Автореферат 2010 жылы «15»




НазваниеАвтореферат 2010 жылы «15»
страница1/5
Дата конвертации13.02.2016
Размер0.7 Mb.
ТипАвтореферат
источникhttp://news.wksu.kz/images/stories/downloads/avtoreferaty/avtoreferat_kozhakuli.doc
  1   2   3   4   5
ӘОЖ 94(574):94(575.1)”17/18”:339.97:346.1(043) Қолжазба құқығында


Қожақұлы Өтеубай


ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегімен - ХІХ ғасырдың

70 жылдарына дейінгі Қазақ-қоқан қарым-қатынастары

(саяси және шаруашылық мәселелері бойынша)


07.00.02 – Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)


тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты


Қазақстан Республикасы

Орал, 2010

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

Тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасында орындалды


Ғылыми кеңесші: Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Ж.Қ. Қасымбаев



Ресми оппоненттер: Тарих ғылымдарының докторы, профессор

С. Мадуанов

Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Н. Мұқаметханұлы

Тарих ғылымдарының докторы

C.Н. Әлібек


.


Жетекші ұйым: Тараз мемлекеттік педагогикалық

институтының тарих және тарихты

оқыту әдістемесі кафедрасы


Диссертация 2010 жылы «_3_» __шілде _сағат 10.00-де М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.61.26 Біріккен диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Мекен жайы: 090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 162


Диссертациямен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады


Автореферат 2010 жылы «_15_»_ мамырда _таратылды


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, тарих

ғылымдарының докторы,

профессор: Б.Ғ. Шинтимирова


КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдың 70- жылдарына дейінгі қазақ-қоқан саяси және шаруашылық қарым-қатынастарының теориялық-методологиялық негіздемесі, тарихнамасы және деректік негіздері көрсетіледі. Ұлы жүз қазақтары мен Ташкенттің арасындағы тарихи-дәстүрлі және географиялық факторлары, мал, егін, және сауданың дамуы қарастырылады. Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күресі және Қоқан хандығының ұстанымы ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі патшалық Ресейдің қазақ-қоқан қатынастарына ықпалы, оның Сыр бойын, Жетісуды және Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуының тарихы баяндалады. Ресей мен Қоқан хандығының саяси арақатынасы Саржан сұлтан көтерілісі, оған Ташкент бектерінің қатынасы және ХІХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы көтерілістер, Қоқан хандығының қазақ халқымен әлеуметтік, қоғамдық-саяси қатынасындағы салық жүйесінің рөлі талданған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халқымыздың сан ғасырлар бойы армандаған ізгі тілегі жүзеге асып, еліміз тәуелсіздік тізгінін өз қолына алған шақта қазақтардың оңтүстік өлкесіндегі ежелден төсекте басы, төскейде малы қосылған көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен қарым- қатынасын қайта қарап, бекіте түсуде. Осы жағдайға байланысты отандық тарих алдында жаңа міндеттер мен талаптар қойылды. Соның бірі халқымыздың ежелгі дәуірден, ғасырлар қойнауынан бастау алатын шежірелі тарихын бүгінгі биік талаптар тұрғысынан зерделеп, оны шындықты күтіп отырған барша қауымға боямасыз, бүкпесіз жеткізіп, жаңа қоғамға сай баға беру. Тарих зердесінде Қазақстан мен Орталық Азия халықтары арасында саяси, әлеуметтік-экономикалық байланыстардың болғандығын дәлелдеп отыратын тарихи, археологиялық, этнографиялық деректер сақталған. Бүгінгі күні осы байланыстарды ашып көрсету үлкен мәселеге айналып отыр. Кеңес үкіметі тұсында халықаралық қатынастарға баса назар аударылып, проблемалық мәселелердің көпшілігі ғылыми тұрғыда зерттелмегені белгілі. Алайда, бұл өлкелерді мекендеген халықтардың тарихында, тұрмыс-тіршілігінде, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарында да үлкен ұқсастықтың болғандығын жоққа шығаруға болмайды. Ағайынды халықтар қандай қиындықтар мен ауыр жағдайлар болса да, бір-біріне қол ұшын беріп, жақындық белгілерін танытып отырған. Бұл тұрғыда 1993 жылдың маусым айында Ордабасыда өткен жиында Қазақстан президенті – Н.Назарбаев, Өзбекстан президенті – И.Каримов, Қырғызстан президенті – А.Ақаевтың бас қосқан кездесулерінде айтылды. Онда қазақ халқының ХҮІІІ ғасырдағы қайраткерлері Төле, Қазыбек және Әйтеке билерді еске ала отырып, осыдан үш ғасырдай бұрын осындай жекелеген тарихи тұлғалардың жоңғарларға қарсы күресте, қазақтарды біріктіруде үлкен еңбек сіңіргендіктерін айта келіп, осы кезде қазақтарға достық пен ағайындықтың белгісі ретінде Орта Азияда өмір сүрген халықтар, яғни өзбектер, қырғыздар, түркімендер, тәжіктер, қарақалпақтар өздерінің көмектерін көрсеткендіктері айтылған. Осылайша аумақтық тұтастыққа қол жеткізу мен саяси тәуелсіздік жолындағы шешуші қадамдардың бірі жасалынған.

Жалпы алғанда, Қазақ-Қоқан хандықтарының зерттелініп отырған ғасырлардағы қарым-қатынастарын біржақты қарастыруға болмайды, өйткені ол байланыстар сонау заманнан бері біте қайнасып, біртұтас бөлінбейтін дүниеге айналып кеткен. Міне, осы себептен көршілес халықтардың арасындағы қарым-қатынастарды жан-жақты қарастыру керек.

Қазіргі кезде Қазақстанда тарих ғылымы өте маңызды кезеңдердің бірін бастан кешіруде, елбасы Н.Ә.Назарбаетың сөзімен айтқанда «біз тарихымыздың ақиқаты жазылмаған тұстарын қайта қарап жатырмыз» [1]. Мойындаған жөн, біздің тарихи шындыққа беретін бағамыз ұдайы дәл емес. Кеңес кезеңіндегі тарих ғылымының ең сорақы қателерінің бірі ұлттық мүддеге, ұлттық құндылықтарға салғырт, саяси үстемдік тұрғысынан қарау болды [2]. Өз тарихын ұмытқан немесе оны білмейтін «халықтың болашағы жоқ және ол мақсатты іс-әрекеттерді жүзеге асыра алмайды» [3]. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана отандық тарих ғылымы қоғамдық сананы ұлттық мүдде тұрғысынан қалыптастыруда [4]. Ең маңызды мәселелер қатарында ұлттық тарихтың зерттелмеген немесе зерттеуге тиым салынған беттері саналды. Өз ата-бабаларының тарихын білу, оған дұрыс баға беру тоталитарлық жүйенің жіберген қателіктерін түзеу ұлттық сананың оянуын тездететіні сөзсіз [5]. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылды «Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп белгілеуі тегін емес.

Қазақ хандығындағы өзара қырқысу соғыстары бытыраңқылықты күшейте түсті. Ішкі саяси қырқыстарды Қоқан және Хиуа хандығы пайдаланып, қазақ хандығына сырттай агрессиялық саясат жүргізді.

Қоқан хандығының тарихын зерттей отырып, өзбек-қазақ халқының “Қоқан хандығының” деспотизм саясатына қарсы еңбекшілер мен бұқара халықтың жақындасып бауырласқанын көреміз. Қоқан хандығының қанаушылық саясаты өзбек және қазақ халықтарын біріктіріп, өздерінің саяси бостандықтары үшін екі халықты достастыра түсті. Сондықтан да XVIII ғасырдың 70-ші жылдары мен ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі Қоқан хандығы тұсындағы қазақ халқының тарихын зерттеу заман талабы.

Жүздеген жылдар бойы қазақтар (әсіресе, оңтүстік өңірі) Қоқан хандығының қол астында өмір сүріп, өзбек ағайындарынан егіншілік және қолөнер кәсібін, ирригациялық және мелиорациялық жүйелер мен дәстүрлерді, сауда-саттық байланыстарды қабылдаған. Сондай-ақ қазақтар мен өзбектердің қалыптасуы мен дамуында ортақ мәселелер көп: олар бір этногенетикалық отбасыға кіретін көршілес елдер. Бұған қоса екі ел арасындағы шаруашылық пен әлеуметтік жағдайлар, тұрмыс пен дәстүр, салт пен мәдениеттегі өзара байланыстар төңкеріске дейінгі дәуірде-ақ белгілі бір деңгейге жеткен еді. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтар мен өзбектердің әлеуметтік-экономикалық және өзара қарым-қатынасы екі халықты бұрынғыдан да гөрі етене жақындастырды [6, с.12].

Саяси жағынан қазақтар екі жақты: әуелі, Қоқан хандығының бектеріне және екіншіден “өздерінің” жергілікті билеушілеріне тәуелді болды. Қазақ халқының Қоқан хандығына қарсы көтерілісі, әкімшілік-басқару жүйесі, Сыр бойындағы, Оңтүстіктегі қоқандықтардың бекіністері, қазақ феодалдарының саяси сахнадағы рөлі, қазақтардың агрокешенді жағдайлары, қазақ жеріндегі өзбек және қырғыз халықтарының егіншілікпен айналысуы, қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайлары және қазақтардың ұлт-азаттық күресі туралы мәселелер ізденістерді қажет етеді.

Қазақ халқы басынан кешірген патриархалды-феодалдық дәуірдің біз қарастырып отырған кезеңдегі Қоқан хандығының үстемдігін: Қазақстанның Оңтүстігіндегі халықтардың экономикасы мен мәдениетіне, әлеуметтік-саяси өміріне кері әсер еткенін нақты дәйектермен көрсетуге ұмтылдық. Сол сияқты зерттеуде Қазақ халқының өз бостандығы жолындағы ұлт-азаттық күресіне де сипаттама жасау қажет деп табылды.

Қазіргі таңда Қоқан, Хиуа, Бұхар хандықтарының қазақ аудандарын жаулап алу, басқыншылық, тонаушылық әрекеттері және оған Ресейдің көзқарасы мен Қазақ халқына ықпалы туралы ізденістер жүргізілуде. Біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін аша түсетін мәселелер қатарына: төл тарихымыздағы толық зерттеле қоймаған XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ-қоқан қарым-қатынастары және оған Ресей империясының тигізген ықпалы мен жаулаушылық әрекеттерін, сонымен қатар Қоқан хандығы жүргізген варварлық, тонаушылық әрекеттеріне қарсы қазақ халқының наразылықтардың ерекшеліктері мен маңыздылығына тоқталу, Қазақстанның қазіргі таңдағы көрші мемлекеттерімен саяси байланыстарына жаңа көзқарас тұрғысынан баға беру, зерттеулер жүргізіп, тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашу болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты - XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ-қоқан қарым-қатынастарын, әсіресе Қазақстанның оңтүстік өңірінің қоғамдық-саяси өмірінде орын алған саяси оқиғалар мен үдерістерді тың деректердің негізінде, жаңа көзқарастар, тарихи таным тұрғысын шынайы ашып көрсету. Осындай мақсатқа қол жеткізуде мынадай міндеттер назарға алынды:

- ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдағы қазақ-қоқан саяси, әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастары тарихын зерттеудің методологиялық ұстанымдарын, зерттелу деңгейін және деректік негіздерін қарастыру;

- Қоқан хандығының қазақ даласындағы мақсаты мен мүддесінің түп негізін айқындау;

- Қоқан билеушілері мен қазақтың жергілікті басқарушы топпен болған арақатынасын талдау;

- Қазақ-қоқан қатынасындағы дәстүрлі шаруашылық байланыстарын көрсету;

- Қазақ сұлтандарының мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы күресін ашу;

- ХІХ ғасырдың І жартысында қаруы күшті, әскері мол патша өкіметінің және Қоқан хандығының арасындағы өзара тайталасы мен күрес жолдарына баға беру;

- Патша өкіметі мен Қоқан билеушілерінің қазақ қоғамын жік-жікке бөлу жолдарын анықтау;

- Қазақ-қоқан қарым-қатынастарында Патшалық Ресейдің тигізген ықпалын анықтап, көрсету;

- Жеке тарихи тұлғалардың қоғамдағы орны мен рөлін талдау.

Зерттеу жұмысының нысаны – қазақ-қоқан саяси және шаруашылық байланыстарының ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдың 70-жылдарына дейінгі аралықтағы даму үрдістерін қарастыру.

Зерттеу жұмысының пәні - ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдың 70-жылдарына дейінгі тарихи кезеңдегі қазақ-қоқан саяси және шаруашылық қарым-қатынастарына тарихи талдау жасау.

Зерттеудің мерзімдік шегі. Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі XVIII ғасырдың соңғы ширегі мен XIX ғасырдың 70-жылдарына дейінгі кезеңді қамтиды. Осы уақыт аралығындағы қазақ-қоқан саяси, шаруашылық байланыстарының тарихы Қоқан хандығының өркендеген кезеңі XVIII ғасырдың соңғы ширегінен XIX ғасырдың 70-жылдарында патшалық Ресейдің жаулап алған кезіне дейін қарастырылды. Зерттеу нысаны ретінде таңдап алынған мәселені, яғни XVIII ғасырдың соңғы ширегі мен XIX ғасырдың 70-жылдарына дейінгі қазақ-қоқан байланыстарының тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - ХУІІІ ғасырдың 80-жылдары және ХІХ ғасырдың бас кезі. Қоқан хандығының қалыптасып, өркендеген уақыты. Қазақтар мен қоқандықтар арасында тығыз байланыстардың орын алған кезі. Екінші кезең ХІХ ғасырдың 10-20-жылдарынан 40-жылдары аралығын қамтиды. Қоқан хандығының Қазақстанның оңтүстігінде үстемдік жүргізуі және соған қарсы қазақ халқының наразылығы кезеңі деп атаған жөн. Үшінші кезең ХІХ ғасырдың 50-70-жылдарына сәйкес келеді. Оған патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстан мен Қоқан хандығын жаулап алу кезеңі деген айдар тағуға болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. XVIII–XIX ғасырлар қазақ тарихында қоқан билеушілерінің басқыншылық саясаты мен оған қарсы халқымыздың ұлт-азаттық күрестерімен ерекшеленеді. Бұл мәселелер бүгінге дейін үстірт қарастырылып, кешенді түрде зерттелмеген. Сондықтан да мұрағат құжаттарының, деректік негіздегі зерттеулердің, мерзімді басылым материалдарының т.б. негізінде XVIII ғасырдың соңғы ширегі мен XIX ғасырдың 70-жылдарына дейінгі қазақ-қоқан саяси және шаруашылық байланыстарының кешенді түрде зерттелуі жұмыстың басты жаңалығы болып табылады. Сонымен қатар диссертацияда төмендегідей жаңалықтарға қол жеткізілді:

- XVIII ғасырдың соңғы ширегі мен XIX ғасырдың 70-жылдарына дейінгі қазақ-қоқан саяси және шаруашылық байланыстары мәселесін зерттеудің методологиялық негіздері көрсетіліп, зерттелу деңгейі айқындалып, дереккөздеріне талдау жасалды;

- зерттеу барысында мұрағат қорларындағы құжаттардың бізге дейінгі пайдалану деңгейі, оның көпшілік қауымға жеткізілуі тексерілді;

- Қазақстан мен Ташкент бектерінің өзара қарым-қатынастарының тарихи-географиялық және саяси алғышарттары жаңа қырынан қаралады. Өзара байланыстардың нығаюындағы саяси және шаруашылық факторларының рөлі анықталды;

- XVIII – XIX ғасырлардағы Ресей империясының отарлау саясатының тереңдеуі және оның қазақ-қоқан қатынастарына ықпалы жаңаша сараланды;

- патшалық Ресейдің Сыр бойын, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуына қарсы қазақтар мен қоқандықтардың күресі жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдалды;

- Ұлы жүз бен Орта жүздегі тәуелсіздік үшін күрес және Қоқан билеушілерінің ұстанымы нақты тарихи деректердің негізінде ашып көрсетілді;

- Ресей мен Қоқан хандығының саяси арақатынасы шынайы түрде көрсетіліп, әрбір мемлекеттің мүдделері жаңа тарихи таным тұрғысында сараланды. ХІХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы қазақ халқының азаттық күресі, солардың арасында. Саржан сұлтан көтерілісінің тарихи баяны ашылып, оған Ташкент бектерінің қатынасы тың мәліметтердің ауқымында қарастырылды;

- Қоқан хандығының қоғамдық-саяси қатынасындағы салық жүйесінің рөлі айқындалып, оған ғылыми тұрғыда баға берілді;

- тәуелсіз ел болғанға дейінгі зерттеулерде Қазақстанға Ресейдің ықпалы асыра бағаланып, қазақтардың көршілес Бұхар, Қоқан, Хиуа елдерімен байланысына жеткілікті назар аударылмаған. Сондықтан жұмыс барысында аталған мемлекеттердің ішінде Қоқан хандығымен өзара байланыс жаңа қырынан зерделенді.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:

- қазақ халқы ертеден көршілес Орта Азия халықтарымен тығыз саяси қарым-қатынаста болды. Бұл саяси байланыстар зерттеліп отырған ғасырда сонау жоңғар шапқыншылығынан Ресей империясының құрамына енгенге дейін қалыпты жағдайда болды;

- диссертацияда көтерілген мәселелердің бірі – Қазақ-Қоқан хандықтары арасындағы тығыз экономикалық және сауда байланыстары еді. Қазақстан мен Орта Азия халықтары үшін төрт түлік мал байлықтың көзі болған, дегенмен олардың егіншілікпен де айналысқанын көруге болады. Қазақтар мен қоқандықтар диханшылық кәсіпте тәжірибе алмасып отырған, өйткені далалы аймақтарда мекен еткен халықтарда суармалы және суармалы емес жерлерді өңдеумен қатар егіншілікпен де айналысу дәстүрлері орын алған;

- XVIII – XIX ғасыр Орта Азиялық үш бірдей хандықтың күшейген кезі. Бұл кездегі Қазақ хандығы Қоқан хандығынан осал болмаған. Өйткені Тәуке және оның мұрагерлері бір кезде қарақалпақтарды билеп, өздеріне тәуелді етіп отырса, кейде Қоқан мен Хиуа хандықтары Қазақстан жеріне басқыншылық жасаған;

- қоқандықтар кезінде Орта Азиялық хандықтарға қарсы бас көтерген Саржан, Жанқожа секілді батырлар Ресейдің отарлау саясатына қарсы күреске шығып, ұлттық мүддедегі саясат ұстануда хиуалықтармен одақтасқан. Қазақстан мен Қоқан хандықтары арасындағы дипломатиялық қатынастар Ресей империясының саясаты ауқымында жүргізілді;

- Қоқан хандығы мен қазақ билеушілерінің арасындағы қарым-қатынастарда қоқандықтардың ықпалында болған Орталық Азия халықтарының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуында ұқсас үрдістер, белгілер өмір сүрген;

- XVIII–XIX ғасырлардағы Қазақ-Қоқан қарым-қатынастарына белгілі хан, сұлтан, би, батыр, старшындар тікелей қатысып, солардың іс әрекеттерінің негізінде екі ел арасындағы байланыстардың сипаты өзгеріп отырған;

- Қоқан хандығының Оңтүстік Қазақстандағы отарлау саясатын алыстан аңғарған Ресей империясының Қазақстан бағытындағы саяси ұстанымы жаулап алуға негізделді. Мұндай саясат Орталық Азия хандықтарына да қатысты жүргізілді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қоқан хандығы патшалық Ресейге толық бағындырылды.

Зерттеудің қолданыстық маңызы. Диссертацияда түйінделген тұжырымдар мен қорытындыларды жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәні бойынша оқылатын дәрістерде, элективті курстар мен семинарларда пайдалануға болады.

Сонымен қатар диссертациялық жұмысының тұжырымдары Қазақстанның ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы көршілес елдермен қарым-қатынастары тарихы бойынша дайындалатын іргелі зерттеулерде, ұжымдық, қорытындылаушы еңбектерде қолдануға болады. Зерттеудегі ой-пікірлер Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары тарихын жазуда септігін тигізе алады. Дербес зерттеу тұжырымдары сондай-ақ жаңа замандағы Қазақстан тарихы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын дайындауда елеулі үлес қоса алады.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындылары ғылыми монографияда, бірқатар халықаралық, республикалық, облыстық және жоғары оқу орындары арасында өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашатын 1 монография, 40-қа жуық мақала республикадағы және алыс және жақын шетелдердегі журналдарда жарық көрді. Сондай-ақ жұмыстың зерттеу нәтижесінің негізгі пікірлері мен тұжырымдары оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарынан орын алды. Зерттеу жұмысының қорытындылары Қазақстан тарихы пәні бойынша оқылатын дәрістерде, таңдап алынған арнайы курстарда, семинарларда көрініс тауып, студенттердің назарына ұсынылды.

Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасында орындалып, талқыланып, қорғауға ұсынылды. Сонымен қатар М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

( хаттама № 1, 2010 жыл )

Диссертация құрылымы. Жұмыстың құрылымы, оның мақсаты мен міндеттерінен туындап, кіріспеден, тақырыптың мазмұнын ашатын 4 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Автореферат 2010 жылы «15» iconАвтореферат 2010 жылы
Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология және этнология кафедрасында орындалды
Автореферат 2010 жылы «15» iconАвтореферат 2010 жылы «27» наурызда таратылды
Республикасындағы көші-қон және оның әлеуметтік-демографиялық дамуға әсері (1991-2009 жылдар)
Автореферат 2010 жылы «15» iconАвтореферат 2010 жылы «24» қыркүйекте таратылды
...
Автореферат 2010 жылы «15» iconАвтореферат 2010 жылы қыркүйекте таратылды
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Автореферат 2010 жылы «15» iconАвтореферат 2010 жылы қыркүйекте таратылды
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Автореферат 2010 жылы «15» iconАвтореферат 2010 жылы «26» шілдеде таратылды
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми...
Автореферат 2010 жылы «15» iconАвтореферат 2007 жылы «19» қыркүйекте таратылды
Жетекші ұйым: Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Автореферат 2010 жылы «15» iconБиблиографический указатель книг, поступивших в библиотеку в феврале 2010 г
Болтнева В. А. Исключительные права предприятия как сложного объекта : автореферат дис канд юрид наук : 12. 00. 03 / В. А. Болтнева;...
Автореферат 2010 жылы «15» iconАвтореферат 2010 жылдың «28» қазан айында таратылды
Нәрестелердің қалыпты микрофлорасының құрылуы мен қалыптасуы кезіндегі колибактериофагтардың маңызы
Автореферат 2010 жылы «15» iconҚұрметті ауыл тұрғындары!
Біз міне 2010 жылды қортындылап отырмыз. Ауылымызға жаңа мақсаттарды белгілейміз. 2010 жыл біздің халқымыз үшін шын мәнінде бірлік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница