Конкурстық ҚҰжаттама




НазваниеКонкурстық ҚҰжаттама
страница1/9
Дата конвертации11.02.2016
Размер1.22 Mb.
ТипКонкурс
источникhttp://almaty.upp.kz/files/kd_i_ts_na_kaz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Бекітемін»

Алматы қаласы

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

басқармасының бастығы

_________________ А. Балова


2012 жылғы «___» ________

_____ бұйрық


«Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының шеңберінде

бизнесті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну бойынша қызметтерді

мемлекеттік сатып алу жөніндегі

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА


Тапсырыс беруші: «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, СТН 600400244236, КСН KZ570705023643751001, Алматы қаласы Қазынашылық департаменті, БИК KKMFKZ2A, КБЕ12, тел. (727)271-66-90, веб-сайт: www.almaty.upp.kz

Тапсырыс берушінің өкілі: Бижанова Шолпан Серікқызы – конкурстық комиссияның төрайымы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, тел. 2720291.

Ұйымдастырушы: «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, СТН 600400244236, КСН KZ570705023643751001, Алматы қаласы Қазынашылық департаменті, БИК KKMFKZ2A, КБЕ 12, тел. (727) 271-66-90, веб-сайт: www.almaty.upp.kz

Ұйымдастырушының өкілі: Бижанова Шолпан Серікқызы – конкурстық комиссияның төрайымы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, тел. 2720291.


І. Жалпы Ережелер


1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының (2012 жылғы 01 мамырдағы өзгерістерімен және толықтыруларымен) шеңберінде бизнесті жүргізуге сервистік қолдау ұсыну бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы Конкурстық құжаттама (бұдан әрі – Конкурстық құжаттама) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-III «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережелеріне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес әзірленді.


2. Конкурстың мәні


2. Осы Конкурстық құжаттама конкурсқа қатысуға ниет білдірген Әлеуетті жеткізіп берушілерге конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат ұсыну мақсатында әзірленді.

3. Аталған конкурсқа бөлінген сома келесі лоттар бойынша 164 200 000 (жүз алпыс төрт миллион екі жүз мың) теңгені құрайды:

Лот №1 – жалпы сомасы 20 164 900 (жиырма миллион жүз алпыс төрт мың тоғыз жүз) теңге болатын кедендік рәсімдер жөніндегі қызметтер;

Лот №2 – жалпы сомасы 25 926 300 (жиырма бес миллион тоғыз жүз жиырма алты мың үш жүз) теңге болатын мемлекеттік сатып алуға, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына байланысты қызметтер,

Лот №3 – жалпы сомасы 46 091 200 (қырық алты миллион тоқсан бір мың екі жүз) теңге болатын бухгалтерлік және салық есебін жүргізуге, статистикалық есептілікті әзірлеуге байланысты қызметтер;

Лот №4 -- жалпы сомасы 20 164 900 (жиырма миллион жүз алпыс төрт мың тоғыз жүз) теңге болатын маркетинг мәселелері жөніндегі қызметтер;

Лот №5 – жалпы сомасы 20 164 900 (жиырма миллион жүз алпыс төрт мың тоғыз жүз) теңге болатын заң қызметтерін көрсету;

Лот №6 - жалпы сомасы 20 165 000 (жиырма миллион жүз алпыс бес мың) теңге болатын менеджментті енгізу жөніндегі барлық үдерісті толық ілестіру және консультация беру;

Лот №7- жалпы сомасы 11 522 800 (он бір миллион бес жүз жиырма мың сегіз

жүз) теңге болатын ақпараттық технология саласында қызмет көрсету.

4. Конкурс бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету бойынша қызметтерінің Әлеуетті жеткізіп берушіні таңдау мақсатында өткізіледі. Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі осы конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасында келтірілді.

5. Осы конкурстық құжаттама:

1) осы конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасына сәйкес, сатып алынатын қызметтердің тізбесінен;

2) осы конкурстық құжаттаманың 1-1 қосымшасына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде бизнесті жүргізуге сервистік қолдау бойынша қызметтердің прайс-беті;

3) осы конкурстық құжаттаманың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес, заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға ұсынған тапсырыстарынан;

4) осы конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес, қызмет көрсету үшін Әлеуетті жеткізіп берушінің біліктілігі туралы мәліметтерден;

5) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) 17 бабының 4 тармағына және әрбір критерийдің пайыздық маңызын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережелеріне сәйкес, аса сапалы қызмет түрін ұсынатын конкурсқа қатысушыны анықтау мақсатында конкурс жеңімпазын анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті критерийлер тізбесінен тұрады.

6. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Әлеуетті жеткізіп беруші төменде келтірілген түрлерінің біріне конкурсқа қатысу тапсырысымен бірге тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін:

1) келесі банк шотында: Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, СТН 600400244236, КСН KZ570705023643751001, Алматы қаласы Қазынашылық департаменті, БИК KKMFKZ2A, КБЕ 12, орналастырылған ақшалардың кепілді ақшалық жарнасын;

2) осы конкурстық құжаттаманың 6-қосымшасына сәйкес, банк кепілдігі.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық тапсырыстың қолданылу мерзімі конкурсқа қатысу тапсырыстары салынған конвертті ашқан күннен бастап 60 күнді құрайды.

7. Әлеуетті жеткізіп беруші, ол жеңімпаз болып танылған жағдайда, төменде келтірілген түрлерінің біріне Шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде мемлекеттік Шарттың орындалуының қамтамасыздығын енгізеді:

1) мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысының банк шотына енгізілетін кепілді ақшалық жарнасын;

2) 9-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін.


3. Сатып алуды ұйымдастырушысымен конкурстық құжаттама Ережесінің көшірмесін алған әлеуетті жеткізіп берушілерге түсініктеме беруі


8. Конкурсқа қатысуға үміткер Әлеуетті жеткізіп беруші конкурстық құжаттама Ережесіне түсінік беру туралы, бірақ 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, конкурстық тапсырыстарды ұсынудың соңғы мерзіміне, яғни 2012 жылдың «18» мамыры 10 сағат 00 минутқа дейін жазбаша сұрау салуға құқылы. Әлеуетті жеткізіп берушінің сұраулары сатып алуды ұйымдастырушысының келесі реквизиттері бойынша жолданулары тиіс: «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №244 бөлме.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұраудың кімнен түскеніне қарамай:

1) конкурстық құжаттаманы алған, мәліметтері тіркеу журналына енгізілген, тұлғаларға конкурстық құжаттама Ережесіне берілген түсініктемені жолдауға;

2) тапсырыс берушінің веб-сайтында конкурстық құжаттама Ережесіне берілген түсініктеме мәтінін жариялауға міндетті.

10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы өзінің жеке бастамашылығымен немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысымен конкурстық құжаттаманың көшірмесі ұсынылған Әлеуетті жеткізіп берушінің сұрауына жауап ретінде 2012 жылдың «23» мамыры 10 cағат 00 минуттан кешіктірмей конкурстық құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекіту тәртібі секілді сол тәртіпте ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші бар және конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістер бекітілген күннен бастап, бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сатып алуды ұйымдастырушысымен өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмелері ұсынылған барлық Әлеуетті жеткізіп берушілерге жолданады. Бұл ретте конкурсқа қатысуға тапсырыс ұсынудың соңғы мерзімі конкурсқа қатысу тапсырыстарындағы осы өзгерістерді Әлеуетті жеткізіп берушілер есепке алу үшін сатып алуды ұйымдастырушысымен кемінде он күнтізбелік күн мерзіміне ұзартылады.

Ұйымдастырушы тапсырыс берушінің веб-сайтында енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы жариялайды.

11. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы конкурстық құжаттаманың көшірмелері ұсынылған Әлеуетті жеткізіп берушілермен, не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың Ережесін түсіндіру үшін 2012 жылдың «23» мамырынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №244 бөлме мекенжайында кездесу өткізуге құқылы.

12. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы Әлеуетті жеткізіп берушілердің конкурстық құжаттаманы, олардың негіздерін, сондай-ақ ол сұрауларға жауаптарын көрсетпей-ақ түсініктеме беру туралы ұсынған сұраулары көрсетілетін Әлеуетті жеткізіп берушілермен өткізілген кездесу хаттамасын жасайды. Хаттама Әлеуетті жеткізіп берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап, екі жұмыс күнінен кешіктірілмей, мемлекеттік сатып алуларының ұйымдастырушысы конкурстық құжаттаманы алған Әлеуетті жеткізіп берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошталық реквизиттер арқылы конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынған конкурстық комиссияға және барлық Әлеуетті жеткізіп берушілерге жолданады.

Мемлекеттік сатып алулды ұйымдастырушысы Әлеуетті жеткізіп берушілермен өткізілген кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.


4. Конкурстық әдіспен мемлекеттік сатып алуға қатысуға ұсынылған тапсырыстарды ресімдеу талаптары және конкурстық әдіспен мемлекеттік

сатып алуға қатысуға ұсынылған тапсырысы бар конверттердің

Әлеуетті жеткізіп берушілермен ұсынылуы


Параграф 1. Конкурсқа қатысуға ұсынылатын тапсырыс


13. Конкурсқа қатысу тапсырысы, осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптарға және шарттарға сәйкес, конкурсқа қатысуға үміткер Әлеуетті жеткізіп берушінің келісім беруінің, қызмет көрсетуінің түрі болып табылады.

14. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Әлеуетті жеткізіп берушінің сатып алуды ұйымдастырушысына ұсынылатын тапсырыс құралуы тиіс:

1) осы конкурстық құжаттаманың 3 және 4 қосымшаларына сәйкес, Әлеуетті жеткізіп берушілермен толтырылған және қол қойылған тапсырыстан;

2) Әлеуетті жеткізіп берушімен ұсынылатын, оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесінен:

құқықтық қабілеттілікті (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық іс-әрекетке қабілеттілікті растайтын (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке куәлігінің көшірмесі) нотариалдық куәландырылған құжаттардан;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесінен. Егер, заңды тұлға өзінің қызметін белгіленген заңнама тәртібінде бекітілген Тұрпатты жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішінің нотариалдық куәландырылған көшірмесінен;

құрылтайшылар немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерден тұратын құрылтай құжаттарының (егер, жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер болмаған жағдайда), не конвертті ашатын алдағы мерзімнен, кемінде бір ай бұрын берілген акция ұстаушылары тізілімі көшірмесінің нотариалдық куәландырылған үзінділерінен;

заңды тұлға белгіленген заңнама тәртібінде бекітілген нотариалдық куәландырылған жарғының көшірмесін ұсынуы тиіс. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері сауда тізілімінен мемлекеттік тілге аударылған аудармасымен және (немесе) орыс тіліндегі ресмилендірілген көшірмесінің нотариалдық куәландырылған үзіндісін ұсынулары тиіс;

Әлеуетті жеткізіп берушінің қызметтерді орындау құқығын растайтын лицензияларының және/немесе патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының, дипломдарының, басқа да құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелерінен;

төлемге қабілеттілігін растайтын құжаттардан;

Әлеуетті жеткізіп берушіге оның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша, осы конкурстық құжаттаманың 7 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі Басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктардағы және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің Тұрпатты шоттар жоспарына сәйкес банк немесе банк бөлімшесінің алдында алдыңғы анықтама берілген мерзімнен үш айдан аса созылған, мерзімі кешіктірілген несиелерінің жоғы туралы қызмет көрсететін банктің немесе банк бөлімшесінің қол қойылған және мөр басылған анықтамасының (егер Әлеуетті жеткізіп беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктардың немесе банк бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік банктардың клиенті болып табылған жағдайда аталған анықтама сол банктардың әрқайсысынан ұсынылады) түпнұсқасынан. Анықтама конкурстық тапсырыстары бар конверттерді ашу мерзімінен кемінде бір ай бұрын берілген болуы тиіс;

бірінші басшының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолымен соңғы қаржы жылына белгіленген нұсқаға сәйкес келетін бухгалтерлік баланстың түпнұсқасынан немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесінен. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін жүргізілген жағдайда алдыңғы соңғы қаржы жылына келетін соңғы қаржы жылына бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі ұсынылады;

салықтық және міндетті зейнетақы жарналары мен жинақтаушы зейнетақы қорына әлеуметтік аударулар бойынша үш айдан аса (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларын айтпағанда) берешегінің жоғы, не конкурстық тапсырыстары бар конверттерді ашудың алдыңғы мерзіміне бір ай бұрын берілген кемінде бір теңге міндетті зейнетақы жарналары мен жинақтаушы зейнетақы қорына әлеуметтік аударулар бойынша берешегінің бары туралы салық органына сәйкес келетін белгіленген түрдегі анықтамасының түпнұсқасынан;

Әлеуетті жеткізіп беруші конкурсқа қатысу тапсырысымен бірге, өткізілген мемлекеттік сатып алулар сомасынан жүз пайызға тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк резиденттеріне банктік кепілдік түрінде келісімнің орындалуының қамтамасыздығын ұсыну арқылы төлемге қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға құқылы. Әлеуетті жеткізіп беруші мемлекеттік сатып алулар туралы келісімнің орындалуының қамтамасыздығын мемлекеттік сатып алу туралы келісім бойынша міндеттемелерді толығымен орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге ұсынады;

3) Әлеуетті жеткізіп берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (қоса орындаушыларының) арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардан:

Әлеуетті жеткізіп берушінің және оның қосалқы мердігерлерінің (қоса орындаушыларының) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарын көрсете отырып, арнайы біліктілік және басқа да талаптардың толық тізбесінен тұратын осы конкурстық құжаттаманың 5 қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алулар барысына қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтерден;

осы конкурстық құжаттаманың 8 қосымшасына сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын қызмет көрсету бойынша қосалқы мердігерлер (қызмет көрсету кезіндегі қоса орындаушылар) туралы мәліметтерден және Әлеуетті жеткізіп берушінің қызметтер көлемінің үштен екіден аса жиынтығындағы қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (қоса орындаушылыққа) өткізудің тыйым салған шарттары туралы жағдайларынан;

егер, Әлеуетті жеткізіп беруші қосалқы мердігерлердің (қоса орындаушылардың) қызметтерін тартуды көздеген жағдайда, ол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысына тартылатын қосалқы мердігерлердің (қоса орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;

Тапсырыс, сондай-ақ, конкурсқа қатысушылардың конкурстық құнды ұсыныстарына, ондай ұсыныстар болған жағдайда, ықпал ететін критерийлерін растайтын құжаттардан;

4) қызметтердің, мерзімдердің және (немесе) қызмет көрсету көлемінің, қызмет көрсетудің сапа кепілдігін ұсынудың, қызмет көрсету кестесінің (әдісінің) және шарттарының техникалық, сапалық және пайдалану сипаттарының техникалық ерекшеліктерінен;

5) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысының банктік шотында орналастырылған кепілді ақша жарналарын растайтын банк кепілдемесі, не төлем құжаты ретінде 1% мөлшерінде конкурсқа қатысу тапсырысын қамтамасыз етуден;

6) Әлеуетті жеткізіп берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар Әлеуетті жеткізіп берушінің бірінші басшысын қоспағанда, Әлеуетті жеткізіп берушінің конкурсқа және конкурстық комиссия отырыстарына қатысу тапсырыстарына қол қою құқығының мүдделерін ұсынатын тұлғаның (тұлғалардың) сенімхатынан тұруы тиіс.

Өтінімде сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың конкурстық бағалық ұсыныстарына ықпал ететін өлшемдерді растайтын құжаттар болуы тиіс:

  • өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстар, қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесі;

  • мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа меденжментінің сертификатталған жүйесі; (сертификатталған жүйелері);

  • мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес басқару меденжментінің сертификатталған жүйесі; (сертификатталған жүйелері).

2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

3) қазақстандық мазмұн.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Әлеуетті жеткізіп берушінің – жеке тұлғаның тапсырысы, сондай-ақ, тиісті мемлекеттік органмен берілген (мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасасуда азаматтық құқықтық қабілеттілігінің барын растау үшін) заңды тұлғаның білімсіз-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын ұсынатын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесінен және ұсынылатын тауарлар мен қызметтерге Әлеуетті жеткізіп берушінің иелік ету құқығын растайтын құжаттардан тұруы тиіс.

Әлеуетті жеткізіп беруші барлық келтірілген үлгілерді толтыруы және қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық ҚҰжаттама
Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қостанай облыстық кітапханасы” мм ғимаратын күрделі жөндеуге арналған...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
Конкурс қатысуға рұқсат етілген өтінімдер формасына талаптарды бекіту мақсатында әзірленген
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық ҚҰжаттама
Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын әлеуетті өнім беруші
Талдықорған қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Жетісу Су құбыры” қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны”
Конкурстық ҚҰжаттама icon«Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады»
Райымбек ауданы мектептеріне мектеп жиһаздары мен спорт инвентарларын, оқу кабинеттерінің көрнекіліктері, жабдықтарын мемлекеттік...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық құжаттама
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 қаулысымен...
Конкурстық ҚҰжаттама iconҚұжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың
Сқарушылық қызметтегі құжаттама жасауды ұйымдастыру тәртібін мен қағаз тасығыштағы құпия емес сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастыру,...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм павлодар филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу...
Конкурстық ҚҰжаттама iconКонкурстың ерекше тәртіппен
Жаңақорған ауданы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді конкурстың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница