Дәрменова Айбөбек, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі




Скачать 132.65 Kb.
НазваниеДәрменова Айбөбек, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі
Дата конвертации24.12.2012
Размер132.65 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://myxatai2006.narod.ru/pedagogika/TC_adam.doc

Дәрменова Айбөбек, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі

Сабақтың тақырыбы: Адамшылықтың шуағы сөнбесін

Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Көрнекілік: күлімдеген күн, түнерген бұлт, кемпірқосақ суреттері.

Нақыл сөздер:

  1. Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Шәкәрім.

  1. Дос кешірім сұрағанда илікпеген адамның күнәсі – ысырапшылық күнәсімен бірдей.

  2. Адам бір тәуір іске жарамаса да, өзін аспаннан түскендей ұстауды ұнатады.

  3. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру. Баяу күй («Қайырлы таң») орындалып тұрады, оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдескеннен соң, тәрбие сағаты басталып кетеді.

  2. Оқушылар орындарына отырып, музыка әуені тоқталады.

  3. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Адамшылықтың шуағы сөнбесін». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.

  • Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? – деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітемін.

Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі.

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрініс болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.

Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Шәкәрім.

Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр.

Күн адамның рухы болса, күн сәулесі – ақыл дейік. Себебі ақыл – рухтың құрамдас бөлігі.

Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапалар кездеседі.

Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген Күннің суретіне қараңдаршы.



Жарық-күн – көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.

Кәне бірінші бұлт. Сенің шешуің не, сен неге түнере қалдың?

Бұлттағы бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз, рухани жан азығынана бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі. (Бірнеше оқушыдан ойлаған ойлары сұралады).

  • Менің әскердегі ағайым аман-сау жүрсе екен.

  • Аңсаған оқуыма түссем екен.

  • Жер шарында тыныштық болса, т.б. ойлар айтылады.


Мұғалім:

  • Осындай жағымды ойларың сендердің бойларыңа қайырымдылық, өмірге сенімділік әкеледі. Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін.

92 жастағы анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды. Бірақ, мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп берді. Енді ол тақтайын үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымды адам кездесе кетеді. Жүргізуші жігіт аттанар сапарынан жарты сағатқа кешігетін болса да, апарып тастауға келісіп, ағашты тиеп алып, қоймадан шыға бергенде автоколонка бастығына кездесіп қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, тоқтатып, жағдайды тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіртіп, машинаны жұмысқа қоя береді. Көзінің жасы көл болған жігіт, тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалды құлағы шалып қалған, өтіп бара жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайырымдылық жасап, көмек қылады. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады.

1-ші бұл ашылды – қайырымдылық қасиетін білдік.


Екінші бұлтты сейілтеміз.

Үлгі аларлықтай нақыл сөздер, тақпақтар айту.

  1. Абай. «Ғылым таптай мақтанба».

  2. Адамшылық. Шәкәрім.

  3. Ғажайып. Ысқақбай

  4. Ақиқаттың ауылы. Шәкәрім

  5. Абайдың 14-ші сөзі.

  6. Жетес бидің сөзі бар екен.

Мұғалім:

  • Мынандай суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Жауап: қара ноқат немесе қара ноқаты бар ақ қағаз.

Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік.

  • Иә, балалар, өмірдің көптеген көріністерінен, оқушылық өмірлерінде сендер ақ түсті аңғармай, адам бойынан «қара» ноқатты көресіңдер. Былайшы айтқанда, біз әр адамның бойынан жақсы жақтарын ғана көрсек, неге оның кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы оқиғалардан гөрі, дау-дамай, қылмыстар жайында рахаттана әңгімелесеміз. Немесе сұқ саусақпен басқаны көздеп көрсетуге әуеспіз, сұқ саусақты көрсеткенде, қалған үш саусақтың өзімізге қарағанын байқамаймыз ба? Егер біреу сені сөгіп жатса, «мен ризамын» деп жауап бере қой делінген пайғамбар хаддистерінде. Сондықтан, балалар, жаңағы өздерің айтқан нақыл сөздерден өнеге алып, өмірдің, достарыңның ұстаздарыңның тек жақсы жақтарын қабылдай біліңдер: мына жазылған нақыл сөзге көңіл аударыңдар:

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай.

Үшінші бұлтты сейілтсем:

Рухани - адамгершілік қасиет – сүйіспеншілік. Ата – анамды сүйемін, туған жерімді, Отанымды, достарымды сүйемін. Осы қасиетке байланысты:

1-ші қатар: Отанға сүйіспеншілік.

2-ші қатар: ата-анаға сүйіспеншілік.

3-ші қатар: махаббат, достық.

Сүйіспеншілікке төрт ауыз тақпақ құрайсыңдар. (Баяу музыка ырғағы, 3-4 минут уақыт). Тақпақтарын тыңдаймыз.

Осы жерде мейірбан аналарға арналған ән тыңдайық.


Төртінші бұлтқа таядық. Тест тапсырмасы.

  1. Сынып ішіндегі баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келмейді. Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал, сен не істер едің?

А) Ештеңе білмегендей боласың.

Б) Достарыңмен бірге мазақ қыласың.

В) Достарыңның табалауынан қорықпастан, осы баламен достасқың келеді.

  1. Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет?

А) Үлкен ағаш болғанда.

Б) Көшет кезінде.

В) Тал кезінде.

  1. Сенің үлкен әпкең шешесіне құрбысының үйіне сабаққа даярланамын деп кетіп, ал шындығында олар дискотекаға кетті. Егер шешең сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің?

А) Бұл жайында ештеңе білмеймін деймін.

Б) Бір дәлел ойлап табумен әпкеңді құтқарасың.

В) Шыныңды айтасың.

Бесінші бұлт. Сөзжұмбақ шешу Ерекше тор көздерден Рухани-адамгершілік қатынастарына жататын адамның бір тамаша қасиеті жасырынып тұр – соны табамыз.













1

ә

д

і

л

д

і

к




























2

а

д

а

м

д

ы

қ


































3

е

л

г

е

з

е

к

т

і

к
















4

с

ы

п

а

й

ы

л

ы

қ






















5

і

з

е

т

т

і

л

і

к






















6

т

ә

р

т

і

п

т

і

л

і

к






















7

а

д

а

л

д

ы

қ





































8

к

і

ш

і

п

е

й

і

л

д

і

л

і

к













9

к

і

с

і

л

і

к



















1. Әділін айтсаң - әдемі айтсаң

2. Адамдықтан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен ас жоқ

3. Елгезек екі айтқызбайды.

4. Сыпайылық даналықтың белгісі.

5. Ізеттінің інісі көп

6. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.

7. Адалдық – ана сүті.

8. Кішіпейілділіктен кішіреймейсің.

9. Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік қасиет.

Ол «әдептілік» деген сөз болды. Балалар, осы әдептілік деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Аталарымыз әдептілік туралы бізге қандай өсиет қалдырды екен?


Алтыншы бұлтты сейілтемін, осы тапсырманы орындаған соң Күн күлімдеп шығады.

Ол тапсырма – сұрақтарға жауап.

  1. Сөйлеу мәдениетін қалай түсінесің?

  2. Аманат деген не?

Осы сұрақтардың жауабын дұрыс айта білсе деген мақсатпен Өтебай Тұманжановтың «Ананың аманаты» деген тақпағын оқып беремін.

Аталарымыз сөйлесу мәдениеті туралы бізге қандай өсиет қалдырды екен?


Бастаушы: Бауыржан , Бүлдірген қайда?

Бауыржан: Апай, Бүлдірген ұятқа қалды. Ол бұл кешке келе алмайды.

Бастаушы: Иә, не боп қалды оған тағы?

Бауыржан: Оны Әділет ағай жазалайтын болды.

Бастаушы: Жазасы не тағы?

Бауыржан: Мен қой десем, Бүлдірген болмай, гүлзардан екі гүлді үзіп алды. Содан гүлді таптадың, тәртіп бұздың деп, Әділет ағай оны ұстап алып... Нететін болды... (Ұратындай қимыл көрсетіп)

Бастаушы: Гүл жұлу, гүлзарды таптап жүру адамгершілікке жатпайды.

Бауыржан: Бүлдірген концерттен қалатын болдым деп жылап-еңіреп кетті.

Бастаушы: Бауыржан, сен адамгершіліктің не екенін білесіңбе?

Бауыржан: Адам не істесе, соның бәрі-адамгершілік. Ал, Әділеттің Бүлдіргенді ұстап алып нетуі... адамгершілік емес, меніңше...

Бастаушы: Бауыржан, сен балалық жасама. Әділетті бекерге кінәлама.

Бауыржан: Адамгершілік деген сол ма? Бір тал гүл үшін жас баланы жасытып...

Бастаушы: Адам жақсылық етуі керек. Ал Бүлдірген бүлдіріпті.

Бауыржан: Әділеттің жақсылығы сол ма, шырылдатып-шырқыратып Бүлдіргенді бүгін кештен қалдырды.

Бастаушы: Оған кінәлі Бүлдіргеннің өзі.

Бауыржан: Егер түсіндіріп, ескертсе, бұдан былай гүлзарды таптамайтын еді ғой...

Бастаушы: Әділет Бүлдіргенді жаман әдеттен тыяды. Оның үстіне ол жалпы адамның игілігіне өсірілген гүлзарды қорғап қалды...

Бауыржан: Мен де досымды жақтап, қорғап тұрғаным ғой...

Бастаушы: Достық та адамгершілік. Бірақ достың кінәсін, мінін жасыру немесе оның қылмысын қолдау адамгершілік емес.

Бауыржан: Мен Бүлдіргеннің кінәсін қолдап тұрған жоқпын. Оған «Ойбай, гүлді жұлма? Гүлзар-көпшіліктің ризығы?» деп, шыр-шыр еттім... Бірақ ол менің сөзімді құлағыма ілді ме?..

Бастаушы: Былай тіл алмауды, халық тілазарлық, кесір-қырсық мінез, ол адамгершілік емес деп жек көреді.

Бауыржан: Бүлдірген ақ жарқын жақсы дос қой, бірақ.... Балалық істеп,... ұяттау болды.

Бастаушы: Халық балалықты кешіреді. Сөйте тұра, адамшергілікке жатпайтын жаман әдеттен, теріс мінезден баланы сақтандырып, жақсылыққа тәрбиелейді.

Бауыржан: Әділеттің «тәрбиелегені» сол ма? Бүлдіргенді барды да, бақыртып ұстап алды.

Бастаушы: «Дос жылатып айтады. Дұшпан күлдіріп айтады» дейді халқымыз. Достың мінін түзету үшін, оны қатты сынап, қадірлей көмектесу қажет.

Бауыржан: Әділет те сөйтіп, Бүлдіргенді былай зекімей тәрбиедемей ме?

Бастаушы: Әрине, Айту, үйрету, талап ету – парыз. Адамгершілік туралы «Атамның өсиеті» деген өлең бар:


Әдеп сақтап әманда, Ынтымаққа қосыл да,

Әрбір адал адамға Ықылас қой досыңда.

Жасасаң бір жақсылық, Ар-мақсатың нық болсын,

Қайтарады саған да. Ақылыңнан тосылма.


Кішілерді аяла, Ақылы бар баласың,

Кісілерден аянба. Айтқан тілді аласың.

Адамдығың көрінсін намысты боп өссең сен,

Анадай жан саяңда. Нағыз адам боласың!


Бүлдірген: Енді түсіндім, адамгершілік дегеніміз – ар, намыс, адалдық, достық, жақсылық жасау екен ғой...

Бастаушы: Адамгершілік – деген ұлы сөз. Адамның игі іс-әрекеті, еңбек, достық, татулық-осының бәрі адамның адамгершілік қасиеті.

Бүлдірген: Рахмет, Сізге! Бәрін енді ұқтым.




Сынып жетекшісі:

Күн ашылды.

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Осы жарқыраған күндей, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгінгі сағатта аз болса да, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәнін алдыңдар деп ойлай отырып, ашылған күннің соңындағы әсем кемпірқосаққа көңіл аударайық.


1-ші түсі. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.


2-ші түсі. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүр.


3-ші түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды, Бауыржаніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.


4 - ші түсі. Әнді жиірек тыңдағаның дұрыс, бәрінен жақсысы жаныңды жадыратып, рахатқа бөленесің.


5 - ші түсі. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.


6- шы түсі. Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.


7 - ші түсі. Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі деген нақыл сөз жаныңда жүрсін.


Қымбатты, оқушылар, қазір барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне берілесіңдер. Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бойларыңа бүгіннен тастап жаңа шуақ енгізілді. Ол – адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты сездіңдер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отырып бір-бірімізге жылы сөздер арнайық! Ықыластарыңа рахмет. Осымен тәрбие сағатым аяқталды.

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Дәрменова Айбөбек, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі iconДәрменова Айбөбек Қылышбекқызы, Маңғыстау ауданы Шетпе лицейінің мұғалімі
Республикасының «Білім туралы» Заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға,...

Дәрменова Айбөбек, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі iconДәрменова Айбөбек, Маңғыстау ауданы Шетпе лицейінің мұғалімі
Достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға қоса, ұстаздар мен педогог-психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын...

Дәрменова Айбөбек, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі iconШ. Б. Әзірханов Бейнеу лицейі, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы
Тарим бассейнiне беттеген әйгiлi сапарына осы көне скиф жолының бойымен барып қайтқан», деп жазады. Кейiн Ұлы жолдың құрамдас бөлiгiне...

Дәрменова Айбөбек, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі iconТехникалық және кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды даярлауға 2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы
Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 16 маусымдағы №2101 қаулысы. Маңғыстау облысының Әдiлет департаментiнде 2009 жылғы 27 шiлдеде...

Дәрменова Айбөбек, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі iconМаңғыстау облысының Дін істері департаментінің
Бұл ретте, Маңғыстау облыстық дін істері департаменті қызметінің бағдары ең алдымен осы жұмыстарға бағытталған. Осы мақсатта жүйелі...

Дәрменова Айбөбек, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі iconМаңғыстау ауданы бойынша бала бақша кезегінде тұрған балалар тізімі

Дәрменова Айбөбек, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі iconАкимат Мангистауской Области управление образования Мангистауской Области Маңғыстау Облысының Әкімдігі
Маңғыстау облысының білім басқармасы 2010 жылдың І тоқсанындағы кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылығы мен қылмысының...

Дәрменова Айбөбек, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі icon«23» желтоқсан 2009 ж. «Маңғыстау селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
«Маңғыстау селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басты мақсаты және көкжиек

Дәрменова Айбөбек, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі icon«мэбк» АҚ акцияларының алғашқы орналастырылуы «Маңғыстау Электротораптық бөлу Компаниясы» АҚ «мэбк»
«Маңғыстау Электротораптық бөлу Компаниясы» АҚ («мэбк» АҚ) өздерінің 430 549 қарапайым акциясын жұртшылық арасында ұйымдастырылмаған...

Дәрменова Айбөбек, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі iconМаңғыстау облысы іід бастығы полиция полковнигі А. Ж. Қабыловқа
Жалған ақпар берген кезде ҚР ҚК 351 бабымен қылмыстық іске тартылатыны ескертілді

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница