Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ




Скачать 360.75 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы президентінің жанындағЫ
страница1/4
Дата конвертации13.02.2016
Размер360.75 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.pa-academy.kz/images/files/programm/kz/politologiakz.doc
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ


МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ



БЕКІТІЛДІ

2014 жылғы «26» наурыздағы

ҒӘжҒК мәжілісінде,

9 хаттама









6М050200 – «Саясаттану» (Public Policy) мамандығы бойынша

Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебіне

2014–2015 оқу жылына

оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана - 2014

Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже


1. «Саясаттану» мамандығы бойынша қабылдау емтиханының бағдарламасы саясаттану бағыты бойынша Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік білім стандарты негізінде жасалды.

Бағдарлама үміткерлердің кәсіптік магистратура бағдарламасы бойынша оқу жоспары шеңберінде оқытылатын негізгі пәндердің іргелі негіздерін білуін, сондай-ақ осы білімдерін теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуде қолдана білуін көздейді.

  1. Бағдарламада мынадай мәселелер қамтылған:

а) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің оқу жоспары шеңберіндегі негізгі пәндердің бағдарламасына сәйкес келетін;

б) ұсынылатын оқу және әдістемелік әдебиеттерде, нормативтік құқықтық актілерде, сондай-ақ кітапханада бар ғылыми басылымдар мен жарияланымдарда баяндалған.

3. Кешендік емтихан саясаттану, әлеуметтану, экономика негіздері бойынша жоғары білім беру бағдарламаларын қамтиды және электрондық тестілеу түрінде өткізіледі.


ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАЛАПТАР


САЯСАТТАНУ


1-тақырып. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде.

Саясат ғылымдары пәні. Саясат теориясы. Саясаттың функциялары, ерекшелігі және көріну саласы. Саясат туралы заманауи түсініктер. Саяси биліктің табиғаты мен мәні. Билік ету әдістері. Билік қатынастарының легитимділігі түсінігі. Легитимділік пен заңдылықтың арақатынасының мәселелері. Саяси шешімдер: даярлау, қабылдау, жүзеге асыру технологиялары

2-тақырып. Саяси процесс.

«Саяси процесс» түсінігі және оның мазмұны. Саяси процесс кеңістік пен уақыт аралығында өзгеретін саяси ахуалдардың тізбегі ретінде. Саяси процестің құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің сипаттамасы. Саяси процестің сипатын, қызмет ету бағыттылығы мен режимін айқындаушы факторлар. Саяси процесті жүзеге асырудың негізгі кезеңдері. Саяси қатысу және оның нысандарының әралуандығы. Саяси режимдердің типологиясы.

3-тақырып. Саяси партиялар және партиялық жүйелер.

Қоғамдағы партияның орны мен рөлі. Партиялар классификациясы. Партиялық жүйелердің қоғамдағы орны. Партиялық жүйелердің функциялары. Партиялық жүйелердің құрылымы. Партиялық және сайлау жүйелерінің өзара байланысы. Партиялық жүйелер динамикасы.


4-тақырып. Саяси идеология

Идеологияның пайда болуы және мәні. Қазіргі идеологиялық тұжырымдамалар. Саяси идеология, қоғамдық қозғалыстар және партия.

Қазіргі радикализм мен экстремизм. Ұлтшылдық саяси идеология ретінде. Қазіргі «балама идеология» (феминизм, экологизм, діни фундаментализм және т.б.).

5-тақырып. Саяси элиталар және саяси көшбасшылық.

«Саяси элита» түсінігі. Г. Моска, В. Парето мен Р. Михельстің элиталар теориясы. Қоғамның элитарлығының себептері. «Саяси көшбасшылық» түсінігі. Саяси көшбасшылықтың табиғаты. Саяси көшбасшылықты айқындау. Жеке басқа табыну. Демократия мен автократия жағдайындағы саяси көшбасшылық институты.

6-тақырып. Азаматтық қоғам саяси жүйенің негізін салушы инфрақұрылым ретінде.

Азаматтық қоғамды қалыптастырудың тарихи алғышарттары және оның дамуының маңызды кезеңдері. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің өзара байланысы: адам құқығы мен азамат құқығы. Әлеуметтік таптар, топтар, топталулар және мүдделі топтар, олардың мүдделері мен ұстанымдарының саяси процестегі көрінісі.

7-тақырып. Саяси мәдениет және қоғамның саяси санасы.

«Саяси мәдениет» түсінігі. Саяси мәдениеттің деңгейлері мен типтері. Саяси қосалқы мәдениет (субмәдениет) түсінігі. Қазіргі қазақстандық саяси мәдениеттің ерекшеліктері.

«Саяси сана» түсінігі. Саяси сана мен саяси жүріс-тұрыс. Бұқаралық саяси сана. Масс-медиа және бұқаралық сана. Бұқара психологиясы. Бұқаралық сананы бұрмалау. Саяси символика. Паблик Рилейшнз саяси ғылымдар жүйесінде.

8-тақырып. Саяси жаңғырту.

«Демократияландыру толқындары» теориясы (С. Хантингтон). Қазақстандық қоғамды саяси жаңғырту. Атқарушылық билікті жаңғырту. Президенттік институтын енгізу. Қазақстандағы заң шығарушы билікті жаңғырту. Жаһандық ықпалдасу жағдайында Қазақстанның партиялық және сайлау жүйесін жаңғырту. Қазақстанның саяси жүйесін реформалау келешегі.

9-тақырып. Саяси шиеленіс және саясаттағы дағдарысты ахуал.

«Саяси дағдарыс» мен «саяси шиеленіс» түсінігі және олардың мазмұны. Дағдарысты және шиеленісті саяси ахуалдардың генезисі. Саяси шиеленістер: мәні, түрлері мен шешу тәсілдері. Саяси шиеленістің даму кезеңдері. Шиеленісті жағдайлардың ерекшеліктері және қазіргі саяси процестегі консенсус проблемалары. Қазіргі қазақстандық қоғамдағы саяси шиеленістер. Саяси шиеленістерді реттеудің әдістері мен тәсілдері.


10-тақырып. Саяси процестерді зерттеудегі саяси технологиялар.

«Саяси технологиялар» түсінігі. Саясаттағы қазіргі қолданбалы технологиялар. Қоғамның әлеуметтік-саяси өмірінің құбылыстарын зерттеу, бағалау және болжау, саяси процестерді талдау. Жүйелік тәсілді қолдану және саяси талдау технологиясында саяси құбылыстарды модельдеу. Саяси күштерді орналастыру мониторингі, контент-талдау және бағалау. Сайлау науқандары, саяси партиялар және олардың көшбасшылары. БАҚ мониторингі.

11-тақырып. Ұлттық саясат және этносаралық қатынастар проблемасы.

«Этносаясат» түсінігі. Ұлттық саясат ұлтаралық қатынастарды реттеу және этникалық процестерді басқару бойынша мемлекеттің қызметі ретінде. Ұлттық өзін өзі билеу қағидаты, ұлттар мен азаматтардың тілге, дінге, нәсілге, ұлтына байланыссыз тең құқықтығы қағидаты. Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі міндеттері. Қазақстанның тілдік саясаты. Қазақстан халқы Ассамблеясы этникааралық қатынастарды үйлестірудің бірегей органы ретінде.


12-тақырып. Саяси жүйе және Қазақстан Республикасының институттары.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі. ҚР саяси жүйесінің эволюциясы. ҚР саяси жүйесіндегі мемлекет. Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу және дамуының негізгі кезеңдері.

Қазақстандағы партиялық құрылыстың ерекшеліктері.

Қазақстандағы саяси элиталар, мүдделер мен қысым топтары

ҚР-дағы Президенттік институты: дамудың ерекшеліктері мен үрдістері.

ҚР-дағы парламентаризм институты: жай-күйі және келешегі.

ҚР-дағы саяси жүйені демократияландыру: жай-күйі және келешегі.


13-тақырып. Халықаралық және өңірлік қауіпсіздік контексіндегі Қазақстан Республикасының саясаты.

Жаһандану және оның мемлекеттің тұрақты дамуына әсері. Халықаралық қауіпсіздік түсінігі, мәні мен құрылымы. Халықаралық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөліктері: экономикалық, әлеуметтік, саяси, әскери, экологиялық, рухани-адамгершілік, ақпараттық. Өңірлік қауіпсіздік проблемалары.

Халықаралық терроризм, саяси экстремизм және қару мен есірткіні тарату проблемасы. Қазақстан халықаралық және өңірлік қауіпсіздік құрылымында. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамалық негіздері және негізгі басымдықтары. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдықтары. Орталық Азиядағы интеграциялық процестердің келешегі. Қазақстан Республикасы әскери қауіпсіздігінің ықтимал негізгі қауіп-қатерлері.

14-тақырып. Геосаясат және қазіргі әлемдегі геосаяси процестер.

Геосаясаттың мәні және қазіргі түсінігі. С. Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» мен З. Бжезинскийдің «Ұлы шахмат тақтасы» геосаяси тұжырымдамалары. Қазіргі халықаралық қатынастарды геосаяси талдау. Әлемнің қазіргі геосаяси көрінісіндегі Қазақстанның орны мен рөлі. Қазақстан Республикасының геосаяси факторлары. Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік проблемалары.

Халықаралық бірлестіктердің типтері және олардың саяси рөлдерінің айырмашылығы: саяси және саяси емес (экономикалық, діни), мемлекеттік және мемлекеттік емес (үкіметтік емес) ұйымдар. БҰҰ-ның, НАТО-ның, ЕҚЫҰ-ның, АӨСШК-нің, ШЫҰ-ның, Кеден одағының және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзге де институттардың саяси рөлі. Халықаралық трансұлттық корпорациялардың, кәсіподақ, әйелдер, жастар, экологиялық және басқа да ұйымдардың қазіргі саяси процестерді дамытуға тигізетін ықпалы.


НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТ


  1. Пугачев В.П., Соловьев А.И. Введение в политологию. – М.: Аспект-Пресс, 2008. – 477 с.

  2. Соловьев А.И. Политология: Политическая теория, политические технологии: Учебник для студентов вузов. – М., 2010.

  3. Халипов В.Ф. Наука о власти. Кратология. Уч. пособие. – М.: ОСЬ-89, 2002. – 448 с.

  4. Шестопал Е.Б. Политическая психология. – М.: Аспект-Пресс, 2007. – 427 с.

  5. Щербина Н.Г. Теории политического лидерства. – М.: Весь мир, 2004. – 184 с.

  6. Мухаев Р.Т. Политология: учеб. для студентов вузов /Р.Т. Мухаев. – М: ЮНИТИ-ДАНА, 2008,495 с.


қосымша әдебиет


  1. Антология мировой политической мысли: В 5 т. Т. 3, Т. 4. – М., 1997.

  2. Ашимбаев Д., Хлюпин В. Казахстан: история власти. Опыт реконструкции. – Алматы: Credos, 2008. - 920 с.

  3. Беляков А.В. Большая актуальная политологическая энциклопедия. 1000 актуальных понятий современной политической жизни. – М.: ЭКСМО, 2009. – 424 с.

  4. Искакова Г.К. Политология прав человека: Уч. пособие. – Астана: Фолиант, 2007. – 406 с.

  5. Олбрайт М. Религия и мировая политика / Пер. С англ. – М.: Алтпина Бизнес Букс, 2007. – 352 с.

  6. Сейлеханов Е.Т. Политическая система Республики Казахстан: опыт развития и перспективы. – Алматы: КИСИ, 2009. – 291 с.

  7. Сыроежкин К. ШОС и ОДКБ: проблемы взаимодействия /Материалы IV Ежегодной Алматинской конференции «Концепции и подходы к региональной безопасности: опыт, проблемы и перспективы взаимодействия в Центральной Азии». КИСИ при Президенте РК. – Алматы, 7 июня 2006.

  8. Токаев К.-Ж.К. Свет и Тень. Очерки казахстанского политика. – Алматы: Восток-Запад, 2008. – 544 с.

  9. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций / Пер с англ. Т. Велимеева, Ю. Новикова. – М.: ООО «Изд-во АСТ», 2003. – 603 с.

  10. Этциони А. От империи к сообществу: новый подход к международным отношениям. – М., 2004.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІ

  1. Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы.

  2. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 1997 жылғы 10 қазандағы «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауы.

  3. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы.

  4. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы.



«6М050200 – Саясаттану» мамандығы бойынша

кешендік емтиханның тест тапсырмаларына енгізу үшін үлгілік сұрақтар


  1. Саясат ғылымдары пәні.

  2. Саясаттың функциялары, ерекшелігі және көріну саласы.

  3. Саяси биліктің табиғаты мен мәні.

  4. Билік қатынастарының легитимділігі түсінігі. Легитимділік пен заңдылық арақатынасының мәселелері.

  5. Саяси шешімдер: даярлау, қабылдау, жүзеге асыру технологиялары.

  6. «Саяси процесс» түсінігі және оның мазмұны.

  7. Саяси процестің құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің сипаттамасы.

  8. Саяси қатысу және оның нысандарының әралуандығы.

  9. Саяси режимдердің типологиясы.

  10. Қоғамдағы партияның орны мен рөлі. Партиялар классификациясы.

  11. Партиялық жүйелердің қоғамдағы орны.

  12. Партиялық және сайлау жүйелерінің өзара байланысы.

  13. Идеологияның пайда болуы және мәні.

  14. Қазіргі идеологиялық тұжырымдамалар.

  15. Ұлтшылдық саяси идеология ретінде.

  16. «Саяси элита» түсінігі.

  17. Г. Моска, В. Парето мен Р. Михельстің элиталар теориясы. Қоғамның элитарлығының себептері.

  18. Саяси көшбасшылықтың табиғаты.

  19. Демократия мен автократия жағдайындағы саяси көшбасшылық институты.

  20. Азаматтық қоғам: мәні, негізгі белгілері.

  21. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің өзара байланысы: адам құқығы мен азамат құқығы.

  22. «Саяси мәдениет» түсінігі. Саяси мәдениеттің деңгейлері мен типтері.

  23. Саяси қосалқы мәдениет (субмәдениет) түсінігі. Қазіргі қазақстандық саяси мәдениеттің ерекшеліктері.

  24. «Саяси сана» түсінігі. Бұқаралық саяси сана.

  25. Саяси сана мен саяси жүріс-тұрыс.

  26. Саяси символика. Паблик Рилейшнз саяси ғылымдар жүйесінде.

  27. «Демократияландыру толқындары» теориясы (С. Хантингтон).

  28. Қазақстандық қоғамды саяси жаңғырту.

  29. «Саяси дағдарыс» мен «саяси шиеленіс» түсінігі және олардың мазмұны.

  30. Шиеленісті жағдайлардың ерекшеліктері және қазіргі саяси процестегі консенсус проблемалары.

  31. Қазіргі қазақстандық қоғамдағы саяси шиеленістер.

  32. Саяси шиеленістерді реттеудің әдістері мен тәсілдері.

  33. «Саяси технологиялар» түсінігі.

  34. Сайлау науқандары және саяси технологиялар.

  35. «Этносаясат» түсінігі. Қазақстан Республикасының этносаясатының негізгі міндеттері.

  36. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі: қалыптасу және дамуының негізгі кезеңдері.

  37. Қазақстандағы партиялық құрылыстың ерекшеліктері.

  38. ҚР-дағы Президенттік институты.

  39. ҚР-дағы парламентаризм институты.

  40. Жаһандану және оның мемлекеттің тұрақты дамуына әсері.

  41. Өңірлік қауіпсіздік проблемалары.

  42. Халықаралық терроризм, саяси экстремизм және қару мен есірткіні тарату проблемасы.

  43. Геосаясаттың мәні және қазіргі түсінігі.

  44. С. Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» мен З. Бжезинскийдің «Ұлы шахмат тақтасы» геосаяси тұжырымдамалары.

  45. Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік проблемалары.

  46. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік идеологиясын қалыптастыру проблемалары.

  47. Қазіргі Қазақстандағы саяси әлеуметтену ерекшеліктері.

  48. Этносаралық қатынастардың қазақстандық моделі. Мәңгілік Ел ұлттық идеология ретінде.

  49. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің проблемалары.

  50. Жергілікті өзін-өзі басқару және әкімдердің сайлануы.


  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ iconҚазақстан Республикасының Президенті жанындағы Академия түлектерінің қауымдастығы
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №119 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа...
Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ iconҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
«6М050600 – Экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілер үшін кешенді қабылдау емтиханының
Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ iconҚазақстан республикасы президентінің жарлығЫ Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №856 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасы Конституциясының нормаларын іске асыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін жетілдіру мақсатында Қаулы етемін
Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ iconҚазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ iconҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
Кешенді емтихан бағдарламасына пәннің екі блогы енген, олар: «Экономикалық теория», «Менеджмент негіздері»
Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау
Ме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің...
Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ iconҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша Академияға докторантураға оқуға түсушілерге арнайы пәндер бойынша қабылдау емтиханының
Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ iconҚазақстан республикасының Қабылданатын заң жобаларының Әрекетінің Әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау бойынша
Мелік қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы ретінде әзірленетін заңнама...
Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница