Конкурстық ҚҰжаттама




НазваниеКонкурстық ҚҰжаттама
страница2/9
Дата конвертации11.02.2016
Размер1.22 Mb.
ТипКонкурс
источникhttp://almaty.upp.kz/files/kd_i_ts_na_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Параграф 2. Конкурсқа қатысу тапсырысын ресімдеу талаптары


15. Әлеуетті жеткізіп беруші конкурсқа қатысу тапсырысын сатып алуды ұйымдастырушысына тігілген, парақтары нөмірленген және соңғы парағы оның қолымен және мөрімен (жеке тұлғалар үшін, егер ондай бар болса) расталған түрінде ұсынады. Конкурсқа қатысу тапсырысының техникалық бөлігі (тігілген, парақтары нөмірленген, соңғы парағы Әлеуетті жеткізіп берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлғалар үшін, егер ондай бар болса) расталған түрінде) және конкурсқа қатысу тапсырысының қамтамасыздығын растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке ұсынылады.

16. Конкурсқа қатысу тапсырысы басылып шығарылуы немесе жайылып кетпейтін сиямен жазылуы, сондай-ақ Әлеуетті жеткізіп берушінің қолы болуы және мөрмен (жеке тұлғалар үшін, егер ондай бар болса) бекітілуі тиіс.

17. Конкурстық тапсырыста Әлеуетті жеткізіп берушіге грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзеу қажеттігі жағдайларын қоспағанда жазу жолдары арасында ешқандай кірістірмелер, сүртілімдер немесе қосылған жазулар болмауы тиіс.

18. Әлеуетті жеткізіп беруші конкурсқа қатысу тапсырысын конвертке салып желімдейді, конверттің оң жағында Әлеуетті жеткізіп берушінің толық атауы және пошталық мекенжайы (конкурсқа қатысу тапсырысын, егер ол «кешіккен» деп жарияланса, ашылмаған күйінде қайтару мақсатында), сатып алуды ұйымдастырушысының толық атауы және пошталық мекенжайы, конкурстық әдіспен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ келесі мазмұндағы: «БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУГЕ СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ ҰСЫНУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСЫ 2012 жылдың «28» мамыр 15 САҒАТ 00 МИНУТҚА ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН» мәтіні көрсетілуі тиіс.


Параграф 3. Конкурсқа қатысу тапсырысын ұсыну тәртібі


19. Конкурсқа қатысу тапсырысын Әлеуетті жеткізіп беруші, не оның уәкілетті өкілдері сатып алулар ұйымдастырушысына қолма-қол немесе тапсырысты пошталық байланысын пайдалану арқылы: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 244 бөлме мекенжайы бойынша 2012 жылдың 28 мамырында 13 сағат 00 минутты қоса алғанға дейінгі мерзімде ұсынады.

20. Сатып алуды ұйымдастырушысының конкурстық тапсырыстарды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейінгі алған барлық конкурстық тапсырыстары ашылмайды және конкурсқа қатысу тапсырыстарымен конверттерде көрсетілген реквизиттері бойынша оларды ұсынған Әлеуетті жеткізіп берушіге, не алғаны туралы қолы қойылған Әлеуетті жеткізіп берушінің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке қайтарылады.

21. Әлеуетті жеткізіп берушілер, не олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысу тапсырыстары сатып алуды ұйымдастырушысының уәкілетті өкілдерімен конкурсқа қатысу тапсырыстарын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналда тіркеледі.

22. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға конкурстық тапсырыстары бар конверттерді ресімдеу талаптары бұзылған конкурсқа қатысу тапсырыстары бар конверттер қабылдауға және тіркеуге жатпайды.


Параграф 4. Конкурстық тапсырыстардың өзгеруі және

оларды қайтарып алу


23. Әлеуетті жеткізіп беруші өзінің конкурсқа қатысуын қамтамасыз етуге енгізген тапсырысын қайтарып алу құқығын жоғалтпай конкурстық тапсырыстарды ұсынудың соңғы мерзімі өткенге шейін өзінің конкурсқа қатысу тапсырысын өзгерте алады немесе қайтарып ала алады. Енгізілетін өзгерістер дайындалған, желімделген және конкурсқа қатысу тапсырысы секілді ұсынылған болуы тиіс.

Конкурсқа қатысу тапсырысын қайтарып алу туралы хабарлама Әлеуетті жеткізіп берушінің қолы қойылған және мөрімен (жеке тұлғалар үшін, егер ондай бар болса) бекітілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысының атына жазылған еркін өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысу тапсырысына өзгерістер енгізу, не конкурсқа қатысу тапсырысын қайтарып алу, егер олар сатып алуды ұйымдастырушысымен конкурсқа қатысу тапсырысын ұсынудың ақырғы мерзімі өтпей тұрып алынған болса, жарамды болып табылады.

24. Конкурсқа қатысу тапсырысы бар конвертті ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысу тапсырысын қайтарып алу секілді өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат етілмейді.

25. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы конкурстық құжаттамамен белгіленген конкурсқа қатысу тапсырысының қолданылу мерзімі өткенге дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей олардың тапсырыстарының қолданылу мерзімін уақыттың нақты кезеңіне ұзарту туралы Әлеуетті жеткізіп берушілерден сұрау салуға құқылы. Әлеуетті жеткізіп беруші:

1) конкурсқа қатысу тапсырысының қолданылу мерзімі ішінде конкурстық әдіспен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға;

2) конкурсқа қатысуын қамтамасыз етуге енгізген тапсырысын, мұндай тапсырыстың қолданылу мерзімі өткеннен кейін, қайтару құқығын жоғалтпай, мұндай сұрауды қабылдамауға құқылы.

26. Әлеуетті жеткізіп беруші конкурстық әдіспен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуымен байланысты барлық шығынды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сараптамашы конкурстық әдіспен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындысына қарамай бұл шығындарды өтеуге міндеттенбейді.


5. Конкурстық комиссияның конкурстық әдіспен өткізілетін мемлекеттік

сатып алуға қатысу туралы тапсырыстары бар конверттерді ашуы


27. Конкурсқа қатысу туралы тапсырысы бар конверттерді ашуды барлық келген Әлеуетті жеткізіп берушінің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 244 бөлме мекенжайында 2012 жылдың «28» мамырында 15 сағат 00 минутта конкурстық комиссия жүргізеді.

Ашуға сатып алуды ұйымдастырушысының хабарландыруында (хабарламасында), сондай-ақ осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртібінде ұсынылған Әлеуетті жеткізіп берушінің тапсырыстары бар конверттер жатады.

28. Конкурсқа қатысу туралы тапсырысы бар конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған Әлеуетті жеткізіп берушінің уәкілетті өкілдері, өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттілігін растайтын құжаттарын ұсынуы және Әлеуетті жеткізіп берушінің тіркеу журналына 2012 жылдың «28» мамырында 14 сағат 45 минутқа дейін Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 244 бөлме мекенжайы бойынша тіркелулері тиіс.

Әлеуетті жеткізіп беруші және оның уәкілетті өкілдері конкурсқа қатысу туралы тапсырысы бар конверттерді ашу рәсімін жазып алу үшін пайдалануға ниеттенген аудио жазу мен аудио түсірудің техникалық жабдықтары туралы конкурстық комиссияны хабардар етеді.

29. Конкурсқа қатысу туралы тапсырысы бар конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссиясының отырысына қатысатын Әлеуетті жеткізіп берушінің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысының, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының уәкілетті өкілдерінің қызметіне араласуына рұқсат етілмейді.

30. Конкурстық комиссияның аталған отырысында:

1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысының уәкілетті өкілі осы конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтер туралы қатысушыларды:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы;

конкурстық құжаттаманың көшірмелерін алған Әлеуетті жеткізіп берушілердің саны;

Әлеуетті жеткізіп берушілердің салған сұрауларының болуы, не болмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысының Әлеуетті жеткізіп берушілермен конкурстық құжаттама Ережесін түсіндіру бойынша кездесу өткізуі;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу деректерінің, сондай-ақ себептерінің болуы, не болмауы;

тиісті тіркеу журналында тіркелген конкурсқа қатысу туралы тапсырысты белгіленген мерзімде ұсынған Әлеуетті жеткізіп берушілер туралы хабардар етеді.

2) конкурстық комиссия төрағасы, не төрағаның конкурстық комиссия мүшелерінің ішінен анықтаған тұлғасы:

конкурсқа қатысу туралы тапсырысы бар конверттерді ашады және тапсырыстағы құжаттардың тізбесін және оның қысқаша мазмұнын жариялайды;

3) конкурстық комиссия хатшысы:

конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;

Әлеуетті жеткізіп берушілердің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының аталған хаттамасының көшірмесін алу мерзімі туралы хабардар етеді;

конкурсқа қатысу туралы тапсырысы бар конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылады және әр бетіне отырысқа қатысқан конкурстық комиссия мүшелерінің, оның төрағасының, орынбасарының, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысының барлық қатысушылары қол қояды.

конкурсқа қатысу туралы тапсырысы бар конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысына қатысатын конкурстық комиссияның аталған отырысы хаттамасының көшірмесі Әлеуетті жеткізіп берушілерге немесе уәкілетті өкілдеріне конкурстық комиссияның аталған отырысының келесі күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрауларына, сұрауды алған күннен бастап, екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

Конкурстық комиссияның конкурстық әдіспен мемлекеттік сатып алуларға қатысуға ұсынылған тапсырыстарды олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестілігін қарауы және әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға қол жетімділігі

31. Конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыстарды қарауды біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін Әлеуетті жеткізіп берушілердің арасынан конкурсқа қатысуға ниет білдірген Әлеуетті жеткізіп берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

32. Конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыстарды қарау кезінде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға ниет білдірген Әлеуетті жеткізіп берушілерден конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыстарды қарауды, бағалауды және тапсырыстарды салыстыруды жеңілдету үшін жазбаша түрде олардың тапсырыстарына байланысты материалдар мен түсіндірмелер сұрауға;

2) конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыстардағы мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша түрде қажетті ақпарат сұрауға құқылы.

Конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырысты конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұраулары мен өзге де әрекеттеріне рұқсат етілмейді. Конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырысты конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруді конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыстың жетіспейтін құжаттарын толықтыруға, конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыста көрсетілген құжаттарды ауыстыруға, тиісінше рәсімделмеген құжаттарды қалыпқа келтіруге бағытталған конкурстық комиссияның әрекеті деп түсінуге болады.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырысты, егер онда ұсынылған тапсырыстың мәнін өзгертпей жөндеуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін құжаттама ретінде қарайды.

33. Заңды тұлға болып табылатын (конкурсқа қатысушы деп танылған) Әлеуетті жеткізіп беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді, егер:

1) ол және/немесе оның қосалқы мердігері, не қоса орындаушысы келесі негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп анықталған болса:

белгіленген заңнама тәртібінде бекітілген нотариалдық куәландырылған жарғысының көшірмесін, не сауда тізбесінен мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған аудармасымен нотариалдық куәландырылған ресми үзіндіні ұсынбаса;

Әлеуетті жеткізіп берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндіру, қайта өңдеу, жеткізу және жүзеге асыру құқығын растайтын лицензияларының және/немесе патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының, дипломдарының, басқа да құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынбаса;

егер, заңды тұлға өзінің қызметін Тұрпатты жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, оның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы куәліктерінің, не мемлекеттік тіркеу туралы өтінішінің нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынбаса;

құрылтайшылар немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерден тұратын құрылтай құжаттарынан (егер, жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер болмаған жағдайда), не конвертті ашқан алдыңғы мерзімнен, кемінде бір ай бұрын берілген акция ұстаушылардың тізбесінен нотариалдық куәландырылған үзіндісін ұсынбаса;

Әлеуетті жеткізіп берушіге оның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша, осы конкурстық құжаттаманың 7 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі Басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктардағы және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің Тұрпатты шоттар жоспарына сәйкес банк немесе банк бөлімшесінің алдында алдыңғы анықтама берілген мерзімнен үш айдан аса созылған, мерзімі кешіктірілген несиелерінің жоғы туралы қызмет көрсететін банктің немесе банк бөлімшесінің қол қойылған және мөр басылған анықтамасын (егер Оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктардың немесе банк бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік банктардың клиенті болып табылған жағдайда аталған анықтама сол банктардың әрқайсысынан ұсынылады) ұсынбаса;

аталған анықтама берілген алдыңғы күннен үш айдан аса созылған Әлеуетті жеткізіп берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша кешіктірілген несиелерінің банктің немесе банк бөлімшесінің қол қойылған және мөр басылған анықтамасының түпнұсқасы болмаса;

бірінші басшының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолы қойылған және заңды тұлғаның мөрімен бекітілген соңғы қаржы жылының бухгалтерлік балансының түпнұсқасын немесе нотариалдық расталған көшірмесін, не егер, бірінші басшының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолы қойылған және заңды тұлғаның мөрімен бекітілген конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін жүргізілген жағдайда соңғы қаржы жылының бухгалтерлік балансының нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынбаса;

салықтық және міндетті зейнетақы жарналары мен жинақтаушы зейнетақы қорына әлеуметтік аударулар бойынша үш айдан аса (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларын айтпағанда) берешегінің жоғы, не конкурстық тапсырыстары бар конверттерді ашудың алдыңғы мерзіміне бір ай бұрын берілген кемінде бір теңге міндетті зейнетақы жарналары мен жинақтаушы зейнетақы қорына әлеуметтік аударулар бойынша берешегінің бары туралы тиісті салық органы белгілеген түрдегі анықтамасының түпнұсқасын ұсынбаса;

тиісті салық органдарының анықтамасында үш айдан аса салықтық және міндетті зейнетақы жарналары мен жинақтаушы зейнетақы қорына бір теңге және одан аса мөлшерде (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларын айтпағанда) әлеуметтік аударулар бойынша берешегі туралы мәліметтер болмаса;

конкурстық құжаттаманың 5 қосымшасына сәйкес біліктілік туралы мәліметтер ұсынбаса;

Әлеуетті жеткізіп беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат ұсынылған жәйт анықталса;

2) егер конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыстардың келесі негіздемелер бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталса:

конкурстық құжаттаманың 4 қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырысты ұсынбаса;

техникалық ерекшелікті ұсынбаса;

Әлеуетті жеткізіп беруші, аса жақсырақ техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасымен техникалық ерекшеліктерін ұсыну жағдайларын айтпағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынса;

конкурстық құжаттаманың 8 қосымшасына сәйкес (Әлеуетті жеткізіп беруші қосалқы мердігерлерді (қоса орындаушыларды) қатыстырған жағдайда) конкурста сатып алудың мәні, сондай-ақ бас мердігердің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) өткізетін қызметтерінің түрі болып табылатын қызмет көрсету бойынша қосалқы мердігерлер (қызмет көрсету кезіндегі қоса орындаушылар) туралы мәліметтерді ұсынбаса;

Әлеуетті жеткізіп беруші, қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер ұсынылған жағдайда қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (қоса орындаушылыққа) қызмет жиынтығы көлемінің үштен екіден аса көлемін өткізсе;

техникалық ерекшелікте жұмыс, қызмет алушы-субъектілер санына қатысты, еңбек ресурстарын, түрін, қызмет көрсету әдісін, уақытын және қызмет құнын пайдалану кестесін ескере отырып, тұжырымдаманы, жұмыс, қызмет көрсету әдісін, ұсынбаса;

конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыстарының қамтамасыздығын ұсынбаса;

мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесін (сертификатталған жүйелерін) ұсынбаса;

тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) пайдалануға, техникалық қызметке, сондай-ақ сатып алынатын тауарларды жөндеуге арналған шығындарын ұсынбаса;

сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің шығындарының құнынан басқа, тасымалдау және сақтандыру, кедендік баж салығын төлеу, салық және жинақтар, сондай-ақ тауар жеткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету шарттарымен көзделген басқа да шығындар бойынша шығындарын ұсынбаса;

қазақстандық күтіп ұстауды ұсынбаса;

3) Заңның 6 бабының талаптарын бұзса:

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жеке тұлға болып табылатын (конкурсқа қатысушы деп танылған) Әлеуетті жеткізіп беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді, егер:

1) ол және/немесе оның қосалқы мердігері, не қоса орындаушысы келесі негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп анықталған болса:

тиісті мемлекеттік органмен берілген білімі жоқ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын ұсынатын құжатының нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынбаса;

жеке куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынбаса;

Әлеуетті жеткізіп берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндіру, қайта өңдеу, жеткізу және жүзеге асыру құқығын растайтын лицензияларының және/немесе патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының, дипломдарының, басқа да құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынбаса;

СТН-нің нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынбаса;

Әлеуетті жеткізіп берушіге оның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша, осы конкурстық құжаттаманың 7 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі Басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктардағы және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің Тұрпатты шоттар жоспарына сәйкес банк немесе банк бөлімшесінің алдында алдыңғы анықтама берілген мерзімнен үш айдан аса созылған, мерзімі кешіктірілген несиелерінің жоғы туралы қызмет көрсететін банктің немесе банк бөлімшесінің қол қойылған және мөр басылған анықтамасын (Әлеуетті жеткізіп беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктардың немесе банк бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік банктардың клиенті болып табылған жағдайда аталған анықтама сол банктардың әрқайсысынан ұсынылады) ұсынбаса;

аталған анықтама берілген алдыңғы күннен үш айдан аса созылған Әлеуетті жеткізіп берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша кешіктірілген несиелерінің банктің немесе банк бөлімшесінің қол қойылған және мөр басылған анықтамасының түпнұсқасы болмаса;

салықтық және міндетті зейнетақы жарналары мен жинақтаушы зейнетақы қорына әлеуметтік аударулар бойынша үш айдан аса (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларын айтпағанда) берешегінің жоғы, не конкурстық тапсырыстары бар конверттерді ашудың алдыңғы мерзіміне бір ай бұрын берілген кемінде бір теңге міндетті зейнетақы жарналары мен жинақтаушы зейнетақы қорына әлеуметтік аударулар бойынша берешегінің бары туралы тиісті салық органы белгілеген түрдегі анықтамасының түпнұсқасын ұсынбаса;

тиісті салық органдарының анықтамасында үш айдан аса салықтық және міндетті зейнетақы жарналары мен жинақтаушы зейнетақы қорына бір теңге және одан аса мөлшерде (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларын айтпағанда) әлеуметтік аударулар бойынша берешегі туралы мәліметтер болмаса;

конкурстық құжаттаманың 5 қосымшасына сәйкес біліктілік туралы мәліметтер ұсынбаса;

Әлеуетті жеткізіп беруші арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат ұсынылған жәйт анықталса;

2) егер конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыстардың келесі негіздемелер бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталса:

конкурстық құжаттаманың 3, 4 қосымшаларына сәйкес конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырысты ұсынбаса;

техникалық ерекшелікті ұсынбаса;

Әлеуетті жеткізіп беруші, аса жақсырақ техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасымен техникалық ерекшеліктерін ұсыну жағдайларын айтпағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынса;

конкурстық құжаттаманың 8 қосымшасына сәйкес (Әлеуетті жеткізіп беруші қосалқы мердігерлерді (қоса орындаушыларды) қатыстырған жағдайда) конкурста сатып алудың мәні, сондай-ақ бас мердігердің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) өткізетін қызметтерінің түрі болып табылатын қызмет көрсету бойынша қосалқы мердігерлер (қызмет көрсету кезіндегі қоса орындаушылар) туралы мәліметтерді ұсынбаса;

Әлеуетті жеткізіп беруші, қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер ұсынылған жағдайда қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (қоса орындаушылыққа) қызмет жиынтығы көлемінің үштен екіден аса көлемін өткізсе;

техникалық ерекшелікте жұмыс, қызмет алушы-субъектілер санына қатысты, еңбек ресурстарын, түрін, қызмет көрсету әдісін, уақытын және қызмет құнын пайдалану кестесін ескере отырып, тұжырымдаманы, жұмыс, қызмет көрсету әдісін, ұсынбаса;

конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыстарының қамтамасыздығын ұсынбаса;

3) Заңның 6 бабының талаптарын бұзса.

34. Конкурстық комиссия енгізілген конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыстың қамтамасыздығын осы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыс қамтамасыздығының қолданылу мерзімінің жеткіліксіздігі;

2) конкурстық комиссияның мәліметтердің болмауымен айқындалатын, конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыс қамтамасыздығы тиісінше рәсімделмеген жағдайда:

конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыстың қамтамасыздығын берген тұлғаны;

қатысу үшін тапсырыс қамтамасыздығы енгізілген конкурстық әдіспен қызметтерді мемлекеттік сатып алуларының атауын;

қолданылу мерзімін және (немесе) тапсырыс қамтамасыздығының сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;

конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыстың қамтамасыздығы берілген тұлғаны;

конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыстың қамтамасыздығы пайдасына енгізілген тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейді.

3) енгізілген конкурстық тапсырыс қамтамасыздығы конкурсқа бөлінген сомадан кемінде бір пайыз көлемінде.

35. Әлеуетті жеткізіп беруші конкурстық құнды ұсынысқа әсері тиетін критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссия мұндай Әлеуетті жеткізіп берушіге конкурстық құнды ұсыныстың шартты төмендетілуін қолданбайды. Әлеуетті жеткізіп беруші ұсынған шарттар конкурстық құнды ұсыныстың шартты төмендетілуі мемлекеттік сатып алулар туралы келісімге енгізілуі тиіс.

36. Конкурсқа қатысуға ұсынылған тапсырыстарды қарау қорытындысы бойынша конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін Әлеуетті жеткізіп берушілерді анықтайды;

2) Заңның 17 бабының 4 тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердің пайыздық маңызын қолданады;

3) конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы хаттама толтырады және күнін, уақытын, сондай-ақ конкурсқа қатысуға жіберілген (конкурсқа қатысушылар) әлеуетті жеткізушілердің мемлекеттік сатып алулар ұйымдастырушысына конкурстық құнды ұсыныстарын ұсыну орнын анықтайды.

37. Конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы хаттамаға отырысқа қатысатын барлық қатысушылар, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алулар ұйымдастырушысы конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға тапсырыс ұсынған барлық Әлеуетті жеткізіп берушілерге аталған хаттаманың көшірмесін ұсынады немесе жолдайды, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтына (жабық конкурсты айтпағанда) орналастырады. Конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы конкурстық комиссияның шешімі Заңның 45 бабымен анықталған тәртіпте шағымдануы мүмкін.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық ҚҰжаттама
Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қостанай облыстық кітапханасы” мм ғимаратын күрделі жөндеуге арналған...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
Конкурс қатысуға рұқсат етілген өтінімдер формасына талаптарды бекіту мақсатында әзірленген
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық ҚҰжаттама
Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын әлеуетті өнім беруші
Талдықорған қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Жетісу Су құбыры” қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны”
Конкурстық ҚҰжаттама icon«Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады»
Райымбек ауданы мектептеріне мектеп жиһаздары мен спорт инвентарларын, оқу кабинеттерінің көрнекіліктері, жабдықтарын мемлекеттік...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 қаулысымен...
Конкурстық ҚҰжаттама iconҚұжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың
Сқарушылық қызметтегі құжаттама жасауды ұйымдастыру тәртібін мен қағаз тасығыштағы құпия емес сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастыру,...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм павлодар филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстың ерекше тәртіппен
Жаңақорған ауданы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді конкурстың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница