Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
страница11/35
Дата конвертации13.02.2016
Размер5.07 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://egemen.kz/wp-content/uploads/2014/04/73ӨМ-еңбек.doc
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35


әртүрлі жүйедегі отпен шарпу машиналарында жүнді және табиғи жібек маталарын отпен шарпу процесін жүргізу, белгіленген технологиялық режимге сәйкес газды отпен шарпу агрегатында мақта қосылған синтетикалықматаны, оттықта қолмен – жартылай фабрикатта тері матасы жағынан аң терісінің шығып тұрған шашты отпен шарпу;

қондырғының автоматика жүйесінің жұмысқа жарамдығын тексеру;

оттықты жағу, матаның еніне, газ бен газ-ауа қоспасының берілуіне, мата қозғалысының жылдамдығына сәйкес температураны, жалынның енін реттеу;

аспаптардың көрсеткіштерін, басқару пультін, қызмет көрсететін құрылғылар мен механизмдердің, агрегаттардың механикалық төсегіштердің немесе төсене құрылғысының жұмысын бақылау;

матаны отпен шарпу сапасын бақылау.

262. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын;

пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

газ және газ-ауа қоспасын реттеуді және беруді, газ және газ-ауа қоспасы жүйесінің құрылысын;

матаны отпен шарпу ассортиментін, отпен шарпудың технологиялық режимі мен ережесін;

талшықтардың қасиеттерін және оларға жоғары температураның әсерін;

газ қондырғысын дұрыс қолдану ережесін.


52. Баспа қондырғысының операторы

Параграф 1. Баспа қондырғысының операторы, 5-разряд

263. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті баспа қондырғысы операторының басшылығымен әртүрлі жүйедегі баспа машиналарында берілген торлы қимаүлгі кестесіне сәйкес суретті матаға, трикотаж және мата емес жаймаға, бұйым мен көшірме қағазға басу процесін жүргізу;

басу үшін түскен матаның, жайманың, бұйымның, бояудың, көшірме қағаздың сапасын бақылау;

берілген суретке сәйкес қимаүлгіні, болат сызғышты және бояуды іріктеу;

матасы бар шығыршықты немесе байланыс арбашасын орнату;

қызмет көрсететін машинаға матаны, желім мен бояғышты салу;

суреттің раппортына сәйкес торлы қимаүлгіні, болат сызғышты және еңбектемені орнату;

суретті трафереттеу және сынақ үлгісін бояу;

суретті басу процесін қарау және реңктер мен раппорт тазалығын қамтамасыз ету;

болат сызғышты, қимаүлгіні алу, тазалау және жуу;

бояуларды қызмет көрсететін машиналарға жеткізу және оларды орындарына қою.

264. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын және жұмыс істеу принципін;

оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

суретті толтыру үшін түскен матаның, жайманың, көшірме қағаздың және бұйымның ассортиментін, қызмет көрсететін машинаға матаны сабақтау ережесін;

суреттердің және оларды салудың түрлерін, матаға, жаймаға, бұйымға бояуды енгізудің кезектілігін, трафереттеу әдістерін;

қызмет көрсететін машиналарда қимаүлгілердің орналасу реттілігін, қимаүлгіге, болат сызғышқа және матаға сурет толтыру сапасына қойылатын талаптарды.

265. Жұмыс үлгілері:

1) баспа агрегатында сурет салу, жылумен өңдеу, жуу, тұрақтандыру, кеңейту, кілем жаймасын кеңейту процесін жүргізу;

2) қосқышта, толғағышта, жуу ванналары мен кептіру-кеңейту машиналарында жұмыс ерітіндісін беруді, температураны және жайманың өту жылдамдығын реттеу.


Параграф 2. Баспа қондырғысының операторы, 6-разряд

266. Жұмыс сипаттамасы:

берілген кестеге сәйкес электронды басқарылатын әртүрлі жүйедегі баспа машиналарында алты түске дейінгі торлы қимаүлгімен матаға, трикотаж жаймасына, көшірме қағазға суреттерді басу процесін жүргізу.

бояудың сапасын, қимаүлгінің, болат сызғыштың тазалығын және олардың суретке сәйкестігін тексеру.

болат сызғыш пен қимаүлгіні қызмет көрсететін машинаға орнату.

суретті трафереттеу және сынақ үлгісін басу.

жалпақ басу машиналарында болат сызғышты қайрау, оларды қырнау.

бүріккі корпусының металл бөлігін қырнау.

электромагнитті жалғастырғышты ретке келтіру.

өнім мен қағаздың тартылуын және өту жылдамдығын реттеу, суретті дұрыс толтыруды, реңк пен раппорт тазалығын бақылау. Қызмет көрсететінмашиналардың жұмысын және электронды аспаптардың тартылуын және керзі барысын түзеуді қарау.

сурет раппортының орнын ауыстыру.

суреттің қанықтығына байланысты болат сызғыштың өту санын реттеу.

қызмет көрсететін машиналардың жұмысындағы ақауларды түзеу, кареткалардың жұмысын реттеу, кареткалардағы түйреуішті ауыстыру.

267. Білуге тиіс:

баспа машиналарының құрылысын, қондырғыларды пайдалану және негізгі механизмдерінің өзара әрекетін, баспа машиналарының қолданылатын бақылау-реттеу аспаптарының реттеуші құрылғыларының мақсатын, жұмыс принциптерін және оларды күтіп-ұстау ережесін;

қолданылатын бояулардың сапалық белгілерін, трафереттеу тәсілдерін және матаға суретті басу ережесін;

бояуды енгізу кезектілігін және баспа машиналарында қимаүлгілердің орналасу ретін, суретті салғаннан кейін матаны кептіру режимін;

матаның ассортиментін, толтырмалы матаның сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 3. Баспа қондырғысының операторы, 7-разряд

268. Жұмыс сипаттамасы:

тапсырмаға сәйкес, торлы, тегіс, дөңгелек (ротациялық) қимаүлгідегі, фотофильм баспалы, технологиялық процесті автоматты реттейтін машиналарда матаға және әртүрлі талшықты жаймаға алты және одан көп түсті суреттерді басу процесін жүргізу;

кептіру камерасының жұмысын, суретті дұрыс толтыруды, реңктер мен оның раппортының тазалығын бақылау;

станоктағы болат сызғышты ауыстыру және қайрау;

сынақ үлгісін басу және оның эталонға сәйкестігін тексеру;

болат сызғыштың қысылуын, ротациялық баспа машиналарындағы қимаүлгідегі баспа бояуының деңгейін және насостың қысымын реттеу, қызмет көрсететін машиналардың жұмысындағы ақауларды түзеу.

269. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын және механизмдерінің өзара әрекетін, қызмет көрсететін машиналар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының реттеуші құрылғыларының мақсаты мен жұмыс принциптерін және оларды пайдалану мен күтіп-ұстаудың ережесін;

суреттер мен оларды салудың түрлерін, қолданылатын бояулардың сапалық белгілерін, қимаүлгілердің сапасына қойылатын талаптарды және олармен матаға сурет басу ережесін;

кептірудің технологиялық режимін, бояуды енгізу реттілігін және қимаүлгілерді орналастыру ретін.


53. Жуып-шаю қондырғысының операторы

Параграф 1. Жуып-шаю қондырғысының операторы, 2-разряд

270. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген технологиялық режимге сәйкес әртүрлі жүйедегі жуып-шаю машиналарында, аппараттарда, агрегаттарда, ағынды желіде матаны, жайманы және бұйымды жуып-шаю процесін жүргізу;

жуып-шаю баркасында, әртүрлі жүйедегі машиналарда иірімжіпті, бас киімді, теріні жуып-шаю;

жуып-шаю және жуу машиналарында матаның ластанған жерін жуу;

белгіленген рецептура бойынша жуу ерітіндісін әзірлеу;

жуудан кейін матаны машинамен немесе қолмен үздіксіз жаймаға тігу, тігістерді сөгу;

терілерді қажетті қалдық ылғалдығы деңгейіне дейін кептіру;

түйірленген және қатты шелденген терілерді жазу;

өңделетін өнімдерді жұмыс орнына жеткізу;

қызмет көрсететін машиналарды, қорапшаларды, барабандарды суық сумен және жуу ерітіндісімен толтыру және оны белгіленген температураға дейін қыздыру;

ерітіндінің деңгейін қарау;

қызмет көрсететін механизмдердің жұмысын, температурасын және жуу ерітіндісінің қоюлануын реттеу;

уудан кейін теріні жазу және кесу;

матаны жуу сапасын тексеру, жуудан кейін тиеу, сығу және белгіленген жерге тасымалдау;

суды және жуу ерітіндісін ауыстыру;

жұмыс ерітіндісінің қоюлануын тексеру үшін оның сынамасын алу;

жуып-шаю қондырғысын күтіп-ұстау.

271. Білуге тиіс:

жуып-шаю қондырғысының құрылысын, жұмыс принципін, пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

жуылатын иірімжіптің, бас киімнің, матаның, жайманың, бұйымның ассортиментін, терінің түрлерін, мата мен жайманы тігу, теріні жазу мен кесу ережесін;

жуу сапасына қойылатын талаптарды, жуу ерітіндісінің қасиеттерін, химиялық материалдардың шығыс нормативтерін және ерітіндіні дайындау әдістерін, жуу және сығудың технологиялық режим нормативтерін.


Параграф 2. Жуып-шаю қондырғысының операторы, 3-разряд

272. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген технологиялық режимге сәйкес кептіру қондырғысымен агрегатталған әртүрлі жүйедегі машиналарда, аппараттарда, агрегаттарда, жуып-шаю желілерінде матаны, жайма мен бұйымды жуып-шаю және арнаулы өңдеу процесін жүргізу;

өңделетін өнімдерді жұмыс орнына жеткізу;

аспаптар мен механизмдердің көмегімен технологиялық режимді, жуып-шаю және кептіру сапасын бақылау.

273. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын және пайдалану мен күтіп-ұстау ережесін;

өңделетін өнімдердің ассортиментін, өнімді жуып-шаюдың, арнаулы өңдеудің және кептірудің технологиялық режимін;

жуу ерітіндісін әзірлеу рецептурасын, жуып-шаю кезінде қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін;

бу сымдарымен жұмыс істеу ережесін.


Параграф 3. Жуып-шаю қондырғысының операторы, 4-разряд

274. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген технологиялық режимге сәйкес әртүрлі жүйедегі машиналарда, агрегаттарда, аппараттарда шұғалық, көрпелік маталарды, жамылғының жайманы жуып-шаю және арнаулы өңдеу, киізді жуып-шаю процесін жүргізу;

киізді қызмет көрсететін машинаға салу;

рецептураға сәйкес жуу ерітіндісін әзірлеу;

жуу ерітіндісін құю және оның деңгейін, температурасы мен қоюлануын сақтау;

қызмет көрсететін қондырғының, реттейтін құрылғының, сығу білігінің, бақылау-өлшеу аспабының жұмысын бақылау, жуып-шаю режимін сақтау, жуып-шаю сапасын бақылау;

жуылған киіздің қышқылдығын анықтау;

киізді сығу.

275. Білуге тиіс:

әртүрлі жүйедегі жуып-шаю қондырғысының құрылысын, пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

жуылатын киіздің, шұғаның, көрпелік матаның, жамылғы жайманың ассортиментін, оларды жуып-шаюдың технологиялық режимін;

жуып-шаю процесін жүргізу және реттеу ережесін;

жуылатын материалға қойылатын талаптарды, жуу заттарының түрлері мен қасиеттерін және ерітінді әзірлеу ережесін;

жуылған киіздің қышқылдығын анықтау тәсілін.


54. Қопсыту-түту машинасының операторы

Параграф 1. Қопсыту-түту машинасының операторы, 2-разряд

276. Жұмыс сипаттамасы:

кенепті бір процесті түткіш, тозаң тазалағыш, шаң қаққыш, тікенек алғыш және басқа да машиналарда мақтаны, жүнді, қалдықты қопсыту және түту процесін жүргізу;

шикізатты қызмет көрсететін машиналарға салу үшін дайындау;

шикізатты тасымалдау, оны қоректендіру торына жайғастыру;

қоспа компонентін алмастырумен қоректендіру тетігіне шикізатты салу;

қызмет көрсететін машинаның, қоректендіру тетіктерінің жұмысын қарау;

талшықтың сапасына сәйкес төсем өлшемін реттеу;

қопсыту және түту сапасын бақылау;

ауыстыруды, қоқысты және қалыпты жүнді, бөгде заттарды, арқанды сұрыптау;

теңдердің, ыдыстардың жібін сөгу;

өңделген шикізатты белгіленген жерге тасымалдау және қатарлап қою;

қалдықтарды, ыдысты және буып-түю материалдарын жинау және тапсыру;

қолданылатын қондырғыларды күтіп-ұстау, қызмет көрсетілетін машиналарды тазалау және үйкелетін бөліктерін майлау.

277. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын және пайдалану ережесін;

қызмет көрсететін машиналардың жұмыс принциптерін және жекелеген механизмдерінің өзара әрекетін, оларды күтіп-ұстау ережесін;

өңделетін шикізаттың түрлері мен сұрыптарын, қоректендіру торына төсемнің немесе қоректендіру тетігіне салудың нормаларын, шикізатты қопсытудың технологиялық процесін;

өңделетін талшыққа қойылатын талаптарды.


Параграф 2. Қопсыту-түту машинасының операторы, 3-разряд

278. Жұмыс сипаттамасы:

қопсыту-түту машиналарының тік, көлденең және соратын қопсытқыштарында мақтаны түту процесін жүргізу;

тік қопсытқышқа шикізатты біркелкі салу;

көлденең және соратын қопсытқыштарға шикізаттың біркелкі түсуін және қопсыту-түту машинасының барлық механизмдерінің жұмысын қарау;

көлденең немесе соратын қопсытқыштардан жұмсалған кенепті алу және оларды өлшеу;

тік қопсытқышта жасалған талшықты ыдысқа салу;

қопсыту-түту машиналарының астындағы қалдықтарды алып кету;

қалдықтарды жинау және тапсыру;

бекітілген кестеге сәйкес қызмет көрсететін машиналарды күтіп-ұстау.

279. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

өңдеуге түскен шикізаттың атауларын;

норма бойынша кенептің салмағын және одан мүмкін ауытқуларды, кенептің салмағын реттеу ережесін;

қалдықтардың түрлері мен сұрыптарын.


Параграф 3. Қопсыту-түту машинасының операторы, 4-разряд

280. Жұмыс сипаттамасы:

түту машиналарында мақтаны түту және кенепті өндіру, қопсыту-түту машиналарында алғашқы қопсыту, жүннің және қоспаның басқа компоненттерін араластыру және түту процесін жүргізу;

қоректендіру торына қоспаны төсеу;

талшықты біркелкі араластыруды қамтамасыз ету;

технологиялық процестің барысын қарау;

кенептің анықталған қалыңдығына сәйкес тепкіштік реттегішті жөнге келтіру және кенептің салмағын реттеу;

жасалынған кенепті алу, автотүсірушіні қарау және кенепті сабақтау;

кенепті өлшеу;

жолдама талонды салу;

конвейерге немесе тасымалдағышқа кенепті салуды қарау, тасымалдау пневможүйенің көмегімен немесе қолмен қызмет көрсететін машинаның астынан қалдықтарды жүйелі түрде алып тастау;

қалдықтарды жинау және тапсыру;

қолданылатын қондырғыларды күтіп-ұстау.

281. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

өңдеуге түскен қоспалардың атаулары мен құрамын, норма бойынша кенептің салмағын және олардың мүмкін ауытқуларын;

кенептің салмағын реттеу ережесін және тепкіштік реттеуді жөнге келтіру әдістерін;

түрлер мен сұрыптар бойынша шығыс нормаларын.


55. Иірілімжіп бөлу операторы

Параграф 1. Иірілімжіп бөлу операторы, 3-разряд

282. Жұмыс сипаттамасы:

иірімжіптің желілік тығыздығына сәйкес, шикізаттың түрлері мен орама өлшемдері бойынша орау, есу машиналарының бункерлері, аспалы конвейер бесігі бойынша иірімжіпті бөлу процесін басқару пультінен жүргізу;

матаны, жайманың артикулдері және олардың қашуы бойынша тоқыма станоктарына желіжіпті, тоқу машиналарына иірімжіпті бөлу;

иірімжіптің желіжібін сақтау үшін механикаландырылған сөрелерді басқару пультіне магнето орнату;

шахта арқылы бесіктің өтуі кезінде сынудың алдын алу;

мақсатында аспалы конвейердің бесігін иірімжіппен дұрыс толтырылуын бақылау;

аспалы конвейерді іске қосу және айыру, конвейердің, жүк тиеу-түсіру құрылғысының жұмысын қарау;

түсімнің толық жұмысталуын, сөреден желіжіпті дұрыс алуды, белгіленген жерге сөреден желіжіптерді іріктеуді, қоршаудың, конвейердің тарту және тосқауыл құрылғыларының техникалық жағдайын бақылау;

апат жағдайында аспалы конвейерді тоқтату, конвейердің сынуы, басқару пультіндегі, механикаландырылған сөредегі жұмыстың ақауы туралы кезекшіге хабарлау;

басқару пультінің, механикаландырылған сөрелердің жұмысын бақылау.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница