Зайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт




НазваниеЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
страница1/13
Дата конвертации05.02.2016
Размер2.25 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.zaysan.vko.gov.kz/kz/files/program_01.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Зайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы


ПАСПОРТ



Атауы

Зайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы


Бағдарлама әзірлеуге негіз

« Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы және Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы


Негізгі әзірлеушісі

Зайсан аудандық ауылшаруашылығы бөлімі


Мақсаты

Аграрлық өндірісті индустриализациялау, АӨК қазіргі заманғы инфрақұрылымын дамыту, АӨК салаларының өнімділігі мен табыстылығының өсуі негізінде оның тұрақтылығын қамтамасыз ету.


Міндеттері

Агроөнеркәсіп кешені салаларын индустриализациялау;

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне кредит беру және қаржымен қамтамасыздандыру жүйесін жетілдіру;

Қызмет көрсететін инфрақұрылымын және қауіпсіздікті бағалау мен өнім сапасын дамыту;

Кластер бастамашылықтарын қалыптастыру және қолдау арқылы АӨК аймақтық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту;

Ұсақ тауарлы шаруашылықтарды біріктіруге, ірі және орташа кәсіпорындарды ұйымдастыру үшін жағдай жасау;

Аудан халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету;

Аудандық ауқымдағы АӨК салаларының дамуын реттеу механизмдерін жетілдіру және жүзеге асыру.


Қаржыландыру көздері

Республикалық, облыстық және аудандық бюджеттердің қаражаты, бюджеттен тыс көздердің қаражаты, банктер мен басқа қаржы институттарының заем қаражаты, инвесторлардың тікелей инвестициялары, АӨК кәсіпорының қаражаттары.


Бағдарламадан күтілетін түпкілікті нәтиже

Агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын турақты дамуына қол жеткізу, бәсекеге қабілетті өнім шығару арқылы АӨК салаларының өнімділігі мен табыстарының өсуі, ауыл тұрғындарының игілікті тұрмысын жақсарту.

Іске асыру мерзімі

2006-2010 жылдар



Кіріспе

Аудан экономикасының басым бөлігінің негізгі саласы ауыл шаруашылығы болып табылатын агроөнеркәсіп кешені құрайды. Оның үлесіне аудан бойынша өндірілетін ішкі жалпы өнімнің 50,1 % жатады.

Мамандандырылу бағыты және өндірілетін өнім көлемінің құны жағынан алып қарағанда ауданның ауыл шаруашылығы мал шаруашылығы бағытында дамып отыр, сонымен қатар жақсы дамыған өсімдік шаруашылығы да орын алған. Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнімінің 57,8 % мал шаруашылығы өнімдері құрайды.

Мал шаруашылығының негізгі ерекшеліктерінің бірі - оның көп салалығы. Ауданның табиғи-климат жағдайлары мен шаруашылықтың даму жағдайларына байланысты онда сүтті және етті ірі қара мал өсіру, биязы және және ет бағытындағы қой шаруашылығы, жылқы, мүйізді бұғы, түйе өсіру шаруашылықтары жақсы дамуда.

Мал шаруашылығы сияқты өсімдік шаруашылығы да ауданның ауыл шаруашылығы саласының негізгі шешуші саласы болып табылады, оның үлесіне жалпы ауыл шаруашылық өнімінің 42,2 % жатады.

Өсімдік шаруашылығы саласы жаздық бидай, арпа, сұлы және қарақұмық тәріздес дәнді дақылдарды өсіру кең орын алған суармалы жер жағдайында дамып отыр, ал астық өнімдерінің негізгі бөлігінің 84,2 % жаздық бидай құрайды.

Аталған дақылдардан басқа ауданда майлы дақылдар өсіру кең етек жайған, атап айтқанда күнбағыс өсімдігі. Аудан тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында картоп, көкөніс, бақша, мал азығы үшін дәнді және бұршақ тұқымдас көп жылдық шөптер қосалқы дақылдар ретінде өсіріледі.

Соңғы жылдары ауданның агроөнеркәсіп кешенінің дамуы біршама тұрақтанып келеді. Ауыл шаруашылық өнімдері мен оның өңдеуден түскен өнімдерінің көлемін арттыруда алға басушылық байқалуда. Шет елден әкелінетін азық-түлік деңгейі төмендеді, құрал-жабдықтармен және ауыл шаруашылық техникаларымен жабдықтау деңгейі арта түсуде.

АӨК салаларынын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралары ауыл шаруашылық өндірісін одан әрі дамытуға, оның тиімділігін арттыруға, ауданда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер етті.

Ауданның 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық түлік бағдарламасындағы агроөнеркәсіп кешені жүйесінің тиімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті өнім шығару мәселелері бойынша қойылған мақсат негізінен орындалды.

АӨК-де еңбек өнімділігін арттыруға, оның салаларының пайдалылығын арттыруға бағытталған агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту шаралары, яғни өндірісті модернизациялау, қайта жарақтандыру, оның инфрақұрылымдарын дамыту және Қарабұлақ балық зауытының негізінде балық кластерін құру және облыстың ет кластері жүйесіне қатысу.

Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету - оның аграрлық өндірісті индустрияландыру мен негізгі өнім түрлері бойынша АӨК өнімдерінің тиімділігін арттыруға негізделген тұрақты дамыту болып табылады.

Агроөнеркәсіп кешенінің неғұрлым бәсекеге қабілетті салаларында кластерлік бастаманы қалыптастыру және оны жүзеге асыру - агротехнологияның деңгейін көтеруге және өндірілетін өнімнің сапасын арттыруға, қосымша құн мен агроөнеркәсіп кешенінің табыстылығын көбейтуге себепкер болатын тұрақты дамытудың негізі болады.


1. Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайы

Ауданның агроөнеркәсіп кешені бойынша 1055 ауыл шаруашылық құрылымдары, тұрғындардың 9117 жекеменшік қосалқы шаруашылықтары мен саяжай учаскелері тіркелген. Өнеркәсіп потенциалы 54 өңдеу саласының азық-түлік өндіретін шағын цехтарынан тұрады. (20 бетте шағын цехтар тізімі тіркелген)

Ауданда, әсіресе мал шаруашылығы саласында ұсақ тауарлы өндіріс дамыған. 2005 жылдың 1 шілдесіндегі есеп бойынша ауданда аралас өндіріске мамандандырылған 27 ірі және орта шаруашылықтар есепке алынған, немесе бұл барлық тауарлы шаруашылықтардың 2,6 % құрайды. Оларға бекітілген жер көлемі ауданның барлық ауыл шаруашылық жерлерінің 9,6 % құрайды. Бұл шаруашылықтар барлық айдалатын жерлердің 41 % өңдейді, барлық ірі қара малының 20,4 %, қойдың 20,7 %, жылқының 16,6% шоғырланған.


1997 жылдың бағаларымен есепке алынған ауылшаруашылығының жалпы өнімі

(млрд.тенге)




1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

Барлық өнім көлемі, оның ішінде

1,06

1,04

1,08

1,1

1,6

1,8

1,6

1,9

өсімдік шаруашылығы

0,8

0,7

0,7

0,7

0,9

1,0

0,9

1,1

мал шаруашылығы

0,26

0,34

0,38

0,4

0,7

0,8

0,7

0,8

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2004 жылдың ағымдағы бағасымен есептегенде 6,3 млрд теңгені құрады немесе облыс бойынша өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің 9 % құрады, бұл 1997 жылғы өнім көлемімен салыстырғанда 594 % өскен немесе өндіріс көлемінің өсуі есебінен 179 %, бағаның өсуі есебінен 415% өсті.

Сонымен қатар 1 гектар егістік жерге шаққанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі жылда өсіп отыр. 2001 жылы (ең жоғарғы деңгей) бұл көрсеткіш 62 мың теңгені құраса, 2004 жылы – 88 мың теңге көлемінде болды.

1 гектар егістік жерге шаққандағы ауылшаруашылығының жалпы өнімінің динамикасы

(тенге)




1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

1 га егістікке өнім көлемі

38000

54000

56000

58000

62000

67000

73000

88000

1 гектар жерге шаққанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көрсеткішінің көбеюі ауылшаруашылығы өнімдерінің өнімділігінің артуынан болып отыр.

2004 жылы ауыл шаруашылық өндірісінің жалпы өнімінің үлесі аудан бойынша өндірілетін ішкі жалпы өнімнің 50,1 % құрады, яғни бұл көрсеткіштің 1997 жылмен салыстырғанда 9,9 % азаюы аудандағы өндіріс саласының дамуының нәтижесі. Сонымен қатар, аймақтық жалпы өнімнің ішіндегі оның үлесі соңғы 4 жылда 8,1 % артып отыр.

Жалпы өнім көлемінде ауылшаруашылығы өнімінің үлес салмағы




1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

Үлес салмағы ,%

60

53

54

50

42

43,8

46,5

50,1

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымын талдауынан оның негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы қатар дамыған мал шаруашылығы екендігін байқауға болады. 2004 жылы мал шаруашылығының үлесі 57,8 %, өсімдік шаруашылығының үлесі – 42,2 % құрады .

Ауылшаруашылық өнімдерінің құрылымы

(%)




1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

Мал шаруашылығы

75,4

76,9

67,3

63,6

56,2

55,5

56,2

57,8

өсімдік шаруаш-ғы

24,6

23,1

22,7

26,4

23,8

44,5

43,8

42,2


Ауданның ауыл шаруашылығының ерекшеліктері ретінде мал шаруашылығы өнімдерінің көп түрлерін өндіруде, сонымен қатар көкөніс, бақша, картоп өсіруде азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарының үлес салмағы жоғары екендігін атауға болады. Олардың үлесіне барлық өндірілген сүттің 96 %, еттің – 84 %, жүннің – 85,6 %, картоптың – 86,2 %, көкөніс-бақша өнімдерінің 83 % келеді. Сондықтан да, 2004 жылы жалпы өндірілген ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 83,2 % - тұрғындардың жеке шаруашылықтарының үлесіне, 16,65 % -шаруа қожалықтарының үлесіне, 0,15 % - ауыл шаруашылық кәсіпорындарының үлесіне тиді.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылық салаларының пайдалылығының өсуі байқалуда. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің рентабельдігі 5-тен 25 %, мал шаруашылығы өнімдерінің рентабельдігі 7-ден 20 % аралығында болып отыр.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржы жағдайы біршама жақсара түсті. 1997 жылмен салыстырғанда зиянмен жұмыс істейтін шаруа қожалықтарының саны 37% азайды.

Аграрлық азық-түлік бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде (2003-2004 ж.ж) бұл салалардың өндірген тауарлық өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 32,8 % артты , оның ішінде күнбағыс майын өндіру 3,1 есе, ұн өнімдерін өндіру 2,9 есе артты.

Тауарлы өнім өндірудің нақты көлемі




2002

2003

2004

Көлемі, млн.тенге

123,8

141,2

162,3

Сонымен қатар тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі салаларының барлығы бірдей тұрақты жұмыс атқара алмады. 2002 жылмен салыстырғанда 2004 жылы ет өндіру, шұжық өнімдері және ұн шығару көлемі біршама азайды.

Азық-түлік тауарларының негізгі түрлерін шығару

(тонн)




2002

2003

2004

өсімдік майы

1132

1427

1741

ұн

7809

5124

6052

Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің көлемінің артуына қарамастан, өңдеуден өткен өнім көлемінің жалпы өндірілген өнім көлеміндегі үлес салмағы әлі де болса төмен күйінде қалуда. 2004 жылы ауданда дәнді астықтың 48,5 % және күнбағыстың 56 % өңдеуден өтті.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Зайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт iconЗайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы
Шығыс Қазақстан облысы. Зайсан ауданындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
Зайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт iconЗайсан аудандық мәслихатының
Зайсан ауданының 2006-2008 жылдарға арналған "электрондық әкімшілік" құру туралы бағдарламасы
Зайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт icon2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық...
Зайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт icon2008-2011 жылдарға арналған Зайсан ауданының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы Зайсан қаласы
Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Зайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт iconЗайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы
Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналғАН
Зайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Зайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Зайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Зайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Зайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт iconЗайсан ауданы бойынша ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын
Бағдарлама атауы: Зайсан ауданы бойынша ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница