«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»




Название«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
страница5/22
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.48 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/OBSOJ/KT/Koshkarov.KTOkAd.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Анализ-синтез методы -өмірдегі шындық пен ғылым заңдарын әр жақты талдап түсіндіретін және оны жинақтап білудің жолдарын үйрететін метод. Анализ-синтез методына байланыстырмайтын және одан тыс зерттелетін бірден-бір ғылыммен танылатын шындық жоқ. Сондықтан да бұл-барлық ғылымға ортақ пайдаланатын және соларды зерттеуде де оқытуда да қолданылып отыратын, маркстік диалектикалық көзқарасқа баулитын методтың бірі.


Анализ бен синтездің бір-бірінен бөліп қарап, екеуі екі бөлек методтың түрі деп есептеуге болмайды. Бұл екеуі бөліп тануға келмейтін бір метод.Дәлірек айтқанда өмірдегі бір шындықты не белгілі бір ғылымды ұсақ элементтеріне талдамай жеке бөлімдері мен құрамын білмей және ол құрамның ішкі заңдылығын талдап көрсетпей, оның нақтылығын білу мүмкін емес болса, анализ-синтез методы – сол бүтіннің бөлшегін, бөлшектердің тұтас түрін бөлмей, бірлікте деп қараудың нәтижесінде танытып, үйретіп отыратын метод.

Анализ-синтез методының қолдану жағын жалпыламай түсінумен бірге, бұлардың жалпылай түсінумен бірге, бұлардың өзіне тән дара белгісі мен ішкі заңдылығын талдап түсіну –оны ғылыми тұрғыда зерттеугежәне практикада дұрыс қолдана білуге жол ашады.

1.Анализ(ескі грек сөзі analysis- ыдырату) белгілі бір ғылымды жігіне, саласына қарай талдау, ажырату деген мағынада қолданылады. Мысалы, тілдегі бір категорияның бөлшектерін талдап білу, бір тақырыптың өзіне өзіне тән белгілерін саралап көрсету, материалдың әр түрлі ерекшеліктерін қамтыған сұрауларға жауап беру, текстен белгілі бір тұлғадағы сөздерді теріп жазу, грамматикалық заңдарды әр жақты алып дәлелдеу немесе қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге, сөйлемді сөйлем мүшелеріне,сөйлем мүшелерін жасалу жолы мен қызметіне, сөйлемдегі сөздерді сөз табы мен сөз құрамына, сөздерді буынға, буынды дыбыстарға талдатып отыру - анализдік жолмен оқытуға жатады.

2. Синтез-(ескі грек сөзі- synthesis- қосу,құрастыру)белгілі бір пәннің бөлшектектерін қосу, біріктіру немесе жеке бөлшектерден бүтін жасау деген мағынада қолданылады.

Егер біз мұны тілді оқытуға қолданатын болсақ, тілдік материалдардың талданып түсіндірілген әрбір шындығы мен заңдарын жинақтап, қорытындылап отыру синтезге жатады.Ол-оқушылардың білім алудағы тұтас және тиянақты ұғымын тудырады,олардың тілден алған білімдерінен өнімді нәтиже шығаруға, оны практикада қолдана білуге жәре білімін молықтырып, кеңейтуге жол ашады.

Мысалы, мектепке жаңа келген балаға алдымен сурет салғызу, одан кейін әріптің элементтеріне ұқсас белгілерді жазғызу, бірте-бірте әріптің жазу, қолдарын жаттықтырып барып әріптің өзін жазу, әріптен сөз құрату, жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер жасату- синтездік жолмен оқыту болып табылады.

Анализ-синтез методы және оның әдіс, тәсілдері қазақ тілінен фонетика саласын өткенде де, орфография мен тыныс белгілерінен жазу жұмыстарын жүргізу үстінде де, лексика саласынан сөз мағыналарын үйретуде де, морфология мен синтаксис саласын оқытуда да қолданылады. Әсіресе, қазақ тілінен жаңа тақырыптарды түсіндіруде оның ерекшеліктерін талдап, нақтылы мысалдар арқылы дәлелдеуде және оқушылардың өздерін іздендіру жолымен жүргізілетін практикалық жұмыстарда (белгілеріне қарай бөліп талдатуда,өздеріне оқытып талдатуда, текстерден жаздырып талдатуда, түріне қарай топтатып талдатуда, орфогрфиялық ережелерді дәлелдеуде, тыныс белгілерін қойғызуда, үй тапсырмасын тексеруде, өткен материалды қайталатып қорытуда т.б.) анализ-синтез методының маңызы зор.

Қазақ тілін оқытуда қолданылатын талдаудың түрлері (фонетикалық талдау, грамматикалық талдау т.б.) анализ-синтез методының принциптеріне негізделіп жүргізіледі.Дәлірек айтқанда, қазақ тілінен өтілген материалдарды талдап та, жинақтап та үйретеді. Соның нәтижесінде оқушыларға тиянақты білім беріледі.

Қазақ тілін оқытуда талдау жұмыстарының маңызының зор екендігі мынадан көрінеді

Біріншіден, талдау жұмысы тілдік материалдарды оқушылардың тиянақты, саналы білім алуына жол ашады.

Екіншіден, оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада іске асырудың жолдарын үйретеді.

Үшіншіден, алған білімдерін қайталап, пысықтап жинақтап отыруға, есіне түсіріп отыруға, әсіресе оның ең ауыр жерлеріне көңіл бөліп отыруға, құнттылығын арттырады.

Төртіншіден, орфографиялық ережелер мен тыныс белгілерін күнделікті өтілетін грамматикалық тақырыптарға байланыстырып отыруға және тыныс белгілері мен орфографиялық ережелерді оқушылардың практика жүзінде меңгеріп кетуіне жол ашады.

Бесіншіден, оқушылардың ойын дамытып,олардың тілден білім алуға белсенділігін арттырады,

Алтыншыдан, сауатсыздықпен,үлгермеушілікпен күресіп отыруға мүмкіндік туғызады.

Міне, осындай құндылығына қарай алғанда, мектептерде қазақ тілінен жүргізілетін талдау жұмыстарының ғылыми практикалық қажеттілігі ерекше зор және көп қолданылып отыратын әдістің түрі.

Талдау негізінен екі түрлі жолмен іске асырылады: 1.Ауызша талдау. 2.Жазбаша талдау.

Кейбір уақыттарда ылғи ауызша не ылғи жазбаша талдау болмай, бір сабақтың үстінде ауызша талдау да, жазбаша талдау да араласып келе береді. Мұндайда ауызша талдау мен жазбаша талдау бірін-бірі анықтап, бірін-бірі толықтырып отырады.

Жүргізілетін талдаудың көлемі мен мақсатына қарай, толық талдау, бөліп талдау болып екіге бөлінеді.

А)Толық талдау-өтілген тілдік материалдарды түгел қайталап, оның ерекшеліктерін толық қамтиды.

Ә)Бөліп талдау-өтілген тілдік материалдарды түгел айтқызып талдап жатпай-ақ, соның бір тарауына ғана талдау жасатады.

Мұнымен бірге талдау жүргізілетін орнына қарай:

А)класта жүргізілетін талдау;

Ә)үйге берілетін талдау болып бөлінеді.

Мектепте тіл материалдарын талдаудың негізгі үш түрі - фонетикалық, грамматикалық және лексикалық талдау – қолданылып келеді. Мұның ішінде лексикалық талдау аз жүргізіледі.

Қорыта келгенде, талдау – мектептерімізде тіл пәнін оқытуда ұдайы қолданылып отыратын өте тиімді әдістің бірі.

Баяндау әдісі — мұғалімнің баяндап түсіндіру жолымен білім беру және оқушыларды баяндатып айтқызу тәжірибелерінен туған және практикалық аңызы бар өнімді әдістің бірі. Дәлірек айтқанда, мұғалімнің өтілетін тілдік материалдың ғылми заңдылығы мен өзіндік белгілерін нақтылы дәлелдер келтіре отырып өзі айтып түсіндіру және оқушылардың өздеріне баяндатып айтқызу жолымен білім беретін метод. Бұл методты жаңа өтілген материалдардың белгілерін талдап түсіндіруде, оқушылар өздерінің алған білімдерін қайталау үстінде қолданып отырады.

Баяндап түсіндіру методы белгілі бір тілдік тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін ғылми тұрғыда әр жақ­ты методтармен ұштастыра, байланыстыра отырып баяндап түсіндіру жолымен өткізіледі.

Баяндау тілдік тақырыптың өзіндік ерекшелігіне, материалдың мазмұны мен көлеміне және әрбір өткізілетін сабақтың құрылысы мен мақсатына сай болып келеді. Ол қашан да мектеп программасы келеміне негізделеді де, әр кластағы оқушылардың жас ерекшелігіне сай болып отырады.

Осы жағын ескере отырып, мүғалім ең алдымен өзінің баяндап түсіндіретін материалдарының көлемін белгілеп, мазмұнын жүйеге келтіріп алады және қолданылатын методының түрлі әдістері мен амалдарын да coған лайықтап қолданады.

Тілдік материалды баяндап түсіндіру үшш оқытушы өзі ғана сөйлей бермейді, оған окушыларды да іздендіріп, қатыстырып, практикалық тұрғыда өздеріне баяндатып отырады.

Егер мұғалім керек деп тапса, сабактың орта кезінде, соңғы қорытынды кезінде де, түрліше талдау жұмыстарын жүргізу үстінде де баяндап түсіндіру методын қолданып отырады.

Баяндап түсіндіру методы негізінен екі түрлі жолмен іске асырылады:

  1. Мысалдан бастап баяндау;

  2. Ережеден бастап баяндау.

Eгep мүғалім өзінің білім берудегі түсінігін ұдайы мысалдан бастай берсе, оқушылар одан жалығады. Сондықтан өтілетін тақырыптың ерекшелігі мен сабақтың құрылысына қарай қайсысы практикаға қолайлы болса, содан бастау оқушыларға түсінікті және тартымды болады. Онымен бірге бұл екеуіне қойылатын мақсатты да бөліп қарауға болмайды, өйткені оқушылардың ақыл-ойын білім шындығымен дамытып, одан тиянақты білім беруде ережені түсіндіру үшін мысалдар беріледі де, сол мысалдарды түсіну үшін оның ережесі беріліп отырылады. Ол әр сабақтың құрылысы мен мақсатына қарай алуан түрлі тәсілдермен іске асыры­лады.

Баяндау методын көп зерттеген ғалымнын, бірі Н. С. Поздняков: «Оқытудың тәсілдері сол үйретілетін материалдардан туып отырады», — деп дәлелдейді. Сондықтан баяндаудың әдістері нақты материалдарды түсіндіруден туып отыру керек. Онымен бірге мұғалім тілдік материалды әр жақты айтып түсіндірудің жолдарын білуі керек.

Олардың кейбіреуін атап айтқанда:

а) Мұғалім немесе оқушы баяндап түсіндіру үстінде өз сөзін өзі бақылап, ойын бытыратып жібермей, жинақтап, айтылған пікірлерін анықтап, нақтылы мысалдармен дәлелдеп, асықпай сөйлейді.

ә) Баяндаудағы ой желісі бірімен-бірі байланысып, алдыңғы ойды соңғы ойы толықтыратындай, алдыңғы айтылған пікірлерін соңғы айтылған пікірі дәлелдейтіндей болып, ұштасып жатады.

б) Түсіндіріп тұрғанда, мұғалім өзінің айтайын деген пікірлеріндегі керекті деп тапқан жерлерін әр түрлі тәсілдермен қайталап айтып, соған оқушылардың ақыл-ой, қабілетін ілестіре түсіндіреді.

Үйретілген материалды мұғалім өзі ғана айтып түсіндірмей, сұрау-жауап тәсілдері арқылы әңгімелесе отырып, оқушылардың өздерін іздендіретін, сол арқылы оларды білім алуға баулитын методтың түрін әңгімелесу методы дейміз.Әңгімелесу методын қолдану оқушылардың сабақ үстінде білім алу талабын арттырып, белсенділігін күшейтеді: жауап беріп, дәлелдеуге қызығады, бірінің айтқанын бірі түзеп, толықтырып отырудың жолдарын үйренеді, тілін ширатады, үйге берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, үнемі орындап отыруға дағдыланады. Сонымен бірге бұл метод оқушылардың өз бетімен ойлануына кең мүмкіншілік туғызып, оқығанын немесе өмір саласынан көріп білгенін мұғалімге әңгімелеп айтып беруге, өз пікірінен саяси-идеялы қорытынды шығара білуге үйретеді т. б.

Әнгімелесу методы тіл пәнінің қандай саласында болмасып — фонетиканы, лексиканы, грамматиканы және емле мен тыныс белгілерін — оқытуда және казақ тілінен өткізілетін сабақтардың барлык, түрінде де қолданылады. Мұғалім бірде нақты фактілерді көрсете отырып, белгілі бір тілдік материалдың кей жерін тартымды әңгімелер арқылы өзі айтып түсіндірсе, кейбір жерлерін (оқушыларға таныс материалдарды) оқушылардың өздеріне айтқызып, әңгімелесу жолымен меңгертеді. Оқушылардың өздеріне қайталап айтқызу арқылы түсіндірілген материал олардың есінде берік сақталады.

Әңгімелесу кезінде мұғалім сыпайы, мәдениетті сөйлеп, оқушыларға деген өзінің қамқорлығын таныта білу керек, сонда оқушылар да сабақка зейін қоя, ынталанып, белсенділігі артады, өздігінен ізденіп жауап беруге, мысалдар іздеп дәлелдеуге тырысады.

Қазақ халқының белгілі педагогының бірі С. Көбеев баланы сөйлеуге үйрету әдістеріне ерекше мән бере келіп: «Баланың сөйлеген сөзі мағыналы, тұжырымды, түсінікті болуына өте зер салып отыру жөн. Мұғалімнің сұрауына толық жауап беруге баланы дайындалып отыратын етіп дағдыландыру керек»,— деп жазады.

Индукция-дедукциялық метод.

Білім шындығы мен танылатын затқа оқушылырдың өздерін ойландыра, іздендіре отырып, жалқыдан бастап жалпыдан ой қорытындысын шығаратын немесе жалпыдан бастап жалқыдан ой қорытындысын шығаратын әдісті- Индукция-дедукциялық әдіс дейміз
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Похожие:

«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» icon«Сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне 5 семестрінде «Шешендік өнер» пәніне оқу жоспарына сәйкес 2...
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» icon«Сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының -курс студенттеріне семестрінде «жообп: Қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар» пәніне...
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» iconПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінен 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді...
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» icon«050117» Қазақ тілі мен әдебиеті (жеделдетілген) және «050112» Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша

«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» iconФилология факультеті студенттерінің ожсб консультациялары мен сынама тестілеу кестесі
В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В019100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» icon050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 050205 «Филология: қазақ тілі» мамандықтары...
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» iconМемлекеттік тіл – ел мәртебесі
Соңғы кездері қазақ тілін оқыту мәселесіне қатысты ғылыми әдебиеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілін екінші тіл ретінде...
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Қазақ тілі мен әдебиеті», 6М050200 – «Филология: қазақ филологиясы» мамандықтарының магистранттарына арналған«Әдебиетті жоғары мектепте...
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» iconҚазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (жеделдетілген), 5В 012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница