Конкурстық ҚҰжаттама




НазваниеКонкурстық ҚҰжаттама
страница4/9
Дата конвертации11.02.2016
Размер1.22 Mb.
ТипКонкурс
источникhttp://almaty.upp.kz/files/kd_i_ts_na_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9

12. Конкурстың қорытындысы бойынша

мемлекеттік сатып алу туралы келісім


61. Конкурстық әдіспен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заң талаптарына сәйкес және мемлекеттік сатып алу туралы Тұрпатты келісімнің негізінде мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасалады.

62. Заңның 37 бабының 5, 6 және 7 тармақтарында көзделгендей жағдайларда келісім бір қаржылық жылынан аса мерзімге жасасқан Ережелерден тұруы тиіс.

63. Келісім мемлекеттік сатып алу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы шарттардан тұруы тиіс.

64. Егер, Әлеуетті жеткізіп беруші Заңмен белгіленген мерзімде Тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған келісімді ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы келісімді жасаса отырып, конкурстық құжаттамада көзделгендей мемлекеттік сатып алу туралы келісімнің орындалуының қамтамасыздығын енгізбесе, мұндай Әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасасудан жалтарған деп танылады.

65. Әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда Тапсырыс беруші:

1) олардың конкурсқа қатысуға ұсынған тапсырысының енгізілген қамтамасыздығын тоқтатады және уәкілетті органға тиісті мәліметтер ұсынады, сондай-ақ мұндай Әлеуетті жеткізіп берушіні мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызымен сотқа жүгінеді;

2) мұндай Әлеуетті жеткізіп берушінің мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасасуға мәжбүрлегені туралы талап-арызымен, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасасудан жалтару арқылы келтірген шығындарын өтеуі туралы сотқа жүгінуге құқылы.


13. Мемлекеттік сатып алу туралы келісімнің

орындалуының қамтамасыздығы


66. Мемлекеттік сатып алу туралы келісімнің орындалуының қамтамасыздығын Әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан келісім бойынша өзінің міндеттемелерін дер кезінде, толық және тиісінше орындайтынын кепілдігі ретінде енгізеді.

67. Келісімнің орындалу қамтамасыздығының мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы келісімнің жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы белгілейді.

68. Әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісімнің орындалуының қамтамасыздығының келесі түрлерінің бірін:

1) тапсырыс берушінің банк шотына, не тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотына салатын кепілді ақшалай жарнасын;

2) банк кепілдігін таңдауға құқылы.

69. Әлеуетті жеткізіп берушінің келісім бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін енгізілген кепілді ақша жарнаның толық, не бөлігінде үшінші тұлғаның талап ету құқығының туындауына әкеліп соқтыратын әрекетіне рұқсат етілмейді.

70. Тапсырыс берушіге Заңда көзделмеген мақсатқа Әлеуетті жеткізіп беруші енгізген кепілді ақша жарнасын пайдалануға рұқсат етілмейді.

71. Мемлекеттік сатып алу туралы келісімнің орындалуының қамтамасыздығын енгізу туралы талаптар ашық тауар биржалары арқылы құнды ұсыныстарға сұрау салу әдісімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша анықталған Әлеуетті жеткізіп берушіге, сондай-ақ Заңның 8 бабының 8 тармағында көзделген оны ұсынған Әлеуетті жеткізіп беруші таратылмайды.

72. Тапсырыс беруші Әлеуетті жеткізіп берушіге мемлекеттік сатып алу туралы келісімнің орындалуының енгізілген қамтамасыздығын келісімде көрсетілген мерзімде немесе келісім бойынша Әлеуетті жеткізіп беруші өзінің міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.

73. Тапсырыс беруші келісімнің орындалуының қамтамасыздығын, егер мемлекеттік сатып алу туралы келісім Әлеуетті жеткізіп берушінің келісім бойынша міндеттемелерін орындамауымен байланысты бұзылған болса, қайтармайды.

Конкурстық құжаттамаға

№1 қосымша

«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының шеңберінде

бизнесті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну бойынша қызметтерін мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурсының

сатып алынатын тауарларының, жұмыстарының және қызметтерінің тізбесі

Лот №

Тапсырыс берушінің

атауы

Тауардың (жұмыстың, қызметтің)*

атауы

Өлшем

бірлігі

Саны, көлемі

Тауарларды жеткізу, жұмыстардың орындалу, қызмет көрсету мерзімі

Тауарларды жеткізу, жұмыстардың орындалу, қызмет көрсету

орны

Аванстық төлемінің мөлшері, %

Конкурстық әдіспен өткізілетін мемлекеттік сатып алулар үшін бөлінген

сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Лот

№1


«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»

ММ

Кедендік рәсімдер, сапа менеджменті жүйелерін енгізу мәселелері жөнінде кеңес беру бойынша қызметтер

Экономиканың басым секторларының субъектер

Кемінде

1000 субъектер

2012 жыл

Алматы қаласы




46 914 000

Лот

№2


«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»

ММ

Бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, маркетинг мәселелері жөнінде кеңес беру бойынша қызметтер

Экономиканың басым секторларының субъектер

Кемінде

1500 субъектер

2012 жыл

Алматы қаласы




70 372 000

Лот

№3

«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»

ММ

Ақпараттық технологиялар және заң кеңестерін беру саласында статистикалық есептілік құру және тапсыру бойынша қызметтер

Экономиканың басым секторларының субъектер

Кемінде

1000 субъектер

2012 жыл

Алматы қаласы




46 914 000


* тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық баяндамасы және сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі.

Мемлекеттік сатып алуларының ұйымдастырушысы басшысының лауазымы, Т.А.Ә. және қолы

____________________ / __________ / __________ Тапсырыс беруші басшысының лауазымы, Т.А.Ә. және қолы

Күні ________________ ____________________ / __________ / __________


М.О. Күні ________________

М.О.

Конкурстық құжаттамаға

№2 қосымша


ТЕХНИКАЛЫҚ СЕРТИФИКАЦИЯ

«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының шеңберінде

бизнесті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну бойынша қызметтерді

мемлекеттік сатып алу жөніндегі


1 Лот

Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер, мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер


І. Қолданыстағы бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету кәсіпорынды басқару жүйесін оның тиімділігін арттыру мақсатында жетілдіруге бағытталған. Сервитстік қолдау көрсету шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.

Сервистік қолдау көрсету мақсатында Әлеуетті жеткізіп беруші келісі талаптарға сай болуы тиіс:

1. жергілікті еңбек ресурстарының болуы: тиісті салада біліктілігі бар жұмыс істейтін қызметкерлер штаты және жоғарыда айтылған қызмет түрлері бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі. Осы ретте әрбір жоғарыда айтылған сервистік қызметтің түрлеріне бір маман болуы тиіс (бір немесе одан да көп), қажет болған жағдайда компания тиісті біліктілігі және жұмыс тәжірибесі бар қосымша мамандарды жұмысқа жалдай алады.

2. сатып алынатын қызметтердің тізіміне (қажет болғанда) кіретін тиісті қызмет түрлерін иеленуге заңнамамен белгіленген барлық рұқсаттар мен лицензиялардың болуы;

3. бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі берешегінің болмауы;

4. қызметтерді сатып алу сәтінде сервистік қызмет көрсету сапасы бойынша даулардың, талап-сот сипатындағы даулардың болмауы;

5. Алматы қаласының барлық аудандарында сервистік қызметтерді көрсету (Алматы қаласының әрбір ауданында жабдықталған офистердің болуы);

6. «бір терезе» (бір жерде) қағидасы бойынша жоғарыда айтылған барлық сервистік қызметтерді көрсету;

7. қызмет алушыға түсінікті болу үшін мемлекеттік және /немесе орыс тілінде қызметтер көрсету;

8. қызмет көрсету үшін қажетті материалдық ресурстардың болуы: оқу-әдістемелік құралдары, тарату материалын оқитын тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету, жабдықталған оқу сыныптары, сервистік қызметті сапалы көрсету үшін саны жеткілікті ұйымдық техника, оның ішінде: дербес компьютерлер, проекторлар, экрандар, маркетингтік тақталар, көбейту және факсималдық аппараттар, сканерлер және басқалар, Интернет-ресурсқа қол жеткізу, сондай-ақ заңгерлік ақпарттық базаның (өзекті нормативтік-құқықтық құжаттарының ақпараттық ресурстар беру жөніндегі мамандандырылған компаниямен шартының) болуы.

Алматы қаласында қызметін жүзеге асырушы компанияға басымдылық беріледі. Осы өңірде ұсынылған талаптарға сай келетін компания болмаған жағдайда, бағдарламаның Үйлестірушісі жергілікті деңгейде басқа өңірде тіркелген компаниямен Шарт жасасуы мүмкін, бірақ осы өңірде оның филиалы немесе өкілдігі бар болса.

Жұмыс істеп тұрған бизнес бойынша сервистік қолдау көрсетіп, жүргізіп отыру оның тиімділігін көтеру мақсатында кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және бизнес-үдерістерді қолдау бойынша келесі мамандандырылған қызметтер көрсетуді қамтиды:

1. Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер

1.1. кедендік заңнама мен кедендік рәсімдер саласындағы консультациялар;

1.2. тауарларды декларациялау қағидалары мен тәртібі, кедендік құнды айқындау және түзету, кедендік декларацияны толтыру бойынша консультациялар;

1.3. нақты тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес реттеу бойынша консультациялар;

1.4. сыртқы экономикалық қызметті құжаттамалық сүйемелдеу;

1.5. сыртқы экономикалық қызмет үшін лицензиялар, рұқсаттар алу бойынша консультациялар;

1.6. Кеден одағы шеңберінде жүктерді декларациялау бойынша консультациялар;

1.7. сыртқы сауда келісімшарт талаптары бойынша консультациялық қызметтер.

Жоғарыда көрсетілген қызметтердің тізбесінен басқа, әлеуетті жеткізуші экономиканың басым секторларына жататын кемінде 100 бірлік санымен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін Қазақстан Республикасының және Кедендік одақтың кедендік заңнамасы бойынша кемінде 50 оқыту семинарларын өткізуге міндеттенеді.

2. Мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер:

2.1. конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінім дайындау;

2.2. конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдердің сараптамасын (аудитін) жүргізу;

2.3. интернетке қосу – Қазақстанның сатып алулары бойынша бірыңғай құрылымдық ақпараттық базаны қамтитын көзді;

2.4. сатып алулардың мемлекеттік және өзге түрлерінің мәселелері бойынша консультациялық қызметтер;

2.5. кәсіпорынның/жеке кәсіпкердің құжаттамасын мемлекеттік және өзге де сатып алуларға қатысуы үшін жетілдіру мүмкіндігінің мәніне сараптау (аудит);

2.6. сатып алуларды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдану;

2.7. қазақстандық қамтудың есебі;

2.8. сатып алудың жылдық жоспарлары негізінде Қазақстанның мемлекеттік және өзге сатып алуларының нарық сыйымдылығы бойынша талдамалық есептер беру;

2.9. қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесін сертификаттау.

Жоғарыда көрсетілген қызметтердің тізбесінен басқа, әлеуетті жеткізуші экономиканың басым секторларына жататын кемінде 100 бірлік санымен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен мәселелері бойынша кемінде 50 оқыту семинарларын өткізуге міндеттенеді.

Мемлекеттік сатып алуды жүргізу мәні болып табылатын қызмет көрсету нарқында кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі бар жергілікті еңбек ресурстары: уәкілетті орган берген біліктілік аттестаты бар кедендік декларация бойынша кем дегенде жеті маман; сегізден кем емес біліктілік заңгер; менеджмент жүйесін стандарттау саласында жетіден кем емес біліктілігі бар маман.

ІІ. Қолданыстағы бизнесті жүргізуді сервистік қолдау көрсету тетігі:

1. Бағдарламаны үйлестіруші жергілікті деңгейде өңір кәсіпкерлерін мамандандырылған сервистік қызметтер көрсетуді бастау мен оның орны туралы ай сайын ақпараттауды жүргізуі тиіс, оның ішінде БАҚ қатысуымен.

2. Өтініш беруші ( шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі) Сервис компаниясына мамандандырылған сервистік қызметтер көрсету туралы өтініш білдіреді. Өтініш беруші Сервис компаниясына келесі мәліметтерді ұсынады:

- соңғы дата бойынша статистикалық есептілікті және бухгалтерлік балансты береді (оның кіші және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататындығын растау мақсатында);

- байланыс мәліметтері (заңды тұлғаның мекенжайы, ұялы телефоны, жұмыс телефоны, телефондардың біреуін міндетті түрде көрсету қажет).


3. Сервистік компания Өтініш берушіге қызмет көрсету шартында бекітілген бағаға сәйкес қызметтер көрсетеді. Кәсіпкер алған әрбір қызмет құжат бойынша расталуы тиіс. Қызметтерді толық және сапалы көрсету жауапкершілігі, айыппұл, өсім және басқаларды қоса сервистік компанияға жүктеледі.

4. Сервистік компанияның көрсеткен қызметіне ақы төлеу кәсіпкердің қызметтерді толық көлемде сапасына сәйкес алғанын растағаннан кейін жүзеге асырылады.

5. Сервистік қызмет көрсету сапасы Өтініш берушілердің таңдау сұрау салуының негізінде, сондай-ақ Сервистік компанияларды сервистік қолдау көрсету үдерісінің мониторингі, оның ішінде сервистік қолдауды іске асыруға қатысты құжаттар негізінде тексеріледі.

Сервистік қызмет көрсету жөніндегі кеңсеге қойылатын талаптар:

  • сервистік қызмет көрсетуге арналған жеке, кең және заманауи талаптарға сай кеңсенің болуы;

  • келесі мәліметтерді қамтитын маңдайша жазуының болуы: Сервистік компанияның толық фирмалық атауы, заңды мекенжайы, жұмыс кестесі;

  • кеңсеге (үй-жайға) баратын жолдың, төңірегінің қолайлы болуы;

  • қызметтік кеңсені пайдалану құқығын растайтын құжаттың болуы;

  • қызметкерлер үшін жабдықталған жұмыс орнының болуы;

  • жедел қызметті техникалық қамтамасыз ету (байланыс құралдары, факсимильдік байланысты қоса алғанда, компьютер, көшірме және көбейту техникасы);

  • бланкілерді сақтауға арналған жабдықтың болуы;

  • «Даму» Қорының Бағдарламалары бойынша кітапшалар, сауалнамалар, каталогтар және басқалар келушілердің қолы жететін орында болуы және бағыттар бойынша іріктелуі тиіс;

  • қызмет көрсетілетін келушілер үшін орындықтардың (орынтақтардың) болуы;

  • күтетін келушілер үшін орынның болуы.

ІІІ. Жұмысты орындау және қызмет көрсету барысында әлеуетті жеткізуші:

- жұмысты орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты барлық әрекеттерді бағдарлама Үйлестірушісімен келісуге;

- көрсетілетін қызмет түрлерін көрсете отырып, мамандандырылған сервистік қызметтер алатын экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін, сондай-ақ байланыс мәліметтерін (мекенжайын, телефонын, электронды мекенжайын және де басқа) жүргізуге;

- бағдарлама Үйлестірушісіне заңды тұлғаның орналасқан заңды және нақты мекенжайын, басшысының Т.А.Ә., байланыс мәліметтерін және де басқа деректерін көрсете отырып, экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен толтырылған сауалнамалар ұсынуға;

- бағдарлама Үйлестірушісіне экономиканың басым секторларына тиесілі екенін растайтын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсынуға;

- жұмыстардың, қызметтердің көлемін, санын және құнын көрсете отырып, экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттар жасасуға;

- бағдарлама Үйлестірушісіне сервистік қызмет алған экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің атауын; жасасқан шарттар санын; экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген бөлігінде әрбір көрсетілген қызмет түрлерінің құны мен санын көрсете отырып, ай сайын аралық есеп тапсыруға;

- бағдарлама Үйлестірушісіне ай сайын экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілген қызметтерінің құжатпен расталған нәтижелерін ұсынуға;

- орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің электрондық мұрағаттық қорын (қағаз тасымалдағыштағы растауымен) ұсынуға;

- бағдарлама Үйлестірушісіне ай сайын орындалған жұмыстар мен экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілген қызметтердің аралық актісін ұсынуға;

- ай сайын экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әрбір бөлігінде бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдаланылуының қаржылық есептілігін ұсынуға;

- бағдарлама Үйлестірушісіне келесі: сервистік қызмет алған экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің атауы; жасасқан шарттар саны; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әрбір бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерінің құны мен саны ақпаратынан тұратын жылдық есеп ұсынуға міндетті.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Кәсіпкерлердің әрбір алған қызметі құжатпен расталған болуы тиіс. Қызметтің толық және сапалы көрсетілуіне, айыппұл, төлемақы өсімін және басқаларды қоса алғанда, жауапкершілік әлеуетті жеткізушіге жүктеледі. Әлеуетті жеткізушіге төленетін қызмет ақы төлемі бағдарлама Үйлестірушісіне осы Техникалық ерекшеліктің II параграфында белгіленген тәртіпте экономиканың басым секторларының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен жұмысты, қызметті толық көлемде және сапасына сәйкес алғанын растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық ҚҰжаттама
Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қостанай облыстық кітапханасы” мм ғимаратын күрделі жөндеуге арналған...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
Конкурс қатысуға рұқсат етілген өтінімдер формасына талаптарды бекіту мақсатында әзірленген
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық ҚҰжаттама
Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын әлеуетті өнім беруші
Талдықорған қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Жетісу Су құбыры” қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны”
Конкурстық ҚҰжаттама icon«Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады»
Райымбек ауданы мектептеріне мектеп жиһаздары мен спорт инвентарларын, оқу кабинеттерінің көрнекіліктері, жабдықтарын мемлекеттік...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 қаулысымен...
Конкурстық ҚҰжаттама iconҚұжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың
Сқарушылық қызметтегі құжаттама жасауды ұйымдастыру тәртібін мен қағаз тасығыштағы құпия емес сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастыру,...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм павлодар филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстың ерекше тәртіппен
Жаңақорған ауданы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді конкурстың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница