Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою” мемлекеттік қызметін көрсетудің регламенті




Скачать 102.49 Kb.
НазваниеШетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою” мемлекеттік қызметін көрсетудің регламенті
Дата конвертации13.02.2016
Размер102.49 Kb.
ТипРегламент
источникhttp://www.pavlodar.gov.kz/upload/files/Reg-Utset_inos_SMI_kaz.doc




Павлодар облысы әкімдігінің

2011 жылғы ___ _________

“Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы” № __________қаулысымен

бекітілген



Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою”

мемлекеттік қызметін көрсетудің

регламенті


  1. Негізгі ұғымдар




  1. Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары:

1) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары – тұрақты атауы мен ағымдағы нөмірі бар шетелдік мерзімді баспасөз (газет, журнал, альманах, бюллетень, оларға қосымша); шетелдік теле-, радио-, бей-не-, кинохроникалық бағдарламалар (мерзімдік дыбыстық көрнекілік хабарламалар мен бағдарламалардың жиынтығы);

2) таратушы – меншік иесімен, баспагермен келісім бойынша немесе өзге де заңды негіздерде Павлодар облысының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін таратуды жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға ( филиал немесе өкілдік) (бұдан әрі – Тұтынушы);

3) шетелдік БАҚ-ты тіркеуге қою туралы анықтама – жергілікті атқарушы органдардың таратушыға беретін және Павлодар облысының аумағында таратылатын шетелдік БАҚ-тың атауын растайтын бекітілген нысандағы құжат.


  1. Жалпы ережелер




  1. “Павлодар облысының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою” мемлекеттік қызметін көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) “Павлодар облысының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою” мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) жеке және заңды тұлғаларға көрсету барысында басқа мекемелермен іс-қимылының және өзара іс-қимылының бірізділігін белгілейді.

  2. Мемлекеттік қызметті Басқарма және баламалық негізде қызмет көрсету орталықтары жүзеге асырады.

  3. Мемлекеттік қызметтің нысаны: жартылай автоматтандырылған.

5. Мемлекеттік қызмет:

1) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заңына (бұдан әрі - Заң);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі «Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын шетелдік бұқа-ралық ақпарат құралдарын есепке қою ережелерін бекіту туралы» № 843 қаулысына;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсанда ғы « Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу және мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 2315 қаулысымен бекітілген «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ау-мағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес көрсетіледі.


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


6. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін Басқармаға мына құжаттарды ұсынады:

1) осы регламентке қоса берілген қосымшаға сәйкес өтініш беріп отырған мемлекеттік органның атауы көрсетілген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы өтініш;

тұтынушының мәртебесі (жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер, немесе, заңды тұлға), оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы ( немесе аты-жөні, тегі), орны ( немесе тұратын орны);

Павлодар облысының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының тізбесі;

шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары таратылатын аумақ;

таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының тілі (тілдері);

таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралының негізгі тақырыптық бағыты;

2) таратушы жеке тұлға үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) таратушы заңды тұлға (филиал немесе өкілдік) үшін мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

тұтынушы Басқарманың веб-сайты арқылы өтініш берсе, электрондық тапсырыс осы тапсырысты жіберген тұлғаның сандық қолымен салыстырылады.

Орталыққа өтініш берген жағдайда:

1) осы регламентке қоса берілген қосымшаға сәйкес өтініш беріп отырған мемлекеттік органның атауы көрсетілген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы өтініш;

тұтынушының мәртебесі (жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер, немесе, заңды тұлға), оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы ( немесе аты-жөні, тегі), орны ( немесе тұратын орны);

Павлодар облысының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының тізбесі;

шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары таратылатын аумақ;

таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының тілі (тілдері);

таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралының негізгі тақырыптық бағыты;

2) Таратушы жеке тұлға үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) Таратушы заңды тұлға (филиал немесе өкілдік) үшін мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі .

Құжаттар пакетін қабылдаған Орталықтың қызметкері көшірмелерді түпнұсқамен салыстырады, сосын түпнұсқасын тұтынушыға қайтарады.

7. Басқарма арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін бланкілер толтырудың қажеттігі жоқ.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алған кезде, электрондық тапсырыс нысаны толтырылады.

Өтініштердің бланкілері Орталықтың күту залындағы арнайы сөрелерде орналастырылады немесе Орталықтың консультант-тарында болады.

  1. Басқарма арқылы мемлекеттік қызмет алу құжаттары Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 15, № 5 кабинетке тапсырылады. Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9-дан 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі.

9. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Басқарманың Web-сайтында орналастырылады: www. pavl_dvp@mail.ru

Орталықта құжаттар қабылдау атқаратын функциялары туралы мәлімет орналастырылған, сондай-ақ Орталық инспекторының аты-жөні, лауазымы жөнінде ақпарат берілген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады. Орталықтардың мекенжайлары, жұмыс кестелері осы регламенттің 3- қосымшасында көрсетілген.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Басқармаға өтініш берген жағдайда:

1) мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

а) тұтынушы осы регламенттің 7-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін – 15 жұмыс күні ішінде;

б) мемлекеттік қызметті алу үшін берілген өтініш тіркелген күннен бастап, 15 жұмыс күні ішінде;

в) мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы электрондық тапсырыс беру -15 жұмыс күні;

2) қабылдау орнында мемлекеттік қызмет алуға дейін өтініш берушінің тіркеу сәтіндегі күтуінің ең көп уақыты - 5 минут;

3) қабылдау орнында өтініш берілген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп уақыты - 5 минут;

Орталыққа өтішін берілген жағдайда:

1) мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

а) тұтынушы осы регламенттің 7-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін – 15 жұмыс күні ішінде;

б) мемлекеттік қызметті алу үшін берілген өтініш тіркелген күннен бастап, 15 жұмыс күні ішінде;

в) мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы электрондық тапсырыс беру -15 жұмыс күні;

2) қабылдау орнында мемлекеттік қызмет алуға дейін өтініш берушінің тіркеу сәтіндегі күтуінің ең көп уақыты - 5 минут;

3) қабылдау орнында өтініш берілген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп уақыты -5 минут.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1-кезең – тұтынушының қажетті құжаттарын ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде тіркеу;

2-кезең – басқарма бастығының орындаушысын тағайындауы;

3-кезең – орындаушының тұтынушы құжаттарын қарауы және анықтама дайындауы;

4-кезең – басқарма бастығының анықтаманы қарауы және оған қол қоюы;

5-кезең – орындаушының анықтаманы басқарманың мөрімен растау бойынша ұйымдық іс-шараларын жүзеге асыруы, сондай-ақ анықтаманың бір данасын тұтынушыға беруі.

12. Мемлекеттік қызметті көрсету сызбасы осы регламенттің 2-қосымшасында берілді.

13. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға осы регламенттің 7-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың біреуін тұтынушының тапсырмауы негіз болады. Құжаттар дұрыс ресімделмегенде немесе өтініш тиісті адамнан түспеген жағдайда, құжаттардың пакеті алынғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде Басқарма оны тұтынушыға немесе қызмет көрсетуден бас тарту себептері көрсетілген хатпен Орталыққа қайтарады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі

14. Тұтынушылардың құқықтары бұзылу жағдайлары анықталған кезде лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жауапкершілік шаралары қолданылады.






“Облыс аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою” мемлекеттік қызметін көрсетудің

регламентіне 1-қосымша








Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының бастығына

___________________



Өтініш



Сізден «__________» ЖШС немесе ЖК Павлодар облысының аумағында тарататын шетелдік бұқаралық ақпарат құралын қоса берілген тізімге сәйкес есепке қоюыңызды сұраймын. Мекенжайы: _____________, тел. ______.




р/р



Түрі


Облыс аумағында таратыла-тын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары атауларыныі тізбесі


Шетелдік БАҚ таратыла-тын

аумақ


Шетелдік бұқаралық ақпарат құрал-дарының тілі


Таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі тақырыптық бағыты


Таратылатын шетелдік мерзімдік басылымдардың болжамдық саны, шетелдік БАҚ хабарларының көлемі


1

2

3

4

5

6

7
























Қосымша:


  1. Заңды тұлғаны (филиалды немесе өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

  2. Жеке кәсіпкерлік туралы куәліктің көшірмесі;


Басшының қолы __________ м.о.



"Павлодар облысының аумағында таратылатын шетелдік БАҚ-ты

есепке қою» мемлекеттік қызметінің регламентіне 2-қосымша


Павлодар облысының аумағында таратылатын шетелдік БАҚ-ты есепке қою жөніндегі мемлекеттік қызметтің сызбасы




«Облыс аумағында таратылатын шетелдік БАҚ-ты есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

3-қосымша


Павлодар облысы орталықтарының тізімі


р.р.

Мекеменің атауы


Мекеменің мекенжайы

Жұмыс кестесі

  1. 1

«Павлодар облысының тұрғындарына қызмет көрсету орталығы» ММ

Павлодар облысы,

Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48

сағат 9.00 –ден 20.00-ге дейін

күн сайын түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі және мейрам күндері

  1. 2

№1 филиал

Павлодар облысы,

Павлодар қ. Исиналиев көшесі, 1

сағат

9.00 –ден 20.00 –ге дейін

күн сайын түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі және мейрам күндері

  1. 3

№2 филиал

Павлодар облысы,

Павлодар қаласы, Кутузов көшесі, 204

сағат

9.00-ден - 20.00-ге дейін

күн сайын түскі үзіліссіз, демалыс – жексенбі және мейрам күндері

Похожие:

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою” мемлекеттік қызметін көрсетудің регламенті icon«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Республикасының ақпараттық кеңістігін статистикалық есепке қою мен талдаудың анықтығы мен уақытында жүзеге асырылуы үшін уәкілетті...
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою” мемлекеттік қызметін көрсетудің регламенті icon«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы»
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою” мемлекеттік қызметін көрсетудің регламенті icon«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою” мемлекеттік қызметін көрсетудің регламенті iconШетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою және миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №75 қаулысы
Кіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» №558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды...
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою” мемлекеттік қызметін көрсетудің регламенті icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету...
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою” мемлекеттік қызметін көрсетудің регламенті icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар
Жұмыссыздар өздеріне байланысты емес себептер бойынша табыс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын жұмыс іздеп жүрген және еңбек...
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою” мемлекеттік қызметін көрсетудің регламенті icon«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй қажет ететін азаматтарды есепке және кезекке қою» Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызметті анықтау (мемлекеттік қызметті нормативті құқықтық анықтау): Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй қажет ететін...
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою” мемлекеттік қызметін көрсетудің регламенті iconҚорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алудың мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті
Берілген регламентте келесі ұғымдар (терминдер мен аббревиатуралар) пайдаланылады
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою” мемлекеттік қызметін көрсетудің регламенті icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар
«Еңбек нарығы» баж және «Жұмыспен қамту» баж – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек...
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою” мемлекеттік қызметін көрсетудің регламенті iconОрталық мемлекеттiк органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесiн бекiту туралы
Оса берiлiп отырған орталық мемлекеттiк органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесi (бұдан әрi – кесте)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница