1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты




Скачать 429.44 Kb.
Название1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты
страница1/3
Дата конвертации13.02.2016
Размер429.44 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/121171.doc
  1   2   3

Оқу жұмыс бағдарламасы

титулдық парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30





Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Химия және химиялық технологиялар кафедрасы


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Бейорганикалық химия пәнінен

5В012000 - Кәсіптік білім

мамандығының студенттеріне арналған.


Павлодар

Мамандықтың бойынша элективтік пәндер каталогы негізінде әзірленген пәнінің

оқу жұмыс бағдарламасының бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/34




БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_____________Пфейфер Н.Э.

201_ж. «___» _________­­­­­­___


Құрастырушы: аға оқытушы_______________________Оралтаева А.С.


Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

Бейорганикалық химия пәні бойынша


5В012000- Кәсіптік білім мамандығының студенттеріне арналған


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Оқу жұмыс бағдарламасы жұмыстың оқу жоспары және мамандықтың элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген 5В012000 -Кәсіптік білім,

С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің Ғылыми кеңесінің отырысында бекітілген. 201__ж. "___" ________№ __ хаттама.


Кафедра отырысында ұсынылған «___» _________ 201_ж. хаттама № __


Кафедра меңгерушісі _______ Жапаргазинова К.Х. «___» _________ 201_ж.


ХТжЖ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

«___» _____________201_ж. хаттама № __


ОӘК төрағасы _________ Нургожин Р.Ж. «___» _____________201_ж


КЕЛІСІЛДІ

ХТжЖ деканы _____________ Ахметов К.К.«____» ____________201_ж.


ЖжӘҚБ ҚҰПТАЛДЫ

ЖжӘҚБ бастығы_____________Варакута А.А. «____» ______201_ж.


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

«____» ______201_ж. хаттама № ___


1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәнінің негізгі мақсаты: студенттердің диалектикалық- материалистік көзқарасын қалыптастырудың тәрбиелік және даму деңгейін шындау оның химиялық ойлау қабілетін арттыру, нақты іс жұзінде химияның заңдарын қолдану жолдарымен және қазіргі техникадағы қолданылатын процестермен байланыстыру, сондай-ақ, студенттерді техникалық материалдардың қасиеттерімен таңыстыру мен тығыз байланыстыруы.

Пәннің оқытудың негізгі міндеттері: студенттермен қазіргі заманғы химиялық ғылымдарға қол жеткізу және білімнің дамуы мен химиядан алған білімдерін өздерінің кәсіптік іс-әрекеттерінде қолдану мүмкіндіктері;

Білу керек: негізгі анықтамалар мен химия заңдары, органикалық емес біріктірулер заңдары, атомдардың құрылысы мен химиялық элементтердің системалары, химиялық процестердің жалпы заңдылықтары, химиялық термодинамика, химиялық кинетика, химиялық тепе-теңдік, негізгі түсініктер мен заңдар, тотығу-тотықсыздану реакциялар, электрхимиялық процестер ;

Істеп білу керек: теориялық және есептік сипаттамалардағы химиялық есептерді шешу; арнайы және анықтамалық әдебиеттерді қолдану; техниканы меңгеру және алынған эксперименттер негізінде химиялық есептемелер жасау.


3 Пәннің мазмұны


3.1 Пәннің тақырыптық жоспары




Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Тәж

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Кіріспе.

2

1

5

2

Атом-молекулалық ілімнің негіздері

2

1

3

3

Атом құрылысы және периодтық заң

2

2

5

4

Химиялық байланыс

2

0,5

3

5

Вернердің координациялық теориясы және комплекс

ті қосылыстардың құрылысы туралы қазіргі көзқарастар

2

1



5

6

Химиялық процестердің энергетикасы. Химиялық термодинамика.

4

2

5

7

Химиялық кинетика

2

1

5

8

Ерітінділердің жалпы қасиеттері

2

2

5

9

Электролит ерітінділеріндегі реакциялар

2

1

5

10

Сулы ерітінділердегі тотығу-тотықсыздану реакциялары

2

2

5

11

Электрохимиялық процестер

4

0,5

3

12

Металдардың коррозиясы және одан қорғау әдістері

1

0,5

5

13

Металдар химиясы

1

-

5

14

Су және отын химиясы. Қоршаған ортаны қорғау

1

0,5

5

БАРЛЫҒЫ:

15

15


60



2 Пререквизиттер:

Бейорганикалық химияны ойдағыдай меңгеру үшін студенттер

-жалпы толық физика курсын (әсіресе атом құрылысы, электр құрылыстары, молекулалық физика, кванттық физика түсініктері),

- математика,

- химия ( мектептегі зерттеген курсын ) жете білу қажет.

3 Постреквизиттер

- Салалық материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы

- Материалдарды өндеу технологиясы (профиль бойынша )

- Құрылыс материалдары

4 Пәннің тақырыптық мазмұны

Тақырып 1. Кіріспе

Химия ғылымы. Материя және қозғалыс туралы түсінік.Химияның жаратылыстану ғылымдарының жүйесіндегі орны.Өнеркәсіптік өндірісті химияландыру. Химияның табиғаттану мен техника дамуындағы маңызы, оның жылуэнергетика саласында қолданылуы.

Тақырып 2. Атом- молекулалық ілімінің негіздері.

Химияның негізгі түсініктері: атом, молекула, жай зат, химиялық қосылыс.Химиялық элемент. Изотоптар. Атомдық және элементтік массалар.Молекулалық масса. Моль, молярлық масса. Атом- молекулалық ілімнің негізгі заңдары. Заттар массасының сақталу заңы, еселі қатынастар заңы, құрам тұрактылық заңы, көлемдік қатынастар заңы, Авогадро заңы.

Құрамы тұрақты және ауыспалы қосылыстар.

Химиялық жүйе туралы ұғым және оның сипаттап жазу әдістері.Фаза, компонент. Гомогенді және гетерогенді жүйелер.

Газ жүйелері. Газ заңдары.Идеалды газ. Газ тұрақтысы. Менделеев-Клапейрон теңдеуі.Қоспадағы газдың парциалды қысымы. Газдардың салыстырмалы тығыздығы.

Сұйық жүйелер. Ерітінділер.Ерітіндідегі зат күйі. Қатты жүйелер. Кристалдар, аморфты денелер және шынылар.Кристалдық тор туралы ұғым. Қатты ерітінділер. Бейстехиометриялық қосылыстар

Тақырып 3. Атом құрылысы және периодтық заң

Атом құрылысының қазіргі теориясының эксперименталдік негізі. Ядро және электрон қауызы. Атомның планетарлық моделі және Бор постулаттары

Моделдің қарама қайшылықтары. Микробөлшектер табиғаттарындағы дуализм. Элементарлы бөлшектің толқындық табиғаты. Де Бройль теңдеуі, Гейзенбергтің анықталмағыштық принципі.

Сутек атомы. Атомның квант-механикалық моделі. Бірэлектронды атом Шредингердің толкындық теңдеуі.Кванттық сандар, олардың өзгеру шектері.Толқындық функция және атомдағы электрондық тығыздық, s, p, d, f

атомдық орбиталдар түрлері.Көпэлектронды атом. Электронаралық тебіліс және оны есепке алу. Жеке электронға әсер ететін эффективті заряды. Атомдардың электрон қаыузын толтыру. Паули принципі. Хунд ережесі. Клечковский ережесі.

Электрон қаыузының құрылысының периодтылығы. Электрондардың орбиталді энергиялары. Иондану потенциалдары және периодтық жүйедегі элементтердің орналасуына байланысты атомдардың электрон тартқыштығы.

Элементтердің электротерістігі.

Периодтық заңның мазмұны.Периодтық заңның қазіргі интерпретациясы.

Периодтық кестенің варианттары.Толық және толық емес электрондық

аналогтар. Периодтық жүйедегі элементтердің маңызды қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеруі.

Тақырып 4. Химиялық байланыс.

Атомдардың әрекеттесуі. Химиялық байланыстар түзілуінің себептері.

Химиялық байланыстар табиғаты. Сутек молекуласы және оны сипаттап жазу әдістері. Валенттік байланыс (ВБ) және молекулалық орбиталдар (МО) әдістері.Атомдық орбиталдардың бүркесу қөабілеттіліктері және σ-, π- байланыстар. Байланыс реті. Химиялық байланыстар сипаттамалары – энергиясы, ұзындығы. ВБ әдісі және орбиталдардың гибридтенуі. Атомның валенттік күйі.

Көпатомды молекулалардағы коваленттік байланыс. Донорлы- акцепторлы әрекеттесу. Химиялық коваленттік байланыстың бағытталуы және қанымдылығы. Валенттік қауыздағы электрон жұптарының тебісу теориясы және молекулалардың кеңістіктегі құрылысы.

Химиялық байланыс және кристалдар типтері. Металдар,шалаөткізгіштер және диэлектриктердегі байланыс. Кристалдық торлардың ақаулары. Қатты ерітінділер.

Иондық байланыс. Кристалдық тордағы иондардың әрекеттесуі.

Металдық байланыс.

Сутектік байланыс. Молекулааралық әрекеттесу. Ван-дер-Ваальс күштері. Дисперсиялық, диполь-дипольді және молекулааралық әрекеттесулің басқа да түрлері.

Тақырып 5. Вернердің координациялық теориясы және комплексті қосылыстардың құрылысы туралы қазіргі көзқарас.

Вернердің координациялық теориясының негізгі қағидалары. Комплексті қосылыстардың құрылымы. Негізгі түсініктер; орталық ион, лиганд, комплексті бөлшек, сыртқы сфералық ион, координациялық сан, дентаттылық. Комплексті қосылыстардың классификациясы және номенклатурасы. Комплексті қосылыстардың түзілуінің донорлы-акцепторлы механизмі. Комплексті қосылыстардың сулы ерітінділеріндегі диссоциациясы. Комплексті қосылыстардың тұрақсыздық және тұрақтылық константалары. Комплексті қосылыстар изомериясы. Комплексті қосылыстардың табиғатта және техникадағы маңызы.

Тақырып 6. Химиялық процестердің энергетикасы. Химиялық термодинамика.

Химиялық реакциялардың энергетикалық сипаттамалары. Интенсивтік және экстенсивтік параметрлер. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Химиялық процестердегі энергияның және жұмыстың айналуы. Термохимия. Энтальпия туралы ұғым. Эндо- экзотермиялық реакциялар. Гесс заңы. Стандартты күй және зат түзілуінің стандартты энтальпиясы. Реакциялардың жылу эффектілерін есептеу.

Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия туралы ұғым. Фазалы және химиялық айналулар кезіндегі энтропияның өзгеруі. Реакциялардың

өздігінен жұру мүмкіншілігіне сипаттама тәрізді тұйықталған жүйедегі энтропияның максимумге ұмтылуы. Химиялық реакциялардағы энтропия өзгерісінің таңбасын бағалау. Гиббс энергиясы. Жабык жүйелердегі процестің өздігінен жүру мүмкіншілігінің термодинамикалық критериі ретіндегі Гиббс энергиясының азаюы. Реакциядағы Гиббс энергиясының стандартты өзгеруі. Гиббс энергиясының өзгеруінің температураға, қысымға және әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі.

Тақырып 7. Химиялық кинетика.

Кинетика және химиялық реакциялардың механизмі. Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оған әсер ететін факторлар. Реакцияның жылдамдығына реагенттер концентрацияларының әсері. Реакцияның кинетикалық теңдеуі. Реакция реттілігі. Вант-Гофф ережесі. Реакция жылдамдығының тұрақтысы және оның температураға тәуелділігі Активтену энергиясы. Аррениус теңдеуі. Реакцияның энергетикалық диаграммасы. Реакция механизмі туралы ұғым. Реакцияның молекулалығы. Катализ және катализаторлар. Гомогенді және гетерогенді катализ. Ингибиторлар.

Химиялық тепе-теңдік. Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар. Химиялық тепе-теңдікті сипаттаудағы кинетикалық және термодинамикалық тәсілдер. Химиялық тепе-теңдіктің тұрақтысы және оны өрнектеудің тәсілдері. Химиялық тепе-теңдіктің тұрақтысының Гиббс энергиясының стандартты өзгеруімен байланысы. Химиялық тепе-теңдіктің жағдайлардың өзгеруіне орай ығысуы. Ле-Шателье принципі.

Тақырып 8. Ерітінділердің жалпы қасиеттері.

Гомогенді көпкомпоненті жүйелер –ерітінділер.Сұйық ерітінділер. Еріткіш және еритін зат. Ерігіштік. Еру жылуы. Ерітінділердің

концентрациясын көрсету жолдары. Қаныққан, қанықпаған, аса қаныққан, сұйытылған және концентрлі ерітінділер. Сольватация, гидратация. Идеалды ерітінді туралы ұғым.

Ерітінді үстіндегі қысым және бу құрамы. Генри, Дальтон, Сеченов заңдары. Ерітінділердің коллигативті қасиеттері. Рауль заңы. Осмос және осмостық қысым. Вант-Гофф теңдеуі. Ерітінділердің кристалдануы және қайнауы. Криоскопия және эбуллиоскопия. Изотондық коэффициент. Еріген зат пен ерітіндінің әрекеттесуі.

Тақырып 9. Электролит ерітінділеріндегі реакциялар.

Судың электролиттік диссоциациясы. Судың иондық көбейтіндісі, сутектік көрсеткіш. Электролиттің диссоциациялану дәрежесі мен тұрақтысы. Оствальдтың сұйылту заңы. Ерітінділердің активтілігі және иондық күші туралы ұғым. Электролит ерітінділерінің жылуэнергетикада қолданылуы.

Ерігіштік. Ерігіштік көбейтіндісі. Тұнбасы бар ерітіндідегі иондар тепе-теңдігі.

Қышқылдар және негіздер. Қышқылдар мен негіздер теориясы. Қышқылдық-негіздік әрекеттесудегі еріткіштің ролі.

Тұздардың гидролизі. Гидролиздену тұрақтысы мен дәрежесі. Гидролиздің сатылану сипаты. Қайтымды және қайтымсыз гидролиз.

Тақырып 10. Сулы ерітінділердегі тотығу-тотықсыздану реакциялары.

Электрондарды тасымалдау реакциялары ретінде тотығу-тотықсыздану процестері. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері; өзіндік (диспропорционирлеу), молекулааралық және молекула ішіндегі реакциялар.Тотықтырғыштар және тотықсыздандырғыштар. Судың тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы. Сулы ерітінділерде жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құрастыру. Иондық-молекулалық теңдеулерін құрастыру. Иондық-молекулалық жарты реакция әдісі.

Тақырып 11. Электрохимиялық процестер.

Электрохимиялық процестердің жіктелуі. Металдардың электродтық потенциалдары. Гальваникалық элемент. Концентрациялық элемент. Электрқозғауш күші (ЭҚК) және оны өлшеу. Газ электродтары. Сутектік электрод және потенциалдарды есептеудің сутекті нолі. Сутектік және оттектік электродтарының потенциалдарын есептейтін Нернст теңдеуі. Стандартты жағдайлар және жарты реакцияның стандартты потенциалы. Стандартты тотықсыздану потенциалдарының кестелері. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жүру мүмкіншіліктерінің бағалау үшін кестедегі мәліметтерді пайдалану. Ерітінділердегі тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігі.Тотығу-тотықсыздану потенциалын есептейтін Нернст теңдеуі.Тотықсыздану потенциалының шамасына рН-тың әсері. Концентрациялық және электрохимиялық поляризация.

Электролит ерітінділерінің және балқымаларының электролизі.Еритін және ерімейтін анодтармен жүретін электролиз. Фарадей заңдары. Ток бойынша шығым. Электродтық реакциялардың кинетикасы.

Тақырып 12. Металдардың коррозиясы және одан қорғау әдістері.

Коррозионды процестердің анықтамасы және жіктелуі. Химиялық және электрохимиялық коррозияның механизмі, термодинамикасы және кинетикасы. Қаңғыма тоқтарының әсерінең жүретін коррозия. Коррозиядан қорғайтын әдістер: легирлеу, электрохимиялық қорғау, қорғаныш қаптамалар (металдардан және бейметалдардан),коррозиялық ортанын қасиеттерінің өзгеруі, қаңғыма тоқтармен жүретін коррозиядан қорғау. Коррозия ингибиторлары

Тақырып 13. Металдар химиясы

Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінде орналасуына орай металдар қасиеттерінің өзгеру тәуелділігі, р-және ауыспалы d-металдардың қасиеттері.

Темір үштігіндегі элементтер химиясы, олардың құймалары және химиялық қосылыстары. Платиналық металдардың химиясы. Металдарды алудың негізгі әдістері. Металдар құймалары мен композиттер. Интерметалдық қосылыстар мен металдардың қатты ерітінділері.

Тақырып 14. Су және отын химиясы. Қоршаған ортаны қорғау

Су молекуласының электрондық құрылысы мен құрылымы.Сұйық және қатты судың құрылымы, сутектік байланыстары. Су күйінің диаграммасы. Судың физикалық және химиядық қасиеттері. Табиғи және ағынды сулардың сипаттамасы, олардың құрамы. Судың кермектілігі, оңы жұмсарту, тұзсыздандыру және зарарлансыздыру әдістері.Отынның жіктелуі. Отынның қайта өндеу және жану өнімдері.

Химия және экология. Қоршаған ортаның ластануы. Экологиялық

проблемаларды шешудегі химияның ролі. Су және ауа бассейиндерін ластаудан қорғау.






4.3 Зертханалық сабақтардың мазмұны



Тақырыптар атаулары

Зертханалық жұмыстың атауы

Мазмұны

Әдебиет

1

2

3

4




1.1

Кіріспе.


Лабораториялық жұмыстарды дайындау реті. Химиялық лабораториядағы қаупсыздық техникасының ережелері.

Химиялық зертханада жұмыс істеу ерекшеліктері. Негізгі аспаптармен танысу

[4], 3-5 бет.

1.2

Атом – молекулалық ілімінің негіздері



Мырыштың молярлі эквиваленттік массасын анықтау.

Қышқыл ерітіндісінен сутегіні ығыстыру арқылы әдісімен, металдардың эквиваленттік массасын анықтау тәсілін оқып үйрену.

[4], 6 бет.


1.3

Атом құрылысы және периодтық заң



Периодтық жүйедегі элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерінің өзгеруі.


Элементтер және олардың оксидтері мен гидроксидтер қасиеттерінің период пен топ бойынша өзгеруін оқып үйрену.

[4],10-14 бет.

1.6

Химиялық процестердің энергетикасы.

Химиялық термодинамика.

Бейтараптау реакцияның жылу эффектісін анықтау

Калориметриялық өлшеу әдісімен танысу, Н2SO4 сілтімен бейтараптану реакциясының жылу эффектісін анықтау және титриметриялық есептеулер жүргізу.

[4], 14-19 бет.


1.7

Химиялық кинетика

Химиялық реакцияның жылдамдығы және химиялық тепе-теңдік.


Реакция жылдамдығына реакцияласушы заттардың концентрациялары мен температураның әсерін зерттеу,біріккен тепе-теңдіктің ығысу жағдайларымен танысу.

[4], 19-24бет.

1.9

Электролит ерітінділеріндегі реакциялар

Электролиттік диссоциация және иондық процестер.

Тұздардың гидролизі.


Әлсіз электролиттердің қасиеттерін зерттеп, диссоциациялану процесінің ерекшеліктерімен танысу,ион алмастыру реакциясының теңдеулер құрамын меңгеру


[4], 29-32 бет.


1.10

Сулы ерітінділердегі тотығу-тотықсыздану реакциялары.


Тотығу-тотықсыздану реакциялар.ТТР ортанын әсері.


Кең таралған тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштардың қасиеттерін білу, ТТР теңдеулерін құрастыруын үйрену.

[4],

26-29 бет.

1.11

Электрохимиялық процестер


Тұздар электролизі.


Электролиттердің сулы ерітіндегі электролиз заңдылықтарын зЕритін және ерімейтін анодтармен электролиз жүргізу. Электродтық реакциялардың кинетикасың зерттеу.

[4], 29-32 бет

1.12

Металдардың коррозиясы және одан қорғау.

Металдар коррозиясы

Химиялық және электрохимиялық коррозияның механизмін зерттеу.

[4]

35-38 бет




4.3 Тәжірибелік жұмыстардың мазмұны






Тақырыптар атаулары

Мазмұны

Әдебиет




1

2

3

4




Тақырып 1.

Кіріспе

Атомдық және молекулалық массаларды анықтау

Есептеу әдістерімен танысу, дәптерге қажетті формулаларды жазу, әдістемелік нұсқауларда берілген химияның негізгі заңдарына есептерді шығару



[1], 17-19 бет; [6], 10-24 бет






Тақырып 2.

Атом – молекулалық ілімінің негіздері


Атомдық және молекулалық массаларды анықтау. Зат массасының сақталу заңы. Құрам тұрақтылық заңы. Еселік қатынас заңы. Эквиваленттер заңы. Авогадро заңы.

Есептеу әдістерімен танысу, дәптерге қажетті формулаларды жазу, әдістемелік нұсқауларда берілген химияның негізгі заңдарына есептерді шығару


[1], 20-25 бет;




Тақырып 3.

Атом құрылысы және периодтық заң



Есептеу әдістерімен танысу, дәптерге қажетті формулаларды жазу, әдістемелік нұсқауларда берілген химияның негізгі заңдарына есептерді шығару



[1], 20-29 бет; [6], 10-24 бет





Тақырып 4.


Химиялық байланыс


Химиялық байланыстың түрлері.

Есеп шығару жолдарымен танысу, дәптерге қажетті формулаларды жазу,




[1],40-42 бет; [6], 10-15 бет.





Тақырып 5.

Вердердің координациялық теориясы және комплексті қосылыстардың құрылысы туралы қазіргі көзқарастар

Есептеу әдістерімен танысу, дәптерге қажетті формулаларды жазу, әдістемелік нұсқауларда берілген химияның негізгі заңдарына есептерді шығару



[6], 85-90 бет.





Тақырып 6.

Химиялық процестердің энергетикасы.Химиялық термодинамика.

Гесс заңы және оның салдарын зерттеу, дәптерге қажетті формулаларды жазу, химиялық реакциялардың жылу эффектісің анықтау, есеп шығару әдістерімен танысу



[1], 64-66 бет;

[6], 35-41 бет.





Тақырып 7.



Химиялық кинетика.



Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсері, концентрацияның әсері, катализатордың әсері – осы тақырыптарға сай есеп шығару.


[6], 65-73 бет.







Тақырып 8.




Ерітінділердің жалпы қасиеттері




Есеп шығару әдістерімен танысу, ерітінділердің концентрациясын анықтау

дәптерге қажетті химиялық реакциялардың теңдеулерін жазу,

ТТР теңдеулерің дүрыс құрастыру




[6], 73-84 бет.



Тақырып 9.



Электролит ерітінділеріндегі реакциялар.



Тақырып 10.

Сулы ерітінділердегі тотығу-тотықсыздану

реакциялары



Тақырып 11.

Электрохимиялық процестер

Есеп шығару әдістерімен танысу,



[6], 85-90 бет

Тақырып 12.

Металдардың коррозиясы және одан қорғау

Есеп шығару әдістерімен танысу,



[6], 95 бет




Тақырып 14.

Су және отын химиясы. Қоршаған ортаны қорғау.

Есеп шығару әдістерімен танысу,



[5], 148- 155 бет







4.4 СӨЖ МАЗМҰНЫ



СӨЖ түрі

Бақылау формасы

Бақылау түрі

Сағат саны

1

2

3

4

5

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері

Дәріс материалдары бойынша ауызша сұрау

7,5

2



Тәжірибелік жұмыстарға дайындалу,үй жұмысын орындау.




Жұмыс дәптері




Сабақта жұмыс істеу,үй жұмысының тақырыптарын сұрау


7,5



3

Үй жұмысың орындау

Жұмыс дәптері



үй жұмысының тақырыптарын сұрау



10



3




Зертханалық жұмыстарға дайындалу


Дәптерге конспект жазу


Зертханалық жұмыс бойынша сұрау


4





4


Есеп беруді құрастыру және зертханалық жұмысты қорғау


Жұмыс дәптері


Зертханалық жұмыс бойынша сұрау





6

5

Аудиториялық сабақтарға кірмеген курстың қосымша материалдарын оқу

Дәптерге конспект жазу

Ауызша тексеру

15

6

Аралық бақылауға дайындалу

Жауап парағы

Бақылау жұмысы

10

БАРЛЫҒЫ:

60



4.5.1 Студенттердің өз бетінше оқып-игеруге арналған тақырыптар:

1. Химияның дамуы. Химияның табиғаттану мен техника дамуындағы маңызы, оның жылуэнергетика саласында қолданылуы Ұсынылатын әдебиеттер: [2], 4-18 бет 2. Атом-молекула теориясы. Атом және молекула жайындағы түсініктің басталуы. Химияның алғашқы заңдары. Ұсынылатын әдебиеттер: [2], 18-37бет.

3. Атомның электрондық құрылымының күрделілігі. Нильс Бор теориясы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], 59- 69 бет, [1], 25-31бет.

Атом құрылысы және периодтық заң.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], 31-40 бет.

4. Химиялық байланыстар және молекулалар құрылысы.

Кванттық теория тұрғысынан қарағандағы химиялық байланыс.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], 41-46 бет,[2],109-152 бет.

6. Химиялық реакциялар жүруінің жалпы заңдылықтары.Химиялық реакциялар кезінде байкалатын энергия құбылыстары. Активтендіру энергия. Ұсынылатын әдебиеттер: [1], 54-61бет, [2], 167-176 бет.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], 98-112бет, [2],215-224 бет.

8. Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары.Әлсіз және күшті электролиттер. Электролит ерітінділеріндегі иондық реакциялар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1],84-91 бет.

10. Тұздардың гидролизі.

Ұсынылатын әдебиеттер:[2], 294-298 бет.

12. Электролиз. Гальвани элементтер.

Ұсылынатын әдебиеттер: [1], 92-97 бет,[2],299-310 бет.

13. Металдар кұймалары мен композиттер, Интерметалдық қосылыстар.

Ұсылынатын әдебиеттер: [8], 139-147 бет.






Мамандықтың жұмыс

бабындағы оқу жоспарынан үзінді көшірме





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32




Мамандықтың жұмыс бабындағы оқу жоспарынан үзінді көшірме

5В012000- Кәсіптік білім мамандыққа арналған


Пәннің атауы – Бейорганикалық химия


Оқу формасы

Курс және семестр (сағаттарды) бойынша сагаттарды бөлу

Бақылау формасы

Семе-стр

Білім алушының жұмыс көлемі сағатпен

кредит

саны

академ. сағат

кредит

аудиториялық сабақтар

(акад. сағат)

СӨЖ (акад.сағат)


барл.


ауд


СӨЖ


емт



сын.


КЖ


КЖ

барл.

дәр

тәж.

зерт.

барл

СӨЖО

Күндізгі ЖОБ негізінде

2010түсү жылы

2

90

30

60

4

-


-

-



4



2

90



15

15

-

60

60
  1   2   3

Похожие:

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты icon1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Аналитикалық химия пәннің негізгі мақсаты
Мамандықтың элективтік пәндер каталогы негізінде дайындалған пәнінің жұмыс бағдарламасының бекіту беті
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты iconПәннің мақсаты мен міндеттері: Химия пәннің негізгі мақсаты
Мамандықтың жұмыс оқу жоспарының негізінде дайындалған,пәнінің жұмыс бағдарламасының бекіту беті
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты icon1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты iconФ кгму 4/3-03/02 пп кгму 4/02
Мақсаты: Қиял. Сөйлеу мақсаты мен міндеттері, негізгі қағидалары мен категориялары туралы түсіснікті оқып білу. Қиял. Сөйлеудің негізгі...
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты icon1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, оқу процесінде оның орны

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты icon1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу үрдісінде алатын орны

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты iconУчебник «Социальная гигиена и организация здравоохранения»
Дәрістің мақсаты: студенттерді пәннің негізгі түсініктерімен таныстыру, пәннің әдістемесін анықтау, зерттеу әдістері, пәннің қысқаша...
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты iconПӘннің мақсаты және міндеттері, ОҚу процессіндегі орны
«Қазақ шежіресі» курсының мақсаты болып табылады. Ұлы, Орта, Кіші жүздердің тайпалары және этнографикалық топтар: төрелер, қожалар,...
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты iconМарат Оспанов атындаағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина униврситеті Мамандығы: Жалпы медицина
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталады: Зерттеудің мақсаты медициналық ғылым мен денсаулық сақтаудағы тәжірибеде өзекті болуы...
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнінің негізгі мақсаты iconБағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушыларға электронды кестелерді пайдалану мүмкіндігі мен пайдасын, Microsoft Excel бағдарламасымен жұмыстың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница