«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті




Скачать 313.88 Kb.
Название«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
страница1/3
Дата конвертации12.02.2016
Размер313.88 Kb.
ТипРегламент
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish294842_7477.doc
  1   2   3
Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банк

Директорлар кеңесінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 259 қаулысымен
бекітілген


«Валюталық операцияны тіркеу»

мемлекеттік қызметтерінің регламенті


1. Негізгі ұғымдар


1. Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жауапты тұлғалары, құрылымдық бөлімшелері, қызметтер көрсету барысында қатысатын ақпарат жүйелері немесе олардың шағын жүйелері.

«Төлем балансы бойынша деректерді жинау және өңдеу» ААШЖ – төлем балансының жекелеген баптарын қалыптастыру және елдің мемлекет кепілдік бермеген сыртқы борышын бағалау үшін Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметтері бойынша есептік-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу жүйелерін ұйымдастыруға арналған автоматтандырылған ақпарат жүйесі.


2. Жалпы ережелер


2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияларды тіркеуді жүзеге асырады. Тіркеу режиміне валюталық операцияларды резидент қатысушыларының Ұлттық Банкке құжаттарын пакетін беру және кейіннен жүргізілген операциялар туралы және валюталық шарттың өзгерістері туралы ақпарат беру кіреді. Валюта шартын тіркеу кезінде өтініш берушіге белгіленген үлгідегі құжат – тіркеу куәлігі беріледі.

3. «Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерін
(бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер) осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес Ұлттық Банктің аумақтық филиалының бөлімшесі (бұдан әрі – жауапты бөлімше) көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетілетін нормативтік құқықтық актілер:

1) «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы
13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң);

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысы;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен бекітілген «Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт).

6. Осы Регламенттің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Валюталық операция туралы тіркеу куәлігі (бұдан әрі – тіркеу куәлігі) не валюталық операцияны тіркеуден бас тарту себептері жазылған дәлелді жазбаша жауап мемлекеттік қызметтердің нәтижесі болып табылады.

Ұсыну нысаны: қағаз тасымалдауышта.

7. Мемлекеттік қызметтерді Ұлттық Банк көрсетеді. Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарына өтініш жасау (анықтамалар, үзінді-көшірмелер алу, және т.с.) қажеттілігі жоқ.


3. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер көрсететін аумақтық филиалдары бөлімшелерінің мекенжайлары және байланыс деректері осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін күн сайын не Ұлттық Банктің аумақтық филиалының ішкі еңбек тәртібіне сәйкес.

9. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат (Стандарт және осы Регламенттің мәтіні) Ұлттық Банктің интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) және Ұлттық Банктің аумақтық филиалының ғимаратында орналастырылған. Сондай-ақ ақпаратты телефон бойынша алуға болады (анықтамаларға (консультацияларға) арналған телефон нөмірлерін осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету барысы туралы хабардар етуді жауапты бөлімшесінің қызметкері жүзеге асырады.

10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімі: тұтынушы Стандарттың
11-тармағында белгіленген құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

11. Валюталық операцияны тіркеуден бас тарту үшін негіз Стандарттың 16-тармағында айқындалған.

12. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша хабардар ету және консультация беру (қажет болған кезде);

2) осы Регламенттің 13-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдау;

3) құжаттарды Ұлттық Банктің аумақтық филиалы басшысының қарауы, құжаттарды жауапты бөлімшеге жіберу;

4) жауапты бөлімше басшысының құжаттарды қарауы және құжаттарды нақты орындаушыға жіберу;

5) құжаттарды жауапты бөлімше орындаушысының қарауы, тіркеу куәлігін не аумақтық филиалдың заң кеңесшісімен келісілген валюталық операцияны тіркеуден бас тарту себептері жазылған дәлелді жазбаша жауап дайындау;

6) мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін қағаз тасымалдауышта ресімдеу және тұтынушыға (оның сенімді тұлғасына сенімхат негізінде) мемлекеттік қызметтерді беруді есепке алу журналына қол қойғыза отырып беру не почтамен валюталық операцияны тіркеуден бас тарту себептері жазылған дәлелді жазбаша жауап жіберу;

7) мемлекеттік қызметтер көрсету карточкасын ресімдеу және оны толтыру үшін қызметтерді тұтынушыға беру.

Ұлттық Банктің аумақтық филиалында деректерді «Төлем балансы бойынша деректерді жинау және өңдеу» ААШЖ-ға енгізу және бекіту қосымша жүзеге асырылады.

13. Заңды және жеке тұлғалар құжаттарды Ұлттық Банктің аумақтық филиалының әкімшілік-шаруашылық бөліміне/жауапты тұлғаға (бұдан
әрі – ӘШБ) тапсырады немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшікке салады не осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша почтамен жібереді.


4. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысындағы іс-әрекеттер
(өзара іс-әрекеттер) тәртібінің сипаты



14. Құжаттарды қабылдау осы Регламенттің 13-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

Құжаттар пакетін қолма-қол тапсырған жағдайда тұтынушының қолына осы Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес құжаттардың алынғаны туралы талон беріледі.

Талонды Ұлттық Банктің аумақтық филиалының хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесі немесе жауапты тұлғасы осы Регламенттің
3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазады.

Тұтынушы құжаттарды почтамен жіберген немесе құжаттар пакетін
хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Тұтынушының оның мемлекеттік қызметтер көрсету үшін жасалған сұратуын (өтінімін) қабылдау (тіркеу) туралы ақпаратты алуы осы Регламенттің 13-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

15. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін талап етілетін құжаттар Стандарттың 11-тармағында белгіленген.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіне қатысушы ҚФБ:

1) әкімшілік-шаруашылық бөлімі немесе жауапты тұлға – кіріс
хат-хабарларын қабылдауды, өңдеуді тіркеуді және Ұлттық Банктің аумақтық филиалының бөлімшесіне тапсыруды, сондай-ақ толтырылған қызметтер көрсету карточкаларын қабылдауды және сақтау үшін жауапты бөлімшеге өткізуді жүзеге асыратын Ұлттық Банктің аумақтың филиалының бөлімшесі немесе жауапты тұлғасы;

2) Ұлттық Банктің аумақтық филиалының директоры не директорының орынбасары (бұдан әрі – АФ басшысы) – мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты аумақтық филиалдың басшысы;

3) жауапты бөлімше (басшы және орындаушы) – заңнамаға сәйкес валюталық операцияны тіркеуді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету карточкасын беруді және оны сақтауды жүзеге асыратын аумақтық филиалдың бөлімшесі.

17. Мыналардың:

- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі ҚФБ іс-әрекеттерінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 5-қосымшасында берілген;

- мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі үдерісінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 6-қосымшасында берілген;

- мемлекеттік қызметтер көрсетудің балама үдерісі мәтіндік кестелік сипаттамасы, егер ұсынылған құжаттар пакеті Стандарттың 11-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, осы Регламенттің 7-қосымшасында берілген.

18. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды жүйелігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 8-қосымшасында берілген.


5. Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтерін көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


19. Осы Регламентті орындамағаны немесе ойдағыдай орындамағаны және сақтамағаны үшін жауапкершілік мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіне қатысушы ҚФБ-нің лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне жүктеледі.

Жазалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.


«Валюталық операцияны тіркеу»

мемлекеттік қызметтерінің регламентіне

1-қосымша


Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының

мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімшелерінің

мекенжайлары және байланыс деректері


Р/с



Аумақтық филиалдың атауы

Заңды мекенжайы

Кабинет

нөмірі

Коды, телефоны

1

2

3

4

5

1.

Орталық филиал

010000, Астана қаласы,

Бейбiтшiлiк к-сі, 21










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




215

8 (7172) 703364

2.

Ақмола филиалы

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов к-сі, 214










Жиынтық-экономикалық бөлім




8

8 (7162) 250211,

251618

3.

Ақтөбе филиалы

030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Асау Барақ
к-сі, 45











Экономикалық талдау және статистика бөлімі




3

8 (7132) 210726

4.

Алматы қалалық филиалы

050000, Алматы қаласы,

Панфилов к-сі, 98










Төлем балансының статистикасы бөлімі




304

8 (727) 2443640

5.

Алматы облыстық филиалы

040008, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев к-сі, 58/64










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




3-қабат

8 (7282) 272144

6.

Атырау филиалы

060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Уәлиханов к-сі, 2










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




307

8 (7122) 328525

7.

Шығыс Қазақстан филиалы

070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан к-сі, 3










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




605

8 (7232) 254694

8.

Жамбыл филиалы

080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қазыбек би к-сі, 137










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




203

8 (7262) 457868

9.

Батыс Қазақстан филиалы

090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
Ж. Досмұхамедов
к-сі, 16











Экономикалық талдау және статистика бөлімі




3-қабат

8 (7112) 506107

10.

Қарағанды филиалы

100000, Қарағанды облысы,
Қарағанды қаласы,
Бұқар жырау д-лы, 19










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




34

8 (7212) 419184,

419180

11.

Қостанай филиалы

110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі, 195










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




303

8 (7142) 543368

12.

Қызылорда филиалы

120019, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жақаев к-сі, 20










Жиынтық-экономикалық бөлім




208

8 (7242) 277853

13.

Маңғыстау филиалы

130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23-ықшам аудан










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




311

8 (7292) 430538

14.

Павлодар филиалы

140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев к-сі, 44










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




319

8 (7182) 325648

15.

Солтүстік Қазақстан филиалы

150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,

Қазақстан Конституциясы к-сі, 6










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




302

8 (7152) 465668

16.

Оңтүстік Қазақстан филиалы

160012, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Төреқұлов к-сі, 2










Экономикалық талдау және статистика бөлімі




313

8 (7252) 212074
  1   2   3

Похожие:

«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Енжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан...
«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Рылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қызмет көрсету...
«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттiк қызмет стандарты 1
Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру жөніндегі мемлекеттiк қызметті (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы...
«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік

«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті iconВалюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
Осы Заң резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi,...
«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница