Саясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі




Скачать 74.49 Kb.
НазваниеСаясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі
Дата конвертации13.02.2016
Размер74.49 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.xn--80aja6bcnk.kz/wp-content/uploads/2015/12/Саясаттың-әлеуметтік-ақиқат-ретіндегі-ат

www.РЕФЕРАТ.kz Қазақша рефераттар сайты

САЯСАТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК АҚИҚАТ РЕТІНДЕГІ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі. Саясаттану пәнін дәуірлерге бөліп оқыту оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ол ғылымдар саласында қалыптасқан заңдылыққа орай қоғам­дық-экономикалық формацияларға, олардың тиісті саяси-құқықтық қондырғыларына және қоғамдық сананың түрлеріне сәйкес жасалады.

Курс ауқымында жеке ойшылдардың көзқарастары, әр түрлі ағымдардың, бағыттардың және мектептердің тарихи дамуы­ның прогрессивтік кезеңдеріне лайықты қалыптасқан саяси ой-пікірлер еліміздің басты аймақтары бойынша қарастырылады. Бұл ретте оларды қоғамдық ғылымдарда орныққан қағидалар тұрғысында түсіндіру ескеріледі. Марксизм-ленинизмнің саясаттануға қосқан үлесін де жоққа шығармай, әділ бағасын ескере отырып оқып үйренеміз. Диалектикалық даму және тарихи-материалистік әдістердің ескерілетіні де даусыз.

Дегенмен қандай курсты алайық, оқылатын дәрістерге бөлінген уақыт мөлшерінде пәннің барлық қамтитын материал­дарын түгелімен ашып беру мүмкін емес. Сондықтан өзіндік жұмысын ұйымдастыруға айрықша мән қоямыз. Оқылатын дәрістерде саясаттану пәнінің көпғасырлық, сан салалы тарихының ең елеулі кезеңдерін толығырақ ашып көрсетуді жөн деп таптық. Ал пәнді кең көлемде толық игеру студент­тердің дерекнемелік әдебиеттерді оқып үйрену арқылы жүзеге асады. Бұл жәйттер курстың бағдарламасында көрсетілген.

Саясаттану тарихындағы идеялық-теориялық күрес. Саясаттану тарихында әр кезең үшін мемлекет, құқық, заң, билік, саясат, бостандық, әділдік және т.б. проблемалар бойынша талас – идеялық-теориялық күрестің өзекті мәселесі болып келгені белгілі. Бұл күрес қазір де тоқтаған жоқ, керісінше, қыза түскен.

Саясат тарихы әрдайым рухани өмірдің өзекті мәселесі болып табылады. Сонымен қатар өткен заманның саясат тарихының негіздері қазіргі жағдай үшін не тірек болады, не өткенді жоққа шығару жолындағы бітіспес күреске май құятын материал болады. Үстіміздегі кезеңнің шиеленіскен идеялық күрес жағдайында өткендегі ілімдерге дұрыс әдістемелік нұсқау таба білу аса қажетті. Бұл күресте бұрынғы теориялық концепциялардың рөлі ерекше және олар бүгінгі қағидалармен жанасып жатса құба-құп болар еді. Сондықтан өткен ғасыр­лардағы саясат тарихына объективті түрде қараудың маңызы ерекше.

Міне осындай өткен мен қазіргінің өзара байланысы саясат­тану тарихында үнемі өзінің өзекті орнын алып отырады. Қандай болмасын саясаттану доктринасында ол солай болып келеді. Әр түрлі теориялық, идеялық-саяси күрес бағыт­тарының өкілдері өздерінің позицияларын дәлелдеу үшін саяси ой-пікір тарихынан дәлелдер іздеп, олармен қарулану­да. Сол себепті қазіргі заманның идеялары мен көзқарастары үшін саясат тарихына байланысты материалдардың ролі айрықша маңызды.

Мұндай байланыстар көбінде жаңа идеялар мен дүние­танымдар қалыптасқанда да айқындала түседі. Кейбір шындықты бұрмалаушылар бұрынғы тарихи саяси ой-пікірлерді тонын айналдырып та пайдаланады. Мысалы, ұлт­шыл-социализм идеологтері өз мақсаттары үшін неміс саяси ой-пікрлерінің өкілдері Фихте, Кант, Шеллинг, Гегельдің еңбек­терін, қағидаларын сыңаржақтылықпен пайдаланды.

Тарих қазіргі заманға қызмет ету жолына қойылады. Ежелгі және жаңа заманның ойшылдарының Платоннан бастап
Фр. Ницше мен М. Веберге дейін пайдаланылады. Тіпті маркстік-лениндік идеологияны, социалистік тәжірибені сынауға қолданылып та келеді. Өткендегі ойшылдардың айт­қандарын түсіндіру арқылы қазіргі саясатпен айналысатындар өздерін танытады және «кімнің кім» екендігін көрсетіп береді. Буржуазиялық авторлар саяси идеялар тарихын қарастыра отырып, өз көзқарастарын тұжырымдайды, позицияларын айқындайды, қазіргі заманғы құндылықтар мен көзқарастарды айқындайды.

Саясат ғылымы саласында өткендегіге Э.Топич еңбек­терінде позитивті көзқарас қалыптасқан. Ол «көзқарастар» «идеология» ұғымдарын сынағанда Вебер, Кельзен, Дюркгейм, Паретто және т.б. қағидаларын басшылыққа алады.

Осы аталған Топич пифогорлықтарды, Платонды, Аристо­тельді, жаңа платондықтарды, жаратылыстанушы-құқықтық концепцияны жақтаушы бұрынғы және қазіргілердің көзқарастарын, Смиттің, Вольтердің, Сен-Симонның, Гегель­дің, оларды жақтаушылардың көзқарастарын ертедегі шығыс аңыздарындағы (миф) египет, қытай, месопотамия, үнді) космос пен жер туралы түсініктердің қайталануы деп атайды. Осыдан туған мифтік «саяси космология» негізінде антикалық, ортағасырлық, жаңа замандық концепциялар қалыптасты дейді. Бұл дәстүрлі түсініктер нақты құбылыстарды зерттеп қалыптастыратын доктриналардың мәнін кемітеді. Тек Юм мен Кант қана «танымдық» және «бағалау» арқылы саясатты нақты түсінуге болатынын айтады. Топич Маркстің ілімін де өзінің жоғарыда келтірген ұғымымен түсіндірмекші болады.

Осыған байланысты, Топич мемлекет, құқық, саясат мәсе­лелерін түсіндіруде философиялық, дүниетанымдық ұғым­дарды жоққа шығарады, тиісті концепциялардың адам ұғымын­дағы теориялық-танымдық үлесін жоққа шығарады.

Соңғы онжылдықта батыстың буржуазиялық зерттеушілері саяси ғылымдарға ерекше мән бере бастады. Бұл ретте тіпті саяси ілімдер тарихы нағыз «революцияны» бастан кешіріп отыр дейді. Саяси идеяларға болжам айтуды алдыңғы сапқа қоя бастады.

Дегенмен саяси идеялар тарихын материалдық қарым-қатынастардың дамуынан бөліп қарау саясаттануды мүлдем бұрмалау болып шығар еді. Расында, саясаттануды тарихтан, қоғамның дамуынан бөліп қарау оны абстракті еткен болар еді.

Субъективтік тәсілді қолдану көбінде ғылыми тұрғыдан дәуірін белгілеуді, жүйелеуді, пәннің материалдарын топтауды объективті тұрғыдан қарастыруға жол бермес еді. Бұл ретте
Р. Берки «заманның рухы» саяси құбылыстарды түсіндіруге әр түрлі жолмен келуді талап етеді дейді. Беркидің айтуынша, проблематиканы ежелгі дүние үшін – философиялық, орта ғасыр үшін – діни, жаңа заман үшін – азаматтық, ал қазіргі заман үшін – әлеуметтік тұрғыдан қарау керек екен. Бұлай дәуірлеу мен сипаттау тым қарабайырлық. Мысалы, әлеуметік тұрғыдан қарау антикалық ғалымдарда, Платонда, Аристо­тельде болғанын білеміз. Софистерде, Цицеронда да болды. «Философиялық» тұрғыдан қарастыру жаңа, қазіргі заман өкілдерінде: Гоббста, Локкта, Кантта, Гегельде, Чернышев­скийде, т.б. байқалды. Сондықтан Берки жүйесі қазіргі түсінік­ке, концепцияға қайшы келеді.

Буржуазиялық саясаттану курстарында басым жағдайда саяси ғылымының қағидалары әдеттегідей хронологиялық – портреттік тәртіпте қарастырылмайды. Керісінше, кейбір дәуір­лердің ерекше мән қойылған идеяларын басымырақ ескереді. Мысалы, Ч. Верекердің идеяларында әділдікке, бейбітшілік пен қоғамдық тәртіпке, жеке адамдардың құқығына, бақытқа, прогреске, бостандыққа көп назар аударылады.

Буржуазиялық саясаттану курстарында дәуірге бөлуге, топтауға, саясат тарихын ашып зерттеуге американ зерт­теушісі Дж. Сэбайнның кітабы айтарлықтай ықпал жасады. Оның саяси-құқықтық ой-пікірлерінің тарихын дәуірлерге бөлу­дің негізінде идеологиялық фактор ретінде мемлекеттің белгілі бір концепциясы жатыр. Оны тиісті дәуірдің ойшылдары дамы­тады. Осыған сәйкес ол саяси-құқықтық ой-пікірлердің тарихын 3 бөлікке бөледі:

– «Қала-мемлекет теориясы» (ежелгі грек полистерінің қалыптасуынан құлдырауына дейінгі кезең. Мұнда Платон мен Аристотельдің ілімдері баса көрсетіледі);

– бүкіл әлемдік қауымдастық пен рим заңгерлерінің теориясы (стоиктерден Марсилий Падуанскийге дейін);

– «Ұлттық мемлекет теориясы» (Макиавеллиден ХХ ғасыр­дың фашистік және нәсілдік теорияларына дейін).

Осы аталған дәуірлерге бөлудің бірқатар идеялары француз авторы Ж. Шевальенің екі томдық «Саяси ой-пікірдің тарихы» курсында қарастырылады. Оның дәуірге бөлуі мынадай:

– «Қала-мемлекет»;

– «Империядан ұлттық мемлекетке дейін» (Александр Македонскийден Ұлы Карлдың дәуіріне дейінгі саяси ой-пікірлердің жиынтығы);

– «Монархиялық ұлттық мемлекет (дамуы мен апогейі Макиавеллиден Франциядағы абсолютизмге дейін);

– «Монархиялық ұлттық мемлекеттен оның құлдырауына дейін».

Бұл дәуір ХVII ғасырдың соңғы ширегінен Монтескьеге немесе реформаға, не рефолюцияға дейін.

Бірқатар буржуазиялық саясаттану курстары еуропалық ілімдерді көрсетумен ғана шектеледі. Ресей мүлдем ескеріл­мейді. Бұл курстардың басым көпшілігі либералдық-бур­жуазиялық позиция тұрғысынан жазылған. Сондықтан да олар марксизм-ленинизм іліміне біржақты сын көзбен қарайды. Ленинизмді таза орыстық құбылыс ретінде марксизмге қарсы қояды. Буржуазиялық тарихшылар Маркстің, Энгельстің, Лениннің көзқарастарын негативті тұрғыда Платонның, Аристо­тельдің, Руссоның, Гегельдің және басқалардың ілімдеріне қарсы қояды, авторитаризмді, тоталитаризмді айтпайды.

Тарихтағы идеялар таласын көргісі келмейді, ілімдердің нақты тарихи нышандарын, оның әлеуметтік-тарихи шарт­тылығын және т.б. қасақана ескермейді. Нәтижесінде ілім­дердің дамуы оларды туғызған рухани ахуалмен байланыс­тырылмайды. Болашақ тарихтағы алар ролін түсінудің қиын­дауы да содан келіп шығады. Адамдар жинақтаған ілімдердің нәтижесінде тарихтың ролі арта түсіп, оның қазіргі заманға тигізер ықпалы да күшейеді. Сондықтан тарихтың, саясаттың бүгінгі таңда көкейтесті мәселеге айналатындығы белгілі. Оның тарихи болуы да сондықтан.

Похожие:

Саясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі iconПсихологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері
Тақырып Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері
Саясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі iconСыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау актісі
Тапсырмаға қол қойған лауазымды адамның тегі, аты-жөні, атқаратын қызметі көрсетіледі
Саясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі iconАдам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз
Леуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен...
Саясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі iconҚазақ тіліндегі мезгіл пысықтауыштар Жоспары
Жоғарыда тұжырымдалған ереже негізінен мезгіл пысықтауыштың мәні, атқаратын қызметі жан-жақты ашуға талпынған
Саясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметшілердің...
Саясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі iconHtml -ге кіріспе. Html тілінің атқаратын қызметі, командалары
Оқу құралын пайдалана отырып, сіздер Интернет үшін басылымдарды құру мүмкіндігін жүзеге асыратын негізгі командаларды меңгере отырып,...
Саясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі iconМазмұны
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып...
Саясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі iconДәріс № Маркетинг жүйесіндегі баға және баға саясаты Бағаның атқаратын қызметі және оған әсер ететін факторлар
Дұрыс таңдап алынған баға стратегиясы тауардың бәсекелік қабілетіне және кәсіпорынның өндіру, өткізу жұмысына ұзақ мерзім әсерін...
Саясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Саясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі iconҮлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
Мамандығы: 0403000 Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница