Аудиоконференциялар қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі




Скачать 374.99 Kb.
НазваниеАудиоконференциялар қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі
страница3/3
Дата конвертации22.09.2012
Размер374.99 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://portal.vkgu.kz:1010/6371/4.doc
1   2   3

.


9-тақырып. Болашақ мұғалімдердің кәсіби біліктілігін қалыптастырудағы ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану жолдары

Дәріс мақсаты: ақпараттық коммуникациялық технологияның пайдалану жолдарын сипаттау.

Дәріс жоспары

1. Мультимедиялық технологияларды білім беру үрдісінде қолдану

2. ACTIV board-Интерактивті тақтасының негізгі мүмкіндіктері мен ACTIVstudio бағдарламасы

3. Биология сабақтарында мультимедиялық технологияларды қолдану

4. Электрондық оқулықтар.

5 Пәнді оқытудағы ақпараттандырудың кезеңдері.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың 3-ші тарауы, 18 бағытының 7 тармақшасында: «Ақпараттық технологиялармен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де өз алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ 17 бағыттың 3-ші тармақшасында: «Он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгенде бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Ақпараттық мәдениет дегеніміз – ақпарат теориясы саласынан білімінің болуы және ақпараттармен жұмыс істей білу

Оқытудың ақпараттық технологиясының анықтамаларын (ұлы Л.В.Луцевич, Е.И.Могибец, Ж.А.Қараев, Ш.Қ.Құрманалина) мазмұндық талдау жасай келе екі тәсілмен анықтаған

ХХ ғасырдың екінші жартысында педагогикада «медиа-білім» бағыты қалыптасты. Ол оқушылардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп үйренуін зерттейді. Басты міндеттері: оқушыларды қоғамдағы ақпарттық өмірге әзірлеу, әр түрлі ақпараттарды қолдануға ақпарттық технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Мазмұны: қарым-қатынас, байланыс туралы ұғым белгілер жүйесі, ақпаратты көрсету, көпшілік қолданатын байланыс құралдары, компьютерлік сауаттылық, ақпарат беретін жаңа технологияларды меңгеру, компьютер және басқа электрондық құралдар көмегімен ақпарат ала білуге дағдыландырып, қарапайым бағдарламалар жасауға үйрету.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Сабақта мультимедиялық технологияларды қолданғанда сабақтың құрылымы өзгермейді, барлық негізгі кезеңдері бұрынғыша сақталып қалады, тек уақыт бөлінуі өзгеруі мүмкін.

Гипермәтіндік сілтемелерді қолдану арқылы жасалатын мультимедиялық презентациялар аналитикалық, жүйелік ойлау қабілетін дамытады. Сонымен қатар презентациялын көмегінен франтальды, топтық, жеке сияқты әр түрлі танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру формаларын қолдануға болады.

Сондықтан презентация сабақтың 3 дидактикалық мақсатына сай келеді:

Білімділік аспект: оқушылардың оқу материалдарын қабылдауы, нысандардың байланысы мен қарым-қатынасын зерделеу.

Дамытушылық аспект: оқушылардың танымдық қызығушылығын, жүйелеу, сараптау, салыстыру дағдыларын дамыту, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін арттыру.

Тәрбиелік аспект: ғылыми көзқарастарын тәрбиелеу, өздігінен және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, жолдастық сезімге өзара көмек беруге тәрбиелеу.

Мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық технологиялардың енуі біршама күрделі процесс және ол фундаментальды ойлануды қажет етеді. Бұл проблеманы шешу үшін ақпараттық әдістерді пайдаланумен қатар дәстүрлі әдістерді де қолдану керек. Түрлі оқыту технологияларын пайдалану арқылы оқушыларға материалды қабылдаудың әртүрлі әдістерін үйретеміз, оқулық беттерін оқу оқытушының түсіндіруі, ақпаратты манитор экран арқылы қабылдау т.б.

2. Интерактивті тақта арқылы сабақтың барысын жеделдетіп, оқушылардың оқу материалын меңгеруін жақсартуға болатыны сөзсіз. Интерактивті тақтада аудио, видио, презентациялық бағдарлама, мәтіндік редактор, бейне редакторы, интернет т.б. ресурстар бар. Компьютерде бар мәліметті интерактивті тақтада үлкейтілген мөлшерде көрсетуге де болады. Сабақта графиктер, диаграммалар, кестелер, тірек сызбалар құрып, оларды өзгертуге, орнынан жылжытуға, кейбір жерлерін жасырып, қайта ашуға болады. Әрбір жазылған бетті, жұмысты сақтауға болады, ертеңгі күні оны қайта ашуға да болады. Тіпті қағаз бетіне басып шығаруға да мүмкіндік бар. Сарамандық сабақтарда жұмыс алгаритмін беруде, қорытында жасауда, салыстыруда, талдау кезінде қолдану жолдары анықталып отыр.

Интерактивті тақтаны сабақ тақырыбын, сабақ кезеңдерін түсіндіруде, тірек-сызбаларды сызуда, тақырыпқа байланысты бейне-сюжетті көрсетуде, сергіту сәттерінде музыкалық бейне-клип көрсетуде қолданады; Проектор арқылы арнайы слайдта дайындалған материалдар, оқушылардың білімін тексеруге арналған тест тапсырмаларды, эстафеталық кесте жасырын ойындары көрсетілді және электронды оқулықтарды қолдану арқылы оқу материалын меңгертудің тиімді әдістемелік жолы қарастырылды.


3. БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде слайд-дәрістерді қолдану. 2.Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тұсаукесер бағдарламасы арқылы орындауға болады.

3Тақырыпқа байланысты фильмдер пайдалану. Кинодәріс (кинолекция)түріндегі сабақты тек қана бейнетаспамен көрсетіп түсіндіру ғана емес, сол бейнетаспаны көрсету сәтінде түрлі сұрақтар қойып , оқушылардың ойлау қабілетін дамытып отыру керек.Лектор ең қажетті,өз бетімен оқығанда түсінуге қиын болады-ау деген мәселелерді қамтуға күш салады.


4.Оқушылардың білімдерін тестер бағдарламасы арқылы бағалау

5. Биология сабақтарында мультимедианы қолданудың төмендегідей жолдарын атауға болады:

  • Мультимедианы мұғалімнің қолдануы кезінде дыбысты тоқтатып, оқушыға көрсетіліп тұрған үрдісті сипаттап беру тапсырмасын ұсыну немесе кадрдың басын көрсетіп, соңы не болатынына болжам жасату.

  • Оқушылардың компьютерді қолдануы: мәтіндік матералды меңгеру кезінде кесте толтыру, қысқаша конспект, сұраққа жауап жазу.

  • Білімді тексеру: өзін- өзі тексеру бағдарламасы бар тест жүйесін қолдану;

  • Оқушылардың мультимедиалық презентациямен жасалған шығармашылық жұмыстары, баяндамалары, рефераттары, ізденіс жинақтары. Мұндай жұмыс оқушының ойлау қабілетін, еске сақтауын дамытып, қорытынды жасауға, нақтылауға, негізгісін анықтауға, логикалық байланыстарды орнатуға үйретеді.

Алайда, мұндай жұмыстарды оқыту үрдісіне ендіру бірден жүзеге аспайтыны есепке алынуы тиіс.

4.Электрондық оқулықтар.

Электронды оқулықта кітапта жоқ қосымша материалдар беріледі. Электрондық оқулық арқылы оқушы білім көзіне өзі жетеді Электрондық оқулықтар ара-қашықтықтан оқыту формасына негізделіп жасақталады және оны жүзеге асыру үшін қолданылады.

Электрондық құралдармен жұмыс істеп, оқыта алатын мұғалімдерді даярлау міндеті тұр. Дәстүрлі оқулықтарға қарағанда электрондық оқулықтар үнемі толықтырылып отырады.

Мультимедиялы энциклопедиялар электронды оқулықтар. Бұндай сабақтарды оқушылар мұғалімнің электронды оқулық тексіне сай құрастырған инструктивті карточканы алады. Онда сұрақтар көрсетіледі, электронды оқулықтан жауаптарды тауып, жұмыс дәптерлеріне жазады; сабақ тақырыбы бойынша қандай суреттерді салу керек екендігі және қандай мағлұматтарды тауып берілген таблицаларға енгізу керек екендігін көрсетеді.

5.Пәнді оқытудағы ақпараттандырудың кезеңдері:

  1. Компьютерді жазба құралы ретінде қолданып, сабаққа қажетті дидактикалық материалдар, сабақ жоспарларын дайындау.

  2. Сабақта дайын электронды оқулықтары мен электронды оқу ресурстарын көрнекілік, иллюстрация ретінде қолдану.

  3. Microsoft Power Point, Adobe Photoshop т.б. бағдарламалардың көмегімен төл оқу құралдарын шығару. Яғни, бағдарламалық ресурстарды меңгеріп, пайдалану.

  4. Оқу жобаларын жасауда қолдану, оқушылардың сыныптан тыс жұмысын ұйымдастыруға пайдалану. Қашықтан ұйымдастырылған олимпиадаларға, конференцияларға қатынасу.

  5. Жүйені ойластыру кезеңі. Яғни, жоғарыда аталған кезеңдердегі ең тиімді тәсілдерін сараптап, тиісті мөлшерде, ойластыра отырып, жүйелі кешен құру.



10-тақырып. Жеке тұлғаға бағытталған технология.

Дәріс мақсаты: Дара тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде білім алушының жеке бас ерекшелігін ескереді және әр оқушы үшін оқу міндеттерін жүзеге асырудың қолайлы шарттарын туғызатынын сипаттау.

Дәріс жоспары

1.Жеке тұлғаға бағытталған технологияны сипаттау.

2«Жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беру.

3.Дара тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының негізгі ұстанымдары.

1. «Жеке тұлғаға бағыттап оқытудың » авторы ( Крутецкий, Поляков,Рабунский «Жекелей келу» терминімен айырмашылықтарын ескермейді. Оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін , қолданылатын әдіс- тәсілдерін мұғалімнің іс- әрекетімен қарастырылады. Оның негізі жеке тұлғаның даму тұжырымдамасына негізделген, яғни теориялықтан практикалық іс-әрекетке көшуге бағытталған. Білім беру жүйесінде Қазақстанда өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Я.А. Каменскийдің, И.Герберттің дәстүрлі обьект-субьектілі педагогикасының орынын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде , өзін-өзі өзектілендіруге , өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған.Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын , білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

2.Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ, біздің ойымызша , төмендегідей анықтама неғұрлым дәл келеді:

  • Адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;

  • Өзіне және өзімен-өзінің , дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;

  • Іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рольдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әректеттерінің жиынтығы;

  • Айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін өзі жете түсінуі,

  • Қажеттілік жүйесі,

  • Шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;

  • Сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т.б. ( Селевко)

3. Дара тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының негізгі ұстанымдары ретінде мыналар сақталуы тиіс:

-Білім алушының жеке бас ерекшелігін ескеру ұстанымы. Бұл принцип әр баланы өзінің қабілетіне сай оқытуды көздейді.

-Жеке білім траекториясын таңдау еркіндігі ұстанымы (міндетті деңгейден төмен болмайтын).

-Оқытудың продуктивтілігі ұстанымы. Оқытудың мерзімдік кезеңдеріне (сабақ, тоқсан, оқу жылы) сәйкестендірілген білім нәтижелерін нақты белгілейді.

-Жағдаяттық оқыту ұстанымы. Бұл принцип құзыреттілікке бағдарланған тапсырмаларды шешу мақсатындағы сөйлесім әрекеттерін кешенді құруды көздейді.


11-тақырып. Деңгейлеп оқыту технологиясы.

Дәріс мақсаты:

Деңгейлеп оқыту технологиясының білім алушылардың қабілет деңгейлеріне қарай тапсырмаларды саралауы қажет екендігіне түсінік беру.

Жоспар

1. Деңгейлеп– саралап оқытудың теориялық аспектісі

2. Деңгейлеп-саралап оқытудың психологиялық аспектісі.

3. Биология сабағын деңгейлеп оқыту

1. Деңгейлеп– саралап оқытудың теориялық аспектісі.

1.Деңгейлеп оқыту қазіргі заман талабына сай оқыту мазмұнын жаңарту көзі.

Әр оқушыға жекелей келудің қажеттілігі туралы сыныптық- сабақтық жүйенің негізін салушы Я.А. Каменский айтқан болатын. Ол дидактиканы «бәріне үйретуді» өнер деп қарастырған және оқушылардың әр түрлілігіне , әр қайсысына ерекше қарауға қарамастан оқүшылардың өз күшіне сенген.Каменский бойынша деңгейлеп оқыту арқылы әр оқушыға жекелей келу оқытудың мазмұнымен әдісіне және оқушының жаңа бір даму деңгейін қарастырған.К.Я. Ушинский сыныптағы ұжымдық жұмыс жағдайында өздік жұмыстар арқылы жекелей келуге болатындығын айтады. Ол өз еңбектерінде психологиялық-педагогикалық негіздей береді.Келесі тоқталғандар Л.Н.Толстой, Н.И. Пирогов, Н.Ф. Бунаков және П.Ф.Каптеревтер.Қазан төңкерісінен кейін негізінен ХХ ғасырдың 20-30 жылдары оқушылармен даралай- саралап оқыту арқылы оқуға деген оқушылар белсенділігі туралы мәселелер қозғалды.Базалық білім бұл технологияның алдына қойған мақсаттарына жетудегі басты құралдарының бірі болып табылады. Осындай мақсаттарға бағытталған оқыту технологиясы оқыту үдірісін дұрыстап құра білгенде оқушылар білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қолданылатын технологиялардың кез келген түрі арнайы зерттеліп жасап шығарылған дидактикалық материалдарға сүйенуі шарт. (оқу мәтіні, жаттығу және тапсырмалар жүйесі, өзіндік жұмыстар мен білім тексеру.

2. Деңгейлеп-саралап оқытудың психологиялық аспектісі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының оқушылардың денсаулығын сақтауға әсерін тигізетін төмендегі талаптарды орындауға негіз болады;

  • Оқушының жеке басының ерекшелігін, темпераментін, мінезін, есте сақтау қабілетін, оқу материалдарын қабылдауын есепке алу,

  • Оқу материалын игеруде шамадан тыс ауыр, жүйке жүйесіне әсер ететін оқушының шамасы келмейтін өте қиын материалды болдырмау;

  • Сынып ұжымында моральды – психологиялық тұрғыдан жайлы климатты тудыратын жағдай жасау, оқушының көңіл күйіне әсер ететін кез- келген факторларды болдырмау; (жеку, дөрекілік көрсету)

  • Оқушыны күйзелуден, ренжуден, балағаттаудан, өзін-өзі қорғап қана қоймай оқушылардың бір-бірімен адамгершілік тұрғыда қарым-қатынас жасауға үйрету.



3. Биология сабағын деңгейлеп оқыту Биология сабағында өнімді тапсырмалардың түр-түрін ұйымдастыруға болады. Мыс:

  • Микроорганизмдердің әртүрлі түрлерінің даму процесіндегі заңдылықты ізде;

  • Оқыған жануарлар түрлерін классификацияла;

  • өз беттерінше кроссвордтар, жұмбақтар құрастыру;

  • әртүрлі экологиялық мәселелерді шешу жолдарын талдату;

  • стандартты емес зерттеу жұмыстарын орындатқызу; т.с.с.

Деңгейлік тапсырмаларды орындатуды ұйымдастыру түрлері де әртүрлі.

Білім сапасы төмен деңгейдегі оқушыларға өнімсіз (репродуктивті) тапсырмалар, орта деңгейге алгоритм көмегімен орындалатын тапсырмалар, жоғары деңгейге шығармашылық тапсырмалар беріліп жеке және топпен жүргізуге болады. Барлық оқушыға бірдей өнімді ,шығармашылық тапсырмаларды беруге болады, бірақ білім сапасы төменгі деңгей оқушыларына басқаша өзгертілген ситуацияда шешілетін шығармашылық элементтері бар тапсырмалар ғана берілуі керек, ал екі деңгей оқушыларына өз білімдерін жаңа ситуацияда қолдана алатындай тапсырмалар болуы шарт.

Шығармашылыққа бағытталған деңгейлік тапсырмаларға мысалдар келтіріп көрелік :

  1. мысал: Қоректену тізбегі элементтері дұрыс жазылмаған: « шөптекті

өсімдіктер», «бүркіт», «бақа», «жылан», «шегіртке», «микроорганизмдер»

І-топқа тапсырма: қоректену тізбегін дұрыс құр.

ІІ –топқа тапсырма: Қоректену тізбегін дұрыс құрып, « продуценттерді»,

«консументтерді», редуценттерді» анықта.

ІІІ-топқа: ІІ топ тапсырмасын орында да өз нұсқаңды ұсын.

12-тақырып. В.Ф.Шаталовтың қарқынды оқыту технологиясы

Дәріс мақсаты . В.Ф.Шаталовтың қарқынды оқыту технологиясын сипаттау

1. В.Ф.Шаталовтың қарқынды оқыту технологиясы туралы түсінік.

2.Тірек конспектінің маңызы

3. 5 -6 класс биология пәнінің тірек конспектін ұсыну

1.Кәзіргі кезде оқу-тәрбие процесін уилестіруге бағытталған және сонымен қатар психологиялық-педогогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға жетелейтін алдыңғы қатарлы педогогикалық тәжірейбенің көптеген жетістіктері белгілі.

Осындай кен арналы,жемістіде қызу ізденіс үстіндегі жаңашыл мұғалімдерінің арасыда азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы заманға білім беру ісінің өзекті,әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федорович Шаталовтың есімі айрықша дараланып тұрады.Бұл өзекті мәселелерге:оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою,олардың бойында оқуға деген қызығушылықты,белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т.б.жатады.

Ерекше әсер қалдыратын нәрсе,бұл мұғалімнің жекелеген әдіс тәсілдермен эксперимент жасау емес,қайта олардың толық және жеткілікті түрде,сындарлы бірізділіпен,белгілі бір әдістемелік жүйемен құрылуындағы жетістіліктерді көрсете білуге деген ұмтылысы мен мүмкінділігі.Мұны іс-тәжірибесінде жүзеге асыру авторы жалпы дидактикалық принцептерді және олардың бүгінгі көрінісін (мысалы,шама жету және ұғынықты болу принцепі мен қиындығы өте жоғары деңгеидегі жұмыс принцептерінің арақатынасы және т.б.)талқылауға келтіріліп отыр.

Тірек конспектілі қысқарған сөздер, шартты белгілер, суреттер, арқылы түзуге болады.

2.Тірек конспектінің маңызы өте зор:

Мұғалім тірек конспекті түзу үшін көп ізденеді, сабақтың маңызын терең меңгереді;

  1. Оқушылардың сөз байлығын дамытады;

  2. Логикалық ойлауын жақсартады;

  3. Нашар оқитын оқитын оқушылардың үлгерімін жоғарылатуға көмектеседі;

  4. Пәнаралық байланысты іске асыруға көмектеседі;

  5. Сабақтың тәрбиелік жағына көңіл бөледі;

  6. Оқушылар сабақты жүйемен айтуға дағдыланады;

  7. Сабақтың өмірмен байланысын жақсартады;

  8. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге көмегін тигізеді.



3.Тірек конспектісін жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіріп болған соң қорыту, қайталау кезінде де пайдалануға болады, Мұның бәрі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бұл ұсынып отырған тірек конспекті –оқушыларға арналған, бірінші рет болғандықтан өте қарапайым түрде 5 -6 класс деңгейінде жасалған.


13 тақырып: Денсаулық сақтау технологиясы.

Дәріс мақсаты Жаңарған елдің мектебіне денсаулық сақтау технологиясын енгізу - өмір талабы екенлігін дәлелдеу.

Жоспар.

  1. Денсаулық сақтау технологиясы туралы түсінік.

  2. Денсаулық сақтау технологиясының мазмұны мен бағыттары.

  3. Денсаулық сақтау технологиясын пайдаланып сабақ жоспарын жасау.

1. Денсаулық сақтау технологиясы туралы түсінік.

Адам баласының ең бірінші қажеттілігі- оның өмірі мен денсаулығын сақтау. Денсаулық сақтау, ауырмауға үйрету пәні – салауаттанудан туындауы шарт. Қазіргі экология, катаклизм, жазылмайтын дерттердің өршуі жағдайында жас ұрпаққа жете түсіндіруді бәсеңдетпеу болып табылады, олай болмайынша, денсаулыққа кері әсер ететін факторлар көбейіп, адамзаттың одан әрі дамуының өзі екіталай күйге айналып бара жатқанын жасыруға болмайды. Оқушының өсуі мен дамуын бақылай отырып, ауытқушылықты ерте анықтап және оны қалыпқа келтіру жолдары – арнаулы дене тәрбиесі, емдеу жаттығулары сабақтарын ұйымдастыруды көздеуі шарт.

2. Денсаулық сақтау технологиясының мазмұны мен бағыттары.

Болашақ заман азаматының денсаулығының күйі және оның ортаға бейімделуі – адаптациясын ескеру, жеке, өзіндік, типтік, жыныстық және жас ерекшелігіне орай дамуын болжау, дамуындағы ерекшелікті анықтап, оны дамыта білу, білім деңгейін анықтап, шаршауды болдырмау, жан-жақты психологиялық-педагогикалық зерттеп, жүйелі көмектесу, жанұяға психолог, социолог, ардагерлер кеңестерін беру, сөйтіп әр оқушының білімге деген қызығушылығын, қабілетін арттыру, бәсекелестікке төтеп бере алатынадам әрекетінің перспективалық бағыты – экономика, менеджмент, құқық, психология, көптілділік және технологиялық қызметтерге баулау өз нәтижесін береді.

3. 9- сыныпта «Қанайналым мүшелері.» сабағын өткізу.

Биология сабақтарында адамның дене мүшелері мен оның қызметін оқыта отырып,оқушыларды саналы түрде өз денсаулығын қорғауға,салауатты өмір сүруге,гигиена ережелерін мұқият сақтауға үйретуге болады.Адам ағзасы мен психикасы зерттеліп бітпегендіктен соңғы ғылыми жаңалықтардан оқушыларға хабарлар болуы тиіс.Бұл арқылы оқушылардың ғылымға, медицинаға қызығушылығы оянады.. «Жүректі сақтайық » сабағынан жасалатын түйін- «ӘРБІР АДАМНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ӨЗ ҚОЛЫНДА»


14-тақырып. Оқытудың ойын технологиясы.

Дәріс мақсаты: Оқытудың ойын технологиясының рөлін сипаттау.

Жоспар:

1. Оқытудың ойын технологиясының маңызы,түрлері.

2. . Биология сабағында қолдануға болатын ойын түрлері.

1.Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік жағдаяттарда білім алушыларды қарым-қатынас мәдениетіне төселдіреді.

Қорытынды сабақтарды өткен кезде әртүрлі ойын сабақтарын өткізуге болады. Ойынның қызықты әдіс-тәсілдері, әртүрлі элементтері баланың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттырады.

  1. «Кім білгір» ойнында әр топқа сұрақтар қоя отырып бағдаршалы зырылдауықты айналдырады.Ол қай нөмірге тоқтаса, сол нөмір бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. Әр топқа 4 сұрақтан және 1 мин ойлануға беріледі.

«Блиц-турнир» ойынында әр топқа конверт ішінде 2 сұрақтан бар сол сұраққа бірігіп жауап берулері керек т.б.

Биологияны оқыту барысында білім алушыларының тек қана білім, білік және дағдыларын дамытып қана қоймай, оларды ақпаратпен өз бетінше жұмыс істеуге ынталандыру үшін оқыту технологияларын қолдану тиімді нәтижелерге алып келетіні сөзсіз.

15-Межелік бақылау жұмысы.






1   2   3

Похожие:

Аудиоконференциялар қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі icon2010 жылғы меншік түрі бойынша Жалпы қосылған құн
Жалпы қосылған құнның1 құрылымында мемлекеттік меншік түрі – 9,3%, жеке меншік түрі – 77,8% және басқа мемлекеттердің меншігі – 12,9%...
Аудиоконференциялар қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі iconҚазіргі адамдар түрі тас дәуірінің қай кезеңінде қалыптасып шықты?
Ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті туралы археологиялық материалдардың қай түрі басты мәлімет береді?
Аудиоконференциялар қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі iconКурс атауы/ ПӘНІ
Курс түрі (жбп жалпы білім беретін пәндер, бп – базалық ПӘндер, кп – КӘсіби пәндер, ОҚТ – ОҚытудың Қосымша түРІ)
Аудиоконференциялар қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі iconБалқаш өңірі әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр
Балқаш өңірі әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң...
Аудиоконференциялар қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі icon1. Дисфемизмді белгілеңіз
Біріккен сөз сыңарларындағы көршілес дыбыстардың біріне- бірі әсер етіп, екі жақтық өзгеріске түсетін жерін көрсетіңіз
Аудиоконференциялар қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі iconОкз «Баласағұн» Құрметті конференцияға қатысушылар! Қадірлі әріптестер!
Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың Білім қызметкерлерінің тамыз конференциясында сөйлеген сөзі
Аудиоконференциялар қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі iconБюджет түсімдерін болжамдау
Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығы (белгіленген...
Аудиоконференциялар қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі iconБюджет түсімдерін болжамдау
Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығы (белгіленген...
Аудиоконференциялар қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі iconҮЕҰ АҚпараттық –білім беру орталығЫ
«Сау ұрпақ» оқытушылар одағы» ҚБ «Саялы» шипажайында облыстық еріктілер слетін өткізді. Оған облыстан 60 ерікті қатысты. Қатысушылар...
Аудиоконференциялар қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі iconЖбп жалпы біліім беретін пәндер, бп
Курса түрі (жбп жалпы біліім беретін пәндер, бп-базалық пәндер, кп-кәсіби пәндер, ОҚТ-оқытудың қосымша түрі)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница