Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі




Скачать 350.69 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
страница1/4
Каймулдинова К Д
Дата конвертации13.02.2016
Размер350.69 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sa76ab430e5358d5b.jimcontent.com/download/version/1352392320/module/6522197368/name/%D0%9
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


ГЕОГРАФИЯ


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


10-11 сыныптар


жаратылыстану-математикалық бағыт


Аcтана 2010


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


ГЕОГРАФИЯ


жалпы білім беретін мектептің

жаратылыстану-математикалық бағыттағы

10-11 сыныптарына арналған


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген


Бағдарлама авторлары: Бейсенова Ә.С, Әбілмәжінова С.Ә,

Каймулдинова К. Д.


Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «География» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 39 б.


© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010


І. ТҮСІНІК ХАТ


Жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектептің 10-11сыныптарына арналған география пәнінің бағдарламасы географиялық білімнің сабақтастығын үзбеу және кәсіптік бағдар алу қажеттілігіне сәйкес, оқушыларды неғұрлым күрделі географиялық біліммен қаруландыру мақсатын көздейді. Бағдарлама мынадай міндеттерді шешуге арналған:

  • оқушылардың жалпы географиялық заңдылықтар туралы өткен сыныптардағы ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, қорытындылау негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы жайлы білімді қалыптастыру;

  • дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдерін және геосаясат мәселелерін, бүгінгі қоғам дамуының бағыт-бағдарын, Қазақстан Республикасы мен жеке елдердің қазіргі геосаяси жағдайын талдау арқылы саяси географиялық білімнің негізін қалау

  • Жер шарындағы, сондай - ақ жеке аймақтар мен елдердегі табиғат ресурстарының таралуы мен пайдаланылу мүмкіншіліктерін қарастыру арқылы географиялық - экологиялық мәдениетті меңгеруге үйрету;

  • оқушылардың дүние жүзі халқы, оның құрамы мен құрылымы, қоныстану ерекшеліктері жайлы білімін қалыптастырып, оны Қазақстан халқы туралы деректермен бекіту;

  • оқушыларды дүниежүзілік шаруашылық жүйесі және оның құрылымымен, ұлттық шаруашылықтардың ерекшеліктерімен таныстыру;

  • оқушылардың даму деңгейі әртүрлі елдердің ерекшеліктері, халықаралық қарым-қатынастар және экономикалық ынтымақтастық жайлы географиялық білімдерін дамыту;

  • адамзаттың қазіргі заманғы ғаламдық проблемалары және оларды шешу жолдарын қарастыру негізінде оқушыларды қоғам мен табиғат арасындағы күрделі қарым - қатынастарды түсінуге дайындау;

  • оқушыларды әр түрлі қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, өз бетімен қорытындылар жасауға үйрету;

  • оқушыларды статистикалық, картографиялық деректерді, Интернет жүйесі ақпаратын өз бетімен өңдеуге үйрету;

  • оқушыларды бағдарлы мектеп мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жан - жақты, терең географиялық білім алу мақсатына жұмылдыру.

Жаратылыстану - математикалық бағдарлы мектептің 10-11 сыныптарындағы географияның мазмұнын айқындауда және оқу материалын іріктеуде мынадай тәсілдер мен ұстанымдар басшылыққа алынды:

  • негізгі мектептегі география курсының мазмұнымен сабақтастықтың сақталуы және 10-11 сыныптардағы географиялық білімнің үздіксіз сипат алуы;

  • елтану бағыты арқылы географияның біртұтастығы ұстанымының жүзеге асырылуы және географияның жеке салаларының интеграциялануы;

  • оқу мазмұнында бірізділіктің сақталынуы, әлемдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси құбылыстарды түсіндіруде кеңістіктік ұстанымдардың енгізілуі;

  • қазіргі заман географиясының күрделі мәселелерінің Қазақстан Республикасы мысалында түсіндірілуі;

  • географияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушыларды ақпараттандырылған қоғамда өмір сүруге бағдарлау.

Оқу бағдарламасында 10-11 сыныптарда оқытылатын оқу материалы “жалпыдан жекеге” ұстанымына сәйкес, алғашында географияның жалпы мәселелері қарастырылып, соңынан осы заңдылықтардың аймақтық көріністері сипатталатын болады. Осы ұстаным негізінде пән атауы білім мазмұнына сәйкестендіріліп, 10-сыныпта “География. Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері”, ал 11-сыныпта “География. Дүние жүзіне аймақтық шолу”деп аталатын курстар ұсынылады.

10-сыныпта оқытылатын “География. Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері” курсында негізгі мектептегі табиғат пен қоғам заңдылықтары жайлы географиялық білім күрделі теориялық деңгейде қорытындыланады және ТМД елдеріне шолу беріледі. Курс мазмұнын айқындаудағы негізгі тәсіл – пән ішілік және пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру. 10-сыныптағы курс мазмұны “Жалпы географиялық заңдылықтар”, “Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы” және “ТМД елдері” білім жүйелері жиынтығынан тұрады. “Жалпы географиялық заңдылықтар” бөлімі оқушылардың физикалық географиядан алған білімдерін қорытындылайды әрі географиялық қабықтың құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланыстар жайлы біртұтас ғылыми ұғымды қалыптастырады. Бұл өз тарапынан оқушылардың дүниежүзілік шаруашылықты оқып-үйренуі кезінде табиғат пен адамзат қоғамы арасындағы өзара қарым-қатынас пен байланыстың сипатын ашуы мен оны терең түсінуіне алғы шарт болып табылады. “Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы” бөлімінде ең алдымен саяси картаның қалыптасу кезеңдері мен елдердің қазіргі топтамасына, дүние жүзіндегі тарихи-географиялық аймақтарға сипаттама беріледі. Соңғы бөлім Қазақстан құрамына кіретін ТМД елдеріне елтану бағытында сипаттама беруге арналған. Әрбір елге сипаттама беру сол елдің Қазақстанмен сыртқы экономикалық байланысын көрсететін мысалдарымен қорытындыланады.

11-сыныпта оқытылатын “Дүние жүзіне аймақтық шолу” курсында тарихи-географиялық аймақтар мен жеке елдерге елтану бағытында сипаттама беріледі. Сипаттама Еуропаның жоғары дамыған елдерінен басталып, Аустралия мен Мұхит аралдары елдеріне жалпы шолумен аяқталады. Елдерге сипаттама беру барысында халықаралық нарықта өзіндік орны бар жетекші елдерге толық сипаттама беріліп, ол елдердің Қазақстанмен экономикалық интеграция мәселелеріне ерекше ден қойылған. Соңғы бөлім адамзаттың ғаламдық проблемаларын айқындау мен оны шешудің жолдарына тоқталады.


Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес «География» оқу пәні бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптардың апталық сағат саны:

10-сыныпта – аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат;

11-сыныпта – аптасына 2 сағат жылына 68 сағат.


ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ


10-сынып

(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)


Кіріспе (1 сағат)


Жалпы географиялық заңдылықтар (17 сағат)


Жер ғаламшар ретінде (2 сағат)


Жер туралы қысқаша мәліметтер. Жер ғаламшарының Күн жүйесіндегі орны. Жер шары полюстері және пішіні. Жер шарының қозғалыстары. Сағаттық белдеулер. Жылу белдеулері.

Жердің құрылысы. Жердің ішкі құрылысы. Тау жыныстары және минералдар.


Жердің картада бейнеленуі (2 сағат)


Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер. Географиялық карталардың маңызы. Географиялық карта және оның қасиеттері. Басқа да картографиялық кескіндемелер. Картография және оның бөлімдері. Картографияның басқа ғылым салаларымен байланысы.

Картографиялық проекциялар. Картадағы бұрмалану түрлері. Картографиялық проекциялар. Картадағы бұрмалануларды анықтаудың қарапайым тәсілдері. Топографиялық карталар. Карталар бойынша азимут анықтау. Ұсақ масштабты географиялық карталардағы жер бедері. ХХІ ғасыр карталары қандай болуы мүмкін?

  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2015 ж. 29 қазанында...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы №261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2003 ж. 23 маусымдағы (№8 хаттама)...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының
Республикасы Білімжәне ғылым министрлігі Білім және ғылымсаласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесі
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconЖарғы Мемлекеттік оқу орны №205 қазақ орта мектебі
Білім беру мекемесіне жатады. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ііі «Білім туралы»Заңы негізінде қызмет атқарады....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница