Мазмұны




НазваниеМазмұны
страница3/4
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.74 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-Қазақстандағы-көші-қон-мәселесі.rtf
1   2   3   4

2.2.Қазақстандағы көші-қон мәселесі.

Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9км2) болғанымен, сирек қоныстанған елге жатады. Оның терроториясының 1 км2-ге 5,5 адамнан келеді. Тұрғындар үшін табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңірлер-Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары.

Мұнда Республика тұрғындарының 37,8%-і орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1км2 16,9 6,9 және 7 адамнан келеді.

Салыстырмалы түрде тұрғын көп келесі аймақ Солтүстік Қазақстан-Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының аумағы, мұнда ел тұрғындарының 24,8%-і орналасқан, тұрғындарының тығыздығы 1км2-ге 5,2, 7,4, 5,7 және 6,5 адамнан келеді. Шығыс Қазақстанда Республика тұрғындарының 10,2%-і тұрады, тұрғындар тығыздығы 1км2-5,4 адамнан келеді. Ең аз қоныстанған аудандар Батыс аймақтар-Маңғыстау, Атырау, Орал, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстандағы Қызылорда облысы. Мұнда халықтың 17,7% орналасқан, 1км2 келетін орташа тығыздығы, тиісінше 1,9, 3,7, 4,1, 2,3 және 2,6 адамнан келді.

1999 жылғы санақ жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәлімсеттер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады.

Әдетте қазақтар көпшілік жағдайы ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың қалалықтарға айналу қарқыны жоғары.

Консульдық қызмет департаменті басқармасының соңғы жедел мәліметі бойынша, әрбір үшінші қазақ шет елдерге тұрады. Алыс және жақын шетелдердегі жалпы қазақтың саны 6 млн 100 мың адам.

Қазақтардың 2000 жылдың басындағы барлық саны:

Қазақстанның өзінде 8 млн 590 мың.

Бұрынғы посткеңестік, Қазіргі дербес республикаларда 3 млн 837 мың.

Шалғай шетелдерде 2 млн 263 мың. Ал 1999 жылдың аяғы мен 2001 жылдың басындағы өтпелі Маргиналдар мен метистері қосқанда исі қазақ саны 15 млн-ға толады. Соның 12,5 млн таза қазақтар қалғандары ұлттық менталитеті анықталмаған ділі шала қазақтар.

Олардың орналасуы бойында санын көрсетсек: Алыс шетелдерде және жақын шет елдердегі қазақтар.

Жақын шет елдерде.

Өзбекстанда 2560 мың

Ресейде 1000 мың

Түркіменстанда 140 мың

Қырғыстанда 95 мың

Украинада 15 мың

Белорусияда 5 мың

Азербайжанда 4 мың

Грузияда 3 мың

Молавада 3 мың

Прибалтикада 2,5 мың.


Алыс шет елдерде.

Қытайда 2000 мың

Монғолияда 100 мың

Ауғанстанда 30 мың

Түркияда 25 мың

АҚШ-та 14 мың

Иранда 10 мың

Алманияда 9 мың

Канадада 7 мың

Францияда 9 мың

Иракта 5 мың

Алыс және жақын шетелдегі қандастарымыздың саны 6 млн 100 мың (метис пен маргиналдарымызбан бірге).

Қазақстанға миграциялық ағым осы Республика мен елдер жағынан біртіндеп күшейе түсуде.

Біздің есептеуіміз бойынша соғыстан бергі соңғы жылдары Қарақалпақстандағы қазақтардың үштен бірі, Түркіменстандағылардың үштен екісі өздері шыққан атамекені Қазақстанға қайтқан. Бұл процес осылайша стихиялы түрде жүре отырып 2020-2030 жылдары қазақтың етек жеңі біршама жиналып қалады. Біздің есептеуіміз бойынша алдағы он жылдықта Қазақстанға 300 мыңдай қазақ қайтуы ықтимал, 1996 жылы Монғоиядан 130 мыңға жетерлік бауырларымыз көшіп келген екен.

Осындай миграцияның 12-17 мыңдық мөлшері жыл сайын алда сақтала бермек.

Дәл бүгінгі күні жыл сайын бұрынғы Одақтас Республикалардан Қазақстанға 10-15 мыңға жуық қазақтар қайтып оралуда. Ол 1992 ж 24 мыңға дейін жетті. Алда осы сияқты өз еліне береке молшылық ала келетін “Майтабандар” көші-қоны бұданда кең етек жаяды. Бұл қозғалыс жақын болашақта Республикамыздағы қазақтар саны келесі ғасырдың ортасына дейін 4-5 млн- ға дейін қомақты үлес қоса алады.

Қазіргі таңда Президентіміздің жолдауы бойынша әр жыл сайын мемлекеттік квотаның көлемін кем дегенде 15 мыңның үстінде ұстап отырып, экономикамыздың дамуына орай квоталар санын бұдан 2 есеге көбейту жоспарланып отыр.

Үкіметтің жоспарлап отырған жылына 15000 квота мен біз шет елдердегі қандастарымызды жақын арада көшіріп алу мүмкін емес. Шет елдердегі қандастарымыз жағдайы келгендері яғни өз күшімен көшіп келе алатындары квотаға қарамай өз қаражатарымен келеуде.

Оралмандар өз тарихи отанына келу үшін көптеген қиыншылықтарға кездеседі:

--Тұрғылықты Республикадан өз отанына қайту үшін рұқсат алуы керек. Ол мемлекет Қазақстан Республикасымен Көші-қон туралы келісім шарт жасасқан болса онда қандасымызға виза алу көп қиындық болмайды. Ал егер де ондай келісім-шарт жасалмаса онда виза алу да көп қиындықтар болады.

--Қазақстанға келгеннен кейінгі азаматтық алу қиындықтары. Азаматтық алғаннан кейін берілмейтін жәрдем ақының тоқтатылуы. Мамандығы бойынша жұмыс табу, егерде мамандығы болмаса жұмыс табу қиындығы, әлеуметтік жағдайының нашарлауы т.б.

Көшіп келудің түрлі қиындықтарына қарамастан көшті тоқтатпау керек. Үкіметтің осы мақсатта жүргізіліп жатқан жұмыстары да оралмандарды қолдау мақсатында жүргізілуде. Шет елдердегі қандастарымызды көшірудегі мақсаттың бірі ол өмір сүріп жатқан халыққа сіңісіп кету қауіпі. Мысалға: Өзбекстандағы қазақтардың көпшілігінің өзбек болып жазылып кетуі. Қаржы қиынықтарына байланысты ол елдегі мектептердің жабылуы, Соңғы уақыттағы екі ел арасындағы салқындықта екі ел арасындағы көші-қон мәселесін тежеуде. Осы мәселелерді шешуде екі жақты келісөздер жүргізілуде.

Қытай Республикасының батысты игеру мақсатында жүргізіліп жатқан саясаты яғни қытайлардың саны аздау батыс аймағын игеру бұл Батысты мекен ететін қазақ және басқа ұлттарға түрлі қиындықтар әкелуде, өйткені саны көп қытайлықтар аз санды қазақтарды және басқа ұлттарды жұтып жіберуі мүмкін. Міне осы жағдайларды ескере отырып Қытайдағы қандастаымызды тез арада көшіріп алу жолдарын қарастыруымыз керек. Осы елдермен қатар тарыдай шашылған қандастарымызды көшіріп әкеле алсақ. Президентіміз айтқандай 2020 жылы Қазақстандағы халықтың санын 20 млн адамға жеткізуге болады. Қандастарымызды әкелу өз республикасында саны аз қазақ ұлтының көбеюіне яғни үлес салмағының артуына әкеледі.

1990-2000 жылдардағы сыртқы миграция динамикасы

Жылдар

Кетушілер

Келушілер

Көші-қон сальдосы(+,-)

1991

228473

170887

-57686

1992

317760

161499

-156261

1993

331007

111082

219025

1994

477068

70389

-406679

1995

309632

71137

-238495

1996

229412

53874

-175538

1997

299455

38067

-261388

1998

243663

35425

-126639

1999

162064

35425

-126639

2000

156800

33600

-123200

2001

143600

49300

-94300

(адам есебімен)

3-Кесте


2.3. Қазақстандағы демографиялық саясат

1988 жылдың күзінде "Казахстанская правда" газетіне осындай тақырыппен көпшілікке арналған "О чем не ведали обществоведы" деген ғылыми мақала әзірленді. Ондағы мақсат ұлттық республиканың шыққан этнодемографиялық тегіне балта шапқан Қазақстандағы қаралы кезеңнің қасіретін орыс тілді оқырмандарға жеткізу еді. Бірақ оның орнына 1989 жылдың 14-17 қаңтары аралығында газеттің бетінде ресми түрде сірескен тақырыппен партия тарихшыларының үлкен мақалалары жарияланды. Онда Голощекиннің қасақана ұйымдастырған ашаршылығы кезінде құрбан болғандардың саны әдейі екі еседей азайтылып көрсетілді. Былайша айтқанда орталық партократия өкілінің қазақ халқының алдындағы ауыр кешірілмес күнәсін екі еседен артық "жеңілдетті" деген сөз.

Мұндай үлкен "ғылыми оғаштықты" СОКП тарихшылары демографиялық зерттеу әдісін білмегендіктен ғана жіберген деу шындыққа жанаспайды. Себебі, олар бұдан да, қазіргі кезеңнің өзінде де Қазақстандағы ашаршылық жылдарында 2,5 миллион адамның (оның 2,3 миллионы тек қазақтар) жазықсыздан қырылуына себепкер болған сол кездегі ВКП (б)-ның өлкелік партия ұйымы мен Орталық комитеттің кінәсін енді жасыра алмаса да, қалайда "жеңілдетуге" тырысып келген болатын. Тіпті, партия тарихшылары ғылыми-санақ (статистика) есебін айлакерлікпен әдейі бұрмалап, әміршілдікпен асығыс жүргізілген саяси-әлеуметтік науқан кезіндегі адам шығынын екі есе төмендетіп көрсетуге тырысты. Олар жариялылыққа дейін осындай партия жолын дәріптеуге әбден машықтанған қолжаулық ғалымдар тобын құрады.

Кейінгі кезде ізденімпаз жас зерттеушілеріміздің (Ә.Ғалиев, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиев т.б.) арқасында көптеген архив деректері табылды. Ол деректер бойынша біздің бұрынғы ғылыми демографиялық талдауларымыз расқа шықты. Мысалы, 1924 жылғы болжам бойынша 1932 жылы Қазақстандағы ауыл-село халқының саны 4,2 миллион адам болуға тиіс еді. Ал 1933 жылдың ортасында жүргізген ресми сынаққа республика басшылары қанша қосып жазуға тырысып, өлген адамдардың санын азайтқысы келгенімен, ауылдық жерде тірі қалған адамдардың санын 1,5 миллионнан асыра алмады. Қазақстанда ашаршылықтан 2,54 миллион адам өлді деген дерек шындыққа өте жақындайды. 1926 жылғы халық санағынан кейін құрбан болған адамдардың санын 1937 жылға дейін қалпына келтіре алмаған қазақстандық төрт ұлт туралы мынадай деректер келтіруге болады. 1926-1937 ж.ж. қазақтар - 3,627,6 мыңнан-2,181,5 мыңға дейін, украиндар-860,2 мыңнан- 549,6 мыңға дейін, ұйғырлар-63,4 мыңнан- 33,4 мыңға дейін өзбектер 129,4 мыңнан -110,0 мыңға дейін кеміп кетті.

Ал басқа ұлттарға келетін болсақ (орыс, неміс, татар, белорусь), олар ашаршылықтан кейін қаңырап бос қалған қазақ жеріне күштеп қоныстандырылды. Сөйтіп, бұрынғы олқылықтарының орнын толтырып қана қоймай, келімсектердің саны онан сайын қаулап өсе түсті. Алайда, біздің қоғамтанушы ғалымдарымыз күні бүгінге дейін орталықтың "ерікті коллективтендіру", "жедел индустрияландыру" саясатының кесірінен Қазақстанның байырғы халқының мүлдем азшылыққа айналғандығын түсінгілері келмеді.

Сталин мен Голощекин бір халықты қырып-жойып құрту арқылы екінші халықтың өркендеуіне ашықтан-ашық жол ашты. Соның бір мысалы, қазақтың малын конфискелеп, бүкіл Орта Азияны отырықшы тұрақты егіс алқабына айналдыру болып табылады.

Қорыта айтқанда бірқатар қоғамтанушы ғалымдарымыз Голощекиндік геноцид-әміршіл зұлматтың зардабынан күні бүгінге дейін қазақ халқының ұлттық дамуы демографиялық детерменизм, яғни санға тәуелділік жағдайында қалып қойғанын өз мақалаларында дұрыс ұғына алмаған. Сол демографиялық кіріптікті жеңіп, дертті жазбайынша қазақты ұшпаққа шығара алмаймыз. Қазақстан Республикасының жан-жақты дамуы демографиялық детерменизм жағдайында тұр.

Қазақстандағы ерлер мен әйелдер саны салыстырмалы түрде тең дәрежеде. Ер балалардың дүниеге келуі басым болғанымен, әйелдер саны 30-34 жастан бастап айтарлықтай көбейеді, 60-69 жаста бір жарым есе, 70 жаста 3 есе артады. Тұтастай алмағанда, республикада әйелдер саны ерлерден басым.

Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырымдық құрылымында 9 жасқа дейінгі балалар 22,0 %, ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейінгі жастар 43,9 %; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесі-6,1%. Орташа арифметикалық жас небәрі 25 жас. Басқаша айтқанда, қазақ халқының басым бөлігі-балалар мен жастар.

Қазақстан тұрғындарының бейімділік индексі және сауаттылық көрсеткіші өте биік деңгейде. Мысалы, 1990-1991 оқу жылы Қазақстандағы 55 жоғары оқу орнының саны 163-ке, ал ондағы оқитындар саны 365,4 мың адамға жетті.

Соңғы онжылдықта жергілікті тұрғындардың білім алуында серпіліс пайда болды. Әрбір 1000 адамның 126-сы жоғары білімді. Әсіресе, студенттер санының қазақ жастары есебінен күрт өсуі 90-жылдардың басынан басталды. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттер саны тұрақтанып келеді. Бұл күнде олардың жоғары оқу орындарындағы үлесі 67 %, бұдан жоғары өсуі онша көп емес.

Қазақстан тұрғындары білімінің жоғары деңгейі, бір жағынан, еңбекке орналастырудың шектеулі мүмкіндігін, екінші жағынан, бәсекелестікті тудырып, халық шаруашылығында жұмыс істейтін мамандардың кәсіптік деңгейінің көтерілуіне ықпал етті. Экономика саласында еңбек ететіндер арасындағы жоғары және орта арнаулы білімділер үлесі айтарлықтай өсті: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары білімділер саны орта есеппен 130 адам болған болса, 1999 ж. - 212; орта арнаулы білімділер тиісінше 234 және 296 болды. Тек орта немесе толық емес орта біліммен еңбек ететіндер саны бір жарым есе азайды.

Қазіргі кезде мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде 3101,4 мың оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық жерлерде білім алуда.

1997 ж. республикадағы жалпы білім беретін жеке меншік (мемлекеттік емес) мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқиды.

Қазіргі кезде Қазақстанда 3455 мектеп мемлекеттік тілде жұмыс істейді. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен бірге 2522 сабақ орыс тілінде жүргізілетін мектеп (1461,4 мың оқушы); 78 өзбек (77,2 мың оқушы); 14 ұйғыр (22,3 мың оқушы); 3 тәжік (2,5 мың оқушы); 1 украин (0,1 мың оқушы) тілдерінде сабақ жүргізілетін мектептер және аралас тілде оқытатын 2112 мектеп бар.

Қазақстан үшін табиғи өсім тұрғындар саны өсуінің негізгі көзі болып табылады.

Табиғи өсім қазақ халқы өсімінің басты факторы болып қала береді. Мысалы, қазақтардың табиғи оң өсімі 1989 ж. Қазақстан тұрғындарынан бүкіл табиғи өсімінің 63,5% -ін құраған болса, 1991ж.-72,4%, 1993ж.-88,2%, 1995 ж. -88,0 % болды.

Отбасы құрамына жасалған талдау көрсеткеніндей жұбайлардың, әсіресе жастардың әлеуметтік-білім деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым аз балалы болуға деген ұмтылыс айқын байқалады. Әдетте орта арнаулы немесе жоғары білімі бар әйелдер тек отбасылық міндеттермен шектеліп қалмай, өздерінің жұбайларымен тең құқылы болуға ырысады, соған орай өндіріс саласына көп уақытын жібереді. Олар бос уақыттарында өздерінің жұбайлары сияқты және шамаларына қарай білім алуға және баларларының дұрыс дамып жетілуі үшін олардың тәрбиесіне көңіл бөлуге барынша тырысады.

Қазақстан экономикасындағы өзгерістер еңбек рыногының қалыптасуына айрықша ықпал етті. Экономикалық реформа жылдары республикада жұмыс күшін пайдаланудың жаңа шартары анықталды. Қазіргі кезде экономика саласында еңбек етушілерге акционерлік қоғамдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда (мекемелерде, ұйымдарда), меншік түріне қарамастан шағын және біріккен ұйымдарда, шаруа қожалығында жұмыс істейтіндер, сондай-ақ, жеке еңбек қызметімен, жеке қосалқы шаруашылықтарда және жеке адамдарға қызмет ететін адамдар жатады.

Нарықтық экономика барысында қосымша жұмыс істеу үрдісі кең тарала бастады. Қоғамда бірнеше жұмысты ұштастыра шектеусіз атқару, жұмыстарды үйде орындау, қосымша табыс көздерін табу мен іздестіру мүмкіндіктері пайда болды.

Қосымша жұмыс бастылық, әсіресе, шағын кәсіпорындарда кең таралған. Мәселен, 1997 ж. мұнда 26,5 мың адам немесе барлық жұмыс істеушілердің 12%-і, есепті жылдың қаңтар-маусым айларында 23 мыңнан астам адам немесе 11%-і шарт бойынша және қосарлы жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта қоғамда ең алдымен меншік нысанының өзгеруі мен еңбек ұжымдары мүшелерінің меншік қатынастарына қатысуына байланысты жаңа еңбек қатынастары қалыптасып дамып келеді.

Республикада жұмысшы күшін қайта бөлу үрдісі жүруде, яғни, "жалдамалы жұмысшылардың" саны азайып, өзінің жеке ісінде (жалданбай жұмыс істейтін) қызмет атқаратын немесе дербес жұмыс істейтін адамдар саны артуда. Мәселен, 1995-1999 ж.ж. аралығында бұл категорияның саны 2,5 есе өскен, егер 1995 ж. олар еңбек қорларының 11,7% -ін құраса, 1999 ж. 3 1,9 %-ке жеткен.

Ұлттық байлық дегенiмiз адам капиталы, табиғи капитал және қаржы капиталы деп аталатын үш құрамдас дүниеден тұратыны жалпы жұртқа белгiлi. Кеңестiк кезеңде еңбек ресустарын ұдайы дамытуға назар аударылып, ақшаны аяған жоқ. Кез келген мемлекеттiң тұрақты дамуы экономиканың дамуы мен адам адам дамуының арасындағы теңестiрiлуi ақылға қонымдылығы мен айқындалады.

Бiздiң елiмiзде адам әулетiнiң дамуының индексi бойынша дүние жүзiнде 76 орында болды, ал 2005 жылғы индексi бойынша бiз 61 орынға тұрақтадық. Президентiмiздiң биылғы жылғы жолдауы бойынша елiмiз дамығын 50 мемлекеттiң қатарына қосылуы тиiстi. Бұл жетiстiкке жету мына үш компоненттентке байланысты: бiрiншiден өмiрiнiң орташа ұзақтығының көрсеткiшiнен; екiншiден бiлiмдiлiктің деңгейiнiң көрсеткiшiнен; үшiншiден халықтың жан басына шаққандағы ЖlӨ көрсеткiшiне байланысты. Егер өмiрдiң ұзақтығы деңгейiнiң көрсеткiшi және халықтың жан басына шаққандағы ЖlӨ көрсеткiшiн алатын болсақ онда бiзде iргерiлеушiлiк бар, ал өмiрдiң алдыңғы орташа ұзақтығы көрсеткiшi бойынша кейбiр дамушы елдердiң өзiнен де қалып келемiз. Осы проблеманы жалпы әлемдiк үрдiс призмасы арқылы талдау жасау жаңа мың жылдықтың басында әрбiр елдiң демографиялық проблемасы негiзiнде дербес, олардың өзiндiк даму ерекшелiктерiне сай жүргiзiлуде.

Дүние жүзiлiк банктың болжамы бойынша әлем халқының саны 2030 жылға қарай 8,5 миллиард адамға өседi. Шет елдердiң ғалымдары атап көрсеткендей Дүние жүзiлiк банктың бұл болжамындағы қорқытатын мәселе- әлем халықтарының санының айтарлықтай өсуi емес, жоғарыда айтылған 8,5 миллиард адамның 2 миллиарды күндiк табысы 2 доллардан аспайтын елде туылуы едi. Бұл арзан жұмыс күшiнiң дамыған елдерге ағылуына әкелiп соқтырады. Бұл әлемде демографиялық, экологиялық, жұмыссыздық деңгейiнiң өсуiне әкелiп соқтырады

Қазақстан аумағы жөнiнен дүние жүзiндегi аса iрi елдердiң ондығына кiредi, ал халқының саны жөнiнен шағын елдердiң санатына жатады. 2003 жылғы бiрiншi қаңтардағы жағдай бойынша халықтың саны—15000000 адамға жеттi, ал халықтың тығыздығы бiр шаршы шақырымға небары 5,4 адамнан ғана келедi.

Айтарлықтай ұзақ кезең iшiнде ,1960 жылдардан бастап, Қазақстанның демографиялық даму тұрақтылығымен, халық санының жоғары өсуiмен сипатталды. 1992 жылы республикадағы халықтың саны ең жоғарғы деңгейге жетiп 16 миллион 452 мың адамға жеттi. Алайда соңғы жылдарда мемлекетiмiздiң демографиялық дамуында келеңсiз үрдiс байқалуда.

Тек соңғы санақ кезеңi аралығында (1989-1999жж) Қазақстан халқының саны 1 миллион 246 мың адамға азайды. Қазақстан Республикасының статистика агенгттiгiнiң деректерi бойынша 1991 жылмен салыстырғанда 2002 жылы халық санының айырмашылығы 1 миллион 495,7 мың адам болды.

Егемендiкке қол жеткiзу қоғамды демократияландыру және елiмiздiң өмiрiнiң әр түрлi саларында реформалардың басталуы демограиялық ақуалдың саяси фактор ықпалында болуына себепшi болды. Оның демографиялық ақуалға ықпалы, атап айқанда, еркiн кiрiп-шығу, әртүрлi үкiмет аралық келiсiмдер Қазақстаннан немiстердiң және басқа ұлттардың өкiлдерiнiң айтарлықтай көп кетiп қалуына ықпал жасады.

Елiмiздiң демографиялық ақуалына әлеуметтiк-экономикалық факторлар тобыда айтарлықтай ығпал еттi. Бұған, бiрiншi кезекте, материалдық әл-ауқат, денсаулық сақтау және бiлiм беру деңгейiн жатқызған жөн. жұмыссыздық салдарынан тұрмыс деңгейiнiң төмендеуi, тiршiлiк етуге қажеттi материалдық қаражаттың азаюы, елдегi демографиялық ахуалға айтарлықтай әсер еттi, соңғы жылдар iшiнде бала туудың азаюы, өлiмнiң көбеюi және халықтың көшi–қон жағдайымен кетiп қалу қолайсыз деп бағаланып отыр.

Бала туу көрсеткiшiне неке отбасы қатынасы күштi әсер етедi. Статистика деректерi некенге тұру азайып бара жатқанын көрсетедi. Мысалы 1990 жылы неке қию саны 164 мың болған болса, ал 2002 жылы 99 мың болып едауiр азайды.

Ажырасу саны да көп болып отыр, 2002 жылы оның саны 31200 болды. Ең көп ажырасу қалаларда тiркелген, бұл орайда ерлi-зайыптылардың екеуiде өсiп-өнетiн жастағылар, мұның өзi бала туудың өсуiне терiс әсерiн тигiзуде.

Бала туудың шырқау шыңы 1987 жылға тура келедi, ол жылы 417000 сәби дүниеге келдi немесе 1000 адамға 25,7 –ден келедi. 1999 жылы ХХ ғасырдың соңғы 10 жылында бала туудың ең төменгi деңгейi байқалды., Бала туу коэфицентi 1000 адамға 8,2 дан 10,1-ге өстi.(2002 жылы-10,2)

Қазақстанда табиғи өсiм қарқынды төмендеуi байқалады. Соңғы жылдарда некеге тұру жасы едәуiр ұлғайды. Осы жағдайлардың барлығы табиғи өсiмдi тежейдi.

Бала туудың азаюы және өлiмнiң көбеюiнiң салдарынан соңғы 12 жылда (1990-2002ж.ж.) халықтың табиғи өсiмi 3 есе азайып кеттi.

Халықтың жынысы бойынша құрылымы негiзiнен демографиялық немесе әлеуметтiк-экономикалық факторлардың әсерi мен қалыптасады. Қазақстанда жыныстық арақатынас әйелдер үлесiнiң аздаған басымдылығы мен қалыптасып отыр.

Қазақстан Республикасының бiрiнші ұлттық санағының қортындысы республикада бұрынғыша әйелдер санының еркектер санынан басымдығы және 77751343 әйел бар немесе олар халықтың 51,8 пайызы екендiгiн көрсетедi. 2002 жылы республикада өмiрдiң орташа ұзақтығы 65,5 жас болды. Бұл көрсеткiш еркектер ұшiн-59,5жас, әйелдер үшiн 71,3 жас, яғни еркектер әйелдерге қарағанда онбiр жарым жас кем жасайды. Бұл өлiм деңгейiнiң жоғарылығын көрсетедi. Ал Қазақстан Республикасында өлiмнiң көптiгiне еркектер өлiмiнiң көрсеткiшiнiң жоғарылығы себепшi болып отыр, әйелдердiң өлiмiне қарағанда еркектер өлiмi жарақаттану, улану, жазатайым жағдай салдарынан 4,9 есе, тыныс органдары ауруларынан 3,9 есе, қан айналысы жүйесi ауруларынан 1,4 есе көп, Еңбекке қабiлеттi жаста қайтыс болған еркектер өлімi себебiнiң 80 пайызы осы көрсеткiштерiнiң үлесiне тиедi, Кiсi қолынан өлу себептерi жөнiнен Қазақстан Еуропада, Орталық Азия аймағында (Ресейден кейiн) 2-орында , сыртқы жағдайлармен уланудан 3-орында. өзiн-өзi өлтiру себептерi бойынша өлiм көрсеткiшi жоғары. Сондықтан бiздiң халықтың тектiк қорын сақтау, оның iшiнде еркектердiң денсаулығына ерекше назар аудару мемлекетiмiздiң бiрiншi дәрежелi мiндетi болмақ. Оның үстiне бiздiң еркектер дамушы елдердегi еркектерге қарағанда 3 жас, дамыған елдерге қарағанда 11 жас кем өмiр сүредi.

Ана өлiмi де алаңдаушылық туғызады. Дүние жүзiнiң денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша ана өлiмi дегенiмiз—әйелдердiң жүктiлiк кезеңiндегi немесе қандайда бiр себеппен жүктiлiктен кейiнгi 42 күннен соң қайтыс болуы. Ана өлiмiнiң деңгейi Қазақстанда 1999 жылы 10000 тiрi туғанның 105-i өлі болды. Бұл көрсеткiш өткен жылмен салыстырғанда бiршама азайғанымен әлiде жоғары қалпында қалып отыр. Жүктiлiк пен бала туу ауруының асқынуы ана өлiмiнiң негiзгi себебiне айналды, ол барлық өлiмнiң 29 пайызы. Қазақстанда аборт жасату саны Еуро Одақ елдерiнендегiден орташа алғанда үш есе көп.

Сәбилер өлiмiнiң коэфициентi 1996 жылғы 25,4 тен-2002 жылғы 17-ге едёуiр азайды. Сонымен қатар бiрқатар облыстарда сәбилер өлiмi орташа республиалық деңгейден асып кететiн деңгейде болып отыр. Неғұрлым алаңдататын жағдай Қызылорда (24,1), Павлодарда (21,5), Маңғыстауда (21,0) облыстарында қалыптасуында бұл медициналық және әлеуметтiк қамтамассыз етудiң, әсiресе ауылдық жерлерде жеткiлiксiз деңгейi жағдайында бала туудың көптiгiмен байланыста. Салыстырмалы түрде сәбилер өлiмiнiң аздығы байқалып отырған Алматы облысында, дүниеге келген әрбiр мың сәбидiң бiр жас кезiнде 11,3-i, Ақмола облысында-12,9-ы шетiнеген. Сәбилер өлiмiнiң себептерiнiң iшiнде бала туатын кезеңде туындаған жағдай 1-орында, тыныс органдары аурулары 2-орында, туа бiткен аномалия-3-орында.

Елде қалыптасқан демографиялық ақуалға бала туу, өлiм, табиғт өсiм, неке және ажырасу сияқты демографялық факторлар ғана емес, КСРО тарағаннан кейiн жандана түскен көшi-қон процесi елеулi әсер етедi.

Көшi-қон қозғалысының шырқау шыңы –республикада 480,8 мың адам көшiп кетiп небары 70,4 мың адам көшiп келген бұл 1994 жылғы санақ бойынша. 1995 жылдан бастап көшi-қон белсеңдiгi бәсеңдей бастады, 1997 жылдың өзiнде көшi-қон сольдосы-261,4 мың адам болса, ал 2000 жыы бұл көрсеткiш—123,2 мың адамға тең болды, 2001 жыл iшiнде көшi-қон сальдосы-94,249 мың адам болды, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 28 591 мың адамға аз. Эмигранттар құрамында ТМД шегiнен тыс жерлерге кетушiлер едәуiр азайды. Көшiп келуде байырғы емес ұлттар өкiлдерi санының көбеюi байқалды. Халықтың эмиграциясы, бiрiншiден халықтың жалпы санын азайтады, екiншiден еңбек және генеративтiк әлеуеттi төмендетедi.Өйткенi эмиграцияға кетушiлердiң үштен – екiсi жас және еңбек жасындағы қабiлеттi адамдар. Сондықтан демографиялық процесттердi дамытуда сыртқы және iшкi көшi-қон шешушi роль атқарады.

Эмингрантар саны азайып келе жатыр, Қазақстаннан көшiп кетушiлер саны 1994 жылмен салыстырғанда 2002 жылы 360,7 мыңға азайып, ол 120,1 мың адам болды. Сырқы көшi-қонның маңызды бөлiгiн Қазақстанның геосаяси және экономикалық жағдайынан туындаған көшiп келу құрайды.

Егер өткен жылдарда көшiп-келушiлердiң негiзгi легi оралмандар болса, ендi қайтып көшiп келушiлер (реэмигранттар) көбейiп келедi. 2002 жылы көшiп келушiлер 57965 адам болса , бұл көрсеткiш 2001 жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп.

Елiмiзге оралмандардың келуiн реттеу және оларды одан әрi жайластыру мақсатында жыл сайын көшiп келу квотасы бекiтiледi. Президентiмiздiң жарлығы мен 2003 жылғы 5 мың отбасыға квотва бөлiнсе , 2004 жылға арналған квота 10000 отбасыға, 2005 жылы квота 15 000 отбасыға бөлiндi. Көшi-қон саясатының маңызды аспектiсi барған сайын жанданып, iшкi көшi-қонды реттеуге болады. Адамдар ауылдық жерлерден қалаға көшуде, экологиялық қолайсыз жерлерден қолайлы аймақтарға көшуi артуда.

Көшу әркiмнiң өз күшiмен мемлекеттiң қолдауынсыз жүрiп жатыр.

Халықтың әсiресе жастардың қалаларға қоныс аударуы олардың өсiп-өну жағдайының келеңсiз өзгерiстерге ұшырауына алып келедi.

Демографиялық дамуда қазiргi үрдiс сақталған жағдайда елдiң қорғаныс қабiлетiн және мемлекеттiк қауiпсiздiгiн қатамассыз етуге қатер төнедi.

Демографиялық саясаттың көкей кестiлiгi-ең алдымен, оның елдiң экономикасы мен әлеуметтiк саяси қауiпсiздiгiне әсер ететiн аса маңызды факторлардың бiрi екендiгiнде онда мемлекетiң қоғамның және адамның өмiрлiк маңызды мүделерi тығыз астасқан. “Қазақстан 2030” стратегиясында күштi демографиялық саясат елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiнiң басым дәрежесi деңгейiнде көтерiлдi.

Елiмiздiң президентi Нұрсұлтан Назарбаевтiң 2003 жылғы жолдауында 2015 жылға қарай Қазақстанның халқының санын 20 миллионға жеткiзу мiндетiн қойды. Жоғарыда баяндалғанды негiзге ала отырып Қазақстанның демографиялық саясатының преспиктивасын қалай жасау керек? Демография саласында, оның стратегиялық мақсаттарын негiзге ала отырып, қандай көзқарасты таңдауымыз керек?

Қазақстан Республикасының көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi өзiнiң құзыретiндегi және мүмкiндiгi шегiндегi демографиялық және көшi-қон саясатының күрделi проблемасын шешу жөнiнде жұмыстар жүргiзiлуе.

Елiмiзде қалыптасқан демографиялық ақуал, демографиялық даму заңды тұрғыдан қамтамассыз етудi талап етедi. Осыған байланысты “Қазақстан Республикасының демографиялық қауiпсiздiгi туралы” Заң қабылдаған дұрыс болар едi. Ол елiмiздiң демографиялық қауiпсiздiгiн қамтамассыз етудiң құқтық және ұйымдық негiзiн қалыптастыратын едi.

“Демографиялық қауiпсiздiк” деген ұғымдағы мемлекет пен қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуының демографиялық қатерден қорғалуының жай күйi деп түсiнген жөн, бұл орайда елдiң дамуы оның демографиялық мүддесiне сәйкес қамтамассыз етiледi.

Депопуляция халықтың қартаюы, реттелмеген көшi-қон процестерi, отбасы институтының азып тозуы сияқты ықтимал демографиялық қауiпсiздiгiне әсер етуi және тұрақты дамуына терiс ықпал ету мұмкiн екендiгiн атап көрсеткен жөн.

Елдегi өте қолайсыз демографиялық ахуалды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және Демография жөнiнде агенттiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк демографиялық саясатының тұжырымдамасын әзiрледi, Оны Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демографиялық агенттiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк демграфиялық саясатының тұжырымдамасын әзiрледi. Оны Қазақстан Республикасының үкiметi 2000 жылғы 17 тамыздағы N1272 қаулысымен мақұлдады.

Бұрын демограияны дамыту жөніндегі тұжырымдаманы да, бағдарламаны да іс-қимыл жоспарыда болмаған. Тұжырымдама дегеніміз- демографиялық дамудың ғылыми негізделген идеологиясы, онда демографиялық процестердің мәні мен маңызы , ұғымы және біріңғай мемлекеттік демографиялық саясатты қалыптастыру ашып көрсетілген .

Демографиялық саясат тұжырымдамасы елдегі ахуалға байланысты қамтиды және демографиялық саясатты іске асырудың өзара байланысқан принциптерінің байланысқан басымдықтары негізгі бағыт болып табылады. Бұнда еліміздің қазіргі заманғы геосаяси ақиқаты ескеріле отырып , демографиялық процестерді реттеудің мақсаттары мен міндеттеріне негіздеме беріледі.

Тұжырымдама негізінде Агенттік Қазақстан Республикасы Демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы жүргізілді. Ол Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 20 қазандағы N1380 қаулысымен бекітілді.

Агенттік Қазақстан Республикасының Демографиялық және көші-қон дамуының 2004-2010 жылдарға арналған бағдарлама жасады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты-еліміздегі демографиялық ақуалды тұрақтандыру мен жақсарту, елдің мемлекеттік қауіпсіздігін нығайту, мемлеттің бұдан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын адам әулетімен қамтамассыз ету.

Бағдарламаның міндеті –демографиялық процестердегі келеңсіз үрдістерді еңсеру үшін кешенді шешімдерді әзірлеумен іске асыру және осының негізінде барлық демографиялық көрсеткіштердің оңды өзгерістеріне қол жеткізу. Бұлар:

--Ана мен баланы қорғау, бала туу мен оның өсуін тұрақтандыру;

--өлімді азайту, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;

--отбасы институтын нығайту;

--бұрынғы отандастарымыздың елге оралыуына және олардың бейімделуіне жәрдемдесу. Қазастанның қазіргі заманғы демографиялық саясаттың мақсаттарының ішінде халық өлімінің деңгейін төмендету, оның денсаулығын жақсарту, балалардың және ересектердің өмір сүру қабілетін қолдау , өмірдің ұзақтығын арттыру басым мақсаттар деп есептелуге тиіс.

Демографиялық ақуалды жақсартуда бала тууды ынталандырудыњ едәуір маңызы зор. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Демографиялық және көші-қон саясатының бағдарламасында мынадай шаралар көзделген:

Кезең-кезеңі мен экономикалық ынталандыруды қолдану арқылы бала тууды өсіру:

--Бала туылған кезде 15 еселенген АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төлеу;

--Екінші бала туылған кезде-25 АЕК;

--үшінші және одан кейінгі балалар туылғанда-35 АЕК;

--баланы күтіп бағуға бір жарым жылға дейінгі жәрдемақы-айына үш АЕК мөлшерінде:

--жүкті әйелдерге негізгі тағам өнімдерін сатып алу үшін тоқсан сайынғы жәрдем ақы-екі ең төменгі жалақы мөлшерінде;

--Ерте жүктілік мерзімінде есепке тұрғандарға бір жолғы жәрдемақы-ең төменгі жалақы мөлшерінде;

--үш жғне одан көп баласы бар әйелдерге баласы 12 жасқа толғанға дейін ай сайынғы жәрдемақы---бір ең төменгі жалақы мөлшерінде төлеу;

--жас отбасыларға әрбір бала туылғаннан кейін бір бөлігін есептеп шығарып отыру тәртібімен тұрғын үй кредитін беру-әрбір бала туғаннан кейін кредиттің алғашқы сумасының 20 пайызы мөлшерінде алып тастау;

--бес және одан көп баласы барларды табыс салығынан босату;

--баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған адамды табыс салығынан босату;

--үш және оданда көп балалы отбасыларды көп балалы отбасы деп есептеу;

--жүктілігіне, тууына және баланы күтіп бағуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін (20АЕК дейін) және демалыс мерзімін ұлғайту;

--бала ауырып қалған жағдайда ауырғандығы туралы параққа төлемақы беру.

Бағәарламаны іске асыру әлеуметтік-демографиялық саясат мәселелерді жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді көздейді. Елімздің демографиялық жағдайын түбегейлі жақсартуға бағытталған заң актілері қабыданған болатын. “Қазақстан Республикасының демографиялық қауіпсіздігі туралы” Қазақстан Республикасы заңының жобасы әзірлеу жосапарланып отыр,

“Халықтың көші-қоны” туралы Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер енгізілді.

Бағдарламаның іске асырылап жатқан әлеуметтік салалары, үкімет қаулысының қабылдануына мүмкіндік туғызды.

Бағдарламаның іске асыру процесін оралымды басқаруды Қазақстан Республикасы Көші-қон демография жөніндегі агенттігі қамтамассыз етеді.

Бағдарламаны толық іске асыру және онда көзделген барлық шараларды қолдану нәтижесінде барлық демографиялық көрсеткіштерді тұрақтандыруға қол жететін болады. Халықтың саны жағынан да сапасы жағынан да одан әрі өсуі жүзеге асатын болды және сол арқылы Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы қамтамассыз етіледі. Бағдарламаның іске асырылуы 2015 жылға қарай Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетуіне негіз қалайды.


  1. Демографиялық болжам


Кез-келген ғылымының құндылығы болашақты білу қабілетімен бағасы-демография негізінен халық санына байланысты болжамға құрылатын ғылым. Болжам қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болады. Демография азды-көпті нақты болжамды 25-30 жыл алдын-ала беруі мүмкін. Ал бұл уақытта алдыңғы буын аға ұрпақ өкінішке қарай тұтастай болмасада біртіндеп кеми бермек. Демографиялық болжам ары кеткенде 20-15-10-5 жылға яғни қысқа мерзімі қамағат тұтатын саяяси, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық болжамдардан озық тұрады. өтен шақтағы өсіммен салыстырғанда, келешекте халықтың кемуі ұзаққа созылады және мехнизмінен аңғарғандай оның өз заңдылығы бар-қарапайым орын алмастырудан (1-2 бала) көп төмен тұрған бала туудың әлсіз жағдайында қатты қартайған халықтың табиғи кемуі-сәйкес емес.

Егер екінші мыңжылдық жер шарының барлық түкпіріне халықтар қоныстанғандықтан “Нomo sapiens” деп аталса, онда соңғы ХХ ғасыр Адамзат баласының санының тез өсуімен сипатталады. Адамзат баласының санының тез өсуімен сипатталады әлем халықтарының саны 4 есе көбейеді. Адамзат санының 6млрд-қа жетуі ең аз мерзім ішінде өсті, небары-11 жылда. (1988-1999).

Алайда, сөзсіз болатын абсолютті тығыздықтағы баяу депопуляцияны еңсеру қажет және сол арқылы барлық халық міндетті түрде көпбалалыққа (1-2 баладан) біртіндеп көшеді. Бұл яғни, адамдардың демографиялық іс-әрекеттерінің ғаламдық өзгеріске ұшырауы хақында 1999 жылдың қазан айында адам санының 6 млрд-қа көбеюіне байланысты “Almaty Times” газетінде алғашқы рет жазған болатын.

Әлемдік “демографиялық жарылыс” алдымен словян тілдес халықтарды, әсіресе оның ішінде орыстарды шарпыса, одан кейін демографиялық жарылыс үлкен қуатпен түркі тілдес халықтарды, оның ішінде 1 кезекте Османдық түріктерді қамтыды. Одан көп кейін мұндай халықтардың жылдамдатылған өсімін қазақтар, сонан соң да Орталық Азия халықтары бастан кешті.

Жуық арада 2010 жыл олардың саны-теңеседі, осыдан 50 жыл бұрын славяндардың саны 3 есе көп болса, ал 80 жылдан кейін керісінше түркілер 2 есеге дейін өседі, кейінен де православиеліктер мен түркітілдес этностардың ақырғы және шешуші позициялары бірдей болып келеді. Бұл кереғарлықта халықтардың даму заңдылығы терең жасырынып жатыр. Орталық Азия немесе Түркістан территориясы 6 млн км2 құрайтын бір тұтас этномәдениетті аймақ болып табылады.

Шығыс және оңтүстік бөліктерін қоса есептеген халықтарының саны 75 млн адамға шейін жетеді.

Орталық Азия халықтарының қатарына өзбек, қазақ, тәжік, қырғыз және қарақалпақ т.б. түркі халықтары жатады.

Демографиялық болжамның қазақ ұлының 2030 жылға дейінгі болжамын берсек:

1979-2030 жылдары.

1979 ж (санақ)-5289, 1989 ж (санақ)-6497. 1999 ж (санақ)-7985, 2005 ж (санақ)-8650, 2010 ж (қысқа мерзімді) –9300, 2020 ж (орта мерзімді)-10700, 2030 ж, (ұзақ мерзімді)-12000. Бұл сандарды көре отырып біз қазақтардың 70%-ды құрайтын болады. Демографиямыздың күміс кезеңін оралмандар мен ішкі табиғи өсім беріп отыр.



№№




1979 ж.(санақ)

1989 ж.(санақ)

1999 ж.(санақ)

2005 ж.(санақ)

2010 ж.(қысқа мерзімді)

2020 ж.(ұзақ мерзімді)

2030 (шартты)




Барлық халық

Оның ішінде:

14684

мың

16199

мың

14953

Мың

15000

мың

16000

мың

20000

мың

25000

мың

1

Қазақтар

5289

6497

7985

8950

9500

107000

12000

2

Орыстар

5991

6062

4480

3900

3450

2800

2400

3

Украиндар

898

876

547

450

380

270

200

4

Өзбектер

246

331

430

185

630

270

900

5

Немістер

900

947

353

270

225

200

190

6

Татарлар

314

321

294

225

210

220

240

7

Ұйғырлар

148

182

210

235

255

320

400

8

Беларустар

282

178

112

95

80

50

40

9

Корейлер

92

101

99

97

95

90

80

10

Басқалар

580

665

463

420

436

570

700

1

Ішкі диаспора(қазақтардан басқа) млн.

9,7

9,7

7,0

6,3

5,7

5,3

5,0

2

Сыртқы диаспора(шетелдегі қазақтар) млн.

2,6

3,2

3,9

4,4

4,9

6,1

7,0

Динамика(1979-2000)және Қазақстан Республикасындағы (мың адам) диаипора мен ірі этностардың саны (2030 дейін) болжам

4-кесте

1   2   3   4

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница