Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
страница12/35
Дата конвертации13.02.2016
Размер5.07 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://egemen.kz/wp-content/uploads/2014/04/73ӨМ-еңбек.doc
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35


283. Білуге тиіс:

басқару пультінің, механикаландырылған сөренің, аспалы конвейердің құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

магнетоны іске қосу және бункерлер бойынша иірімжіпті сабақтау ережесін;

иірімжіптің желілік қалыңдығын, өңделетін маталардың, жаймалардың артикулдерін, тоқыма тізбе орауышындағы желіжіптің ұзындығын, партиядағы тізіп ораушы біліктердің санын, желілік тығыздығы бойынша иірімжіпті қайта сабақтау ережесін;

ораманың өлшемдерін, жөнелтілетін жартылай фабрикаттарды есептеу ережесін;

аспалы конвейердің, механикаландырылған сөренің сынуы немесе апаты туралы кезекшіге хабарлау тәртібін.


56. Химиялық материалдарды бөлу операторы

Параграф 1. Химиялық материалдарды бөлу операторы, 4-разряд

284. Жұмыс сипаттамасы:

басқару пультінің, селекторлық байланыстың және бөлу қалқанындағы телевизиялық камералардың көмегімен бояғыштар мен химиялық материалдарды жұмыс орнына жеткізу процесін жүргізу;

химикаттарды қатаң мөлшерлеуді сақтау, пульттегі пневможелінің саңлаусыздығын, ауа деңгейін, басқару пультінің жұмысын тексеру;

технологиялық процестің барысын және қызмет көрсететін қондырғының жұмысын, пневматикалық сызба бойынша және телевизиялық камераның, дыбыс және жарық дабылдағыштарының көмегімен қызмет көрсететін машиналардың есептегішін және бақыланатын нысандардың жұмысын қарау.

285. Білуге тиіс:

басқару пультінің іс-әрекет принципін, пульттегі пневможелінің саңлаусыздығын тексеру, химстанцияның мүмкін ақауын жөндеу ережесін;

материалдарды бояудың технологиялық процесін, химикаттар мен бояғыштар ерітіндісін әзірлеудің рецептурасы мен технологиялық режимін, олардың қасиеттерін;

сапасы мен мақсатын, автоматты режимдегі учаскелерді басқару механизмдерінің құрылысын, іс-әрекет принципі ережесін;

бақылау-өлшеу аспаптары реттеу құрылғыларының мақсатын, оларды пайдалану ережесін.


57. Қалпына келтіру-орау агрегатының операторы

Параграф 1. Қалпына келтіру-орау агрегатының операторы, 4-разряд

286. Жұмыс сипаттамасы:

булау камерасынан және орау машинасынан тұратын агрегатта иірімжіпті қалпына келтіру мен жаңадан ораудың технологиялық процесін жүргізу;

конус салушыға белдекті орнату, булау камерасының соратын шүмегіне жіпті сабақтау, белгіленген деңгейге дейін камераға иірімжіпті толтыру;

шыны түтіктен қалпына келтірілген иірімжіпті алу және тазалаушы құрылғысы бар орау машинасының тарту және парафиндеу механизміне бағыттаушы шыбық арқылы оны сабақтау;

енгізілген және оралған ораманы алу, жіптің үзілуін жалғау және қалпына келтіру мен жаңадан ораудың үздіксіз процесін қамтамасыз ететін басқа да жұмыс тәсілдерін орындау;

оралатын және оралған орамалардың (орамалар сынасы) біркелкі алынуын қамтамасыз ету;

орау машинасындағы технологиялық процестің барысын, температура режимін, будың қысымын, түтіктің иірімжіптің толу деңгейін, иірімжіптің тартылуын, қалпына келтіру және парафиндеу сапасын, иірімжіптің ылғалдығын және шығатын ораманың мөлшерін қарау;

түскен иірімжіпті, конусты тексеру, резервтік ораманы, шүмек пен қалпына келтіру камерасының жағдайын бақылау;

қалдықтарды жинау және тапсыру;

белдектерді қосалқы рамаға қою;

қолданылатын қондырғыны жөндеуден қабылдап алуға қатысу, оны тазалау.

287. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын және негізгі механизмдерінің өзара әрекетін, қолданылатын қондырғылардың режимі мен күтіп-ұстау ережесін;

өңделетін иірімжіптің түрлерін, қасиеттері мен желілік тығыздығын және оны қалпына келтіру мен жаңадан ораудың сапасына қойылатын талаптарды, жіптерді тарту мөлшерін реттеу тәсілдерін;

қалдықтардың түрлері мен нормаларын.


58. Созба қондырғысының операторы

Параграф 1. Созба қондырғысының операторы, 3-разряд

288. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары созба қондырғысы операторының басшылығымен созба машиналарында созбаны өндіру процесін жүргізу;

тоспа машинасының соңғы өткелінен таспаны қабылдау;

созба машинасына таспамен тазды орнату және оған таспаны сабақтау, таспаның машинаға дұрыс және үздіксіз түсуін, өңделетін созбаның сапасын қамтамасыз ету;

созба өтуін қарау;

созба мен таспаның үзілуін жалғау;

созба машинасын түсімді алуға дайындау, түсімді алу және сабақтау;

қалдықтарды жинау мен тапсыру;

қызмет көрсететін қондырғыларды күтіп-ұстау.

289. Білуге тиіс:

созба машинасының құрылысын және пайдалану ережесін;

таспаны сабақтау ережесін;

созбаның желілік тығыздығын, түсімді алу және сабақтау тәсілдерін;

қызмет көрсететін қондырғыларды күтіп-ұстау режимін.


Параграф 2. Созба қондырғысының операторы, 4-разряд

290. Жұмыс сипаттамасы:

созба машиналарында созбаны өндіру процесін жүргізу;

созбаны шарғыға сабақтау;

таспаны, бар тазды, созбасы бар шарғыны ауыстыру, орданы сыналау, созба мен таспаның үзілуін жалғау, қалыңдаған және жіңішкерген өтілімдерді алып тастау;

таралу алаңының қалыпты жағдайын, созба машинасының тарағында таспаның дұрыс өтуін, созбаның шарғыға оралуын, тарту аппаратының жағдайы мен жұмысын қарау;

түсімдерді алу және орнату;

тозған бөлшектер мен тетіктерді ауыстыру;

созбасы бар шарғыны орнату;

қалдықтарды жинау және тапсыру;

созба машинасын жөндеуден кейін қабылдап алуға қатысу, белгіленген кесте бойынша машинаны күтіп-ұстау.

291. Білуге тиіс:

созба машинасының құрылысы мен пайдалану ережесін;

олардың негізгі механизмдерінің өзара әрекеті мен қондырғыларды күтіп-ұстау кестесін;

созбаның түрлері мен желілік қалыңдығын, таспаның, созбаның сапасына және ораманың сапасына қойылатын негізгі талаптарды, тарақтың, шарғының, ұштастыру өзегінің, мүйізшенің және қысым біліктерінің сапасына қойылатын талаптарды;

орданы сыналау тәсілдерін.


59. Тізіп-орау қондырғысының операторы

Параграф 1. Тізіп-орау қондырғысының операторы, 2-разряд

292. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары тізіп орау қондырғысы операторының басшылығымен желіжіп үшін пішу жібін шарғыға тізіп орау, бауларды созылмалы тоқыма бауды, өру, вицаға иірімжіпті жаңадан орау процесін жүргізу, толтырғышы бар бауларды өру үшін әртүрлі талшықтарды тізіп орау;

иірімі бар шарғы мен белдекті тізіп орау рамасына орнату;

жіпті бердаға, тараққа, қатаршаға тізіп ораудың берілген есебіне сәйкес енгізу, бағаны салу;

иірімжіптің, тізіп ораудың қызмет көрсететін машинаны сабақтау мен қайта сабақтау сапасын тексеру;

желіжіп жібінің үзілуін жалғау;

алынатын белдекті, шарғыны ауыстыру, жұмысталған шарғыны алу, жиекшенің соңын бекіту;

жіптің соңын байланыстыру және оларды бақылау-тарту аспаптарына сабақтау;

дайын желіжіпті кендір машинасына әзірлеген оны кесуге дайындау;

шарғыны, белдекті және вицаны тасымалдау және тапсыру;

қалдықтарды жинау және тапсыру;

тізіп орау қондырғысын күтіп-ұстау.

293. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың жұмыс принциптерін және механизмдерінің өзара әрекетін, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

тізіп орауды сабақтау есебін, иірімжіптің ассортиментін, иірімжіпті, желіжіпті;

шетжиекті тізіп орау сапасына қойылатын талаптарды, иірімжіптің қасиеттерін, оның желілік тығыздығын, есепке сәйкес жіптерді айыру тәртібін;

қызмет көрсететін машиналарды сабақтау және түйінді байлау ережесін;

сабақтауға сәйкес вицадағы жіптер санын;

қызмет көрсететін машиналарды сабақтауға сәйкеса шарғыны, белдекті орнату тәртібін.


Параграф 2. Тізіп-орау қондырғысының операторы, 3-разряд

294. Жұмыс сипаттамасы:

трикотаж өндірісінде кендір, мата емес жайма өндіру үшін тізіп орау машиналарында иірімжіпті, метрлік техникалық шұға үшін тегіс сабақтау желіжібін, кілем өндірісінде түпкілікті және төсеме желіжіпті тізіп орау, берілген есепке сәйкес шағын тізбеорауышта тізіп орау және партиялық тізіп орау, кендір өндірісінде вицаға иірімжіпті жаңадан орау процесін жүргізу;

шарғыны, белдекті орнату және ауыстыру, сабақтау есебіне сәйкес тараққа жіпті өткізу, бағалық бауларды, таяқшаларды аралық төсеу;

иірімжіпті байлау және оны барабанға бекіту;

білікше мен тізбе ораушыны, желіжіптің соңын тізіп ораушы білікшеге сабақтау, есептегішті берілген ұзындыққа орнату;

жіптің, иірімжіптің үзілгенін жалғау, дұрыс технологиялық режимді және шикізатты үнемдеуді қамтамасыз ететін басқа да жұмыс тәсілдерін орындау;

желіжіп ұзындығын есептегішті, дұрыс орауды қарау;

тарту тетіктерінің, өзінен тоқтатқыштың және басқа да тетіктердің жағдайын қарау;

суппорттың қозғалысы, желіжіпті ажырату және орау, тізіп орау машинасының тізіп орау білікшесін орнату, желіжіп жібінің соңын бекіту және жұмысталған білікшені, вицаны алу;

сурет бойынша жіптер санын, тарту біркелкілігін және білікшедегі жіптің бөлінуін, тізіп ораудың берілген ұзындығы мен ордадағы жіптер санын бақылау;

жұмысталған желіжіптерді кесу және тізбеораушыны алу;

қалдықтарды жинау, тапсыру және тасымалдау;

тізіп орау машиналарын жөндеуден қабылдап алуға қатысу;

қызмет көрсететін қондырғыларды күтіп-ұстау.

295. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

тізіп орау есебін, жіпті тартуды реттеу тәсілдерін;

тізіп орауды сабақтау есебін, иірімжіптің қалыңдығын және оның сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 3. Тізіп-орау қондырғысының операторы, 4-разряд

296. Жұмыс сипаттамасы:

өндіру үшін әртүрлі жүйедегі тізіп орау машиналарында иірімжіпті (жіпті) тізіп орау процесін жүргізу: кілем өндірісінде мәнерді сабақтау, түкті және бедерлі желіжіпті, техникалық маталар мен шұғаларды, аксминтерлі кілемдерді, түрлі-түсті немесе басылған, тегіс, суретті, қаптық, ыдыстық және буып-түю маталары, төсемелі, өрнекті және кендірлі, шыны жібін пайдаланумен техникалық таспаларды, сүйретпелі кендір иірімжіптерін және жоғары желілік тығыздықтағы капрон жіптерін, либитті-ұлттық жібек маталары үшін, эластомерлі жіптер мен өрілген эластомерлі жіптерді;

беймата жапсырмалы және матасырмалы жаймаларды өндіру үшін әртүрлі жүйедегі тізіп орау машиналарында әртүрлі түрлі-түсті иірімжіпті тізіп орау процесін жүргізу;

таспалық сабақтау;

сабақтау картасына және бұйым суретінің раппортына сәйкес орданы жинау және тараққа жіпті өткізу;

сабақтау суретіне сәйкес иіршік орнатпасына белдекті қою, тізіп орау машинасына жіпті сабақтау;

жіптің үзілуін жалғау, жұмысталған тізіп орау білікшесін алу;

желіжіпке либитті жинақтау, жіптің тартылуын және бағытын реттеу және тізіп орау білікшесінің ені бойынша салу;

түрлі-түсті желіжіппен және қосымша желіжіппен жұмыс істеген кезде тізіп орау раппортын сақтау;

электронды және бағдарламалық иіршік орнатпасымен жұмыс істегенде – машинаның жұмыс органдарынан салмалы белдектерімен секцияларды енгізу және шығару;

тізбе ораушаны маркалау;

тізіп орау раппортында сурет бойынша жіптер мен түстердің сапасы мен санын, барабандағы білікше мен таспада жіптің біркелкі бөлінуін бақылау;

таспаның дұрыс орналасуын қарау;

желіжіпті қайта айдау және есу, тізіп орау білікшесін орнату, желіжіпті есу сапасын бақылау;

иірімжіпті салмағы бойынша тапсыру;

жұмысталған желіжіпті кесу;

бағалы бауларды уақытылы аралық төсеу;

қалдықтарды жинау және тапсыру;

қызмет көрсететін қондырғыларды жөндеуден қабылдап алуға қатысу және оларды күтіп-ұстау, үйкелетін бөлшектерін майлау.

297. Білуге тиіс:

әртүрлі жүйедегі тізіп орау машиналарының құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

жекелеген механизмдерінің өзара әрекетін, өңделетін талшықтардың түрлерін, қасиеттерін;

желілік тығыздығын және олардың сапасына қойылатын талаптарды;

тізіп орау раппортын, таспаларды салуға және бағалы бауларды аралық төсеуге қойылатын талаптарды, тізіп ораудың технологиялық есебін және сурет мәнерін, жіпті тартуды реттеу тәсілдерін, өзінен тоқтату аспабына және берданың тісіне жіпті енгізу тәртібін;

сабақтау картасын пайдалану ережесін;

қалдықтардың түрлері мен нормаларын, ұлттық маталардың желіжіптерін либиттеу сапасына қойылатын талаптарды.


60. Қырқу қондырғысының операторы

Параграф 1. Қырқу қондырғысының операторы, 2-разряд

298. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі жүйедегі қырқу қондырғыларында технологиялық режимге сәйкес матаны, мата емес жайманы, маталы түкті таспаларды қырқу, тазалау процесін жүргізу;

өзінен біліктілігі жоғары қырқу қондырғысы операторының басшылығымен жүнді матаны, кілем және кілем бұйымдарын қырқу процесін жүргізу;

өңделетін өнімдердің соңын тігу және қырқу машинасына (агрегат) сабақтау;

қырқу аспаптарының, желдеткіш сорғыштарының жұмысын, тігісті өткізу үшін автоматтың жұмысын, қайшылардың уақытылы көтерілуі мен түсуін, өңделетін өнімді қысып-басуды қарау;

пышақтар мен зімпара біліктерінің орналасуын реттеу;

жазылған күйде өңделетін өнімдердің қажетті тартылуы мен қозғалысын қамтамасыз ету;

өңдеуге түскен матаның, жайманың, кілемдер мен бұйымдардың сапасын және өнімді қырқу мен тазалау сапасын бақылау;

арбашалардағы немесе рамадағы шығыршықтағы қосып-басу ауысқан кезде партияларды бөлу үшін маталардың, кілемдердің кесегінің тігісін сөгу;

өңделген өнімдерді тасымалдау;

қызмет көрсететін қондырғыларды күтіп-ұстау, үйкелетін бөлшектерін майлау.

299. Білуге тиіс:

қырқу машинасының және агрегаттардың құрылысын, пайдалану және оларды күтіп-ұстау ережесін;

өңделетін өнімдердің ассортиментін, матаны, жайманы және бұйымды қырқу ережесін;

қырқу сапасына қойылатын талаптарды;

өңделетін өнімдерді тігу және сабақтау ережесін.


Параграф 2. Қырқу қондырғысының операторы, 3-разряд

300. Жұмыс сипаттамасы:

әмбебап қырқу машиналары мен агрегаттарында матаны, кілемді, кілем бұйымдарын, жібек пүлішті және барқытты, жасанды терінің түгін, трикотаж жайманы, мата емес жайманы, киізді қырқу, тазалау процесін жүргізу;

өңделетін өнімдердің қырқу жылдамдығын, сапасын, матаның қажетті тартылуын қамтамасыз ету;

қырқу машинасының жұмысын, түктің белгіленген биіктігін, қырқылған талшықты сорып алуды, қырқу аспаптарының, тігісті өткізу үшін автоматтардың жағдайы мен жұмысын, пышақтардың уақытылы көтерілуі мен түсуін, жіптің тартылуын қарау;

пышақ цилиндрін орнату, түктің биіктігіне сәйкес қырқу жылдамдығын, тасымалдаушы таспаны, зімпара шығыршығының орналасуын, жүйелі түрде реттеу, пышақ цилиндрін қайрауға қатысу;

шиыршықты және тұрақты пышақтардың қанаттарын арнаулы пастамен түзеу;

жайманы тігу және сабақтау;

өнімді белгіленген жерге тасымалдау;

цилиндрлерде тосқауылдағыштың, қоршаудың дұрыс жұмыс істеуін, жайманы қырнау сапасын тексеру;

қызмет көрсететін қондырғыларды күтіп-ұстау.

301. Білуге тиіс:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница