесте 4 - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-і жұмысшыларының орташа жалақылары мен еңбек өнімділігінің динамикасы

Көрсеткіштер

2001 ж 2000 ж. салыст.

2002 ж. 2001 ж.

салыст.

2003 ж. 2002 ж.

салыст.

2004 ж. 2003 ж.

салыст.

2005 ж.

2004 ж.

салыст.

2006 ж.

2005 ж.

салыст.

Орташы жалақының өзгеру динамикасы, %

103,4

101,9

107,6

108,4

111,2

125,8

Еңбек өнімділігінің өзгеру динамикасы, %

95,5

105,75

104,52

132,86

143,37

189,16

Басып озу коэффициенті, %

108,3

96,4

102,9

81,6

77,6

66,5

Ескертпе – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң жылдық есептері бойынша есептеген автор


Жалақының жалпы көлемінің өсуі, оның өндірістік шығындардағы үлесінің өзгеріссіздігі, еңбек өнімділігінің жұмысшылардың орташа жалақыларының мөлшеріне, тиімділіктің табыс әкелуші ретіндегі маңызына кері әсерін тигізіп отыр (5-кесте).


Кесте 5 - «Қазақмыс корпорациясы» жалақы пайдалылығының динамикасы

Көрсеткіштер

Жылдар

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Негізгі қызметтен түскен таза табыс,

мың теңге

32528451

31016011

36880320

25600012

46996197

85168008

194646965

Жалақы қоры,

мың теңге

8522051,5

9176852,4

9412695,1

9651465,2

19775114,5

23495989

29744199,1

Жалақының 1 теңгесіне келетін табыс мөлшері,

теңге/теңге

3,82

3,38

3,92

2,65

2,38

3,62

6,54

Ескертпе – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң жылдық есептері бойынша есептеген автор


5-кесте материалдарынан көріп отырғанымыздай, корпорация кәсіпорындарында жалақы үлесінің өндірістің жалпы шығындарындағы тұрақтылығынан, еңбек ақыға бөлінген қаржының әрбір өлшеміне келетін табыс мөлшері 2000-2006 ж.ж. аралығында үнемі төмендеп отырған (2006 ж. басқасы). Мұндағы басты себептер, біріншіден, еңбек өнімділігінің пропорционалды өспей отырғандығы, екіншіден, корпорация жұмысшыларының орташа жалақыларының төмен деңгейі. Бұл өз кезегінде, еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдірудің, өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржылық қызметін жақсартудың кезек күттірмейтін, бірінші қатардағы мәселелер екендігін дәлелдейді.

Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік әлеуетінің қазіргі даму барысында жұмысшылар мен қызметкерлерді өнімді еңбекке ынталандыру жүйесін күшейтуге бағытталған кешенді шешімдер қабылдануы қажет. Мұндай тұжырымның объективтік себептерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • ең аз және орташа жалақы мөлшері мен тұтынудағы сұраныстың өскендігіне байланысты еңбекке ақы рөлінің жоғарылауы;

  • өнеркәсіптік ұжымдарда «шаруашылық серіктестігін» дамытудың қажеттілігі, яғни жұмысшының әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша да тиісті шешім қабылдай алатындығын қамтамасыз ету.

Постиндустриалды, әлемдік технологияның прогресшіл жаңа талаптарына сай дамып отырған өндіріс жағдайында еңбеккерлердің шығармашылық мүмкіндігі толығырақ жүзеге асырылуы қажет. Басқару ісіне нақты кірісу, ортақ құндылыққа өзінің қатысы бар екенін сезіну, жұмысшының еңбекке деген құлшынысын жоғарылатады, өндірістің резервтерін бұрынғыдан гөрі толығырақ пайдалануға ынталандырады. Ұжым мүшелерінің жеке меншіктік, яғни иелену құқы, басқаруға тікелей араласу сәті (өндіріс қаражатын жұмсау өкілеттілігі, өндірістік процесті ұйымдастыру және оның нәтижесін әділ бөлу) сайып келгенде ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Елбасы өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында (6 ақпан 2008 ж.) «қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді шешудің бірінші бағыты - өндіруші сектор» - деп көрсетеді. «Самұрық» холдингі мен өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тау-кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы тиіс». Олай болса, өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімділігін арттыруда экономикалық өсімнің факторлары мен шарттары айқындалып, ынталандыру механизмінің ең ұтымды жолдары негізделуі қажет.

Ынталандыру жүйесінің дамуында Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары экономикалық ынталандыру жүйесінің келешегінде еңбекке ақы төлеуді жетілдірудің қажеттілігін ерекше бөліп атауға болады.

Қазіргі кезде отандық өнеркәсіп кәсіпорындардың көпшілігі шетелдік өндірушілердің тәжірибесін ескере бермейді. Мысалы, тарифтік жүйе мерзімдік және кесімді еңбекақының үйлесімділігіне негізделген. Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінде бұл жүйенің қолданылу аясы кең, бірақ оған қол жеткізу өндірістің технологиялық және қуаттылық деңгейіне байланысты.

Еңбекақыны мерзімдік төлегенде еңбекті мөлшерлеу жұмысы жүргізіледі, сондай-ақ тапсырмалардың мөлшерленуі де іске асады. Қазіргі кезде, кейбір экономистер кәсіпорындардағы тарифтік жүйені мемлекеттік емес меншіктен алып тастау, немесе, жалақының бүкіл қорын әр жұмысшының жұмсаған еңбегінің түпкі нәтижесіне қарай бөлу қажет деген пікір айтады. Бірақ, біздің ойымызша, тарифтік жүйенің басты артықшылығы – ол жұмысшының біліктілігіне әсер етеді. Нарықтық ғылыми-техникалық прогресс жағдайында, сериялық өндіріс технологиясы жұмысшылардың жоғары біліктілігін қажет етеді және бұл кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының, еңбек ресурстарының әлемдік бәсекелестікке лайықты төтеп беруінің негізгі шарты. Тарифтік жүйенің тағы бір артықшылығы, жұмысшы оны әлеуметтік әділдік ретінде қабылдайды, өйткені ол жұмыстың қиыншылығын, оның жауапкершілігін бағалайды. Тарифтің экономикалық ұтымдылығы – кәсіпорындар өздері өз бетінше жұмыс «бағасының» көрсеткішін анықтай алады, техникалық саясатқа сай шұғыл бақылап отыруды қажетсінеді.

Біз жүргізген зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, кеніш жұмысшылары негізінен разрядтарға ие, ал І, ІІ білікті разрядты жұмысшылар жоқтың қасы. Кейбір жұмысшылар жеткілікті білікті емес, разрядқа сай жұмыстың бар түрін атқара алмайды. Басқалары, керісінше, төмен біліктілікті қажет ететін жұмыстарды атқарады. Осының нәтижесінде еңбек төлемінде жоғары және төмен білікті мамандар теңестіріліп кетіп жатады. Қалыптасқан жағдайда, жұмысшылар жоғары білікті разрядқа ие болып отырғанда, өз кәсіби шеберлігін көтеруге деген ынтасы болмайды.

Міне, осыларды ескере отырып, біліктілік разрядының тарифтік кестесін 6-дан 10-ға дейін көтеруді ұтымды деп санаймыз. Бұл жұмысшылар біліктілігін объективті түрде бағалауға және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибе ынталандырмасының өсе түсуіне оң әсер етер еді. Сондай-ақ, жұмысшылар разрядын автоматты түрде өсірмей, жалпы білім алатын және кәсіби дайындық деңгейіне жоғары талаптардың арнайы ретін ойластыру қажет, бұл шығарылатын өнім және жұмыс сапасын арттыра түсуге, қауіпсіздік ережелерін және еңбекті қорғауға, технологияны жетік білуге және пайдалы қазбаларды үнемдеуге ықпалын тигізеді.

Жұмысшының біліктілік разрядын анықтауда мына формуланы қолдануға болады:

Рб = К1 х К2 х К3 х К4 ,


мұндағы Рб – жұмысшының біліктілік разряды;

К1 – жұмысшының жалпы білімін, кәсіби деңгейін және оны өсірудегі еңбектің қажетсінуін анықтайтын коэффициент;

К2 – берілген мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін анықтайтын коэффициент;

К3 – орындалатын жұмыстың жауапкершілігі мен ауырлығын анықтайтын коэффициент;

К4 - еңбектік және өндірістік тәртіпті ескеретін коэффиицент.

Жұмысшының біліктілік разрядын айқындауда негізінен 3 фактор ескеріледі, ал әрбір фактор тиісті балмен бағаланады. Коэффициенттер алдын-ала анықталған жіктеме бойынша анықталады.

Экономикалық ынталандырудың келешегі зор бағыты – ерекше сыйақы беру. Жұмысшыларды сыйақыландыру жоғары өнімді және жоғары сапалы еңбекке ынталандыру, іс-әрекеттің түпкі нәтижесін жақсарту, кәсіпорын жұмыскерлерінің өмір сапасын көтеру мақсатында жүргізіледі. Сыйақы, еңбек мөлшері үшін алған ақыдан ерекше. Ол қолпаштау сипатында болып, төмендегідей принциптерге негізделеді:

- сыйақы беру даралық сипатта болуы тиіс: жұмысшының аймақ, цех, кәсіпорын жұмысы көрсеткішін жақсартуы үшін өзінің қосқан үлесі үшін беріледі;

- сыйақы беру нақты, белгіленген мөлшерлеме мен нормативті орындағаны үшін емес, еңбектегі ерекше жетістіктері үшін берілуі тиіс;

- сыйақы беру – ағымдағы (ай сайын) және жыл қорытындысы бойынша тағайындалады;

- сыйақы беру жүйесі қарапайым, әрбір жұмысшыға түсінікті болуы керек.

Мұнымен қатар сыйақы беру шарттарын шектейтін жәйттерге қауіпсіздік ережелерін сақтау, еңбекті қорғау, жарақаттану болдырмау, бақытсыз жағдай және еңбек тәртібінің бұзылуын болдырмаулар жатады.

Қазақстанның ұлттық кен-металлургиялық өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі 9,4-10,5%. Сектордың басты міндеті – бәсекеге қабілетті өнім өндірісінің жоғары қарқынды өсуін қамтамасыз ету. Бұл үшін дәуірдегі құрылғылар мен тиімді технологияларды пайдалану қажет. Шикізат көздерінің дәстүрлі емес түрлерін пайдалы өңдеу, қолданыстағы кәсіпорындары техникалық және технологиялық жаңғырту, жаңа кәсіпорындар салумен тығыз байланысты. Мұндай жағдайда, қолданыстағы кен-металлургиялық кешен тиімділігінің өсуі тек ғылым мен өндірістің бірігуі арқылы, ғылыми жетістіктерді кең қолданумен, жаңа технологиялар мен техниканы жедел қолданысқа енгізу арқылы ғана жүзеге аспақ. Инновациялық және инвестициялық қызметтің жандануы кәсіпорынның дамуын шектеп отырған факторлардың зиянды әсерін әлсіретіп, өндірістік әлеуеттің түбегейлі жаңаруын қамтамасыз етеді, барлық ресурстар шығынын азайтып, қоршаған ортаны қорғау шарттарын мүлтіксіз орындауға өнімнің дәстүрлі және жаңа түрлерін шығаруға ықпалын тигізеді. Инновациялық үрдістің бұлайша қалыптасуы үшін дайындығы жетік, жоғары білікті мамандар қажет.

Өйткені жаңа технологиялық жетістіктер, ресурс үнемдейтін технологиялар, еңбек өнімінің жоғары сапасы, барған сайын, адамның творчестволық қабілетіне тәуелді болып барады. Олардың деңгейі қаншалық жоғары болса, өндіріс нәтижелері соншалық маңызды. Әлемнің жетекші мемлекеттерінде интеллектуалдық әлеует экономикалық өсімнің іргелі көзіне айналған. Демек, экономиканың тиімді дамуын ынталандырудың экономикалық механизмі ғылымға, жаңа технологияға, жаңа білімге, адам капиталын нәтижелі қолдануға негізделуі қажет.

Сапалық өзгерістердің көрінісі мынадай: аралық өніммен салыстырғанда түпкілікті өнімнің әлдеқайда алда болуы; өндірілетін өнім сапасының тез өзгеруі мен түрлерінің жаңаруы; ғылыми-техникалық прогресс жылдамдығын анықтайтын өндіріс салаларының өсуі. Сондықтан, экономикалық өсімнің жекелеген факторы заттық факторға қарағанда экономикалық өсудің жаңа сапасына қажетті басты шарты болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, адам капиталына жұмсалған инвестиция мен экономикалық өсім сабақтас құбылыстар. Сондықтан, экономикалық өсудің басты құралы адам капиталына жұмсалатын инвестиция.

Міне осы баяндалған тиімділік критерилерін негізге ала отырып, экономика тиімділігін ынталандырудың механизмінің мына моделін ұсынамыз (2-сурет).





Ескертпе – автормен құрастырылған


Сурет 2 - Экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің моделі


Модельден экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің экономикалық тиімділіктің өсуіне бағытталып тұрғанын аңғаруға болады. Механизм тиімділігінің критерилері экономикалық өсімнің сапалық анықтамсын көрсетеді, яғни экономикалық өсім үнемі экономикалық дамуды қамтамасыз ету қабілетіне байланысты. Экономикалық өсімді ынталандыру механизмі қызметінің нәтижелері тек сандық емес, әсіресе сапалық өсімде де көрінеді, бұл өз кезегінде, адамдардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне, өмір сапасының жақсаруына, халықтың тұрмыс деңгейі бойынша жіктелуінің анағұрлым азаюына серпінді ықпалын тигізеді.

Экономикалық өсімді ынталандыру механизмін қалыптастыруда бірінші кезекте ғылымды мемлекеттің есебінен қаржыландыру мәселесі тұр. Мұнымен қатар, ғылыми-техникалық прогрестің дамуында шаруашылық субъектілерінің шығындарын арттыру қажет. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына бюджеттен қаржыландыру 2001-2003 жж. 40% деңгейінде болса, 2004 ж. ол 50,3%-ға көтерілді. Қаржыландыру көздеріндегі өзіндік қаражаттың үлесі 18,3% шамасында.

Пайда болған қиындылықтарға қарамастан, тұтастай алғанда, отандық ғылым жоғары әлеуетке ие, бұл орта мерзімді міндеттерді басым бағыттарда шешудің, өндіруші сектормен қатар, экономиканың шикізаттық емес салаларын іс жүзінде үдіретудің кепілі.

Ғылымның жоғары технологиялық өрістеріне негізделген өндіріс, өнім нарығының дамуына, интеллектуалдық меншіктің қорғалуына тікелей әсер етеді, инвестицияның ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жобалармен байланыстылығын күшейте түседі.

Экономикалық өсімді ынталандырудың тиімді механизмін қалыптастырудың маңызды бағыттары – жоғары деңгейдегі инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету, қаржылық қызметті реттеу, бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру, қысқа және орта мерзімді болжамдар жасау.

Мұндай бағыттардың іске асырылуы төмендегі шаралардың нақты орындалуын қажет етеді:

- экономиканың, жоғары технологиялық үрдістері басым құрылымына көшу;

- іргелі және қолданбалы зерттеулері мемлекет және жеке меншік тарапынан қолдау;

- ғылыми зерттеулерді бюджеттік қаржыландырудың тұрақты, заңдық нормативтермен қамтамасыз ету;

- қаржы ресурстарын тиімді пайдалана отырып, адам әлеуетін инвестициялауды жетілдіру.


  1   2   3

Похожие:

Диссертация «17» «сәуір» iconДиссертация 2010 жылы «29» сәуір
Жұмыс Қр білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Кеңес дәуіріндегі...
Диссертация «17» «сәуір» icon1 сәуір 2011 Канада
ДСҰ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитетімен 2011 ж. 1 30 сәуір аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
Диссертация «17» «сәуір» iconЖАҚыпбекова айгерім жоламанқызы гидродинамиканың ерікті шекаралары бар шектік есептер
Көлемі және құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 74 беттен тұрады. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қортындыдан, 31 аталуы...
Диссертация «17» «сәуір» iconДиссертация 2008 жылы «7» қарашада сағат 16. 00-де Қр бжҒМ
Тіл білімі институты жанындағы 10. 02. 02 – қазақ тілі және 10. 02. 06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының...
Диссертация «17» «сәуір» iconОбучающихся по направлению 27. 04. 05 Инноватика Магистерская диссертация. Требования по содержанию, оформлению и защите
Магистерская диссертация. Требования по содержанию, оформлению и защите. Учебное пособие. Составители: Т. А. Итс, С. Г. Редько, И....
Диссертация «17» «сәуір» iconДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 сәуір аралығында жарияланған хабарламалар тізімі

Диссертация «17» «сәуір» icon«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір

Диссертация «17» «сәуір» iconКонкурсқа тапсырыс қабылдаудың соңғы мерзімі сағат 15. 00. 1 сәуір 2009 жылы
Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Костанайюжэлектросервис» Управления энергетики и
Диссертация «17» «сәуір» iconЖер Ана- ортақ үйіміз, табиғат- тылсым жұмбағы. Табиғатыңды тарту ет, аман бол Жердің құндағы!
Жаратылыстану ғылымдарына арналған 9-14 сәуір аралығында өткізілетін мектепішілік апталық жоспары
Диссертация «17» «сәуір» iconДиссертация 2007 жылғы «02»

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница