Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау




Скачать 46.23 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау
Дата конвертации12.02.2016
Размер46.23 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kazntu.kz/sites/default/files/ 25.00.21 на каз.яз..doc
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАДАҒАЛАУ

ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ КОМИТЕТІ


ҚР БжәнеҒ М

Білім және ғылым саласындағы қадағалау

және аттестаттау комитетінің

23.02.2008ж. №327 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

Диссертациялық кеңес төрағасы


___________________Б.Р.Рақышев «_____»_________________ 2008 г.


25.00.21 – Кен-техникалық жүйелерін жобалаудың теориялық негіздері

мамандығының


ҚЫСҚАША ПАСПОРТЫ


Астана, 2008

ПАСПОРТТЫҢ МАЗМҰНЫ


I. Ғылыми дәреже берілетін ғылым саласы

Техника ғылымдары


II. Мамандық формуласы

«Кен-техникалық жүйелерін жобалаудың теориялық негіздері» - жер қойнауын тиімді және кешенді игеру, қоршаған ортаны қорғау үшін жаңа технология мен техникалық құралдар арқылы қабылданған және басқа да маңызды мәселелерді шешу үшін жер қойнауының техногендік түрлену параметрлерін анықтау әдістемесі мен олардың өзара байланысу заңдылықтары туралы білімдер жүйесі интеграцияланатын тау-кен ғылымының саласы.

Кен-техникалық, кен-механикалық жүйелерін жобалаудың теориялық негіздері – кен-техникалық, кен-механикалық жүйелердің табиғи геожүйелермен байланыстағы жиынтығы ретінде технологендік геожүйе объектілерінің параметрлерін таңдау кезінде шешімдерді математикалық, ақпараттық және техникалық-экономикалық қамтамасыз ету, әртүрлі модельдерді, әдістемелерді жасауды негіздеу үшін база болып табылады.


III. Зерттеу аймағы

  1. Тау-кен геологиялық ақпараттарды пайдаланып пайдалы қазбалардың, технологендік түзілулердің жату заңдылықтарын анықтау үшін техникалық құралдар мен әдістерін жасау.

2. Кен кәсіпорындарын (кеніштер, шахталар, байыту фабрикалары, мұнайгазжелілері, қоймалар) жобалау әдістемесін жасау пайдалы қазбалар кенорындарын игерудің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін, техникалық мүмкіндігін, олардың құрылысының экономикалық тиімділігін зерттеу және негіздеу мәселелерін қамтиды. Кен, мұнай-газ кәсіпорындарының дамуын, кен алынған кеңістікті және кен-металлургиялық, мұнай-газ, энергетикалық және басқа да өндіріс қалдықтарын қауіпсіз пайдалануды негіздеу.

3. Карьерлерді, кеніштерді және мұнай-газ өндірісін мемлекет, регион шекарасында орналастыру теориясын және кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына келтіре отырып жер қойнауын кешенді игерудің ғылыми негіздерін жасау.

4. Кен-техникалық, кен-механикалық жүйелерді жобалауды математикалық, ақпараттық, техника-технологиялық және техника-экономикалық қамтамасыз ету, компьютерлік модельдеу және нәтижелерді болжауды негіздеу. Ашу сұлбасын, қазу жүйесін, кен жұмыстарын кешенді механикаландыру сұлбасын, қоршаған ортаны қорғау шараларын және технологиялық процестер параметрлерін негіздеу бойынша жобалық шешімдерді оңтайландыру.

5. Жер қойнауын кешенді игеру, минерады шикізат қорларын тиімді қазып алу және өндіру және байыту барысында оны кешенді пайдалану әдістемесін, принциптерін және әдістерін жасау. Жоба сапасын, тау-кен, мұнай-газ кәсіпорындарының нарықтық конъюнктура жағдайындағы жұмысының экономикалық тиімділігін, экологиялық қауіпсіздігін бағалау.

6. Кенорнын тиімді игеруге әсер ететін факторлар, параметрлер мен көрсеткіштердің өзара байланысын анықтау; кен-техникалық жүйелердің техникалық жағдайларын үздіксіз бақылау және басқару.

7. Шахты және карьер алаңдарының, техногендік объектілердің тау-кен геометриялық талдау принциптерін, әдістерін жасау; кенорындарын, шахты, карьер және мұнай-газ өндірісін математикалық модельдеу; карьерлік және шахты ішіндегі жүкағындарды, ашу тәсілін және деңгейжиектерді дайындау тәсілдерін негіздеу; кәсіпорынның өндірістік қуатын анықтау; тау-кен, мұнай-газ өндірісінің өнім сапасын арттыру және номенклатурасын жасау. Кен жұмыстарын жобалау, жоспарлау және басқарудың автоматтандырылған әдістері мен жүйелерін жасау, кен-техникалық, кен-механикалық жүйелердің қызметін талдау және бағалау.

8. Жер қойнауын игеру стратегиясының ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау, кен-техникалық, кен-механикалық жүйелердің мониторингінің принциптерін, экономикалық негіздерін және нарықтық жағдайды жетілдіру, өндірілетін өнім және тұтынылатын материалдар бағасын болжау.


IV. Шектес мамандықтар шифрі мен атауы

05.05.06 – Кен машиналары

25.00.19 – Мұнайгаз желілерінің, қоймаларының құрылысы және пайдалану

25.00.22 – Геотехнология (жерастылық, ашық және құрылыстық)

25.00.35 – Геоинформатика

25.00.36 – Геоэкология


V. Шектес мамандықтардан айырмашылығы

25.00.21 мамандығы саласындағы әртүрлі ғылыми, ғылыми-техникалық шешімдерді қабылдау басқа шектес мамандықтардың әдістерін белсенді қолдануды талап етеді: «Кен машиналары», «Мұнайгаз желілерінің, қоймаларының құрылысы және пайдалану», «Геотехнология» (жерастылық, ашық және құрылыстық), «Геоинформатика» және «Геоэкология» (техникалық ғылымдар). Бірақ, жер қойнауын игеруді жобалау теориясында ғылыми зерттеу нысаны аталған мамандықтар әдістері емес, сол әдістерді пайдалы қазбаларды игеру, мұнай-газ өндірісін немесе оның жеке бөліктерін игеру үшін кен-техникалық жүйелердің оңтайлы параметрлерін негіздеуде тиімді қолдану.

«Кен-техникалық жүйелерін жобалаудың теориялық негіздері» мамандығы бойынша ғылыми зерттеулердің «Кен машиналары», «Мұнайгаз желілерінің, қоймаларының құрылысы және пайдалану», «Геотехнология» (жерастылық, ашық және құрылыстық), «Геоинформатика» және «Геоэкология» мамандықтарынан ерекшелігі: олар бастапқы мәліметтері тұрақты емес, еңбек нысаны қалпына келмейтін, объектілердің масштабы мен қызмет мерзімінің ұзақтығымен, қабылданған шешімдер мен оларды іске асыру уақытының ұзақтығымен, объектінің қызмет барысында осы шешімдерді згеру қиындықтарымен байланысты тау-кен және мұнай-газ объектілерінің параметрлерін таңдау және оларды конструкторлау бойынша қабылданған шешімдердің критерилері мен есептеу әдістерінің жиынтығын қамтиды.


25.00.21 мамандығының паспорты Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың диссертациялық кеңесінің мәжілісінде талқыланған және қабылданған (9 қаңтар 2008ж., протокол №1).

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау
Тау-кен өнеркәсібі мен мұнай-газ кәсіпшілігі геологиясы, геофизика, маркшейдер ісі және жер қойнауының геометриясы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау
Геотехнологиялық процестер кезіндегі заңдылықтар және оларды жер қойнауын игеруде қолдану туралы тау-кен ғылымдырының кешені
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2003 ж. 23 маусымдағы (№8 хаттама)...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының
Республикасы Білімжәне ғылым министрлігі Білім және ғылымсаласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесі
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2015 ж. 29 қазанында...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау iconҚазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
«Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша кандидаттық емтиханға арналған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы №261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Миссиясы: бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағЫ Қадағалау iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница