12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері




Название12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері
страница13/21
Дата конвертации22.09.2012
Размер3.25 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kazmkpu.kz/attachments/417_Bereke Habarshi.doc
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚША ТІЛ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Меңдаяхова Қ.- п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиені дамыту – балабақша қызметкерлерінің алдына жаңа теориялық міндеттер қойды.

Қазақстанда “Балабақша тәрбиесінің бағдарламасына” өзгерістер мен толықтырулар енгізілу негізінде ол тұңғыш рет 1964 жылы қазақ тіліне аударылады. “Сауаттылыққа үйрету” бөлімінде қазақ тілін оқыту базасы құрылды. “Көркем әдебиет” бөлімі қазақтың халық ертегілері мен қазақ совет жазушыларының шығармаларымен толықтырылды. “Музыкалық тәрбие” бөлімі қазақтың халық музыкалары мен Қазақ совет композиторларының шығармаларымен толықтырылды. Бұл бағдарламадағы толықтырулар балабақшадағы ІІ топтан бастап енгізу көзделді. Мысалы, екінші кіші топта оқу мен әңгіме үшін 21 көркем шығарма тіркелген. Ән, күй, музыка, ырғақ үшін – 10 шығарма, орта топтағы көркем әдебиет – 32, музыкалық шығарма 14 болса, ересек топтағы көркем әдебиет 34, музыкалық шығарма 14; мектепке даярлық тобында – 41 көркем әдбиет, 19 музыкалық шығарамалар белгіленген. Сондай-ақ, бағдарламаға халық шығармалары, қазақ совет жазушылары мен композиторларының шығармалары енген.

Қоғам дамуына, ғылым мен техниканың алға жылжып, жалпы білім беру мекемелерінде жаңа мазмұнға ие білім жүйесі қалыптасып, оқу бағдарламалары өзгеріп, бастауыштық білім беру мерзімдері қысқара бастады. Осыған байланысты, 1969 жылы “Бағдарламада” бала тәрбиесінің төрт кезеңін бөліп көрсетті:

  1. ерте жас – туғаннан 2 жасқа дейін.

  2. Кіші топ – 2–4 жасқа дейін.

  3. Орта топ – 5 жасқа дейін.

  4. Ересек топ – 5–7 жасқа дейін.

1971жылы бағдарлама қайта жасалып, қайтадан басылып шықты. Бұл нұсқада да “Тіл дамыту”, “Музыкалық тәрбие” – деген бөлімдер қайта толықтырылды. Бағдарлама материалдарына қазақ ақын-жазушылары мен ақындарының, қазақтың төл өнері мен туған жердің табиғаты, қазақ композиторларының шығармалары енгізілді. Мысалы, мектепке даярлық топтарында (оқу, әңгімелеу, жаттау) қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевтың “Жаз”, Ы.Алтынсариннің “Бай баласы мен жарлы баласы”, “Мақта қыз бен мысық”, сондай-ақ, қазақтың көрнекті жазушылары С.Сейфулиннің “Балалар”, Ғ.Мүсіреповтің “Қанат пен қуыршақ”, Ә.Тәжібаевтің “Май, Алақай”, С.Мәуленовтің “Бала батыр”, Қ.Мырзалиевтің “Аңшы”, А.Тоқмағанбетовтің “Ақша қар”, М.Әлімбаевтің “Октябрь тойы” т.б. енді.

“Бағдарламада” қазақ балабақшаларында қоршаған ортаның ұлттық және табиғи ерекшеліктері туралы материалдар қамтылды. Мысалы:

  • екінші кіші топтарда бауырсақ, шелпекті дайындау туралы айтылса;

  • орта топта кесе, шәйнек, қымыз құятын торсық, т.б. заттарды жасату енгізілген;

  • ересек топтарда қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтарын, құтыларға қазақтың ою-өрнектерін, алаша, төсеніштерге әшекейлер жасауды үйретті;

  • дайындық топтарда “Біздің ауыл” деген тақырыптарда суреттер салғызып, онда киіз үйдің, ұлттық өрнектердің бейнесі салынды.

“Музыкалық тәрбие” бөлімінде классик-композиторлар Ф.Шуберттің, М.Глинканың, П.Чайковскийдің, Д.Шестаковичтің және қазақтың халық күйшілерінің Құрманғазы, Дәулеткерейдің шығармаларымен бірге қазақ композиторларының Б.Байқадамовтың “Әйгөлек”, С.Мұхамеджановтың “Қазақстан”, “Қамажай”, “Қыздар-ай” шығармаларымен таныстырып, ырғақты қимылдар жасауды үйретеді.

“Дене тәрбиесі” бөлімінде - қазақтың ұлттық ойындары қамтылған. Мысалы:

  • кіші топқа – “Бұлан құйрық”, “Аттар”;

  • кіші топқа – “Тым-тырақай”, “Терме жіп”, “Орамал тастамақ”;

  • орта топқа – “Қасқыр қақпан”, “Ақ сандық пен көк сандық”;

  • ересек топқа – “Ботақан”, “Көген тартыс”, “Соқпа доп”;

  • дайындық топтарда – “Ақ сүйек”, “Қазан доп”, “Бөдене мен түлкі” ойындары ойнатылды.

“Бағдарламадағы” бұл өзгерістер орыс тілді балабақшаларды да қамтыды. “Бағдарламада” былай дейді: “…жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере отыра, қазақтың ұлттық өнерін практикалық сабақтарда қолдануға рұқсат етіледі.

1960-1970 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы институттың мектепке дейінгі тәрбие бөлімінде және Қаз.ССР ағарту Министрлігінде оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын дамытып, жаңа оқу-әдістемелік құралдар шығарып, дидактикалық материалдар жасалды. Республика ғалымдары ауылдық жердегі балабақшаларда адамгершілік, еңбекке баулу, ана тілін (қазақ тілі) оқыту, сөздіктер пайдалану, ерте жастан оқыту мәселелерін зерттеді.

“Мектепке дейінгі балаларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан тәрбиелеу” бағдарламасы Ы.Алтынсарин атындағы институттың мектепке дейінгі тәрбие секторының ғылыми қызметкерлері В.И.Андросова мен Б.Б.Баймұратовтың монографиясы негізінде жарыққа шықты.

Бала тәрбиесінде үлкен орын алатын мәселенің бірі – балалардың тілін дамыту. Ы.Алтынсарин атындағы институтта мектепке дейінгі тәрбие бөлімі сөйлеу мәдениетінің мазмұны мен әдісі, дұрыс сөйлеудің грамматикалық түрлері, тілдік байланыстарды дамыту бағыттарында жұмыс істеді. Сондай-ақ өлең оқыту, сөйлей білуді меңгерту әдістері де зерттелді. Республикадағы тіл дамыту сабақтарын ерте жастағы топтарда ауыл балаларын қала балаларымен қатар бірдей дәрежеде меңгерту зерттеле бастады. Бұл мәселеде республикаға еңбек сіңірген мұғалім, педагогика ғылымының кандидаты, доцент Б.Б.Баймұратова үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол өз еңбегінде, әсіресе, қазақ балаларының тілін дамыту, ана тілін оқытуды ұйымдастыру әдісі, қазақ балабақшаларында көркем сөйлеуге баулу мәселесін қарастырған.

“Бағдарламаның” қазақ тілінде шығуына байланысты, 1964 жылы Б.Баймұратовтың “Біздің кітап” деген тәрбиешілерге арналған оқу құралы жарық көрді.

1974 жылы бірінші “Біздің кітап” 2–4 жастағы балаларға арналған 1978 жылы “Балалар әдебиетінің хрестоматиясы” жарық көреді. Бұл кітаптарда халық шығармалары, қазақтың классик және совет жазушыларының, ақындарының шығармалары балалардың ана тілін меңгере отырып, тіл дамытуы үшін пайдаланылды.

Әр педагог маман өзінің алдындағы балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеруі керек. Бұл бағытта бірнеше ғылыми еңбек жазған ғалым А.А.Давиденко болып табылады. “Ерте жастағы балаларды оқыту” деген еңбегінде А.А.Давиденко жас балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыра білу, оған талдау жасай білу мәселелерін қарастырады. Қазақстанда Ұлы Отан соғысы кезінде мектепке дейінгі бала тәрбиесін дамыту туралы зерттеу жасаған Р.М.Жұмағожина (“Ұлы Отан соғысы кезіндегі мектепке дейінгі балалар мекемесі 1941-1945жж.”).

1976-1980жж. Ы.Алтынсарин атындағы институттың мектепке дейінгі тәрбие бөлімінде “Мектепке дейінгі балаларды оқытудың және адамгершілік тәрбиесін берудің педагогикалық мәселелері” деген тақырып зерттелді (1980). Осы тақырыпта монография шығып, онда мына сұрақтар қаралады.

  1. “Ересек топтардағы балалардың азаматтығын тәрбиелеу”;

  2. “Мектепке дейінгі балаларға қазақтың көркем әдебиеті шығармаларын оқыта отырып, адамгершілікке тәрбиелеу”;

  3. Көркем шығармаларды оқыта отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін және сөздік қорын дамыту.

ҚазССР Ағарту Министрлігі оныншы бесжылдықта мектепке дейінгі тәрбие бөлімдері “Балабақшалардағы аралас топтардағы оқу-тәрбие жұмыстары” (1976), “Мектепке дейінгі мекемелерде оқу-тәрбие жұмыстарын басқаруды ұйымдастыру” (1977), “Мектепке дейінгі балаларды Қазақстанмен таныстыру” (оқу-әдістемелік құралдарын шығарды. “Мектеп”, “Жалын” баспасынан әдістеме оқулықтар, өлеңдер жинақтары, әңгімелер, ертегілер, тақпақтар қазақ тілінде шыға бастады. Мысалы, “Балаларға базарлық”, “Балаларға арналған халық ауыз әдебиеті” – Р.Жұмағожина, “Біз билейміз, ән шырқаймыз” М.Әлімбаев, “Әрқашан күн сөнбесін”, “Біздің ортақ үйіміз” - Ә.Табылдиев. Сонымен бірге оқулықтар мен методикалық құралдар қазақ тіліне аударылды.

  1. Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын дамыту. (Т.В.Тарунтаева)

  2. “Бағдарламадағы” әдістемелік нұсқау. (А.И.Шустакова)

  3. “Балабақшадағы адамгершілік тәрбиесі. (В.Г.Начаева)

  4. “Балабақшаға көзқарас”. (Н.П.Сакулина, Т.С.Коморова)

  5. “Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдісі” (А.П.Федоренко, Г.А.Фомичева, В.К.Лотаев)

  6. “Бала бақшадағы басшылық туралы” (Демурова Е.Ю., Островская Ф.)

Бұл әдістемелік-құралдар бала бақшадағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға әдіс-тәсілдерді жетілдіруге зор көмегі болды.

Жоғары оқу орындарындағы мектепке дейінгі тәрбие факультеттері студенттеріне арналған А.К.Менжанованың ғылыми еңбектері қазақ балалар бақшасындағы тәрбие мен оқытудың мәнін кеңірек ашуға игі әсерін тигізді.

Қазақ тілінде “Мектепке дейінгі педагогикаға арналған лекциялар курсы” (А.К.Менжанова, Г.И.Исмагулова, Е.Б.Дайрабаев), 1987жылы А.К.Менжанованың “Мектепке дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу” деген монографиясы жарық көрді. Ол балаларға арналған көптеген ән, өлең, тақпақтардың авторы. “Қоңырау”, “Айгөлек” жинақтары, топ-топ, балақай өлеңдер жинағы республикадағы балабақшаларда кеңінен пайдаланылды.

Ана тілін (қазақ) әр жастағы балалалар топтарында Х.Қожахметованың “Мәнерлеп оқу” оқулығы үлкен қызығушылықпен қолданылды. Бұл “Бағдарламада” (1971) балабақшада ана тілін мәнерлеп оқу әдісін кең қолдану көрсетілген болатын.

1970-1980 жылдар аяғында республикада алты жасар балаларды мектепке дайындаудың эксперимент (сынақ) жұмыстары жүргізілді. Бұл – оқулықтар мен бағдарламаларды дайындауға деген ынтызарлықты туғызды. Б.Б.Баймұратованың жетекшілігімен ғылыми зерттеу институттында мектепке дейінгі тәрбие ісіне арнап бірнеше оқулықтар жазылды. Мысалы: М.Т.Тұрыскелдина балаларға арналған қимыл-қозғалыс ойындары туралы “Кел, ойнайық” (1981) “Дене шынықтыру және ойын сабақтарына әдістемелік нұсқаулар” (1984) еңбектерінде 6 жасар балаларды мектепке даярлау керектігін ғылыми тұрғыдан нақтылады.

Сонымен 1960-1970 жылдары балабақша тәрбиесінде жаңа бағдарламалар жасалып, балалардың жан-жақты дамуына қатысты көптеген іс-шаралар атқарылды. Республика көлемінде бағдарлама бөлімдерінде көрсеткендей ұлттық шығармаларды оқыту (қазақ халық ертегілері, халық қолөнері, ұлттық ойындар, ән, би т.с.) балаларды оқытып, тәрбиелеуде айтарлықтай жақсы нәтижелер беріп, интернационалдық тәрбиенің дамуына әсер етті. Республикада (Б.Баймұратова, Л.А.Давиденко, Р.Жумагожина, М.Т.Турскелдина және т.б.) қазақ тілі мен әдебиеті, музыка, денешынықтыру пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдар ұлттық балабақшалардағы тәрбиешілерге көмекші құрал болды. Мұның бәрі республикадағы балабақшалардағы оқу-тәрбие жұмыстарының сапасы жағынан жақсы дәрежеге көтерілгенін көрсетеді. Болашақта мектепке дейінгі педагогиканы дамыту, кенжелеп қалған ғылым саласына үлес қосу болашақ жас ғалымдардың үлесі дей тұрғанмен де, балабақшалар бүгінгі таңға дейінгі жарияланған ғылыми-әдістемелік еңбектерді басшылыққа ала отырып, өздерінің алға қойған мақсат-міндеттерін айқындап, құқықтарын, қызметтерін жетілдіру үстінде. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беру жүйесін шығармашылық тұрғыдан жаңартуға көңіл бөлінуде. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарты мен оқу-әдістемелік кешендердің дайындалуы осының айғағы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 1762 «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері» туралы қаулысына сәйкес «Мектепалды даярлығы» бағдарламасы 1999 жылы жарық көрді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес мектепалды даярлығына арналған оқу-әдістемелік кешендер «Алматы кітап» баспасында даярланды. Әмина Әмірова министрліктің тапсырысын орындауға атсалысқан авторлардың бірі. Ғалымның міндетті мектепалды даярлыңына арнап жазған «Сауат ашу» №1, 2, дәптерлері, «Сауат ашудан» әдістемелік нұсқауы, хрестоматиясы, дидактикалық ойындары 2004 жылы баспадан жарық көріп, бүгінде республиканың барлық мектепке дейінгі ұйымдары мен мектеп жасындағы даярлық сыныптарында қолданылып келеді. Бұл оқу-әдістемелік кешендердің жоғары орындарымен арнаулы кәсіптік білім беру мекемелерінде болашақ мамандарды даярлауда «Тіл дамыту мен мәнерлеп оқу әдістемесі» пәнінде толық талқылануы, ертеңгі маманның мүмкіндігіне, онымен жұмыс істеу мүмкіндігіне ықпалын тигізеді деп ойлаймыз.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Концепция дошкольного воспитания в Казахской ССР. Алма-Ата, 19907.

  2. Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі, 1991.18 қаңтар.

  3. Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие тұжырымдамасы. Білім беру министрлігі, 1992.

  4. Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жағдайы. Астана, 2005

.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарға арналған бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендердің қазақша тіл дамытуы қарастырылады.

РЕЗЮМЕ


В статье рассматриваются программы и учебно-методические комплексы по развитию казахского языка в дошкольных учреждениях.


ЭкологиялыҚ білім мен тӘрбие беру Үрдісінде жаҢа технологияларды пайдалану


Мухамединова Н. А. – п.ғ.к., доцент, Садық Г. Б. -ізденуші

(Алматы ., ҚазмемқызПУ)


«ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» түсініктемеде: «Білімді, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық зиянкерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеалардың қуат көзі болатын, жеделөзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады» делінген /1/ Демек, бұл түсінік ұстаздар үшін өздерінің біліктілігі мен білімділігін арттыруды талап ететін басты міндет. Қоғамның дамуы ұстаздар үшін - бұл мәселе, яғни бүгінгі заман талабына сай мамандар даярлау қажеттігі міндетін алып отыр. Міне, осы міндеттерді орындау үшін ұстаздар үздіксіз ізденісте бола отырып, оқытудың яғни жаңаша маман даярлаудың жаңа әдіс-тәсілдері мен инновациялық технологияларын қолдануы қажет.

Ал, қазір халықаралық деңгейге көтеріліп отырған қоршаған орта жағдайы экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесіне әкеледі. Адамзат өркениетінің дамуының әр түрлі кезеңдерінде адам мен табиғат арасындағы қатынастардың түбегейлі өзгеріп отырғаны белгілі, ал өзінің түр ретінде ерекшеленуінің алғашқы кезеңдерінде көптеген консументтердің бірі ғана болған. Уақыт өте келе басқа түрлердің саны мен өнімділігіне ғана ықпал етіп қоймай, тіршілік ортасының көптеген параметрлерін өзгерте алатын түрге айналды.

Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр.

Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды заңдар мен құжаттар қабылданды /2/. Соның ең маңыздысы «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» (2003ж.) көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің өміршең бағдарламасын нақтылап берді /2/. Экологиялық білім беру адамзат қауымының қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу бастапқы орын алады. Әуелден әр түрлі дәрежедегі биологиялық жүйелердің өзін қоршаған жансыз табиғатпен және тірі табиғатпен қарым-қатынасын зерттеумен шұғылданып келген экология ғылымының даму логикасы, ерте ме кеш пе, оны адамның өзін қоршаған ортамен қарым-қатынастары проблемасымен шұғылдануға жетелеп әкелуі тиіс еді, себебі адамзаттың ортамен қарым-қатынасы қаншалық алшақтап кетсе де, ол Биосферада белгілі бір орын аталатын күрделі жүйенің бір бөлігі болып қала береді.

Егер өз кезегінде экология - тірі органзимдерінің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым, оны бүткіл мамандықтардың 2-ші курс студенттеріне өту Мемлекеттік стандарт негізінде енгізілген. Экология шеңберіндегі қоршаған орта туралы ілім курсы жер бетінде тіршіліктің пайда болу сәтінен бастап, қазіргі ғылыми техникалық дамыған кезеңге дейінгі аралықты қамтитын пән. Яғни бізді қоршаған ортаның қомақты мәселелерін қарастырады. Сондай-ақ әр бір организмнің ортасы - оны қоршаған көптеген органикалық және бейорганикалық элементтері мен шаруашылық нәтижиесінде түзілген. Ғылымның әр түрлі салалары мамандарының экология пәнін оқуы оларға қоршаған ортаны қорғау және табиғат рессурстарын тиімді пайдалану жолдарын үйретеді.

Биосфера мен Адамзат өркениетінің келешегіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, тығырықтан шығудың жолдарын қарастыратын мамандар даярлау бүгінгі күн талабы. XX мен XXI ғасырдың түйісінде әлемдік және аймақтық әлеуметтік-экологиялық проблемалардың лайықты шешілуі «орнықты даму» түсінігімен байланыстырып отыр. Біздің ойымызша әрбір маманды экологиялық сауатты азамат ретінде тәрбиелеу “орнықты даму” ұғымының шешуі. Ал, “Экология” пәні жеке мектеп бағдарламасына енгізілмеген. Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесін басқа пәндерде тақырыпқа сәйкес пәнаралық байланыс негізінде немесе жеке үйірме, факультативті сабақ түрінде жүргізіледі. Ұсынылып отырған модуль шеңберінде педагогтар экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында жұмыс жүргізе алады. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау тәсілдері тек экологиялық жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асырылады. Осы орайда елімізде жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыру барысында ұстаздың тапқырлығы мен жаңа әдіс-тәсілдерді оқу үрдісінде пайдалана алу ептілігі-бүгін күн тәртібіне қойылуы - орынды жағдай. Сондықтан да мектеп қабырғасында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру барысында модульдік технологияны пайдаландық.

Модуль дегеніміз -міндетті түрде оқушының білімі мен біліктіліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі. Модульді құрастыру кезінде пәннің жұмыс бағдарламасы негізге алынады /3/ Пәннің тақырыптарына сәйкес немесе өзара байланысты тақырыптар болады. Көбіне біздің тәжірибелерімізде тақырыптарға сәйкес мәселелер сыныптан тыс қарастырылып отырады. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлеу және қорытынды. Біз ұсынатын модуль «Сабақтың түрлері, құрылысы» тарауына арналған.

Сабақты өткізу барысында оқушыларға өсімдіктің тірегі сабақ екенін, яғни ол жер асты және жер үсті мөшелерін қосатын дәнекер екенін дәлелдеу, өсімдіктің жер асты жер үсті мөшелерімен таныстыра отырып, өсімдікке қажетті орта жағдайлары мен сабақтың түрлері туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың сабақ туралы білімін тереңдету.

Тәрбиелілігі: өсімдіктер үшін сабақтың маңызын түсіндіре отырып, өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу мақсатында қолданылған бұл сабақтардың бірі. № 2- сабақ: өсімдік тірегі сабақтың түрлері, өсімдікке қажетті орта жағдайлары тақырыбында – «Сұрақ-жауап» оқыта, көрсете үйрету ойыны арқылы жүзеге асады.

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің тіршілігі үшін сабақтың маңызын айқындау. өсімдіктің жер асты және жер үсті сабақтары мен (түрі өзгерген сабақтармен) олардың атқаратын қызметімен таныстыру. өсімдік көп түрлілігімен таныстыру. Оқушылардың өсімдіктер туралы білімін дамыта отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер. Оқушылардың өзіндік эмблемалары, және сабақ түрлерінен гербарийлер жинақтау үшін сеткалар мен картондар.

Оқушылармен топ құра жинақталып, саяхат барысында жеке қауіпсіздігіне аса назар аудару қажеттігін түсіндіру. Сабақ өсімдік тірегі атты сыныпта өткен тақырыбын әңгімлей отырып, тірек сызбаларды еске түсіру. Сынып екі топқа біріктіріледі. Ойын шартымен тапсырма түрлерімен таныстыру. Топтар тапсырмаларды таңдап алады да оларға белсенді түрде кіріседі. Топ тапсырмалары бойынша жұмыс үстінде саяхат барысында қойылған сұрақтарға, сабақ түрлерін мысалға келтіре отырып жауап беріп отырады. Бұдан соң мұғалім тақырып мазмұнына сәйкес өсімдіктің өсу бағытымен – қарапайым күрделі сабақтармен таныстырып, көрсетіп шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зертеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше рет қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын ынтасын, ойлауын ауызша жєне жазбаша тілін дамытуға сүйене отырып түсіндіреді.

Әр топ өз тапсырмаларын мұқиат орындап, гербарилер жинақтайды. Табиғат жағдайына, биологиялық ырғақтылыққа аса назар аударылады. Табиғат аясында өсімдіктердің маңызы туралы сұрақ-жауаптар қойылып пікір-талас өткізіледі. Әрбір топ өз тапсырмалары негізінде күнделіктеріне белгілер қояды. Бұл сабақ модульдің сөйлесу бөліміне кіргендіктен сабақтың ұйымдастырылу формасы сыныптан тыс әр оқушы белсенді әңгімелесу үстінде болады. Әрбір топ мөшелері өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен немесе оның құрлысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады. Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, бір-біріне табиғат құбылыстары сабақ түрлерін көрсетуі мен түрлі ғылыми көздерді пайдалануы жұпталып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде Венн диаграмасын, сөзжұмбақ, бейнесөз, сөзтізбек, шытырман, сурет-тапсырма, сұраќ-жауап, тест-тапсырма, сынақ тақырыптың ерекшелігіне орай шығарма немесе диктант пайдалана отырып, модульді қорытындылау 5-сабақта Тапқырлар әлемі бөлімінде беріледі.

Қорыта келгенде, Экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісінде жаңа технологияларды пайдалану оқушыда өз бетімен еңбектену, оқу-танымдық процесті басқара алу икемділігінің дамуын қамтамасыз етеді. Егер жоғарыдағы айтылғандай әрбір сабақ сыныпта және сыныптан тыс жүйелі болса, оқыту технологиясының құрылымының мынадай нұсқасын көреміз:

  1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру;

  2. Балалардың тапсырманы немесе модульді таңдауына белсенді қатысуы;

  3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндай келе, миға шабуыл технологиясын пайдалана отырып, тақтаға белгілер жүйелері – сызбалар, тақырып бойынша сөздер т.б.түсіру;

  4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының іс-әрекетін әр сабақта бағалап отыру;

  5. Жалпы тақырыпқа, тарауға қайта оралу негізінде оқу материалын бекітуде оқушылардың белсенділігі;

  6. Сыныптан тыс белсенділік жүйесінде оқушыларды табиғатты қорғауға шақыру;

  7. Сыныптан тыс белсенді тапқырлар жүйесінде оқушыларды ғылымға баулу;

  8. Сабақты әр түрлі ойын түрінде өту - оқушылардың белсенділігінің артуына бірден бір себеп;

  9. Оқушылардың танымдық, тапқырлық іс-әрекетін пайдалана отырып қорытындылау;

  10. Екі топ өз тапсырмаларын Венн диаграмасын пайдалана отырып қорытындылау.

Сонымен грек тілінен өнер туралы ғылым мағынасын беретін технология ұғымы педагогикалық процесінде катализатор қызметін атқарады деуге болады. Әрине, оның нәтижелі болуы педагогтың шеберлігіне, оқушылар континентіне, тіпті оқушылардың таным ерекшеліктері мен көңіл-күйіне байланысты екені сөзсіз.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада экологиялық білім мен тәрбие беруде жаңа технологиялық тәсілдерді қолдану әдістері қарастырылған.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается применение новых технологий в экологическом образовании и воспитании.


ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

БАРЫСЫНДАҒЫ ОҚЫТУШЫНЫҢ РӨЛІ МЕН БІЛІКТІЛІГІ


Мұхамбетова Ш.Қ., ф.-м.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Жас буынға білім мен тәрбие беру ісінде еліміздің көшбасшы оқу орындарының қатарына лайықты орын иеленіп үлгерген Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті мамандар даярлау бағытында да ұлағатты жұмыстардың ұйытқысы болып отыр. Қандай да бір жоғары оқу орнында (ЖОО) білімді де білікті мамандар даярлаудың сапалы нәтиже иеленуі білім, ғылым, тәрбие жұмыстарының өзара оңтайлы ұштаса жүргізілуіне байланысты екендігі белгілі. Нәтижелі жұмыс кепілі – білімі мен іскерлігі, жаңашыл ізденісі мен тәжірибесі үйлесім тапқан білікті кадрлар.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің былтырғы Жолдауында: «Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті – әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру», – деп қазіргі таңдағы жоғары мектептердің алдында тұрған ауқымды да жауапты міндеттерді атап көрсеткен болатын. Бұл міндеттердің ауқымдылығы– бірер жылдың аясында бірер оқу орнының көлемінде шешуге болатын межені місе тұтпай, білім саласында жеделдете қолға алынуға тиісті шараларды тұтастай елдік мұратқа ұластыруды көздеген кең құлашты мақсаткерлігінде жатса, жауаптылығы – алға тартылған міндеттердің үрдесінен табылу ұстаздар қауымының ғана емес, барша жұрттың абыройын асқақтатар игілікті іс болуында.

Қазіргі жағдайда, дәріс өткізу барысында көрнекті және техникалық оқу құралдарын, жаңа ақпараттық білім беру технологиясын (Интернет, мультимедиялар, электрондық сөздіктер, электрондық оқулықтар және т.б.) қолдану, дәрістің сапалылығы мен студенттердің оған деген қызығушылығын арттыратындығы таң қалдырмайды. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі күні ЖОО-ынданың оқытушылары үшін ерекше өзекті мәселе болып саналады, өйткені білімгерге қабілетін жетілдіруге көмектесіп, өздігінен жұмыс істеуге қызығушылығын тудырып, соны әдетке айналдыруға бағыт беру тікелей оқытушының міндетіне жатады.

ЖОО-ында ақпараттық технологияны қолдану еш қиындыққа түспейді, өйткені білімгерлер бірінші курста-ақ информатика пәнін оқып үйрену барысында компьютерді игеріп алады, нәтижесінде олардың логикалық ойлау қабілеттерді де жақсы жетіледі.

Компьютер – бұл интерактивтік құрылғы. Қазіргі заманға сай, интерактивтік білім беру мақсатында, аталмыш университетінің оқу ісінде, компьютер – жетікті қолданыс тапты. Оның дәлелі, аталған оқу орнында, білімгер, «Интернет» торабында өз бетімен жұмыс істеп, лазерлік дискіден дәріс курсын тыңдауы үшін, ал оқытушымен тек кеңес алу үшін ғана кездесуіне толық мүмкіндік жасалған.

Аталған оқу орнында, оқытушы студенттерге ақпарат беру мақсатында, жаңа ақпараттық технологиясының көрнекілігі жағынан өте күшті құралының бірі – лазерлік дискіні (CD-ROM) қолданады. Онда графика мен мәтіннен басқа да, дыбысты қозғалыстағы видеокөріністерді сидыруға болады. Негізінде, бағдарламасы дұрыс құрастырылған компьютер, біріншіден, оқытушы үшін үлкен көмек, екіншіден, студенттер үшін оңтайлы, өйткені компьютер олардың кейбір жариялықты талап етпейтін жағдайларын құпия сақтайды, мысалы, бағдарламадағы дайындық сұрақтарына жауап беру барысында қандай қате жібергенін студенттің өзі ғана біледі, оқытушы біліп қояды деп қорықпайды, сөйтіп студент өз білімін өзі бағалауына мүмкіндік алады.

Ал енді дәрістің өзіне келетін болсақ, ол – ЖОО-ындағы берілетін сабақтың дәстүрлі жетекші түрі. Оқытудың басқа әдістері дәрістің тақырыптары мен мағынасына тікелей байланысты болғандықтан, ол оқудың барлық түрлерінің әдіснамалық және ұйымдастыру негізі болып табылады, сонымен қатар дәріс – студентті ғылымға бейімдейтін бірден бір тәсіл, өйткені ол ғылыми, тәрбиелік, дүниетаным және ақпарат көзі функцияларын қатар орындайды.

Дәріс берушінің көңіл күйі, оқу материалын тыңдаушы топқа жеткізе білуіне, олармен ашық байланыста болуына тікелей әсерін тигізетіндігі дәлелдеуді талап етпейді. Яғни, оның рөлі мен біліктілігі жеке шығармашылығына, материалды түсінікті етіп баяндай білу қабілетіне, тыңдаушы топты тапқырлығымен немесе шеберлігімен үйіріп алу қасиеттеріне байланысты десек қателеспейміз, себебі осының бәрі студенттің пәнге деген қызуғышылығын тудырып, олардың ойлау қабілетін шыңдайтыны белгілі.

Қалай десек те, оқулықтар мен дәріс арқылы берілетін материалдың мазмұны бір болғанымен, оқытудағы дәрістің алатын орны бөлек. Анығын айтсақ, дәріс, біріншіден, пән туралы толық мағлұмат береді, оның ғылым саласындағы алатын орнын, басқа пәндермен байланысын айқындайды, ең бастысы пәнге деген қызуғышылықтың тууына себепкер болады. Екіншіден, білімгер, ғылым мен техниканың заманға сай болып жатқан өзгерістерін, өндіріс орындарындағы болып жатқан жаңалықтарды, әр тақырыпқа сәйкес жаңа мәліметтерді дәріс берушіден естиді.

Яғни, ЖОО-ындағы дәріс дегеніміз, білімгерге оқулықтың мағынасын әшейін ғана айтып беру емес, ол белгілі бір білім саласындағы оқытушының ғылыми педагогикалық жеке шығармашылығы. Пәннің әр тақырыбына тиянақты көңіл бөле дайындалу, көңілге қонарлық мысалдар келтіре отырып студенттерді еліте білу, олардың ой – өрісін кеңейту, өз беттерімен ойлау қабілеттерін оятып, бағыт бере білу – бүгінгі күні оқытушыларға қойылатын талаптардың ерекше түрі. Сол себепті, оқытушының оқу пәнін жан–жақты білуге міндетті болғанымен қатар, педагогикалық және психологиялық мәселелер жағынан да түсінігі терең болуы тиіс.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жоғары оқу орнында, дәріс беру сабақтары техникалық оқыту құралдарымен жабдықталған арнайы аудиторияларда өткізіледі. Бұндай аудиторияларда дәріс, мұғалімнің «тақтаның алдында түсіндіру» сияқты міндетінен құтқарып, уақытын үнемдейді. Сонымен қатар, дәрісті бұндай автоматтандырылған аудиторияларда көрнекі құралдарды кеңінен қолдану арқылы өткізудің, дәстүрлі сабақ беру әдістемесінен үлкен айырмашылығы бар. Менің ойымша, ақпараттық қамтамасыздандыру жүйесі мен техникалық оқыту құралдарын біріктіру арқылы жоғары педагогикалық сапаға жетуге болады. Бұл жағдайда, оқытушының рөлі мен біліктілігі оқу мен ғылымды біріктіре білуде, яғни, дәрістің мәні мен мақсатын, оның ғылыми мазмұнын, білімді, белсенді түрде меңгерудің дидактикалық тәсілін айқындай білуде. Осы мәселені шешу мақсатында, аталмыш оқу орнының оқытушылары, оқыту процесіне мұқият жете зерттеліп дайындалған қазіргі заманға лайық, бұрынғы оқулықтардан ерекшеленетін, ғылыми дәйектелген оқулықтар мен әдістемелік құралдар енгізу үшін атсалысуда.

Тұжырымдай келе айтарым, оқытудың түрлері мен әдістерін дәріс беру мәселесінен бастау керек. Дәріс беру сабағы студенттердің логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге, есту, көру және есте сақтау қабілеттерін ынталандыруға бағытталуы тиіс. Сол үшін, алдын ала дайындалған, студенттерге таратып берілетін материалдарды (Handouts), графикалық және әдістемелік оқулықтарды (плакаттар, сұлбалар, кестелер), техникалық құралдарды (компьютерлік, аудио- және бейнелі ақпарат) кеңінен қолдану керек. Айтып өткендей, қазіргі кезде, оқытушының рөлі мен біліктілігі дәріс өткізу барысында жаңа ақпараттық технологияны қолдана білуіне көп байланысты, сондықтан менің ойымша, дәріс беру жөнінен шетелдік әріптестердің тәжірибесіне жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру үрдісіне жаңа бағыттағы өзгерістер енгізу арқылы оқыту үлкен жетістіктерге жеткізер еді. Мысалы, берілетін әр дәрістің тақырыбына сәйкес, алдын ала арнайы дайындалған, қаралатын мәселелердің негізгі міндеттері белгіленген, ақпаратты сипаттағы активті материалдарды студенттерге тарату, бірлескен шығармашылық, бірлескен шешім, яғни қалыптасқан тура және кері байланыс жүйесін ауызша ғана емес, Интернет жүйесі арқылы тудыру, өте күрделі тапсырмаларды өз бетімен орындағаны үшін жүйелі түрде мадақтау, өздік жұмыстарын ұйымдастыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, оны жете меңгеру мақсатында белгілі бір талап қою.

Сонымен, «Ұстаздық» деп аталатын ұлы жолды таңдап, өмірін сол мақсатқа қызмет етуге арнаған талапты жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісінде мақсаттарын айқын белгілеп, міндеттерін нақтылай айқындап үлгерген Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті бүгінге дейінгі аралықта қаншалықты табысты нәтижелерге қол жеткізсе, алдағы күндерде де межелі биіктерден табылары анық.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2008 жыл, ақпан.

  2. Правила кредитной системы обучения. (Проект).- Астана, 2003.

  3. Сборник инструктивно-организационной документации по внедрению КСО в КазГАСА. Алматы, 2003.


ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада білім беру жүйесіндегі графикалық және әдістемелік техникалық құралдарды кеңінен қолданудың жолдары қарастырылады.


РЕЗЮМЕ


В настоящей статье рассмотрены пути использования графических и методико-технических инструментов в системе образования.


ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Нусипалиева Б.- 4 курс студенті (Алматы;.ҚазмемқызПУ)

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

Похожие:

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon6М010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы, Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы,...

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon1 тақырып. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі курсы құрылымының мазмұны мен қағидалары.( 6 сағат) Мазмұны
А. Байтұрсыновтың еңбектері мен негізгі оқу құралдары бойынша қазақ тілін оқытудың алдағы тапсырмаларын ашыңыз. Бірінші сұраққа дайындалуда...

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconҚҰрманбаева шынар қапантайқызы қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың Ғылыми-әдістемелік негіздері
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі)

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconБастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны ана тілін оқытудың нәтижесін бақылауда қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтау
Бастауыш мектепте ана тілін оқытудың нәтижесін бақылаудың тиімділігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы жүзеге...

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconАвтореферат 2010 жылы «15» мамырда таратылды. Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, филология ғылымдардың докторы, профессор Қосымова Г. С. Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Бастауыш сыныпта қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconУчебник для взрослых
Бұл оқу құралы қазақ тілін оқытудың белсенді әдістемесінің элементтерін пайдалану негізінде құрастырылды. Ол бұрын қазақ тілін оқып-үйренбеген...

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді жүзеге асыру барысында 2011 жылы окба қди жанында өткізілетін курстардың жоспары
«Шаңырақ» жеке мектебінің ұйымдастыруымен «Искусство творить вместе» тақырыбында бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің шығармашылық...

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconАҚТӨбе қаласының білім бөлімі бойынша б ұ й р ы қ
...

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconТанирбергенов Медеубек Жұматайұлы жоғАРҒы оқУ ОРЫНДАРЫНДА ГРАФИКАНы оқытудың теориялық ЖӘне әдістемелік негіздері
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі ( бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі бейнелеу өнері )

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconМатематиканың бастауыш курс негіздері пәні бойынша студенттін өзіндік жұмысын ұйымдастыруға Әдістемелік нұСҚаулар шымкент 2010
В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының күндізгі және сырттай оқу түріндегі студенттері үшін «Математиканың...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница