Қара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары




Скачать 351.76 Kb.
НазваниеҚара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
страница1/3
Дата конвертации13.02.2016
Размер351.76 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://emer.kz/laws/law/nnic/lom_kaz.doc
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылы «18» қыркүйекте

№ 172 бұйрығымен

бекітілген


Қара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


1-тарау. Жалпы талаптар


1. Бұл Талап қара металлдар сынықтар мен қалдықтарын конструкциялау және оларға құрал-жабдықтарды дайындау кезінде қайта өңдеу және дайындау бойынша өндірісті жобалау, құрылысы, қайта конструкциялау және эксплуатациялауға таратылады.

2. Осы Талап негізінде өндірістік бақылау туралы Талаптар, технологиялық регламент әзірленеді.


2-тарау. Еңбектің қауіпсіз жағдайын туғызу бойынша жалпы талаптар


3. Эксплуатацияда болатын технологиялық құрал-жабдыққа МЕСТ 2.601 талаптарына сәйкес келетін төлқұжаттар жүргізіледі.

4. Жұмыс орындарында жұмыс істейтіндерді қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғау құралдарының тізбесі бар.

5. Механизмдердің, агрегаттардың қозғалмалы және айналатын бөліктері бекіту құрылғысы бар ортақ қоршаумен қоршалады.

6. Пневматикалық және гидравликалық механизмдердің шлангтары (майысқақ түтіктері) ауа немесе жұмыс сұйықтығының есептеу қысымына сәйкес келеді. Майысқақ түтіктердің штуцерлер және құрал-сайманға бекітілуі олардың жұмыс кезінде үзіліп кетуіне жол бермейді. Майысқақ түтіктерді штуцерлерге жалғау және оларды ажырату ауа немесе жұмыс сұйықтығын беруді тоқтатқаннан кейін жүргізіледі.

7. Еден деңгейінен 0,6 м биіктікте және одан жоғарыда орнатылған алаңдарда, өту көпірлерінде берік төсеніш және төменнен тұтастай жабылған 0,14 м кем емес биіктігі 1,0 м кем емес қоршаулар бар.

Технологиялық құрал-жабдық үшін шұңқырлар мен ойылған орындар барлық беті бойынша берік төсенішпен жабылған және қоршаулары бар.

8. Жүк көтеру, электр таль, лебедкалар және тағы басқалар, жүк қысу құралдары және ыдыстар құрылғылары және эксплуатациялау күші бар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келеді.

9. Жүк көтеру крандары қолданылатын цехтарда (телімдерде) технологиялық регламентте қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қаралады. Кран кабинасында технологиялық алаңдар, адамдардың өту жолдары көрсетілген схема ілінеді.

10. Негізгі өту жолдары мен көліктің өту жолдарының шекаралары белгіленген немесе қоршалған.

11. Адамдардың жабық ыдыстарда, туннельдерде, құдықтарда болуымен байланысты барлық жұмыстар наряд-шақтама бойынша жүргізіледі.

12. Шаң, аэрозоль, май және басқа да зиянды заттар түзілетін орындарда жергілікті тарту желдеткіші немесе гидросумен бүрку қаралады немесе жұмыс зонасы алаңындағы зиянды заттар мөлшерін рұқсатты концентрациялық шектен асырмауды қамтамасыз ететін басқа да сәйкес шаралар қолданылады.

13. Оңай тұтанатын және жанғыш заттар қолданылатын цехтарда (телімдерде) оларды тұтыну орындарында орталықтандырылған тасымалдау және тарату қамтамасыз етіледі.

Аталған заттарды аз мөлшерде қолданған кезде оларды осы мақсатта арнайы тағайындалған ыдыспен тасымалдауға болады. Ыдыс оңтайлы күйде және тығыз жабылған.


3-тарау. Кәсіпорын аумағы. Ғимараттар мен үймереттер


1-параграф. Кәсіпорын, цехтар (телімдер) аумағы


14. Теміржол, автомобиль және басқа да рельстік емес көліктің аумақ бойымен және цехтар (телімдер) ғимаратының ішіндегі жылдамдығы мен қозғалыс тәртібін кәсіпорын әкімшілігі бекітеді және нұсқаушылар мен жол белгілерімен реттеледі.

Электр және автотиеуіштерді эксплуатациялау ұйымның техникалық басшысымен бекітілген технологиялық регламентке сай іске асырылады. Кәсіпорынға, цехқа (телімге) металл сынықтарын тапсыру үшін келген автомобильдер үшін келу жолының алдында таразы қақпасы жанына тұрақтар қаралады. Түсіру және қоймаларға орналастыру орындарында жаяу жүргіншілер тротуарлары мен көлік жүру жолдары шектерінде алаңдар қаралады.

15. Цехтар (телімдер) аумағындағы автомобиль жолдары қатты қабатпен жасалады. Жаз кезінде жолдар мен тротуарларға су бүркіліп тұрады, ал қыс мезгілінде қар мен мұздан тазартылып тұрады. Көк тайғақ болғанда жолдар мен тротуарларға сырғанауға жол бермейтін материалдар төселеді.

16. Жөндеу немесе құрылыс жұмыстары кезінде траншеялар, уақытша шұңқырлар, арықтар биіктігі 1,0 м кем емес қоршаулармен қоршалады, қараңғы кезеңде олар жырықтандырылады және жол қауіпсіздігі белгілерімен белгіленеді.

17. Цехтар (телімдер) аумағы, темір жолдары, автомобиль жолдары арқылды өтетін барлық өту жолдары мен көліктің өту жолдары нормаларға сәйкес жарықтандырылған. Темір жолдарды қиып өтетін тротуарларда адамдардың қарқынды қозғалысы болатын орындарда поездың жақындап қалғанын хабарлайтын дыбыстық және жарықты дабыл бергіш орнатылған.


2-параграф. Ғимараттар мен үймереттер


18. Өндірістік және көмекші ғимараттар, ғимараттар мен қоймалар өрт қауіпсіздігі жөнінде нормативтік құжаттар талаптарына сай өрт сөндірудің бірінші реттік құралдарымен қамтамасыз етіледі.

19. Цехтарда (телімдерде) алаңдар металл сынықтарын қоюға жабдықталады.

20. Ғимарат шатырларын тазалау бойынша жұмыстар ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кәсіпорын нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

Цехтарда ғимарат ішіндегі шаң мен қоқысты, сонымен қатар өндірістік ғимарат бетінен мұз бен шаңды механикаландырылған жинастыру құралдары қаралады.

21. Терезе және фонарь құраушыларын және фрамугтарды ашу дистанциялық басқарылатын немесе жұмыс алаңы еденінен қолмен басқарылады.

Шыны терезелердің жақтаулары шаң мен ыстан, қажеттілігіне қарай жарты жылда бір рет тазартылады.

22. Цехтарда және жұмыс алаңдарындағы едендер тегіс. Өндірістік ғимараттарда жұмыс орындарын жинастыру ауысым сайын жүргізіліп тұрады. Шатырларда, жабындарда, алаңдарда, конструкциялар мен құрал-жабдықтарда шаңның жиналуына жол берілмейді.

Технологиялық процестер сипаты бойынша май және эмульсия қолданылатын өндірістік телімдерде май мен эмульсияның еденге тиіп кетуінен сақтандыратын шаралар қолданылады. Сырғанаудан сақтану үшін еденнің ластанған телімдері тазаланады.


4-тарау. Газ шаруашылығы


23. Қара металдар қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеу және дайындама бойынша кәсіпорынның, цехтың (телімнің) газ шаруашылығы осы Талаптар және күші бар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келеді.

24. Стационар газ айыру постылары желдету тесіктері бар металл жәшіктерде орналастырылады. Оттегі мен жанғыш газ үшін газ айыру постылары шкафтары араларындағы ара қашықтық 15 м кем емес. Шкафтар (шкафтар табанына) еденнен 0,6 м кем емес биіктікте орналастырылады.

Шкафтар есіктер жұмыс кезінде ашық. Газ айыру постын пайдаланушы жұмыскер болмаған кезде шкаф бекіту құрылғысына жабық.

25. Газ айыру постылары механикалық зақымданулардан сенімді қорғалған. Оларға келу еркін.

26. Газ айыру постылары қабырғаларда немесе колонналарда және басқа құрылыс конструкцияларында орнатылғанда айырымдардың келесі нормалары сақталады: оқшауланған өткізгіштер мен электр кабельдеріне дейін 1,0 м, күйген өткізгіштерге дейін 2,0 м.


5-тарау. Металл сынықтарын кесу үшін оттегін пайдалану


1-параграф. Газ тәрізді оттегін қолдануға жалпы талаптар


27. Қысыммен жұмыс істейтін оттегі құрал-жабдығы құрылғысы, дайындау, монтаждау және эксплуатациялау қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар құрылғысы және қауіпсіз эксплуатациялау бойынша күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес келеді.

28. Оттегімен жұмыс істеу үшін тек осыған арнайы тағайындалған оттегі құрал-жабдығы, бақылау-өлшеу аппаратурасы немесе қолданылуы бекітілген тәртіпте бекітілген құрал-жабдық қолданылады.

29. Оттегі немесе оттегімен байытылған ауаның қысымын өлшеу үшін оттегі манометрлері қолданылады.

30. Оттегін өткізгіште орнатылған барлық манометрлер көгілдір бояулы және «Оттегі-май қауіпті!» деген жазуы бар.

31. Оттегі құрал-жабдығы көгілдір түске боялған немесе көгілдір түсті жолағы бар.

Жеке қорғаныс құралдарын қоспағанда, оттегі құрал-жабдығында «Оттегі. Қауіпті!» деген жазылады. Жазу көгілдір түске қара бояумен немесе кез келген түске көгілдір бояумен жүргізіледі.

32. Қысыммен жұмыс істейтін оттегін өткізгіштерде ылғи да қызмет көрсететін адамдар жүретін алаңда ажыратылатын қосылыстар, тығындар тағы сол сияқтылар болмайды. Бұл талапты орындау мүмкін болмаған кезде оттегін өткізгіштерде қорғаныс қаптамалары орнатылады.

33. Оттегін өткізгіштерді беріктікке сынауды сынама қысымы жұмыс қысымының 1,25 құрайтын гидравликалық тәсілмен жүргізеді. Оттегін өткізгіштерді сумен толтыру кезінде жүктемеге есептелмеген және тіректерде монтаждалған, 1,6 МПа (16 кгс/см2) артық емес қысымда жұмыс істейтін оттегін өткізгіштер үшін беріктікке пневматикалық сынақтар жүргізуге рұқсат етіледі.

Оттегін өткізгішті ағудың байқалуымен беріктікке сынауды пневматикалық тәсілмен жүргізеді.

34. Оттегін өткізгіштер, баллондар мен қысқыштар вентильдері, рамп арматурасы, майысқақ түтіктер тығыздығын тексеру сабын ерітіндісімен немесе газ анализаторларымен кем дегенде 6 айда бір рет жүргізіліп газ-және оттегі өткізгіштерді эксплуатациялау журналына нәтижелері жазылады.

35. Монтаждалған және сыналған оттегін өткізгіштерді эксплуатациялауға ұйымның техникалық басшысымен тағайындалатын комиссиямен қабылдағаннан кейін рұқсат етіледі.

36. Оттегін өткізгіштерде орнатылған арматураны ашу және жабуды, оттегін өткізгіш немесе оның бөлек элементтерінің тұтануынан сақтану үшін құбыр бойымен оттегі қозғалуының үлкен жылдамдықта болуына және оның параметрлерінің күрт өзгеруіне жол бермей, баяу жүргізеді.

37. Металл сынықтарын уақытша кесу жүргізілетін орындарда арбашаларда немесе баллон вентилі башмактан 25-300 мм биік болатын күйде тіреулерде бекітілген баллондарды пайдалануға рұқсат етіледі. Жаз мезгілінде баллондар жауын-шашын мен күн сәулесінен қалқаланады.

38. От жұмыстарын уақытша жүргізу орындары 5,0 м кем емес радиуста жанғыш материалдардан тазартылады.

39. Редукторсыз баллоннан, жарамсыз редуктор немесе манометрі бар баллоннан газ алуға жол берілмейді.

40. Толтыру үшін арналған баллондардан оттегін алу қалдық қысым 0,05-0,1 МПа (0,5-1,0 кгс/см2) болғанға дейін жүргізіледі.

41. Оттегі баллондары мен аппаратураны қолданған кезде МЕСТ 12.2.058 бекітіліген нормадан аспауға тиісті беттегі маймен ластану мөлшері бақыланады.

42. Оттегімен жанасып жұмыс істейтін құрал-жабдықтың, арматураның металл емес бөлшектерінде жарықтардың, сызаттардың және басқалардың болуына жол берілмейді.

43. Тығыздау (төсеме) материалдарын, жылжымалы тығыздағыштар, арматураның бекіту органдарының тығыздау материалдарын, айыру мембраналарын таңдау МЕСТ 12.2.0.52 бойынша орындалады.

44. Оттегін пайдалану орнына жеткізу үшін қолданылатын шлангтер (майысқақ түтіктер) берік, майысқақ және МЕСТ 9356 (ІІІ тип) талаптарына жауап береді.

45. Оттегімен кесу үшін шлангтар ұзындығы жұмыстар талаптарына байланысты 8,0-20,0 м құрайды. Ұзындығы 20,0 м асатын шлангтарды тек ерекше жағдайларда ғана қолданады.

Оттегі шлангтерін 2,0 МПа (20 кгс/см2) шығын қысымымен сынайды.

46. Тығыздау материалын жүргізу технологиясы оның құрал-жабдықтың «өтпелі» бөлігіне түсіп кетуіне жол бермейді. Ажырау беттерінен сығылып шыққан оның артық бөліктері алынып тасталынады.

47. Оттегі құрал-жабдығын коррозиядан қорғау үшін сыр бояу беттерін пайдалану МЕСТ 12.2.052 және дайындаушы-зауыт нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

48. Оттегінің жоғары концентрациясының түзілуі мүмкін орындарда жұмыс істейтін қызмет көрсететін қызметкерлер үшін киім тегіс, тығыз, антистатикалық қоспалары бар түксіз маталы материалдардан жасалады. Жасанды және табиғи талшықты маталардан аралас композицияны қолдануға жол берілмейді.


2-параграф. Сұйық оттегін тасымалдау, сақтау және пайдалану

кезіндегі жалпы қауіпсіздік талаптары


49. Алыс емес ара қашықтыққа сұйық оттегін сұйық ағымы бағытына қарай аздаған көтерілумен монтаждалған жылудан оқшауландырылған құбырлы өткізгіш бойымен тасымалдауға рұқсат етіледі.

50. Сұйық оттегі бар ыдысты тасымалдау кезінде барлық арматура ластану мен май жұғудан сақтандырылады.

51. Сұйық оттегіне арналған стационар және көлік ыдыстары және газификаторлар ыдыстары жылына екі реттен кем емес, сонымен қатар оларда қандай да майдың пайда болуына күдік туындағанда, технологиялық регламентке сәйкес майдан тазартылады.

52. Сұйық оттегі бар резервуар қондырғыларын эксплуатациялау және орналастыру газбен жабдықтаудың ішкі және сыртқы құрылғылары, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз эксплуатациялау және құрылғы бойынша, газбен жарақтаудың ішкі және сыртқы құрылғыларының газ шаруашылығындағы қауіпсіздік бойынша күші бар нормативтік құжаттар талаптарына жауап береді.

Резервуар қондырғыларын автоцистерналарға ыңғайлы келу жолдары бар алаңдарға орнатады. Оларда биіктігі 1,6 м кем емес жанбайтын материалдардан жасалған қоршаулар бар. Резервуарлардан қоршауларға дейінгі ара қашықтық 1,2 м кем емес.

53. Әр түрлі типтегі газификаторлар, сұйық оттегі бар ыдыстар сақталатын немесе орналастырылатын және оттегі құрал-жабдықтары монтаждалатын орнатылатын алаңдар немесе ғимараттар келесі талаптарға жауап береді:

1) асфальт және ағаш едендер пайдалануға жол берілмейді;

2) сақтандырғыштар, сөндіргіштер мен айырғыштар ғимарат сыртына орналастырылады;

3) электр шамдарының арматурасы оңашаланған;

4) тек орталық бумен немесе сумен жылытуға жол беріледі;

5) жеткілікті табиғи желдетумен жабдықтаулы керек немесе дабыл беруге (жарық немесе дыбыстық) сәйкес келетін 23 % дейін оттегі концентрациясының артуын жазатын оттегіне газоанализатор орнатылған;

6) ғимараттар мен алаңдарда темекі тартуға және от жағуға жол берілмейді;

7) ғимаратқа кіре берісте жермен тұйықталған мыс табақшалары төселген, есіктер тұтқалары кіретіндерден статикалық электрді алып тастау үшін жермен тұйықталған;

8) көрнекті орында «Абайлаңыздар. Оттегі!», «Темекі тартуға болмайды» деген жазулар бар плакаттар ілінген;

9) ғимарат ішінде өрт сөндіргіштер, кіре берісте құмы бар жәшік және өртке қарсы жабдықтары бар тақта бар.

54. Егер сұйық оттегін құйғаннан кейін сырқы бөлігінің қатып қалуы жүрсе, мұндай ыдысты эксплуатациялауға жол берілмейді.

55. Сұйық оттегінің құбырлы өткізгіштері, құрал-жабдықтары және резервуарларындағы сақтандыру клапандары, сөндіру құрылғылары жарамсыз болса, сонымен қатар, олар болмаған кезде эксплуатациялауға жол берілмейді.

56. Әуелде басқа сұйылтылған газдар үшін пайдаланылған құрал-жабдықты (майысқақ түтік, редукторлар және сол сияқтылар) сұйық оттегі үшін пайдалануға жол берілмейді.

57. Оттегі ыдыстарында жұмыстар жүргізу кезінде ұшқынның түзілуіне жол бермейтін материалдардан (жез, қола, тағы сол сияқты) жасалған құралдар мен саты қолданылады.

58. Құрал-жабдықпен жұмыс істеу кезінде сұйық оттегімен жанасуы мүмкін жылудан оқшауланған материалдар күші бар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келеді.

59. Сұйық оттегімен жұмыс жеңнің астына еркін киілетін брезент, шұғалы немесе теріден жасалған қолғапшамен және жарық сүзгісі мен бүйір қалқаны бар сақтандыру көзілдіріктерімен жүргізіледі. Сырт киім толығымен тұмшаланған, ал шалбар аяқ киімді жауып тұрады.

60. Сұйық оттегімен жұмыс жүргізгенде пайдаланылған киім 20-30 минут бойына желдетіледі. Бұл кезеңде темекі тартуға, сіріңке жағуға, ашық отқа жақын жерде болуға жол берілмейді.


6-тарау. Құрал-жабдықты жөндеу


61. Құрал-жабдықты жөндеу ұйымның техникалық басшысымен бекітілген графикте қаралған мерзімде жүргізіледі.

62. Құрал-жабдықты күрделі және ағымдағы жөндеу әзірленген және бекітілген жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі (ЖҰТ) бойынша жүргізіледі. ЖҰТ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар және орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалар көрсетіледі.

63. Крандарды жөндеу алаңдары жөнделетін кранның қажетті тораптарын және бөлшектерін көтеру және түсіруді қамтамасыз ететін көтеру құрылғыларымен жабдықталған.

64. Газ реттеу пункті (ГРП) және газ реттеу қондырғысы (ГРҚ) құрал-жабдығы кестемен қаралған мерзімде жоспарлы-сақтандыру тексерулер мен жөндеуден өткізіледі. Бұл кезде кем дегенде жылына бір рет барлық құрал-жабдықты бөлшектеумен тексеру қаралады. Сақтандыру және лақтыру клапандарын тексеру, реттеу кем дегенде екі айда бір рет жүргізіледі.

65. Цех ішілік газ өткізгіштерін ұйымның техникалық басшысымен бекітілген жоспарлы-сақтандыру жұмыстары кестесі бойынша техникалық күйіне байланысты жөндейді. Байқалған газдың ағуын тез арада қалпына келтіреді. Цехтар ғимараттарында құбырлы өткізгіштер ашық төселеді.

66. Оттегін өткізгіштер, арматураны жөндеу, фланецті қосылыстарды тарту және тағы сол сияқтылар қысымды алып тастағаннан кейін жүргізіледі.

67. Адамдар болуы мүмкін орындарда оттегін өткізгіш немесе оттегі құрал-жабдықтарын жөндеу жүргізген кезде оттегінің мөлшері 23 ℅ артық емес.

68. Оттегі ортасында жұмыс істейтін құрал-жабдық пен аппаратура тораптарына жөндеу және бөлшектеуді арнайы майдан арылтылған сайманмен, майы жоқ киіммен және май жұқпаған қолмен жүргізеді.

69. Сұйық оттегі бар аппараттар, ыдыстар, аспаптар мен коммуникацияларды жөндеу тек қалыпты температураға дейін қыздырғаннан кейін және ондағы газ тәрізді оттегін ауамен үрлеп жойғаннан кейін жүргізіледі.

70. Биіктегі жөндеу жұмыстары өндірісі кезінде жұмыс орындарына аспалы алаңдар мен люлкалар, ағаш құрылғылары жолымен еркін жету қамтамасыз етіледі.

Ағаштар, сатылар, аспалы алаңдар мен люлкалар оларды жарақтағаннан кейін арнайы тағайындалған тұлғамен акт толтырумен қабылданады.

Сақтандыру белдіктерін қолданумен биікте жұмыстар орындау кезінде белдікте карабиннің көмегімен бекіту орны наряд-шақтамада көрсетіледі.

71. Газбен кесу аппаратурасы профилактика және қалпына келтіру жөндеуі, сонымен қатар оны жөндегеннен кейін тексеру және сынау орталықтандырылған тәртіпте жүргізіледі.

72. Қайшыларды жөндеу және реттеу сақтандыру бекіткіштеріне орнатылған кескіш пен қысқыш механизмдерінің көтерілген ползундарында жүргізіледі. Қайшыларды ауыстыру және реттеу кезінде, қысқыш астындағы плитаны алмастыру кезінде қайшылар конструкциясында қаралған көтерілген күйде ползундардың арнайы бекіткіштерін пайдаланады.

  1   2   3

Похожие:

Қара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconҚара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарына
Екі данада жасалады. Бір данасы жөнелтпе құжатпен қабылдаушыға, ал екіншісі жөнелтушіде қалады
Қара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconАлюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпалар өндірісін жобалауға,...
Қара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы ашық тау-кен жұмыстары объектілерін...
Қара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconӨнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік Талаптар болатты балқыту цехтарын жобалау, салу, қайта салу, пайдалану, оларға жабдықтарды жобалау және...
Қара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconГаздарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Талаптар газөңдеу мен гелий өндірістеріне, табиғи және мұнай газдарын өңдеу қондырғыларына, күкірт өндірісіне, газ конденсатын...
Қара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары icon1-тарау. Жалпы талаптар
Бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Қара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconМұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің Талаптары...
Қара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПлавикалық қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік Талабы концентрациясы 70 аспайтын фторлы алюминий және жасанды криолитті (әрі қарай-плавикалық қышқылды...
Қара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconЛак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Технологиялық процессті өңдеу, оның аппаратты ресімделуі, сөндіргіш құрылғылардың түрін таңдау мен оларды орналастыру орындары, бақылау...
Қара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconФосфор және оның бейорганикалық қосындыларын өндіруге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница