Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
страница4/35
Дата конвертации13.02.2016
Размер5.07 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://egemen.kz/wp-content/uploads/2014/04/73ӨМ-еңбек.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35


декатирлердің құрылысын, оларды пайдалану ережесін;

декатирді толтыру ережесін, көлік құралдарын пайдалана білуді;

маталардың, трикотаж және беймата жаймалардың ассортиментін;

декатирлеудің технологиялық режимін.


Параграф 2. Декатирлеуші, 3-разряд

87. Жұмыс сипаттамасы:

тоқыма маталарды ылғалды және қорытынды декатирде, киіздерді баспақтағышта, бас киімдерді декатирлеу қазандарында технологиялық режимге сәйкес декатирлеу;

қызмет көрсететін қондырғыны жұмысқа дайындау;

өнімді салу, тиеу;

киіздерді үздіксіз жайма қылып қосып тігу;

декатирлеу процесін бақылау;

бас киімді декатирлеудің сапасын бақылау, қалыптан түсіру, мөлшерін, фасонын және ортасын белгілеу;

будың қысымын, вакуум-насостың жұмысын, конденсаттың берілуін, декатирлеудің сапасын және матаның шығардағы ылғалдылығын бақылау;

өңделген өнімді түсіру, оларға паспорттар толтыру;

өнімді тасымалдау, пайдаланылатын жабдықты күту және үйкелетін беттеріне май жағу.

88. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының және бақылау-өлшеу приборларының құрылысын, оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

декатирленетін өнімнің ассортиментін, декатирлеудің технологиялық режимін;

өңделген өнімнің паспорттарын толтыру ережесін;

пайдаланылатын жабдықтарды толтыру және жұмыс органдарын реттеу ережесін;

бас киімнің ортасын анықтау әдістерін.


Параграф 3. Декатирлеуші, 4-разряд

89. Жұмыс сипаттамасы:

бағдарламалық басқару пультімен жарақталған автоклавты декатирде тоқыма маталарды қысыммен декатирлеу;

қажетті декатирлеу режимін жасау;

қызмет көрсететін қондырғыны жұмысқа дайындау;

матаны артикулдары мен өлшемі бойынша таңдау, үздіксіз жайма етіп қосып тігу, автоклав декатирін толтыру;

автоматиканың көмегімен матаны және спутникті орау;

қысу цилиндірінің көмегімен спутникті тығыз орауды қамтамасыз ету;

орау құрылғысынан автоклавқа цилиндрді тасымалдауды және тиекті құрылғыны тұрақтандыруды бақылау;

бақылау-өлшеу приборларының көрсеткіштерін, вакуум-насостың жұмысын, конденсаттың берілуін бақылау;

декатирлеу сапасын бақылау;

бос және матасы бар арбаларды белгіленген орынға тасымалдау;

маталардың дұрыс жайылуын бақылау;

автоклав декатирін тазалау және үйкелетін беттеріне май жағу.

90. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының және бақылау-өлшеу приборларының құрылысын, оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

автоклав декатирін басқару пультін пайдалану ережесін;

декатирленетін өнімнің ассортиментін, декатирлеудің технологиялық режимін;

матаны автоклав декатиріне салу және оның жұмыс органдарын реттеу ережесін;

декатирлеу сапасына қойылатын талаптарды, декатирлеудің кемшіліктерін, олардың пайда болу себептерін және жою тәсілдерін.


17. Карталарды және орау материалдарын дайындаушы

Параграф 1. Карталарды және орау материалдарын дайындаушы, 2-разряд

91. Жұмыс сипаттамасы:

карталарды нөмірлері бойынша дайындау және таңдау;

матаның, картонның, тоқыма баудың, қағаздың кесінділерін байлауға арналған қосымша материалдарды дайындау, оларды белгіленген орынға тасымалдау;

картаның тесігіне пистондарды оларды арнайы құралға бекіте отырып тығу;

картаның шеттерін арнайы машинада немесе арнайы белбеуде байлау;

тоқу станогына арналған картаны тексеру, жөндеу;

карта бумасын түзеу;

жарамсыз карталарды жаңаларға ауыстыру, түскен пистондарды тығу, біздерді ауыстыру;

тозығы жеткен бумаларды кесу және арнайы машинада бумаларға арналған нөмірлер бойынша карталарды таңдау, оны тазалау және май жағу.

92. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

карталарды, бау мен жіптердің орамаларын таңдау және нөмірлер тәртібін, пистондарды бекіту әдістерін, бауды қосып байлау және орау ережесін;

карталарды қосу және жөндеу тәсілдерін;

картаның сапасына қойылатын талаптарды, орау түрлерін.


18. Химиялық ерітінділер мен бояуларды дайындаушы

Параграф 1. Химиялық ерітінділер мен бояуларды дайындаушы, 2-разряд

93. Жұмыс сипаттамасы:

химиялық ерітінділер мен бояуларды дайындау;

жоғары білікті химиялық ерітінділер және бояулар дайындаушының басшылығымен химиялық және бояу ерітінділерін осы ерітінділерге қойылатын талаптарға сәйкес сүзу;

бояуларды және бос ыдыстарды тасымалдау;

бояуларды және бос ыдыстарды өлшеу;

бояулар мен материалдардың шығынын есепке алу;

қызмет көрсететін қондырғыны тазалау және ыдыстарды техникалық талаптарға сәйкес жуу.

94. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысы мен оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

бояулардың, химиялық материалдардың атауы мен қасиеттерін және олардың маркаларын, бояу және химиялық ерітінділердің сапасына қойылатын талаптарды, химиялық ерітінділер мен бояуларды алғаш есепке алуды жүргізу ережесін.


Параграф 2. Химиялық ерітінділер мен бояуларды дайындаушы, 3-разряд

95. Жұмыс сипаттамасы:

ыдыстарда маталар мен желілерді өңдеуге және бояуға арналып бекітілген режимдерге және рецепттерге сәйкес химиялық, басытқы, хлор ерітінділері мен бояуларды дайындау;

бояулар мен химиялық материалдардың сапасын тексеру, оларды өлшеу және ыдысқа құю;

бояуы бар ыдыстарды белгілеу;

буды, қысымды беруді және дайындалатын ерітінділердің біркелкі массасын жасау жылдамдығын реттеуді, олардың белгіленген концентрациясын сақтау, олармен тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз ету (ыдысқа құю немесе тұрба арқылы беру);

бояуларды сараптамаға алу;

химиялық ерітінділер мен бояуларды тасымалдау.

96. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, реттеуші құрылғылар мен бақылау-өлшеу приборларының мақсатты пайдаланылуы;

оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін, химиялық ерітінділер мен бояулардың рецептурасын және дайындаудың технологиялық режимін;

химиялық ерітінділер мен бояулардың атауларын, қасиеттерін;

сапасын және мақсатты пайдаланылуын, олардың маркалары мен класстарын;

химиялық ерітінділер мен бояулардың дайын болғанының белгілерін;

дайындалатын химиялық ерітінділер мен бояулардың сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 3. Химиялық ерітінділер мен бояуларды дайындаушы, 4-разряд

97. Жұмыс сипаттамасы:

ыдыстарда химиялық, бояу және хлор ерітінділерін, күюге қарсы сіңірмені және қойыртпақты дайындау;

тондарын таңдай отырып кестеге және тапсырысқа сәйкес рецепттер бойынша минералдық ерітінділерді, синтетикалық жуу құралдарын және сұр бояуларды, желімді мата емес жаймаларға арналған жұмыс ерітіндісін дайындау;

белгіленген рецепттер бойынша бояулардың барлық түрлерін дайындауға арналған купюровканы есептеу (текшелік, басытқы, қара анилинді, диазобояуларды, мөлшерлі және тағы басқа);

химиялық материалдарды орау және ыдыстарды тасымалдау;

ыдыстағы химиялық ерітінділерді белгілі тәртіппен тиеу және өлшеу;

химиялық ерітінділердің белгіленген концентрациясын сақтау, ерітінділердің, қойыртқылардың және бояулардың дайын болғандығын анықтау;

дайындалған бояулардың сапасын тексеру.

98. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының және бақылау-өлшеу приборларының құрылысын, оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

дайындалған маталар мен өнімдердің ассортиментін, байланыстыратын ерітіндінің, қойыртпақтардың, сабынның, бояулардың, хлор, минералдық ерітінділердің және бояулардың дайындалуының технологиялық режимін және рецептурасын, олардың дайын болғандығының белгілерін;

әртүрлі химикаттарды араластырған кездегі химиялық реакцияларды, бояулар сериясын дайындау және текшелік ерітінділерді қалпына келтіру тәсілдерін;

дайындалған ерітінділердің, қойыртпақтардың және бояу серияларының сапасына қойылатын талаптарды.


19. Ине-платиналық бұйымдарды құюшы

Параграф 1. Ине-платиналық бұйымдарды құюшы, 3-разряд

99. Жұмыс сипаттамасы:

тоқу машиналарына ине-платина бұйымдармен плиткаларды дайындауға арналған қалыптарға ерітілген металлды (платинаның баббитпен қоспасын) қолмен құю;

металл қоспасына арналған компоненттерді дайындау;

тигель пешін қосу және сөндіру;

құйылған ине-платина бұйымдарды орнатуға арналған ыдыстарды және құралды жұмысқа дайындау;

инелер мен платиналарды алу, оларды бензинде жуу;

платиналар мен инелерді таңдау және баспақ-қалыпқа қолмен салу, оларды тегістеу және көлденеңі мен басылу тереңдігіне бойынша дұрыстау;

бөлшектері бар қалыпқа балқытылған металды қолмен құю қасығымен толтыру;

литниктерді плитканың жанында кесетін станокта кесу;

суыған инелерімен плиткаларды үлгіге жинау және оларды белгіленген технологиялық талаптарды (ине қадамын және инелердің биіктігін) сақтай отырып түзеу;

құюдың сапасын тексеру;

дайындалған ине-платина бұйымдарды белгіленген тәртіпте ыдысқа салу;

«Кокетт» жүйесіндегі «Вертелка» түріндегі негізін тоқитын тез жүретін машиналарға ине-платина бұйымдарын дайындау кезінде – бөлшектерді қалайылау (платиналарды, күршек инелерді), балқытылған канифольға, металл қоспасына түсіру, оларды бензинде сүрту және жуу;

металдың қалдықтарын және пайдаланылған инелермен қайтарылған плиткаларды қайта балқыту;

қайта пайдалану үшін жарамды инелерді таңдап алу.

100. Білуге тиіс:

тигель пешінің, кесу станогының, баспақ-қалыптың құрылысын, қоспаның құрамын және қоспадағы компоненттердің меншікті салмағын, құюдың технологиялық және температуралық режимін;

ине-платина бұйымдарының позицияларын және олар арнап дайындалатын машиналардың кластарын;

инелерге, платиналарға және дайындалатын ине-платина бұйымдарына қойылатын талаптарды.


20. Жібек шикізатын ылғалдаушы

Параграф 1. Жібек шикізатын ылғалдаушы, 2-разряд

101. Жұмыс сипаттамасы:

ваннада, вакуум-аппаратта белгіленген режимге сәйкес жібек шикізатын ылғалдаудың технологиялық процесін жүргізу;

жібекті ылғалдауға дайындау: салфеткаға айналдыру және ваннаға, вакуум-аппаратқа орналастыру, жібек шикізаты діңгегін кассетаға орналастыру және бакқа салу;

рецепттер бойынша ылғалдауға арналған эмульсияны дайындау;

температураны, қысымды және эмульсия циркуляциясының бағытын бақылау;

жібекті түсіру, жібек шикізатының діңгегін қою және арбаға орналастыру, тасымалдау;

мотовильдер мен діңгектерді жинау.

102. Білуге тиіс:

вакуум-аппараттың құрылысын және жұмыс істеу принципін;

жібек шикізатын ылғалдаудың технологиялық режимін;

ылғалдау сапасына қойылатын талаптарды, ылғалдауға арналған эмульсияның рецептурасын және дайындау тәсілін;

ылғалдау тәртібін және жібек шикізатын салу.


21. Қондырғыны сабақтаушы

Параграф 1. Қондырғыны сабақтаушы, 2-разряд

103. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті қондырғыны сабақтаушының басшылығымен бояу кезінде өтпелі аппаратқа таспа, бау, жайма салу, тор тоқитын машиналарға салу;

жартылай өнімді салуға және сабақтауға дайындау;

желіжіпті тоқитын машиналарда желіжіп жіптерін сабақтау және есу;

жайманың жолақтарын дайындау;

тоқыма баулардың, таспалардың, жаймалардың шеттерін оларды тіктемеге салумен және тоқтату қалыптарын орнатумен қосып тігу;

бірінші бояу ванналарына дейін өнімнің өтуін және роликтегі бұйымдарды жазуды бақылау;

желіжіптерді жазуды есепке алуды жүргізу;

аркатты және рама бауларын дайындау, белгілі ұзындықтағы жіптерді жөргемдерден немесе шарғылардан төгу, оларды кесу және буып байлау;

ілмекті матаны салуға сәйкес шешу, дайындалған аркатты он-ондап бөліп байлау;

рама бауларын дайындау кезінде – жіптерді орау, карабаншаларды енгізу және оларды бекіту;

қайық шөлмегін ауыстыру және оларды тасымалдау.

104. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының принципін, оны күтіп-ұстау ережесін;

пайдаланылатын жіптердің сызықтық тығыздығын, бұйымдардың, жаймалардың, аркат жіптерінің және рама бауларының сапасына қойылатын талаптарды, шөлмекке орауды, таспаларды, тоқыма бауларды және жаймаларды салу және қосып тігу тәртібін;

бұйымдарды жаю дәрежесін, аркатты және рама бауларын дайындау ережелерін.


Параграф 2. Қондырғыны сабақтаушы, 3-разряд

105. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті қондырғыны сабақтаушының басшылығымен жаккард машиналарын, аксминстерлік кілем-тоқу станоктарын, тоқу, тоқу-бассондық және арқаужіпті-тоқу машиналарын, «Автомат» кестелеу машиналарын түкті желіжіппен, тегіс және суретті желіжіптер жіптерімен, жаймалармен сабақтау, тортоқу машиналарын қайық шөлмектерін ауыстырумен.

суретті желіжіп жіптерін, аркат бауларын технологиялық картаға сәйкес сабақтау, есу.

қондырғы мен желіжіпті сабақтауға және өткізуге дайындау, желіжіпті кесу және орнату.

ұршықтарды, шөлмектерді және тарту құралдарын алдын-ала тексеру.

баспаларды дайындау, оларды беттерге бекіту.

түктің биіктігі бойынша жіптер шеттерін, сызықпен жинауды тегістеу.

қосымша орау (жайманы ұстау).

желіжіп жіптерін түрлеріне және реңктеріне байланысты бөлу.

жабдықтар механизмдері жұмыстарын реттеу.

аркаттардың, өңдерінің рамалық бауларын олардың бүлінулеріне қарай ауыстыру.

қызмет көрсететін машиналар мен қондырғыларды сабақтау сапасын тексеру.

желіжіпті сабақтағаннан және ескеннен кейін жайма жолын әрі қарай жұмысқа пайдалану.

бүлінген суретті жою.

жіптер үзіктерін жалғау.

сабақтау тарағына ластик ілмегін және шұлық-ұйық, биялай және жоғары трикотаж бұйымдарын ілу.

қызмет көрсететін машиналар мен қондырғыларды тазалау, үйкелетін беттерге май жағу.

қалдықтарды жинау және тапсыру.

106. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысы мен класстарын және оларды күтіп-ұстау, пайдалану ережесін;

олардың жеке механизмдерінің бір-біріне әрекеттерін, деккерлік және жіпті жүргізетін патенттерді бөлу тәсілдерін;

әртүрлі тоқу түрлерінің тәсілдерін, машиналардың жүйелері мен класстары бойынша жаймаларды сабақтау ережесін;

жаймалардың, бұйымдардың артикулдарын, жайманы тарту дәрежесін, сабақтау картасын, ілмекті бұйымдарды сабақтау есептерін;

кестеленетін бұйымдардың түрлерін және құрылысын, қолданылатын шикізаттың қасиеттерін, иірімжіптің түрлері мен сызықтық тығыздығын, иірімжіптің, жіптердің, маталардың, жаймалардың, бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 3. Қондырғыны сабақтаушы, 4-разряд

107. Жұмыс сипаттамасы:

сабақтау параметрлерін сақтай отырып тоқыма және таспа-тоқыма станоктарының желіжіптерін сабақтау;

өрілу және сурет түрлері бойынша сабақтау есебіне сәйкес жаккарды нақты – тоқыма, нақты – тоқыма, желіжіпті тоқыма және перде тоқыма машиналарын, «Веретелка» екі-, үш- және төрт тарақты желіжіпті тоқыма түріндегі машиналарды, шілтерлі және тектес машиналарды әртүрлі желілік тығыздықтағы жасанды және синтетикалық талшықтармен және мақта-қағаз жіптерімен сабақтау және қайта сабақтау;

жоғары білікті тоқыма қондырғысын сабақтаушының басшылығымен түту машинасының сабақ тарағына сабақтау жаккарды механизмдерді құрастыру;

желіжіптермен және барлық бөлшектермен арқау орағыш ұршықты, тарақты жұмыс жағдайына келтіру, жаккарды машиналар үшін инелер мен қармақтарды жинау, аркатты бауды ілу және оларды жинау есебіне сәйкес кассалық тақтаға байлау;

жайманың шеттерін жасау;

үзілген жіптерді жалғау.

108. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын, өзара әрекетін және негізгі механизмдерінің жұмыс принципін, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

негіздер мен жаккардты машиналарды құю негіздерін, жинақтау, өрілу және сурет түрлерін, тоқыма станогының ауыспалы тістегерішін жинақтау тәртібін;

жіптердің түрлері мен желілік тығыздығын, өндірілетін өнімдердің артикулдарын, артикулдар бойынша құю параметрлерін, қондырғыларды құю сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 4. Қондырғыны сабақтаушы, 5-разряд

109. Жұмыс сипаттамасы:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница