Конкурстық ҚҰжаттама




НазваниеКонкурстық ҚҰжаттама
страница3/9
Дата конвертации11.02.2016
Размер1.22 Mb.
ТипКонкурс
источникhttp://almaty.upp.kz/files/kd_i_ts_na_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9

6. Конкурстық тапсырыстарды бағалау және салыстыру


38. Конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық тапсырыстарды бағалау және салыстыру кезінде конкурстық құжаттамада алдын ала келісілген, Заңның 17 бабының 4 тармағында тізбектелген критерийлерін ескереді және оларды барлық конкурстық тапсырыстарға тең мөлшерде қолданады.

Әлеуетті жеткізіп беруші конкурстық құнды ұсынысқа әсері тиетін критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссия мұндай Әлеуетті жеткізіп берушіге конкурстық құнды ұсыныстың шартты төмендетілуін қолданбайды. Әлеуетті жеткізіп беруші ұсынған шарттар конкурстық құнды ұсыныстың шартты төмендетілуі мемлекеттік сатып алулар туралы келісімге енгізілуі тиіс.

39. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсына қатысатын Әлеуетті жеткізіп берушінің жұмыс өтілі мәселесін қарастыру кезінде конкурстық комиссия тек қана аталған конкурста тараларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету нарығындағы жұмыс өтілін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия Әлеуетті жеткізіп берушінің бір жылдан бастап, қызметтерді сатып алу нарығында жұмыс өтілі бар әрбір жылы үшін конкурстық тапсырысының шартты құнын жарты (0,5%) пайызға, бірақ бес пайыздан асырмай, азайтады. Бір жылға дейін жұмыс өтілі болған немесе болмаған жағдайда мұндай пайыз белгіленбейді. Аталған критерийдің конкурстық тапсырысының шартты құнына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспауы тиіс.

40. Конкурстық комиссия конкурстық тапсырысты пайдалану шығындарының, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ең төменгі құнымен анықтайды және мұндай конкурстық тапсырыстың шартты құнын екі пайызға азайтады. Аталған критерийдің конкурстық тапсырысының шартты құнына жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауы тиіс.

41. Конкурстық комиссия Әлеуетті жеткізіп берушінің сәйкес мамандықтың аса білікті мамандарын ұсынғаны үшін, басқа Әлеуетті жеткізіп берушіге қарағанда, конкурстық тапсырыстың шартты құнын бес пайызға азайтады.

42. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес отандық тауарөндірушілер үшін ұсынылатын тауарларды ерікті түрде сертификаттауды өткізуді растайтын құжаттың бары туралы мәселені қарастыру кезінде конкурстық комиссия конкурстық тапсырыстың құнын 2 пайызға азайтады.

43. Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сертификатталған сапа менеджменті жүйелерін растайтын құжаттың бары туралы мәселені қарастыру кезінде конкурстық комиссия мұндай конкурстық тапсырыстың құнын шартты түрде үш пайызға азайтады.

44. Әлеуетті жеткізіп беруші конкурстық құжаттаманың көрсетілетін қызметтерінің сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, ұсынылатын қызметтердің пайдалану сипаттамасына кепілдік беретін ағымдық кезеңін көрсетеді. Конкурстық комиссия конкурстық тапсырыстың шартты құнынан, егер, конкурстық тапсырыстағы ұсынылған кепілдік кезеңі конкурстық құжаттамада көрсетілген бастапқы кезеңнен артық болған жағдайда әрбір жыл үшін жарты (0,5%) пайызын шегеріп тастайды. Бұл ретте, аталған критерийдің конкурстық тапсырысының құнына пайыздық әсері үш пайыздан аспауы тиіс.

45. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары үшін конкурстық тапсырыстардың шартты құнына әсер ететін бір пайызды белгілейді. Аталған критерийлердің конкурстық тапсырысының құнына жиынтық пайыздық әсері бір пайыздан аспауы тиіс.

46. Қазақстандық мазмұнның барын қарау кезінде конкурстық комиссия қазақстандық мазмұнның әрбір пайызы үшін конкурстық тапсырыстардың шартты бағасын оннан бір (0,1) пайызға азайтады. Тауарда қазақстандық мазмұнның бары тауардың CT-KZ түрінде шығуы туралы сертификатпен расталады.

Тауарлардың Әлеуетті жеткізіп берушісі сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай Әлеуетті жеткізіп берушінің конкурстық тапсырысының құнын қазақстандық құрамының бар болғаны үшін шартты түрде он пайызға азайтады. Әлеуетті жеткізіп берушінің жұмысының, қызметінің қазақстандық құрамы аталған конкурс (лот) бойынша Қазақстан Республикасының резиденттерімен өндірілетін жеткілікті түрдегі қайта өңдеу немесе толық көлемдегі өндірістің критерийлеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық өнімнің еңбек төлемінің жалпы қорынан және үлесінің (үлестерінің) құнынан, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жолмен қатар қосалқы мердігердің шарт жасасу жолымен де орындау үшін Әлеуетті жеткізіп берушілермен сатып алынатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін көзделген жалпы құнынан мемлекеттік сатып алу туралы шартының орындалуына тартылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегінің төлем құнының пайыздық құрамы ретінде анықталады. Өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын кәсіби біліктілік деңгейі және қызмет нарығында жұмыс тәжірибесінің деңгейі бар жергілікті еңбек ресурстары: уәкілетті органмен берілген біліктілік аттестаты бар кедендік декларациялау бойынша кемінде төрт маман; кедендік іс бойынша аттестаттаудан өткен кемінде үш оқытушы; кәсіби бухгалтерлердің ұлттық сертификаты бар кемінде жиырма бухгалтер-тағылымдамашылар; салық салу және бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша кемінде үш білікті оқытушы; сапа менеджменті жүйесінің саласында кемінде төрт оқытушы; сапа менеджменті жүйесінің кемінде үш маманы; маркетинг саласындағы сертификатталған кемінде төрт маманы; маркетинг және бизнес жүргізу бойынша мамандандырылған кемінде екі оқытушы; ақпараттық технологиялар саласында мамандандырылған кемінде бес маман; ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған кемінде үш оқытушы; аттестаттаудан өткен кемінде 5 заңгер; құқықтану бойынша аттестаттаудан өткен кемінде үш оқытушы болып табылады.

47. Конкурстық комиссия отандық тауарөндірушінің конкурстық тапсырысының құнын шартты түрде он пайызға, отандық жеткізушінің жұмысын, қызметін бес пайызға азайтады.

Осы конкурстық құжаттамадағы:

1) отандық тауар өндірушілер деп Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын (жиналатын емес) және аталған конкурста сатып алытын, 50 пайыздан аса тетіктерден (материалдардан) тұратын пайдалануға (қолдануға) дайын тауарлар шығаратын заңды және жеке тұлғалар танылады;

2) жұмыстардың, қызметтердің отандық жеткізушілері деп қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті еңбек ресурстарының кемінде 95 пайызын пайдаланатын Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар танылады.

Отандық тауар өндірушілер мен жұмыстардың, қызметтердің отандық жеткізушілері конкурсқа қатысқан жағдайда оларға осы конкурстық құжаттаманың тармақтарында көрсетілген критерийлер таратылады.

Конкурстық құнды ұсыныстардың шартты бағаларының теңдігі кезінде жеңімпаз болып қызмет көрсетудің отандық жеткізушісі танылады. Қызмет көрсетудің отандық жеткізушілерінің конкурстық құнды ұсыныстарының шартты бағаларының теңдігі кезінде жеңімпаз болып конкурстың мәні болып табылатын сатып алу нарығында мол жұмыс тәжірибесі бар қызмет көрсетудің отандық жеткізушісі танылады.

7. Конкурстық тапсырыс бағасын бірыңғай валютаға ауыстыру


48. Конкурстық тапсырыстарды бағалау және салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия АҚШ доллары немесе Евро валюталарындағы конкурстық тапсырыстардың барлық бағасын конкурстық тапсырысы бар конверттерді ашатын, 2012 жылдың 28 мамырында күні Қазақстан Республикасының валютасына – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісімен белгіленген арнайы курсы бойынша теңгеге ауыстырады.


8. Конкурстық тапсырыстың тілі


49. Әлеуетті жеткізіп берушімен дайындалған конкурстық тапсырыс, сондай-ақ конкурстық тапсырысқа қатысты барлық хат-хабарлар мен құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тілде құрастырылады және ұсынылады. Әлеуетті жеткізіп беруші ұсынатын ілеспе құжаттама және басып шығарылған әдебиет тиісті бөлімдердің конкурстық тапсырысының тілінде жазылған мәтіннің нақты, нотариалдық куәландырылған аудармасы қоса берілетін жағдайда басқа тілде құрастырылуы мүмкін, бұл ретте, конкурстық тапсырысты түсіндіру мақсатында мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған құжаттардың артықшылығы болады.


9. Конкурсқа қатысуға жіберілген Әлеуетті жеткізіп берушілерді,

конкурстық құнды ұсыныстарды ресімдеу


50. Конкурсқа қатысуға жіберілген (конкурсқа қатысушылар) Әлеуетті жеткізіп берушілермен ұсынылған конкурстық құнды ұсыныстар келесі түрде рәсімделеді:

1) конкурстық құнды ұсыныстың үлгісі басылып шығарылуы немесе жайылып кетпейтін сиямен жазылуы, сондай-ақ Әлеуетті жеткізіп берушінің қолы болуы және мөрмен (жеке тұлғалар үшін, егер ондай бар болса) бекітілуі тиіс.

2) конкурстық құнды ұсыныста Әлеуетті жеткізіп берушіге грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзеу қажеттігі жағдайларын қоспағанда жазу жолдары арасында ешқандай кірістірмелер, өшірімдер немесе қосылған жазулар болмауы тиіс.

3) Әлеуетті жеткізіп берушінің конкурстық құнды ұсыныстары теңге түрінде көрсетілуі тиіс.

51. Әлеуетті жеткізіп беруші конкурстық құнды ұсынысты конвертке салып желімдейді, конверттің оң жағында Әлеуетті жеткізіп берушінің толық атауы, сондай-ақ келесі мазмұндағы: БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУГЕ СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ ҰСЫНУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСЫ. КОНКУРСТЫҚ ҚҰНДЫ ҰСЫНЫС – (Әлеуетті жеткізіп берушілермен ұсынылатын конкурстық құнды ұсыныстардың орны, уақыты және күні конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада көрсетіледі) ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН мәтіні көрсетілуі тиіс.

Конкурсқа қатысушыға біреуден артық конкурстық құнды ұсыныс, конкурстық құнды ұсынысты қайтарып алу секілді, ұсынуға, не ұсынылатын конкурстық құнды ұсыныстарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат етілмейді.


10. Конкурстық комиссияның конкурстық құнды ұсыныстарды, конкурсқа

қатысушыларды бағалау және салыстыру, конкурс жеңімпазын анықтау


52. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы хаттамада белгіленген күнінде, уақытында және орында конкурсқа қатысушылардың конкурстық құнды ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырысын өткізеді.

Конкурстық комиссия мерзімдік ретте конкурстық құнды ұсыныстарды тіркеу журналына конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы хаттамамен белгіленген мерзімі өткенге дейін конкурстық құнды ұсыныстарымен конверттерін ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтер енгізеді.

Конкурстық комиссияның отырысында конкурстық комиссия төрағасы, не конкурстық комиссия мүшелерінің ішінен төрағамен анықталған тұлғасы:

конкурсқа қатысушылардың тіркелген мерзімдік ретінде конкурстық құнды ұсыныстары салынған конверттерді ашады;

конкурстық құнды ұсыныстарды ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық құнды ұсыныстарының мерзімдік ретте тіркелуін жариялайды;

конкурстық құнды ұсыныстары бар ашылған конверттерді конкурстық комиссияның хатшысына береді.

53. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық құнды ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

54. Конкурстық құнды ұсыныстарды бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссиясының отырысында аудио жазба мен аудио түсірілім жүргізу құқығымен конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері қатысуға құқылы. Бұл ретте, конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны аталған техникалық жабдықтарды пайдалануы туралы хабардар етуі тиіс.

55. Конкурстық құнды ұсыныстарды бағалау және салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валюталар түріндегі конкурстық құнды ұсыныстардың барлық бағасын конкурстық құнды ұсыныстарды бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия (конкурсқа қатысушылар) отырысы өткізілетін күні Қазақстан Республикасының валютасына – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісімен белгіленген арнайы курсы бойынша теңгеге ауыстырады.

56. Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурстық әдіспен аталған мемлекеттік сатып алуларының қызметтерін жүзеге асыру үшін бөлінген соманы шамадан тыс көтерген конкурстық құнды ұсыныстарын қабыл алмайды.

2) конкурсқа қатысушылардың конкурстық құнды ұсыныстарын, егер оның бағасы төмен болса, қабыл алмайды.

3) конкурстық құнды ұсыныстарды осы тармақтың 1) және 2) тармақтарында көрсетілген негіздемелері бойынша қабыл алмағаннан кейін де конкурсқа қатысушылардың конкурсқа екі және бірнеше конкурстық құнды ұсыныстары қатысса, олардың конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы хаттамада белгіленген конкурстық құнды ұсыныстары критерийлерінің пайыздық маңызын қолдану арқылы аталған конкурс қатысушыларының шартты бағаларын анықтайды.

4) ең төмен шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын анықтайды.

57. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық құнды ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы және конкурс жеңімпазын анықтау бойынша конкурстық комиссия конкурстық әдіспен өткізілген қызметтердің мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді. Конкурстық әдіспен өткізілген қызметтердің мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманың әр бетіне төраға және конкурстық комиссияның отырысына қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

58. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы Әлеуетті жеткізіп берушінің жазбаша түрдегі сұрауын, сондай-ақ конкурсқа қатысуға ұсынған тапсырыстары туралы тіркеу журналына енгізілген мәліметтерін алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, оған ақысыз негізде конкурстық әдіспен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесін ұсынуға міндетті. Мемлекеттік сатып алу жабық конкурс әдісімен өткізілген жағдайда хаттамадан алынған үзіндінің көшірмесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының тәртібінде ұсынылады.

11. Конкурсқа қатысуға ұсынылатын тапсырыстардың

қамтамасыздығын қайтару


59. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы Әлеуетті жеткізіп берушіге конкурсқа қатысуға ұсынылатын тапсырыстардың енгізілген қамтамасыздығын келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде келесі жағдайлардың бірінде:

1) аталған Әлеуетті жеткізіп беруші конкурсқа қатысуға тапсырыс ұсынудың соңғы мерзіміне дейін өзінің конкурсқа қатысуға ұсынған тапсырысын шақыртып алған жағдайда;

2) конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған Әлеуетті жеткізіп берушілерге таратылмайды;

3) конкурстық әдіспен өткізілген қызметтердің мемлекеттік сатып алуларының қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурстың жеңімпазы болып анықталған конкурсқа қатысушыларға таратылмайды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы келісім күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы келісімнің орындалуының қамтамасыздығын енгізген жағдайда;

5) Оператордың конкурсқа қатысуға ұсынған тапсырысының қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда қайтарады.

60. Конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыстың қамтамасыздығын сатып алу ұйымдастырушысы:

1) Әлеуетті жеткізіп беруші конкурсқа қатысуға ұсынылатын тапсырысты ұсынудың соңғы мерзімі өтіп кеткеннен кейін конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырысты қайтарып алған, не өзгерткен және (немесе) толықтырған жағдайда;

2) конкурсқа қатысушы деп танылған Әлеуетті жеткізіп беруші өзінің конкурстық құнды ұсыныстарын белгіленген мерзімде ұсынбаған, не қайтарып алған жағдайда;

3) конкурс жеңімпазы деп анықталған Әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасасудан жалтарған жағдайда;

4) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасаса отырып, мемлекеттік сатып алу туралы келісімнің орындалуының қамтамасыздығын енгізу және (немесе) мерзімін енгізу туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарын орындамаған, не дер кезінде орындамаған жағдайда қайтармайды.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық ҚҰжаттама
Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қостанай облыстық кітапханасы” мм ғимаратын күрделі жөндеуге арналған...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
Конкурс қатысуға рұқсат етілген өтінімдер формасына талаптарды бекіту мақсатында әзірленген
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық ҚҰжаттама
Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын әлеуетті өнім беруші
Талдықорған қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Жетісу Су құбыры” қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны”
Конкурстық ҚҰжаттама icon«Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады»
Райымбек ауданы мектептеріне мектеп жиһаздары мен спорт инвентарларын, оқу кабинеттерінің көрнекіліктері, жабдықтарын мемлекеттік...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 қаулысымен...
Конкурстық ҚҰжаттама iconҚұжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың
Сқарушылық қызметтегі құжаттама жасауды ұйымдастыру тәртібін мен қағаз тасығыштағы құпия емес сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастыру,...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм павлодар филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстың ерекше тәртіппен
Жаңақорған ауданы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді конкурстың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница