Конкурстық ҚҰжаттама




НазваниеКонкурстық ҚҰжаттама
страница7/9
Дата конвертации11.02.2016
Размер1.22 Mb.
ТипКонкурс
источникhttp://almaty.upp.kz/files/kd_i_ts_na_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде

әрекеттегі бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету бойынша қызметтерінің мемлекеттік сатып алулары туралы

___ ШАРТ


Алматы қаласы 2012 жылғы «___» __________


«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, Басқарма бастығы Альфия Райсқызы Балованың атынан, бір тараптан, және _________________________, бұдан әрі «Сервистік компания» деп аталатын, директоры _________________________ атынан, _______________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-III «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 37 бабына және конкурстық әдіспен өткізілетін мемлекеттік сатып алуларының қорытындылары туралы ____ жылғы «___» __________ № ___ Хаттамасына сәйкес:

364 – «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ

019 – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету

011 – республикалық бюджеттің трансферттерінің есебінен

149 – басқа да қызметтер мен жұмыстар бюджеттік бағдарламалары бойынша төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1. Аталған Шарттағы төменде келтірілген ұғымдар келесі түсініктемелерді береді:

1) «Шарт» – оның барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен Тараптармен қол қойылған, сондай-ақ шартта сілтемелері көрсетілген барлық құжаттары бар, жазбаша түрде бекітілген Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Жеткізуші арасында жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;

2) «Шарттың құны» – өзінің шарттық міндеттемелерін, оның ішінде, ілеспе қызметтерін толық орындағаны үшін Шарт шеңберінде Сервистік компанияның Тапсырыс берушісімен төленуі тиіс сома;

3) «Қызметтер» – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде Алматы қаласындағы әрекеттегі бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету.

2. Төменде тізбектелген құжаттар мен ондағы айтылған шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады:

1) Сатып алынатын қызметтердің тізбесі (Шартқа №1 қосымша);

2) Техникалық ерекшелік (Шартқа №2 қосымша).


1. Шарттың мәні


1.1. Тапсырыс беруші тапсырады, ал Сервистік компания Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың 1, 2 қосымшаларында көзделген шарттарына сәйкес «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде Алматы қаласындағы әрекеттегі бизнесті жүргізуге сервистік қолдау ұсынудың қызмет көрсетулері (бұдан әрі – Қызметтер) бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды.

1.2. Тапсырыс беруші Шартта көзделген талаптар мен тәртіпте көрсетілген Қызметтерді қабылдап алуға және төлеуге міндеттенеді.

1.3. Қызметтер Сервистік компания оларды Тапсырыс берушіге өткізгеннен кейін және Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтердің актілеріне қол қойғаннан кейін көрсетілген деп есептеледі.


2. Шарттың құны


2.1. Шарттың жалпы сомасы (бұдан әрі - Шарттың бағасы) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, _________ теңге құрайды және оны ұлғаю жағына өзгертуге жатпайды.

2.2. Төлем мерзімдері: мемлекеттік сатып алу туралы Шарттың жалпы сомасының үш пайыз мөлшерінде мемлекеттік сатып алу туралы Шартты орындауды қамтамасыз етуді төлегенен кейін Шарттың бағасының 30 % мөлшерінде алдын ала төлем жасау. Соманың қалған бөлігін төлеу: орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылғанан кейін және есеп-фактурасын бергеннен соң, осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Техникалық маманданудың реттелген талаптарын сақтаған жағдайда осы Шарт бойынша шарттарды орындағанан кейін ай сайын тең үлеспен жүзеге асырылады.


3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері


3.1. Сервистік компания:

3.1.1. мемлекеттік сатып алулар туралы Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың орындалу қамтамасыздығының келесі – Тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепілді ақшалық жарна немесе банк кепілдігі түрлерінің бірімен мемлекеттік сатып алулар туралы Шартының жалпы сомасынан үш пайыз мөлшерінде мемлекеттік сатып алулар туралы Шартының орындалуының қамтамасыздығын енгізуге;

3.1.2. Тапсырыс берушіге Сервистік компанияның Шарттың талаптарын тиісті орындамауының және/немесе олардың заңсыз әрекеттерінің себебінен оған келтірілген шығындарды толық көлемде өтеуге;

3.1.3. осы Шарттың қосымшаларына сәйкес тиісті сапасында және толық көлемде Қызметтер көрсетуге;

3.1.4. егер Қызмет көрсету барысында Сервистік компания қызметтің сапасын төмендететін Шарттың талаптарынан ауытқушылық жіберсе, Тапсырыс берушінің талабы бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде барлық анықталған кемшіліктерді жоюға;

3.1.5. Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді тиісті түрде орындауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

3.2. Тапсырыс беруші:

3.2.1. осы Шартта көрсетілген баға бойынша көрсетілген Қызметтерді төлеуге;

3.2.2. Орындаушыға сапалы қызмет көрсету үшін қажетті ақпарат ұсынуға міндетті.

3.3. Тапсырыс беруші:

3.3.1. көрсетілетін қызметтердің барысы мен сапасына, сондай-ақ олардың көрсетілу мерзімдерінің сақталуына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;

3.3.2. егер кемшіліктер немесе қызмет көрсету сапасының төмендегені анықталса, қызмет көрсетуді тоқтатуды талап етуге;

3.3.3. тиісті сапада Қызмет көрсетілмеген жағдайда Сервистік компаниямен барлық анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін көрсетілген Қызмет актілеріне қол қоймауға және төлем жүргізбеуге;

3.3.4. егер Сервистік компания анықталған кемшіліктерді жою бойынша немесе Сервистік компанияның кінәсінен қызмет көрсетуді өз мерзімінде аяқтау мүмкіндігі болмаған жағдайда шаралар қолданбаса, бір жақты тәртіпте Шартты бұзуға және Сервистік компанияның шығынын өтемеуге;

3.3.5. Шартты әрі қарай орындаудың орынсыздығынан Сервистік компанияға Шартты бұзғанға дейін 7 (жеті) күн бұрын тиісті жазбаша хабарлама жолдай отырып, кез-келген уақытта Шартты бұзуға құқылы. Хабарламада Шарттың бұзылу себебі көрсетілуі, жойылған шарт міндеттемелерінің көлемі келісілуі, сондай-ақ Шарттың бұзылу күшінің енген күні көрсетілуі тиіс;

3.3.6. қолданыстағы заңнаманы өзгерткен жағдайда Сервистік компанияға тиісті жазбаша хабарлама жолдай отырып, Шарттың талаптарын орындаудан бас тартуға құқылы. Хабарламада Шарттың талаптарын орындаудан бас тартудың себебі, негіздемесі, сондай-ақ Шарт бұзылды деп есептелетін күні көрсетілуі тиіс;

3.3.7. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген осы Шарттың талаптарын орындау үшін басқа да әрекеттер жүргізуге құқылы.


4. Тараптардың жауапкершілігі


4.1. Сервистік компанияның кінәсінен Қызмет көрсету мерзімінің бұзылғаны үшін Тапсырыс беруші Орындаушыға тиісті жазбаша хабарлама жолдай отырып, мерзімі бұзылған әрбір күн үшін мерзімі бұзылып көрсетілген қызмет құнының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы, бірақ шарт бойынша төлеуге жататын (егер төлем жәйт бойынша асырылатын жағдайда) соманы азайту жолымен, және/немесе наразылық білдіру (алдын ала төленген жағдайда) жолымен шарт құнының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерінде өсімақы төлеуге талап етуге құқылы;

4.2. Сервистік компания кемшіліктерді және сәйкессіздіңтерді жою мерзімін бұзған жағдайда Тапсырыс беруші Сервистік компанияға тиісті жазбаша хабарлама жолдай отырып, Сервистік компаниядан әрбір кешіктірілген күн үшін шарт бағасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы, бірақ шарт бойынша төлеуге жататын (егер төлем жәйт бойынша асырылатын жағдайда) соманы азайту жолымен, және/немесе наразылық білдіру (алдын ала төленген жағдайда) жолымен шарт құнының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерінде өсімақы төлеуге талап етуге құқылы;

4.3. Орындаушымен шарттың міндеттемелерінің мерзімі 10 (он) күннен аса күнге өтіп кеткен кезде Тапсырыс беруші бұзу мерзімін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жолдау жолымен бір жақты тәртіпте шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тапсырыс беруші Орындаушыдан Шарттың бағасынан 10 (он) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық төлемін талап етуге құқылы;

4.4. дер кезінде көрсетілмеген қызметтер үшін өсімақы және айыппұл төлеу Сервистік компанияны Шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.


5. Форс-мажор


5.1. Тараптар Шарттың талаптарының орындаламағаны үшін, егер ол форс-мажорлық жағдайларының нәтижесінде болып табылса, жауапкершілікте болмайды;

5.2. осы баптың мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаларды білдіреді. Мұндай оқиғалар болмауы мүмкін емес: әскери әрекеттерден, табиғи немесе зілзала апаттарынан, індеттен, карантиннен және басқа да жағдайлардан болуы мүмкін;

5.3. форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда Тараптар бір-біріне кешіктірмей мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жолдаулары тиіс.


6. Шарттың әрекет ету мерзімі және бұзу шарттары


6.1. Осы Шарт оның Тапсырыс берушісімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркелгеннен кейін, сондай-ақ Сервистік компаниямен мемлекеттік сатып алулар туралы шартының жалпы сомасынан үш пайыз мөлшерінде Шарттың орындалу қамтамасыздығы енгізілгеннен кейін күшіне енеді және 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады;

6.2. Шартты бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


7. Қорытынды ережелер


7.1. осы Шартқа енгізілетін кез-келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша түрде Тараптардың келісімі бойынша жасалған, уәкілетті органдармен, яғни Тараптардың өкілдерімен қол қойылған және мөрмен бекітілген жағдайда ғана жарамды;

7.2. Тараптардың ешқайсысы Шарт бойынша жазбаша келісімсіз басқа Тараптың үшінші тұлғасына өзінің құқығы мен міндеттерін беруге құқығы жоқ;

7.3. Шарттың барлық қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып табылады;

7.4. осы Шартпен көзделмеген барлық қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады;

7.5. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан, бірдей заңдық күші бар, мемлекеттік және орыс тілдерінде, екі данада жасалды.


8. Тараптардың заңды мекенжайы және банктік деректемелері


Тапсырыс беруші:


«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ

Қазақстан Республикасы, 050001,

Алматы қаласы, Республика алаңы, 4

КБЕ 12

СТН 600 400 244 236

ИИК: KZ32070102KSN6001000

БИК: KKMFKZ2A

ҚР ҚМҚазынашылық комитеті ММ

______________________А.Р.Балова

МО

Сервистік компания:



Шартқа №1 қосымша

«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының шеңберінде

бизнесті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну бойынша қызметтерін мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурсының

сатып алынатын тауарларының, жұмыстарының және қызметтерінің тізбесі

Лот №

Тапсырыс берушінің

атауы

Тауардың (жұмыстың, қызметтің)*

атауы

Өлшем

бірлігі

Саны, көлемі

Тауарларды жеткізу, жұмыстардың орындалу, қызмет көрсету мерзімі

Тауарларды жеткізу, жұмыстардың орындалу, қызмет көрсету

орны

Аванстық төлемінің мөлшері, %

Конкурстық әдіспен өткізілетін мемлекеттік сатып алулар үшін бөлінген

сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Лот

№1


«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»

ММ

Кедендік рәсімдер, сапа менеджменті жүйелерін енгізу мәселелері жөнінде кеңес беру бойынша қызметтер

Экономиканың басым секторларының субъектер

Кемінде

1000 субъектер

2012 жыл

Алматы қаласы




46 914 000

Лот

№2


«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»

ММ

Бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, маркетинг мәселелері жөнінде кеңес беру бойынша қызметтер

Экономиканың басым секторларының субъектер

Кемінде

1500 субъектер

2012 жыл

Алматы қаласы




70 372 000

Лот

№3

«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»

ММ

Ақпараттық технологиялар және заң кеңестерін беру саласында статистикалық есептілік құру және тапсыру бойынша қызметтер

Экономиканың басым секторларының субъектер

Кемінде

субъектер

2012 жыл

Алматы қаласы




46 914 000


* тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық баяндамасы және сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі.

Мемлекеттік сатып алуларының ұйымдастырушысы басшысының лауазымы, Т.А.Ә. және қолы

____________________ / __________ / __________ Тапсырыс беруші басшысының лауазымы, Т.А.Ә. және қолы

Күні ________________ ____________________ / __________ / __________


М.О. Күні ________________

М.О.

Шартқа №2 қосымша


ТЕХНИКАЛЫҚ СЕРТИФИКАЦИЯ

«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының шеңберінде

бизнесті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну бойынша қызметтерді

мемлекеттік сатып алу жөніндегі


1 Лот

Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер, мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер


І. Қолданыстағы бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету кәсіпорынды басқару жүйесін оның тиімділігін арттыру мақсатында жетілдіруге бағытталған. Сервитстік қолдау көрсету шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.

Сервистік қолдау көрсету мақсатында Әлеуетті жеткізіп беруші келісі талаптарға сай болуы тиіс:

1. жергілікті еңбек ресурстарының болуы: тиісті салада біліктілігі бар жұмыс істейтін қызметкерлер штаты және жоғарыда айтылған қызмет түрлері бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі. Осы ретте әрбір жоғарыда айтылған сервистік қызметтің түрлеріне бір маман болуы тиіс (бір немесе одан да көп), қажет болған жағдайда компания тиісті біліктілігі және жұмыс тәжірибесі бар қосымша мамандарды жұмысқа жалдай алады.

2. сатып алынатын қызметтердің тізіміне (қажет болғанда) кіретін тиісті қызмет түрлерін иеленуге заңнамамен белгіленген барлық рұқсаттар мен лицензиялардың болуы;

3. бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі берешегінің болмауы;

4. қызметтерді сатып алу сәтінде сервистік қызмет көрсету сапасы бойынша даулардың, талап-сот сипатындағы даулардың болмауы;

5. Алматы қаласының барлық аудандарында сервистік қызметтерді көрсету (Алматы қаласының әрбір ауданында жабдықталған офистердің болуы);

6. «бір терезе» (бір жерде) қағидасы бойынша жоғарыда айтылған барлық сервистік қызметтерді көрсету;

7. қызмет алушыға түсінікті болу үшін мемлекеттік және /немесе орыс тілінде қызметтер көрсету;

8. қызмет көрсету үшін қажетті материалдық ресурстардың болуы: оқу-әдістемелік құралдары, тарату материалын оқитын тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету, жабдықталған оқу сыныптары, сервистік қызметті сапалы көрсету үшін саны жеткілікті ұйымдық техника, оның ішінде: дербес компьютерлер, проекторлар, экрандар, маркетингтік тақталар, көбейту және факсималдық аппараттар, сканерлер және басқалар, Интернет-ресурсқа қол жеткізу, сондай-ақ заңгерлік ақпарттық базаның (өзекті нормативтік-құқықтық құжаттарының ақпараттық ресурстар беру жөніндегі мамандандырылған компаниямен шартының) болуы.

Алматы қаласында қызметін жүзеге асырушы компанияға басымдылық беріледі. Осы өңірде ұсынылған талаптарға сай келетін компания болмаған жағдайда, бағдарламаның Үйлестірушісі жергілікті деңгейде басқа өңірде тіркелген компаниямен Шарт жасасуы мүмкін, бірақ осы өңірде оның филиалы немесе өкілдігі бар болса. Сапалы қызмет көрсету мақсатында әлеуетті жеткізіп беруші консалтингтік қызметтер көрсету нарқында тиісті қызмет түрлері бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

Қолданыстағы бизнесті жүргізуді сервистік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасу кезінде әлеуетті жеткізіп беруші келесі қызмет түрлерін көрсетуге міндеттенеді:

1. Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер

1.1. кедендік заңнама мен кедендік рәсімдер саласындағы консультациялар;

1.2. тауарларды декларациялау қағидалары мен тәртібі, кедендік құнды айқындау және түзету, кедендік декларацияны толтыру бойынша консультациялар;

1.3. нақты тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес реттеу бойынша консультациялар;

1.4. сыртқы экономикалық қызметті құжаттамалық сүйемелдеу;

1.5. сыртқы экономикалық қызмет үшін лицензиялар, рұқсаттар алу бойынша консультациялар;

1.6. Кеден одағы шеңберінде жүктерді декларациялау бойынша консультациялар;

1.7. сыртқы сауда келісімшарт талаптары бойынша консультациялық қызметтер.

Жоғарыда көрсетілген қызметтердің тізбесінен басқа, әлеуетті жеткізуші экономиканың басым секторларына жататын кемінде 100 бірлік санымен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін Қазақстан Республикасының және Кедендік одақтың кедендік заңнамасы бойынша кемінде 50 оқыту семинарларын өткізуге міндеттенеді.

2. Мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер:

2.1. конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінім дайындау;

2.2. конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдердің сараптамасын (аудитін) жүргізу;

2.3. интернетке қосу – Қазақстанның сатып алулары бойынша бірыңғай құрылымдық ақпараттық базаны қамтитын көзді;

2.4. сатып алулардың мемлекеттік және өзге түрлерінің мәселелері бойынша консультациялық қызметтер;

2.5. кәсіпорынның/жеке кәсіпкердің құжаттамасын мемлекеттік және өзге де сатып алуларға қатысуы үшін жетілдіру мүмкіндігінің мәніне сараптау (аудит);

2.6. сатып алуларды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдану;

2.7. қазақстандық қамтудың есебі;

2.8. сатып алудың жылдық жоспарлары негізінде Қазақстанның мемлекеттік және өзге сатып алуларының нарық сыйымдылығы бойынша талдамалық есептер беру;

2.9. қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесін сертификаттау.

Жоғарыда көрсетілген қызметтердің тізбесінен басқа, әлеуетті жеткізуші экономиканың басым секторларына жататын кемінде 100 бірлік санымен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен мәселелері бойынша кемінде 50 оқыту семинарларын өткізуге міндеттенеді.

Мемлекеттік сатып алуды жүргізу мәні болып табылатын қызмет көрсету нарқында кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі бар жергілікті еңбек ресурстары: уәкілетті орган берген біліктілік аттестаты бар кедендік декларация бойынша кем дегенде жеті маман; сегізден кем емес біліктілік заңгер; менеджмент жүйесін стандарттау саласында жетіден кем емес біліктілігі бар маман.

ІІ. Қолданыстағы бизнесті жүргізуді сервистік қолдау көрсету тетігі:

1. Бағдарламаны үйлестіруші жергілікті деңгейде өңір кәсіпкерлерін мамандандырылған сервистік қызметтер көрсетуді бастау мен оның орны туралы ай сайын ақпараттауды жүргізуі тиіс, оның ішінде БАҚ қатысуымен.

2. Өтініш беруші ( шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі) Сервис компаниясына мамандандырылған сервистік қызметтер көрсету туралы өтініш білдіреді.

3. Сервистік компания Өтініш берушіге қызмет көрсету шартында бекітілген бағаға сәйкес қызметтер көрсетеді. Кәсіпкер алған әрбір қызмет құжат бойынша расталуы тиіс. Қызметтерді толық және сапалы көрсету жауапкершілігі, айыппұл, өсім және басқаларды қоса сервистік компанияға жүктеледі.

4. Сервистік компания Өтініш берушіге бекітілген қызмет көрсету бағасының шартына сәйкес қызмет көрсетеді. Кәсіпкер алған әрбір қызмет құжат бойынша расталуы тиіс. Қызметтерді толық және сапалы көрсету жауапкершілігі, айыппұл, өсім және басқаларды қоса сервистік компанияға жүктеледі. Сервистік компанияның көрсеткен қызметіне ақы төлеу кәсіпкердің қызметтерді толық көлемде сапсына сәйкес алғанын растағаннан кейін жүзеге асырылады.

5. Сервистік қызмет көрсету сапасы Өтініш берушілердің таңдау сұрау салуының негізінде, сондай-ақ Сервистік компанияларды сервистік қолдау көрсету үдерісінің мониторингі, оның ішінде сервистік қолдауды іске асыруға қатысты құжаттар негізінде тексеріледі.

ІІІ. Жұмысты орындау және қызмет көрсету барысында әлеуетті жеткізуші:

- жұмысты орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты барлық әрекеттерді бағдарлама Үйлестірушісімен келісуге;

- көрсетілетін қызмет түрлерін көрсете отырып, мамандандырылған сервистік қызметтер алатын экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін, сондай-ақ байланыс мәліметтерін (мекенжайын, телефонын, электронды мекенжайын және де басқа) жүргізуге;

- бағдарлама Үйлестірушісіне заңды тұлғаның орналасқан заңды және нақты мекенжайын, басшысының Т.А.Ә., байланыс мәліметтерін және де басқа деректерін көрсете отырып, экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен толтырылған сауалнамалар ұсынуға;

- бағдарлама Үйлестірушісіне экономиканың басым секторларына тиесілі екенін растайтын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсынуға;

- жұмыстардың, қызметтердің көлемін, санын және құнын көрсете отырып, экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттар жасасуға;

- бағдарлама Үйлестірушісіне сервистік қызмет алған экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің атауын; жасасқан шарттар санын; экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген бөлігінде әрбір көрсетілген қызмет түрлерінің құны мен санын көрсете отырып, ай сайын аралық есеп тапсыруға;

- бағдарлама Үйлестірушісіне ай сайын экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілген қызметтерінің құжатпен расталған нәтижелерін ұсынуға;

- орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің электрондық мұрағаттық қорын (қағаз тасымалдағыштағы растауымен) ұсынуға;

- бағдарлама Үйлестірушісіне ай сайын орындалған жұмыстар мен экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілген қызметтердің аралық актісін ұсынуға;

- ай сайын экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әрбір бөлігінде бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдаланылуының қаржылық есептілігін ұсынуға;

- бағдарлама Үйлестірушісіне келесі: сервистік қызмет алған экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің атауы; жасасқан шарттар саны; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әрбір бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерінің құны мен саны ақпаратынан тұратын жылдық есеп ұсынуға міндетті.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Кәсіпкерлердің әрбір алған қызметі құжатпен расталған болуы тиіс. Қызметтің толық және сапалы көрсетілуіне, айыппұл, төлемақы өсімін және басқаларды қоса алғанда, жауапкершілік әлеуетті жеткізушіге жүктеледі. Әлеуетті жеткізушіге төленетін қызмет ақы төлемі бағдарлама Үйлестірушісіне осы Техникалық ерекшеліктің II параграфында белгіленген тәртіпте экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен жұмысты, қызметті толық көлемде және сапасына сәйкес алғанын растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.


Шартқа №2 қосымша

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық ҚҰжаттама
Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қостанай облыстық кітапханасы” мм ғимаратын күрделі жөндеуге арналған...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
Конкурс қатысуға рұқсат етілген өтінімдер формасына талаптарды бекіту мақсатында әзірленген
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық ҚҰжаттама
Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын әлеуетті өнім беруші
Талдықорған қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Жетісу Су құбыры” қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны”
Конкурстық ҚҰжаттама icon«Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады»
Райымбек ауданы мектептеріне мектеп жиһаздары мен спорт инвентарларын, оқу кабинеттерінің көрнекіліктері, жабдықтарын мемлекеттік...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 қаулысымен...
Конкурстық ҚҰжаттама iconҚұжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың
Сқарушылық қызметтегі құжаттама жасауды ұйымдастыру тәртібін мен қағаз тасығыштағы құпия емес сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастыру,...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм павлодар филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстың ерекше тәртіппен
Жаңақорған ауданы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді конкурстың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница