Мазмұны




НазваниеМазмұны
страница4/4
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.74 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-Қазақстандағы-көші-қон-мәселесі.rtf
1   2   3   4

Қорытынды.


Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Солардың отанына айналған біздің кең байтақ еліміз қашан да өзге ұлт өкілдерін құрметтеп, оларды бауырына басуға дайын. Қазақстан халықтарының өсіп-өну процесін бақылап, зерттеу демограф ғалымдардың еншісінде.

Қазақстандағы соңғы санақтың өткеніне де бес жыл өтті. Бұл жылдардағы экономикалық-әлеуметтік салалардағы өзгерістер ғылымның зерттейтін обьектісіне елеулі өзгерістер енгізетіндей болды. Сондықтан да өз басым Қазақстанның ұлттық құрамындағы жағдайдың өзгерістер барысын ұдайы қадағалап, сараптап, ғылыми ақыл таразысынан өткізіп отырамын дейді белгілі демограф-ғалым Мақаш Тәтімов. Бір этноста болмашы өсу болса, келесісінде азаю орын алған, нәтижесі бізді қанағаттандырмайтын жағдай. Сондықтан мемлекеттік деңгейде бір шұғыл шара қолданбасақ демографиялық жағдай көңіл қуантардай болады деу бос сөз болып шығады. Әлі күнге дейін табиғи өсімнің азаюы түйінді мәселе қалпында қалып отыр. Балалар тууының азаюы халықтың қалыпты өсімін тежеуішке айналған. Тұрғындардың орта жасының өсіміне орай бала мен ана өлімі азайса да өлім көбейген. Бұл нәтижелер Қазақстанда этнодемографиялық жағдайдың мол өзгерістері жалғасып жатыр дегенімізбен ақырындап болса да нағыз еуроазиялық мемлекетке айналып барамыз. Бізде де еуропалық этностар тууды дәстүрлі түрде шектеуіне байланысты олардың елден кетуі азайғанымен саны кеміп барады. Бұл шамамен 35 мың адам немесе үлкен бір майданда кездесетін шығын. Елімізден негізінен еңбекке жарамды жастар кетіп, кәрілер қалуда. Бұл республика тұрғындарының орта жасын ұлғайтып, өлімді көбейтуде, тууды азайтуда. Тұрғындардың шығыстық саналатын бөлігінде де аймағымыз үшін дәстүрлі болып саналатын көп балалы отбасыларының саны азайып кетті. Олар да еуропалықтар соңынан ергендер. Бұлардың қай-қайсысы да еліміз үшін ойласарлық жағдай.

Қазіргі елімізде жүргізіліп отырған демографиялық саясат бойынша ең алдымен жас шаңырақты бала тууға бір-екі емес, көбею шарттарына сай ең кемі үш сәбилі болуына ынталандыру керек.

Демографиялық жағдайды түзеудің екінші бір жолы-елімізде жасанды түсікке (аборт), ең болмағанда біріншісін түсікке айналдыруға тиым салу. Өйткені алғашқы баланы түсік ету, ананы енді сәби көтермеуге соқтыратын жолдарының бірі екені белгілі ғой. Бүдан бұрынғы зерттеулерге қарасақ, тоқсаныншы жылдардың орта шенінде жасанды түсік тірі туған балалардың санынан асып жығылған екен. Халық арасында үгіт-насихат жүмыстары жүргізілуіне қарамастан қазір де жағдай оңып түрған жоқ, жылына 150 мыңдай түсік тасталынады екен. Адамзаттың және діни көзқарастардың барлығы қолдан жасалған түсікті күнә дейді. Демек, қоғамдық санаға осы жағынан да қозғау салу қажет.

Исламның жасанды түсікке қалай қарайтындығы жайлы мәселеге көңіл аударсақ, шарана қимылдаған сәтінен Алланың бергені саналады да оны түсіру кәдімгі ересек адамды өлтіргенмен тең. Бала туу мөлшерін көрсететін арнайы коэффициент 1999 жылы 1,76-ға түсіп, яғни шартты шектен құлдырап кеткен болатынбыз. Сол тұста туудың азаюы мен өлімнің өсуін қағазға сызықтармен түсіргенде (схема) "қақпан" бейнесі шыққан! 1999 жылы сол "қақпан" шаппалары түйісіп, қабысып қала жаздады. Мұны көру сұмдық еді. Қазір сол қақпан шаппалары бір бірінен ептеп те бола ажырасып, ашылып барады, өлім азайып, туу көбейе бастады. Дегенмен, көп балалы болудан кетіп, еуропалық дәстүрге келе жатқанын да қосу керек.

Шет елдердегі қандастарымызды көшіру мәселесі тез арада өз шешімін тауып, мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылуда. Шеттегі қазақ диаспорасы 4,4 млн адамнан асады. Қандастарымыздың ең болмағанда жартысына жуығын көшіріп алып келе алсақ біздің демогарафиялық ақуалымызға біршама сан қосуға мүмкінюдік туғызатын еді ол үшін көші-қонды әсіресе оралмандарды кең көлемде көшіріп алу жолдарын қарастыру керек.

Нарықтық қатынас кезіне көп баланы өсіріп тәрбиелеу мәселелері қиындай түседі. Әр отбасында үш бала болса да жетеді. Ол үшін де кәдімгі қарапайым отбасында қалыпты тұрмыстық жағдайдың болуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Соңғы уақыттағы демографиялық саясаттың белсенді жүргізілуінің нәтижесінде табиғи өсу көбейіп, Халық санының алға ілгерілеуі байқалады. Қазақстан Республикасы халқының жалпы саны 2006 жылдың І-ширегінен бастап 15000000 адамнан асты, оның ішінде қазақтар 9 000 000-ды құрап елдің 62%-ын құрады. Елдің экономикалық тұрғыдан тұрақтануы шет елдерге көшушілердің санын азаюына ықпал жасады. Жалпы алғанда Қазақстан тұрғындарының шектен шығып бара жатқан жер шарында тұрғыны аз ел болып қала алмайды.

Қазақстан Еуразия суперконтинентінде этнодемократияның айнасы. Мұнда демографиялық-демократиялық көзқарастардың барлығы шоғырланған. Этносаралық түсіністіктің қазақстандық моделі түптің түбінде бүкіл әлемдік үлгіге алынуы да мүмкін. Қазақстанда өмір сүріп отырған 100 астам үлттардың достықта өмір сүруі бұл Президентіміздің жүргізіп жатқан жұмыстарының нәтижесі. Міне осы жағдайлардың барлығыда өткен ғасырдың 70-80 жылдары болған демографиялық “Алтын кезең” қайталамаса да сол жылдардағы жалпы өсімді бере алатын “Күміс кезең” басталуда. Күміс кезең тек табиғи өсіммен ғана емес оралмандар есебінен де көбейіп отыр.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


1. Тәтімов М. «Қазақ әлемі»(Қазақтың саны қанша? Қазақ қашан, қайдан қуылған, қырылған және атылған?)., Атамұра., Алматы., 1993.

2. Ғали Ә. "Көбеймесек көсегеміз көгермейді"., Қазақстан баспа үйі., 2003.

З. Тәтімов М. "Халықнама немесе Сан мен Сана". Демографтың ой-толғаныстары., Жазушы., 1992.

4. Демографический ежегодник Казахстана. Алматы. 1998. 5.Численность и размещение населения в Республике Казазстан., Том 1. Алматы., 2000.

6. Азия - экономика и жизнь.

7.Ахметов Н. "Қазақтың саны мен сапасы"., Денсаулық №1. 2004. 8.Белдеубайұлы Д. "Демографиялық батпақ"., Ана тілі 19.02.2004. 9.Біз қаншамыз? Қазақстан Республикасы халқының ұлттарға бөліп

шаққандағы санының көрсеткіштері., Ана тілі ., 29.07.2004. 10.Жанділдин Ж, "Өсе түс, елім!"., Заман Қазақстан., 02.01.2004. 11. Қазанғапова Қ. Қазакстан Республикасының демографиялық мәселелері., География және табиғат. №3. 2004

12. Республика халқының ұлттық құрамының өзгеруі.,

Заман Қазақстан. 02.02.2004.

13. Талдыбаев Н. Дүние жүзі қазақтарының саны және дүние жүзі бойынша орналасуы., Ізденіс. №2. 2004.

14. Шайманұлы Б. Демографиялық жағдайды құлдыратпайық., Заң газеті. 07.04.2004.

15.Тәтімов Мақаш. "Демографиялық болжам келешекке көзқарас".

16. Тәтімов Мақаш. «Қазақстанның дербес демографиялық саясатын қалыптастыру»., 1999. Алматы., Атамұра.

17. Асылбеков М.Қ., «Демографические процессы современного Казахстана»., 2000., Алматы.

18. «Қазақстан тарихы» №1., 2006 ж., қаңтар.

19. «Алматы ақшамы» 12.05.2005ж.

20. «Түркістан» 04.11.2004ж.

21. «Қоғам және дәуір» № 2., 2004ж.

22. «Қазақ әдебиеті» 28.05.2004ж.

23. «Егеменді Қазақстан» 27.05.2004ж.

24. «Алматы ақшамы» 12.05.2005ж.

25. «Егеменді Қазақстан» 24.11.2004ж.

26. «Егеменді Қазақстан» 17.06.2004ж.

27. «Егеменді Қазақстан» 25.01.2005ж.

28. «Хабаршы» №1., 2004 ж.

29. «Қазақ әдебиеті» 05.03.2004ж.

30. «Жас қазақ» 12.08.2002ж.

31. «Қазақстан заман» 19.04.2002ж.

32. М.Тәтімов «Ауылдағы демографиялық ахуал»., Алматы., 1986 ж.

33. «Сборник материалов по вопросам народно - населения». Астана, Представительство ООН в РК; Изд.Дом «Сарыарка», 2000 ж.

34. «Краткие итоги переписи населения»., 1999 года в республике Казахстан. Под.ред.А.А.Самойлова/ А., 1999 ж.

35. Ә.Ғалиев, Н.Мұстафаев «Қазақстандағы этнографиялық үрдістер».

36. «Демографический ежегодник Казахстана». 2005ж.

37. «Шымкент келбеті» 07.04.2006ж.

38. «Национальный состав населения Республики Казахстан»., Алматы, 2000 ж.

39. «Населения Казахстана. Итоги переписи населения. 1999» Алматы 2000 ж.

40. Нүсіпова Г.Н., Байсұлтанова Г.М. «Қазақстан халқының демографиялық үрдістерінің өзгерістері». Вестник КазГУ., Алматы., Қазақ университеті 2003ж., № 2.


Сурет 2




Ќосымшалар.

Сурет 1



Сурет 3




Сурет 5


Сурет 4


Сурет 6


Сурет 7
1   2   3   4

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница