Мазмұны кіріспе І бөлім. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері




НазваниеМазмұны кіріспе І бөлім. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері
страница1/13
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.41 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/03/Дип.-Кикілжің-проблемасы.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ.............................................................................................3


І БӨЛІМ. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері.

1.1. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің теориялық қағидалары...............7

1.2. Кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің психологиялық ерекшеліктері........................................................................22

1.3. Мектеп оқушылары ортасындағы кикілжің мәселесін теориялық

талдау..........................................................................................................31

І Бөлімге қысқаша тұжырымдама.............................................41


ІІ БӨЛІМ. Кикілжің проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі.

2.1. Кикілжің проблемасына қатысты эксперименталдық әдістемелер......42

2.2. Кикілжің жағдайларын болдырмау, алдын-ала ескерту, жоюдың ғылыми-әдістемелік негізі................................................................................50

2.3. Кикілжің жағдайларын шешуге арналған дамытушы-түзету эксперимент кешені...........................................................................................58

2.4. Кикілжің проблемасына қатысты практикалық-әдістемелік

нұсқаулар.....................................................................................................65


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................79


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................80


ҚОСЫМШАЛАР..............................................................................83


КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Кикілжіңдер – қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының бірі болып саналады. Адамның қоғамдағы өмірі күрделі және жеке индивидтердің, сонымен қатар үлкен және кіші әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қақтығысынан жиі алып келетін қарама-қайшылықтарға толы екендігі баршамызға анық.

Кикілжің (лат.«conflictus») күштердің, пікірлердің, жақтардың қақтығысын білдіреді.[1]

Адамзаттық өркениеттің тарихы түрлі кикілжіңдерге толы. Кикілжіңдердің біреулері оншақты мемлекеттермен халықтарды қамтыса, ал екіншілері үлкен және кіші әлеуметтік топтардың ортасында, үшіншілері жеке адамдар арасында өршіді. Ежелден-ақ адамдар туындаған қарама-қайшылықтарды шешуге тырысып, кикілжіңсіз бейбіт қоғам туралы армандады. Сол заманда туындаған заңдылықтарды кикілжіңдердің алдын-алу және шешудің әмбебап механизмін құруға ұмтылысы ретінде қарастыруға болады. Қатыгез Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750ж.ж.) патшаның көне заңдарында кикілжіңдік жағдайларды шешудің оншақты тәсілдері жазылған. Аңыз бойынша патша Соломон (б.э.д. 965-928ж.ж.) кикілжіңдерді шешу және кетіп қалу дағдысымен ақылдылығының арқасында әйгілі болған.[2]

Ғасырлар бойы адамзаттың ұлы ойшылдары кикілжіңсіз қоғамның теориялық үлгілерін құрып, кейде оны жүзеге асыруға тырысқан. Өкінішке орай, барлығы сәтсіздікпен аяқталып, бұл одан да қатыгез кикілжіңдер тудыра бастады.

Қазіргі заманда кикілжіңдер – күнделікті өмірлік жағдайларға айналды. Мүмкін, ХХІ ғасыр адамзат алдына балама ұсынады: бұл ғасыр кикілжіңдік ғасыр болады, немесе өркениет тарихында ең соңғы ғасыр болады. ХХ ғасырдағы кикілжіңдер адамдардың көптеп қырылуына негізгі себеп болды. А.Я.Анцупов, А.И.Шипилевтердің пікірінше: «екі дүниежүзілік соғыс, екі жүзден аса ірі көлемдегі соғыс, терроризм, билік үшін қаруланған соғыс, өлтіру, өзін-өзі өлтіру, жеке адамдардың арасында қарсыластық пен келіспеушілік – бұл аталған кикілжіңдер ең кем дегенде 300 миллионға жуық адам өмірін жойды».[3] Ішкі саясаттық күрес – көптеген мемлекеттердің дамуындағы шешуші фактор болып табылады. Ұйымдастырудағы кикілжіңдер олардың іс-әрекетінің сапасына зиян әсерін тигізеді. Отбасындағы және өзінмен келісімге келу әрбір адамның бақытты өмірінің ең маңызды жағдайы болып табылады. Мұның бәрі әрбір адамның, ұйымның, мемлекеттің, қоғамның және бүкілдей адамзаттың өміріндегі кикілжіңдердің шешуші рөлін білдіреді. ХХ ғасырдың нәтижелері бойынша көптеген мемлекеттен құралған Кеңес Одағы кикілжіңдерде адамдардан айырылудан басқа, материалды және моральды нәтижелер бойынша әлемдік көшбасшы (лидер) болып табылады.

Экономикадағы өзгерістерге және жаңа заң немесе реформалардың бекітілуіне, өндірістің төмендеуінен жоғарылауы, еліміздегі өмірлік деңгейінің төмендеуінен күрт жоғарлауы, құндылықтар мен стереотиптердің ескі жүйесінің құлдырауы – мұның барлығы Қазақстан елінің халқы басынан ауыр түрде кешуде.

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік дағдарыстық процестер, адамдардың психологиясына кері әсер етіп, олардың бойында кернеулік, ашушаңдық, қатыгездік және т.б. жағымсыз қасиеттер тудырады.

Мұндай қасиеттер қоғамымызды көптеген қиыншылықтарға және көптеген кикілжіңдерге әкеп соқтырады. Статистика бойынша мұндай процесс әр түрлі әлеуметтік және демографиялық топтар арасында байқалады. Көбінесе жастар немесе жасөспірімдердің кикілжіңге түскіштігінің көрсеткіші өте жоғары. Әсіресе мектеп қабырғасындағы оқушылар арасындағы кикілжің мәселесі өзекті болып саналады. Оқушылардың, әсіресе жасөспірімдердің жеке адам болып қалыптасуы барысында, бұл өтпелі кезеңді басынан өткізуінде көптеген қиыншылықтарға кездеседі: әлпештеген балалық шақтан өз беттік өмір сүру, ағзаның үйлесімді күрт өзгеруі, т.б. факторлар баланың индивидтік қалыптасуында көптеген қарама-қайшылықтар, түсінбеушіліктер туындап, қоршаған ортадағы тітіркендіргіштерге әр түрлі жауап қайтаруда өзгереді. Соған байланысты жасөспірімдердің қылығы кикілжіңге жақын болады. Жасөспірімдер мен жеткіншектердің кикілжіңдік қылықтарының жаңа түрлері пайда болуда: олар саяси ұйымдасқан экстремистер құрамында, рэкеттер, мафияның құрамында болып, көптеген қылмыстық әрекет жасауда (соның ішінде, ішімдікке салыну, нашақорлық, бұзықшылық сонымен қатар жезөкшелік, қоғамдық ережелерді бұзу, т.с.с.), міне осындай факторлар көптеген кикілжіңдерге әкеп соқтырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясында «Қазақстан дамуында ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін адамгершілігі мол, мәдениетті, ғылыми және шығармашылық дамуы жоғары деңгейлі интеллектуалдық қоғамдық потенциалдың болуында»,-деп көрсетілген. Яғни, бүгіндері демократиясы дамыған өркениетті елдер қатарына бағыт ұстап отырған еліміздің болашағы жастар, бүгінгі мектеп оқушылары болып табылады. Жастар динамизммен, мобильділігімен, жаңашылдыққа икемділігімен, өзгермелілігімен, тез шешім қабылдағыштығымен, барынша макимализмімен ерекшелінетіні белгілі. Сондықтан да бүгіннен бастап олардың бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымыздың шынайы патриоттарын, мәдениетті білімді, парасатты, бауырмал, ізгі ниетті, адал азаматтарын тәрбиелеп шығару екенін ескертеді.

Сондықтан да зерттеу өзектілігі жастар ортасындағы кикілжіңдердің алдын алу мен шешудің қажеттілігінен туындап отырғанымен, сонымен қатар әртүрлі жас, әлеуметтік және демографиялық топтар арасындағы кикілжіңдерді болдырмау, шешу, жоюдың және алдын ала ескертудің қажеттілігінен кикілжіңдік жағдайларды ескертудің ғылыми-психологиялық негізін зерттеу қажеттілігінен туындап отыр. Яғни, туындаған мәселелерді әрбір адам нәтижелі шешу үшін кикілжіңдердің пайда болу себептерімен оны шешу тәсілдерін, сонымен қатар кикілжіңдік жағдайдағы мінез-құлықтың стильдерін теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының қажетті деңгейін меңгеріп алуы, болашақта жақсы қарым-қатынас арқылы , иеленген кикілжіңдерді басқара білу құнды дағдысы әрбір адамның бүкіл өмірінің жолында қажет болады.

Зерттеу мақсаты. Кикілжің жағдайларды ескертудің ғылыми психологиялық негізін айқындау мәселелері.

Мұндағы қойылған міндеттер:

  1. Кикілжің проблемасына байланысты ғылыми теориялық әдебиеттерді талдау.

  2. Жалпы кикілжің ұғымының мәнін және табиғатын ашу.

  3. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми-теориялық аспектілері мәнін кеңінен ашу.

  4. Мектеп оқушылары арасындағы туындайтын кикілжіңнің түрлерін, туындау себептерін көрсету, соның негізінде мектеп оқушыларының кикілжің жағдайында, оны шешу барысында делдалдық әрекеттесудің маңыздылығын көрсету.

  5. Кикілжің жағдайларына байланысты мінез-құлық стильдерінің психологиялық ерекшеліктерін көрсету.

  6. Кикілжің жағдайларын болдырмау, алдын-ала ескерту, жоюдың ғылыми-әдістемелік негізін жүйелеу.

  7. Кикілжің проблемасына қатысты практикалық-әдістемелік нұсқаулар ұсыну.

Зерттеу объектісі. Әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретіндегі кикілжің мәселесі болып табылады.

Зерттеу пәні. Кикілжің, кикілжіңге байланысты мінез-құлық стильдері, кикілжің жағдайларындағы жеке адамның психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу болжамы. Кикілжің жағдайлары барысында мінез-құлық стильдерін дұрыс басшылыққа алған жағдайда, адам қарым-қатынасын жақсартуға болады.

Зерттеу мақсаты мен ұсынылған болжамға сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:

● кикілжің ұғымын аша тұрып, теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттеу;

● зерттеулінушілердің кикілжіңдік жағдайға байланысты мінез-құлық стильдерін анықтау;

● зерттелінушілердің кикілжің барысында мінез-құлық стильдерін дұрыс басшылыққа алу арқылы қарым-қатынасты жақсартуға болатындығын эксперименталды зерттеу;

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі әлемдік және Ресейлік конфликтология тәжірибесіне сүйенеді. Берілген жұмыстың негізіне салынған және зерттеу пәніне қатысты танымал жұмыстар төмендегі еңбектерді құрайды: Х.Корнелиус, Ш.Фейр «Выбирать можеть каждый: как разрешать конфликты», Дж.Г.Скотт «Конфликты, и пути их преодоления» және «Способы разрешения конфликтов»; А.Я.Анцупов, А.И.Шипилев «Конфликтология», О.Н.Громова «Конфликтология», А.В.Дмитриев «Конфликтология»; Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасы; А.И. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы; Қазақстандық ғалым, профессор Х.Т.Шерьезденованың қарым-қатынас проблемасына қатысты еңбегі, этнопсихология ғылымының негізін қалаушы ғалым, прфессор Қ.Б.Жарықбаевтың ұлттық салт-сана, ұлттық патриотизм жайлы құнды пікірлері толық басшылыққа алынды.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамды тексеруде бірін-бірі толықтырушы әдістер қолданылды: кикілжің мәселесіне қатысты еліміздегі және шетелдердегі әдебиеттерге теориялық талдау әдісі, кикілжіңмен жұмыс істеуге арналған ситуациялық ойындар мен жаттығулар, психологиялық эксперимент, сауалнама негізі Томас-Килменнің кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерін диагностикалау әдістемесі.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы.

  • психологиялық құбылыс ретіндегі кикілжің проблемасының ғылыми теориялық аспектілері анықталды;

  • кикілжің жағдайына байланысты адамның мінез-құлық стильдерінің түрлері анықталып жіктелді;

  • мектеп оқушылары арасындағы кикілжің түрлері, туындау себептері, алдын-алу, оны ескерту, болдырмау шараларының теориялық қағидалары дәйектелініп тұжырымдалды;

  • кикілжіңдерді анықтауға арналған әдістемелердің, дамытушы-түзетуші психологиялық іс-шаралардың мазмұны айқындалып іріктелінді;

  • кикілжің жағдайын шншуге арналған әдістемелік практикалық нұсқаудың мазмұны айқындалды;

Зерттеудің практикалық құндылығы. Бұл аталған еңбек адамдардың қарым-қатынасын жақсартуда, ересектерге бала тәрбиесінде басшылыққа алуға, педагог-психолог еңбегінде, практикалық психологияның саласы ретіндегі кикілжің мәселесіне бағдарлануға үлкен көмекші құрал бола алады.

Зерттеу жұмысының базасы. Зерттеудің тәжірибе-эксперименттік базасы ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 техникалық-кәсіптік лицейдің оныншы сынып оқушылары алынды.

Зерттеу нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі. Кикілжің жағдайларды ескертудің ғылыми психологиялық мәселесі бойынша теориялық талдаудың тереңдігі және көлемімен, эксперименттік-психологиялық әдістемелер жиынтығын таңдауды негіздеумен, қарастырылған құнды әдебиеттердің тізімімен қолдану қамтамасыз етілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған 84 әдебиеттер тізімімен, қосымшадан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 87 бет.


І БӨЛІМ. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері.

1.1. Кикілжің проблемасының зерттелінуінің теориялық қағидалары.


Бөлмеден шығып бара жатып есікті ашуланып қатты жапқан жағдайды басыңыздан кешіргенсіз бе? Немесе біреудің дөрекі сөзінен ренжігенсіз бе? Анаңызбен келіспей қалып ұрысқан кездеріңіз болған ба? Егер де сіз осы сұрақтардың біреуіне де болса да сенімді жауап берсеңіз, онда сіз «кикілжің» деп аталынатын құбылыспен таныссыз.[4]

Кикілжіңдер – қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының бірі. Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы өзімен күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да жұмсақ түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты. Әрбір адамның, әрбір ұжымның немесе ұйымның, әрбір елдің бүкіл ғұмыры қарама-қайшылықтардан құралған. Мұндай қарама-қарсылықтардың табиғатын әртүрлі адамдардың әрқилы позицияларды ұстануына, әртүрлі қызығушылығы бойынша жетекші болуына, әртүрлі мақсатта талпынуына байланысты өзінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мақсаттарын жүзеге асыруда бір-бірімен екі немесе одан да көп индивидтердің қарама-қарсы қақтығысқа жиі түсуімен түсіндіруге болады. Кейде бір-бірінің арасында туындаған қақтығыс тек бір ғана адамға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік топқа, кейде мемлекетке де қарсы күреске түсуі мүмкін. Олар өзінің қарсыласының мақсатына жетуіне кедергі жасау мүмкіндігін белсенді іздейді, қызығушылықтарын қанағаттандырмауын тілейді немесе оның көзқарастарын, өмірдегі бағалаушылығын, алатын орнын өзгертуге тырысады. Дау, қорқыту және қауіп төндіру арқылы, физикалық күш пен қару қолдану арқылы жүретін қарама-қайшылықтық қақтығысты кикілжің деп атайды.

Бірақ жоғарыда айтылғандардың барлығында қызығушылықтар мен мақсаттардың қарама-қайшылығы өзара кикілжіңге әкеп соқтыратынын мүлдем білдірмейді. Қарама-қайшылық пен кикілжің – бір нәрсе емес және қарама-қайшылықтың дамуы әрқашанда кикілжіңге ұласпайды. Кикілжің туындауы үшін қарсыластар, яғни индивидтер немесе олардың әлеуметтік топтары, біріншіден, өздерінің мақсаттары мен қызығушылықтарының қарама-қарсылығын сезінуі қажет, ал екіншіден, өзінің қарсыласына белсенді қарсы әрекеттер жасауы қажет. Екі немесе одан да көп жеке тұлғалардың, топтардың, партиялардың, елдердің, т.с.с. бір-біріне белсенді қарама-қарсылық әрекеттер жасайтын болса, тек сонда ғана қарама-қайшылықтар әлеуметтік кикілжіңдердің негізі болып табылады.

Бұл әлеуметтік құбылыстардың немесе процестердің негізін түсіну үшін сөздің этимологиялық мағынасын анықтаған жөн. Латын тілінде қолданатын «conflictus» сөзін құраған лингвистикалық элементтерінің мағынасын анықтасақ, бұл сөздің мәні айқын болады. Бұл сөздің түбір алдына жалғанған «con» буынынан тұрады, ол біреумен бірге, біреуге қарсы, бір уақытта, бірге деген мағынаны білдіреді және «flictus» («fligo») етістігінен құралған. Бұл етістік ұру, итеру, құлату деген мағынаны білдіреді.[5]

Сонымен берілген сөздің элементтері оны қақтығыс, дау, күрес, қарсы тұрушылық деп аударуға мүмкіндік береді.

Берілген сөзге мұндай мағына беру бөлек индивидтердің арасындағы, олардың топтарының, мемлекеттердің, тағы басқалардың арасындағы қарама-қайшылық болатындығы туралы шешімге алып келді. Қарама-қайшылықтардың екі негізгі түрін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, әртүрлі әлеуметтік қоғамның позициялары, қызығушылықтары құрайды (оларға отбасы, ұйым, территориялық құрылым, қоғамдық қозғалыс, т.б.). Ал екіншісі, үкімет құрылымының іс-әрекетінің әртүрлі формасынан немесе экономикалық, үкіметтік, саясаттық қарама-қайшылықтар болып табылады. Қарама-қайшылықтардың бұл екі түрі қоғамда кикілжіңнің объективті-реалдық негізін тудырады.[6]

Қоғамдық өмірдің барлық сфералары – экономикалық, саясаттық, әлеуметтік рухани жағы – барлығы өзара көптеген дифференциацияларға, қарама-қайшылықтарға, әртүрлі мақсаттар мен қызығулықтарының қақтығыстарына толы. Сондықтан да қоғамда әртүрлі кикілжіңдерге орын бар. Кикілжіңге индивидтер және олардың топтары немесе әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер, кейде мемлекеттердің коалициялары да түсуі мүмкін. Әртүрлі кикілжің түрлерін тудырушы объектілер және оны шешу тәсілдері бар, сонымен қатар кикілжіңді әрекеттерді тудырушы субъекттердің түрлері аз емес, олар тек бөлек ерлер немесе әйелдер, балалар немесе жастар, жұмысшылар немесе студенттер, оқымыстылар немесе жазушылар типтес ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл топтары – профессионалдық жағынан, партиялық, ұлттық, рухани және тағы басқа жағынан да болуы мүмкін. Сондықтан өзінің объектісі және субъектісі бойынша, қарама-қайшылықтарының әрекетінің мінездемесіне қарай, оның түбірлі негізіндегі себебіне, дамуы мен шешілуіне, тереңдігі мен өту ұзақтығына байланысты кикілжіңдердің әртүрлі де әрқилы түрлерін ажыратуға болады. Бірақ кикілжіңдердің әрекеттерінің интенсивтілігінің функцияларының, қоғамдағы рөлінің әртүрлілігіне қарамастан, дұрыс та терең зейін аударсақ, олардың барлығына ортақ ұқсастықтарды сызып көрсетуге болады.[7]

Кикілжіңнің объектісі болып әлеуметтік ортадағы және қоршаған ортадағы құбылыс немесе процесс, кезкелген зат болып табылады. Мысалы, жер, су ресурстары, жекеменшілік, мәдениеттік құндылықтар немесе авторитет, престиж, бедел, басқару, т.с.с. Ал кикілжіңнің субъектісі болып әрқашанда адамдар – бөлек индивидтер, сонымен қатар олардың ортақ жиылысы – жанұя, ұжым, қызығушылықтары ортақ топтар немесе ұлт және тағы басқа болып табылады.

Кикілжіңнің туындауындағы себептері өте көп, бірақ оларды үш категорияға бөліп көрсетуге болады:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Мазмұны кіріспе І бөлім. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері iconІ бөлім. Жастардың девианттық мінез-құлқын әлеуметтік жұмыс проблемасы ретінде зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері
Кіріспе
Мазмұны кіріспе І бөлім. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері iconМазмұны беті Кіріспе І бөлім. Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың теоретикалық аспектілері
Ынтымақтылық зейнетақы қорынан жинақтаушы зейнетақы қорына өту эволюциясы
Мазмұны кіріспе І бөлім. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері icon1 банктік маркетингтің теориялық аспектілері
Кіріспе
Мазмұны кіріспе І бөлім. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері icon1 банктік маркетингтің теориялық аспектілері
Кіріспе
Мазмұны кіріспе І бөлім. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері icon1. салық ЖҮйесінің Қалыптасуының теориялық аспектілері
Кіріспе
Мазмұны кіріспе І бөлім. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері iconКіріспе
КӘсіпорынның Өнімді өткізуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Мазмұны кіріспе І бөлім. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері iconКіріспе
КӘсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін көтерудің теориялық аспектілері
Мазмұны кіріспе І бөлім. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны кіріспе І бөлім. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері iconМазмұны: Кіріспе і-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі
Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
Мазмұны кіріспе І бөлім. Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері icon1 бөлім. Жұмыссыздықтың теориялық негіздері
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница