Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
страница1/22
Дата конвертации12.02.2016
Размер2.41 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/61 БТБА.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2010 жылғы 1 қыркүйектегі

№ 306-ө бұйрығына

қосымша


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығы


61-шығарылым


«Көркемөнер бұйымы өндірісінің жалпы кәсіптері,

Зергерлік-филигран өндірісі,

Металдан көркемөнер бұйымдарын өндіру,

Ағаштан, капе тамыры және қайың қабығынан көркемөнер өндіру,

Қырлау өндірісі,

Тастан көркемөнер бұйымдарын өндіру,

Миниатюралық сурет салынған папье-маше көркемөнер

бұйымдарын өндіру,

Сүйек және мүйізден көркемөнер бұйымдарын өндіру,

Янтарьдан көркемөнер бұйымдарын өндіру,

Мүсіндеу өндірісі,

Боялған кенеп және картон өндірісі,

Тері және былғарыдан көркемөнер бұйымдарын өндіру,

Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі» бөлімдері


Астана 2010


Кіріспе


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (БТБА) 61 шығарылымының: «Көркемөнер бұйымы өндірісінің жалпы кәсіптері, Зергерлік-филигран өндірісі, Металдан көркемөнер бұйымдарын өндіру, Ағаштан, капе тамыры және қайың қабығынан көркемөнер өндірісі, Қырлау өндірісі, Тастан көркемөнер бұйымдарын өндіру, Миниатюралық сурет салынған папье-маше көркемөнер бұйымдарын өндіру, Сүйек және мүйізден көркемөнер бұйымдарын өндіру, Янтарьдан көркемөнер бұйымдарын өндіру, Мүсіндеу өндірісі, Боялған кенеп және картон өндірісі, Тері және былғарыдан көркемөнер бұйымдарын өндіру, Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі» бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 маусымдағы № 130-ө бұйрығымен бекітлген бұрын қолданыста болған БТБА, 61-шығарылымы алынды.

Бөлімдерде өндіріс технологиясының өзгеруімен, өндірістік салада ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуымен, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білім және арнайы дайындығына, өнімнің сапасына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты ұқсас жұмыстарды тарифтеу жетілдіріліп, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары нақтыланды.

Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігі бойынша белгіленді.

Осы бөлімдерге аталған өндірістерге арналған жұмысшы кәсіптері енгізілген. Нақты бір өндіріске немесе жұмыс түріне арналмаған жұмысшылардың кәсіптері БТБА-ның 1-шығарылымы «Экономиканың барлық саласына ортақ жұмысшы кәсіптері» бөліміне орналастырылған.

Жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік торға қатысты әзірленген.

Жұмыс разрядтары, әдеттегідей, еңбек жағдайлары ескерілмей олардың күрделілігі бойынша белгіленді. Қажет болған жағдайларда еңбек жағдайы (ауырлығы, зияндылығы және т.б.) тиісті органдар бекіткен арттырылған тарифтік ставкаларды белгілеу арқылы ескеріледі.

Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларда көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшылар ауысымды қабылдаумен және тапсырумен, өзінің жұмыс орнын, жабдықты, құралдарды, айлабұйымдарды жұмысқа уақытылы дайындаумен және оларды тиісінше ұстаумен, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізумен, байланысты жұмыстарды орындауға тиіс, сондай-ақ брак түрлерін, олардың себептері мен алдын алу, жою тәсілдерін білуге тиіс.

Бөлімде қамтылған теориялық және практикалық білімге қойылатын талаптармен қатар жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережесін; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыруға, өндірістік дабылдатқышқа қойылатын талаптарды білуге тиіс.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларын пайдаланудың, разрядтарды берудің және арттырудың, өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі БТБА І шығарылымында орналастырылған Жұмыстар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік сипаттамаларының «Жалпы ережелерінде» берілген.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, осы бөлімде (дерде) көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және олардың ұйымдық–құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.


Көркемөнер бұйымы өндірісінің жалпы кәсіптері


Тарифтік-біліктілік сипаттамалары


1. Көркем полотноның кенебі пен картонын сылаушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кенеп пен картонды сылау алдында дайындық жұмыстарын жүргізу. Ыдыс пен керек-жарақты дайындау. Шикізат пен материалды жеткізу. Кенепті жазу. Этикеткаларды жабыстыру және оларды таңбалау.

Білуге тиіс: кенепті жазу, этикеткаларды жабыстыру және оларды таңбалау тәсілдері; ыдыс пен керек-жарақтың мақсаты.


2. Көркем полотноның кенебі пен картонын сылаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Картонды сылақ қабатын жағуға дайындау. Картонды ілгіштерге ілу және эмульсиялық картонды құндақтарға орналастыру. Дайын картонды алу және қабаттарды түзету және толық кептіру үшін қатарлап жазу. Кенептегі жіптің бос ұшын кесу және торапты теріс сығып шығару. Пемза мен пеноқыш қол арамен аралау. Пемза мен пеноқышты зімпара шеңбермен қайрау. Картонды орау қағазына орау.

Білуге тиіс: эмульсиялық картонды құндақтарға орналастыру және май картонды ілгіштерге ілу тәсілдері; Пемза мен пеноқыштыаралау және қайрау кезіндегі жұмыстың тәсілдері; жіпті кесу кезінде құралды пайдалану ережесі; картонның кебу дәрежесі мен оның орауын анықтау тәсілдері.


3. Көркем полотноның кенебі пен картонын сылаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кенепті сылақ қабатын жағуға дайындау. кенепті пемзамен және пеноқышпен өңдеу. Кенептің шаңын, костриктері мен пемзаның қалдықтарын шаңсорғышпен сору. Кенептің артикуліне байланысты түктің көтерілу дәрежесін анықтау. Дайын сыланған кенебін алу, оны өзекке илеу. Бір бетін ғана эмульсиямен қаптай отырып, қағаздың екінші бетін желімдей отырып картон жасау. Электр бұрғының көмегімен картоннан саңылау бұрғылау.

Білуге тиіс: эмульсиялы құрамның рецептурасы мен оны дайындау технологиясы; сылақ қабатының кезектілігі мен жағу температурасы; кенепті пемзалау және оның бетіндегі шаңды тазалау, оны кебу және оралу дәрежесін айқындау тәсілдері; картонның екінші бетіне қағаз жабыстыру тәсілдері; картонның сапасына қойылатын талаптар.


4. Көркем полотноның кенебі пен картонын сылаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сылақты кенеп пен картонға жағудың кезектілігі. Кенепті рамаға және кергішке керу, кенепті өлшем бойынша кесу және картонға жабыстыру үшін қолмен жазу. Кенепті картонға жабыстыру. Кенепті бобинаға немесе түптеу картонына орамаға орау.

Білуге тиіс: жартылай майлы, казеин, құмды-желімді сылаққа арналған сылақ құрамының рецептурасы мен дайындау технологиясы; сылау қабатын қолмен жағу технологиясы, кенепті біркелкі керу тәсілдері; қолданылатын құралдарды пайдалану ережесі; кенептің артикулі, кенепті картонға жазу және жабыстыру ережесі.


5. Көркем полотноның кенебі пен картонын сылаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сылақты кенеп пен картонға механикаландырылған желіде жағудың кезектілігі. Кенепті панорама мен диорамаларға арналған кергіштерде сылау. Торға кенеппен шекара қою. Картонды май сылақпен мелкография тәсілімен сылау.

Білуге тиіс: Сылақты кенеп пен картонға механикаландырылған желіде жағу технологиясы; илем машинасы рамасының құрылысы және май сылақты жағуға арналған машиналар; мелкография тәсілімен сылау тәсілдері, мелкографияға арналған станоктың құрылысы мен оны пайдалану ережесі; сылақтың, кенеп пен картонның сапасын анықтау бойынша техникалық шарттар; кенепті кептіру және ұстау режимі.


6. Пластикалық кейіп көрсетуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сұңғат, мүсін өнерінің, графикаларды және басқа да бейнелеу өнерінің туындыларын жасау үшін шығармашылық және оқу шеберханаларында, сыныптарында, ателье, студияларда және пленэрде белгіленген уақыт ішінде әртүрлі күйде пластикалық кейіп көрсету. Адамның келбеті мен кейіпінде сезімін және көңіл-күйін білдіру. Кеудеге дейінгі, белге дейінгі (қолмен) портрет үшін кейіп көрсету, әр түрлі киімдерде бейнелер (қарапайым және күрделі кейіпте) көрсету. Статикалық және динамикалық кейіптерді жүзеге асыру. Белгіленген уақыт ішінде әртүрлі күйде кейіптерді сақтау мақсатында төзімділіктің пайда болуы үшін жеке жаттығулардың көмегімен дене қозғалысын және бет бұлшық еттерін жетілдіру.

Білуге тиіс: адамның келбеті мен денесіндегі пластикалық және мимикалық мәнерінің негізгі принциптері; кейіптің сипатына қарай оның бейнесін ашу амалдары; киімде пластикалық кейіпті көрсетудің ережесі мен шарттары; жаттығуларды жүргізу әдістері; киімді өлшеп көру ережесі.


7. Пластикалық кейіп көрсетуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сұңғат, мүсін өнерінің, графикаларды және басқа да бейнелеу өнерінің туындыларын жасау үшін белгіленген уақыт ішінде әртүрлі күйде (қарапайым және күрделі кейіпте) киімсіз пластикалық кейіп көрсету. Айналымдары бар күрделі қойылымды кейіптерді жүзеге асыру. Жеке жаттығулардың көмегімен дене қозғалысын және бет бұлшық еттерін жетілдіру.

Білуге тиіс: мимика және икемді қозғалыстың көмегімен адамның жан дүниесін және оның мінезін білдіру тәсілдері; киімсіз пластикалық кейіпті көрсету ережесі мен шарты; жаттығулар жүргізу әдістері.

8. Инкрустатор

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым суреттер бойынша ағаштан, металдан, сүйектен жасалған бұйымдарды ағаштың құнды жыныстарымен, сабанмен, перламутрмен, металмен, сүйекпен, мүйізбен, пластмассамен инкрустациялау. Даяр үлгі және сурет бойынша инкрустациялау материалын таңдау. Кесетін аспапты қайрау және түзеу.

Білуге тиіс: қарапайым суреттер бойынша түсті фанерамен, сабанмен, перламутрмен, янтарьмен, металмен, сүйекпен, мүйізбен, пластмассамен инкрустациялау тәсілдері; түсті және қымбат металлдармен ою жолдары; инкрустациялауда қолданылатын материалдардың қасиеті мен сапасы; кесетін аспаппен ағашты өңдеу технологиясы; түсті және желілік перспектива заңдылықтары.

Жұмыс үлгілері

Музыкалық аспаптардың дектері – панцирьді инкурстациялау және кесу.


9. Инкрустатор

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі суреттер бойынша ағаштан, металдан, сүйектен жасалған бұйымдарды ағаштың құнды жыныстарымен, сабанмен, перламутрмен, металмен, сүйекпен, мүйізбен, пластмассамен инкрустациялау. Орташа күрделіктегі геометриялық және өсімдік орнаменттерін қолмен кесу және олардың сыртына сурет бойынша жабыстыру. Шаблон жасау.

Білуге тиіс: орташа күрделіктегі суреттер бойынша түрлі материалдармен инкрустациялау тәсілдері; түсті және қымбат металлдармен ою жолдары; ағаш жыныстары, қасиеті және кемшіліктері; аспаптар мен оларды қолдану шарттары, қайрау ережесі; арнайы желіммен жұмыс істеу ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Ағаштан жасалған панноны.

2. Базарлықты инкрустациялау.


10. Инкрустатор

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі суреттер бойынша ағаштан, металдан, сүйектен, ағаштың құнды жыныстарымен жасалған бұйымдарды, сабанмен, перламутрмен, металмен, сүйекпен, мүйізбен, пластмассамен инкрустациялау. Бұйымдардағы суреттерді белгілеу, сурет бойынша янтарь, пластмасса, сабан, ағаш, сүйек, мүйіз, қалайыдан сымды, күміс және алтынды арнайы айлабұйымдарда созғылау тәсілімен дайындау. Бұйымдарды жылтырату және түпкілікті өңдеу.

Білуге тиіс: күрделі суреттер бойынша түрлі материалдармен инкрустациялау тәсілдері; суреттерді белгілеу тәсілдері мен трафареттер мен шаблондар жасау; инкрустациялау техникасында көркемөнер композициясын жасау тәсілдері; инкрустациялау материалдарын дайындау және олардың физикалық қасиеттері мен сапасы.

Жұмыс үлгілері

1. Түсті панноның беткі рамалары.

2. Әшекей бұйымдарды инкрустациялау.


12. Инкрустатор

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі суреттер бойынша ағаштан, металдан, сүйектен, ағаштан жасалған жоғары көркемөнер және бірегей құнды жыныстарымен, сабанмен, перламутрмен, металмен, сүйекпен, мүйізбен, пластмассамен инкрустациялау, сондай-ақ құнды және түсті металдармен қалайы, күміс және алтынмен ою. Жоғары дәлдікте және таза өңдеп барлық ықтимал стильді шрифтерді каллиграфиялық орындау. түрлі тереңдікте қазып металл және сүйек бұйымдарға арнайы айлабұйымдармен сурет салу; ағашқа кесінділер жасау. Қалайы, күміс, алтын сым дайындау.

Білуге тиіс: ерекше күрделі суреттер бойынша алтынмен, күміспен және қалайымен ағаш, қара металл, сүйектен жасалған көркемөнер бұйымдарға инкрустациялау тәсілдері; сымды созғылау тәсілдері; сүйек және мүйізді ою және тегістеу ережесі; бұйымдардағы суретті белгілеу және аудару жолдары; қазба өрнегін жасау тәсілдері, сұңғат өнері негіздері; оюдың түр-түрі, түс білу және пластикалық анатомия негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Көркемөнер және зергерлік бұйымдарын – янтармен инкрустациялау, мозаика жасау.

2. Бірегей сыналар – сурет салу.

3. Сүйек және металл қораптар – күміс және алтынмен сурет салу.


12. Монета-орден өндірісінің бақылаушысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарға және бекітілген үлгілерге сәйкес брактау үстеліндегі немесе конвейерлердің бетінде, гуртты жазба бойынша күрделі емес жартылай фабрикаттардың сапасын ішінара және тұтас бақылау. брак түрлері бойынша бракқа шыққан өнімнің сыныптауышы. Конвейер жұмысындағы елеусіз кемшіліктерді жою және реттеу.

Білуге тиіс: жартылай фабрикаттарды жасау және бақылау технологиялық процесі; шикізат пен жартылай фабрикаттардың негізгі түрлерінің техникалық шарттары мен бекітілген үлгілері, брактау конвейерлерінің құрылымы мен пайдалану ережесі; негізгі өлшеу аспабы: штангенциркуль, микрометр және калибрлер.

Жұмыс үлгілері

1. Монеталарға арналған дөңгелек тегіс дайындамаларды.

2. Орден және медальдарға арналған тегіс дайындамаларды бақылау.


13. Монета-орден өндірісінің бақылаушысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі жартылай фабрикаттар мен күрделі емес даяр бұйымдарды операциялық бақылау. Бұйымдарды жасауға арналған күрделі емес аспаптардың, керек-жарақтардың сапасын техникалық шарттарға және бекітілген үлгілерге сәйкес арнайы калибрлермен, әмбебап өлшеу құралдарымен және оптикалық аспаптармен бақылау.

Монеталарды, ордендерді техникалық шарттарға және сызбаларға сәйкес өлшеу. Жартылай автоматтар мен автоматтарда есеп жүргізу және монеталарды орау. Брак түрлері бойынша сұрыптау, бракталған өнімге актілер жасау. Жартылай автоматтар мен автоматтардың жұмысындағы елеусіз ақаулықтарды реттеу және жою.

Білуге тиіс: бұйымдарды жасау және бақылау технологиялық процесі, күрделі емес сызбалар, шектеулер; шикізат, материалдар, даяр өнімдердің брак түрлері, қара, түсті және асыл металдардың, жартылай автоматтар мен автоматтардың, қаттылықты өлшегіштің қасиеті мен құрамы, әмбебап өлшеу құралдары мен аспаптары: рычагты микрометр, индикатор, аспапты микроскоп.

Жұмыс үлгілері

1. Орден, медаль және кеуде белгілерінің жартылай фабрикаттарын.

2. Күнтізбелерді.

3. Түрлі құндылықтағы ұсақ монеталар.

4. Штемпель, контрштемпельді бақылау.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница