Мемлекеттік тіл – ел мәртебесі




Скачать 55.34 Kb.
НазваниеМемлекеттік тіл – ел мәртебесі
Дата конвертации13.02.2016
Размер55.34 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://group-global.org/sites/default/files/publications/Документ Microsoft Word_7.doc
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ


Сапаева Г.Е., Қасымова Ж.П.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Еліміз егемендік алғаннан бері қазақ тілін оқыту, оның әдістемесін жетілдіру мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Жақында тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының жобасы жасалынып талқыға ұсынылғаны  да аян. Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне айналдыру. Балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін қазақ тілі сабақтары жүргізіледі. Бірақ қазақ тілінің бүгінгі  жағдайы әлі де болса тіл үйрету мәселесіне  жаңаша көзқарастың қажет екенін аңғартады.  Қазақ тілін мектепте, жоғары оқу орындарында оқыту жеткіліксіз болғандықтан еліміздің әрбір облыс орталықтарында, аудандарында тіл үйрету орталықтары жұмыс жасап жатыр. Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін тегін үйрету мәселесінің де қолға алынғанына да бірнеше жылдың жүзі болып қалды. Десе де нәтиже біз күткендей болмай отырған жағдайымыз бар. Осы тұрғыдан алғанда біз мемлекеттік тілді қалай оқытып жүрміз деген заңды сұрақ туындайды. Соңғы кездері  қазақ тілін оқыту мәселесіне қатысты ғылыми әдебиеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту және қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту деген мәселелер көтеріліп жүр.

Қазақ тілін екінші тіл ретінде үйрету деген ұғым  тіл үйренушінің өзінің ана тілінен кейінгі үйренетін тілі дегенді білдіреді. Бұл ұғым өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде қолданылғаны  дұрыс. Ал  өз ана тілін білмейтін қазақтарымыз үшін  қазақ тілін екінші тіл ретінде қалай үйретпекпіз?

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету деген мәселе барша жұртқа түсінікті  және  қазақ тілін оқытудың мақсат-мүддесін айқындайды. Қазақстанда тұратын кез келген азаматқа  қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету болашағымыздың сенімді кепілі болмақ. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту керек. Осылай атау біздің санамызда елдікті, тәуелсіздікті сіңіреді. Әрбір жеке тұлға – мемлекеттік, елдің бүгіні және ертеңі. Елдік психология, елдік қасиет, елдікті құрметтеу – мемлекет тілін білумен шектес келетін қасиетті ұғымдар. Сондықтан, ең алдымен, қазақ тілін оқытудың мәртебесі де осы аяда түсіндірілуі керек. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың  бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық беріледі.

Қазақ тілін оқытудың бірізділігі мен жүйелілігін арттыру үшін, әлеуметтік тапсырыстарға жауап беруде, атқарылатын істер көп. Қолданыс құралы ретінде әлемдік мәнге ие болып отырған ағылшын, неміс, француз, орыс т.б. тілдерінің оқыту жүйесінің әдіс-¬тәсілінен үйренеріміздің мол екені де жасырын емес.  Әсіресе шет тілдерін оқыту әдістемесін қазақ тілін оқыту барысында тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін атап айтқымыз келеді.  Соңғы жылдары бұл мәселе төңірегінде де біршама жетістіктер бар екені рас.

Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері  туралы айтқанда қатысымдық әдіс (коммуникативный метод)  деген әдіс туралы  айтқан дұрыс. Өйткені қазіргі  кезде  қазақ тілін үйретудегі басты кемшілік тіл үйренушіні мемлекеттік тілде сөйлете алмай отыруымызда болып отыр. «Шет тілін меңгертудегі негізгі әрекет – қарым-қатынас үрдісі, сөйлеу қатынасы» [1:189] екендігі бүгінгі күнде бұлтартпас ақиқат екендігі белгілі. Сол себепті де мемлекеттік тілімізді басқа ұлт өкілдеріне меңгертуде дүние жүзінің әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген қатысымдық бағытты ұстану бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің бірі.

Тілді оқытудың ұтымды әдістерін іздестіру ғылымда қатысым әдісін алға шығарды. «Коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді.

Сонымен, «коммуникация» - қарым-қатынас, өзара байланыс деген ұғымды білдіреді. Тілді үйретуге қатысты әдісті сөз еткенде, арнайы қарастырған тілші-әдіскер – Е.И. Пассов [2:173].

Ол қатысымдық әдісті сөз етпестен бұрын, жалпы оқыту әдісіне тән бірнеше белгілерді бөліп шығарды.

Мұндай белгілер мыналар:

1. Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады. Қатысымдық әдістің негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу.

2. Әдіс оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды, сондықтан да ол (әдіс) оқытудың шартына тәуелді болмайды.

3. Оқыту әдісінің аумағы өте кең, сондықтан сөйлеу әрекетінің қай түрінде болсын оқытудың барлық жақтары қамтылады.

4. Әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең басты, негізгі идея болады. Басты идея методологиялық рөл атқара келіп, әдістің жүзеге асуы үшін барлық мәселелердің басын біріктіреді.

Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің негізін қалаған профессор Ф. Оразбаева берген анықтамаға жүгінсек, «Қатысымдық әдіс дегеніміз – тіл үйренуші мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі» [3:78].

Сөйлеу үшін тіл үйренуші тілдік көрсеткіштер мен сөйлеуде жұмсалатын тұлғалардың тіркесу заңдылықтарын білуі, тілдік құралдарды қолданудың амал-тәсілдерін меңгеруі қажет.

Сөйлеу кезінде тілдік тұлғалардан бұрын қатысымдық тұлғаларға, әсіресе олардың байланысу, қолданылу жолдарына, амалдарына ерекше назар аударылады. Мұнда тілдің кіші, үлкен, дара, күрделі бөлшектерінің бәрі бір ортақ мақсатқа – сөйлей білуге, айтар ойды жеткізуге жұмсалады. Сөйтіп, адамдардың тілдік қарым-қатынасы жүзеге асады, сөйлесім, тілдесім өз нәтижесін береді.

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда жоғары оқу орнының алатын орны ерекше. Өйткені білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та жоғары оқу орнында қалыптасып, орнығады. Осыларды іске асыратын басты тұлға - ұстаз. Қазіргі кезде шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан оқытушы қажет.

Негізгі мақсат – мемлекеттік тіл мәртебесін арттырып, дамытудың бір жолы қазақ тілінің мамандық тілі, ғылым тілі ретіндегі қолданыс аясын кеңейту. Студенттерге кәсібіне байланысты терминдерді игерту (іс-қағаздарын рәсімдей білу дағдыларын жетілдіру) қазақ тілін сапалы оқытудағы маңызды мәселелердің бірі. Қазақ тілі сабағында болашақ маманның кәсіби қызметінде жиі кездесетін құжат түрлері, типтік сөйлеу жағдаяттары, проблемалық өндірістік жағдайлар қамтылуы қажет. Сөйлеу, оқу іскерлігімен қатар, жазу іскерлігін, проблемалық ситуациялардан шыға білу іскерлігін дамыту сабақта интерактивті оқыту әдістерін қолдануды талап етеді.

Қазақ  тілін мемлекеттік тіл ретінде отандық және шетелдік тіл үйрету әдістемелерінің озық үлгілерін тиімді пайдалана отырып, үздіксіз оқыту –  бүгінгі күннің басты талабы. Бұл – өсіп келе жатқан жас ұрпақтың үйлесімділікпен дамуы, елдік рухты көкірегіне түйіп, ұлттық дүниетанымды терең меңгеруі үшін де, елдік санада тәрбиеленуі үшін де ауадай қажет. Тілді оқытуда, әсіресе, жеке тұлғаның қалыптасуына ерекше мән бере отырып, тіл арқылы ұлтжанды азамат тәрбиелеу басты назарда болуы тиіс.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері. Пед.ғыл.докт.дис.-Алматы, 1996 ж. – 345 б.

2. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. 2 изд. М. Просвещение, 1991. -312 с.

3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. – Алматы, 2000 ж. -256 б.

Похожие:

Мемлекеттік тіл – ел мәртебесі icon«Тіл біліміне кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №3басылым 30. 09. 2009-дан поәК 042-14-7-05. 09
Тіл білімінің зерттеу нысанасы -тіл. Тіл адамның табиғи тілі. Тіл-таңбалар жүйесі. Тіл қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір...
Мемлекеттік тіл – ел мәртебесі icon«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі» деп атап көрсетілген
Трки және т б жүйелерінің қағидаттарына негізделген. Аталған жүйелердің тестілеу үрдістерінің өз ерекшеліктері болғанымен, мақсаты...
Мемлекеттік тіл – ел мәртебесі iconМемлекеттік тіл елдігіміздің іргетасы
Абайдуллаева Айгүл, Ұлт болашағы: Тіл байлығы / А. Абайдуллаева//Қазақстан мұғалімі. 2011. 19 наурыз. 4б
Мемлекеттік тіл – ел мәртебесі iconСабақтың тақырыбы
Мемлекеттік тілді білудің маңызын түсіндіріп, тіл туралы өлең, жырлар, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы сөздік қорын молайтып,...
Мемлекеттік тіл – ел мәртебесі icon«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі» деп атап көрсетілген
Азтест те тіл қолданушының тілді меңгеру деңгейін сатылы түрде анықтауға бағытталған, және екі түрлі арнамен беріледі: бірі Қазтест...
Мемлекеттік тіл – ел мәртебесі iconЕреж е
Бөлім мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет саласында мемлекеттік саясатты және қалада бірыңғай мемлекеттік...
Мемлекеттік тіл – ел мәртебесі iconАҚылбек шаяхмет өлендерін қазақ тілі сабағында қолдану
Тіл мен әдебиетті оқи отырып, адамадық болмысың қалыптасады; бүкіл дүниенің әлемдік қақпасы тіл арқылы ашылады. Тіл – достықтың дәнекершісі,...
Мемлекеттік тіл – ел мәртебесі icon«Жалпы тіл білімі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1басылым 30. 09. 2010-дан поәК 042-14-7-05. 63 /03-2010
Ф. де Соссюраның ілімі және 20 ғасыр лингвистикасы. Тіл, тіл жүйесіне, тілдік қатынасқа шектеу
Мемлекеттік тіл – ел мәртебесі iconТіл және руханият: өзекті мәселелер. Халықаралық конференция материалдары. Астана: Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру әдістемелік орталығы, 2010. 560 б. Шүкірұлы С. Мемлекеттік тіл мұраттары: көмекші құрал. Алматы: Ғылым, 2002. 352 б
«Тілдер апталығы» аясында «Қазақ тілі» кафедрасы күні өткізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды
Мемлекеттік тіл – ел мәртебесі iconЖалпы тіл білімі ғылымның теориялық саласы ретінде қашан қалыптаса бастады?
Тіл теориясы, тілдің өзіндік сипаттары, тіл білімі тарихы, тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница