Мазмұны




НазваниеМазмұны
страница6/12
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.11 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/b4b8d123-8fcb-11e3-8e6b-f6d299da70eeУММ ПЕДАГОГИКА.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тәрбие әдістерінің жіктелуі.

Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын. Сондықтан оларды тәртіпке келтіру, яғни жіктеу қажет.

Жіктеу – арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.

Жіктеуге сүйене отырып, мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әр түрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерін де жете түсінеді.

Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:

  • жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады;

  • оқушыларды тәрбиелеу процесі - өте күрделі іс-әрекет, оның негізі– өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі

  • (мотивтері, тілек-талаптары, ынтасы), өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;

  • жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі.

Адамгершілік, эстетикалық және басқа қасиеттер сезімдерден, санадан (түсінік), сенімдерден, әдеттерден тұрады.

Осы қағидалар бойынша кей әдістер, көп жағдайда, мотивтерге, мақсаттарға, қатынастарға, мағұлматтарға, түсініктерге, пікірлерге әсер етеді, ал енді кейбіреулері мінез-құлықтың қандай да бір түрін қалыптастыратын әдеттерге ықпал етеді, ал басқалары балалардың мінез-құлқын реттейді. Қазіргі уақытта тәрбие әдістері мінез-құлыққа негізделген, мотивтік-мақсатты мазмұнды, процессуалдық жақтарын біріктіретін бағыттылық-интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу объективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі (Т.И. Щукина). Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:

-жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;

-іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері;

-мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.

Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, баяндау, сендіру, насихат, әңгіме, лекция, этикалық әңгіме нұсқау беру, пікір сайыс, баяндама, дебат, үлгі жатады.

Іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістеріне: жаттығу, әдеттену, педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, тәрбиелік ситуация (сюжеттік рольдік, іскерлік) ойындар.

Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістеріне:жарыс, мадақтау, жазалау жатады.


Сананы қалыптастыру әдістері.

Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес.

Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.

Бұл топтағы әдістердің сезімдерді, көңіл-күй эмоциясын қалыптастыруда маңызы зор. Егер оқушылар педагогикалық әсерге жауап бермесе, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жүзеге аспайды. Оқушылардың тәрбие мазмұнына сай іс-әрекетке белсенді түрде араласу қажеттілігі болған жағдайда ғана алға қойылған мақсат орындалады. Осылайша, жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға дайындайды.

Белгілі бір әдеттерді қолданудың қажеттілігін түсіну тәрбие процесінде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ескі мектепте, мысалы, бұл үшін ғибратты әңгімелер, нақылдар, мысалдармен қоса оқушыларға қажетті білімді жеткізудің басқа да жанама және көркем тәсілдері кеңінен қолданылған қорытындыны оқушылардың өздері жасауы тиіс. Қазіргі мектепте ықпал етудің дәстүрлі тәсілдері (талап қою, насихат, нұсқау) жиі қолдануда.Бұндай әдістердің нәтижесі өте төмен. Тәжірибесі мол тәрбиешілер өз жұмыстарында ұмыт болған адамгершілік-имандылыққа, Крыловтың мысалдарына, Абайдың қара сөздеріне, халық педагогикасының амал-тәсілдеріне көптеп сүйенуде. Этикалық тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, лекциялар, этикалық әңгіме-сұхбаттар, ақыл-кеңестер, иландыру, сендіру мысалдар кеңінен қолданыс табуда.

Осы топтағы әдістердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен қолдану аясы бар. Сырттай оңай болып көрінгенімен, олардың әрқайсысы мұғалімнің жоғары білімін талап етеді. Олар жүйелі түрде, бір-бірімен тығыз байланыста қолданылады. Сөз бен сезім арқылы әсер ету әдістерінің ең күрделілерін қарастырайық.

Этикалық тақырыптағы әңгіме көбінесе, төменгі және орта сыныптарда қолданылады. Бұл дегеніміз адамгершілік мазмұны бар деректер мен оқиғаларды әсерлі де қызықты етіп айту. Жақсы әңгіме оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсінуге көмектеседі, сезімге әсер етіп, әңгімедегі оқиғаларға деген оқушылардың оң не теріс қатынасын қалыптастырады.

Этикалық тақырыптағы әңгіменің нәтижелі болуы мынаған байланысты:

- әңгіме мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болуы;

- әңгіменің қызықты, әсерлі, түсінікті болуы, онда адамгершілік ой-пікірлермен қоса мысалдардың, жағдайлардың болуы;

- әңгімені оқу барысында әңгіме-сұхбаттың жүргізілуі; оқушылардың әңгімені талдауға атсалысып, өздерінің ой-пікірлерін білдіре алулары өте маңызды;

- әңгімеге қоса суреттерді қолдану (бейнелеу өнерінің туындылары, фотографиялар); әңгімені дұрыс қабылдауда музыканың орны ерекше;

- мазмұндама тілінің әдеби сауатты болуы.

Этикалық әңгімені қабылдауда бөлме ішінің жабдықталуының да маңызы бар. Жоспарланған әңгімелер жайлы бөлмелерде, оқушылар ешқайда асықпаған еркін жағдайда жүргізіледі. Этикалық әңгімеден кейін оқушылар мазмұны мен көңіл-күйі жағынан өзгеше бір іске (мысалы, спортты? жарыс) кірісіп кетсе, әңгіменің тәрбиелік мәні төмендейді.

Күнделікті тәжірибеде тәрбиелік процесте түсініктеме жиі қолданылады. Бұл оқушыларға сезім мен сөз арқылы әсер ету әдісі. Түсініктеменің әңгімеден өзгеше маңызды белгісі – оқушыларға немесе жеке тұлғаға қандай да бір жағымсыз жағдайлар бойынша әсер ету. Түсініктеменің әдіс-тәсілдері әр түрлі: төменгі сыныптарда «Былай істеу керек» деген сияқты тура пайымдаулар, жасөспірімдермен жұмыс кезінде терең мотивация, белгілі бір адамгершілік ұғымдарының қоғамдық мәніне түсініктеме беру қажет.

Түсініктемені оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсіндірудің қажеттілігі туындаған жағдайда ғана қолдану керек. Бірақ мектептегі, көпшілік орындардағы қоқыс тастауға, түкіруге, партаға сурет салуға, дөрекілік жасауға болмайды деген сияқты күнделікті мінез-құлық нормалары туралы сөз болғанда түсініктемені қолданудың қажеті жоқ. Мұнда үзілді-кесілді талап ету қажет. Түсініктеме қандай да бір жаңа адамгершілік қасиетті, оқушылардың белгілі бір әрекетке деген дұрыс қатынасын қалыптастыру үшін қолданылады. Түсініктеме көбінесе сендіруге негізделеді. Сендіру оқушының психикасына астыртын әсер етіп, іс-әрекеттің мақсаттары мен мотивтерін қалыптастырады. Ол ақыл-кеңес, есіне түсіру, тілек-ұсыныс түрінде қолданылады.

Тәрбие тәжірибесінде түсініктеме мен сендірумен қоса кейде насихат сияқты әдіс қолданылады. Оқушының бойындағы жағымды қасиеттерге сүйену: абырой, ар-намысы мен ұяты сияқты насихатты дұрыс қолданудың алғы шарттарын қалыптастырады. Бұл әдістің педагогикалық нәтижелілігі мұғалімнің беделіне, оның жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты.

Сананы қалыптастырудың аталған әдістерін (әңгіме, түсініктеме, сендіру, насихат) ретсіз қолданғанда ол үгіттеуге айналады. Мұндай жағдайларда олар оқушы бойында қарсы әрекет, мұғалімнің тілегіне кері әрекет ету ниетін оятады.

Этикалық әңгіме-сұхбат дегеніміз адамгершілік мәселелерді мұғалімдер мен оқушылардың бірігіп жүйелі де бір ізді талқылау түрі. Әңгіме-сұхбаттың жай әңгіме мен нұсқаудан айырмашылығы онда мұғалім оқушыларды өз ой-пікірлерін,


көзқарастарын, бағаларын білдіруге шақырады. Әңгіме-сұхбат теңдік пен ынтымақтастық негізінде құрылады. Этикалық әңгіме-сұхбаттың мақсаты – адамгершілік түсініктерді тереңдету мен бекіту, білімді қортындылау, адамгершілік көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру. 5-8 сынып оқушылар тәрбиесінде әңгіме-сұхбаттың алар орны ерекше, өйткені баланың өзіндік ой-пікірлері, көзқарастары мен сенімдері осы жаста қалыптасады.

Этикалық әңгіме-сұхбатқа оқушылардың белсенді қатыса алуы үшін оның жоспары мен негізгі мәселелері оқушыларға алдын-ала беріледі. Баяндамалар алдын-ала дайындалады. Әңгіме-сұхбат кезінде оқушылар жағдайлар бойынша қойылымдар ойнайды. Алдын-ала әдебиеттер тізімі беріледі, оқушылар өмірден немесе

әдебиеттерден деректер мен мысалдар жинастырады. Жүргізуші (әдетте сынып жетекшісі) баяндама жасап, әңгіме-сұхбатқа қатысушылар алдына мәселелер қояды, олардың белсенділігін оятады, әр түрлі көзқарастарды тыңдап, оқушыларға баяндамаларға баға беруді ұсынады, айтылған ой-пікірлерлі толықтырып, түзеп, қортындылайды, әңгіме-сұхбаттың қортындысын шығарады. Әңгіме-сұхбаттың сол әңгіме кезінде талқыланған мінез-құлық ережелерін жүзеге асыра алатын шынайы пайдалы іспен аяқталуы оң нәтиже береді.

Этикалық әңгіме-сұхбаттың нәтижелі болуының шарттары:

- әңгіме-сұхбаттың мәселелік сипатта болуы, яғни көзқарастар мен пікірлер таласы;

- әңгіме-сұхбат тақырыбының күкейкесті, оқушылар тілек-талаптарына сай болуы;

- әңгіме-сұхбат мазмұнының оқушылардың тәжірибесі мен жас ерекшеліктеріне сай болуы;

- әңгіме-сұхбаттың оқушыларды өз ойын жеткізуге, басқалардың пікірін сыйлауға, шыдамдылықпен әрі дәйекті түрде дұрыс көзқарасты қалыптастыруға үйретуі;

- әңгіме-сұхбат лекцияға айналмауы керек (мұғалім ғана сөйлеп, оқушылар тыңдап отырады);

- әңгіме-сұхбаттың жағымды әрі жайлы ортада жүргізілуі; оған әңгіме-сұхбат жүргізілетін бөлменің іші, дауыстың сенімділік ырғағы, оқушылар жауабын ден қойып тыңдау, дұрыс жауаптарды мақтап, дұрыс еместерін сыпайы түрде түзету, орынды айтылған әзіл-сықақ, мазмұнның дұрыс таңдалып алуы жағдай жасайды.

Осындай алдын-ала дайындалған (жоспарлық, бағдарламалық) әңгіме-сұхбаттардан басқа ұжымдағы пайда болған қиыншылықтарға байланысты жоспардан тыс, ауық-ауық әңгіме-сұхбаттар да жүргізіледі. Әңгіме-сұхбаттың ерекше бір түрі – әңгіме-экспромт, ол аяқ асты пайда болған жағдайларға байланысты жүргізіледі. Жеке дара этикалық әңгіме-сұхбаттар (көбінесе тәрбиесі төмен оқушымен) жоғары білімділікті талап етеді. Жолдастарының алдында мұндай әңгіме-сұхбат өте қықа болуы қажет, оқушының абыройы тапталмау керек. Мұндай әңгіме-сұхбатты сырласу

ретінде жүргізу нәтижелі болады. Егер оқушы өз кінәсін түсінсе, әңгіме-сұхбаттың қажеті де жоқ. А.С. Макаренко мұндай амалды кейінге қалдырылған әңгіме-сұхбат деп атаған.

Пікірсайыс–сананы, сенімді, мақсат-мұраттарды, құндылық бағыттарды қалыптастырудың күрделі әдісі. Пікірсайыс дегеніміз оқушыларды толғандырып жүрген тақырыптар бойынша әр түрлі пікірлерді қалыптастыратын пікірталас. Пікірсайыс орта және жоғарғы сыныптарда адамгершілік, саяси, экономикалық, экологиялық, эстетикалық тақырыптарда жүргізіледі.

Пікірсайыстың тақырыбы тыңдалып алынғаннан кейін, өзіндік пайымдауды қажет ететін 5-6 сұрақ белгіленеді. Пікірсайысқа қатысушыларды осы сұрақтармен тыныстырып (сыныпта немесе мектеп қабырғасына іліп қойып), әдебиеттер ұсынылады. Пікірсайыстағы баяндама еркін әрі қызу болуы қажет. Пікірсайыс жүргізушісі қызметін, әдетте мұғалім атқарады, бірақ ерекше дайындығы бар оқушылар да жүргізуші бола алады. Пікірсайыс кезінде мұғалім оқушылардың айтысын бағыттап, олардың ойларын тәртіпке келтіріп, дәлелге сүйенуге үйретеді. Мұғалім оқушылардың пікірін зер салып тыңдауы керек. Пікірсайысты жекелеп өткізгеннен гөрі, оқушылармен бірігіп оқу жылы бойы өткізілетін айтыстар тізімін жасап алған дұрыс.

Соңғы жылдары мектептерде айтыстың, ізденістің, мәселелерге жауап берудің пікірталас сияқты формасы кеңінен қолданылуды. Пікірсайыс ерекшелігі пікірталастарға оқушылар топтары қатысады. Олар алдын-ала баяндамалар дайындайды, онда өмірлік маңызы бар мәселені шешудің ең тиімді деген жобасы оқушының тілегі бойынша жазылады. Пікірталастардың жүргізушісі және командаларды бағалайтын қазылар алқасы сайланады. Пікірталастардың бір түрі «Болашақтың қаласы» телекөрермендерге кеңінен танымал. Мұндай пікірталас ойын ретінде жүргізіледі (үкімет, спикер).

Үлгіге негізделген әдіс. Үлгі балалардың, жасөспірімдердің, жастардың қандай да бір үлгілерге еліктеуіне негізделген. Бұл – санасыз еліктеуден саналы еліктеуге, бейнені көшіруден өзіндік бағытын қалыптастыруға, ойын ретінде еліктеуден өмірде шынайы еліктеуге, сырттай еліктеуден іштей еліктеуге ұмтылу. Тәрбие процесінде қолданылатын үлгілер өте көп (ата-ана, үлкендер, жолдастары, әдеби шығармалардың, кино мен спектакльдердің қа?армандары). Беделді, білімді, оқушылармен қарым-қатынасы демократиялық негізде құралған мұғалім де оқушыларға үлгі бола алады. Үлгі тәрбиенің барлық әдістерінде (түсініктеме, әңгіме-сұхбат, пікірсайыс) қолданылады.

3.Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру

мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері.

Əдістер түрі сан-алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шəкірттерінің білімдік күш-қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог əрекетіне тəуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша – бұл заңдылық. Əлбетте, əдістердің бəрі бірдей тиімді деп айту қиын. Ол үшін сол əдістің түзілу, қолдану жағдайларын білу қажет. Нақты мақсатқа байланысты дайындалған көп əдістердің ішінен біреуі ғана тиімді болуы мүмкін.

Тəрбие тəжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дəстүрлі əдістерге арқа сүйегенді тəуір көреді. Алайда, көптеген жағдайларда олардың да тиімсіз болып қалатыны бар, сондықтан да тəрбиеші əрдайым тəрбиенің нақты шарттарына сай келер көздеген мақсатқа үлкен үнем жəне мол табыспен , жылдам жеткізетін жаңа əдістерді іздестіруге мəжбүр. Тəрбие əдістерін құрастыру, таңдау жəне дұрыс қолдану – педагогикалық шеберлік шыңы.

Тəрбие тəсілі – жалпы əдіс бөлігі, нақты жақсаруға жеткізетін жеке əрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тəсіл- тəрбиешінің өз шəкірттерімен бірге мақсатқа тезірек жету үшін таптап өткен соқпағы. Егер осы тəсілмен басқа да тəрбиешілер пайдалана бастаса, тəсілдер уақыт озуымен даңғыл жолға - əдістерге айналады. Əдістер мен тəсілдер байланысының тығыз екені осыдан көрінеді.

Тəрбие құрал-жабдықтары. Тəрбие жеке ықпалдарды байқатса, құрал-жабдықтар тəсілдердің жиынтығынан құралады. Мысалы, еңбек –тəрбие құралы, ал көрсету, еңбекті бағалау, жұмыс қателігін білдіру –тəсілдер. Сөз (кең мағынада) – тəрбие

жабдығы, ал ілікпе сөз, əзіл ескертпе, ескертпе теңеу – осы жабдық құрамындағы тəсіл. Бұл тұрғыдан кейде тəрбие əдісін көзделген мақсат үшін қолданылатын тəсілдер мен құрал-жабдықтар жүйесі деп те атайды.

Əдіс баламалары өте көп. Олар арасынан мақсаттар мен нақты жағдайларға сай келетіндерін таңдап алу үшін оларды қандай да бір ретке келтіріп, топтастыру, яғни классификациялау қажет. Əдістер классификациясы дегеніміз қандай да белгісі бойынша бір топқа келтірілген əдістер жүйесі. Осы классификацияға арқа сүйеп, педагог барша жүйені анық білуімен бірге оның қажеті мен өзіне тəн сипаттарын тереңірек түсінеді.

Тəрбие əдісі- көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан-алуан. Солар арасында аса танымал болғандарын атап өтейік. Сипаты бойынша əдістер – сендіру, жаттықтыру, мадақтау жəне жазалау. Мұндағы «сипат» мəні – əдістің бағыт-бағдарын, қолдану аймағын, ерекшеліктерін жəне т.б. білдіреді.

Сана қалыптастыру əдістері

Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мəн-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның

көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған. Бұл топ əдістері екінші кезеңде іске қосылатын – сезім, көңіл-күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын болса, тəрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете алмайды. Егер оқушы қабылдаған идеясын өзін толғантқан жарқын бейнеге айналдыра алса ғана, оның бойында ізгі де жарқын сезімдер туады. Өткен жылдар оқулықтарында бұл əдістер тобы сендіру əдістері деп аталған, себебі олардың міндеті – тұрақты наным-сенімдер қалыптастыру болған. Оқушы əрекет-қылығына дем беретін оның білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген адами сапаның қоғамдық қажеттігі мен өзіне пайдалылығын танып, оны өз нанымы негізінде əрекет-қылыққа айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен бірге жүретін психикалық құбылыс. Тəрбие мазмұнымен белгіленген іс-əрекетке бала белсенді араласуға дайын болған жағдайда ғана қолданылатын əдіс өз нəтижесін береді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Кіріспе
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница