Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі




НазваниеМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
страница3/12
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.24 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://massaget.kz/userdata/users/user_21/1366194937.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жер салығы.

Республикадағы жер қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан Республикасының жер реформасы жөніндегі заңдарында, Жер Кодексінде бейнеленеді. Қазақстанның Жер Кодексінде Жер Республиканың айрықша меншігі деп айтылған. Жерді иелену және пайдалану үшін төленетін ақы жер салығы ретінде қарастырылады. Бұл салықтың мақсаты жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлығын арттыру, жергілікті аймақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құру. Жер салығы толығымен жергілікті бюджетке түседі, сондықтан бұл жергілікті өкімет органдарының аталған салықты жинауға мүдделерін арттырады.

Жер салығын төлеушілер – меншігінде немесе тұрақты пайдалануында жер учаскесі бар заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдіктері және жерге иелік етуші жеке тұлғалар.

Жер салығының мөлшері жер учаскесінің саласына, құнарлығына, орналасу аймағына және сумен қамтамасыз ету мүмкіндігіне қарай анықталады және жер иесі мен жерді пайдаланушының шаруашылық нәтижесіне байланысты болмайды.Жер салығы жер алаңының бірлігі үшін жыл сайынғы тіркелген төлем түрінде белгіленеді. Ал басқа мемлекеттерге берілген жер учаскесін пайдаланғаны үшін салық салудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының осы мемлекеттермен жасасқан шараларымен анықталады.

Жер салығының салық салу объектісі – жерге иелік ететін немесе пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың қарамағындағы жер учаскелері. Олардың түрлерін атап өтетін болсақ, олар мыналар:

  1. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлер;

  2. Елді мекендік жерлер;

  3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де мақсаттағы жерлер;

  4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлер;

  5. Орман қоры жерлері;

  6. Су қоры жерлері;

  7. Қордағы (запастағы) жерлер.

Жер салығы бойынша жеңілдіктер беріліп, салықтан босатылатын төлеушілер:

  • біртұтас жер салығын төлеушілер;

  • діни бірлестіктер;

  • мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар;

  • уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзету мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

  • салық салу режимінің екінші үлгісі бойынша жұмыс жасайтын жер қойнауын пайдаланушылар;

  • „Батыр ана” атағын алған, „Алтын алқамен” марапатталған көп балалы аналар;

  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген тұлғалар, бала кезінен мүгедек тұлғаның ата-анасының біреуі.

Мүлікке салынатын салық.

Салық салу объектісіне қарай мүлікке салынатын салық тікелей салықтарға жатады. Белгіленген ставкаларды есепке ала отырып, салық мүліктің құнына тікелей салынады.

Мүлік салығын төлеушіер:

  • Қазақстан Республикасының аумағында меншік шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар (соның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалар);

  • Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер;

  • меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар.

Меншік иесі салық салу объектілерін сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезде меншік иесімен келісім бойынша салық төлеуші сенімгер басқарушы немесе жалға алушы болуы мүмкін.

Жеке тұлғалар үшін салық салу объектісі - Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй – жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар болып табылады.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектісі – негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің орташа жылдық құны.

Салық Заңдылығына сәйкес төмендегі объектілерге мүлік салығы салынбайды:

  • жер салығын салу объектісі болып табылатын жер;

  • көлік құралдарына салық салу объектісі болып табылатын көлік құралдары;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған негізгі құралдар;

  • жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары;

  • бұрылу беделі және т.б.

Мүлік салығының ставкалары:

а) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкелер үшін салық салу объектісінен 1% пайыз;

б) төменде көрсетілген заңды тұлғалар үшін салық ставкасы салық салу объектісінен 0,1% пайыз;

- діни бірлестіктерден басқа коммерциялық ұйымдар;

- әлеуметтік саладағы ұйымдар;

- негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып таблатын ұйымдар;

- ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестациялау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар.

Төмендегі жеке тұлғалар мүлікке салынатын салықтан босатылады:

  1. бірыңғай жер салығын төлеушілер;

  2. салық салу режимінің екінші үлгісі бойынша жұмыс жасайтын жер қойнауын пайдаланушылар;

  3. тек мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар;

  4. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оның филиалдары мен өкілдіктері және т.б.

Көлік құралдарына салынатын салық тікелей салық және мемлекет пен көлік құралдарының арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін салықтарға жатады. Көлік құралдарының иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автомобиль жолдарын пайдаланады. Ал осы автомобиль жолдарын қаржыландыруды мемлекеттік бюджет жүзеге асырады. Сондықтан көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мәні зор деп айтуға болады.

Көлік құралдарына салынатын салық салу объектісіне қарай тікелей салықтарға жатады. Ал пайдалану белгісіне қарай бұл көлік құралдарына салынатын салық арнайы салықтарға жатады. Өйткені, бұл салықтан жиналған ақша қаражаттары сол көліктер жүретін жолдарды жөндеу үшін арнайы мақсатқа жұмсалады.

Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай көлік құралдарына салынатын салықтар нақты салықтарға жатады. Өйткені бұл салық көлік құралдарының сыртқы белгісіне қарай табыстың түсуін есептеместен салынады. Ал салық салынатын органға қарай көлік құралдарына салынатын салық жергілікті салықтарға жатады.

Бұл салықты төлеушілер меншік құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.

Салық салу объектілеріне уәкілетті органда мемлекеттік тіркелген және есепте тұрған көлік құралдары (тіркемелерді қоспағанда) жатады.

Жүк көтергішті 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар; мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу объектілері болып табылмайды. Көлік құралдарына салынатын салық жылына бір рет төленіп отырады.

Экспортқа шығарылатын шикімұнай мен газ конденсатына рента салығы.

Бұл салықтың жаңа түрі 2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап енгізілді.

Рента салығын төлеушілер экспортқа шикімұнай мен газ конденсатын, контрактімен жер қойнауын пайдалануды бөліскеннен басқа жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

Рента салығының объектісі экспортқа шығарылатын шикімұнай мен газ конденсаты.

Рента салығының базасы экспортқа шығарылатын шикімұнай мен газ конденсатының нарықтық құны мен көлемінен салық төлеушінің тасымалдау шығынының шегеру айырмасы болып табылады.

Рента салығының ставкалары келесі көлемде салынады:

Кесте-3

Нарықтық құны

Ставкалары %

19 АҚШ доллар барельге дейін

0%

19-дан 20-ға дейін

1%

20- дан 21 –ге дейін

4%

21-ден 22-ге дейін

7%

22- ден 23-ке дейін

10%

23-тен 24-ке дейін

12%

24-тен 25-ке дейін

14%

25-тен 26 –ке дейін

16%

26- дан 27-ге дейін

17%

27- ден 28 –ге дейін

19%

28- ден 29-ға дейін

21%

29- дан 30 –ға дейін

22%

30- дан 31-ге дейін

23%

31- ден 32 –ге дейін

25%

32- ден 34-ке дейін

26%

34-тен 36 –ға дейін

28%

36- дан 37 –ге дейін

29%

37- ден 38 –ге дейін

30%

38- ден 40-қа дейін

31%

40-тан жоғары

33%


Бұл салықты салық төлеушілер ай сайын келесі айдың 15-інен қалдырмай төлеуге міндетті. Ал декларацияны өзі орналасқан жері бойынша салық комитетіне тіркеуден өткен айдан кейін келесі айдың 15-інен қалдырмай тапсыруға міндетті.

Жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушілердің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес.

Қосылған құнға салынатын салық, салық жүйесінде негізгі жанама салықтар қатарына жатады. Жанама салықтар немесе тұтынуға салынатын салықтар өнімнің, қызметтің бағасына қосылатындықтан, бұл салықты төлейтін төлеуші мен салық ауыртпалығын көтеруші екеуі бір емес. Салық ауыртпалығын тауарды, қызметті тұтынушы көтереді.

Қосылған құнға салынатын салық біздің еліміздің салық жүйесіне 1992 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап енгізілген. Бұл салық бюджет кірістерін құрайтын салықтық түсімдердің ішіндегі негізгі салықтардың бірі.

Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, олардың өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымы білдіреді.

Салық төлеушілер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған немесе тұруға міндетті тұлғалар болып табылады.

Салық салу объектісі материалдық шығындарсыз өндірілген (амортизациясы бар таза өнім) болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар кіріктірілуі мүмкін.

Демек, бұл салықтың ерекшелігі –оның салық салынатын объектісі сатудан түскен бүкіл түсім-ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада: біріншіден ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады; екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді және үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді. ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасында бұл төлемнің үлес салмағы 27,1% құрады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды өндіру және оларды айналысы процесінде қосылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады.

Акциздер.

Жанама салықтардың келесі түрі – акциз деп аталады. Бюджет кірістеріндегі салықтың түсімдерінде олар 2,7% құрайды.

Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшалықты ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Акциздер көрсетілген қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі.

Акциздер әмбебаптық және жеке жара акциздер болып бөлінеді.

Әмбебаптық акциздер тауарлар мен қызметтердің құнына пайызбен жалпы айналымынан өндіріледі; оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын салықтарды жатқызуға болады.

Жеке дара акциздер айтарлықтай көп болуы мүмкін. Мәселен, акциздер Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және оның аумағына импортталатын мына тауарларға, акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлеріне салынады: спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі бар басқа өнімдер, алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, бензин, дизель отыны, мүгедектерге арналған жеңіл автомобильдер, атыс және газ қарулары, шикі мұнай, ойын бизнесі, лотореяны ұйымдастыру және өткізу.

Акциз мөлшерлемелерін Үкімет бекітеді және тауар құнына пайызбен және заттың нысандағы өлшем бірліне абсолюттік сомада белгіленеді.

Қазақстанда өндірілетін тауарларға, қызметтерге акциз салығын салу объектілері республика аумағында акцизделетін тауарларды өткізу немесе оларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беру, көрсетілген қызметтерді, акцизделетін қызметті жүзеге асыру операциялары болып табылады, импорт кезінде импортталатын акциз тауарларының көлемі немесе тауардың кедендік құны болып табылады.

Қазақстан Республикасы аумағында өткізілетін алкоголь өнімі мен темекі бұйымдары акциздерді жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және оның аумағында жасырын әкелу, өндіру және өткізуді болдырмау мақсатында міндетті түрде таңбалауға жатады.

Сонымен, салықтар – қаржының бастапқы ктегориясы болып табылады және еліміздің мемлекеттік бюджетін толықтырудың, ұлттық экономиканы дамытудың негізі ретінде көрініс табады.


1.3 Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі


Салық жүйесін көп жылдардан бері дамытып, біздің елімізбен тығыз сауда және экономикалық байланыс жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Америка Құрама Штаттарының салық жүйесімен қысқаша да болса түсініктеме беру өте орынды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері 10-11 жыл ішінде көптеген елдермен тығыз қарым-қатынас жасап, ел экономикасын дамыту инвестиция тарту барысында үлкен жетістіктерге жеткені айқын. Экономиканы реформалаудағы маңызды саланың бірі – салық жүйесін реформалау, еліміздің салық жүйесін халықаралық деңгейге көтеру. Осы орайда дамыған Европа елдері мен Америка Құрама Штаттарының салық ісіндегі тәжірибесімен танысу болашақ салық мамандарына, қаржыгерлер мен кәсіпкерлерге өз көмегін тигізеді деп сенеміз.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconМазмұны
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып...
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconКіріспе
Салықтардың экономикалық мәні, қағитаттары, қызметтері түрлері
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconСалықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б
Тарау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қатынастарға әсер ету тұрғысындағы салық жүйесі 33-42б
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconСалықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б
Тарау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қатынастарға әсер ету тұрғысындағы салық жүйесі 33-42б
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
Тарау. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconҚорытынды Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе
Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі,...
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Тақырып Салықтардың экономикалық мәні. Салық және салық салу жүйесінің құрылу негіздері
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconОӘҚжжб келісілген
Тақырыпқа қысқаша сипаттама: тақырыпта маркетингтің мәні мен мазмұны, тұжырымдамалары, түрлері мен қағидалары, қызметтері, мақсаттары...
Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі iconІ. ҚР салық жүйесіндегі тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салудың экономикалық мәні 5
Кіріспе 3
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница