Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі




НазваниеМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
страница8/12
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.24 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://massaget.kz/userdata/users/user_21/1366194937.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12



Диаграмма №4



Алматы облысының бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдерді жинау жоспары 116,9%-ға орындалды, бюджеттің кіріс бөлігіне 36980436,8 мың теңге түсті, ал болжам бойынша 31643378,5 мың теңге болуы керек, яғни өсім көрсеткіші 5337058,3 мың теңгені құрады. Алматы облысының бюджетіне түсетін салық және басқа да міндетті төлемдерінің түсу көлемін

9-шы кестеден көруге болады.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бюджетке 33219401,2 мың теңге көп түсті және өткен жылға қарағанда өсу темпі 128,7% құрады (өткен жылы 3761035,6 мың теңге түсті).

Республикалық бюджеттің болжамы бойынша 18375164,5мың теңге, ал нақты түскені 22654887,8 мың теңге, яғни болжам 12,3%-ға орындалды.

Жергілікті бюджеттің болжамы бойынша 13268214,0 ал нақты түскені 14325549,0 мың теңге, яғни 108,0%-ға орындалды.

2004жыл аралығында жергілікті бюджет бойынша болжам 5 есеге өсті және 1057335 мың теңгені құрады.

Облыстық территорияда 2004 жылы салық әкімшілігін жақсарту, салықта пайда болған тапшылықты азайту және экономикалық –бақылау қызметін жоғарлату бойынша жұмыс жүргізді.

Өткен жылмен салыстырғанда салықтар мен төлемдердің мына түрлері бойынша ақша қаражаттары көп мөлшерде түсті. Олар: ішкі өндіріс тауары бойынша ҚҚС 4509583,0 мың теңге; заңды тұлғалардың корпоративті табыс салығы 3470008,2 мың теңге; қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем 429469,5 мың теңге; жер салығы 266755,2 мың теңгені құрады.

Алматы облысы бойынша мына салық түрлерінің үлесі артты, олар: кеден төлемдері-14,4%, әлеуметтік салық-13,6%, ішкі өндіріс тауарларының ҚҚС-12,7%.

Республикалық бюджетке түскен заңды тұлғалардың корпоративтік табыс салығының болжамы 105%-ға орындалды, болжам бойынша 3305366,0 мың теңге, ал нақты түскені 3470008,2 мың теңгені құрады, өсім 164642,2 мың теңге болды. ҚҚС-ғы болжам бойынша 10078968,0 мың теңге, ал нақты түскені 12747409,5 мың теңгені құрады, яғни болжам 126,5%-ға орындалды. Жергілікті бюджетке түсетін акциздер жоспар бойынша 3530218,0 мың теңге, ал нақты түскені 3703969,0 мың теңгені құрады, яғни жоспар 104,9 %-ға орындалды.

[Қайнар көзі: Алматы облысы Салық комитетінің мәліметтерінен].

Кесте-10 2005 жылы Алматы облысының бюджетіне түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер.

Төлемнің аты

Болжам

Нақты түскені

%-ға орындалды.

Ауытқуы

(+;-)

Заңды тұлғ-ң корп.таб.салық

3533547,0

4002708,8

113,3

469161,8

ҚҚС барлығы

17146845,0

17751374,5

103,5

607529,5

Өнд.ішкі тауар ҚҚС

6752568,0

7063836,7

104,6

311268,7

Импорттық тауар-ң ҚҚС

10394277,0

10690537,8

102,9

296260,8

Кеден төлемдері

6830048,0

6482431,5

94,9

-347616,5

Импорт тау. акциздері

178814,0

299275,8

167,4

120461,8

РБ-ке түсетін салықтық емес түсімдер

178814,0

299275,8

167,4

120461,8

РБ қорытындысы

27805812,0

28706805,3

103,2

900993,3

Төлем көзіне салық сал.табыс

2507598,0

2588437,6

103,2

80839,6

Төлем көзіне салық салынбайтын табыстар

317915,0

336057,9

105,7

18142,9

Кәсіптік қызм-н айн-н азамат-н алынатын ЖТС

117975,0

124146,0

105,2

6171,0

Әлеуметтік салық

6356531,0

6419650,0

101,0

63119,0

Заңды тұлғ-ң мүлік салығы

1261053,0

1343310,5

106,5

82257,5

Жеке тұлғ.мүлік салығы

97848,0

104984,0

107,3

7136,0

Жер салығы

266110,0

289920,2

108,9

23810,2

Заңд.тұлғ.көлік салығы

94155,0

103408,6

109,8

9253,6

Жеке тұлғ.көлік салығы

405848,0

444508,3

109,5

38660,3

Біртұтас жер салығы

34868,0

41150,5

118,0

6282,5

ЖБ-ке барлық акциздер

5053930,0

5170389,6

102,3

116459,6

Ішімдік өнімдеріне акциздер

803661,0

859881,1

107,0

56220,1

Темекі акциздері

4152500,0

4202717,2

101,2

50217,2

ЖБ түсетін салықтық емес түсімдер

226832,0

268404,8

118,3

41572,8

ЖБ қорытындысы

18855197,0

19506525,1

103,5

651328,1

Салықтар мен табыстардың қорытындысы

46661009,0

48213330,4

103,3

1552321,4

Қайнар көзі: Алматы облысы Салық комитетінің есебінен


Диаграмма №5



Алматы облысы бойынша 2005 жылғы жылдам есебі бойынша 2004 жылмен салыстырғанда бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер көлемі артты. Алматы облысының бюджетіне түсетін салық және басқа да міндетті төлемдерінің түсу көлемін 10-кестеден көруге болады.

Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар және міндетті төлемдерді жинау жоспары 103,3%-ға орындалды, болжам бойынша бюджетке 46661009,0 мың теңге түсуі керек, ал нақты түскені 48213330,4 мың теңге болды. Өткен жылмен салыстырғанда бюджетке 11232893,6 мың теңгеге артық түсті және өткен жылға қарағанда өсу темпі 101,3%-ды құрады (өткен жылы 36980436,8 мың теңге түсті).

Республикалық бюджетке болжам жасалды және ол 27805812,0 мың теңгені құрады, ал нақты түскені 28706805,0 мың теңге, яғни жоспар 103,2%-ға орындалды.

Ал жергілікті бюджет бойынша болжам 18855197,0 мың теңге, ал нақты түскені 19506525,1 мың теңге болды, яғни жоспар 103,5%-ға орындалды.

Алматы облысы бойынша мына салық түрлерінің үлесі артты, олар: ішкі өндіріс тауарларының ҚҚС-14,7%, кеден төлемдері-13,4%, әлеуметтік салық -13,3% құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда салықтар мен төлемдердің мына түрлері бойынша ақша қаражаттар көп мөлшерде түсті. Олар: ҚҚС-ғының барлығы 17754374,5 мың теңге, салық салынатын табысы бар жеке табыс салығы 2588437,6 мың теңге, жер салығы 289920,2 мың теңгені құрады.

  • Заңды тұлғалардан алынатын корпоративті табыс салығы болжам бойынша 3533547,0мың теңге түсуі керек, ал нақты түскені 4002708,0 мың теңге, яғни болжам 113,3%-ға орындалды;

  • Ішкі өндіріс тауарларына салынатын ҚҚС-ң болжамы 171468845,0 мың теңге, ал нақты түскені 17754374,5 мың теңге, яғни болжам 103,5%-ға орындалды;

  • біртұтас жер салығы 34868,0 мың теңге құрады, ал бюджетке түскені 41150,5 мың теңге, яғни болжам 118,0%-ға орындалды.



Алматы облысы бойынша 2003-2005 жылдар аралығында бюджетке төленетін салықтар мен міндетті төлемдердің түсу динамикасы

Төлемнің аты

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

Салықтар мен табыстардың қорытындысы

3761035,6

36980436,8

48213330,4


Диаграмма №6




2.2 Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдардағы бюджетке түскен салық түсімдеріне экономикалық талдау.


Қазақстан Республикасындағы салық төлеу міндеттемесі азаматтардың конституциялық міндеттемесіне енгізілген. Қазақстан Республикасының Конституциясында тек қана салық төлеу емес, сонымен бірге алымдар және басқа да міндетті төлемдер туралы айтылған.

Салық салу ісін ұйымдастыруда және іске асыруда негізгі жұмысты аудан бойынша салық комитеттері жүргізеді десек артық болмайды.Көксу ауданы бойынша салық комитеті мынадай бөлімдерден құралған:

  • салық әкімшілдігін өңдеу және қабылдау бөлімі;

  • салық аудиті бөлімі;

  • салықты мәжбүрлі түрде өндіріп алу және қосалқы салықтар бөлімі;

  • заңгер бөлімі;

  • есеп жүргізу және ақпараттық технология бөлімі;

Енді, Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің жалпы ережелерін және әрбір бөлімнің негізгі қызметтері мен міндеттерін қарастырып өтейік.

Салық Комитетінің атқаратын қызметтері:

  • өз аумағындағы салық заңдарының сақталуын, бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бақылауды жүзеге асырады;

  • салық комитетінің салықтық есебінде тіркелген салық төлеушілердің аудитін және мониторингін жүзеге асырады;

  • салық заңдарын қолдануына байланысты салық төлеушілердің арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;

  • салық заңдарының бұзылуы бойынша өтініштің қатынастың және басқа да ақпараттың тексерулерін жүргізеді;

  • барлық деңгейлердегі бюджетке түсетін салықтар мен төлемдердің, алымдардың қортындысы бойынша белгіленген тәртіпте есептемені жүзеге асырады;

  • кадрлар квалификациясын жоғарлату мақсатында іс-шаралар ұйымдастырады.

Салық Комитетінің негізгі міндеттері:

  • салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің барлық деңгейлердегі бюджеттерге толық және уақытында түсуін қамтамасыз ету;

  • табысты кеміту немесе жасыру мақсатында салық төлеуден және басқа да төлемдерден жалтаруға жол бермеу;

  • бюджетке салықтарды төлемеу және басқа да қаржылық міндеттемелерді мемлекет алдында орындамауына байланысты фактілерді анықтау;

  • салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, уақытында салық заңдарының өзгеруі жөнінде салық төлеушілерге ақпарат беру;

Салық Комитеті ұйымының қызметі.

Комитетті төраға басқарады. Салық Комитеті тікелей Алматы облысы бойынша Салық Комитетіне бағынады және жергілікті атқарушы органдарға кірмейді. Салық Комитетінің төрағасы салық комитетінің жұмыстарын басқарады, ұйымдастыруды және қойылған міндеттердің орындалуы мен функциялардың іске асуына жауап береді. Комитетті қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан бөлінеді.

Салық Комитетінің құрылымы штат кестемен тығыз байланысты. Салық Комитеті 4 бөлімнен тұрады. Оларға: аудит бөлімі, есеп жүргізу және ақпараттық технология бөлімі, салықты мәжбүрлі түрде өндіріп алу және қосалқы салықтар бөлімі, салық әкімшілдігін өңдеу және қабылдау бөлімі.

Штат кесте 25 адамнан тұрады. Басшылық-2 адам: төраға және төраға орынбасары; бөлім бастығы-4 адам; бас салық инспекторы-9 адам; жетекші салық инспекторы-5 адам, маман-5 адам.

Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің барлық бөлімдері салық комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Салық Комитеті өзінің қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жүзеге асырады.

Салық Комитетінің Заң актілеріне сәйкес мынадай құқықтары бар:

  • салықтарды есептеуге және төлеуге байланысты барлық жеке және заңды тұлғалардың ақшалай құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарға, есептемелерге, сметаға, ақшалардың толықтығына, бағалы қағаздарға және басқа да құжаттарға тексерулер жүргізуге құқығы бар;

  • салық заңын, салық санкцияларын және айыппұлдарды бұзған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына және азаматтарға Заңға сәйкес белгілі бір іс-шараларды қолдану;

  • салық заңын бұзған жағдайда салық комитеті құжаттарды, ақшалай және материалдық қаражаттарды алуға құқылы.

  • бюджетке төленетін салық және басқа да төлемдерді төлеу бойынша ұйымдар мен тұлғаларға салықтық жеңілдіктерді ұсыну;

  • салықтарды, айыппұлдарды, пеняларды уақытында төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасының Салық Заңына сәйкес, ұйымдардың және азаматтардың жылжитын және жылжымайтын мүліктерін, ақшаларын есептеп алу.


Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің негізгі бөлімдері:

    1. Салық әкімшілдігін өңдеу және қабылдау бөлімі.

Бұл бөлімнің бастығы өз қызметкерлері және бөлімнің атқаратын қызметтері үшін жауап береді. Бөлім бастығы әр қызметкерге өзінің атқаратын жұмысын тапсырады. Бұл бөлімде төрт бас салық инспекторы, екі жетекші салық инспекторы, бір маман жұмыс істейді.

Әрбір салық инспектор өз қызметі және участогы бойынша жауап береді. Мысалы: жетекші салық инспекторы патент берумен айналысады, бас салық инспекторы ауыл шаруашылық қожалықтары мен өз округі бойынша, басқа бас салық инспекторы тек заңды тұлғалармен жұмыс істейді. Бұл бөлімде салық төлеушіні салық есебіне бірыңғай тіркейді. Бірақ бұның алдында кәсіпкер мемлекеттік тіркеуден өту үшін алым төлеу керек.

Салық әкімшілдігін өңдеу және қабылдау бөлімі мемлекеттік қызметкерлерден және заңды тұлғалардан декларация қабылдау, күәлік беру, СТН, патент беру, басқа салық түрінен төлеушілердің тіркелуі және есебі туралы кітап жүргізеді.

  1. Салық аудиті бөлімі.

Аудит бөлімінің қызметкерлері мыналарға жауап береді: салық заңдарын сақтау, мемлекеттік құпияны, қызмет және салық туралы мәліметтерді жарияламау, лауазымды құрылымға сәйкес бөлімнің ережелерін сақтау. Осы бөлімнің және басқа да бөлім қызметкерлерінің құқықтың және әлеуметтік қорғалуы Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы заңымен жүргізіледі.

Бөлім бастығы кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғаларға сапалы түрде тексерулерді қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды ұйымдастырады.

Салықтың аудит бөлімінің негізгі қызметі:

  • құжаттық тексерулер жүргізу;

  • кәсіпорындардың жабылуына байланысты тексеру жүргізу;

  • салық комитетіне түскен арыздарды, өтініштерді тексеру;

  • хронометраждық зерттеу жүргізу арқылы патент құнының дұрыстығын тексеру және т.б.

    1. Салықты мәжбүрлі түрде өндіріп алу және қосалқы салықтар бөлімі.

Бөлімнің басты қызметі мен функциялары мемлекеттің салық саясатының квалификациялық түсіндірмесін беру, салықтық заңның сұрақтарының дұрыс және бірыңғай қолдануын, кәсіпорындардан төленбеген салықтарды және мемлекет алдында салықтың борыштарын мәжбүрлеп өндіріп алу.

Функциялық тапсырмаларды орындау кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің инструкциясына сәйкес іс жүргізеді.

Бөлім бастығы салықты мәжбүрлеп алудың дұрыс орындалғанын қадағалап, бақылап отырады.

Бөлімнің негізгі қызметтері:

  • салық төлеушілердің бюджетке төленбеген қарыздарын анықтау, талдау;

  • салық төлеушінің есеп шотынан салықты өндіріп алу туралы үкім шығару;

  • салықтан қарызы бар салық төлеушілердің банктегі шоттарын тексеру;

  • салық төлеушілердің мүліктерін тәркілеу;

  1. Құқықтық қамтамасыз ету немесе заңгер бөлімі.

Негізгі қызметтері:

    • салық комитетін Заңдармен, нұсқаулармен, өзге де заңнамалық кесімдермен қамтамасыз ету;

    • соттарда, құқық қорғау органдарында салық комитетінің мүддесін қорғау.




  1. Есеп жүргізу және ақпараттық технология бөлімі.

Бұл бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңының іс-әрекетімен, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті, Алматы облысы бойынша салық комитеті өкілінің бұйрығымен және басқа да нормативтік, құрылымдық және методикалық құжаттармен басқарылады.

Негізгі қызметтері:

  • бюджетке түскен салықтардың есебін жүргізу;

  • салық төлеушілердің жеке шотын ашу және жүргізу;

  • 1-Н есебін жинақтап, жасау;

  • болжама мәліметтердің орындалу есебін тұрақты жүргізу.

  1. Ұйымдастыру-бақылау қызметінің бөлімі:

Негізгі қызметі:

    • салық комитетінің іс-жоспарын жасау және оны іске асыру;

    • 2-Н есебін жинақтап, жасау;

    • жоғарғы органдарға мәлімет беру;

    • мәліметтер алмасу және т.б.[17]

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Похожие:

Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconМазмұны
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып...
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconКіріспе
Салықтардың экономикалық мәні, қағитаттары, қызметтері түрлері
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconСалықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б
Тарау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қатынастарға әсер ету тұрғысындағы салық жүйесі 33-42б
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconСалықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б
Тарау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қатынастарға әсер ету тұрғысындағы салық жүйесі 33-42б
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
Тарау. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconҚорытынды Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе
Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі,...
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Тақырып Салықтардың экономикалық мәні. Салық және салық салу жүйесінің құрылу негіздері
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconОӘҚжжб келісілген
Тақырыпқа қысқаша сипаттама: тақырыпта маркетингтің мәні мен мазмұны, тұжырымдамалары, түрлері мен қағидалары, қызметтері, мақсаттары...
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconІ. ҚР салық жүйесіндегі тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салудың экономикалық мәні 5
Кіріспе 3
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница