Қазақстан Республикасы




НазваниеҚазақстан Республикасы
страница5/11
Дата конвертации22.09.2012
Размер1.43 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://82.200.218.74/cdo/OBSOJ/BPA/Kukieva.KKTDid.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1 Ғылыми принцип.


2 Консонантизм

3 Дифтонгид

4 Жүйелі принцип.

5 Түсінуге жеңіл қолайлылық принципі.

6 Көрнекілік принципі.

7 Бірізділік принципі.

8 Саналылық пен белседілік принципі

9 Теорияны практикамен байланыстыру принципі

10 Оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі.


ОБСӨЖ-2

Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту методикасының басқа пәндермен байланысы.


Жоспар:

  1. Қазақ тілін оқыту методикасының басқа пәндермен байланысы.

  2. Қазақ тілін оқыту методикасының зерттеу әдістері.


Қазақ тілін оқыту методикасы педагогикаға, психология мен логикаға байланысты. Методиканың негізгі тірегі қазақ тілінің фактілері. Онсыз методиканың түрлі мәселелерін бөліп қарауға болмайды. Сондықтан методика қазақ тілі фактілерімен тығыз ұласып жатады. Методика қазақ тілінен берілетін мәліметтерді мектеп оқушыларының ойына лайықтап оқыту қағидаларын қарастырады. Бұл білім беру заңдылықтары лексиканың, фонетиканың, грамматиканың, орфография мен пунктуацияның заңдылықтарымен үндеседі. Негізгі тілдік фактілер бойынша" білім берудің теориясы мен практикасы қарастырылады. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін теориялық мәліметтер көлемі жағынан ықшамдалады. Яғни тілдік фактілердің қорытылып, шешілген мәселелері мектеп оқушыларына жеткізіледі.

Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін тілдік фактілердің өзіндік белгілері (жасалу жолдары) лексикалық, фонетикалық, грамматикалық белгілері, анықтамалары әрбір кластың ерекшелігіне, олардың ойөрісі білім дәрежесіне лайықталады. Қазақ тілін оқыту методикасы педагогикаға тікелей байланысты. Педагогиканың дидактика саласы жалпы дидактикалық принциптерді қарастырады. Педагогика жалпы методика теориясының мәселелерін зерттейді. Ал методика әрбір жеке пәнді оқытудың теориясы мен практикасын қарастырады. Сондықтан методика жалпы педагогикалық қағидаларға негізделе отырып, қазақ тілі фактілерінен бі-

лім берудің заңдылықтары мен әдістерін тікелей қарастырып, педагогикалық дидактикалық принциптер казақ тілінен білім беруде қалай іске асыру жолдары ойластырады.

Педагогика негізінен тәлім-тәрбие берудің заңдарын, оларды іске асырудың жұмыс жүйесін белгілейді. Тәлім — оқушыларға берілетін теориялық білім мен практикалық дағды. Ал тәрбие — қазақ тілінен білім беруде мәтіндер (текстер), сөйлемдер, мысалдар арқылы және түрлі жаттығулар бойынша жүргізілетін жұмыс. Қазақ тілінен білім беруде тәрбие жүмыстары мысалдарды таңдау арқылы жүргіземіз. Тәрбиелік мәні күшті сөйлемдер мен мәтіндерді ұсынамыз. Қазақ тілі оқыту методикасы психология ғылымына да тікелей байланысты. Тілдік материалдардың толық қалыптасуыда түсінік, ой, түйсік, сезім және сигнал жүйелері үлкен рөл атқарады. Бүл психикалық категориялар мен пунктуатциялар білім мен дағдыны меңгертуде айрықша қызмет атқарады. Оқушыларға тілдік материалдарды толық игертуде сабақ процестерінің мәні зор.

1. Жаңа материалды таныту процесі. Мұнда жаңа материал оқушыларға хабарланады. Мұның өзіндік белгілері айтылады. Оны оқушылар естиді. Материалды толық меңгертудің негізгі кепілі дағдылар аркылы іске асырылады.

2. Материалды дағдыландыру процесі. Онда тақырыптық өзіндік ерекшеліктеріне қарай түрлі психикалық жұмыстар ескеріледі. Бүл жүмыс әр тақырыптың психикасы болып табылады.

3. Материалды қайталау процесі. Қазак тілінен өтілген күллі материалдар еске түсіріліп пысықталады. Оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімі мен практикалық дағдысы пысықталып, нығыздала түседі. Жұмыстардың барлығы психикалық ұғымдармен байланысты келеді. Қазақ тілінен берілетін білімді оқушылардың ойында қалыптастыруда кинестетикалық түйсік маңызды рөл атқарады. Бұл түйсік керу мен жазуға, тікелей байланысты.

Қазақ тілін оқыту методикасы логикаға да тікелей қатысты. Логика ғылыми дәл ойлау, дүрыс пікірлеу заңдылықтарын үйретеді. Сөйлемнің дүрыс құрылуын ойластырады. Түрлі тілдік фактілердің дәл болуын қарастырады, мұғалім мен оқушы сөзінің анық болуын қамтамасыз етеді. Мектеп окулығындағы әр тақырыптың өзіндік белгілерінің және анықтама, ережелерінің дәл болуын ойластырады. Сондықтан қазақ тілін оқыту методикасы тілдік фактілерді түсіндіру мен жеткізуде логика ғылымындағы жаңалықтарға сүйенеді.

Қазақ тілін оқыту методикасы төмендегі міндеттерді қамтиды: 1. орта мектепте оқытылатын қазақ тілінің мазмұнын анықтайды; 2. орта мектеп оқушыларына берілетін білімнің көлемін анықтайды; 3. орта мектепте оқылатын қазақ тілі оқыту жүйесін анықтайды; 4. білім беру әдістерін топтастырып, құрылымдық ерекшеліктерін белгілейді; 5. сабақты топтастыра отырып, олардың түрлерін, құрылымдық ерекшеліктерін айқындайды.

Қазақ тілін оқыту методикасының зерттеу әдістері. Қазақ тілін оқыту методикасынын, зерттеу әдістері теориялық методиканы жасауда жиі қолданылады. Зерттеу әдісі мсн білім беру әдісінің объектілері әр түрлі. Білім беру ;әдістері мектепте қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдыны қалыптастыруда іске асырылады. Ал зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту методикасы туралы ғылыми методикалық еңбектер және практикалық методиканы жасау үшін қолданылады.

Зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту методикасын теориялық жағынан байытуда жиі пайдаланылады. Бұл ретте мынадай тәсілдер жүзеге асырылады:

1. Бақылау әдісі. Бүл әдіс қазақ тілінен білім беру және оны практикалық дағдылар арқылы іске асыруда қолданылады. Қазақ тілінен теориялық білімді мектеп пқушыларына меңгертуде түрліше психикалық дағды жумыстары жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері кластан тыс жүргізілетін жұмыстар болып табылады. Олар мыналар: үй тапсырмасының мақсаты, шартты түрде үйгс тапсырылатын жұмыстың көлемі, оларды орындаудың, методикалық жүйесі. Мұны тәжірибе жасаушы мұғалім сабақта және сабақтан тыс орындарда бақылау жасайды.

2. Эксперимент әдісі. Бұл әдіс те ғылыми методиклық еңбек жасау үшін жүргізіледі. Эксперимент ғылыми тәжірибе деген сөз. Бұл барлық білім саласында, ал қазақ тілін оқыту методикасында тым жиі қолданылады. Теориялық және практикалық еңбектер сол арқылы жазылады. Эксперимент әдісі қазақ тілін оқыту методикасында, негізінен, 1960 жылдардан кейін қолданылады. Бұл әдіс бойынша, қазақ тілі фонетикасын, синтаксисін, орфографиясын, пунктуациясын оқыту методикалары жасалды. Эксперимент өзінің іске асырылу мақсатына қарай төмендегі түрлерге бөлінеді:

а) Бақылау эксперименті — кейін жүргізілетін методикалық эксперименттер материалын іске асыру үшін жүргізіледі. Алдымен экспериментке қойылатын объектінің жағдайын, мақсатын, мазмүнын, түрлерін анықтайды; ә) кластық эксперимент — мектептің бірнеше кластарында іске асады. Экспериментке қойылатын жұмыстың мақсатын, мазмұнын, негізгі істелетін жұмыстың барысы мен негізгі нәтижелерін анықтайды; б) кең таратылған эксперимент. Мұнда кластық эксперименттің нәтижелері бірнеше мектептің бірнеше кластарында сыннан өткізіледі. Әр сабақта, әр класта эксперимент материалдары іске асырылады. Негізгі мақсаты: біріншіден, экспериментке қойылатын жұмыстың негізгі мазмұнын; екіншіден, оқушыларға берілетін білім мен дағдынын көлемін; үшіншіден, эксперимент объектісіндегі білім беру әдістерінің түрлері мен құрылымдық элементтерін; төртіншіден, экспериментке койылатын материалдардың сабақ түрлері мен элементтерінде жүзеге, асатындығын анықтайды. Методикалық эксперимент жүмысы төмендегіше еткізіледі: 1) экспериментке қойылатын мтериалдардың болжамы жасалынады; 2) бүдан кейін екі-үш мектептің бірнеше класы таңдалады; 3) осы таңдалған кластарда тәжірибе жасаушы мұғалім сабак өткізеді. Методикалық материалдың нұсқау болжамына сабақтың күрделі жоспары жазылады, онда экспери-ментке қойылатын объектінің мақсаты және оның маз-мұны, оны іске асырудың әдістері, жұмысты жүргізудің жүйесі айтылады; в) методикалык жұмыстың негізгі корытындылары бірнеше мектептің бірнеше кластарында сынап көріледі; г) экспериментке қойылатын материалды сынап көру үшін алдымен бақылау, мұнан кейін экс-перимент кластары таңдалады. Жүмыстың барлық түрі эксперимент кластарда жүргізіледі. Эксперимент кластарында методикалык, нұсқау-болжам бойынша оқытылады, оған лайықты материалдын, көлемі мен жүйесі таңдалады. Эксперименттің нәтижелері бақылау жүмыс-тары бойынша өлшенеді. Ол процентпен немесе цифрмен көрсетіледі.

3. Методикалық мұраларды үйрену әдісі. Қазак тілін оқыту методикасының тарихында методистер Сейіл Жиенбаев, Шамғали Сарыбаев, Қ. Жұбанов, Д. Әлімжановтар елеулі орын алады. Бұлардың методикалық көзқарастары, үсыныстары сабақ беруде үнемі қолданылады. Сондай-ақ осы күнгі методистеріміз Қ. Жолымбетов, X. Арғынов т. б. пікірлері, методикалық еңбектері зерттеу жұмыстарын жүргізу процесінде ескеріледі. Сондай-ақ методика теориясына арналған қазақ тілі синтаксисі мен қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының негіздері ғылыми зерттеу жұмыстарына негіз болады.

4. Методикалық тәжірибелерді талдау әдісі. Қазақ тілін оқыту методикасынан зерттеу жүмысын жүргізуде мұғалімдер тәжірибесі зор рөл атқарады, сондықтан мұғалімдер тәжірибесін жинақтау, олардың практикалық тәжірибелерін теорияға айналдыру, зерттеу жұмысының басты бағыты болуға тиіс. Мұғалімдер мен методистердің тәжірибелері екі жақты жарияланып отырады. Біріншісі, газет пен методикалық журналдарда басылады. Зерттеу жүмысын жүргізуде осыларды ескеруге тура келеді. Екіншіден, методикалық әдіс бірлестіктерде талданады, мүғалімнің тәжірибелері әрбір мектептің әдіс бірлестігінде қаралады. Оның нәтижелі жақтары сабақ беруде ескеріледі. Қазақ тілін оқыту методикасының зерттеушілері мүғалімдердің тиімді, қүнды тәжірибелерін талдап, мектеп қауымына насихаттайды.


Бақылау сұрақтары

№2 Оқушыларға қазақ тілінен берілетін білім көлемі.


1 Оқулықтағы біріккен сөздердің материалын дауыстап оқып шығыңдар.

2. Жаттығу мәтіндегі біріккен сөздерді көріп жазыңдар.

3. Мәтіндегі біріккен сөздерді тауып, ауызша айтып шығыңдар.

4. Түбір тұлғаларын сақтап, біріккен сөздерге ауызша мысалдар келтіріңдер.

5. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен жасалған біріккен сөздерді атаңдар.

6. Есімдіктен жасалған біріккен сөздерді табыңдар.

7. Зат есім мен етістіктен болған біріккен сөздерді іздеңдер.

8. Зоологиялық атауларға байланысты біріккен сөздерді табыңдар.

9. Ботаникалық атауларға қатысты біріккен сөздерді іздеңдер.

10. Ойын аттарын білдіретін біріккен сөздерді атаңдар.

11. Қала аттарын білдіретін біріккен сөздерді табыңдар.

12. Географиялық атауларды білдіретін кен сөздерді іздеңдер.


ОБСӨЖ-3

Тақырыбы: Қазақ тілін оқытудың жүйесі.

Жоспар:

1 Оқытудың жүйе ұғымына түсінік беру.

2 Қазақ тілін оқытудың жүйесі.

Әрбір тілдік материалдар методикалық жүйе теориясы бойынша орналасады. Ал жүйе дегеніміз не? Әр клас тың шамашарқына қарай сүрыптап алынған тілдік ма териалдардың өзіндік белгілерін оқыту тәртібін жүй деп атайды. Қазақ тілі бағдарламасындағы тілдік материалдар белгілі тәртіп бойынша орналасқан. Алдымен орта мектепте фонетика оқытылады. Мектеп жасын, дейінгі сәбилердің сөз үйренуі дыбыстарды айтудан басталады. Жас сәби айналадағы құбылыстарды дыбыста арқылы көрсетеді. Дыбыстардың мағына ажыратушылығы және түлғалық ерекшеліктерін аңғармай тұрып жек. сездерді түсіну қиынға соғады. Осы фонетикалық мате риалдардан кейін тілдің лексика саласы өтіледі. Лексика сөздің түрлі мағыналық ерекшеліктерін қарастырады Дыбысты және сөзді білген окушы әр сөзге косылатын қосымшалардың ерекшелігін білуге талпынады. Содан кейін морфология саласы етіледі. Алдымен сөз қүрамдары тақырыптары, сонан соң сөз таптары материалдары оқытылады. Осы сөзді және олардың қосымшаларын білген оқушыларға сөз бен сөздің байланысын, сөйлеммен сөйлемнің үйлесуін білдіру қиынға сокпайды. Сондықтан да синтаксис тақырыптарының оқытылуы осы орында беріледі.

Сондай-ақ бір тілдік саланың ішкі өтілу тәртібі де білім беруде үлкен қызмет атқарады. Фонетика материалдарының ішінен оқушыларға алғаш рет алфавиттер хабар беріледі. Алфавитті өтуден бүрын оқушылар бастауыш мектепте еткенін қайталайды. Алфавитті бәрінен бүрын өтудің негізгі себебі мынада: 1) оқушылар бастауыш мектепте еткенін еске түсіреді; 2) бастауыш мектепте берілген білім кеңейтіледі; 3) бұдан кейінгі тақырыптар дыбыс пен әріптің заңдылықтары болғандықтан оны жете меңгертуде септігін тигізеді; 4) алфавиттегі

әріптердің дыбыстық жағын еске түсіреді; 5) сөздікпен жүргізілген жұмыстар бұдан кейінгі еңбекті жеңілдетеді; 6) дыбыс пен әріп туралы алғашқы білімдері жинақталады; 7) айту мен жазу арасындағы айырмашылықты жинақталады. 8) есту қабілеті калыптасады; 9) жаттығулар арқылы қабілеті кеңейеді.

Сөйтіп алфавитті өту арқылы дыбыс жүйесін жете мецгеруге баспалдақ жасалады. Алфавиттен кейін өтілетін тақырыптын, бірі — тіл дыбыстары. Мұнда сөздің сөйлемге бірігуі, сөздін, буын жігі, буыннын. дыбыстық жағы, фонетиканың мағынасы мен зерттейтін объектісі саз етіледі, әріп пен дыбыстьң ара қатынасы салыстырылады. Дыбыс жасаудағы сөйлеу мүшелерінін. қызметі ай-тылады. Алфавиттегі әріптердін, айтылуы мен жазылуын меңгерген оқушыға бұл әдіс мүлде қиындық келтірмейді. Тіл дыбыстары туралы түсініктен кейін буынның ең, кішкене бөлшегі — дыбыс сөз болады. Бүл тақырыпты өтпей, тілдің дыбыстық жүйесіндегі дыбыс заңдарын білу қиынға соғады. Дыбысты үйрете отырып, оны белгілсу үшін қабылданған шартты таңба — әріп салыстырылады. Дыбысты айтуда әріпті жазып көрсету үлкен рөл атқарады. Дыбыстау мүшелері, дыбыс пен әріп жөнінде түсінік алған оқушыға дауыстылар мен дауыссыз дыбыстарды меңгерту қиындық келтірмейді. Дыбыстау мүшелерінің қызметі дыбыстын, өзіндік белгілерін, яғни дауыстылар мен дауыссыздардын, ерекшеліктерін жете ажыратуға септігін тигізеді. Дауыстылар мен дауыссыздардың өзіндік белгілері, жіктелуі өтілген соң, дауыстылардын, түрлері оқытылады.

Дауысты дыбыстардьщ ішінде алдымен еріннін, қатысына қарай белінуі өтіледі. Езулік дауыстылар еріндік дауысты дыбыстармен салыстырыла түсіндіріледі. Бұдан кейін дауыстылардың иектің қызметіне қарай бөлінуі келеді. Еріндік және езулікті жете игерген оқу-шыға, ашық, қысаң, дауыстыларды саналы меңгертуге болады. Иектің темен түсуі немесе жоғары көтерілуі, ауыздың кен, және тар ашылуы ашық пен қысақ дауыстыньң жасалуына байланысты. Ауыздың, иектін, әрекетімен бірге ерін мен езу де қозғалыста болады. Бүған іле-шала дауыстылардьщ тілдік қалпына қарай белінуі, одан кейін тіл дауыстылары бірінен кейін бірі өтілуге тиіс.

Дауысты дыбыстардын, емлесі дыбыс жүйесінің материалдарына байланысты оқытылады. Мұнда теориялық білімді орфографиямен жанастыру принципі көзделеді. Бұл жүйенің, біріншіден, дауыстылардың түрлерін жете меңгерту үшін, екіншіден, сол түрлеріне байланысты берілетін емлелік білімді терең үғындыру үшін, үшіншіден, әріптерді бір-бірімен салыстыра, салғастыра та-ныту үшін, төртшшіден, берілетін білімді талдап-жинактап жасау үшін, бесіншіден, берілетін білімнің жігін , үзбей, яғни жүйелілікті сақтау үшін, алтыншыдан, монофтонг дыбыс пен дифтонг дыбыстарды, олардың көрінісін дәл таныту үшін пайдасы бар. Сонымен бірінші кезекте еріндік дауысты дыбыстардың емлесі оқытылады. 0, е, У» Ұ» Ү әріптерін еріндік дауысты дыбыстардан кейін өткен мақүл. Бүдан кейін езулік дауысты дыбыс әріптерінің емлесі етіледі. Алдыңғы тақырьшты жетік үлгірген оқушылар езулік дауысты дыбыс әріптерінің емлесін ойдағыдай меңгеріп кетеді. Езулік дауысты дыбыстар туралы теориялық білім а, ә, е, э, ы, і әріптерінің емле-сімен байланыстырылады. Оқушылар көздерімен көріп, қолдарымен жазады. Сөйтіп көру түйсігі мен сезім түйсігі ұштасады. Осыдан соң и, е, ю, я әріптерінің емлесі оқытылады. Бүл әріптер қос дыбыстың таңбасын білдіруіне қарай жіктеледі және олар былайша орналастырылады: и, е> ю, я.

Дауыстылар мен олардың емлесінен кейін дауыссыз дыбыстар мен олардың емлесі оқытылады. Дауыссыз дыбыстардан бірінші кезекте үнді дауыссыз дыбыстар өтіледі. Унді дауыссыздарды бұлай өтудің мынадай себептері бар: 1) үнді дауыссыздар үяң мен қатаңға қарағанда дауыстыларға бір табан жуық; 2) үнді мен дауыстыларды салыстыра талдау үшін ете қажет; 3) қатаңнан үяңның, үяңнан үндінің үні басым; 4) үнді мен дауыстыларды салыстыру арқылы дауыстылар қайтала-нады; 5) үнділерді жете меңгерту үшін оның өзіндік белгілері ескеріледі. Бұдан кейін үнді дауыссыздардың емлесі теориялық білімге жанастырылады. М, н, ң, у, л, р, й әріптерінің орналасу тәртібі оқушылардың көру кабілеті мен есту қабілетіне орай беріледі. Ұяң дауыссыздар үнділерден кейін өтіледі. Ұяңда үндіге қарағанда үн, дауыс солғындау. Сондықтан осы тәртіпте етілуі орынды. Теориялық білімнен кейін үяң дауыссыздардың емлесі өтіледі. Олардың орналасу тәртібі мынадай болады: б, в, д, з, ж, г, ғ, һ. Үяң дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі түгел оқытылады. Бұның емлелік сауаттылықты арттыру үшін және қатесіз жазуға дағдыландыру үшін септігі мол.

Қатаң дауыссыздар ұяңнан кейін оқытылады. Қатаңды ұяңға қарама-қарсы қойып, салыстыру мағынасында өтілгені мақүл. Қатаң дауыссыздар былайша тізбектеледі: п, ф, т, с, ц, ч, ш, щ, к, қ, х. Қатаң дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі де теориялық мәліметтен соң өтіледі. Бүлай еткенде: 1) теориялық білім мен емлелік білім қабысады; 2) катаң дауыссыздардың емлесінен хабар беру оқушылар біліміне, мүғалімнің уақытына, сағат санына нүсқан келтірмейді;- 3) қатаң дауыссыз-дардың емлесіне байланысты қателер кетпейтін болады; 4) орфографиялық сауаттылығы артады. Бұл такырыптан соң ь— айыру белгісі мен ь — жіңішкелік белпсінің емлелері өтіледі. Дауыссыз дыбыстардан соң дауыссыз әріптер тіркесінің емлелері окытылады. Алдымен олар мына тәртіп бойынша орналастырылады: мб, мп, нг, нд, нк, фт, ск, кс, кт, рк тіркесінің емлелері бірінші кезекте, сонан соң мм, лл, тт, сс, сть, зд тіркесшің емлелері оқытылады. Әріптер тіркесі әркелкі әріптер мен біркелкі әріптер тізбегі негізінде орналастырылады. Осыдан кейінгі өтілетін күрделі тақырыптардың бірі — буын. Буын туралы мәлімет және оның түрлері оқытылады. Тасымал — буынға тығыз байланысты. Сондықтан оның буыннан соң етілуі заңды. Сөз бөлшектерінің тасымалдануы буынның түрлеріне тікелей қатысы бар. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні әрқашан сездің соңында. соңғы буында болады. Екпіннің, негізінен, буынға түсуіне, буьшда болуына байланысты буын мен тасымалдан кейін өтілгені мақұл. Екпін көптік жалғауында тұрсын немесе басқа қосымшаларда болсын соңғы буында болады. Сондықтан екпін буын мен тасымалдан кейін оқытылады.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың емлесін және буын мен тасымалды, екпінді өтіп болған соң, осыларға жанастыра үндестік заңы өтіледі. Үндестік заңы мынадай мәселелерді қамтиды: 1) кейбір орфографиялық мәселелер; 2) орфоэпиялық мәселелер; 3) буынға және 4) екпінге қатысты мәселелер. Сондықтан үндестік занының дыбыс жуйесі материалдарының ақырында оқытылуы орынды. Үндестік заңы туралы түсініктен кейін буын үндестігі өтіледі, өйткені буын үндестігі — дауыстыларға байланысты үндесу. Дауыссыз дыбыстарға байланысты үндесу — дыбыс үндестігі болып табылады. Дауысты дыбыстардан кейін дауыссыз дыбыстар өтілетін болғандықтан, дыбыс үндестігінің де осы жүйемен өтілуі мақүл. Дыбыс үндестігінің ілгерінді ықпалы бұрын, кейінді ықпалы кейін өтіледі. Түбір мен қосымшаның аралығындағы ілгерінді ықпалдың орны морфоло-гиялық жүйе бойынша белгіленеді. Сөз бен жеке сөздер құрамы түбір сөз және қосымшалы сөз болып бөлінеді. Бұдан сон, сөздердін, бірігуі және сөздердін, тізбектеліп. тіркесуі ескеріледі.

Сондай-ақ ілгерінді ықпалды өтуде, алдымен сөз, оның қосымшасы біріккен сез және сөз тіркестері жүйесі ескеріледі. Түбір сөздегі соңғы дыбыстың қосымшадағы басқа дыбысқа, біріккен сөздің алғашқы сыңарының соңғы дыбысы кейінгі сыңардың басқы дыбысына, қатар келген бірнеше сөздің алғашқысының соңғысына әсер етуі сөз етіледі. Ілгерінді ықпалды жете меңгерген оқушыға кейінді ықпал заңдылықтары оншалық қиындық келтірмейді. Кейінді ықпалдың түбір мен қосымша аралығындағы, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы, сөз тіркестері аралығындағы үндесуі оқытылады. Дыбыстардың, бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесуінің орфоэпия мен орфографияға тікелей қатысты екені бұрыннан белгілі. Мектепте бұл мәселені оқытып-үйрету тек дыбыс жүйесі тақырыптарын етумен шектеліп, сонымен бітіп қалмауы керек. Дыбыстардың ықпал ету, үндесу заңдылығын морфология белімінде әр түрлі жалғауларды (көп-тік, тәуелдік, септік, жіктік) оқытуда қайталап, еске түсіріп отыру қажет. Сонда оларды оқушылар жадында сақтайтын болады, мүның өзі олардың орфоэпия мен орфографияның ара қатысын жете білуіне көмектеседі.

Қазақ тіліндегі қосымшалардың орналасу реті мен оқытылу тәртібін белгілеу үшін алдымен қосымшалардың сөзге жалғану тәртібіне негізделеді. Алдымен көптік жалғауы, бұдан кейін тәуелдік жалғауы, одан сон, септік жалғауы, ақырында жіктік жалғауы өтіледі. Сондай-ақ біріккен сөздерден, қос сөздер мен қысқарған сөздерден кейін зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің, есімдіктің, етістіктің, үстеудің және еліктеу сөздердің қосымшалары оқытылады. Қазақ тілі лексикасынан алдымен сөз және онын, мағынасы оқытылады. Сөздің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасы және негізгі мағынасы мен туынды мағынасынан білім беріледі. Бұдан кейін көп мағыналы сөздер туралы айтылады. Мағыналық ерекшеліктеріне қарай синоним, омоним, антоним сөздер, жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, басқа тілдерден енген сөздер, соның ішінде араб, иран, орыс тілдерінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздер оқытылады. Қазақ тілі лексикасының. стильдік топтарының ішінен кәсіби сездер мен диалект сөздер, көнерген сөздер мен неологизмдер, тұрақты сөз тіркестерінен еркін сөз тіркесі, одан кейін тұрақты сөзтіркестері, бұлардан соң мақал мен мәтелдер үйретіледі. Сөздіктер туралы мағлұмат бергенде, орфографиялық сөздік, бұдан кейін түсіндірме сөздік, одан соң аударма» сөздіктерден хабар беріледі.

Морфологиялық тақырыптардың ішінде алдымен сөздердің жасалу материалдары оқытылады. Сөз құрамы тақырыптары төмендегі тәртіппен жеткізіледі: түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз және қысқарған сөз. Осы тақырыптардан кейін қосымша материалы екі түрде ажыратылып, жүрнақ пен жалғаулардан білім мен дағды беріледі. Тіліміздегі сөз бен сөзді байланыстыратын төрт түрді жалғау мынадай тәртіппен оқытылады: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау. Сондай-ақ тіліміздегі тоғыз сөз таптары төмендегі тәртіппен үйретіледі; зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сездер, шылау сөздер мен одағайлар.

Мектепте зат есім тақырыптары темендегі тәртіппен оқытылады: зат есім туралы түсінік, жалпы есім мен жалқы есім, негізгі және туынды зат есімдер, зат есімнің рең мәнін тудыратын жүрнақтары, туынды зат есім жасайтын жұрнақтар, зат есімнің көпше түрлері, тәуелденуі, септелуі және жіктелуі, көмекші есімдер, зат есімнің емлесі мен сөйлемдегі қызметі. Сондай-ақ сын есімнен оқушыларға төмендегі тәртіпте білім беріледі: сын есім туралы түсінік, сын есімнің түрлері, сын есім тудыратын жұрнақтар, сын есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар, сапалық және қатыстық сын есімдер, сын есімнің шырайлары, сын есімнін. емлесі, сөйлемдегі қызметі.

Орта мектеп оқушыларына сан есім тақырыптарынан мына тәртіпте білім беріледі: сан есім туралы түсінік, дара және күрделі сан есімдер, сан есімнің мағынасына қарай түрлері, сан есімнің емлесі, сөйлемдегі қызметі. Сондай-ақ есімдік тақырыптары төмендегі тәртіппен оқытылады: есімдік туралы түсінік, есімдіктің мағынасына қарай түрлері — жіктеу, сілтеу, сүрау, өздік„ белгісіздік, болымсыздық және жалпылау есімдіктері,есімдіктердің емлесі, сөйлемдегі қызметі. Сөз таптары тақырыптары ішіндегі ең, күрделісі — етістік. Етістік материалдары мына тәртіппен оқытылады: етістік туралы түсінік, негізгі етістік пен туынды етістік, есімдердері етістік тудыратын жұрнақтар, етістіктен етістік тудыратын жүрнақтар, болымды етістік пен болымсыз етістік,сабақты етістік пен салт етістік, есімше туралы түсінір, есімшенің жасалу жолдары, есімшенің есімдерше түрленуі, есімшенің сөйлемдегі қызметі, көсемше туралы түсінік, көсемшенің жіктелуі, көсемшенің сөйлемдегі қызметі, етіс туралы түсінік, етістердің түрлері — өздік өзгелік, ырықсыз және ортақ етістер, негізгі етістік пен і көмекші етістік, етістіктің шақтары туралы түсінік, осы шақ, келер шак, өткен шақ түрлері, ашық рай, бұйрық рай, шартты рай және қалау рай, етістіктің сөйлемдегі қызметі. Мектепте үстеу мына тәртіппен оқытылады: үстеу туралы түсінік, негізгі және туынды үстеулер, үстеулердің мағынасына қарай түрлері — мезгіл, мекен, мөлшер, сын, күшейткіш, мақсат және себеп-салдар үстеулері, үстеулердің емлесі, сөйлемдегі қызметі. Сондай-ақ еліктеуіш сөздерден төмендегі тәртіппен білім беріледі: еліктеуіш сөздер туралы түсінік, дыбыстық еліктеуіш сөздер, бейнелеуіш сөздер, негізгі және туынды еліктеуіш сөздер, еліктеуіш сөздердің емлесі, сөйлемдегі қызметі. Шылау сөздер тақырыбы төмендегі тәртіппен оқытылады: шылау сөздер туралы түсінік, шылау сөздердің мағынасына қарай түрлері — септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер. Шылау сөздердің емлесі. Сондай-ақ мектепте одағайлар мына тәртіппен оқытылады: одағай туралы түсінік, көңіл күй одағайла-ры, шақыру одағайлары.

Орта мектеп оқушыларына қазақ тілінің синтаксис материалдары үш салаға ажыратылып оқытылады: 1) сөз тіркесі синтаксисі; 2) жай сөйлем синтаксисі; 3) құрмалас сөйлем синтаксисі. Алдымен синтаксис туралы түсінік беріледі де, сөйлемнің мағынасына қарай түрлері төмендегі тәртіппен оқытылады: хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдер. Сөз тіркесі син-таксисінід тақырыптары мына тәртіппен оқытылғаны жөн: сез тіркестерінің құрылысы мен грамматикалық мағынасы, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер, тақырыптары. Сөздердің байланысу тәсілдері төмендегі тәртіппен оқытылады: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.

Оқушыларға сөйлем мүшесінен алдымен дара және күрделі мүшелерден білім беріледі. Сөйлемнін, түрлаулы мүшелері мына тәртіппен оқытылады: бастауыш, дара және күрделі бастауыш, баяндауыш, дара және күрделі баяндауыш, күрделі баяндауыштың, бастауыш және баяндауыштың жасалуы, бастауыштан кейін қойылатын сызықша тақырыптары. Ал сөйлемнің түрлаусыз мүшелері төмендегі тәртіппен оқытылады: толықтауыш, дара және күрделі толықтауыш, тура толықтауыш пен жанама толықтауыш, толықтауыш пен толықталатын мүшенің байланысы, анықтауыш, анықтауыш болатын екі таптары, дара және күрделі анықтауыштар, анықтауыш пен анықталатын мүшенің байланысы, пысықтауыш, пысықтауыш болатын сөз таптары, дара және күрделі пысықтауыш, пысықтауыштың түрлері — мекен, мсзгіл, қимылсын, мақсат, себеп пысықтауыштар, пысықтауыш пен пысықтаушы мүшенің байланысы.

Сонымен бірге оқушыларға сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен төмендегі тәртіпте білім беріледі: бірыңғай блстауыш, бірыңғай баяндауыш, бірыңғай толықтауыш, бірыңғай анықтауыш және бірыңғай пысықтауыш, бірыңғай мүшелердің жалғаулық шылаулар арқылы байланысы, бірыңғай мүшелердін, тыныс белгілері, бірыңғай мүшеге ортақ жалпылауыш сөздер, жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері. Осы тақырыптармен бірге сөйлемнің айқындауыш мүшелері мына тәртіппен оқытылады: айқындауыш мүше жайында жалпы түсінік, оңашаланған айқындауыш, оңашаланған айқындауыштың тыныс белгілері, қосарлы айқындауыш тақырыптары беріледі. Мектепте оқшау сөздер материалдары төмендегі тәртіппен үйретіледі: оқшау сөздер жайында жалпы түсінік, қаратпа сөз, қаратпа сөздін, тыныс белгілері, қыстырма сөз, қыстырма сөздің тыныс белгілері, одағай сөздер, сөйлем басында келетін «жоқ» пен «иә», сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі және екпін тақырыптары.

Мектеп оқушыларына жай сөйлемнің түрлерінен төмендегі тәртіппен білім беріледі: жай сөйлемнің түрлері жайында түсінік, жақты сөйлем, жақсыз сөйлем, жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары, толымды және толымсыз сөйлемдер және атаулы сөйлемдер тақырыптары. Орта мектепте кұрмалас сөйлем материалдары үш салаға ажыратылып беріледі: 1) салалас қүрмалас сөйлемдер; 2) сабақтас құрмалас сейлемдер; 3) аралас құрмалас сөйлемдер. Алдымен оқушыларға құрмалас сөйлем туралы жалпы түсініктен білім беріледі де, салалас құрмалас сөйлемнің түрлері төмендегі тәртіппен оқытыладыг салалас құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік, салалас қүрмалас сөйлемнін, түрлері — ьңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі, себеп-салдар, талғаулы және кезектес салалас сөйлемдер, салалас құрмалас сөйлемнін, көп құрамды түрлері, салалас құрмаластын, тыныс белгілері. Сондай-ақ оқушыларға сабақтас қүрмалас сөйлемнің түрлерінен төмендегі тәртіпте білім беріледі: сабақтас қүрмалас сөйлем туралы түсінік, сабақтас күрмалас сөйлемнің түрлері — шартты бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы, себеп-салдар бағыныңқы, мезгіл бағыныңқы, қимылсын бағыныңқы және мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер. Сабақтастардың тыныс белгілері, жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас, сатылы көп бағыныңқы сабақтас, көп басыңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер, аралас құрмалас сәйлемдер, аралас құрмаластың тыныс белгілері, тақырыптары.

Сонымен бірге оқушыларға төл сөз бен төлеу сөзден төмендегі тәртіпте білім беріледі: төл сөз бен төлеу сөз жайында жалпы түсінік, төл сөз бен автор сөзі, төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі, төл сездің тыныс белгілері, төл сөзді төлеу сөзге айландыру жолдары оқытылады. Мектеп оқушыларына тіл үстарту . материалдары тілдік салалардан кейін беріледі. Тіл ұстарту материал-дары мына тәртіппен оқытылады: тіл үстарту — стилистиканьщ бір тармағы, тіл ұстарту түрлері, тіл туралы мәлімет, тілдің мәні мен қызметі, тіл — тарихи құбылыс, қазақ тілі — ұлт тілі, қазақ тілі — мемлекеттік тіл, қазақ тілінің дамуы, қазақ әдеби тілінің стильдері туралы мәлімет, қазақ әдеби тілі — қуатты қүрал.





Тақырыбы:

  1. Қазақ тілі материалдарын меңгертудің ерекшеліктері.

  2. Қазақ тілі материалдарын еске түсіру

  3. Қазақ тілі материалдарына дағдыландыру.

  4. Қазақ тілі материалдарын түсіндіру.

  5. Қазақ тілін оқытудың методологиялық негіздері

  6. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық-методологиялық принциптері

  7. Қазақ тілін оқыту методикасының басқа пәндермен байланысы

  8. Оқушыларға қазақ тілінен берілетін білім көлемі

  9. Қазақ тілін оқытудың жүйесі



Орындаған:

Қабылдаған:


Жетісай-2009


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Қазақстан Республикасы iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау
Ме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің...

Қазақстан Республикасы iconЖоба Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан...

Қазақстан Республикасы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 желтоқсан №2021 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының...

Қазақстан Республикасы iconТөртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы
Азақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2 тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»...

Қазақстан Республикасы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
Азақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру...

Қазақстан Республикасы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының қорлары туралы
Он екінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 28 қаңтардағы тоғызыншы сессиясында қабылданған Қазақстан...

Қазақстан Республикасы iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 6-тармағына және «Қазақстан Республикасы...

Қазақстан Республикасы icon«Дарынды балаларға арналған №165 мамандандырылған мектеп лицей» Мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) Қазақстан Республикасы конститутциясы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі,...

Қазақстан Республикасы iconҚазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат Экономикалық даму және министрлігі сауда министрлігі
...

Қазақстан Республикасы iconҚазақстан республикасы президентінің жарлығЫ Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №856 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасы Конституциясының нормаларын іске асыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін жетілдіру мақсатында Қаулы етемін

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница