Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі




Скачать 246.41 Kb.
НазваниеҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Дата конвертации13.02.2016
Размер246.41 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/163537.doc


Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Кәсіптік оқыту кафедрасы


5В010600 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған


«Этнопедагогика»


ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)


Павлодар


Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38







БЕКІТЕМІН

ГПФ деканы

_________ Кудерин М.К.


20__ж. «___»__________


Құрастырушы: п.ғ.д. Алинова М.Ш.


Кәсіптік оқыту кафедрасы

5В010600 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған


«Этнопедагогика»

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)


Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


200_ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.

Кафедра меңгерушісі ______________ Алинова М.Ш.____________ 20__ж. «____» ____

Гуманитарлық - педагогикалық факультеті оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20_ж. «_____»____________№____ хаттама


ОӘК төрағасы ________________ Жукенова Г.А.____________ 20_ж. «_____»___




1. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Кәсіптік оқыту кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Алинова М.Ш., А-149 аудитория

Байланысу телефоны 67-36-85(139)


2. Пән туралы мәліметтер Қазақстан Ресnyбликасының әлемдiк бiлiмдiк ғылыми-ақпараттық кеңестiкке кiрудегi ұмтылысы және оқытудың кредиттік технологияға өтуі психология-педагогикалық пәндердiң мазмұнын сонымен бiрге этнопедагогика курсын да қайта қарауды талап етедi.


3. Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СРСП

7

2




15

30

-

-

90

90

45

емтихан


































Бар-лығы







15

30







90

90

45





4. Пәннін мақсаты: cтyденттердi халықтық педагогиканың негiзгi идеялары және тәжiрибелерiмен таныстыру және оларды қазіргі оқу-тәрбие процесiнде шығармашылықпен қолдана алу бiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыру

Міндеттері:

- cтyденттердi этнопедагогикалық теориялар және концепциялармен таныстыру;

- халықтық педагогика жайлы бiртұтас ұғым қалыпастыру;

- халық педагогикасының мақсаты, құралдары мен әдістерi жайлы

бiлiмдермен қаруландыру;

- cыныптан тыс этнопедагогикалық жұмыcты жоспарлай алу бiлiгiн қалыптастыру;

Этнопедагогика курсын окып уйрену процссiнде cтyденттер мыналарды бiлуi тиiс:

- этнопедагогиканың қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк орнын;

- этнопедагогиканың. тарихи дамуының неriзгi кезеңдерiн және казiргi

жағдайын;

- этникалық тәрбиенiң ерекшелiктерi және оларды анықтаушы фак­торларды, халықтық тәрбиенiң мазмұны мен мақсатын, әдіcтep мен құралдарын;

- халықтық педагогиканы мектептiң оқу-тәрбие процесiне енгiзудiң қаазiргi кездегi жағдайы және оны қолданудың негiзгi жолдарын.

Сонымен қатар

- халықтық педагогиканың түрлі концепцияларын сыни, және шығармашылық тұрғыдан ұғына алу;

- нақты этнопедагогикалық материалды талдай бiлу, халықтық-педагoгикалық құбылыстарға өз бетiнше түсiнiктеме бере алу;

- түрлi этностардың озық тәрбие дәстүрлерiн талдай, салыстыра және бағалай алу;

- педагогикалық мiндеттердi шешуде этнопедагогикалық бiлiмдердi практикалык тәжiрибеде пайдалана алу;

- этнопедагогикалық зертеулердiң методологиясын меңгеру;

- оқушы тұлғасына бағытталған педагогикалық iс-әрекеттi жүзеге асыруды қамтамасыз ететін этнопедагогикалық және кәсiби-методикалық бiлiктердiң болуы;

  • тiл мен мәдениеттi оқыту мен өзара байланысты әдiстер мен тәсiлдердi, соның iшiнде интерактивтi әдiстердi меңгеру.


5. Білімге,икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

1. білім беру мекемелерінің үздіксіз педагогикалық үдерісінің мазмұнын, міндеттері мен мақсатарын;

2. оқушылардың оқыту және тәрбиелеу әдістерінің ұйымдастырушылық формалардың жүйелеуі;

3. оқушылардың жас ерекшеліктерінің педагогикалық сипаттамасын, олардың оқыту мен тәрбиенің ерекшеліктерін.


6. Пререквизиттер: философия, қазақстан тарихы, психология,педагогика, мамандыққа кiрiспе, жас ерекшелiк психологиясы.

7. Постреквизиттер:




Тақырыптардың атауы

Сағаттар саны




Дәріс

Тәжіриб

СӨЖ

1

2

3

4

6

1

Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері.

Этнопедагогика пәні,оның әдістері мен міндеттері.

2



2

6

2

Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың генезисі.

Этнопедагогикалық ой – пікірлердің шығу тарихы және дамуы.

2



2

6

3

Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты

Жетілдірілген адам- халықтық педагогиканың мақсаты.

1

1

6

4

Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары


1

1

6

5

Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері - халықтық тәрбиенің негізі.

1

1

6

6

Халық педагогикасындағы рухани мінез - құлықтық және азаматтық,патриоттық тәрбие

2

1

1

6

7

Халық педагогикасындағы еңбек және дене тәрбиесі.

2

1

1

6

8

Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі.

2

1

1

6

9

Халық педагогикасының қазіргі қызметі.

1

1

6

10

Жалпы білім беретін мекеменің оқу процесінде халық педагогикасының прогрессивтік элементтерін пайдалану.

Жас ұрпақты тәрбиелеу және оқытуда

Халық педагогикасын пайдалану.

1



1

6

Барлығы: 90

15

15

60


9. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Этнопедагогика курсының бағдарламасы ауқымды мәселелер; этникалық тәрбиенің заңдылықтары мен ерекшкліктерін, негiзгi бағыттарын, тәрбиенің халықтық құралдарын, әдiстерi мен тәсілдерін, сондай-ақ халықтық педагогика идеялары мен тәжiрибесiн оқу-тәрбие процесiнде жүзеге асырудың жолдарын қарастырады.


10. Курс компоненттері


Теоретикалық курстың мазмұны

1 - тақырып . Этнопедагог иканын әдіснамалық негіздсрі.

Этнопедагогика тарихына жэне халыкгық педагогикага қысқаша шолу. Этнопедагогиканыц объекті жэне пэні. Этнопедагогиканың принциптсрі, міндеттері, қызметі. Этнопедагогиканың негізгі тұсінікіері : этностық гәрбие, этностық оқыту, улт, этнос. Педагогикалық гылымдар жүйесіндегі этнопедагогиканың орны. Этнопедагогиканың философия, этнопсихология, этнография, этнософия гылымдарымен өзара байланысы.

Этнопедагогиканың философиялык, мэдениеттану, психологиялык, этнографиялық негіздері. Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөніндегі құжаттары.

Егеменді мемлекет жагдайындагы этномәдсниеттік дәстүрлердің қазіргі жагдайы.

2 - такырып . Адамзат дамуынын тарихындагы этнопедагогикалык идеялардың генезисі (тегі).

Педагогика классиктерінің мүраларындагы халықтық гәрбие, оку мен тәрбиелердің ұлтгық жүйесін дамытудагы Я.А.Коменскийдің қосқан улесі. К.Д.Ушинскийдің халыктық тәрбие принциптері. А.С.Макаренконың педагогикалык іс-әрекетінде халықтық тэрбиенің элементтерін пайдалануы. В.А.Сухомлинскийдің халықтық педагогикасы.

XV - XIX г. қазақ ақын - жырауларының тәрбие мектебі. ( Асанкайгы, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтанберді, Шал, Дулат, Бүхар, Махамбет жэне т.б. ) олардың халықты басқаруга катысуы, отанды қоргауга шақыруы, гумандықты, еңбек сүйгіштікті, өнерді насихаггауы. XVIII г. жас үрпақты

тапқырлыкка, шешендік өнергс тәрбиелеудегі билердің ерекше рөлі ( Толе би, Қазыбек би, Әйтеке би).

Ш.Уәлихановтын еңбектеріндегі улттық тәрбие мен этнопедагогика мәселелері. Ы.Алтынсариннің мұраларының халыктык педагогика және психология ғылыми ұстамдарында баяндалуы.

А.Құнанбаевтың қазақ педагогикасы мен психологиясын тсреңірек дамытуға қоскан үлесі. Қазақтын халықтык тэрбиесі жайлы орыс және батыс европалық галымдардың ой - пікірлері. XX г. 20-30 жылдарындағы этнопедагогикалық идеялардың дамуы. М.Дулатов, А.Байтұрсынов, МЖұмабаев және т.б.


3 - тақырып. Этнопедагогикадагы тәрбиенің мақсаты.

Барлық этностардагы тәрбие мақсатының ортақтығы. Адамның халықтық идеалы. Адам қазіргі халықтык тәрбиенің мақсаты ретінде. Әр халықтың жетілген тұлга ретіндегі пікірінің даму шартгары. Ұлттық ар - намысқа тәрбиелеу тұлганың мінез - кұлқын жетілдірудің ірге тасы. Көп ұлтгы Қазақстан жагдайындагы түрлі мэдениеттілікке тәрбиелеудің ерекшеліктері. Халықтың педагогикалык мәдениеті, мәні, мазмұны. Ұрпақтар ұласылымдыгы тұлганың әлеуметтік дамуының және халықтың рухани процесінің факторы.


4 - такырып. Этнопедагогикадағы тәрбиеніц әдістері және құралдары.

Халыктык педагогикадағы тәрбиенің эдістері. Тэрбиенің тәсілдері:

өсиет, және ғибрат, ага урпақтың жеке үлгісі, еліктеу жэне т.б. Халықтық тәрбиенің кұралдары. Ертегілер, мақалдар, жаңылтпаштар, жұмбақтар халықтық өлеңдер - халықтық тәрбиенің құралдары. Табиғат - тәрбие құралы. Ойын -тәрбие құралы. Сөз - тәрбие құралы. Еңбек - тәрбие құралы.



5- тақырып. Қазақстан Республнкасы халықтарының үлттык салт

және дәстүрлері - халыктық тәрбиенің иегізі.

Салт және дәстүр түсініктері : философиялық, элеуметтік, педагогикалык және психологиялық анықгамалары. Дәстүр және салттардың кұрылымы, салттар мен дәстүрдің жалпы ортақтығы және айырмашылыгы. Рәсімдері және салтанатты откізу реті. Адам тәрбиесімен байланысты салттар, әдеп -ғұрыптар, дәстүрлер, нанымдардың тәрбиелік мәні. Балалардын ерекшеліктерін есепке ала отырып, олардың өмір кезеңдеріне сипаттама. Үйлену мен жеке отбасын құрумен байланысты әдеп-ғүрыптар, достық, бата беруге, тілекке ант беру белгісі. Өліммен байланысты ( қоштасу және жоқтау, ас беру, жылын беру ), қабырдың басына белгі қоюмен байланысты әдеп -ғұрыптар.

Адамның қуанышымен, қайгысымен катар жүретін салггар жәнс әдег -ғұрыптар, өлеңдер мен аңыздардың тәрбиелік мәні. Жаңа уақытқа байланысты туындаған салттар және дәстүрлер, олардың тәрбиелік мәні.


6 - тақырып. Халық педагогикасындағы рухани мінез - қүлықгық

жэне азаматтық, патриоггық тәрбие

Салттардагы, дәстүрлердегі, әндердегі, өлендердсгі, мақалдардагы және мәтелдердегі өнегелі тәрбиеленгендік, ар - ұяттылык, руханилылық жөніндегі халықтық түсініктер. Жастарды парасаттылыққа, әдептілікке, үлкенді қадірлеуге отбасындагы аға ұрпақтың рөлі мен үлгісі. Қонақтармен амандасудың, қабылдаудың, қызмет етудің карапайымдылық пен әдептіліктінің тәрбиелік мәні. Дін тұлганың рухани қалыптасуындағы өзекті фактор.Қазақ халқында рухани мінсз - құлык тәрбиесінің ерекшеліктері.

Патриоттық тәрбиенің негізі өз отанына, халқына, туыстары мсн жақындарына сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Патриоттылықтың негізгі модель -дері : ( кіріктірілгендік, авторитарлық, бөлшектелген әр түрлілік ) Патриотгық сезімнің, азаматтық жауапкершілік сезімнің отан алдындагы азаматтык борыштың өзара байланысы. Азаматтық, патриоттық тәрбиедегі мақал-мәтелдердің және бай аңыздардың мәні мен мағынасы. Жастарды жаудың бетін қайтаруға батылдығын және дайындығын тәрбиелейтін ұлттық ойындардың рөлі жэне мәні. Қазақ халқындагы азаматтық, патриоттык тәрбиенің ерекшеліктері.


7 - тақырып. Халық педагогикасындагы еңбек жәнс дене тәрбиесі.

Еңбек сүйгіштікті, кәсіптік дағдыларды және кәсіптік бағдарды тәрбиелеу, аталар мен әкелердің балаларының мал бағуды, малға қора соғуды, қол еңбегінің дагдыларын меңгеруді үйретудегі рөлі. Аналардың кыз балаларды кесте тігуге, ою - өрнектерді салуға, жүн тоқуга, кілем тігуге, киім тігуге үйретудегі рөлі. Балаларды отбасында кәсіптік даярлау. Үй жануарларын бағу білігі, үй жануарларының ауруларын білу және оларды емдей білу әдістері. Атқа мініп жүруге және аң аулауға үйрету, қолөнер кәсіп дагдыларына баулу. Еңбек жайлы әндер, ертегілер, мақал және мәтелдердің тәрбиелік мәні. Қазақ халкындагы енбекке тәрбиелеудің ерекшеліктері.

Халық педагогикадагы дене тәрбиесінің мақсаты мен міндсттері. Тұзды суда баланы шомылдырудың, денесін майлаудың, аяқ - қолын созудың мәні. Қазақстан Республикада өмір сүретін халыктардың балаларды шынықтыру тәсілдсрі .Дене тэрбиесіндегі ұлтгық ойындардың рөлі. Қазақ халқындагы дене тәрбиесінің ерекшеліктсрі.


8 - тақырып. Халық педагогикасындағы эстетикалык және зиялылық тэрбиесі.

Халық педагогикасындагы эстетикалық тәрбие, оның максаты мен міндетгері. Эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары : сәулет өнері және бейнелеу онері, өлендер мен жырлар, зергерлік және қол өнер, кілем тоқу, олардың халык өміріндегі және тұрмысындагы мәні. Бейнелеу онеріндегі этнопедагогикалык идеялар.

Жастарды олең айту мәдениетіне және жырларга, шешендік пен тапқырлық өнеріне тэрбиелеудің халықтық мектебі. Халық композиторларының шыгармаларындағы тәрбие мәселелері. Қыз балалардың эстетикалық сезімін тәрбиелеу, оған ата - ананың қатынасуы. Қазақ халқындагы эстетикалық тәрбиенің ерекшеліктері.

Зиялылыққа тәрбиелеу және оның жас ұрпакты тәрбиелеудегі рөлі. Халықтың әлемдік құрылымды қабылдауы. Күн, ай, жұлдыздар, аңдар және үй жануарлары жөніндегі білімдер. Жеті галам, жеті қабат көк, жеті күн жайлы түсініктер. Халықтық күнтізбе, айларга және жыл мезгілдеріне болу. Білімнің және өнердің пайдасы, тапқыштық жэне жинақылық. Тапқыштыққа тәрбиелеуде ертегілердің рөлі жөніндегі мақал - мәтелдер, аңыз - эңгімелер және ғуламалардың ой - пікірлері. Қазақ халқындағы зиялылыққа тәрбиелеу ерекшеліктері.


9 - тақырыи. Халық педагогикасының казіргі кызметі.

Халықтың этнопедагогикалық пансофиясы. Үлтаралық қарама -қайшылықгар үшін халықтар мәдениетінде материалдың жоқтыгы. Халыктардың рухани мінез - құлыктық құндылықтарындагы ұлтаралық және жалпы адамзаттылық. Символдык тұлгалардың әрекеттігі және олардың қызмет етуі. Этнопедагогиканың жалпы адамзаттык негіздері.


10 - тақырып. Жалпы білім беретін мекеменің оқу процесінде халық иедагогикасының прогрессивтік элементтерін пайдалану.

Қазақстан Республикасы этнопедагогикалык білім беру тұжырымда - масы жастарга этнопедагогикалық білім беру түжырымдамасы. Қазақстан Республикасының халык педагогикасы бойынша қазіргі багдарламалары.

«Атамекен», «Елім - ай» және басқа багдарламалардың мақсаты. міндеітері және ерекшеліктері. Халык педагогикасы бойынша Қазақстан мектептерінің жүмыс тәжірибесі. Отбасы тәжірибесін зерттеу, музыкалы аспаптармен, халыктык қолданбалы өнермен, халықтық ойындармен, ұлттық киім үлгілерімен танысу. Ата тектік « шежірені » зертеу.


10.2 Практикалық жұмыстың тізімі:

1. Этнопедагогика пәні, оның әдістері мен міндеттері.

2. Этнопедагогикалык ой – пікірлердің шыгу тарихы және дамуы.

3. Жетілдірілген адам - халықтық педаіогиканың мақсаты.

4. Халық педагогикасындагы тәрбиенін әдістері, тәсілдері және қүралдары

5. Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салттары мен дәстүрлсрі.

6. Халык педагогикасындагы рухани мінез - қүлыктык тәрбиесі

7. Халық педагогикасындагы еңбек тәрбиесі.

8. Халық педагогикасындагы эстетикалық тәрбиесі.

9. Халык педагогикасының қазіргі қызметі.

10. Жас ұрпақты тәрбиелеу және окытуда халык педагогикасын пайдалану.


3.5 Күндізгі оқу бөліміне арналған СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Тақырып бойынша әдебиет көздерін конспектілеу

Конспект


Керекті кестелер ж/е т.б. дайындау

Баяндаманы қорғау


6

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу,үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері, конспект

Сабаққа қатысу


6

3

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалды зерделеу

Есеп беру


Баяндаманы қорғау

6

4

Әлеуметтік қызметкердің кодекстеріне қатысты щетел және отандық әдебиеттердің талдауы

Конспект


коллоквиум

6

5

Бақылау іс-шараларына дайындалу

Конспект


Аралық және қорытынды бақылау (тестілеу, емтихан)

6

Барлығы:

30


11 Курс саясаты

Оқытушы мен студенттердің академиялық этикасының саясаты университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Оқу үдерісіне белсенді түрде қатысуы қажет. Оқу материалы бойынша сұрақтар қою, тиянақты жауаптар беру және өзіндік көзқарастарды таныту өте маңызды. Оқытушы мен курстастарды сыйлау керек. Оқытушы сөйлегенде, дауыстап әңгімелесуге болмайды, екінші ескертуден соң студент аудиториядан шығарылады. Сабақтарды орынды себепсіз босатуға тыйым салынады. Әрбір себеп анықтамамен расталуы қажет. Студент босатқан сабақтарының орнын оқытушының анықтаған уақытында толықтырылуы тиіс. 10 минуттан артық кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешігудің немесе келмеудің себептерін алдын-ала ескерген жөн. Үй тапсырмасын және басқа жазба жұмыстарды дерт кезінде тапсыру қажет. Бақылау жұмысын, тестті емтиханды тапсыруда көшіруге жол берілмейді. Оқытушының консультациясына қатысуы міндетті. Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілген қалыпта болуы талап етіледі. Сағыс шайнауға, дөрекілік пен мәдениетсіздіктің белгісі ретінде қатаң тыйым салынады.

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.

Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы 100 балл қойылады. Курсты меңгеру барысында төмендегідей баллдары қойылады:

- дәріске қатысу – 1 балл, конспектің бар болуы – 1 балл

- тәжірибелік сабаққа қатысу – 1 балл, тәжірибелік жұмысты орындау – 5 балл (оның ішінде үй тапсырмасын орындау – 3 балл, сұраққа жауап беру, жаттығу жұмыстарын орындау, тақырып бойынша талдау жасау – 2 балл)

Ағымдық бақылау студенттердің өзіндік жұмыстары қорғауы барысында іске асырылады. Бағалау кезінде көрсеткіштер ескеріледі:

  • Материалды толық меңгеру -10 (екінші рейтинг кезінде – 13) балл.

  • Сұрақтарға жауап бере алу – 4 (5) балл.

- Материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 3 балл.

- Грамматикалық және стилистикалық сауаттылық – 1 балл.

Айып балы білімді бағалаудың жүйесіне орай белгіленеді

Мәселен, дәрісті орынды себепсіз босату үшін 2 балл шегеріледі (-2); дәрістің шала конспектіленгені үшін жарты балл кемітіледі (-0,5); тәжірибелік сабақтарда белсенділік танытпай, немқұрайды қатынасу ең кем дегенде жарты баллды шегеруімен (-0,5) жазаланады.

Межелік бақылау пәннің тиесілі кезеңде өтілген тақырыптары бойынша сынақ немесе коллоквиум түрінде ұйымдастырылады. Межелік бақылауда келесі критерийлер ескеріледі:

Толық дұрыс жауап 100 балмен бағаланады, оның ішінде:

100-90 балл – тиянақты, дәйекті, байланысты, толыққанды жауап; балдардың шегерілуі жауаптың мәнін және дұрыстығын бұзбайтын кемшіліктердің кездесуімен байланысты;

89-75 балл - материалды толық игергендігі, мәселе бойынша әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз берілген жауапқа қойылады;

74-50 балл – студент тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша әдебиеттерді шатастырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз жауаптар қайырады;

49-0 балл – студент толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз, қосымша сұрақтар оған көмектеспейді, мәселе бойынша әдебиеттер қарастырылмаған.

Қорытынды бақылау. Курс пән бойынша тестілеу түрінде өтетін емтихан тапсыруымен аяқталады. Бақылау үстінде көшіріп жазуға тыйым салынады. Емтиханда студенттің әр қайсысына тесттік формадағы 50 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап 2 балмен бағаланады. Емтиханның жалпы бағасы дұрыс жауаптардың бағаларын қосу арқылы анықталады.

Курстың ақтық бағасы бұған дейінгі жинақталған барлық балдарды ескеру арқылы қойылады.

Пән бойынша рейтинг мына формула бойынша анықталады:

Р1(2)=АҮ1 (2)*0,7+МБ1 (2)*0,3

мұндағы Р1, Р2, АҮ– бірінші, екінші рейтингтің, ағымды үлгерімнің балдары;

РД=(Р1+Р2)/2 – (емтиханға жіберілуі)

Қорытынды=РД*0,6+ҚБ*0,4

Егер студент емтиханда Ғ деген баға алса, оның қорытынды рейтингі анықталмайды. Ведомосқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.


12. Негізгі әдебиеттер тізімі:


  1. Ахияров К.Ш. Народная педагогика и современная школа. - Уфа 2000.

  2. Ахметов М. Казахские песни и народные традиции. - Алматы, 1991.

  3. Батурина Г.И., Кузина Т.Ф. Народная педагогика в современном учебно-воспитательном процессе. - М., 2003.

  4. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. - М., 1983.

  5. Васильцева З.П. Мудрые заповеди народной педагогики. М, 1983.

  6. Волков Г.Н. Педагогика жизни. Мир детства. Царство мудрости. - Чебоксары, 1989.

  7. Волков Г.Н. Этнопедагогика. - М., 2000.

  8. Жарыкбаев К.Б.. Калиев С.К. История казахской педагогики и психологии. -Алматы, 1995.

  9. Измайлов А. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана. - М., Педагогика, 1991.

  10. Катаев С. Педагогические мысли в поэзии акынов и жыра\Х\'-Х1Х. Алматы. 1991.

  11. П.Кожахмегова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. - Алматы, 1998.

  12. Кохажметова К.Ж., Таубаева Ш.Т., Джанзакова III. Методология общей и этнической педагогики в логико-структурных схемах. Алматы, 2005.

  13. Кон И.С. Этнография детства: Исторический очерк. -М.,1983.

  14. Педагогика межнационального общения: Учебное пособие /Под ред. Д.И. Латьнлиной. - М., 2004.

  15. Пропп В.Я. Исторические корни волшебной сказки. - М.. 1996.

  16. Стефаненко Т. Этнопсихология. - М., 2000.

  17. П.Тайчинов МЛ'. Народные традиции и религиозная культура в воспитании учащихся. - М., 1992.

  18. Формирование толерантной личности в полиэтнической образовательной среде: Учебной пособие /Под ред. ВН. Гурова. - М., 2004.

  19. Этнография детства 'Сост. Г. Науменко. М., 1998.

  20. Этнопедагогика народов Казахстана /Под ред. Г.И. Волкова, К.Ж. Кожахметовой. - Алматы, 2001.


Қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. С.Қалиев, т.б. Тәрбие хрестоматиясы. -Алматы: Ғылым, 2001. -331.

  2. Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. -Алматы: Мектеп, 1984. -256 бет.

  3. Алтынсарин. Тандамалы педагогикалык шығармалары. -Алматы, 1995.

  4. И.Мадин. Қазақстанда совет дәстүріндегі педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы. -Алматы, 1979.

  5. Макаренко. Тандамалы шығармалары. Ұстаздық дастан. -Алматы, 1985.



Похожие:

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница