Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011




Скачать 100.98 Kb.
НазваниеЛ. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
Дата конвертации13.02.2016
Размер100.98 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/964/Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қ

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы № 5 (84) 2011





З.Ш. АЙТУҒАНОВА


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


This article is about providing the matters of product security in Kazakhstan. The volotility of prises in

the product market is described. The directs of security providing of products are described in this article.


Азық-түлік қауіпсіздігі - барлық адамның әр уақытта физикалық және экономикалық тұрғыдан қауіпсіз азықпен қамтамасыз етілуі. Ол аграрлық және экономикалық саясаттың басты мақсаты болып табылады.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің 2009 жылы халыққа арнаған Жолдауында мемлекетіміздің келешек дамуындағы ауыл шаруашылығының маңыздылығын атай отырып, осы салада «азық- түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету – мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады»деп көрсеткен болатын. Аталған міндеттердің орындалуы қызметтер рыногын қалыптастыру арқылы аграрлық секторды материалдық-техникалық қамтамасыз етумен тығыз байланысты [1].

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін жоғалту қаупінің болуы төмендегілерді тудырады:

- импорттан, яғни әлемдік аренадағы экономикалық және саяси конъюнктурадан халықты азық- түлікпен қамтамасыз етудің тәуелділігі;

- тамақ өнімдерінде денсаулық үшін түрлі зиянды микроэлементтердің болуынан өнім сапасының төмендеуі.

Азық-түлік мәселесі туындаған елде саяси-әлеуметтік тұрақтылық орнамайды. Бүкіләлемдік банктің есебінше, тұрақсыздық, инфляцияның шарықтауы, азық-түліктің қымбаттауы секілді қиындықтарға душар болып отырған 33 ел бар. Мәселен, 2008 жылы жаһандық дағдарысқа байланысты тамақ өнімдерінің қымбаттауына сәйкес бірқатар елдерде толқулар көрініс берді. Рим декларациясында көрсетілгендей, кез келген мемлекетте әрбір адамның денсаулығы үшін қауіпсіз және толыққанды азықты тұтыну құқығын қорғау міндеттеледі.

КСРО-дан мұра болып қалған өндіріс пен азық-түлікке қажеттіліктің сәйкессіздігінен, Қазақстан азык-түлік импортында жоғары деңгейде тәуелді болу мәселесіне жолықты. Азық-түлік қауіпсіздігі деп белсенді салауатты өмір үшін кажетті көлемде азық-түлікпен кез келген уақытта барлық тұрғындарды қамтамасыз етуді кепілдендіретін экономиканың жағдайын айтамыз.

Азық-түлік қауіпсіздігі экономикалық қауіпсіздіктің кұрамдас бөлігі болып табылады, ол экономикалық қауіпсіздіктің шектерімен белгіленбейді және ұлттық қауіпсіздіктің әскери, экологиялық, саяси түрлерінің аспектілерімен тығыз байланыста болады. Саяси қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі туралы айтатын болсақ, саяси жүйенің ішкі тұрақтылығын анықтауда «нан табу» факторы негізгі болып табылады. Көбінде бұл посткеңестік кеңістіктің жағдайына сәйкес келеді.

Батыс политологы Ежи Вятрдың «дүкендері тауарлармен толтырылмайтын демократия тұрғысында пессимистік бағытталған адамдар» деп пайымдауынан көп нәрсені түсінуге болады. Азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын шешудің басты міндеттері - тамақ өнімдерімен жеткілікті қамтамасыз етілу үшін жағдай жасау; олардың импорты үшін сатып алатын ақша құралдарының болуы болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірушілер ретіндегі ішкі қатерлерге төмендегілер жатады:

- егін алқаптарының қысқаруы және астық жинаудың төмендеуі;

- ауыл шаруашылық малдарының қысқаруы;

- ауыл шаруашылық өнімін сақтау және өңдеу салаларының дамымағандығы;

- ауыл шаруашылық өндірушілеріне несиелеудің тиімді механизмінің болмауы;

- жер ресурстарының тозуы, топырақтың құнарлығының төмендеуі және тұздануы;

- импорттық азық-түлік пен ауылшаруашылық технологияларына тәуелділіктің өсуі;

- табиғи апаттарға: жер сілкінісі, қуаңшылық, су тасқыны және т.б. жағдайларға дайындықтың болмауы;

- агроном кадрларды дайындау сапасының төмендігі;

- ауыл жастарының қалаға массалық ағылуы, бұл ауылдың демографиялық дағдарысына алып келеді.

Азық-түлік қауіпсіздігіне қатер ретінде азық-түлік нарығындағы ахуалды нақты тұтынушы үшін ыңғайсыз болатын өзгерістерге әкелетін факторларды есептеуді қарастыруға болады.

Қазақстанда ауылшаруашылық дағдарысы, республиканың тәуелсіз дамуынан басталады. Осы уақытта көптеген батыс сарапшылары, агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымдық дағдарыс кезеңі ауылшаруашылық өндірісінің толық стагнациясына әкелгендігін және оның азық-түлік импортына тәуелділігінің ұлғайғандығын анықтады. Бірақ, аграрлық сферадағы өте төмен өнімділіктің болуы ерекше қауіп төндіреді, ол ауылшарушылығының экстенсивті дамуының салдары болады. Жер қорының дағдарыс процесінде ауылшаруашылық, кәсіпорындардың техникалық қамтамасыз ету деңгейінің төмен болуы басты мәселе болып табылады.

Зерттеуші ғалымдар «егер мемлекет 25 пайыз азық-түлікті сырттан алатын болса, бұл ел азық-түлік қауіпсіздігінен айырылады» деп тұжырымдайды. Ал, Қазақстан жағдайында қарастыратын болсақ, бізде 40 пайызға жуық сүтті, 29 пайыз етті және 43 пайыз көкөністерді сырттан әкеледі. Азық-түлік қоры мол деп есептелетін Ресейдің өзі тамақ өнімдерінің 40 пайызға жуығын шетелден тасымалдайды. Ауылшаруашылығының шикізаттық сипаты азық-түлік қауіпсіздігіне кедергі келтіреді. Елдегі ауылшаруашылық өнімдерінің 80 пайызы шикізат күйінде шығарылады және дайын өнім шығару деңгейі төмен. Әлемдік тәжірибеде азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты көптеген шаралар жүргізіледі және олардың құқығын қорғайтын заңдар қабылданған. Сонымен қатар, дамыған елдерде азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында әр жылда 40 млрд. доллар қаржы бөлінеді.

Мемлекеттің араласу дәрежесі ауылшаруашылық саласының құрылымына және өнімділік деңгейіне байланысты. АҚШ немесе Австралия сияқты елдерде негізгі массаны ірі фермерлік шаруашылықтар құрайды және ауыл шаруашылық өнімінің өндіріс көлемі ішкі тұтыну деңгейінен асып кетеді, мемелекеттің ауыл шаруышылығын дамытуға араласу масштабы үлкен емес.

Скандинавия және Жапония елдерінде ауылшарушылық саясатында мемлекет белсенді рөл атқарады, ұсақ және орта фермерлік шаруашылықтар өте көп, толық азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі әлі де күн тәртібінде тұр.

Қазіргі уақытта баға паритеті және салық салу жүйесі арқылы ауылшарушылығынан ЖІӨ-ң барлығы дерлік алынады, ал ауылшаруашылық өндірушілері қайтарылмаған несие есебінен өз қызметтерін жүзеге асырады. Сонымен бірге, көтерме және сатып алу бағаларының диспаритеті жойылмады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша мемлекетке өткізілген ауылшаруашылық өнімдеріне, өз уақытында төлем төлеу қамтамасыз етілмеді. Ауылшаруашылығына тұрақты түрде мемлекеттік қолдау көрсетілетін елдерде бұл сала мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

Қазақстан ТМД елдері арасында жақын және алыс шетелге астық дәндерінің басты экспортеры болып табылады. Ауылшаруашылық өнімдерінің экспортері позициясын сақтаудың стратегиялык мақсаты Қазақстан үшін анықталған, өйткені бұл тауарға сұраныс өсуде. Қазақстанның Ресеймен қатар, басқа әлемдік астық экспортерлары алдында өз артықшылықтары бар, өйткені ол табиғи климаттық жағдайдың өзгешелігіне байланысты жоғары сапалы астықты иеленеді. Біздің өнімнің басты артықшылығы – экологиялық тазалығы және дәмдік сапалылығында.

Қазақстанның азық-түліктен тәуелділігінің өсуі, елдің экономикалық қауіпсіздігінің әлсізденуіне әкелуі мүмкін, өйткені азық-түлікті сатып алуға қаржы шығындары елдің алтын-валюта резервтеріне ауыртпалықты арттырады, бұл ұлттық валюта бағамына қатер төндіреді және инфляциялық күтудің деңгейі белгісіз.

Қазақстанның азық-түліктік қамтамасыз ету дәрежесі, тек қана өндірілген өнім санымен ғана емес, халықтың негізгі массасының төлем қабілеттілігінің деңгейімен де анықталады.

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесімен айналысатын француз мамандары Ж.Буринэ және М.Флоидың пікірінше жаңа халықаралык азық-түлік тәртібі, әлем елдерінің азық-түлікпен өзіндік қамтамасыз етілуге қол жеткізуімен және аштықты жоюмен байланысты екендігін көрсетеді. Азық-түлік жеткіліктілігінің мәселесін табысты шешу, көптеген елдерде жалпы халықараралык қауіпсіздік кепілінің күшеюі мен аймақтық қауіпсіздік үшін мықты негіз жасайды [2].

Экономикалық байланыстардың ғаламдануы мен әлемдік рынокты құру экономикалық қызмет етудің жекелеген элементтерінің тұрып қалу мәселесіне әлемді барынша жұмсартты. Бұл жағдайда Солтүстік Корея классикалық деңгейде қарастырылады, өйткені халықты және армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінің күшеюіне пропорционалды түрде агрессивті жағдайлар ұлғайды.

Әлемдік өнім рыногының тұрақтылық негізіне объективті және субъективті факторларды жатқызуға болады. Объективті факторларға табиғи-климаттық катаклизмдерді жатқызамыз. Мысалы, белгілі бір уақытта кең ауқымда егіннің өспей қалуы жалпы астықтың көлемін төмендетеді. 1974 жылы желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен әлемде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық міндеттемелер қабылданды. Әлемдік қауымдастықтың 4 негізгі шаралары ретінде мыналарды атауға болады:

- азық-түліктің ұлттық резервтерін жасау,

- өндірісті ұлғайту және азық-түлікті сақтау мақсатында дамушы елдерге экономикалық көмек беру,

- азық-түлік тауарларының өндірісі мен сауда мәселесі бойынша ғаламдық ақпараттық жүйені кұру,

- әлемдік азық-түлік кауіпсіздігі мәселесі бойынша жиі мемлекетаралық кеңестер жүргізу.

Олардың негізінде халықаралық Қауіпсіздіктің тиімді жүйесін жасау арасында қайшылық туындайды, біріншіден отандық азық-түлікпен қамтамасыз етудің төмен потенциалды елдері басқаларға тәуелді болды, екіншіден басты елдерге азық-түлік экспортерлары мүдделі болды, олар өз ауылшаруашылық өндірушілерін қолдауға, азық-түлік потенциалын ұлғайтуға қызығушылық танытты. Мұндай саясат халықаралық экономикалық қауіпсіздіктің деңгейін төмендетеді. Халықаралық экономикалық қауіпсіздік дегеніміз - сыртқы экономикалық әсерлер нәтижесінде елдердің халықаралық жүйеде өз экономикаларына қандайда бір шығынның келмеуіне кепілдік алуы [3].

Өздерінің сыртқы саяси мақсаттарын және саяси мақсатта азық-түлік экспортын жүзеге асыру үшін «Азық-түлік қаруын» пайдаланудың айқын мысалы ретінде, Кеңес Одағы және Құрама Штаттардың сауда экономикалық қатынастарын атауға болады.

Әлемдік экономиканың ғаламдану процесіне қатысудан бас тартуға жол жоқ және бекітілген ойын ережелерін Қазақстанға өзінің экономикалық қауіпсіздігі есебінен болмаса да қабылдауға тура келеді. Республиканың әлемдік сауда ұйымына кіруінің салдарына ерекше көңіл бөлу кажет, бұл сыртқы сауданы ырықсыздандыру және өздерінің ішкі рыноктарын ашу бойынша тәртіппен жүруге мәжбүр етеді. Бұл жағдайда мемлекетке ауылшаруашылығын ұстап тұру емес, қолдаудың тиімді стратегиясын жасақтау қажет болады, мысалы мұны агроөнеркәсіп кешенінің баға құрылуына әсер ету жолымен немесе несие жүйесін кеңейту және фермерлерге шетел инвестицияларын тарту жолымен жүзеге асыруға болады.

Қазіргі таңда еліміздің азық-түлік нарығындағы бағаның жоғарылауы байқалады. Оның бірнеше себептерін атап көрсетуге болады:

1) тауар импорттаушылар қызметіндегі ашықтықтың болмауы;

2) нарықтағы сатушылардың алыпсатарлық іс-әрекеттері, яғни уақытша тапшылық жағдайында өз пайдасын арттыру;

3) делдалдардың санының көп болуы.

Қазақстан дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосушы аграрлық елдердің қатарына кіреді. Еліміз аграрлық шикізат өндіруші 25 елдің қатарында және ауылшаруашылық мақсатындағы дәнді-дақылдар мен картоп егетін жер көлемі бойынша 10 елдің қатарында тұр. Осыған сәйкес сарапшылардың бағалауы бойынша біздегі ресурстар халықтың қазіргі азық-түлікті тұтыну көлемінен бірнеше есе артық өнім өндіруге жетеді [4].

Азық-түлік қауіпсіздігі бірнеше факторлармен белгіленуі тиіс:

- азық-түліктің жеткілікті болуы, яғни нарықты сапалы азық-түлік тауарларымен толықтыру;

- экономикалық қол жетімділік, яғни халықтың сатып алу мүмкіндігінің ескерілуі.

Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізілетін шаралардың өзі осы бағаны тұрақтандырудан басталатындығы түсінікті. Осыған сәйкес жергілікті жерлердегі азық-түлік нарығындағы жағдайға талдау жасау, азық-түлік тауарларының жәрмеңкелерін тұрақты ұйымдастыру және делдалдарды азайтып, тауардың тұтынушыға тікелей жеткізілуін қадағалау сияқты шаралар жүргізілуде.

Мемлекет жоғарыда аталған шаралардан басқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының негізгі түрлерін инфляциялық процесте ұстап тұруға бағытталған шараларды қарастырып, елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Алдағы уақытта қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында бірқатар бағыттар қарастырылады:

- ішкі нарықтағы сұраныс бойынша негізгі азық-түлік түрлерімен толықтай қамтамасыз ету;

- ауылшаруашылығы тауарларына өндірушілердің қызығушылығын арттыру мақсатында оларды ынталандыру;

- азық-түлік белдеуін құру және оның барлық аймақтардағы қызметтерін қалыптастыру.

Басты қарастыратын мәселе нарықтық экономикалық заңдарды ауыл шаруашылығында пайдалану, ауыл адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін шаруашылықты жүргізудің түрлерін әрбір аймаққа сәйкес таңдау.


ӘДЕБИЕТТЕР


1. Дағдарыстан жаңару мен дамуға. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа

Жолдауы, 2009 жыл.

2. Аграрная политика / Под.ред А.П. Зинченко - М.: КолосС, 2004. – 304 с.

3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған

тұжырымдамасы. http://kz.government.kz

4. Сақтаева А.А. Бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудың негізгі тәсілдері мен механизмдері // «Саясат-

POLICY». -№4, Алматы, 2009.


Редакцияға 09.07.2011 қабылданды.

Похожие:

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011 iconЛ. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
Осыған байланысты ауқымды тараулар мен тақырыптарды қысып, бір сағаттың ішінде беруге тура келеді. Ал бұл, әрине, өз ретінде оқушылардың...
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011 iconЛ. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №1 (61)
Критерии и показатели результативности использования методики формирования понятий механики (на примере понятия "сила") в условиях...
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011 iconЛ. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №1 (61)
Бұл стиль қоғамның мемлекеттік, қоғамдық, саяси өміріндегі әр түрлі акттерде құжаттаудағы сұранысын, адамдар мен заңды тұлғалар арасындағы...
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011 iconЛ. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш»
Саяси институттар жүйесіндегі бақ: теория және практика: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Астана: Л. Н. Гумилев...
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011 iconЛ. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы
«коммуникация»сөзі көп мәнді болғандықтан, «ортақ етемін, байланыстырамын, сөйлесіп-пікірлесемін және қарым-қатынас жолы, бір орынның...
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011 iconИнформационный бюллетень Ақпарат бюллетені
«Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ күндері» ашылды. ЕҰУ-дің ғалымдары мен студенттері бастаған ресми делегация былтырғы жылдың қыркүйегінде...
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011 iconЛ. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
БАҚ-тағы жарнама технологиясы (оқу құралы) / Жауапты редактор С. Абдрахманов. – Астана: ЕҰУ баспасы, 2010. – 134 бет
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011 iconЛ. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, ф.ғ. д
Орталық және Орта Азиядағы тарихи-рухани құндылықтарда қола, темір дәуірінен бастап бүгінге дейін түркі халықтардың жадында мәңгі...
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011 iconЛ. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 5B090500-Әлеуметтік жұмыс мамaндығының 2 курс студенттері, Астана, Қазақстан
...
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011 iconМонография. Ш 26
С. Торайѓыров атындаѓы пму қазақ әдебиеті кафедрасы мен Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ және шетел әдебиеті кафедрасында талқыланып,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница