Мазмұны




НазваниеМазмұны
страница1/4
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.74 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-Қазақстандағы-көші-қон-мәселесі.rtf
  1   2   3   4

Мазмұны



Кіріспе..........................................................................................................3

1. Қазақстан халқына этнодемографяилық сипаттама.......................5

1.1. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану.................................5

1.2. Халықтың жастық-жыныстық құрамы.............................................8

2. Қазақстан халқының демографиялық жағдайы.............................14

2.1. Халықтың табиғи өсімінің төмендеуі және өсу жолдары..............14

2.2. Қазақстандағы көші-қон мәселесі.....................................................23

2.3. Демографиялық детерменизм...........................................................28

3. Демографиялық болжам....................................................................42

Қорытынды................................................................................................45

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................48

Қосымшалар...............................................................................................51


Кіріспе


Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім-бұтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің ахуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор. Сондықтан тәуелсіздігін әлем таныған, БҰҰ-ның толыққанды мүшесі Қазақстан ұлысы дүниенің төрт бұрышындағы өзінің географиялық орны мен әлем халықтары арасындағы үлес салмағын айқын түсіне білуі керек. Ол қазақ ұлысының геополитикалық және демосаяси санасының негізгі өзегі болуға тиіс.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы демографиялық ақуал күрделі болуда. Себебі мемлекетіміздің жері үлкен болғаны мен халқы аз болуда. Қазақстандағы осы демографиялық ақуалды жақсарту мақсатында түрлі жұмыстар жасалуда. Мемлекетіміздің демографиялық саясат жүргізуінің белсендігі осы аз санды мемлекеттің санын өсіру мақсатында жүргізілуде.

Елдегі Көші-қон және туу деңгейінің төмендеуі халық санының күрт төмендеуіне алып келді. 1991-2000 ж.ж . болған экономикалық қиындықтардың салдарынан басқа ұлт өкілдерінің өз ата мекендеріне көшуі белең алды. Нарықтық қатынастың қиндыына ұрынған халық аз уақыттың ішінде туу деңгейінің төмендеуінің жоғары деңгейіне ұшырады. Соңғы жылдары дұрыс жүргізіліп жатқан демографиялық саясат негізінде туу мен халықтың табиғи өсімінде ілгерілеушілік бар. Осы мақсатта көптеген ғалымдар зертту жұмыстарын жүргізді. Олар:

Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері. Өткен ғасырларда бытыраңқы халықтың, басын құрау, оны бір орталыққа тас түйін етіп топтастыру тайпалар мен рулық бірлестіктерді өзара туыстастыратын жақындастырудан, олардың шежіре тарихын мадақтап, құрмет тұтудан басталған. Ал бүгінгі күні бұл құбылыста дәстүрлі тарихи-этнографиялық ой-сананың рөлі артып отыр.

Қазақ халқының ұстамды мінезі, салқын қанды сабырлы қимылы солтүстік қоңыр салқын белдеу табиғатының ықпалымен қалыптасқан игі қасиет.

Республикамызда славян халықтарымен қатар, түркі тілдес халықтар сан жағынан айтарлықтай дәрежеде қоныстанған. Олармен араласудан тілімізді байытып, дінімізді берік етеміз, мәдениетімізді өркендетіп, мемлекеттігімізді күшейте аламыз. Олар біздерге алғашында сүйеу ғана емес, кейін кірме де болып, сандық жағынан өсуімізге әсер ете алады. Түркі тілдес ұлт өкілдері бізге нәсілі де, тілі де, мәдениеті де бөтен келімсектерді арамыздан жылдам ығыстырып шығаруға себін тигізе алады. Жақын арада 3-4 есеге дейін өсім бере алатын шығыс халықтарының саны республикамызда 1,5 млн. адам.

Тәуелсіздігімізге қол жетіп, дербес мемлекетімізді құрып отырған бүгінгі таңда сыртқы елдермен халықаралық байланысқа ерекше мән берген жөн.

Дипломдық жұмыстың міндеті:

-- Қазақстан халқына этнодемографяилық сипатту

-- Қазақстан халқының демографиялық жағдайына сипатау.

-- Демографиялық болжам


1 Қазақстан халықына этнодемографиялық сипаттама.

1.1 Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану тарихы.


Қазақстан халқының көп ұлттық құрамының қалыптасуы XVIғ. басталды. Бұл кезде Ресей өкіметінің қудалауынан қашқан орыстар, украиндықтар, татарлар және басқа ұлттардың өкілдері қазақ еріктілері деп аталатынға бірікті. 1890 жылдары Ресей мен Украинадан келген шаруалардың отарлауы күшейе түсті. Ресейдің әскери және миграциялық экспансиясының барысында салынған бекіністердің негізінде негізін орыстар, украиндықтар және татарлар мекендеген алғашқы отарлық қалалар пайда болды.

1881-1883 ж.ж Қытайдың солтүстік-батысынан 50 мыңдай дүнгендер мен ұйғарлар көшіп келді.

1864 жылы Шымкент пен Ташкенттің құлауынан кейін бұл жерге Ресей империясының орталық губерниясынан орыс және украйн жерсіз қалған шаруаларын көшіре бастады. Қоныстанушылардың басым көпшілігі суғармалы егіншілікпен таныс емес еді, сондықтан облыстың оңтүстік-шығысындағы барлық өзен алқаптарын мекендеді.

Қазақстанды шаруалардың отарлауы XIX ғ. Соңғы он жылында және ХХғ басында Столыпиндік аграрлық реформаға байланысты ерекше күшейді. Небір 46 жылдың ішінде (1871 -1917 ж.ж) өлкеге 1,6 млн. Адам келіп тұрақтап қалды, олардың негізгі көпшілігі 1907-1916 жылдарға келеді. Осының салдарынан XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында өлкеде 60-тай ұлтың өкілдері тұрды, олардың ішінде түрік тілдес халықтардан (өзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт т.б.) басқа неміс, поляк, мордва, дүнген, тәжік, еврей және т.б . бар еді.

1926 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның қазіргі шекарасында 6198,4 мың адам тұрды, олардың 58,5 проценті қазақ, 20,6 проценті-орыс, 13,9 процент-украйн, 2,1 процент-өзбек, 1,3 процент -татар, 1,0 процент-ұйғыр, 0,8 процент-неміс және т.б.

1928-1934 ж.ж Қазақстанда ашаршылық басталды, ол көшпенді және жартылай көшпелді елді отырықшыландыру, сол сияқты қолдан урбанизациялау істерін зорлап ұжымдастыру саясатымен ұштастыра жүргізуі салдарынан туды. Жүздеген мың орыстар, украйндар, ұйғырлар және басқа ұлт өкілдері қырылды, бірақ қырылғандардың негізгі көпшілігі қазақтар болды. Қолда бар есеп бойынша 1929-1938ж.ж. 2610 мың қазақ қырылды, 1935-1938 ж.ж. әлеуметтік және саяси репрессияның салдарынан 135 мың адам жойылды. Қазақтардан барлық шығын 2750 мың адам болды.

1928-1930 ж.ж. ішінде жаңа құрылып жатқан совхоздарға елдің әртүрлі облыстарынан 65 мың отбасы көшіп келді. 1940ж. Украина мен РКФСР-дің жері аз аудандарынан, әсіресе Мордавия, Чувашия, Татарстан жэне басқа республикалардан ерік білдірген шаруаларды ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу басталды.

30 ж.ж. ақырында бірсыпыра этностық топтардың жер аудару басталды, олардың бір бөлігі Қазақстанға жер аударылды. 1937 ж. қыркүйек-қазан айларында Қиыр Шығыстан Қазақстанға 110 мың корейлер, Азербайжан мен Армениядан 2,4 мыңнан астам ирандық, әзірбайжан, курд, армиян отбасылары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына жер аударылды.

1939 ж. халық санағы бойынша қазақтардың үлес салмағы 1926 ж. салыстырғанда 20,5 дәрежеге құлдырап, 38%-ке тең, украйндердің үлесі 13,9-дан 10,8%-ке, өзбектер 2,1-ден 0,66%-ке төмендеді.

Орыстар Қазақстандағы ең ірі этностық топқа айналды, олардың үлес саны 20 дәрежеге өсіп, 40,2%-ке жетті. Немістер 1,5%-ке, корейлер 1,6, белорустар 0,5% болды.

Соғыс жылдары Қазақстанға көшіп келушілердің тасқыны шұғыл артты. Жаппай жер аударудың қарсаңында, 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 54696 поляк, 3569 латыш, 808 ливан және т.б. тұратын. Елдегі неміс халқының да тағдыры осылай болып шықты. 1941 жылғы тамызда Қазақстанға 349713 неміс көшіріп әкелінді, олардың жалпы саны 441713 болатын. Қалған немістер Қазақстанға 1944-1945 ж.ж. көшіп келді. Мұның үстіне Қазақстанның және елдің басқа жерлерінде жалпы саны 2,5 млн.адам неміс және жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді.

Орта Азия мен Қазақстанға 1944 ж. ақпанда-чечен және ингуш халықтары, наурызда-балқарлар, қарашада - месхет-түріктері, қырым татарлары, қарашайлар және басқа халықтар күштеп көшіріліп әкелінді.

1957 ж. чечен жэне ингуш халықтарының автономиялары қайтадан қалпына келтірілгеннен кейін олар Солтүстік Кавказға қайта көше бастады, қарашайлар, балқарлар, қалмақтар ағылып қайтып жатты. Гректердің, месхет түріктерінің, қырым татарларының, поляктардың, корейлердің, Еділ бойы немістерінің бір бөлігі Орта Азия мен Қазақстанда қалды.

1954-1962 ж.ж. тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға 2 млн. жуық адам, олар негізінен елдің Европалық бөлігінен келді. Жұмысшылардың көпшілігі Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан және Литвадан іріктеп алынды.

1939, 1959, 1970 ж.ж. халық санағы арасында Қазақстандағы ең саны көп этнос орыстар болып келген. 1939-1970 ж.ж. арасында орыстар, украиндар, белорустар халықтың басым көпшілігі болып келді .

Орыстар, татарлар, корейлер негізінен қалада тұратын этностар болып қалды да, қазақтар, немістер,өзбектер, әзербайжандар ауыл селолық этностар болды.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс шөл және шөлейт аймақтарының ауа-райы КСРО-ның Европалық бөлігінен, Сібір мен Қиыр Шығыстан көшіп келушілер үшін ұнамсыз болды. Алайда бұл облыстар қалаларына КСРО орталығы ведомстволардың күш салуымен экстенсивті жолмен өнеркәсіпті дамытуға, ірі көлемде күрделі құрылыстар жүргізуге жаңа қоныстаушылар жіберіліп жатты.

1951-1970 ж.ж. жалпы алғанда КСРО-ның басқа аудандарынан Қазақстан кіші-қоныс процесінің бәсеңдеуі байқалады.

Қазақстаннан басқа республикаларға көшіп кетушілер арасында 1988-1990 ж.ж. орыстар 53-55%, украиндар 9-12%, немістер 6-8%, қазақтар 6-9% республикаға көшіп келушілер арасында орыстар 48 , украиндар 8%, немістер 5% қазақтар 20% болды.

1991 жылы Қазақстаннан қазақ емес халықтар көшіп кетуінің нәтижесінде азайып кетті, ал Өзбекстаннан, Түркменстан және Ресейден қазақтар көшіп келуі нәтижесінде өсе бастады. Шығыс Европа елдерінен келген маман жұмысшылар Қазақстаннан кетіп жатыр, бірақ ҚХР-ден табыс табу үшін (ауылшаруашылық жұмыстарына және коммерцияға) қытайлар келіп жатты.

1979-1989 ж.ж. этнодемографиялық құрамының ағымы мынаны көрсетеді: 1979-1989 ж.ж. халықтың жалпы өсімінде қазақтардың үлес саны 70, орыстардың үлесі 13, немістердің үлесі 3 процент болды.

Сонымен, көптеген ғасырлар бойы жүрген көші қон процесінің нәтижесінде Қазақстан көп ұлтты мемлекет болды және ұлттар татулығының әлемдік айнасы болды десек қателеспейміз,


1.2 Халықтың жастық-жыныстық құрамы

Әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан қарағанда үлкен ынталық көрсететін халықтың жыныстық-жастық құрамы еңбек ресурстарын мектепке дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларды (зейнеткерлерді: оларға материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті қаражаттарды анықтау мақсатында) есептеп шығару үшін ең маңызды сипаттама болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, әр жаңа туған 100-қызға шаққанда 104-107 ер баладан келеді. Физиологтардың пікірі бойынша сәбилік жалпы ер баланың организмі қыз баланың организмінен әлсіздеу болып келеді және ер баланың алғашқы өмірінде өлім-жітім көбірек болады.

Өмірдің бұл кезеңі қыз балада 0-12

Ол ұл балада 0 – 5, 6 – 14 жас. Бұл екі жастың арасындағы балалық шақ. Осы екі ортада қыз бала немесе Ұл бала арасындағы алшақтықтар айқын байқалады. Бұлай болудың себебі: ұл балалардың организміне байланысты өлім-жітім көп болып, жыныс органдарының кеш дамуы байқалады, қыз балалардың организмінің жыныстық жағдайының толық жетілуінің кезеңі жүреді.

Балалық шақтан кейінгі келесі шақ жастық шақ. Жас ерекшелігіне және физиологиялық дамуына байланысты ер бала мен қыз бала арасынғы алшақтықтар жақсы көрінеді. Жастық шақта өлім-жітімнің түрі өзгереді. Дамыған елдерде жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жол апат оқиғаларының көбірек болды және түрлі қақтығыстарда өлім-жітім көп болады. Сондай-ақ, алкоголизм мен темекі тартудың себептері бойынша еркектердің өлім-жітімі көбірек болады; дамушы елдерде әйелдердің өлімі көп тіркеледі. Бұл әйелдердің ерте некеге тұруынан бала тууынан, ауыр еңбекпен айналысуынан, мардымсыз тамақтанудан және қоғамдағы құқығының еркектермен тең еместігінен өлім-жітім көбейді.

Осы жас аралықта жыныстық құрылымдар толық жетіліп, отбасы құру дәрежесіне келеді. Осы кезде қыздардың бала тууға организмі толық жетілген кезі болады. Қазақ менталитеті бойынша ертеректе қыз баланы 13 жастан кейін күйеуге берген. Бұл қыз баланы неке құруға толық құқы бар болған шақ.

Ал қазіргі кезде қыз балалардың тұрмысқа шығуы 18-19 жасқа жоғарылады. Қазақстанда жүргізілген статистикалық мәлімет бойынша 2005 ж туу көрсеткішінің ең жоғарғы деңгейі 23-25 жас аралығында келді. Бұл, қазіргі жағдайда қыз балалардың мектепті ЖОО бітіргеннен кейін немесе соңғы курстарда күйеуге шығатынын көрсетеді.

Бірақта қазіргі экологиялық және физиологиялық қатынастардың алшақтауына байланысты, қыз балалардың 13-16 жас аралығындағы жастардың босануы, өлім-жітімнің көбеюіне әкелді. Мұнда ана мен бала өліп, көп жағдайда екеуі де бірге өліп кететін жағдайлар кездеседі.

Ер балаларға келетін болсақ 16-36 жас аралығында жыныстық ағзаларының толық жетіліп, олардың өмірге деген құлшыныстардың артуына өзін нағыз жігіт санауын қалыптастырады. Осы жастың 16-25 жаста ұл балалар оқуды аяқтап, ЖОО, армияға алыну кезеңі жүреді. Орта жаста, қыз балыққа салынып, өлім–жітімнің көп болуына әкеледі. Шылым шегуге, алкоголизмді қабылдауды және одан әрі нашақорлыққа салынып кетулер көптеп кездеседі. Бұл жағдайлардың көпшілігінің соңы өлімге жетіп соқтырды немесе ер балалардың бедеулікке (белсіздікке) алып келеді. Қазіргі кезде нарықтық қатынасқа байланысты жастардың кеш үйленуі белең алып келеді, ол демографиялық ахуалға зиянын тигізуде.

Жастар Қазақстан жұршылығының 3,8 % -ын құрайды. Ең жас этностар санатында өзбектер-64,3%, Қазақтар-61,5%, Түріктер-60,7%, Әзербайжандар-59% құрамы жас ұлттардың өсімі тез жүреді, ал еуропалық ұлттар баяу өседі, немесе табиғи өсіннің кеми беруіне ұшырайды. Қазақстан халқының орташа жасы 2 сурет көрсетілген (51 беттегі). Бұл мына кестеде толық көрінеді:


Қазақстан этностарының жастық құрылымы

(пайызбен есептегенде)




Барлығы

Жастағылар

0-9

10-19

20-29

30-39

40-49

0-59

60-тан асқандар

Бәрі

100

17,8

20,0

16,0

15,4

12,7

703

10,8

Қазақтар

100

22,0

21,9

17,6

16,3

10,7

5,4

6,1

Орыстар

100

11,6

17,8

14,4

13,7

15,7

9,8

17,0

Украиндар

100

8,3

12,0

12,1

14,6

14,8

13,5

24,7

Өзбектер

100

25,6

21,8

16,9

15,1

9,3

5,0

6,3

Немістер

100

4,2

22,9

6,1

13,2

16,0

6,0

11,6

Татарлар

100

11,5

16,6

13,4

16,1

15,2

9,5

17,7

Ұйғырлар

100

20,5

20,8

17,1

17,0

11,1

6,0

7,5

Беларустар

100

8,4

11,3

11,5

16,7

13,3

15,0

23,8

Корейлер

100

12,4

18,9

15,3

1,7

18,4

10,1

12,2

Әзербайжандар

100

22,5

21,5

15,6

18,9

11,0

4,3

6,2

Түріктер

100

22,6

22,3

15,8

16,8

11,0

3,6

7,9

1-кесте


Еңбек жасындағы адамдардың өлім-жітімінің көп кездесетін түрлері бойынша Қазақстанда мынадай болып келеді: бірінші орында – қан айналымының жүйесінің (жүрек-тамыр жүйесі) ауруларынан болатын өлім-жітім тұрады (жартысына жуғы); екінші орында–қайғылы оқиғадан, уланудан, жарақаттанудан болатын өлім–жітім; үшінші орында ісік ауруларынан болатын, өлім – жітім тұрады.

Еңбек жасындағы халықтың өлім-жітімінің құрылымы осындай.

Еңбек жасындағы еркектердің өлім-жітім деңгейі әйелдеркімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып келеді. Бұл жұмыстағы жарақаттанумен, алкоголизммен және темекі тартумен байланысты, өлім-жітімнің мұндай секірмелі өлуі соғыс болған жағдайда көптеп кездеседі. Бұрын эпедемиялар жұқпалы аурулардан туындайтын демографияның еркектермен әйелдердің арасынағы алшақтықты байқаймыз.

Пирамидаға қарай отырып, 1000 адамға шаққандағы туылған сәбилер бойынша ұл балалар көп болса, 20-25 жасқа келгенде екі жыныс ортасында өлім-жітімге байланысты теңесе бастайды. 25 жас аралығынан кейін қыз балалар саны көбейе бастайды. Қазақстанда әйелдердің артықтығы 600 мың адамда болған (1000 әйелге- 900 еркек). Барлық жерде жастардың арасында еркектер көбірек те, ал, ересек адамдар арасында әйелдер көбірек болып келеді.

Себебі, әлі күнге дейін екінші дүние жүзілік соғыстың, соғыстан кейінгі репрессияның зардаптары байқалуда: соғысқа қатысқан елдердің ересек адамдар арасындағы әйелдердің артықтығы табиғи құбылыс жесірлік пен жалғызбастылық көптеген әлеуметтік-психологиялық проблемалар туғызады.

Халықтың жыныстық құрылымына көші-қон айтарлықтай ықпал әсер етеді. Бұл жағдайда еркектер әйелдермен салыстырғанда шымырлау келеді. Көші-қон қай жаққа бағыт алмасын, еркектер көбірек болады. Осыған байланысты жаңа игерілген аудандарда қала мен село халқының жыныстық құрылымының айырмашылығы байқалады.

Халықтың жынысы мен жасы жөнінде құрамы туралы ұғымдар оның жастық-тыныштық пирамидасында бейнеленеді. Пирамида сұлбасының сипаты бойынша ұдайы өсіп-өнудің типі туралы түсінік қалыптастыруға болады: І типі, өсудің тұрақтануы, станционарлық жастық құрылымы жіңішкеге созылған кескін деп немесе төменгі жіңішкелеу жағын, халықтың азаюы, регрессиялық жас құрылымы деп; ІІ типіне қарапайым жас құрылымы, пирамиданың үш бұрышты сұлбасы деп айтуға болады.

6 суретте көрсетілген (54 беттегі).

  1   2   3   4

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница