Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы




НазваниеҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
страница1/35
Дата конвертации12.02.2016
Размер3.9 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish105424_7222.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы


Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің:

1) «Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу»;

2) «Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау»;

3) «Валюталық операцияны тіркеу»;

4) «Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру»;

5) «Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру»;

6) «Банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу»;

7) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу»;

8) «Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерін келісу»;

9) «Орталық депозитарийдің ережелер жинағын келісу»;

10) «Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерін келісу»;

11) «Қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру»;

12) «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу»;

13) «Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру»;

14) «Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»;

15) «Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»;

16) «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»;

17) «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»;

18) «Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу»;

19) «Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру»;

20) «Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру»;

21) «Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру»;

22) «Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау»;

23) «Кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның пайдалануына енгізу актісін беру»;

24) «Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру»;

25) «Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру»;

26) «Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру»;

27) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу»;

28) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін»;

29) «Заңды тұлғаларды – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)»;

30) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат»;

31) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін.

2. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев


Астана, Ақорда, 2011 жылғы





Қазақстан

Республикасы Президентінің

2011 жылғы № Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 


«Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының мемлекеттік қызметті көрсететін бөлімшелерінің мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы
(бұдан әрі - Заң) 6-бабының 2-тармағы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысы (бұдан әрі - Ереже) негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және осы Стандарттың мәтіні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында тұтынушылар үшін қолжетімді орында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) орналастырылған.

5. Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігі не айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беруден бас тарту себептері жазылған қағаз тасымалдауыштағы дәлелді жазбаша жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

2) қажетті құжаттар пакеті кезек күтпестен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесіне/жауапты тұлғасына осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тапсырылады (немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшікке салынады);

3) айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін не айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беруден бас тарту себептері жазылған дәлелді жазбаша жауапты тұтынушыға не оның сенім білдірілген тұлғасына (сенімхат негізінде) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының жауапты орындаушысы кезек күтпестен береді.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Құжаттарды қабылдау және беру жұмыс күндері сағат 13.00-ден
14.00-ге дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін күн сайын жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау және беру кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының үйлерінде көрсетіледі. Аумақтық филиалдардың үйлері мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қол жетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Айырбастау пунктін тіркеу үшін талап етілетін құжаттар:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін берілетін салық төлеушінің мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі;

4) тұтынушының Ереженің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша арнайы дайындықтан өткендігін растайтын құжатының түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі қоса берілген, кассирдің қолма-қол шетел валютасымен кемінде 6 (алты) ай жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;

ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың сипаттамасын айқындайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының
үй-жайдың банк операцияларын жүргізу үшін дайын екендігі туралы қарап тексеру актісінің және (немесе) қорытындысының көшірмесі;

қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) біліктілік талабына сәйкестігін растайтын құжат (екінші деңгейдегі банктің уәкілетті ұйымның банк шотында лицензия алуға өтініш бергенге дейінгі күні айырбастау пункттерінің санын есепке ала отырып, жарғылық капиталды ақшалай нысанда қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі мөлшерден аз емес мөлшерде ақшасының болуын растайтын құжаты) ұсынылады.

Егер тұтынушы уәкілетті ұйымның филиалы болып табылса, мыналар қосымша ұсынылады:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясының көшірмесі;

уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында есептік тіркеуден өткен филиалы туралы ереженің көшірмесі.

Егер тұтынушы банктің немесе Ұлттық почта операторының филиалы болып табылса, мыналар қосымша ұсынылады:

филиалды есептік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында есептік тіркеуден өткен филиал туралы ереженің көшірмесі.

Шет тілде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

Айырбастау пунктін қайта тіркеу үшін талап етілетін құжаттар:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) қайта тіркеу үшін негіздемелердің (айырбастау пунктін нақты көшіруге әкеп соқпайтын көше атауларының, үй нөмірлерінің және тіркеу куәлігінде көрсетілген басқа да деректердің өзгеруі) туындауын растайтын құжаттар.

Айырбастау пунктін бастапқы тіркеу кезінде бұған дейін ұсынылған, істегі құжаттар айырбастау пунктін қайта тіркеу үшін қайта ұсынылмайды.

Айырбастау пунктін қайта тіркеу кезінде жаңа тіркеу куәлігінің нақты берілген күні көрсетілген тіркеу куәлігі беріледі.

12. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға өтініш еркін нысанда толтырылады және тұтынушының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына ұсынылады.

13. Құжаттар қабылдауды және тіркеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесі/жауапты тұлғасы осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырады (немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше/жауапты тұлға сағат 09.00-ден бастап сағат 18.00 аралығындағы кезеңде әрбір екі сағат сайын арнайы жабдықталған жәшіктен құжаттарды алады. Алынғаннан кейін құжаттарды хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше/жауапты тұлға тіркейді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының басшылығына бұдан әрі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының жауапты бөлімшесінің қарауы үшін жібереді.

14. Құжаттар пакетін қолма-қол тапсырған жағдайда тұтынушының қолына осы Стандарттың 3-қосымшасында сәйкес нысан бойынша құжаттардың алынғаны туралы талон беріледі.

Талонды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесі/жауапты тұлғасы осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазады.

Тұтынушы құжаттарды почта арқылы жіберген немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

15. Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының жауапты орындаушысы тұтынушыға не оның сенім білдірілген тұлғасына (сенімхат негізінде) жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған кезде тіркеу куәліктерін беруді есепке aлу журналына қол қойғыза отырып береді не тұтынушыға поштамен жіберіледі.

Тұтынушының келмеуі себебінен айырбастау пунктінің тіркеу куәлігінің 10 (он) жұмыс күнінен асатын мерзімде қолма-қол берілуі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу болып табылмайды.

16. Егер:

1) ұсынылған құжаттардың пакеті осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) ұсынылған құжаттар Заңда және Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе не тұтынушының Заңда және Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келуін растамаса, айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беруден бас тартылады.

Айырбастау пунктін тіркеу үшін құжаттарды қайта тапсырған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына оларды соңғы ұсынған сәттен бастап өзгермеген құжаттар ұсынылмайды. Бұл ретте құжаттар жалпы негізде қаралады және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушының өтінішті және қажетті құжаттар пакетін қайта берген күнінен бастап есептеледі.

Тіркеу куәлігін беруден бас тарту себептері жазылған дәлелді жазбаша жауап осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі. Жауап поштамен жіберіледі не тұтынушыға не оның сенім білдірілген тұлғасына (сенімхат негізінде) жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған кезде қол қойғыза отырып беріледі.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:

1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;

3) мемлекеттік қызметтің уақтылы көрсетілуі;

4) тұтынушының қарауға ұсынған құжаттарының сақталуы;

5) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы;

6) тұтынушы құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құжаттарды сақтау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімде олардың сақталуы.

 

 

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Похожие:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы iconТағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабы 2-тармағының 3 тармақшасын басшылыққа алып, «Нотариат туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы icon«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша салыстырма кесте
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы icon2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы iconЖұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы
Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница