6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012




Скачать 266.11 Kb.
Название6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012
страница1/3
Дата конвертации13.02.2016
Размер266.11 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kaznu.kz/content/files/pages/folder9724/хим научная каз.doc
  1   2   3
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ғылыми-әдістемелік кеңесінің

мәжілісінде БЕКІТІЛГЕН

хаттама №_______________

«___»_______ 2012 жыл


6M060600 – «ХИМИЯ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ МАГИСТРАТУРАСЫНА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕМТИХАН

БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2012


Бұл бағдарлама 6M060600–«Химия» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыбілімдендіруші стандарты негізінде құрастырылған. Бағдарлама құрастырушылар х.ғ.д., доцент Турмуханова М.Ж., х.ғ.д., проф. Жилкибаев О.Т., х.ғ.д., проф. Оспанова А.К., х.ғ.д., проф. Абрамова Г.В., п.ғ.д., проф. Бекишев К.Б., х.ғ.к., доц.Сыздыкова Л.И.


Бағдарлама физикалық химия, катализ және мұнайхимия

кафедра мәжілісінің отырысында қаралған


Хаттама № ____ _______________ 2012 ж.


Кафедра меңгерушісі

х.ғ.д., профессор _______________ М.К. Алдабергенов


Химия және химиялық технология факультетінің әдісбюросының мәжілісінде расталған


Хаттама № ______ _______________ 2012 ж.


Әдісбюро төрайымы

х.ғ.к., доцент _____________________ Л.И. Сыздыкова


Химия және химиялық технология факультетінің Ғылыми кеңес отырысында бектілген


Хаттама № ____ ___________ 2012 ж.


Ғылыми кеңес төрағасы

факультет деканы _________________ Е.К. Оңғарбаев


Ғылыми хатшы __________________ А.С. Түсіпбекова





МАЗМҰНЫ


1. 6M060600 – Химия мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері

6M060600 – Химия мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының мақсаты – білім деңгейін анықтау болып табылады.

6M060600 – Химия мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының негізгі міндеті – үміткерлердің әрі қарай магистратурада оқуын табысты оқуын жалғастыра алатындай білім деңгейін; магистрлік диссертацияны орындау барысында химия саласындағы қажетті теориялық және практикалық мәселелерді шешуге қажетті білімді жүйелі түрде меңгеру мүмкіндігін анықтау болып табылады.

Мамандық бойынша қабылдау емтиханының формасы – жазбаша. Емтихан тапсырушы өзінің билетіндегі сұрақтардың жауабын өзінің жауап парағына жазады. Жауап парағы шифрленген түрде болады және оны комиссия тексереді.


2. Білім беру бағдарламасына түсушілерге талаптар

Дайындықтың алдыңғы дәрежесі:

бакалавриат – 050606-Химия, 050721-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 050720-Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 050112-Химия, 543930- Мұнай химиясы;

арнайы жоғары білім – 390240-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 390140- Органикалық заттардың және материалдардың химиялық технологиясы, 390640-Мұнай, газ және көмірдің химиялық технологиясы, 390840-Полимерлерді өндіру мен қайта өңдеудің химиялық технологиясы, 390540-Жарылғыш және пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы, 090640-Химиялық, криминалистикалық және экологиялық экспертиза, 390011-Химиялық өндіріс пен химиялық кибернетика процестерінің негізі, 390340-Химиялық электротехнология және плазмохимия


3. Білімдендіруші бағдарламаның пререквизиттері

  1. «Бейорганикалық химия», 3 кр.

  2. «Органикалық химияның теориялық негіздері», 3 кр. («Органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы»

  3. «Химиялық термодинамика. Ерітіндідегі тепе-теңдік», 3 кр. («Физикалық химия»)




  1. Емтихан тақырыптарының тізімі


«БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ» пәні


Атом молекулалық ілім

Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары. Эквивалент, эквиваленттік фактор, эквиваленттің молярлық массасы. Эквиваленттер заңы. Атомдық және молекулалық массаларды анықтау әдістері.


Атом құрылысы

Атом құрылысының күрделілігін дәлелдейтін тәжірибелер. Радиоактивтік және радиоактивтік ыдырау заңы. Изотоптар. Ядролық реакциялар. Атомдық спектрлер. Э. Резерфордтың тәжірибелері. Атом құрылысының Н.Бор теориясы. Кванттық теорияның негізгі идеялары. Квант сандары. Көп электронды атомдардың орбитальдарының электрондармен толу принциптері: Энергияның минимум принципі, Паули принципі, Хунд ережесі. Клечковский ережелері.


Периодтық заң мен периодтық жүйе

Периодтық заң. Атомдардың электрондық құрылымы және Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодтық жүйесі. Атомдар мен иондардың периодты түрде өзгеретін қасиеттері. Элементтердің периодтық кестесінің түрлері.


Комплексті қосылыстар

Координациялық теорияның ең маңызды түсініктері. Комплексті қосылыстардың негізгі типтері мен аталу жүйесі. Комплексті қосылыстардың кеңістіктегі ұрылысы мен изомериясы. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғаты.

Валенттік байланыс әдісі. Кристалдық өріс теориясы. d-орбитальдардың тетраэдрлік және октаэдрлік өрісте жіктелуі. Жіктелу знергиясы. Спектрохимиялық қатар. Лигандалардың өзара әсері. Чугаев ережесі.


Сутек

Сутек, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Сутектік технология. Су және оның аномальдық қасиеттері. Судың табиғаттағы айналымы. Сутек пероксиді, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


Оттек

Оттек, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Озон, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


17 топ элементтері (галогендер )

Галогендердің жалпы сипаттамасы, табиғатта таралуы, алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. Галогендердің сутекті қосылыстары. Тұз қышқылы және оның тұздары. Галогендердің оттекті қосылыстары: оксидтері, қышқылдары және олардың тұздары. Галогендердің және олардың маңызды қосылыстарының қолданылуы.


16 топ элементтері

16 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Күкіртсутек, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Ең маңызды сульфидтер, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Күкірт (IV) оксиді, күкіртті қышқыл және сульфиттер. Күкірт (VI) оксиді, күкірт қышқылы және сульфаттар. Олеум. Ең маңызды сульфаттар және олардың қолданылуы. Тиокүкірт қышқылы және тиосульфаттар. Натрий тиосульфатының химиялық қасиеттері. Күкірттің галогендермен қосылыстары.


15 топ элементтері

15 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Азот, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Аммиак, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Аммоний тұздары. Гидразин, гидроксиламин, азидсутек. Азоттың оксидтері. Азотты қышқыл және оның тұздары. Азот ангидриді. Азот қышқылы, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Маңызды нитраттар. Азот қышқылын өнеркәсіпте алу. Азот тыңайтқыштары. Азот өнеркәсібінің экологиялық мәселелері.

Фосфор, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Фосфордың оксидтері. Фосфордың оттекті қышқылдары және олардың тұздары. Фосфор тыңайтқыштары. Фосфор өнеркәсібінің экологиялық мәселелері.


14 топ элементтері

14 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Көміртектің аллотропиясы, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Көміртектің оттекті қосылыстары. Көміртек (II) оксиді. Карбонилдер. Көміртек (IV) оксиді, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Көмір қышқылы және оның тұздары. Судың уақытша кермектігі және оны жоюдың жолдары. Көміртектің басқа маңызды қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.

Кремний, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Кремнийдің жер қыртысындағы ерекше ролі. Кремний қышқылдары және силикаттар. Жасанды силикаттар (шынылар, силикаттар, цементер, бетондар және т.б.)


13 топ элементтері

13 топ элементтерінің жалпы сипатамасы. Алюминий, оның алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Алюминийдің маңызды қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Алюминийді электролиттік жолмен алудың технологиясы.


1 топ элементтері

1 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. Сілтілік металдардың ең маңызды қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


2 топ элементтері

2 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Бериллий, магний және сілтілік жер металдар, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. Сілтілік жер металдардың ең маңызды қосылыстары, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Судың тұрақты кермектігі және оны жою жолдары.


d-элементтер

d-элементтердің жалпы сипатамасы. Металдардың жалпы сипатамасы. Металдарды физикалық және химиялық қасиеттері бойынша жіктеу. Металдарды алу әдістері. Металлургияның негізгі салалары. Металдардың құймалары және олардың қолданылуы. Қарапайым күй диаграммалары. Металдардың химиялық қасиеттері. Металдардың коррозиясы және онымен күресу жолдары.


3-5 топ элементтері

3-5 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 3-5 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


6 топ элементтері

6 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 6 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


7 топ элементтері

7 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 7 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


8-10 топ элементтері

8-10 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 8-10 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.

Темір, оның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Домна процесі. Темірдің құймалары. Шойын және болат. Темірді домна пешінсіз тікелей алу жолдары.

Кобальт, никель және платиналық металдардың жалпы сипаттамасы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы. Кобальт, никель және платиналық металдардың ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.

11 топ элементтері

11 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 11 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


12 топ элементтері

12 топ элементтерінің жалпы сипаттамасы, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері. 12 топ элементтерінің ең маңызды қосылыстары, олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


Радиоактивтік элементтер уяластығы

Радиоактивтік элементтер (лантаноидтар мен актинидтер), олардың алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.


Қорытынды

Периодтық заң химиялық элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерін жүйелеудің негізі.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


Негізгі әдебиеттер

  1. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия.- Алматы: Қазақ университеті, 2001.- 744 б.

  2. Бірімжанов Б.А., Нурахметов Н.Н., Муратбеков Б.М. Жалпы және анорганикалық химияның теориялық негіздері. В 2-х томах. - М.: Мир, 2002. - Т.1. 540 с; Т.2. 528 с.

  3. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.- М.: Высш.шк., 2001.- 743с.

  4. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.- М.: Высш.шк., 2006.- 527 с.

  5. Карапетьянц М.Х., Дракин С.И. Общая и неорганическая химия.– М.: Химия, 2000.-592 с.

  6. Зубович И.А. Неорганическая химия.- М.:Высш. шк., 1989.- 432 с.

  7. Глинка Н.Л. Общая химия. /Под ред. А.И.Ермакова.- М.: Интегралл-Пресс, 2004.-728с. (Переработанное издание, содержащее новую главу по прикладной химии).
  1   2   3

Похожие:

6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012 icon6D072100 «органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының Ph. D докторантурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012
«органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының Ph. D докторантурасына түсушілерге арналған емтихан
6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012 icon6M05011200 «химия» (Білім беру) мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012
Аманы «6М05011200 –Химия» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізінде педагогика ғылымдарының докторы, жалпы...
6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012 iconТҮсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012 Бағдарлама «6М020300-Тарих» мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес дайындалған
Бағдарламаны дайындағандар: т.ғ. д., профессор Қ. Т. Жұмағұлов; т.ғ. д., профессор Т. О. Омарбеков; т.ғ. к., доцент К. Е. Абикенова;...
6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012 iconТҮсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012 Бағдарлама «6М011400-Тарих» мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес дайындалған
Бағдарламаны дайындағандар: т.ғ. д., профессор Қ. Т. Жұмағұлов; т.ғ. д., профессор Т. О. Омарбеков; т.ғ. к., доцент К. Е. Абикенова;...
6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012 iconАлматы 2012
«Философия» мамандығына түсушілерге арналған мамандық бойынша магистратураға түсу емтиханының бағдарламасы
6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012 iconPhd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 мазмұНЫ
Білім беру бағдарламасының мақсаты: мамандарды бәсекелес ортада, химия бойынша Қазақстаннан және басқа да елдерден ең жақсы оқитындар...
6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012 icon«6M070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012

6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012 icon«6М041900– музей ісі және ескерткіштерді қОРҒАУ» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «050419 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес жасалған....
6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012 iconТҮсушілерге арналған мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6D020400 – Мәдениеттану» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушы:...
6M060600 – «химия» мамандығының магистратурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012 iconPhd докторантураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6D060500 – Ядролық физика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушысы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница