«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»




Название«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
страница14/22
Дата конвертации13.02.2016
Размер2.48 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/OBSOJ/KT/Koshkarov.KTOkAd.doc
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

4.Бақылау сұрақтары


  1. Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі.

  2. Синтаксисті оқытудағы көрнекілік.

  3. Грамматиканың күрделі де қиын, әрі жауапты саласы синтаксисті оқушыларға оқыту негізінен қандай мақсаттарды көздейді?

  4. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негізі мен мазмұны.

  5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны қамтидындар

  6. Синтаксистің көрнекі құралына негізінен қандай талаптар қойылады?

  7. Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі

  8. Жай сөйлем синтаксисінің зерттелуі

  9. Синтаксисіт оқытуа қандай методологиялық талаптарды негізге алуға болады?

  10. Сөйлем мүшесі мен оның түрлерін қалай түсіндіріп бересіз?


5.Студенттің үй тапсырмасы


1.Жай сөйлем ситаксисінен оқушыларға берілетін білім көлемін анықтауда басшылққа алынатын нұсқаулар мен талапар.

2.Жай сөйлем ситаксисін оқытудың жүйесі

3.Сөйлем мүшесі мен оның түрлері

4.Мектеп оқулығына сәйкес тақырыпта сабақ жоспарын құру.

5.ОБСӨЖ тақырыбаны сай реферат жұмысын орындау


6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы


1.Жай сөйлем ситаксисінің материалдарын оқыту жүйесі орналасуы жөнінде баяндаңыз

2.Сөйлем жөнінде түсінік беріңіз.

3. Құрмалас сөйлем синтаксисінің кеңес дәуірінде зерттелуі

4. Құрмалас сөйлемнің қазақ төңкерісіне дейін зерттелуі


7. Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1.Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1988 ж.

2.М. Әлімжанов, Ы. Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1966 ж.

3.Х. Арғынов. Қазақ тілі синтаксисі. А., 1969 ж.

4.Б. Құлмағанбетова, А. Исанова, М. Исинғарина, М. Көккөзова, Р. Құрманғалива, П. Айтжанова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А.,2000 ж.

5.А. Жапбаров. Оқушылырдың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және мазмұндама жүргізудің әдістемесі.

А., 2002 ж.

Көмекші:

1.А. Байтұрсынов. Тіл тағылымы. А.,1992 ж.

2.Ә. Исабаева. Қазақ тілін оқытудың диактикалық негіздері. А., 1993 ж.

3.Ф. Оразбаева. Тілдік қатысым: теориясы менәдістемесі. А.,2000 ж.

4.Ж. Нұржанова. Қазсқ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001 ж.

5.З. Бейсамбайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001 ж.

6.Ф. Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. А., 1959 ж.


36 Сабақ


1.Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесін оқыту әдістемесі.


2.Сабақтың жоспары:


1.Сөз тіркесін өтуде қолданылатын әдіс-тәсілдер.

2.Пайдаланылатын көрнекіліктер.


3.Теориялық мәліметтер:


Қазақ тілі синтаксисінің ең басты саласының бірі- сөз тіркесі. Сондықтан да синтаксис тек қана сөйлем жайындағы ғылым емес, сонымен бірге сөз тіркесі жайындағы ғылым деп танылып жүр. Сөздер бір-бірімен мағыналық жағынан және синтаксистік байланысқа түспей тіркес жасай алмайды. Ал сөз тіркесінсіз сөйлем жоқ. Жеке сөздер сөз тіркесінің материалы болса, сөз тіркестері- сөйлемнің материалы.

Қазақ тілінде сөз тіркесі деген термин бір-ақ ұғымды білдіріп қоймайды. Сөзтіркесі дегенде, тілімізде лексикалық сөз тіркесі және синтаксистік сөз тіркесі бары еске түсіріледі.

Лексикалық сөз тіркесі жаңа мағына білдіретін сөздердің басын біріктіреді.

Синтаксистік сөз тіркесі толық мағыналы екі я онан да көп сөзден жасалады. Синтаксис курсында оқушыларға біздің білдіретініміз- осы соңғы тіркес, яғни синтаксистік сөз тіркесі. Синтаксистік сөз тіркесінің лексикалық сөз тіркесінен айырмашылығы сол: бұл сөйлемнің қарауына түскенде, екі сөйлем мүшесінің қызметін атқарады, ал лексикалық сөз тіркесі бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

Оқушылырға сөз тіркесін түсіндіргенде, олардың осындай өздеріне тән белгілері барын нақты тілдік фактілермен дәлелдеу керек. Сонда ғана олар, оқушылыр, синтаксистік сөз тіркесін лексикалық сөз тіркесімен, екіншісөзбен айтқанда, сөз тіркесін күрделі сөздермен тұрақты тіркестермен шатастырмайтын болады.

Оқушылырға сөз тіркесінен тереңірек білім беру үшін ол жайында төмендегідей деректерді білдірген дұрыс.

  1. Сөзтіркесі жайында түсінік.

  2. Сөз тіркестерінің жасалу жолдары.

  3. Сөз тіркесініңқұрамы.

  4. Сөз тіркесінің түрлері.

  5. Сөздердің байланысы.

  1. Сөз тіркесін оқушылырға алғаш танытқанда, оны сөйлемнен

оқшаулап алып, жеке-жеке тіркестің өзін ғана мысалңа келтіру арқылы білдіруге болмайды. Өйткені сөз тіркесі өзі сөйлем жасау үшін, сөйлем жасарлық материал болу үшін құрылады. Сондықтан да сөз тіркесіжайында алғаш дерек беремін деп отврған сабақта мұғалім алдымен бір сөйлемді мысалға келтіріп, соеы талдау арқылы сөз тіркесі онда неше сөз тіркесінң барын танытқаны дұрыс. Мәселен мұғалім мысалға мынандай сөйлемалған енке дейік: Сіздерді өз Отанымда көргеніме қуаныштымын.

Оқушылырдың төменгі сыныптарда алған сингтаксистен алған біліміне сүйене, орып, мұғалім сөйлемді талдатады. Талдатқанда мұғалім алдымен мұның қандай сөйлемекенін, толық мағыналы қанша сөз, сөйлем мүшесі барын, олардың қандай сұраққ ажауап болып тұрғанын оқушыларғаайтқызады.Оқушылыр бұл сөйлемнің хабарлы сөйлем, жай сөйлемекенін, мұнда толық мағыналы сө, сөйлем мүшесібарын, олардың қандай сұрауларға жауап болып тұрғанын айтып береді.

Егер сыныпта осы сөйлемді талдай алатын бірде-бір оқушы болмаса, онда мұғалімнің өзіталдайды. Сонан кейін солсөйлемдегі қайсөздерді бір-біріне қосарлап айтуға болатынын оқушылырдан сұрастырылады. Немесе неге қуанышты? қайда көргенге? Қай Отанда? Кімді көргенге? Деген сұраулар қойып, жауапқайтарады да,осылай бір-біріне қосақаталып өзара топ жасап айтылған толық мағыналы сөздердің немесе сөйлем мүшелерінің сөз тіркесі, оның ішінде синтаксистік сөзтіркесі деп аталатынын мұғалім қорыта айтады.

Мұнан кейін сөздер бір-бірімен қалай болса солай тіркесе салмай, белгілі бір заңдылықтарға сүйенетінін, өзара байлансып сөйлем жасау үшін тіркесетінін, сондықтан да олардың синтаксистік сөзтіркесі деп аталатынын мұғалім түсіндіреді.

2.Сөз тіркесінің екі түрін (есім, етістікті сөз тіркесі) таныту үшін мұғалімтаблицада берілгенсөздерді оқытады да,схемеарқылы берілген сөздедің әрқайсысн өз парымен айтқанда, қандай-қандай және қанша сөз тіркестері болатынын сұрастырады. Сонан кейін бірінші графадағы сөз тіркестерінің басыңқы компонеті қай сөз табынан жасалғанын, яғни бағыныңқы сөздердің тұлғасы мен қай сөзтабынанжасалғанын айтқызады.

3.Қазақ тілі синтаксисі қарастырытын ең қиын да күрделі мәселердің бірі-сөйлемдегі сөздердің байланысы.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын берік естесақтау үшін, оқушылырдың үш нәрсені білулеріқажет:

  1. Сөйлемдегі сөздерүнемі бір-бірімен байланысып келетіні.

  2. Сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдері.

  3. Сөйлемдегі сөздердің байланысу түрлері.

Сөйлем туралы түсінік бергенде, оқушылар сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық т, мағыналық та байланыста болатыны жайында жеңіл-желпідеркеалады. Ал сөйлемдегі сөздердің байланысы арнайы оқытылып отырған сабақта оқушылыр мұны кеңінен саралай өтеді, бұл жайында ереңірек білім алады.

Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысын оқушылырға тереңірек таныту үшін, тақтаға сөйлемдер жазып немесе арнайы жасалған көрнекі құралды пйдаланып көлемді және көп салалы талдаудың бірі. Синтаксистік талдау оқушыларды дұрыс сөйлеуге дағдыландырып, логикалық ойын дамытады. Олардың лексика саласы мен морфология саласынан өткен материалдарын қайталап, сөйлемдегі қызметін әр жақты зерттеп білуге үйретеді.


4.Бақылау сұрақтары


1.Сөз тіркесі дегінміз не?

2.Сөз тіркесін өтуде қолданылатын әдіс-тәсілдер.

3.Пайдаланылатын көрнекіліктер.

4.Қазақ тілі синтаксисінің ең басты саласы

5. Қазақ тілінде сөз тіркесі деген термин түсінік беріңіз.

6.Сөз тіркесі дегенде нені түсінесіз?

7. Синтаксистік сөзтіркесі дегеніміз не?

8. Сөйлемдегі сөздердің байланысын есте сақтау үшін, оқушылырға білетін қажет нәрселер.

5.Студенттің үй тапсырмасы


1.Сөздердің байланысу түрлері.

2. Сөздердің байланысу түрлеріне мысалдар келтіріңіз.

3.Бірнеше сөйлемге толығымен синтаксистік талау жасаңыз.


6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы


1. Сөз тіркесінің түрлері

2. Сөйлем туралы түсінік

3. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысын оқушылырға тереңірек таныту үшін, қолданылатын әдіс-тәсілдер.



7. Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1.Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1988 ж.

2.М. Әлімжанов, Ы. Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1966 ж.

3.Х. Арғынов. Қазақ тілі синтаксисі. А., 1969 ж.

4.Б. Құлмағанбетова, А. Исанова, М. Исинғарина, М. Көккөзова, Р. Құрманғалива, П. Айтжанова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А.,2000 ж.

5.А. Жапбаров. Оқушылырдың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және мазмұндама жүргізудің әдістемесі.

А., 2002 ж.

Көмекші:

1.А. Байтұрсынов. Тіл тағылымы. А.,1992 ж.

2.Ә. Исабаева. Қазақ тілін оқытудың диактикалық негіздері. А., 1993 ж.

3.Ф. Оразбаева. Тілдік қатысым: теориясы менәдістемесі. А.,2000 ж.

4.Ж. Нұржанова. Қазсқ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001 ж.

5.З. Бейсамбайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001 ж.

6.Ф. Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. А., 1959 ж.


37 Сабақ


1.Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем синтаксисінен берілетін білім көлемі.


2.Сабақтың жоспары:


Мектеп бағдарламасындағы қиындық келтіріп жүрген синтасистік тұлғаларды іріктеп, дұрыстап теріп,көрнекілік материалдарын жасау.


3.Теориялық мәліметтер:


Оқушылар сөйлем жайында бастауыш сыныптың өзінде-ақ әжептәуір білім алады. Мысалы: төменгі сынып оқушылары берілген мәтінде неше сөйлемнің барын, сөйлемнің сөзден жасалатынын, сөйлемнің құрамындағы сөз санын , сөйлемнің басты түрлерін практикалық түрде біліп келеді. Ал жоғарғы сыныптарға сөйлем жайында білім бергенде төменгі сыныптарда білдірілгендерді жинақтап айта салуға болмайды. Оқушыларға бұрыннан мәлім деректерді қайталап айтып беру, олардың оқуға деген ынтасын әлсіретіп оқушыларды құрғақ жаттауға итермелейді. Сондықтан оларға сөйлемнен білім, практикалық дағдылар беру үшін мұғалім келесі сабаөқтарға кіріспе әңгіме өткізіп оқушылардың сөйлемге деген ынтасын оятып, ынтасын арттырып алған жөн. Кіріспе әңгімеде мына мәселелерді қамту керек:

1. Тіл адам баласының қатынас құралы екені, ойдың тіл арқылы берілетіні, тілдің қоғамдық мәні, тілдің ұсақ бөлшегі сөйлем екені, осы сабақта сөйлем жайында оқитынын тағы басқа.Бұл сабақта мынадай көрнекі құралдарды пайдаланады: Мысал: Жамбыл. Жамбыл ауданы. Өз елімізге қолымыздан келгенінше қызмет ету әрқайсымыздың міндетіміз.


Сөйлем




Бір сөзді: Екі сөзді: Бірнеше сөзді:

Жамбыл Жамбыл ауданы. Өз елімізге қолымыздан келгенінше

қызмет ету әрқайсымыздың міндетіміз.

Мұғалімнің талап етуі бойынша балалар бұл таблицаны қарап шығып онда неше сөйлемнің барын, әр сөйлемнің не жайында айтылғанын яғни қандай ойды білдіретінін әр сөйлемнің неше сөзден және қандай сөз табтарынан жасалғанын, әр сөздің қай тұлғада келгенін және қай сөздің қай сөзбен байланысып тұрғанын айтады.Осындай жұмыстарды орындату арқылы мұғалім оқушылардың сөйлем түрінде нені білгендерін аңғарады және сөйлем жайында бұрыннан білетін деректерді жүйелейді.Үшіншіден морфологиядан берілген білімді синтаксиспен байланысын қарастырады. Сондай-ақ дидактикалық принципті басшылыққа алып жаңа материялды оқушыға саналы түрде түсіндірудің алғы шартын жасайды, яғни сөйлем туралы теориялық білім беруге мүмкіндік тудырады. Бұдан, соң мұғалім таблицадан келтірілген тілдек фактілерді талдай отырып мұғалім оқушыларға сөйлемнің мынадай бес түрін айтады:

  1. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

  2. Сөйлем бір немесе бірнеше сөз тіркесін білдіреді.

  3. Сөйлемдігі сөздер өзара байланыста болады.

  4. Сөйлемде сөздер мен сөз таптарының барлық түрі кездеседі.

  5. Әр сөйлемнің айтылатын интонациясы (сөйлеу сазы) болады.

Сөйлегенде әр сөйлемді өз сазы мен айтамыз, жазғанда әр сөйлемнің өз тыныс белгісін қоямыз. Сөйлемнің басты белгілерінің негізінде оларға мынадай беріледі. Аяқталған ойды білдіретін бір немесе бірнеше сөз тіркесін сөйлем дейміз. Сөйлем мағынасына, сазына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, лепті т.б. болады, ал құрама ойды білдіруіне орай жай және құрмалас болып екіге бөлінетіні ескертіледі. Сөйлем жайында алған теориялық білімдерін оқушылар жазба, сөйлеу тілінде қолдана білу үшін олардың бойында дағдыфларды қалыптастары білу қажет.

  1. Кез-келген текстегі және ауызша сөзден сөйлемнің қандай ойды білдіріп тұрғанын түсіну және айтып беру.

  2. Сөйлемнің құрамы мен құрылысын білу.

  3. Сөлемдегі сөздердің қайсысы қайсысымен байланысып тұрғанын түсіну.

  4. Сөйлемнің сазын ажырата білу.

  5. Әр сөйлемді өз сазымен айту және оқу.

  6. Сөйлем мен сөйлемнің жігін ажырата білу.

  7. Сөйлемнің тыныс белгілері қойылмай кіші әріппен жазылған сөйлемдерді мағынасына қарай саралап, олардың тиісті тыныс белгілерін қою.

  8. Бір сөзді де бірнеше сөзді де сөйлемдерге мысал келтіру және ондай сөйлемдерді мазмұндама, шығарма жазуда орынды пайдалану білу.

  9. Берілген сөздерден сөйлем құрау.

  10. Бір сөзді сөйлемді көп сөзді сөйлемге айналдыру, керісінше көп сөзді сөйлемді бір сөзді сөйлемге айналдыру, мысал келтіру.

  11. Сөйлемнің өзіндік белгілерін айтып беру, мысал келтірте отырып, ауызша және жазбаша тексерту.


4.Бақылау сұрақтары


  1. Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі.

  2. Синтаксисті оқытудағы көрнекілік.

  3. Грамматиканың күрделі де қиын, әрі жауапты саласы синтаксисті оқушыларға оқыту негізінен қандай мақсаттарды көздейді?

  4. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негізі мен мазмұны.

  5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны қамтидындар

  6. Синтаксистің көрнекі құралына негізінен қандай талаптар қойылады?

  7. Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі

  8. Жай сөйлем синтаксисінің зерттелуі

  9. Синтаксисіт оқытуа қандай методологиялық талаптарды негізге алуға болады?

  10. Сөйлем мүшесі мен оның түрлерін қалай түсіндіріп бересіз?


5.Студенттің үй тапсырмасы


1.Жай сөйлем синтаксисінен оқушыларға берілетін білім көлемін анықтағанда басшылыққа алынатын талаптар мен нұсқаулар.

2. Жай сөйлем ситаксисін оқытудың жүйесі

3.Сөйлем мүшесі мен оның түрлері

4.Мектеп оқулығына сәйкес тақырыпта сабақ жоспарын құру.

5.ОБСӨЖ тақырыбаны сай реферат жұмысын орындау

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы


1.Жай сөйлем ситаксисінің материалдарын оқыту жүйесі орналасуы жөнінде баяндаңыз

2.Сөйлем жөнінде түсінік беріңіз.

3. Құрмалас сөйлем синтаксисінің кеңес дәуірінде зерттелуі

4. Құрмалас сөйлемнің қазақ төңкерісіне дейін зерттелуі

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

Похожие:

«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» icon«Сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне 5 семестрінде «Шешендік өнер» пәніне оқу жоспарына сәйкес 2...
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» icon«Сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының -курс студенттеріне семестрінде «жообп: Қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар» пәніне...
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» iconПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінен 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді...
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» icon«050117» Қазақ тілі мен әдебиеті (жеделдетілген) және «050112» Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша

«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» iconФилология факультеті студенттерінің ожсб консультациялары мен сынама тестілеу кестесі
В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В019100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» icon050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 050205 «Филология: қазақ тілі» мамандықтары...
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» iconМемлекеттік тіл – ел мәртебесі
Соңғы кездері қазақ тілін оқыту мәселесіне қатысты ғылыми әдебиеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілін екінші тіл ретінде...
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Қазақ тілі мен әдебиеті», 6М050200 – «Филология: қазақ филологиясы» мамандықтарының магистранттарына арналған«Әдебиетті жоғары мектепте...
«Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» iconҚазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (жеделдетілген), 5В 012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница