Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
страница2/35
Дата конвертации13.02.2016
Размер5.07 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://egemen.kz/wp-content/uploads/2014/04/73ӨМ-еңбек.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35


созылмалы жаймалар мен маталарды технологиялық тәртіпке сәйкес екі булау аймағы бар булау машиналарында булау процесін жүргізу;

камералардың, тізбе жолын және қысып басу құрылғысының жағдайын тексеру;

булау тәртібін бақылау;

буландырылатын жаймалар мен маталардың енін, тығыздығын, сапасын тексеру;

жаймаларды, маталарды қосып тігу;

электротельфердің жұмыс істеуіне жауап беру;

өнімді белгіленген орынға тасымалдау.

29. Білуге тиіс:

Булау машинасының, электротельфердің, қысып басу құрылғысының, кинематикалық жетектің құрылысын;

оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін, булау тәртібін, жаймалар мен маталардың артикулдарын, булаудан кейінгі өнімдер сапасына қойылатын талаптарды.


3. Мерсерлеу аппаратшысы

Параграф 1. Мерсерлеу аппаратшысы, 2-разряд

30. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті мерсерлеу аппаратшысының басшылығымен мерсерлеу машиналарында мақта-мата кендір және боялған иірімжіп пен матаны мерсерлеу процесін жүргізу;

иірімжіпті қабылдау;

иірімжіп пен матаны тасымалдау;

шөлмектердегі иірімжіп жөргемдерін жазу және оларды машина білігіне кигізу;

матаны мерсерлеу машинасына салу;

матаның шеттерін қосып тігу және оны арбаға салу;

қажетті жағдайларда ерітінді немесе суды қоса отырып, ыдыстардағы химиялық ерітінділердің деңгейін және концентрациясын бақылау;

мерсерлеу машинасын тазалау және жуу, бір-біріне тиетін бөлігіне май жағу.

31. Білуге тиіс:

мерсерлеу машиналарының жұмыс істеу принципін;

оларды күтіп-ұстау ережесі мен кестелерін, иірімжіптің түрлерін және сызықтық тығыздығын, оны шөлмектерде жазу ережесін;

дайындалатын маталар ассортиментін, матаның өңдегеннен кейінгі талап етілетін енін, мерсерлеу тәртібін;

қолданылатын ерітінділердің концентрациясын және олардың матаға әсерін.


Параграф 2. Мерсерлеу аппаратшысы, 3-разряд

32. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті мерсерлеу аппаратшысының басшылығымен барабанды әртүрлі жүйедегі мерсерлеу машиналарында және мерсерлеу агрегаттарында мақта-мата кендір және боялған иірімжіп пен матаны мерсерлеу процесін жүргізу;

технологиялық тәртіпті сақтай отырып, иірімжіпті мерсерлеу, қышқылдандыру, жуу және кептіру процесін жүргізу;

мерсерлеу агрегатының шөлмегіне білікше орнату;

ширақжіптерді байлау және оларды ширақжіп салушы арқылы салу;

рецепт бойынша тиісті концентрациядағы сілті ерітіндісін дайындау және оны ваннаға құю;

буды беруді реттеу;

матаны мерсерлеу машинасына немесе мерсерлеу агрегаты секциясына салу;

мата шеттерінің бүгілуін болдырмау;

иірімжіпте сілтінің болмауын тексеру, матаның, иірімжіптің тартылуын, қысылуын, кебуін және технологиялық процесті, матаның мерсерлеу машинасынан өтуін және оның өңделу сапасын, шашқыштың және сілтіжинағыштың жұмысын бақылау;

соңында шығатын матаның енін оқтын-оқтын тексеру;

мерсерленген иірімжіпті алу, салу және тасымалдау;

ванналар мен барлық басқа ыдыстарды тазалау және жуу;

біліктерді тұз қышқылымен өңдеу;

мерсерлеу машиналары мен агрегаттарды тазалау, үйкелетін беттерге май жағу.

33. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын және жұмысын, оларды күтіп-ұстау ережесін;

өңделетін маталар, иірімжіптер ассортиментін, өңдеуден кейінгі мата және иірімжіптің сапасына қойылатын талаптарды, матаны мерсерлеу машинасына немесе мерсерлеу агрегатына салу тәсілдерін, мерсерлеуге және қышқылдандыруға арналған химиялық ерітінділер рецептурасы және олардың қасиеттерін, қышқылдандыру, жуу және кептіру тәртібін, температура және басқа да факторлардың мерсерлеу процесіне әсерін, химиялық материалдармен жұмыс істеу ережесін.


Параграф 3. Мерсерлеу аппаратшысы, 4-разряд

34. Жұмыс сипаттамасы:

барабанмен сагрегирленген мерсерлеу агрегаттарында матаны, трикотаж жайманы, мақта-мата кендір немесе боялған иірімжіпті мерсерлеу процесін жүргізу;

мерсерлеу агрегатының шөлмегіне ширақжіппен білікшені орнату;

белгілі концентрациядағы химиялық ерітінділерді дайындау және бөлу бактарына құю;

ванналарды ерітіндімен толтыру;

өнімді салу;

мерсерлеу процесін бақылауды жүзеге асыратын автомат құралдар және бақылау-өлшеу приборларының бұзылмағанын тексеру;

мына өңдеу тәртіптерін бақылау приборларының көрсеткіштері бойынша реттеу: мата қозғалысының және жайылуының жылдамдығы, мерсерлеу агрегатында ванналардағы және плюсовкалардағы ерітінділер температурасы, деңгейі мен концентрациясы, кептіру барабандарындағы будың қысымы;

мерсерлеу агрегатындағы машиналардың ілесе жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

мерсерлеу агрегатында матаның, жайманың өтуін және олардың өңделу сапасын бақылау;

таздарды ауыстыру.

35. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын, оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

иірімжіпті, жайманы және матаны өңдеуге байланысты мерсерлеу тәртібін, ерітінділердің концентрациясын және олардың матаға, жаймаға және иірімжіпке әсерін, өңделетін иірімжіптің, матаның және жайманың сапасына қойылатын талаптарды, мерсерлеу процесін технологиялық басқару және бақылауды жүзеге асыратын автоматты құралдарды пайдалану ережесін және мақсатын.


4. Матаны парафиндеу аппаратшысы

Параграф 1. Матаны парафиндеу аппаратшысы, 2-разряд

36. Жұмыс сипаттамасы:

матаны арнайы аппаратта немесе машинада парафиндеу процесін жүргізу;

матаны және парафинді жұмыс орнына тасымалдау;

пайдаланылатын аппаратқа, машинаға ерітілген парафинді және матаны салу;

матаға парафин қабатының біркелкі жағылуын бақылау;

мата қозғалысы жылдамдығын және кептіру цилиндрлерінің жұмысын реттеу;

белгілі парафиндеу температурасын сақтау;

өзі салғыштың жұмысын бақылау және оның негізгі ролигіне мата оралып қалуын болдырмау;

мата қиындыларын өлшеу және матаға жағылған парафин мөлшерін анықтау;

матаны белгіленген орынға тасымалдау;

қызмет көрсететін қондырғыларды күтіп-ұстау.

37. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын және оларды күтіп-ұстау ережесін;

өңделетін матаның түрлерін және артикулдарын, парафинді матаға жағу нормасын, парафиндеудің температура режимін.


5. Қосу аппаратшысы

Параграф 1. Қосу аппаратшысы, 3-разряд

38. Жұмыс сипаттамасы:

плюсовкаларда матаға, беймата жаймаға химиялық ерітінділер сіңіру процесін жүргізу;

плюсовкаға мата мен жайманы салу, шеттерін қосып тігу;

ванналар дайындау, ерітінділермен және сумен толтыру;

ерітіндіні қажетті температураға дейін жылыту;

плюсовкадағы матаны, мата емес жайманы қанықтыру, қысу, кептіру процесін және қозғалысын бақылау;

матаны қанықтыру және қысу сапасын оқтын-оқтын тексеру; Ванналарды жуу;

үлгілерді зертханалық сынақ үшін кесу;

матаға, жаймаға және өнімге белгі соғу және белгіленген орынға тасымалдау;

салу роликтерін тексеру.

39. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың, басқару құралдарының және бақылау-өлшеу приборларының құрылысын және мақсатын, оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

матаның, мата емес жайманың ассортиментін, химиялық материалдарды және олардың қасиеттерін, қысқаннан кейін матаны;

мата емес жайманы сіңіру және кептіру режимін, ылғалдылығын, мата, жаймалардың сапасына қойылатын талаптарды, ерітінділерді дайындау тәсілдерін.


Параграф 2. Қосу аппаратшысы, 4-разряд

40. Жұмыс сипаттамасы:

тақта ауа кептіргішпен немесе кептіргіш барабандармен сагрегирленген плюсовкада матаға, жайманы химиялық ерітінділермен қанықтыру процесін жүргізу.

плюсовкада және кептіргіштегі матаның, жайманың қозғалысын, ерітіндінің және судың концентрациясын, температурасын, деңгейін бақылау.

матаны қанықтыру режимін және кептіру сапасын оқтын-оқтын тексеру.

матаны қарау.

кептіргіштерді жылыту, белгіленген режимге сәйкес кептіру процесін жүргізу.

41. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың, бақылау-өлшеу приборларының құрылысын және мақсатын, оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

матаның, жайманың ассортиментін, қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін, матаны қанықтыру және кептіру режимін;

мата, қанықтыру сапасына қойылатын талаптарды, бу өткізгішті пайдалану ережесін.

6. Қанықтыру аппаратшысы

Параграф 1. Қанықтыру аппаратшысы, 3-ші разряд

42. Жұмыс сипаттамасы:

иірімжіпке химиялық суспензияларды қанықтыру, қышқылдандыру-жуу, қанықтыру машиналарында және аппараттарында иірімжіпті жуу, қышқылдандыру, сабындау, көгерту, жұмсарту, ылғалдандыру және өңдеудің басқа да түрлері процесін жүргізу;

қосқыштарда, қазандарда, аппликаторлық машиналарда және бояу желілерінде мақтаға, жасанды тері түгіне су жұқтырмайтын, шіруге қарсы және басқа да құрамаларды қанықтыру процесін жүргізу;

шикізатты қанықтыру процесіне дайындау: үшкір таяққа немесе орауышқа иірімжіпті енгізу, қанықтыру машинасына жасанды тері жаймасын салу;

жайма кесінділерін қосып тігу;

қанықтыру ерітіндісін дайындау және оны ванналарға құю, буды жіберу;

жұмыстың белгіленген технологиялық режимін сақтау және қызмет көрсететін қондырғыны күтіп-ұстау;

химиялық ерітіндінің ойдағыдай келіп тұруын, оның түкке біркелкі жағылуын, щетканың ерітіндіге бату дәрежесін, қызмет көрсететін машиналарда өнімнің дұрыс жайылуын және қысылуын, өту жылдамдығын, жабдықтың дұрыс жұмыс істеуін және оның қоршалуын бақылау; Қазанға ерітіндіні құю;

қызмет көрсететін машиналар мен жабдықтардың үйкелетін беттерін тазалау және май жағу;

өнімді белгіленген орынға тасымалдау.

43. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін, иірімжіптің сұрыбын және сызықтық тығыздығын, қолданылатын химиялық ерітінділердің қасиеттерін, олармен жұмыс істеу ережелерін және мақсатты пайдалануларын, қышқылдардың, сілтілердің және өзге де пайдаланылатын химиялық ерітінділердің иірімжіпке, мақтаға, жасанды теріге әсерін, өнімді өңдеудің технологиялық режимін, өнім сапасына және химиялық өңдеуге қойылатын талаптарды, қанықтыру ерітінділерінің рецептурасын және концентрациясын, оларды дайындау тәсілдерін, бу өткізу және су өткізу жүйесін пайдалану ережесін.

44. Жұмыс үлгілері:

1) одан әрі кептірумен таспаға, ызбаға, бауға центрифугалық гидроэкстракторда күюге қарсы құрамды сіңіру.


7. Иірімді, матаны және жайманы қалпына келтіру және тұрақтандыру аппаратшысы

Параграф 1. Иірімді, матаны және жайманы қалпына келтіру және тұрақтандыру аппаратшысы, 3-разряд

45. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары қысымда және вакуумда жұмыс істейтін автоклавта иірімжіпті жылумен қалпына келтіру процесін жүргізу;

собықтары бар жәшіктерді тиеу және түсіру;

жылу камерасында немесе тұрақтандыру машинасында матаны, мата емес және трикотаж жайманы жылумен тұрақтандыру процесін жүргізу, камераға, машинаға матаны, жайманы салу;

қызмет көрсететін қондырғыны қарау, күтіп-ұстау, тазалау және май жағу;

бақылау-өлшеу приборларының көрсеткіштері бойынша қалпына келтіру және тұрақтандыру процесін реттеу;

матаны, жайманы тасымалдау.

46. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оларды және пайдаланылатын бақылау-өлшеу приборларын күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

жылумен қалпына келтіру және жылумен тұрақтандыру режимін;

қысыммен жұмыс істейтін ыдысты пайдалану ережесін.


8. Матаны жылумен өңдеу аппаратшысы

Параграф 1. Матаны жылумен өңдеу аппаратшысы, 2-разряд

47. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен жоғары білікті аппаратшының басшылығымен технологиялық режимге сәйкес зрельді аппараттарда матаны, жайманы жылумен өңдеу процесін жүргізу;

матаның, жайманың сапасын бақылау;

өз бетімен салғыштың білігіне астарды салу, мата, жайма кесінділерінің шетіне белгі соғу немесе жазба қағаз тігу;

матаны, жайманы тасымалдау;

пайдаланылатын аппараттарды тазалау және үйкелетін беттерге май жағу.

48. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

тазалау және майлау режимдерін, мата ассортиментін, матаны және жайманы салу және қосып тігу ережесін.


Параграф 2. Матаны жылумен өңдеу аппаратшысы, 3-разряд

49. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық режимге сәйкес зрельді аппараттарда матаны, жайманы жылумен өңдеу процесін жүргізу;

матаны салу;

матаның, жайманың және бояулардың түріне байланысты зрельникте матаның, жайманың өту жылдамдығын, жайылуын, ауаның температурасын және ылғалдылығын реттеу;

матаның, жайманың жыртылуын болдырмау;

сорып алатын желдеткіштің жұмысын, жылу камерасын, жылытуға арналған бағыттайтын роликтердің және құрылғылардың жағдайын бақылау;

матаны, жайманың сапасын тексеру;

матаны, жайманы тасымалдау.

50. Білуге тиіс:

зрельді аппараттың құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

маталар, жаймалар ассортиментін, пісудің температуралық режимін;

зрельді аппаратта матаның, жайманың қозғалу жылдамдығын.


9. Ылғалдау аппаратшысы

Параграф 1. Ылғалдау аппаратшысы, 2-разряд

51. Жұмыс сипаттамасы:

ылғалдау машинасында матаны кеңейтудің алдында ылғалдау;

матаны жұмыс орнына тасымалдау, ылғалдау машинасына салу;

матаны біркелкі ылғалдау және роликке орау немесе оны арбаға салу;

матаның керілуін, бүгілуін және сулануын болдырмау;

ылғалданған матаны салған кезде – ақаулары бар матаның сапасын және сұрыптауды бақылау, роликті алып қою;

ылғалданған матаны белгіленген орынға тасымалдау;

пайдаланылатын машинаны күту.

52. Білуге тиіс:

ылғалдандыру машинасының құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

матаның ассортиментін және оның талап етілген деңгейін.


10. Бахрома шашақшы

Параграф 1. Бахрома шашақшы,1-разряд

53. Жұмыс сипаттамасы:

қолмен өнімнің шеттерінен жіптерді алу жолымен белгілі ұзындықтағы бахрома шашақты жасау;

матаның шеттерін кесу және бұйымдарға қию;

шашақтарды тарау арқылы жіптердің арасын алшақтату;

мата мен бұйымды үю және тасымалдау.

54. Білуге тиіс:

бұйымның ассортименті және размерін;

шашақтың белгіленген ұзындығын, шашақты тарау тәсілдері.


Параграф 2. Бахрома шашақшы, 2-разряд

55. Жұмыс сипаттамасы:

бахрома шашақ көктейтін машинада орамалдарды және өзге де дара бұйымдарды орау немесе белгіленген суретке сәйкес күршекпен не тілді инемен қолмен бахрома шашақ тоқу жолымен бахрома шашақ жасау.

бахрома шашақты кесу, кесінді түріндегі бұйымдардың санын, бахрома шашақтың сапасын бақылау.

бахрома шашақ көктейтін машинаға май құю және бахрома шашақ көктеу.

бахрома шашақты байлау және бахрома шашақты пуколькомен дайындау.

бұйымдарды үю, тасымалдау.

пайдаланылатын жабдықты күту.

56. Білуге тиіс:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница