Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
страница1/35
Дата конвертации13.02.2016
Размер5.07 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://egemen.kz/wp-content/uploads/2014/04/73ӨМ-еңбек.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы

2013 жылғы 26 ақпан №73-Ө-М Астана қаласы


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығын (44-шығарылым) бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) бекітілсін.

2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А. Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Вице-министрi Е. Қ. Егембердіге жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Министр С.ӘБДЕНОВ.


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 73-ө-м бұйрығымен бекітілген

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)



Бөлім 1. Жалпы ережелер

1. Осы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығы (бұдан әрі – БТБА) (44-шығарылым) «Тоқыма өндірісінің жалпы мамандықтары», «Мақта-мата өндірісі», «Зығыр өндірісі», «Жүн өндірісі», «Жібек өндірісі», «Ұлттық маталар өндірісі», «Жібек орау өндірісі», «Трикотаж өндірісі», «Киіз басу өндірісі», «Тоқыма галантерея өндірісі», «Кендір жіп өндірісі», «Мақта өндірісі», «Мата емес материалдар өндірісі», «Ау тоқу өндірісі», «Қол тоқымашылығы» бөлімдерінен тұрады.

2. Оны жасау өндіріс технологиясының өзгеруінен, өндірістік қызметте ғылыми-техникалық прогресстің ролінің өсуінен, жұмысшылардың біліктілік, жалпы білімі мен арнаулы даярлық, ішкі және сыртқы рынокта өнімдердің сапасының, бәсекеге қабілеттілік деңгейіне талаптың артуынан, сондай-ақ жұмыс мазмұнының өзгеруінен туындап отыр.

3. Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайы есепке алынбастан олардың күрделілігі бойынша (еңбек күрделілігінің деңгейіне ықпал ететін төтенше жағдайларды және орындаушының біліктілікті арттыратынын қоспағанда) белгіленген.

4. Әрбір мамандықтың тарифтік-біліктілік сипаттамасы екі бөлімнен тұрады.

5. «Жұмыстың сипаттамасы» бөлімінде жұмысшы орындай білуі тиіс жұмыстар баяндалған.

6. «Білуге тиіс» бөлімінде жұмысшы қолдануы тиіс арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулар мен басқа да басшылық материалдарын, әдістер мен құралдарды білуге қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар жазылған.

7. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларда жұмысшы мамандығының нақты разряды үшін барынша әдеттегі жұмыстар тізімі келтірілген. Бұл тізім жұмысшы орындауы тиіс барлық жұмыстарды қамтымаған. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

8. «Жұмыстар сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, құрылғыларды, аспаптарды жинау, сондай-ақ оларды қалыпты жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттамаларды жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауы тиіс.

9. «Білуі тиіс» бөлімінде жазылған теориялық және практикалық білімдерге талаптармен қатар жұмысшы білуі тиіс: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережелері, орындалатын жұмыстар (қызметтер) сапасына, жұмыс орнында жұмысты тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптар, ақаулардың түрлері және оларды болдырмау, жою тәсілдері, өндірістік дабыл беру.

10. Жоғары білікті жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстарынан басқа, одан төмен білікті жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қарастырылған жұмыстарды орындай білуі тиіс, сонымен қатар осы мамандықтағы төмен разрядтағы жұмысшыларды басқарады. Осыған байланысты, төмен разрядты мамандықтардың тарифтік-біліктілік сипаттамаларында келтірілген жұмыстар олардан жоғары разрядтардың сипаттамаларында келтірілмейді.

11. Тарифтік- біліктілік сипаттамалар жеті разрядты тарифтік сеткаға арналып дайындалған.

12. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар меншік түрлеріне және ұйымдық-құқықтық түрлеріне тәуелсіз ұйымдарда жұмыстарды тарифтеу мен жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

13. Қолданудың ыңғайлылығы мақсатында БТБА жұмысшылардың кәсіптерінен, разрядтарының диапазоны мен беттерінің нөмірлерінен тұратын осы БТБА-ға (қосымша) сәйкес алфавиттік көрсеткішті көздейді.

14. «Тоқыма өндірісінің жалпы мамандықтары», «Мақта-мата өндірісі», «Зығыр өндірісі», «Жүн өндірісі», «Жібек өндірісі», «Ұлттық маталар өндірісі», «Жібек орау өндірісі», «Трикотаж өндірісі», «Киіз басу өндірісі», «Тоқыма галантерея өндірісі», «Кендір жіп өндірісі», «Мақта өндірісі», «Мата емес материалдар өндірісі», «Ау тоқу өндірісі», «Қол тоқымашылығы» бөлімдерінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2004 жылғы редакциясында берілген.


Бөлім 2. Тоқыма өндірісінің жалпы мамандықтары

1. Аппретирлеу аппаратшысы

Параграф 1. Аппретирлеу аппаратшысы, 3-разряд

15. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті аппретирлеу аппаратшысының басшылығымен аппретурлық-кептіру барабанында, фильцкаландры бар аппретурлық-кептіру-созу агрегатында, кептіру-тұрақтандыру агрегатында, аппретурлық-кептіру-созу агрегатында, аппретурлық, кептіру-созу, аппретурлық-кептіру-созу машиналарында, шлихталау-барабан машинасында, плюсовкаларда, сагрегирленген және сагрегирленбеген кептіру-созу машинасында қыртыстанбайтындай, су жұқпайтындай, отқа төзімді етіп және басқалай өңдеу үшін маталарды, кілемдерді, жаймаларды, жасанды тері түгін, бас киімдерді, тоқыма-галантереялық өнімдерді және мата емес жаймаларды аппретирлеу, тұрақтандыру, грунтты латекспен өңдеу, кептіру, созу процесін жүргізу;

қызмет көрсететін машиналарға, агрегаттарға, желілерге маталарды, жаймаларды, жасанды терілерді, кілемдерді, тоқыма-галантереялық өнімдерді, бас киімдерді салу;

жұмыс ерітінділерін дайындау;

бояғышқа крахмал аппретін толтыру;

жұмыс ерітіндісін беруді, бу қысымын, маталар, жаймалар, кілемдер және өзге де өнімдер қозғалысының жылдамдығы мен олардың жайылуын реттеу;

маталардың үзілуін жалғау;

бас киімдердің бетін ацетонмен немесе спиртпен өңдеу және оларды кептіру;

дайындауға және өңдеуге әкелінген өнімдердің сапасын мемлекеттік стандарттарға сәйкес бақылау;

маталардың, жаймалар мен өнімдердің шеттеріне белгі салу;

дайындалатын өнімдердің паспорттарын толтыру;

өңделген өнімдерді тасымалдау, тігістерді сөгу, жаймалар мен өнімдерді қосып тігу;

қызмет көрсететін машиналарды тазалау және үйкелетін беттеріне май жағу.

16. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

аппретирлеудің технологиялық процесін, будың шегіне жеткен қысымын, дайындалатын өнімді өңдеу кезіндегі ылғалдылықтың нормаларын, машиналарға, агрегаттарға, желілерге маталарды, жаймаларды және басқаларды салу ережелерін, дайындалатын өнімдердің ассортиментін және оның сапасына қойылатын талаптарды;

қолданылатын жұмыс ерітіндісінің рецептурасын.


Параграф 2. Аппретирлеу аппаратшысы, 4-разряд

17. Жұмыс сипаттамасы:

аппретурлық-кептіру барабанында, фильцкаландрмен кептіру-созу агрегатында, аппретурлық машиналарда, аппретурлық-кептіру-созу және кептіру-тұрақтандыру агрегаттарында, бояйтын, сагрегирленген және сагрегирленбеген кептіру машинасында, кептіру-созу агрегаттарында және машиналарында қыртыстанбайтындай, су жұқпайтындай, отқа төзімді етіп, аз басылатын және өзге де өңдеу түрлеріне арналған маталарды, кілемдерді, жаймаларды, полипропиленді жіңішке маталарды, жасанды тері түгін, текстильді-галантереялық бұйымдарды, мата емес жаймаларды, ілгек-қапсырмаға арналған таспаларды және өзге де бұйымдарды кептіру, созу, жуу, ылғалдау, термиялық өңдеу, латекспен өңдеу, тұрақтандыру, аппретирлеу процесін жүргізу;

аппретирлеу процесінің тоқтамауын, дайындалатын өнімнің сапалылығын, будың, электр қуатының, химиялық ерітінділердің үнемді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

кептіру және жылу камераларындағы температураларды, сіңірілетін ерітінділердің деңгейлері мен температураларын, маталардың және өзге де жаймалар мен бұйымдардың қозғалу жылдамдығын, олардың жайылуын, мата мен жайманың жыртылуын жоюды реттеу;

бұйымдардың, жаймалардың, жасанды терілердің дұрыс тұрақтануын қамтамасыз ету;

латексті вулканизациялау;

матаның ені мен шетінің дұрыс болуын, латекс қабатының біркелкі жағылуын, шығарда жайманың біркелкі өтуін, жайманың ұзындығының дұрыс кесілуін бақылау;

матаның жыртылуын, шетінің бүгілуін, кертілуін болдырмау;

сіңірілетін ерітінділерді концентрациясын тексеру үшін сынамаларын алу;

жайманың біркелкі сығылуын, сіңірілетін ерітіндінің мөлшері мен концентрациясын қамтамасыз ету;

қолданылатын бақылау-өлшеу приборларының, автоматты реттейтін құрылғылардың және желдеткіштердің жұмысын бақылау;

жаятын құрылғының және электротельфердің жұмысына қарау;

дайын өнімді белгілі орынға тасымалдау.

18. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін, аппретирлеудің технологиялық процесін;

будың шегіне жеткен қысымын, дайындалатын өнімді өңдеу кезіндегі ылғалдылықтың нормаларын, машиналарға, агрегаттарға, желілерге маталарды, жаймаларды және басқаларды салу ережелерін;

дайындалатын өнімдердің ассортиментін және оның сапасына қойылатын талаптарды, қолданылатын жұмыс ерітіндісінің рецептурасын.


Параграф 3. Аппретирлеу аппаратшысы, 5-разряд

19. Жұмыс сипаттамасы:

желілер ағынында, аппретурлық-бөлу желілерінде және технологиялық процесті автоматты реттеу агрегаттарында, автоматты басқарумен кептіру-тұрақтандыру агрегаттарында қыртыстанбайтындай, су жұқпайтындай, отқа төзімді етіп немесе өзге де өңдеу түрлеріне арналған маталарды, мата емес жаймаларды, полипроленді жіңішке маталарды, жайма мен жасанды тері бөліктерін және өзге де бұйымдарды тұрақтандыру, жуу, термиялық өңдеу, кептіру, созу, химиялық ерітіндімен өңдеу, мерсерлеу, аппретирлеу процесін жүргізу, агрегат, желі машиналарының жұмысында ілеспелікті қамтамасыз ету;

басқару пультінен бақылау-өлшеу приборлары және автоматика құралдарының көрсеткіштері арқылы желілер және агрегаттар қолданылатын барлық секциялардағы жаю, кептіру, термиялық тұрақтандыру, аппретирлеу процесін бақылау;

тоқыма өндірісінде – кептіру-жаю машинасының жабдықтарын жөндеу және қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау;

жайманың, матаның, жасанды терінің және өзге де бұйымдардың аппретирлеу сапасының, дайындалған матаның енінің, оның ылғалдылығы дәрежесінің мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін бақылау.

20. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

басқа да маталар мен бұйымдар түрлерін аппретирлеу және тұрақтандыру кезінде қолданылатын негізгі химиялық заттарды, оларды қолдану ережелерін;

сіңіру ерітінділерінің концентрациялары мен рецепттерін, аппретирлеуде, термиялық тұрақтандыруда және кептіруде қолданылатын талаптарды, дайындалатын өнімдер ассортиментін.

21. Жұмыс үлгілері:

1) тегістеу: ілмек қатарлары мен суреттері бойынша кілем жаймаларын;

2) желімдеу: желімдеу агрегатындағы кілем жаймасының сыртқы бетін;

3) тұрақтандыру, жаю, кептіру: желімдеу агрегатындағы кілем жаймасын;

4) қосып тігу: кілем жаймаларын.


2. Булау аппаратшысы

Параграф 1. Булау аппаратшысы, 1-разряд

22. Жұмыс сипаттамасы:

шөлмектердегі иірімжіпті және арнаулы булау ыдыстары мен камераларындағы құрақ пен қиындыны буландыру процесін жүргізу;

құрақ пен қиындыны түрлері мен мөлшерлеріне қарай бөлу;

буландырудың температуралық режимін және булау ыдыстары мен камераларындағы қысымды реттеу;

құрақты, қиындыны, шөлмектермен кассеталарды тиеу, түсіру және белгіленген орынға тасымалдау;

буландыру сапасын тексеру.

23. Білуге тиіс:

жұмыстар үдерісін, булау ыдыстары мен камераларын пайдалану ережесін;

буландыру тәртібін, қиынды, құрақ түрлері және оларды бөлу ережелерін.


Параграф 2. Булау аппаратшысы, 2-разряд

24. Жұмыс сипаттамасы:

қалыпқа салудың алдында киіз байпақты, арқаужіпті, матаны эмульсиялау, булау процесін жүргізу, камераларда, эмульсиялау машиналарында, чандарда, аппараттарда, автоклавтарда трикотаж жаймалар мен бұйымдарды алдын-ала тұрақтандыру және тұрақтандыру, одан жоғары біліктіліктегі булау аппаратшысының басшылығымен капрон желілерін және бөліктерін буландыру;

киіз байпақ түрлері мен мөлшерлері бойынша сұрыптау;

маталарды қосып тігу және тігістерді сөгу;

технологиялық процестің жүргізу сапасын бақылау;

буланған киіз байпақты созу;

қызмет көрсететін қондырғылардың және қолданылатын бақылау-өлшеу приборларының дұрыс жұмыс істеулерін тексеру;

өнімді тиеу, түсіру және белгіленген орынға тасымалдау;

қызмет көрсететін қондырғыларды күту.

25. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын және жұмыс принципін;

оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

технологиялық булау, эмульсиялау және созу тәртібін, дайындалатын өнім ассортиментін;

булаудан кейінгі өнімдер сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 3. Булау аппаратшысы, 3-разряд

26. Жұмыс сипаттамасы:

иірімжіпті, матаны, корд жіптерді, ширатылған жібекті, химилық талшық ленталарын, орамалдарды, капрон желілері мен бөліктерін, шұлық-байпақ бұйымдарын, сыртқы және іш киім трикотаж бұйымдарды, жартылай шикізаттарды, көркем әсемделген және талшық бұйымдарын булау процесін жүргізу;

аппараттарда, камераларда, қазандарда, автоклавтарда, бағдарламалық басқарумен талшық дайындайтын машиналарда, үздіксіз жұмыс істейтін жетілдіргіштерде, булау машиналарында, баспақтау-машиналарда, қалыптар мен камераларда оқаны, бөкебайларды және үшкіл орамалдарды бастыра тігуге арналған погондардағы контурлық сызықтарды булау және баспақтау;

корд жіптерімен тізбеорауышты отқа төзімді матамен қаптау;

өнімді қабылдау, тиеу, түсіру, белгіленген орынға тасымалдау;

қолданылатын құралдарды, бақылау-өлшеу приборларын, будың қысымын және оның қондырғыларға біркелкі берілуін бақылау;

булау және баспақтаудың белгілі технологиялық тәртібін сақтау;

өнімнің булану және контурлық сызықтардың баспақталу сапасын тексеру.

27. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын және пайдалану мақсатын, оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

дайындалатын өнім ассортиментін;

технологиялық булау тәртібін, булаудан кейінгі өнімдер сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 4. Булау аппаратшысы, 4-разряд

28. Жұмыс сипаттамасы:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым) iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница