Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі




НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
страница1/9
Дата конвертации11.02.2016
Размер1.01 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.ksu.kz/files/OMKO/Baza_testovyh_zadanii/Teoriya_gosudarstva_i_prava_kaz_.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


"Бекітемін"

ОӘБ төрағасы

д.п.н., профессор

______________С.Т.Каргин

ОӘБ отырысында қаралды

"_____"___________2003 г.


"Мемлекет және құқық теориясы"

пәні бойынша тест тапсырмалары


бағыт топтары гуманитарлық


021600 юриспруденция мамандығы үшін


Құрастырушы:

_______________аға оқытушы Г.Т.Байжанова


Парақ саны 58

Тест тапсырмалары саны 200


"Мемлекет және құқық теориясы"

пәні бойынша тест сұрақтары


$$$ 1

Мемлекет және құқық теориясы:

A) мемлекет және құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болуы, мәні, қызметі және дамуы туралы білім жүйесі

B) қоғамның құқықтық ұйымының пайда болуының, дамуы мен қызметінің арнайы заңдылықтары туралы гуманитарлы ғылым

C) Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік құқықтық құбылыстарының құрылу, даму және қызмет етуінің тарихи-теориялық жолдарының жалпы заңдылығы туралы білім жүйесі

D) құқықтық мемлекеттің адам және азаматтардың материалды және материалды емес игілігін, осылардың арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңды ғылым

E) мемлекеттік басқару саласында пайда болатын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге бағытталған құқықтық жүйенің дербес саласы


$$$ 2

Мемлекет және құқық теориясының пәні:

A) мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болуы мен дамуының жалпы заңдылықтары

B) мемлекеттік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мен дамудың негізгі жалпы заңдылықтарын зерттеудің белгіленген теоретикалық қағидаларын, логикалық әдістері мен әлеуметтік тәсілдер жиынтығын қолдану

C) мемлекеттік-құқықтық қатынастар

D) азаматтармен өз құқыларын жүзеге асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар

E) мемлекет дүниежүзілік қоғамдастық ретінде


$$$ 3

Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі

A) мемлекет және құқықтың пайда болуы, қызмет ету және дамудың негізгі жалпы заңдылықтары

B) білімнің объективті шынайылығын көрсететін, ақиқат білім алу үшін қолданылатын ғылыми әрекеттің қағидаларының, әдістерінің, тәсілдерінің жиынтығы

C) мемлекеттік-құқықтық қатынастар

D) азаматтармен өз құқыларын жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар

E) мемлекет дүниежүзілік қоғамдастықтың мүшесі ретінде


$$$ 4

Білім алу үшін ғылымда қолданылатын құрал, тәсіл, ережелер жиынтығы

A) концепциялар

B) әдістер

C) функциялар

D) презумпциялар

E) қағида


$$$ 5

Жалпы ғылымдық әдістер:

A) материалистік, диалектикалық

B) статистикалық, кибернетикалық

C) жүйелілік, қызметтік

D) салыстырмалы-құқықтық, формалды-заңды

E) талқылау, анықтау, жүзеге асыру


$$$ 6

Мемлекет және құқық теориясының әдістері:

A) жалпымемлекеттік, жалпы құқықтық, теоретикалық

B) фундаменталды, қолданбалы, салалық

C) жалпы ғылымдық, жеке ғылымдық

D) жалпы міндетті, жеке міндетті

E) салалық, тәжірибелік


$$$ 7

Заңдық ғылымдар:

A) белгіленген қоғамдық қатынастар берілген нақты қатысушылардың заңды құқықтары мен міндеттерінің байланысы

B) құқықтық құбылыстардың қызмет етуінің кейбір заңдылықтары туралы білім жүйесі

C) мемлекеттік құбылыстардың пайда болу, даму және қызмет ету туралы білім жүйесі

D) мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болу, даму және әрекет етуінің жалпы және жеке саяси заңды заңдылықтары туралы білімдер жүйесі

E) мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болу, даму және қызмет етуі туралы білім алу үшін ғылымда қолданылатын әдістер, тәсілдер жиынтығы


$$$ 8

Тарихи-теоретикалық заңдық ғылымдар:

A) мемлекет және құқық тарихы және криминология

B) мемлекет және құқық теориясы және Қазақстан тарихы

C) қылмыстық атқару құқығы және әкімшілік құқық

D) саяси және құқықтық білімдер тарихы, мемлекет және құқық теориясы

E) мемлекет және құқық теориясы, халықаралық құқық


$$$ 9

Салалық заңдық ғылымдар:

A) криминология, прокурорлық қадағалау, криминалистика

B. рим құқығы, шет мемлекеттерінің конституциялық құқығы

C) мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқық тарихы

D) азаматтық құқық қылмыстық құқық, еңбек құқығы

E) заңды психологогия, салық құқығы, әкімшілік құқық


$$$ 10

Қолданбалы заңдық ғылымдар:

A) миниципалды құқық, қаржы құқығы, кәсіпкерлік құқық

B) мемлекет және құқық теориясы, саяси-құқықтық білімдер тарихы

C) криминалистика, заңдық психология, соттық психиатрия

D) криминология, прокурорлық қадағалау, әділ сотты ұйымдастыру

E) азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы


$$$ 11

Мемлекеттің пайда болуының себептері

A) саяси, мәдени

B) идеологиялық, діни

C) салт-дәстүрлік, әдет-ғұрыптық

D) зайырлық, құқықтық, демократиялық

E) экономикалық, әлеуметтік


$$$ 12

Мемлекет және құқықтың пайда болуының теориялары

A) әмбебап, органикалық

B) батыстық, шығыстық

C) психологиялық, психиатриалық

D) азиялық, еуропалық

E) патриархалды, органикалық


$$$ 13

Мемлекеттің пайда болуының келісімдік теориясының негізін қалаушылар:

A) Покровский, Фильмер

B) Гоббс, Спиноза, Руссо

C) Гумплович, Каутский, Дюринг

D) Энгельс, Маркс

E) Петражицкий, Гуго


$$$ 14

Мемлекеттің пайда болуының күштеу теориясының негізін қалаушылар.

А) Покровский, Фильмер

В) Эпикур, Спиноза, Руссо

С) Гумпилович, Каутский, Дюринг

D) Энгельс, Маркс

Е) Петражицкий, Гуго


$$$ 15

Мемлекеттің пайда болуының патриархалды теориясының негізін қалаушылар:

А) Покровский, Фильмер

В) Эпикур, Спиноза, Руссо

С) Гумпилович, Каутский, Дюринг

D) Энгельс, Маркс

Е) Петражицкий, Гуго


$$$ 16

Мемлекеттің пайда болуының теологиялық теориясы былай деп т.сіндіреді:

А) мемлекет бір тайпаның екінші тайпаны басып алуы нәтижесінде құрылды

В) мемлекет әлеуметтік эволюцияның жемісі, биологиялық организммен тепе-тең

С) мемлекет бұл құдай еркінің жемісі

D) мемлекет табиғи жолмен пайда болды

Е) мемлекет тап күресі нәтижесінде пайда болды


$$$ 17

Мемлекеттің пайда болуының типтік және ерекше нысандары

A) құл иеленушілік

B) шығыстық, оңтүстіктік

C) римдік, афиндік

D) шығыстық, еуропалық

E) батыстық, солтүстіктік


$$$ 18

Мемлекеттік билік рулық биліктен қандай белгісімен ажыратылады:

A) экономикалық жүйесімен

B) биліктің бөлінуімен

C) тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуымен

D) мәдени -білімдік қағидасымен

E) өндіріс нысанымен


$$$ 19

Мемлекет:

A) белгілі аумақта саяси билікті жүзеге асырудың құралы мен әдістерінің жиынтығы

B) мүшелері көзқарастар бойынша біртұтас болып бірігетін мемлекеттік құрылыс нысаны

C) жария - биліктік құзыреті берілген жұмысшы табы жағынан қоғаммен басқаруды жүзеге асыратын саяси биліктік ұйым

D) белгілі аумақта атқару - реттеу қызметін жүзеге асыратын саяси ұйым

E) белгілі аумақта жоғарғы билікпен қамтылған саяси ұйым


$$$ 20

Демократия:

А) басқару нысаны, органдарды ұйымдастыру және қызмет ету тәртібі, құрамы, құзіреті.

В) мемлекеттік құрылыс нысаны, мемлекеттік билікті аумақтық ұйымдастыру.

С) халықты мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретінде тану, оның саяси шешімдерді қабылдауға қатысудағы құқықтарын тану, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың кең көлемін жариялау

D) саяси режим нысаны, авторитарлық мемлекеттің бір түрі.

Е) мемлекеттік органдардың депутаттарының жиналысы


$$$ 21

Билік:

А) қоғамды әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі қызметінің бір түрі, адамдардың іс-әрекеттерін басқару мүмкіндігі бар беделді күш

В) бір ерікке сендіру және мәжбүрлеудің көмегімен бағындыратын саяси партияның қызметінің негізгі бағыттарының бір түрі

С) қоғамдағы мемлекеттік билікті ұйымдастыру

D) қанаушы тап тарапынан қоғамды мемлекеттік басқару

Е) өзара байланысты және біртұтас бірлікті қалыптастыратын элементтердің көп түрлілігі


$$$ 22

Қоғам:

А) қоғамның біртұтас саяси ұйымы

В) ұлттық белгісі бойынша тұлғалардың бірлігі

С) тұрақты және объективті сипаттағы көзқарастармен өзара байланысты адамдар жиынтығы

D) заң жобаларын дәл және толық жүзеге асыру нәтижесінде анықталатын қоғамдық қатынастар жүйесі

Е) қоғамдық билік нысаны


$$$ 23

Мемлекет типі:

A) адам әрекетінің жалпылама нормалары мен принциптері

B) адамдар арасындағы қатынастарды реттеуші әлеуметтік нормалардың жиынтығы

C) сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жақтардың жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі

D) әр түрлі мемлекеттердің діни, азаматтық, қылмыстық және өзге заңдарының жиынтығы

E) мемлекет органдарын ұйымдастыру мен әрекет етуінің тәртібін жүзеге асырушы мемлекеттік билікті ұйымдастыру


$$$ 24

Мемлекет типі мынадай болады:

А) құқықтық

В) автократиялық

С) унитарлы

D) социалистік

Е) федеративті


$$$ 25

Мемлекеттің формациялық типінің басты факторы:

A) мәдениет деңгейі, дін, адамгершіліктің дамуы

B) климаттық және географиялық жағдай

C) ұлттық ерекшеліктер

D) тұлға бостандығының көріну деңгейі

E) өндірістік қатынастар типі


$$$ 26

Базис:

А) саяси және құқықтық қатынастар жиынтығы

В) мемлекеттің экономикалық құрылысы

С) адамдардың бірлігі

D) ұйымның саяси нысаны

Е) мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы


$$$ 27

Қондырма:

А) саяси және құқықтық қатынастар жиынтығы

В) мемлекеттің экономикалық құрылысы

С) адамдардың бірлігі

D) ұйымның саяси нысаны

Е) мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы


$$$ 28

Өркениеттік мемлекет типінің басты факторы:

A) қоғамдағы өндірістік қатынастардың даму деңгейі

B) тұлға бостандығының көріну деңгейі

C) таптық қайшылықтар мен тап күресі

D) рухани белгілер

E) реттеуші белгілер


$$$ 29

Мемлекет нысанының элементтері:

А) саяси билік, егемендік, басқару нысаны

В) басқару нысаны, саяси режим, мемлекеттік құрылыс нысаны

С) мемлекеттік құрылыс нысаны, биліктердің тәуелсіздігі, саяси режим

D) саяси режим, басқару нысаны, сайлау органдары

Е) басқару нысаны, саяси режим, құқықтық әдет-ғұрып


$$$ 30

Басқару нысаны:

А) мемлекеттің құрамдық бөліктерінің арасындағы, орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының арасындағы өзара қарым-қатынас сипатын ашатын ұлттық және әкімшілік - аумақтық құрылыс.

В) мемлекеттік және қоғамдық ұйымның, соның ішінде елдің саяси өміріне қатысатын еңбек ұжымдарының барлық ұиымдастырылғен жиынтығын білдіру

С) мемлекеттің пайда болу, қызмет ету және дамуының негізгі жалпы заңдылықтары.

D) мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдісі мен тәсілдерінің жиынтығы.

Е) мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын ұйымдастыру, олардың құрылымы, құрылу тәртібі, құзірет бөлісу және тұрғындармен өзара қарым-қатынасы


$$$ 31

Монархия:

А) жоғарғы мемлекеттік билік сайланбалы органға берілген басқару нысаны

В) жоғарғы мемлекеттік билік билік басында отырған монархқа мұрагерлік жолымен немесе өмір бақиға сайланып берілген басқару нысаны

С) қоғамның саяси ұйымының құрылысы

D) мемлекеттік құрылыс нысаны

E) саяси режим түрі


$$$ 32

Республика:

А) бірқатар мемлекеттердің одағын білдіретін күрделі мемлекет

В) жоғарғы мемлекеттік билік монархқа берілген басқару нысаны

С) жоғарғы мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға берілген басқару нысаны

D) мемлекеттің саяси өмірін білдіретін және қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдардың жүйесі

Е) биліктің қайнар көзі ретінде халықты тануға негізделген мемлекеттің қоғамдық билік нысаны


$$$ 33

Федерация:

А) заңды анықталған бағыныштылыққа ие мемлекеттік құрылымдардан тұратын (одақ, бірлестік) мемлекеттік құрылымның жәй нысаны

В) кейбір мәселелер бойынша мемлекеттердің уақытша одағы

С) кейбір мәселелер бойынша мемлекеттердің тұрақты одағы

D) заңды түрде белгілі дербес ұлттық - мемлекеттік құрылымнан тұратын (одақ, бірлестік) күрделі басқару нысаны

Е) мемлекеттік немесе заңды анықталған дербестікке ие ұлттық-мемлекеттік құрылымдардан тұратын мемлекеттік құрылымның күрделі нысаны


$$$ 34

Унитарлы (біртұтас) мемлекет:

А) бөлігі бір-бірінен тәуелсіз, бөлінген мемлекет

В) белгіленген дербестігі бар мемлекеттік құрылымдардан тұратын біртұтас мемлекет

С) мемлекеттің аумағы әкімшілік - аумақтық бөліністерден тұратын жәй басқару нысаны

D) ұлттық құрылымдардан тұратын және әкімшілік бөліністерге бөлінетін күрделі мемлекеттік құрылыс нысаны

Е) мемлекет аумағы әкімшілік - аумақтық бөліністерге бөлінетін ұлттық - мемлекеттік құрылымның қарапайым, бөлінбейтін, біртұтас нысаны


$$$ 35

ҚР-ның мемлекеттік құрылыс нысаны:

А) федерация

В) конфедерация

С) унитарлы

D) достастық

Е) республика


$$$ 36

Мемлекеттік құрылыс нысаны:

А) орталық және жергілікті биліктердің арасындағы өзара қатынастардың сипаты, мемлекеттің саяси - аумақтық құрылымы

В) мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктердің, соның ішінде мемлекеттің саяси өміріне қатысатын еңбек ұжымдарының барлық жиынтығын ұйымдастырылған түрде білдіру

С) мемлекеттің пайда болу, қызмет ету және дамудың негізгі жалпы заңдылықтары

D) мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдісі мен тәсілдерінің жиынтығы

Е) мемлекеттің мемлекеттік бөліну белгісі


$$$ 37

Саяси режим:

А) мемлекет пен құқықты зерттейтін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы

В) саяси билікті жүзеге асырудың мазмұны мен сипатын білдіретін әдістері мен тәсілдерің жиынтығы

С) белгілі бір мақсатқа жету үшін биліктік қатынастармен және құрылыммен қамтылған мемлекеттік құрылыс нысаны

D) қоғамда мемлекеттік билікті жүзеге асырылатын органдар жүйесі

Е) мемлекет қызметінің негізгі бағыттары


$$$ 38

Мемлекет саяси режиміне байланысты төмендегідей бола алмайды:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2015 ж. 29 қазанында...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы №261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2003 ж. 23 маусымдағы (№8 хаттама)...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының
Республикасы Білімжәне ғылым министрлігі Білім және ғылымсаласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница