Конкурстық ҚҰжаттама




НазваниеКонкурстық ҚҰжаттама
страница8/9
Дата конвертации11.02.2016
Размер1.22 Mb.
ТипКонкурс
источникhttp://almaty.upp.kz/files/kd_i_ts_na_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ТЕХНИКАЛЫҚ СЕРТИФИКАЦИЯ

«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының шеңберінде

бизнесті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну бойынша қызметтерді

мемлекеттік сатып алу жөніндегі


2 Лот

Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер, маркетинг мәселелері бойынша қызметтер


І. Қолданыстағы бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету кәсіпорынды басқару жүйесін оның тиімділігін арттыру мақсатында жетілдіруге бағытталған. Сервитстік қолдау көрсету шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.

Сервистік қолдау көрсету мақсатында Әлеуетті жеткізіп беруші келісі талаптарға сай болуы тиіс:

1. жергілікті еңбек ресурстарының болуы: тиісті салада біліктілігі бар жұмыс істейтін қызметкерлер штаты және жоғарыда айтылған қызмет түрлері бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі. Осы ретте әрбір жоғарыда айтылған сервистік қызметтің түрлеріне бір маман болуы тиіс (бір немесе одан да көп), қажет болған жағдайда компания тиісті біліктілігі және жұмыс тәжірибесі бар қосымша мамандарды жұмысқа жалдай алады.

2. сатып алынатын қызметтердің тізіміне (қажет болғанда) кіретін тиісті қызмет түрлерін иеленуге заңнамамен белгіленген барлық рұқсаттар мен лицензиялардың болуы;

3. бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі берешегінің болмауы;

4. қызметтерді сатып алу сәтінде сервистік қызмет көрсету сапасы бойынша даулардың, талап-сот сипатындағы даулардың болмауы;

5. Алматы қаласының барлық аудандарында сервистік қызметтерді көрсету (Алматы қаласының әрбір ауданында жабдықталған офистердің болуы);

6. «бір терезе» (бір жерде) қағидасы бойынша жоғарыда айтылған барлық сервистік қызметтерді көрсету;

7. қызмет алушыға түсінікті болу үшін мемлекеттік және /немесе орыс тілінде қызметтер көрсету;

8. қызмет көрсету үшін қажетті материалдық ресурстардың болуы: оқу-әдістемелік құралдары, тарату материалын оқитын тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету, жабдықталған оқу сыныптары, сервистік қызметті сапалы көрсету үшін саны жеткілікті ұйымдық техника, оның ішінде: дербес компьютерлер, проекторлар, экрандар, маркетингтік тақталар, көбейту және факсималдық аппараттар, сканерлер және басқалар, Интернет-ресурсқа қол жеткізу, сондай-ақ заңгерлік ақпарттық базаның (өзекті нормативтік-құқықтық құжаттарының ақпараттық ресурстар беру жөніндегі мамандандырылған компаниямен шартының) болуы.

Алматы қаласында қызметін жүзеге асырушы компанияға басымдылық беріледі. Осы өңірде ұсынылған талаптарға сай келетін компания болмаған жағдайда, бағдарламаның Үйлестірушісі жергілікті деңгейде басқа өңірде тіркелген компаниямен Шарт жасасуы мүмкін, бірақ осы өңірде оның филиалы немесе өкілдігі бар болса. Сапалы қызмет көрсету мақсатында әлеуетті жеткізіп беруші консалтингтік қызметтер көрсету нарқында тиісті қызмет түрлері бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

Қолданыстағы бизнесті жүргізуді сервистік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасу кезінде әлеуетті жеткізіп беруші келесі қызмет түрлерін көрсетуге міндеттенеді:

1. Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер:

1.1 салық салу және салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша консультациялар;

1.2. салық заңнамасы саласындағы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама саласындағы консультациялар;

1.3. бастапқы құжаттарды өңдеу бойынша консультациялар, салықтар мен бюджетке басқа да түсімдерді есептеу;

1.4. кәсіпорынның есепке алу саясатын әзірлеу;

1.5. бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;

1.6. бухгалтерлік есепті жүргізу бойында консультациялар;

1.7. 1 С-Бухгалтерия бағдарламасымен жұмыс бойынша консультациялар;

1.8. үлгі банктік құжаттарды дайындау және толтыру бойынша консультация беру;

1.9. үлгі банктік құжаттарды дайындау және толтыру;

1.10. салықтық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультация беру;

1.11. салықтық есептерді дайындау және тапсыру;

1.12. басқа ұйымдар қаржылық қызмет бойынша қосымша есептерді құру бойынша консультация беру;

1.13. басқа ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептер жасау;

1.14. статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультация беру;

1.15. статистикалық есептерді дайындау және тапсыру;

1.16. электронды статистикалық есептілікті ұсыну мәселелері бойынша консультация беру.

Жоғарыда көрсетілген қызметтердің тізбесінен басқа, әлеуетті жеткізуші экономиканың басым секторларына жататын кемінде 100 бірлік санымен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есеп жүргізу, салық заңнамасы және статистикалық есептілік құру мәселелері бойынша кемінде 100 оқыту семинарларын өткізуге міндеттенеді.

2. Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер:

2.1. баға саясатын әзірлеу бойынша консультация, нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары қорытындылары мен жоспарларын ескере отырып нақты тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша баға саясатын әзірлеу;

2.2. бизнес-жоспарды әзірлеу және екінші деңгейлі банктерде қарауға дайындау бойынша консультация беру, бизнес-жоспарды әзірлеу және екінші деңгейлі банктерде қарауға дайындау;

2.3. кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша консультация беру, кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу;

2.4. кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын бағалау және талдау бойынша консультация беру, кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын бағалау және талдау;

2.5. тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді жылжытуды талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге сұраныстың типін зерделеу бойынша консультация беру, ұсынымдар немесе қорытындылар бере отырып тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді жылжытуды талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге сұраныстың типін зерделеу;

2.6. бәсекелес ортаны талдау бойынша консультация беру, нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары қорытындылары мен жоспарларын ескере отырып бәсекелес ортаны талдау;

2.7. сауда маркаларын, жарнамалық компанияларды әзірлеу бойынша консультация беру, сауда маркаларын, жарнамалық компанияларды әзірлеу.

Жоғарыда көрсетілген қызметтердің тізбесінен басқа, әлеуетті жеткізуші экономиканың басым секторларына жататын кемінде 100 бірлік санымен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін маркетинг мәселелері бойынша кемінде 100 оқыту семинарларын өткізуге міндеттенеді.

Мемлекеттік сатып алуды жүргізу мәні болып табылатын қызмет көрсету нарқында кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі бар жергілікті еңбек ресурстары: он алты кәсіби бухгалтерлерден кем емес, маркетинг пен бизнесті басқару саласында жеті маманнан кем емес.

ІІ. Қолданыстағы бизнесті жүргізуді сервистік қолдау көрсету тетігі:

1. Бағдарламаны үйлестіруші жергілікті деңгейде өңір кәсіпкерлерін мамандандырылған сервистік қызметтер көрсетуді бастау мен оның орны туралы ай сайын ақпараттауды жүргізуі тиіс, оның ішінде БАҚ қатысуымен.

2. Өтініш беруші ( шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі) Сервис компаниясына мамандандырылған сервистік қызметтер көрсету туралы өтініш білдіреді.

3. Сервистік компания Өтініш берушіге қызмет көрсету шартында бекітілген бағаға сәйкес қызметтер көрсетеді. Кәсіпкер алған әрбір қызмет құжат бойынша расталуы тиіс. Қызметтерді толық және сапалы көрсету жауапкершілігі, айыппұл, өсім және басқаларды қоса сервистік компанияға жүктеледі.

4. Сервистік компания Өтініш берушіге бекітілген қызмет көрсету бағасының шартына сәйкес қызмет көрсетеді. Кәсіпкер алған әрбір қызмет құжат бойынша расталуы тиіс. Қызметтерді толық және сапалы көрсету жауапкершілігі, айыппұл, өсім және басқаларды қоса сервистік компанияға жүктеледі. Сервистік компанияның көрсеткен қызметіне ақы төлеу кәсіпкердің қызметтерді толық көлемде сапсына сәйкес алғанын растағаннан кейін жүзеге асырылады.

5. Сервистік қызмет көрсету сапасы Өтініш берушілердің таңдау сұрау салуының негізінде, сондай-ақ Сервистік компанияларды сервистік қолдау көрсету үдерісінің мониторингі, оның ішінде сервистік қолдауды іске асыруға қатысты құжаттар негізінде тексеріледі.

ІІІ. Жұмысты орындау және қызмет көрсету барысында әлеуетті жеткізуші:

- жұмысты орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты барлық әрекеттерді бағдарлама Үйлестірушісімен келісуге;

- көрсетілетін қызмет түрлерін көрсете отырып, мамандандырылған сервистік қызметтер алатын экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін, сондай-ақ байланыс мәліметтерін (мекенжайын, телефонын, электронды мекенжайын және де басқа) жүргізуге;

- бағдарлама Үйлестірушісіне заңды тұлғаның орналасқан заңды және нақты мекенжайын, басшысының Т.А.Ә., байланыс мәліметтерін және де басқа деректерін көрсете отырып, экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен толтырылған сауалнамалар ұсынуға;

- бағдарлама Үйлестірушісіне экономиканың басым секторларына тиесілі екенін растайтын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсынуға;

- жұмыстардың, қызметтердің көлемін, санын және құнын көрсете отырып, экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттар жасасуға;

- бағдарлама Үйлестірушісіне сервистік қызмет алған экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің атауын; жасасқан шарттар санын; экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген бөлігінде әрбір көрсетілген қызмет түрлерінің құны мен санын көрсете отырып, ай сайын аралық есеп тапсыруға;

- бағдарлама Үйлестірушісіне ай сайын экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілген қызметтерінің құжатпен расталған нәтижелерін ұсынуға;

- орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің электрондық мұрағаттық қорын (қағаз тасымалдағыштағы растауымен) ұсынуға;

- бағдарлама Үйлестірушісіне ай сайын орындалған жұмыстар мен экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілген қызметтердің аралық актісін ұсынуға;

- ай сайын экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әрбір бөлігінде бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдаланылуының қаржылық есептілігін ұсынуға;

- бағдарлама Үйлестірушісіне келесі: сервистік қызмет алған экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің атауы; жасасқан шарттар саны; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әрбір бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерінің құны мен саны ақпаратынан тұратын жылдық есеп ұсынуға міндетті.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Кәсіпкерлердің әрбір алған қызметі құжатпен расталған болуы тиіс. Қызметтің толық және сапалы көрсетілуіне, айыппұл, төлемақы өсімін және басқаларды қоса алғанда, жауапкершілік әлеуетті жеткізушіге жүктеледі. Әлеуетті жеткізушіге төленетін қызмет ақы төлемі бағдарлама Үйлестірушісіне осы Техникалық ерекшеліктің II параграфында белгіленген тәртіпте экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен жұмысты, қызметті толық көлемде және сапасына сәйкес алғанын растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.


Шартқа №2 қосымша


ТЕХНИКАЛЫҚ СЕРТИФИКАЦИЯ

«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының шеңберінде

бизнесті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну бойынша қызметтерді

мемлекеттік сатып алу жөніндегі


3 Лот

Заң қызметтерін көрсету, менеджмент жүйесін енгізу бойынша барлық үдеріске консультация беру және толық сүйемелдеу, ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласында консультациялар беру


І. Қолданыстағы бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету кәсіпорынды басқару жүйесін оның тиімділігін арттыру мақсатында жетілдіруге бағытталған. Сервитстік қолдау көрсету шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.

Сервистік қолдау көрсету мақсатында Әлеуетті жеткізіп беруші келісі талаптарға сай болуы тиіс:

1. жергілікті еңбек ресурстарының болуы: тиісті салада біліктілігі бар жұмыс істейтін қызметкерлер штаты және жоғарыда айтылған қызмет түрлері бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі. Осы ретте әрбір жоғарыда айтылған сервистік қызметтің түрлеріне бір маман болуы тиіс (бір немесе одан да көп), қажет болған жағдайда компания тиісті біліктілігі және жұмыс тәжірибесі бар қосымша мамандарды жұмысқа жалдай алады.

2. сатып алынатын қызметтердің тізіміне (қажет болғанда) кіретін тиісті қызмет түрлерін иеленуге заңнамамен белгіленген барлық рұқсаттар мен лицензиялардың болуы;

3. бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі берешегінің болмауы;

4. қызметтерді сатып алу сәтінде сервистік қызмет көрсету сапасы бойынша даулардың, талап-сот сипатындағы даулардың болмауы;

5. Алматы қаласының барлық аудандарында сервистік қызметтерді көрсету (Алматы қаласының әрбір ауданында жабдықталған офистердің болуы);

6. «бір терезе» (бір жерде) қағидасы бойынша жоғарыда айтылған барлық сервистік қызметтерді көрсету;

7. қызмет алушыға түсінікті болу үшін мемлекеттік және /немесе орыс тілінде қызметтер көрсету;

8. қызмет көрсету үшін қажетті материалдық ресурстардың болуы: оқу-әдістемелік құралдары, тарату материалын оқитын тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету, жабдықталған оқу сыныптары, сервистік қызметті сапалы көрсету үшін саны жеткілікті ұйымдық техника, оның ішінде: дербес компьютерлер, проекторлар, экрандар, маркетингтік тақталар, көбейту және факсималдық аппараттар, сканерлер және басқалар, Интернет-ресурсқа қол жеткізу, сондай-ақ заңгерлік ақпарттық базаның (өзекті нормативтік-құқықтық құжаттарының ақпараттық ресурстар беру жөніндегі мамандандырылған компаниямен шартының) болуы.

Алматы қаласында қызметін жүзеге асырушы компанияға басымдылық беріледі. Осы өңірде ұсынылған талаптарға сай келетін компания болмаған жағдайда, бағдарламаның Үйлестірушісі жергілікті деңгейде басқа өңірде тіркелген компаниямен Шарт жасасуы мүмкін, бірақ осы өңірде оның филиалы немесе өкілдігі бар болса. Сапалы қызмет көрсету мақсатында әлеуетті жеткізіп беруші консалтингтік қызметтер көрсету нарқында тиісті қызмет түрлері бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

Қолданыстағы бизнесті жүргізуді сервистік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасу кезінде әлеуетті жеткізіп беруші келесі қызмет түрлерін көрсетуге міндеттенеді:

1. Заң қызметтерін көрсету:

1.1. кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеу, қайта тіркеу, жоюға құжаттар дайындау бойынша консультациялық қызметтер, кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеу, қайта тіркеу, жоюға құжаттар дайындау;

1.2. шарттар жобаларын әзірлеу бойынша консультация беру, шарттар жобаларын әзірлеу;

1.3. азаматтық және еңбек құқығы саласындағы консультация беру;

1.4. құжат айналымын жүргізу бойынша консультация беру, кадрлық құжаттаманы жүргізу бойынша консультация;

1.5. ұсынымдар бере отырып құжат айналымының аудиті, ұсынымдар бере отырып кадрлық құжаттаманың аудиті;

1.6. бизнес-жоспардан басқа кредиттеуге құжаттар пакетін дайындау бойынша консультация беру, бизнес-жоспардан басқа кредиттеуге құжаттар пакетін дайындау;

1.7. құжаттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестікке тексерумен байланысты консультациялық қызметтер.

Жоғарыда көрсетілген қызметтердің тізбесінен басқа, әлеуетті жеткізуші экономиканың басым секторларына жататын кемінде 100 бірлік санымен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданыстағы заңнама бойынша кемінде 50 оқыту семинарларын өткізуге міндеттенеді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық ҚҰжаттама
Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қостанай облыстық кітапханасы” мм ғимаратын күрделі жөндеуге арналған...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
Конкурс қатысуға рұқсат етілген өтінімдер формасына талаптарды бекіту мақсатында әзірленген
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық ҚҰжаттама
Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын әлеуетті өнім беруші
Талдықорған қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Жетісу Су құбыры” қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны”
Конкурстық ҚҰжаттама icon«Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады»
Райымбек ауданы мектептеріне мектеп жиһаздары мен спорт инвентарларын, оқу кабинеттерінің көрнекіліктері, жабдықтарын мемлекеттік...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 қаулысымен...
Конкурстық ҚҰжаттама iconҚұжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың
Сқарушылық қызметтегі құжаттама жасауды ұйымдастыру тәртібін мен қағаз тасығыштағы құпия емес сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастыру,...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм павлодар филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстың ерекше тәртіппен
Жаңақорған ауданы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді конкурстың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница