Астана қ. бойынша Салық департаментінің




Скачать 147.79 Kb.
НазваниеАстана қ. бойынша Салық департаментінің
Дата конвертации12.02.2016
Размер147.79 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.astananalog.kz/uploads/files/Dolzhnostnyie_instruktsii_OU_na_kaz._yaz.doc
Астана қ. бойынша Салық департаментінің

Ұйымдастыру басқармасы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары


Ұйымдастыру басқармасының бастығы:


    • Басқарманың жұмысын үйлестіреді және жалпы басшылық жасайды;

    • Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

    • Департамент басшыларының қарауына Салық департаменті басқармалары мен құрылымдық бөлімшелері үшін кадрлық резервті қалыптастыру туралы ұсыныстар жасайды;

    • Департамент басшыларының қарауына Салық департаменті басқармалары мен құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату бойынша ұсыныстармен Департамент бастығына кіруге және оларды көтермелеу мен тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар дайындайды;

    • Салық заңнамасын насихаттау әдістері мен жетілдіру нысанына бағытталған іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастырады;

    • ҚР ҚМ СК Алқа және аппараттық отырыстардың хаттамалық тапсырмасын, Астана қ. бойынша СД Кеңейтілген Алқаның шешімдерін, бұйрықтардың жобасын дайындауға, іске асыруға қатысады және оған басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттар дайындайды;

    • департаменттің бұйрықтарын орындау және жұмысын ұйымдастыру бөлігінде департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне тексеру жүргізуді ұйымдастырады;

    • тапсырмалардың, бұйрықтардың, жұмыс жоспарының және т.б. орындалуына бақылауды және жиынтық жоспарын жүзеге асырады;

    • департамент бастығымен және оның орынбасарларымен өткізілетін отырыстарға қатысады;

    • Алқа отырыстарының шешімдерін әзірлеуге қатысады және департаменттің алқа отырыстарына қатысады;

    • Басқарма қызметкерлерінің ҚР ҚМ СК тапсырмаларын белгіленген мерзімде және сапалы орындауына бақылау жасайды;

    • Департамент бастығының қарауына Салық департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

    • Басқармаға алдына қойылған міндеттер мен жүктелген функциялар шегінде төмен тұрған Басқармалардағы жетекшілік ететін бөлімдерінің қызметін үйлестіреді және Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

    • Басқарманың жедел тіркеу бойынша жұмысына бақылауды және хат-хабардың орындаушыға жеткізілуін жүзеге асырады;

    • Департаментте және оның құрылымдық бөлімшелерінде тәртіптік орындау жағдайы туралы Департамент бастығын хабарландырады және жүзеге асырады, Департаменттің, Алматы және Сарыарқа аудандары бойынша Салық басқармаларының қызметкерлерін көтермелеу және жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

    • тиісті еңбек және орындау тәртібін қамтамасыз етеді, шығармашылық әлеуетін толық пайдалану үшін жағдай жасайды және басқарма қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;

    • Департамент бастығының тапсырмаларын, аппараттық отырыстардың, Кеңейтілген отырыстар шешімін ресімдеуді, сапалы және уақытылы орындауды бақылайды;

    • салық заңнамасын насихаттау әдістері мен жетілдіру нысандарына бағытталған жұмысты бақылайды және үйлестіреді.


1 Бас маман:


    • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салық заңнамасын насихаттау бойынша жаппай-түсіндіру жұмысын ұйымдастырады;

    • жаппай-түсіндіру жұмысы және Салық кодексінің негізгі ережелерін насихаттауы бойынша Департамент Басқармалары және құрылымдық бөлімшелерінің жүргізген жұмыстары туралы ақпаратты дайындайды;

    • жаппай-түсіндіру жұмыстарын жүргізу сұрақтары бойынша жоғары тұрған органға есептер мен ақпараттарды дайындайды;

    • салық заңын насихаттаудың түрлері мен әдістерін жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлейді;

    • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің ережелерін іске асыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастырады;

    • аудандық салық басқармалары мен департамент басқармаларынан жаппай-түсіндіру жұмыстары бойынша жұмыс жоспарына, есептер мен ақпараттарға сұраныс жасайды;

    • аудандық басқармаларда өткен шаралар бойынша апталық ақпарат дайындайды;

    • жоғары тұрған органның салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстары бойынша тапсырмасын орындайды;

    • басылымға беруге тапсырылған материалды тиісті жетекшілік ететін басқармамен келістіреді;

    • басқармада тех.сабақтарды жүргізуді ұйымдастырады;

    • кітапханашы мен мұрағатшыға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді;

    • жаппай-түсіндіру жұмыстары мен салық заңнамасын насихаттау бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерін тексеруге қатысады;

    • басқарма бастығының тапсырмасы бойынша отырыстың хаттамаларын жүргізеді және оның орындалуын бақылайды;

    • департаменттің және аудандық салық басқармаларының қызметкерлерін көтермелеу және жауапқа тарту туралы Департамент бастығына ұсыныстар енгізеді;

    • Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің жоғары тұрған орган мен департамент бастығының тапсырмалары мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды;

    • Департамент бастығы мен Басқарма бастығының жеке тапсырмаларын орындайды;

    • Басқарма бастығы болмаған кезде оның фукцияларын атқарады.



2 Бас маман:


    • басқарманың іс-шаралар жоспарын әзірлейді және олардың орындалуы бойынша бақылау жасайды;

    • департаменттің жұмыс жоспарын құрады және департамент басқармаларының іс-шаралардың мерзімдері бойынша орындауына бақылау жасайды;

    • жоғары тұрған, жергілікті басқару органдарымен және Қазақстан Республикасының басқа салық департаменттерімен жұмыс жасайды;

    • Департамент бастығы отырыстарының хаттамасын жүргізеді және Департамент бастығы мен оның орынбасарларының отырыстарда берген хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылайды;

    • Департамент басқармалары туралы ережелер мен Департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бастыққа қарауға дайындап ұсынады;

    • аудармашының құжаттарды мемлекеттік тілге уақытында аударуына бақылау жасайды;

    • Департамент бастығы өткізетін барлық кеңестерді, сондай-ақ Алқаларды жүргізу бойынша шараларды ұйымдастырады, Алқада берілген хаттамалық тапсырмалардың уақытында және сапалы орындалуын бақылайды;

    • Департамент қызметкерлерін көтермелеу және жауапкершілікке тарту туралы Департамент бастығына басқарма бастығының қолы қойылған ұсыныстар дайындайды;

    • Департаменттің құрылымдық бөлімшелерін тексеруге қатысады;

    • Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

    • Басқарманың және Департамент бастығының жеке тапсырмаларын орындайды;

    • Департамент бұйрықтарының уақытылы орындалуына бақылау жасайды, бас маман болмаған кезде өндірістік бұйрықтарды уақытылы тіркеуді, фирмалық бланкілерді беруді жүзеге асырады;

    • өзге мемлекеттік органдарымен бірлескен жоспарларды әзірлейді және орындауға бақылауды жүзеге асырады;

    • «Жастар тәжірибесі» жұмыс істейтін тағылымдамадан өтушілердің жұмысын бақылайды және үйлестіреді;

    • іс жүргізушілер мен аудармашыға тәжірибелік көмек жасайды және бақылайды;

    • Басқарма бастығы мен Департамент басшылығының жеке тапсырмаларын орындайды;

    • №1 бас маман болмаған кезде оның міндеттерін атқарады.


3 Бас маман:


    • қатаң есептегі бланктерді қабылдау, сақтау және қозғалысын есепке алу тәртібін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

    • жоғары тұрған органға жыл сайын қатаң есептегі бланкілердің қажеттілігіне өтінім жазады;

    • бір жолғы талондар түбіртегін қабылдайды, бүлінген және пайдаланылған бланкілерді жою және есептен шығару үшін актілер дайындайды;

    • бір жолғы талондар түбіртегін, бүлінген және пайдаланылған бланкілерді жою және есептен шығаруды ұйымдастырады;

    • жоғары тұрған органға ай сайын қатаң есептегі бланкілердің айналымы туралы есепті ұсынады;

    • аудандық салық басқармаларынан ай сайын қатаң есептегі бланкілердің айналымы туралы есепті қабылдайды;

    • бір жолғы талондардың өткізілген түбіртегін аудандық салық басқармаларымен бірге қабылдайды;

    • бланкілерді пайдалану туралы кіріс және шығыс есебі журналын жүргізеді;

    • бланктік өнімдер нарығының мониторингін жүргізеді, СЕН басуда және жіберілген ақпараттар бойынша баспасөзбен жұмыс жасайды;

    • фирмалық бланкілерді алуға тапсырыс береді (бұйрықтар мен хаттар);

    • мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бланкілерді (буклеттер, өтініштер) жоғары тұрған органнан қабылдайды;

    • мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бланкілерді (буклеттер, өтініштер) аудандық салық басқармаларына бөледі;

    • ҚСД барлық басқармаларына фирмалық бланкілер беруді жүргізеді;

    • департаменттің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады және бекітілген жоспардың орындалу барысына бақылау жасайды;

    • ҚСД басшылығының отырысында берілген тапсырмаларды орындайды;

    • кешенді және тақырыптық тексеруге қатысады;

    • департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен басқармалары ұсынған есептер негізінде талдау жұмысын ұйымдастырады;

    • қажетті ақпаратты өндеу, жинау және жинақтауға бақылауды ұйымдастырады;

    • басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік, жергілікті және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттеседі;

    • басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

    • басшылықтың тапсырмаларын, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің бақылаудағы және ағымдағы құжаттарының уақытылы орындалуына бақылау жасайды;

    • Салық департаментінің бұйрықтарын жасайды және орындалуын бақылайды;

    • ҚР ҚМ СК бұйрықтарының орындалуын бақылайды;

    • жоғары тұрған органмен, жергілікті басқару органдарымен, құқық қорғау органдарымен, басқа салық департаменттерімен жұмыс жүргізеді;

    • басқарма бастығы мен департамент басшылығының жеке тапсырмаларын орындайды;

    • кеңсе меңгерушісі болмаған кезде оның міндеттерін атқарады.


4 Бас маман


    • ТҮБЖЕ ААЖ БҚ-да заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін тіркеуге бақылау жасайды, уақытылы және сапалы орындалуына есеп жүргізеді және бақылайды;

    • ТҮБЖЕ ААЖ БҚ мәселелері бойынша ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетімен өзара әрекеттеседі және хат алмасады;

    • СД құрылымдық бөлімшелерін тексеруге қатысады;

    • Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

    • Басқарма бастығының тапсыруымен отырыстың хаттамасын жүргізеді және орындалуына бақылау жасайды;

    • жоғары тұрған органмен, жергілікті басқару органдарымен, құқық қорғау органдарымен, басқа салық департаменттерімен жұмыс жүргізеді;

    • Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқарма бастығының тапсыруымен есептер, ақпараттар дайындайды;

    • Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеуге қатысады;

    • Департаменттің отырыстарын, жиналыстарын және семинарларын ұйымдастыруға қатысады;

    • Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салық заңнамасын насихаттау бойынша жаппай-түсіндіру жұмысын ұйымдастыруға қатысады және ЖТЖ ұйымдастыратын бас маманды ауыстырады;

    • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің ережелерін іске асыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастырады;

    • аумақтық басқармаларда өткізілген іс-шаралар бойынша апталық ақпаратты дайындайды;

    • жаппай-түсіндіру жұмыстары мен салық заңнамасын насихаттау бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерін тексеруге қатысады;

    • ҚР ҚМ СК, департамент басшылығының өкімдері мен тапсырмаларын департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің орындауына бақылау жасайды;

    • Министрлікпен және басқа мемлекеттік органмен өткізілетін спорттық-көркемдік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

    • Басқарманың кіріс хат-хабарын тіркейтін маман болмаған кезде хат-хабарларды тіркеуді жүзеге асырады;

    • Басқарма бастығы мен Департамент басшылығының жеке тапсырмаларын орындайды;

    • №2 бас маман болмаған кезде оның міндеттерін атқарады.


5 Бас маман:

    • Астана қ. бойынша Салық департаментінің басқармаларында мемлекеттік тілде іс жүргізуді жүзеге асырады;

    • Басқарма қызметкерлерімен мемлекеттік тілде жазылған шығыс хат-хабарларын ресімдеуде әдістемелік көмек көрсетеді;

    • қажет жағдайда СД басқармаларына келіп түскен кіріс және шығыс хат-хабарларын аударуды жүзеге асырады;

    • өндірістік бұйрықтарды тіркеуді жүзеге асырады және олардың уақытылы орындалуын бақылайды;

    • мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшу жөнінде есеп береді;

    • Астана қ. бойынша СД мен оның құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік тілде іс жүргізу жұмыстарына бақылау жасайды;

    • ҚСД барлық қызметкерлерінің компьютерлерінде қазақ драйверлерін орнатуға бақылау жасайды;

    • Мемлекеттік тілде іс жүргізуге қатысты ескертулерді жою бойынша жұмыстар жүргізеді;

    • БАҚ дайындалған ақпаратты аударуды жүзеге асырады;

    • іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның орындалуына бақылау жасайды;

    • барлық Басқарма қызметкерлерін мемлекеттік тілде оқытуды ұйымдастырады;

    • басқарманың кіріс хат-хабарын тіркейді;

    • басқарманың бұйрық және хаттардың фирмалық бланкілерін тіркейді және оның есебін жүргізеді;

    • Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне тексеру жүргізуге қатысады;

    • Басқарма бастығы мен Департамент басшылығының жеке тапсырмаларын орындайды;

    • №4 бас маман болмаған кезде оның міндеттерін атқарады.


Мұрағат меңгерушісі:


    • ведомстволық мұрағаттың жұмысын жүргізеді;

    • Астана қ. бойынша СД, Алматы және Сарыарқа аудандары бойынша салық басқармаларының іс жүргізуі аяқталған құжаттарын қабылдайды, есеп жүргізеді және сақтайды, оларды өңдеу мен мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын жүзеге асырады;

    • мұрағатқа түскен және алынған құжаттарды есепке алады, сондай-ақ құжаттарды мұрағаттан алу кітабын жүргізеді;

    • істерді тұрақты және уақытша сақталуын жүргізеді;

    • құрылымдық бөлімшелердің істерді ведомстволық мұрағатқа тапсыруының кестесін анықтайды және бақылайды;

    • «Мұрағат туралы Ереже» мен «СК туралы Ережені» әзірлейді, Мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасымен келістіреді және бекітеді;

    • Астана қ. бойынша Салық департаментінің Сараптама комиссиясы отырыстарының хаттамасын және оның құжаттарын жүргізеді;

    • Астана қ. бойынша Салық департаментінде іс жүргізуде істерді құрастыруға және ресімдеуге бақылауды жүзеге асырады;

    • сақтауға өткізілген істерді толығымен сақталуын қамтамасыз етеді;

    • Астана қ. Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасымен ұйымдастыру және әдістемелік мәселелер бойынша өзара әрекеттесіп хат алмасады;

    • Басқарма бастығының тапсырмасымен Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттар, есептер дайындайды;

    • номенклатура ісіне сәйкес ведомстволық мұрағатқа құрылымдық бөлімшелерге істі тапсыруда дайындауға және ресімдеуге тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді;

    • Астана қ. бойынша Салық департаментінің басқармаларында, Алматы және Сарыарқа аудандары бойынша Салық басқармаларында іс жүргізу жағдайына тексеру жүргізуге қатысады;

    • Басқарма бастығы мен Департамент басшылығының жеке тапсырмаларын орындайды;

    • №3 іс жүргізуші болмаған кезде оның міндеттерін атқарады.


1 Іс жүргізуші:

    • кіріс және шығыс хат-хабарларын қабылдайды, оны тіркейді;

    • электронды поштамен қабылдайды және тіркейді, орындаушыларға таратады;

    • бақылаудағы құжаттардың уақытылы орындалуына бақылау жасайды;

    • кіріс хат-хабарын орындаушыларға жеткізеді;

    • поштамен хаттарды жібереді;

    • бақылаудағы құжаттардың орындалуы бойынша Басқарма бастығына апта сайын есеп дайындайды;

    • іс жүргізу мәселесі бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізуге қатысады;

    • Департамент басқармаларына іс жүргізу мәселесі бойынша өз құзыреті шегінде әдістемелік көмек көрсетеді;

    • телефонмен сөйлесудің есебін жүргізеді және қалааралық қоңырауларды журналға тіркейді;

    • Басқарма бастығы мен Департамент басшылығының тапсырмаларын орындайды;

    • телефонограммаларды тіркейді және оны басшылыққа, орныдаушыға жеткізеді;

    • ішкі құжаттарды тіркейді (қызметтік хаттар);

    • жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдаудың есебін жүргізеді;

    • ҚСД басшылығына үндеулер мен телефон қоңырауларын қабылдайды;

    • Электронды пошта арқылы жоғары тұрған салық органын, аумақтық салық басқармаларын мерекемен құттықтауды жүзеге асырады;

    • отырысты ұйымдастырады және отырыстың болатыны туралы қатысушыларды құлақтандырады;

    • №3 бас маман болмаған кезде оның міндеттерін атқарады



2 Іс жүргізуші:

  • басқарманың кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркейді;

  • Департаменттің кіріс хат-хабарын тіркейді және оны орындаушыға жеткізеді;

  • Департаменттің кіріс хат-хабарының уақытылы және жедел қаралуына бақылау жасайды;

  • Департаменттің шығыс хат-хабарларын тіркейді;

  • Департаменттің басқармаларын мерзімді баспасөзбен қамтамасыз етеді;

  • мерзімді баспасөзді тігеді;

  • бастықтың қолы қойылған өтінімдер бойынша Департаменттің Басқармаларына пошта маркаларын беруді қамтамасыз етеді;

  • Департаменттің отырыстарын, жиналыстарын, семинарларын ұйымдастыруға қатысады;

  • франкировалдық аппаратқа материалдық жауап береді;

  • франкировалдық аппараттағы ақшаның саны бойынша журналды жүргізеді;

  • департаменттің іс-шаралар жоспарын дайындауға қатысады және оның уақытылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

  • кітапхана қорының сақталуына жауап береді;

  • кітапхана материалдарын департаменттің қызметкерлеріне беруді және қабылдауды жүргізеді;

  • қаржы басқармасымен бірге кітапханаға әдебиеттер сатып алуды жүргізеді;

  • кітапхана жұмысы бойынша ҚР ҚМ СК-не бағытталған ақпараттар мен есептерді дайындайды;

  • Департамент үшін басылымдарға жылдық жазылуды жүзеге асырады;

  • Департамент басшылығы мен басқарма бастығының жеке тапсырмаларын орындайды;

  • мұрағат меңгерушісі болмаған кезде оның міндеттерін атқарады.



3 Іс жүргізуші:

  • басқарманың кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркейді;

  • Департаменттің кіріс хат-хабарын тіркейді және оны орындаушыға жеткізеді;

  • Департаменттің кіріс хат-хабарының уақытылы және жедел қаралуына бақылау жасайды;

  • Департаменттің шығыс хат-хабарларын тіркейді;

  • Департамент басшылығы мен басқарма бастығының тапсырмаларын орындайды;

  • телефонограмманы тіркейді және оны басшылыққа, орындаушыға жеткізеді;

  • ішкі құжаттарды (қызметтік хаттар) тіркейді;

  • жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау есебін жүргізеді;

  • шығыс құжаттарды тіркеуді жүргізеді;

  • газеттер мен журналдарды қабылдайды және тіркейді;

  • қоңырауларға жауап береді;

  • жоғары тұрған салық органын, аумақтық салық департаменттерін мереке күнімен электронды пошта арқылы құттықтауды жүзеге асырады;

  • құжаттармен жұмыс істеуде мемлекеттік және қызметтік құпиияны қатаң сақтайды, оның сақталуын қамтамасыз етеді, көбейтілген материалдардың тираждарын неғұрлым азайтады;

  • құжаттарға қатысы жоқ тұлғалардың осы құжатпен танысуын болдырмайды, артық көшірілген құжаттар жойылуға жатады;

  • көбейтілген құжаттардың саны мен тиражына бақылау жасайды және есебін жүргізеді;

  • келесі көрсетілген құжаттар көбейту бойынша есеп жүргізеді:

а) құжаттың түрі;

б) даналарының саны;

в) бөлімнің атауы;

г) қызметкердің аты-жөні, тегі;

- көбейткіш техникаларын қолдану кезінде барлық техникалық талаптарды қадағалайды;

  • Департамент басшылығы мен басқарма бастығының жеке тапсырмаларын орындайды;

  • мұрағат меңгерушісі және №2 іс жүргізуші болмаған кезде оның міндеттерін атқарады.

Похожие:

Астана қ. бойынша Салық департаментінің iconАстана қаласы бойынша Салық департаментінің
Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық Комитетінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстваларымен,...
Астана қ. бойынша Салық департаментінің iconАстана қаласы бойынша Салық департаменті бастығының
...
Астана қ. бойынша Салық департаментінің iconАстана қаласы бойынша
Салықтық шағымдар мен салық заңнамасын түсіндіру басқармасы (бұдан әрі Басқарма) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық...
Астана қ. бойынша Салық департаментінің iconАстана қ. бойынша Салық департаменті
Республикасының Конституциясын, ҚР заңдарын, Қр президентінің және Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді,...
Астана қ. бойынша Салық департаментінің iconАстана қаласы бойынша Салық департаменті
Сының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық...
Астана қ. бойынша Салық департаментінің iconҚазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру бойынша үәкілетті ШҚО салық департаментінің салық басқармасы және аумақтық салық басқармалары жұмысшыларының байланыс деректері
Республикасының салық заңнамасын түсіндіру бойынша үәкілетті ШҚО салық департаментінің салық басқармасы және аумақтық салық басқармалары...
Астана қ. бойынша Салық департаментінің iconБ е к І т І л д І астана қаласы Әділет Департаментінің бастығының
...
Астана қ. бойынша Салық департаментінің iconЕсеп және талдау басқармасының Ережесі
Есеп және талдау басқармасы (бұдан әрі Басқарма) Астана қаласы бойынша Салық департаментінің (бұдан әрі Департамент) құрылымдық бөлімшесі...
Астана қ. бойынша Салық департаментінің icon2010 жылдың 2-жартыжылдығында Астана қ. бойынша сд асб-ларының салық төлеушілер үшін өткізетін семинарлар кестесі Астана қ. Алматы ауданы бойынша сб
Астана қ. бойынша сд асб-ларының салық төлеушілер үшін өткізетін семинарлар кестесі
Астана қ. бойынша Салық департаментінің icon2010 жылдың 2-жартыжылдығында Астана қ. бойынша сд асб-ларының салық төлеушілер үшін өткізетін семинарлар кестесі Астана қ. Алматы ауданы бойынша сб
Астана қ. бойынша сд асб-ларының салық төлеушілер үшін өткізетін семинарлар кестесі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница