Тапсырылды деп есептелетiнін




Скачать 102.16 Kb.
НазваниеТапсырылды деп есептелетiнін
Дата конвертации11.02.2016
Размер102.16 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.astananalog.kz/data/files/kaz/pic_44.doc
Құрметті салық төлеушілер!


Қаржы министрлігінің Салық комитетімен 2010 жылдың 1 тоқсаны үшін қосылған құн салығы бойынша 2010 жылдың 5 шілдесі жағдайына қатысты тапсырылған декларациялар негізінде автомантандырылған камералды бақылау іске қосуы жүзеге асырылды.

Электрондық құжаттармен алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ, криптокілт) пайдалану және тану туралы келісім жасасқан салық төлеушілерге камералды бақылау бойынша хабарлама Салық төлеуші кабинетіне (СТК) электронды түрде жіберілді.

СТК-ға жіберілген хабарламалар жалпы хабарламалар санының 97,4% тең үлес салмағын құрады.

Салық кодексінің 608-бабына сәйкес электрондық түрде жіберілген хабарламалар, жiберілген күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң, «тапсырылды» деп есептелетiнін естеріңізге саламыз. Электрондық түрде жіберілген хабарлама салық төлеуші онымен танысқан – таныспағанына қарамастан жiберілген күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң тапсырылды деп есептелетiніне назар аударуыңызды қадала сұраймыз. Бұл ереже 2009 жылдың 1 қантарынан бастап күшіне енген.

Осыған байланысты Салық кодексінің 587-бабына сәйкес 2010 жылдың 20 шілдесінен бастап осы хабарламаны орындау, яғни қосымша салық есептілігін немесе түсініктеме табыс ету, міндеттемесіне арналған 30 жұмыс күні санала бастайды.

Анықталған бұзушылықтар саны келесі кестеде көрсетілген:

Анықталған қатенің атауы

Жалпы көлемде бұзушылық санының үлес салмағы, %

Өтемші мәліметтерімен салыстырғанда анықталған есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын артық көрсету

43,7

ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеуші жазған шот-фактуралар бойынша ҚҚС соммаларын есепке дәлелсіз жатқызған

27,3

300.07 тізілімінде көрсетілген ҚҚС сомалары Қазынашылық органдарымен мемлекеттік сатып алу шеңберінде аударған соммалары бойынша мәліметтерімен айырмашылық

9,5

300.00 декларациясында көрсетілген соммалар, кедендік рәсімдеу кезінде төленетін ҚҚС соммасы, ҚҚС төлеу мерзімі өзгертілген импорт ретінде алынған тауарлар бойынша Кедендік органдырының мәліметтерімен айымашылығы, және де есепке жатқызу арқылы төленген ҚҚС соммаларының қате көртсеткендігі

9,5

Есепке жатқызған ҚҚС соммасы 300.08 тізілімде толық анықталып жазылмаған

8,4

Салық төлеушімен өз өзіне немесе өзінің филиалдарымен жазылған шот – фактуралар бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызған

1,6

Сот шешімімен жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушілер бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызған

0,01


1. Импорт бойынша мәліметтерді бақылау

Аталған іске қосуда 300.00 декларациясында көрсетілген соммалар, кедендік рәсімдеу кезінде төленетін ҚҚС соммасы, ҚҚС төлеу мерзімі өзгертілген импорт ретінде алынған тауарлар бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің мәліметтерімен айырмашылығын және салық төлеушінің декларациялары бойынша есепке жатқызу арқылы төленген ҚҚС соммаларының қате көртсеткендігін анықтайтын қосымша жаңа процедура қолданылған.

Импорталған тауарлар бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы ҚР кедендік заңнамасына сәйкес рәсімделген кедендік жүк декларациясында көрсетіліп, бюджетке төленіп және де кедендік режім шарттары бойынша қайтаруға жатпайтынын еске ала отыру қажет.

Сонымен қатар, Салық кодексін іске асыру Заңынын 49 бабының 27-45 азат жолдырана сәйкес, қосылған құн салығы бойынша төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар бойынша декларацияда есеп беру салық мерзімінде негізі төленген ҚҚС соммасы көрсетіледі.

Іске асыру Заңынын 49 бабының 41 азат жолына сәйкес ҚҚС соммасы есепке жатқызу арқылы төленген тауарлар бойынша, декларацияда қосылған құн салығының соммасы кедендік рәсімдеу кезде салық төлеушімен толтырылған міндеттеме негізінде есепке жатқызу да және де есептелуге беру де бір уақытта көрсетіледі.


2. ҚҚС бойынша декларацияларды қате толтыру және тапсыру фактілері туралы

Салық төлеушілердің ең жиі жіберетін қателерінің бірі ҚҚС бойынша декларацияларының 300.07, 300.08 шот – фактуралар Тізіліміндерін толық емес толтыруы болып табылады. Мысалы 2010 жылдың 1 тоқсанына қатысты 10 мың. салық төлеуші 300.07 тізілімдерінде жүзеге асырылған өткізілім сомаларын мүлдем айырып көрсетпеген. Салық төлеушінің осындай қателікті жіберуінің салдарынан, камералды бақылау кезінде оның контрагентінің мәліметтерімен салыстыру барысында дәлелсіз айырмашылықтардың анықталуына алып келеді. Нәтижесінде, салық органдары хабарлама жіберуге қосымша уақыт және бюджеттік қаражаттарды жұмсайды, ал салық төлеушілер берілген хабарламаға жауап беру үшін ресурстарын еріксіз алдандырады, яғни түсініктеме жәні дұрыстау СЕН тапсырады.

Әр салық төлеуші декларацияларда көрсеткен мәліметтер дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапты.Мәселен, егер «Өтемші мәліметтерімен салыстырғанда анықталған есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын артық көрсету» бұзушылығы бойынша камералдық бақылау хабарламасы жолданылған сатушы өзінің есепке жатқызған сомасын құжаттар (шот – фактуралар, салыстыру актілері) негізінде дәлелдей алатын болса, онда аталған бұзушылық оның контрагентіне қойылады.

Жоғарыда айтылғанға қосымша келесідей фактілер анықталған. 780 салық төлеуші 2010 жылдың 1 тоқсаны үшін ҚҚС бойынша есептілікті,осы жылы есептілік нысаны бірталай өзгертілгеніне қарамастан, 2009 жылға арналған нысан бойынша тапсырған.

749 салық төлеуші СЕН-де салық органының кодын қате көрсеткен, яғни СТ СЕН тапсырған кезде есепте тұрған СОК-ын көрсетпеген. Осындай СЕН-дар Салық кодексінің 584 бабына сәйкес тапсырылмаған дет саналады, сондықтан камералдық бақылауда есептелмейді. Сонымен қатар, егер кезекті СЕН қабылданбаса, осы нысанға қатысты барлық тапсырылынған қосымша нысандар да (салық органанын коды дұрыс көрсетілсе де) қабылданбаған деп саналады.


3. ҚҚС бойынша салық есептілігіне өзгерістер мен толықтыруларды қате енгізу фактілері

Көбінесе қателер ҚҚС бойынша салық есептілігіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізген кезде жіберілетіні анықталған. Осыған байланысты шот – фактура тізілімін (300.07, 300.08) құрастыру Ережелеріне сәйкес 2010 жылға шот – фактура тізіліміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу бірталай жеңілдетілген және осыған байланысты 2009 жылға қарағанда өзгеше. 300.07 және 300.08 Тізілімдерінің бөлімінде кез келген В, С, D, E, F,G, Н, I, J графаларында қате анықталған кезде бұрын қате көрсетілген шот – фактура жойылады.

Қате шот – фактура жою үшін қосымша Тізілімде өзгерістер енгізілетін мерзіміне қатысты бұрын тапсырылған Тізілімнің ақырғы жолдан кейінгі жол нөмірі көрсетіледі. Бұрын барлық көрсетілген реквизиттер В, С, D, E, F,G графаларында көрсетіледі, ал Н, I, J графаларында бұрын көрсетілген соммалар «алу» белгісімен жазылады. Одан кейін жаңа жолдан бастап дұрыс реквизиттер және соммалар жазылған шот – фактура енгізіледі.

Салық мерзімі үшін Тізілімді жаңа жолдармен толықтыру үшін толықтырулар енгізілетін мерзіміне қатысты бұрын тапсырған Тізілімнің ақырғы жолдан кейінгі жол нөмірі көрсетіледі.

Сонымен қатар, егер кезекті Декларациядан кейін бірінші қосымша Декларация тапсырылған кезде, Тізілімді толықтырғанда немесе Тізілімнен жолдарды жойғанда, кезекті Декларацияның Тізілімінің ақырғы жолының нөмірен кейінгі жол нөмірі көрсетілетінін ескере отыру қажет.

Егер кезекті Декларацияға қатысты қосымша Декларация тапсырылса да, тағы да қосымша Декларация тапсырылған кезде, Тізілімді толықтырғанда немесе Тізілімнен жолдарды жойғанда, қосымша Декларацияның Тізілімінің ақырғы жолының нөмірен кейінгі жол нөмірі көрсетіледі.


Мысал негізінде түсіндірсек:

а) егер өзгеріс енгізу қажет болса

Мысалы 2010 жылдың 1 тоқсан үшін ҚҚС бойынша кезекті декларация тапсырылған, 300.08 нысанында үш шот – фактура көрсетілген:


№1 Кесте

А Графасы

С Графасы

E Графасы

F

Графасы

H Графасы

I Графасы

J

Графасы

жол нөмірі

СТН

ш/ф №

ш/ф жазылған күні

ш/ф бойынша ҚҚСсіз барлық құны

ш/ф көрсетілген ҚҚС

Есепке жатқызылатын қосылған құн салық сомасы

2

1 СТН

10

10.01.10

50 000

6 000

6 000

3

2 СТН

58

24.02.10

60 000

7 200

7 200

4

3 СТН

30

05.03.10

40 000

4 800

4 800


Кезекті тізілімде №3 жолында (№1 Кесте) қате СТН көрсетілгені кейін анықталды, сонымен бірге өзге реквизиттер (оның ішінде ш/ф бойынша құны және ҚҚС соммасы) дұрыс көрсетілген.

Аталған қатені түзету үшін қосымша тізілімнің «А» графасында бұрын тапсырған Тізілімнің ақырғы жолынан кейінгі жол нөмірін көрсетіп, келесі жазбаны қосу қажет:


№2 Кесте

А Графасы

С Графасы

E Графасы

F

Графасы

H Графасы

I Графасы

J

Графасы

жол нөмірі

СТН

ш/ф №

ш/ф жазылған күні

ш/ф бойынша ҚҚСсіз барлық құны

ш/ф көрсетілген ҚҚС

Есепке жатқызылатын қосылған құн салық сомасы

5

2 СТН

58

24.02.10

- 60 000

- 7 200

- 7 200

6

2 СТН (дұрыс)

58

24.02.10

60 000

7 200

7 200


Нәтижесінде қате шот – фактура бойынша мәліметтер жойылады да жаңа мәліметтер енгізіледі.

Тізілімнің кез келген графасында (ЖСН/БСН, № немесе ш/ф жазылған күні, ҚҚС құны немесе соммасы), кез келген қате анықталғанда, осыған ұқсас түрде Тізілімге өзгерістер енгізіледі.


б) егер толықтыру енгізу қажет болса

Жоғарыда аталған жағдайға сәйкес (тапсырған қосымшаға бір қосымша СЕН тапсырылған еске алғанда) толықтыру енгізілгенде нөмірлеу №7 –ден басталады:

А Графасы

С Графасы

E Графасы

F

Графасы

H Графасы

I Графасы

J

Графасы

жол нөмірі

СТН

ш/ф №

ш/ф жазылған күні

ш/ф бойынша ҚҚСсіз барлық құны

ш/ф көрсетілген ҚҚС

Есепке жатқызылатын қосылған құн салық сомасы

7

4 СТН

28

25.03.10

70 000

8 400

8 400


4. СТК келіп түскен Хабарламалар

2010 жылдың 1 тоқсанға арналған камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 97,4% салық төлеуші кабинетіне жіберілгеніне назар аударамыз.

Сонымен бірге, салық төлеушіге СТК-не тек қана камералдық бақылау хабарламасының өзі ғана жеткізіледі, ал хабарлама қосымшалары электрондық пошта адресіне сұратылуы қажет.


Ол үшін:

  1. СТК хабарламалар журналына кіріңіз;

  2. «Действия» графасында «» белгісіне басыңыз және шыққан сұхбаттасу терезесінде хабарламамен қосымшалар жіберілуі тиіс электрондық пошта адресін енгізіңіз. «Отправить» кнопкасына басыңыз.





СТК-не қол жеткізу бойынша қиындықтар туындаған кезде, Сіз көмек алу үшін тіркеу орны бойынша салық органына және де ҚР ҚМ СК sds@mgd.kz демеу қызметіне хат жолдауыңызға, және ҚР ҚМ СК Форумында (Форум НК МФ РК > Информационные системы > Кабинет налогоплательщика)орналастыруыңызға болады.


5. Кері байланыс.

ҚР ҚМ СК-нің http://forum.salyk.kz форумында «Салық нысандарын қабылдау, камералды бақылау» бөлімінде «2010 жылдың 1 тоқсаны үшін ҚҚС бойынша КБ іске қосу туралы құлақтандыруларын талқылаймыз» атты тақырып жасалған, осы жерде Сіздер керекті сұрақтарыңызды қоя аласыздар.


Салық қызметі органдарының қызметкерлерінің камералды бақылау сұрақтарына қатысты заңсыз әрекеттері бойынша шағымды ҚР ҚМ СК-не 8 (7172) 71-79-63 сенімділік телефоны, немесе call-e-tax@mgd.kz электрондық шағым кітабі, немесе ҚР ҚМ СК Төраға Интернет блогы арқылы жолдай аласыз


Похожие:

Тапсырылды деп есептелетiнін iconНұр Отан партиясы демократиялық күштердің жалпыхалықтық коалицию құруды
Р оск 5 млн Қазақстан азаматтарының референдумды қолдау туралы қол қойылған қағаздары тапсырылды
Тапсырылды деп есептелетiнін icon«Некоторые проблемы переводческой деятельности»
«жасандылық» пен «жасампаздықты» ажырата алмайтын, «басынан бал-бұл ұшты» деп тұрақты тіркестерді қалаған жерден ұшырып, қалаған...
Тапсырылды деп есептелетiнін icon«Аударма қызметіндегі кейбір мәселелер» тақырыбындағы практикалық семинардың материалдары
«жасандылық» пен «жасампаздықты» ажырата алмайтын, «басынан бал-бұл ұшты» деп тұрақты тіркестерді қалаған жерден ұшырып, қалаған...
Тапсырылды деп есептелетiнін iconЕ. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
А,В,с егер а оқиғасы әр сынақта сөзсіз пайда болса, онда ол ақиқат оқиға деп аталады. Сынақ кезінде пайда болмайтын оқиға мүмкін...
Тапсырылды деп есептелетiнін icon2. Жүкті баратын жерге жеткізу шарттары және тұтынушының жүгін жеткізумен байланысты басқа шарттар
То-108 0134026 берген лицензия негізінде әрекет етуші директор Ахметова Мунирам Касымовна, әрі қарай «Орындаушы» деп аталып, бір...
Тапсырылды деп есептелетiнін iconӘ әлеуметтанушылар туралы мәліметтер. Негізгі бөлім
Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп...
Тапсырылды деп есептелетiнін icon«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг»
Клиент), негізінде әрекет етуші (заңды тұлға құрмаған кәсіпкердің мәртебесін дәлелдейтін құжат көрсетіледі/лицензияның деректемелері...
Тапсырылды деп есептелетiнін iconҚазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар
Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің...
Тапсырылды деп есептелетiнін icon«Цеснабанк» АҚ төлем карточкалары бойынша
«Клиент» деп аталатын негізгі төлем карточкасының иеленушісі Банк Клиенті жеке тұлға екінші тараптан, бірге «Тараптар» деп аталатындар...
Тапсырылды деп есептелетiнін iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Тренингің бірінші бөлімі “Танысу рәсімі” деп аталады. Қазір әрқайсымыз өзіміздің атымызды атап, есіміміздің бірінші әрпінен басталатын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница