Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары




НазваниеМедициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары
страница1/6
Дата конвертации13.02.2016
Размер1.09 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/1_prilozhenie.doc
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 30 қаңтардағы

№ 44 бұйрығымен

бекiтілген


Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау тәртібін регламенттейді.

2. Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуді, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындауды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жолымен жүргізеді.

Ауру мен мүгедектiктiң деңгейiне, құрылымына қарай МӘС бөлімдері жалпы бейіндегі, мамандандырылған бейіндегі (кәсіптік ауруы бар, туберкулезбен ауыратын, психикалық ауытқулары бар науқастар үшін) және педиатриялық бейіндегі МӘС бөлімдері болып бөлінеді.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) біліктілік – қызметкердің кәсіптік даярлығының дәрежесі, күрделі белгілі дәрежедегі жұмысты орындау үшін қажетті білімі, ептілігі мен дағдыларының болуы;

2) денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігі;

3) «Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығы) – денсаулық сақтау жүйесіндегі профпатологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік орталық болып табылатын және еңбек гигиенасы, медициналық экология және кәсіптік патология саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін және кәсіптік аурулар мен уланулар (кәсіппен аурудың байланысын анықтау) диагнозын белгілеу кезінде сараптау, кәсіптік патология саласында мамандандырылған көмекті, кәсіптік патология саласындағы мамандарды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы.

4) еңбек ету қабiлетiнен айырылу – қызметкердiң жұмысты орындау, қызмет көрсету қабiлетiнен айырылуы, оның дәрежесi айырылған еңбек ету қабiлетiне пайыздық қатынаста көрсетіледі;

5) еңбек қабілеті – жұмыстың орындалу мазмұнына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыру қабілеті;

6) кәсіп – арнайы даярлықтың және жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алған теориялық білімі мен практикалық машықтар кешенін меңгерген адамның еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі;

7) кәсіптік ауру – қызметкердiң өзінің еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты оған зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен болған созылмалы немесе қатты ауру;

8) кәсіптік еңбек ету қабілеті – қызметкердің белгілі бір біліктіліктегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындауға қабілеті;

9) кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (бұдан әрі – КЕА дәрежесі) – қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау қабілеті төмендеуінің деңгейі;

10) куәландыру – оңалту әлеуеті мен болжамын белгілей және ескере отырып, МӘС жүргізу;

11) куәландырылатын адам – оған қатысты МӘС жүргізілетін адам;

12) МӘС – организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен айқындау;

13) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі – аумақтық бөлімшенің МӘС мәселелері бойынша әдіснаманы және бақылауды жүзеге асыратын бөлімі;

14) МӘС бөлімі – аумақтық бөлімшенің МӘС жүргізу жөніндегі бөлімі;

15) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтер кешенін қамтитын, тәулік бойғы медициналық бақылаусыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек;

16) мультидисциплинарлық команда – медициналық оңалту бойынша дайындығы бар және медициналық оңалтудың барлық кезеңдерінде денсаулық сақтау ұйымының басышысы құратын үйлестіруші дәрігердің басшылығымен кешенді оңалту көрсететін әртүрлі мамандар тобы;

17) мүгедек – тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;

18) мүгедек бала – тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегіз жасқа толмаған адам;

19) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедекті оңалтуды жүргізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;

20) мүгедектік – организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығының бұзылуы салдарынан адамның тіршілік-тынысының шектелу дәрежесі;

21) мүгедектерді әлеуметтік қорғау – мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені;

22) мүгедектерді оңалту – организм функцияларының тұрақты бұзылып денсаулықтың бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін жоюға немесе мүмкіндігінше толық өтеуге бағытталған медициналық, әлеуметтік және кәсіптік іс-шаралар кешені;

23) оңалту әлеуеті – мүгедек организмінің бұзылған функциялары мен қабілеттерін медициналық, психологиялық және әлеуметтік факторларды талдау негізінде қалпына келтірудің нақты мүмкіндіктерінің көрсеткіші;

24) оңалту болжамы – оңалту әлеуетін іске асырудың болжамды мүмкіндігі және мүгедекті қоғамға кіріктірудің болжамды деңгейі;

25) оңалту-сараптамалық диагностика – оңалту әлеуетінің, оңалту болжамының бағасы;

26) организм функциялары – организм жүйелерінің физиологиялық (психикалықты қоса алғандағы) функциялары;

27) организм функцияларының бұзылуы – организмнің қызметінде немесе құрылымында туындайтын, олардың нормадан едәуір ауытқуы ретінде қаралатын проблемалар;

28) өндірістік жарақат – өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, еңбек ету қабілетінен айырылуына әкеп соққан, қызметкер денсаулығының зақымдануы;

29) тіршілік-тынысының шектелуі – адамның өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу және еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы.


2. МӘС жүргізу үшін негіздер


4. Медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) жолдамасы:

1) организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру;

2) қайталап куәландыру (қайта куәландыру);

3) медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету мақсатында МӘС жүргізу үшін негіздеме болып табылады.

5. Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері немесе организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, уақытша еңбекке жарамсыз болған адамдарды, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 17) тармақшысына сәйкес екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленетін аурулар түрлерінің тізбесіне кірмейтін организм функцияларының шамалы білінетін бұзылуы бар кәсіптік аурулар жағдайларында, медициналық оңалтуды жүргізу үшін көрсетілімдер болмаған кезде уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі есепке алынбастан куәландырылатын адам КЕА дәрежесін белгілеу мақсатында МӘС-ке жіберіледі.

6. Медициналық ұйымдар қайта куәландырудың кезекті мерзімін ескере отырып, мүгедектерді және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарды қайта куәландыруға (қайтадан куәландыруға) жібереді.

7. Медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне консультациялық көмекті ДКК қорытындысының, медициналық құжаттардың, оның ішінде науқастың консультацияға жолдамасы бар амбулаторлық медициналық картасы негізінде МӘС бөлімі және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі жүргізеді. МӘС бөлімінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің консультациялық қорытындысы амбулаторлық науқастың медициналық картасына енгізіледі.

Медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды МӘС-ке жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз етеді.


3. Куәландыру (қайта куәландыру) тәртібі


8. Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамға МӘС медициналық ұйымның ДКК жолдамасына сәйкес:

1) тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша;

2) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің орналасқан жерi бойынша;

3) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында емдеуде болған жері бойынша;

4) түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында жүргізіледі.

9. Куәландыру (қайта куәландыру) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға арналған өтініш бойынша мынадай құжаттар ұсыныл отырып жүргізіледі:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациентті/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігінің көшірмесін (бұдан әрі – ОЖБ-ның медициналық бөлігі) қоса бере отырып, онда көрсетілген жіберу күнінен бастап бір айдан кешіктірмей «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама (бұдан әрі – 088/у нысан);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не ауылдық әкiмнiң анықтамасын). Адамды түзеу мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын анықтама (еркін нысанда);

4) ауру динамикасын талдау үшін амбулаторлық пациенттің медициналық картасы. Болған жағдайда ауру тарихынан үзінді көшірмелердің, мамандар қорытындыларының және зерттеу нәтижелерінің көшірмелері.

Бұдан басқа, мынадай құжаттар ұсыналады:

1) жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайларда;

2) медициналық ұйымға бекіту анықтамасының көшірмесі (талоны) – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 7-бабы 1-тармағының 103) тармақшасына сәйкес тұрғылықты (тіркелген) жерінен тыс МСАК ұйымдарына бекітілген жағдайда;

3) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы) – жұмыс істейтін адам ұсынады;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістегі еңбек сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс беруші толтырады) – алғашқы куәландыру кезінде еңбек етуге қабілетті жастағы адам ұсынады (болған жағдайда), өндірістік жарақаттар немесе кәсіптік аурулар болған жағдайларда ұсыну міндетті;

5) ДКК қорытындысы әзірленген күннен бір айдан кешіктірмей ұсынылған консультацияға бағыттаған жағдайда, үйде куәландырудың (қайта куәландырудың) қажеттігі, ОЖБ қалыптастыру немесе түзетуге стационарда немесе сырттай бағыттау жағдайында;

6) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат – осы әлеуметтік тәуекел бойынша жалпы еңбек ету қабілетінің дәрежесі (бұдан әрі – ЖЕА дәрежесі) алғаш рет белгіленген жағдайларда ұсынылады;

7) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5614 болып тіркелген) жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы – өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам осы сақтандыру жағдайы бойынша алғашқы рет КЕА дәрежесін белгілеу кезінде ұсынылады;

8) Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығының берілгеніне екі жылдан аспаған қорытындысы (еркін нысанда) – кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады;

9) себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат – жараланумен, контузиямен, жарақаттанумен, аурумен байланысты мүгедектіктің себебін анықтау үшін бір рет беріледі;

10) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттанумен немесе аурумен себеп-салдарлық байланысы туралы соттың шешімінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы – жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылған немесе заңды тұлға жойылған жағдайда өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік аурумен ауырған адам ұсынады;

11) мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі – тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек немесе оның заңды өкілі ұсынады. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайды тексеру актісін жергілікті атқарушы органдардың мамандары жүргізеді.

Құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсыналады.

10. МӘС және медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне консультациялық көмек ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және өзге де деректерді) қарау, куәландырылатын адамды тексеру, организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесін бағалау жолымен МӘС бөлімі немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімі басшысының және кемінде екі бас маманның қатысуымен алқалы түрде жүргізіледі.

11. МӘС бөлімінің немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындысы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес организмнің негізгі функциялары бұзылуының және тіршілік-тынысы шектелуінің жіктемесі (бұдан әрі – жіктеме), сондай-ақ осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес он алты жасқа дейінгі мүгедек бала мүгедек деп танылатын медициналық көрсетілімдердің негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалауға байланысты шығарылады.

12. МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысы:

1) жүгінген күні;

2) МӘС бөлімі алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындысымен бірге куәландырылатын адамды және (немесе) куәландырылатын адамның құжаттарын МӘС әдіснама және бақылау бөліміне консультацияға жіберген жағдайларда жүгінген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шығарылады. МӘС әдіснама және бақылау бөлімі консультациялық қорытынды шығарады, ол МӘС бөлімі сараптамалық қорытынды шығару кезінде есепке алынады.

Егер куәландырылатын адам МӘС бөліміне және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөліміне келмесе, МӘС бөлімі оныншы жұмыс күні алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындыға сәйкес және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің консультациялық қорытындысын ескере отырып сараптамалық қорытынды шығарады.

13. Куәландыру (қайта куәландыру) куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен үйде, стационарда және куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және (немесе) қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерлерде стационарлық емделуде жүрген жағдайларда сырттай, денсаулық жағдайы туралы ДКК қорытындысының және осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған құжаттардың негізінде жүргізіледі.

Сырттай куәландырылған (қайта куәландырылған) жағдайда МӘС-ке жолдаманы куәландырылатын адамның орналасқан жері бойынша өңірдің медициналық ұйымы рәсімдейді.

14. Сырттай мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі куәландырылған адамды мүгедектік белгіленген сәттен бастап алты айдың ішінде бақылап тексеріп, бір жылдан аспайтын мерзімге бір рет айқындалады.

15. МӘС-ке жолдама сапасыз және (немесе) негізсіз ресімделген жағдайда МӘС бөлімі тексеру және ұсынылған медициналық құжаттарды талдау деректерінің негізінде сараптамалық қорытынды шығарады және сараптамалық қорытынды шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін және пациентті жіберген медициналық ұйымды 088/у нысанының көшірмесін қоса бере отырып жазбаша түрде хабардар етеді, ол туралы МӘС актісінде және 088/у нысанының МӘС қорытындысы туралы денсаулық сақтау ұйымының хабарламасында жазылады.

16. МӘС жүргізген кезде сараптамалық, құқықтық және басқа да мәселелерді шешу үшін әкімшілік шығындарға көзделген қаражат есебінен осы қызметтерге ақы төлей отырып консультанттарды (педиатрды, психологты, заңгерді және басқа да мамандарды) тартады.

17. Куәландырылатын адамның осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген құжаттарды МӘС бөліміне ұсынған күні мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу күні болып есептеледі.

18. Организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесіне қарай мүгедек деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік, ал он алты жасқа дейінгі адамға «мүгедек бала» санаты, ал он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамға бірінші, екінші, үшінші топтағы «мүгедек бала» санаты белгіленеді.

19. МӘС жүргізу кезінде мынадай мүгедектік себептері және (немесе) ЖЕА дәрежелері айқындалады:

1) жалпы ауру;

2) еңбек жарақаты;

3) кәсіптік ауру;

4) бала кезінен мүгедек;

5) он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар;

6) он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;

7) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себептік-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде, әскери қызмет өткеру кезiнде, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар нәтижесінде алған жарақат, контузия, мертiгу, ауру, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру;

8) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себеп-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезiндегi радиациялық әсер етудiң салдарынан және (немесе) олардың зардаптарынан болған мүгедектер.

Мүгедектіктің себебі оның себептік-салдарлық байланысын анықтаған уәкілетті орган келтірген тұжырымдармен қатаң сәйкестікте шығарылады.

20. Өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде өндірістік жарақат алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан қызметкерді (бұдан әрі – зақым келген қызметкер) МӘС жүргізу кезінде КЕА мынадай себептері белгіленеді:

1) еңбек жарақаты;

2) кәсіптік ауру.

21. Егер куәландырылатын адам мүгедектік себебін ауыстырғысы келсе, МӘС бөліміне себептік-салдарлық байланысты растайтын, осы Қағидалардың 9-тармағының 5), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген тиісті құжаттарды ұсынған күн мүгедектік себебін өзгерткен күн болып есептеледі.

22. Мүгедектік мынадай мерзімдерге:

он алты жасқа дейінгі адамдарға - 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға және он алты жасқа толғанға дейін;

он алты жастан он сегіз жастағы адамдарға – 6 айға, 1 жылға, он сегіз жасқа толғанға дейін;

он сегіз жастан асқан адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.

23. Қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік:

1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жасы он сегізден асқан адамдарға мүгедектік тобы және (немесе) КЕА дәрежесі қайта куәландыру мерзімінсіз және (немесе) ЖЕА дәрежесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа жеткенге дейін белгіленетін Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне (бұдан әрі – Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесі) сәйкес;

2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедекті кемінде төрт жыл, екінші топтағы мүгедекті кемінде бес жыл, үшінші топтағы мүгедекті кемінде алты жыл динамикалық қадағалаған кезде;

3) зейнет жасындағы адамдарға оңалту болжамы қолайсыз болған кезде белгіленеді.

24. Жоғалтылған еңбек қабілетіне пайыздық қатынаста көрсетілген адамның жұмысты орындау, қызмет көрсету қабілетінің төмендеу деңгейін сипаттайтын ЖЕА дәрежесі мынадай мерзімдерге: 6 айға, 1 жылға, 2 жылға немесе міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толғанға дейін белгіленеді. Мүгедекке ЖЕА дәрежесі кезекті қайта куәландыру мерзімімен белгіленген жағдайда ЖЕА дәрежесі мүгедектік мерзімі аяқталғанға дейін белгіленеді.

25. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толғанға дейінгі ЖЕА дәрежесі:

1) Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне сәйкес;

2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, ЖЕА дәрежесі тұрақты болған кезде және ЖЕА дәрежесі 80-нен 100 пайызды қоса алғанға дейінгі мүгедектерді кемінде төрт жыл, 60-тан 79 пайызды қоса алғанға дейін кемінде бес жыл, 30-дан 59 пайызды қоса алғанға дейін кемінде алты жыл динамикалық қадағалаған кезде белгіленеді.

26. КЕА дәрежесi мынадай мерзiмдерге: 6 айға, 1 жылға, 2 жылға немесе қайта куәландыру мерзiмiнсiз белгіленедi. Мүгедекке кезекті қайта куәландыру мерзімімен КЕА дәрежесі белгіленген жағдайда КЕА дәрежесі мүгедектік мерзімі аяқталғанға дейін белгіленеді.

27. Қайта куәландыру мерзімінсіз КЕА дәрежесі:

1) Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне сәйкес;

2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, КЕА дәрежесі тұрақты болған кезде және КЕА дәрежесі 90-нан 100 пайызды қоса алғанға дейінгі адамдарды кемінде төрт жыл, 60-тан 89 пайызды қоса алғанға дейін кемінде бес жыл, КЕА дәрежесі 30-дан 59 пайызды қоса алғанға, 5-тен 29 пайызды қоса алғанға дейін кемінде алты жыл динамикалық қадағалаған кезде;

3) зейнет жасындағы адамдарға оңалту болжамы қолайсыз болған кезде белгіленеді.

28. Мүгедектік мерзімдері мен еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежелері куәландырылатын адамның оңалту болжамы мен оңалту әлеуетіне сәйкес белгіленеді.

29. Оңалту болжамы былайша бағаланады:

қолайлы – организмнің бұзылған функциялары мен тіршілік-тынысының шектеулер санаттарын толық қалпына келтіру және (немесе) орнын толтыру, мүгедекті қоғамға етене араластыру мүмкіндігі;

біршама қолайлы – олардың шектелу дәрежесі төмендеген немесе тұрақтанған жағдайда, кірігу және толық әлеуметтік қолдаудан ішінара әлеуметтік қолдауға өту қабілеті кеңейген жағдайда организмнің бұзылған функциялары мен тіршілік-тынысының шектеулер санаттарын ішінара қалпына келтіру мүмкіндігі;

күмәнді – болжамның анық болмауы;

қолайсыз – организмнің бұзылған функцияларын және тіршілік-тынысы санаттарын қалпына келтіру немесе орнын толтыру мүмкіндігінің болмауы.

30. Оңалту әлеуеті былайша бағаланады:

жоғары – денсаулықтың, тіршілік-тынысындағы шектеулердің, еңбекке қабілеттігі мен әлеуметтік мәртебесінің толығымен қалпына келтірілуі (толық оңалту);

қанағаттанарлық – организм функцияларының шамалы білініп бұзылуы, тіршілік-тынысы санаттарын шектелген көлемде немесе техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар арқылы орындау, әлеуметтік қолдауға мұқтаждық;

төмен – организм функциялары бұзылушылығының айқын білінуі, тіршілік-тынысы санаттарының көпшілігін едәуір шектеулермен орындау, мүгедектің әлеуметтік қолдауға үнемі мұқтаж болуы;

оңалту әлеуетінің болмауы – организм функцияларының өте айқын бұзылуы, негізгі қызмет түрлерінің орнын толтыруға немесе өздігінен орындауға мүмкіндіктің болмауы, өзгелердің күтіміне мұқтаж болу.

31. Жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне байланысты МӘС бөлімшесі 088/у нысанында көрсетілген немесе медициналық ұйымның ДКК қорытындысында (088/у соңғы нысанының күнінен бастап бес жыл ішінде мүгедек ұсынады) көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып:

- медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде ОЖБ-ның әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін әзірлейді;

- медициналық оңалту бойынша ұсынымдарды қажет болған жағдайларда 088/у нысанындағы МӘС қорытындысы туралы денсаулық сақтау ұйымының хабарламасына енгізеді.

32. ОЖБ іске асыру мерзіміне сәйкес келетін әрбір оңалту іс-шарасының іске асырылу мерзімі көрсетіле отырып мүгедектіктіктің белгіленген мерзіміне әзірленеді.

ОЖБ:

1) ОЖБ-ның медициналық бөлігінен;

2) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінен (бұдан әрі – ОЖБ-ның әлеуметтік және кәсіптік бөлігі) тұрады.

Медициналық ұйымның мультидисциплинарлық командасы ОЖБ медициналық бөлігін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9108 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көмегін ұйымдастыру стандартына және диагностика, емдеу және оңалтудың клиникалық хаттамаларына сәйкес әзірлейді, мөрмен расталады және куәландыру кезінде көшірмесі МӘС актісіне тігіледі.

ОЖБ медициналық бөлігінің деректерін «Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – МОДҚ) ұсынылған ОЖБ медициналық бөлігінің көшірмесі негізінде МӘС мамандары енгізеді.

ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінің үзінді көшірмелеріне МӘС бөлімінің басшысы қол қояды, мөртабанмен расталады және МӘС актісіне тігіледі.

33. Куәландырылатын адамның деректері МОДҚ-ға енгізіледі, онда осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МӘС актісі, осы Қағидаларға 10 және 11-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөлігі МӘС бөлімінің және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу хаттамаларының журналдары және құжаттар, оның ішінде осы Қағидалардың 34-тармағында көрсетілген құжаттар қалыптастырылады.

34. Куәландырылатын адамға немесе оның заңды өкіліне:

1) мүгедектік белгіленген жағдайда – осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

2) ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін әзірлеген жағдайда – ОЖБ-ның әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінен үзінді көшірме;

3) ЖЕА айырылу дәрежесін белгіленген жағдайда – осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;

4) КЕА айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда – осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінен үзінді көшірме;

5) зардап шеккен қызметкердің қосымша көмек түрлеріне және күтімге мұқтаждығы айқындалған жағдайларда – осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге мұқтаждығы туралы қорытынды;

6) кезекті қайта куәландыру кезінде мүгедек деп танылмаған жағдайларда – осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық оңалтылуы туралы хабарлама беріледі.

Сараптама қорытындысы шығарылған кезде, оның ішінде алғашқы куәландыру кезінде мүгедек деп танылмаған жағдайларда МӘС бөлімі және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі 088/у нысанының МӘС қорытындысы туралы денсаулық сақтау ұйымының хабарламасын толтырады және куәландырылған адамға беріледі немесе амбулаторлық пациенттің медициналық картасына тігу үшін медициналық ұйымға жібереді.

35. Сараптамалық қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МӘС бөлімі және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі:

1) әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын органдарға мынадай құжаттарды:

мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірмені;

жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан үзінді көшірмені;

2) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органына және (немесе) жұмыс берушіге (еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру болған жағдайларда) мүгедектің ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін жібереді.

Аумақтық бөлімшелер жетi жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi әскери басқару органдарына мүгедек деп танылған барлық әскери мiндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы хабарлайды.

36. МӘС әдіснама және бақылау бөлімі МӘС актісінің, хаттамалар журналының, қатаң есептілік бланкілерін тіркеу журналының және (немесе) мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірмелердің, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан үзіндінің, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан үзіндінің негізінде мүгедектігі және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі және (немесе) зардап шеккен қызметкердің қосымша көмек түрлеріне және күтімге мұқтаждығы туралы жазбаша растау (еркін түрде):

мүгедектік туралы анықтама, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама, зардап шеккен қызметкердің қосымша көмек түрлеріне және күтімге мұқтаждығы туралы қорытынды жоғалған немесе бүлінген кезде мүгедектің (оның заңды өкілінің) өтініші бойынша;

мүгедектік туралы анықтамадан үзінді көшірме, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан үзінді көшірме, кәсіптік еңбек қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан үзінді жоғалған немесе бүлінген кезде әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын және жүзеге асыратын органның жазбаша сұратуы бойынша беріледі.

37. МӘС бөлімі ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөліктері жоғалған немесе бүлінген кезде мүгедектің (оның заңды өкілінің) өтініші бойынша МӘС актісінен ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөлігінен үзінді көшірме береді.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары icon5В110400 Медициналық-профилактикалық іс мамандығы
Тақырыбы: Темекі шегудің және алкоголдік ішімдікті қолданудың зиянды әсерлері. Әлеуметтік және медициналық бағыттары
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconПсихологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconПсихологиялық- медициналық- педагогикалық консультациялардың қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже
Проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық- медициналық- педагогикалық тексеру арқылы халыққа көмек көрсетеді, оқыту...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconСот баллистикалық сараптама
Сот баллистикалык сараптама объектілерінін әр алуандығын ескергенде, ол мына түр тармақтарына жіктелуі мүмкін атыс қаруының (оның...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconЗерттеу сот-сараптама әдістерін жетілдіру жӨнінде
Фараби атындағы ҚазҰу- дің криминалистика және сот сараптама кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconТегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде Аягөз қаласындағы «Қазығұл» медициналық мекемесінде көрсетілетін медициналық қызметтің тізбесі
«Қазығұл» медициналық мекемесі медициналық көмектің кепілді көлемін ШҚО денсаулық сақтау басқармасы 2007 жылдың 11 мамырында берген...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconАқтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconМедициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу
Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары icon«Бекітемін» «Ұлттық сараптама және сертификаттау» АҚ
Ақтөбе облысы бойынша «Ұлттық сараптама және сертификаттау» АҚ ТҚко мобильді линия арқылы механикалық транспорт құралдары және олардың...
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары iconАррениустың электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары. Күшті электролиттер тоериясының негізгі қағидалары
Д. И. Менделеевтің ерітінділер туралы ұғымдары. Ерітінді концентрацияларын өрнектеу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница