Регламенттерін бекіту туралы




Скачать 267.3 Kb.
НазваниеРегламенттерін бекіту туралы
Дата конвертации10.02.2016
Размер267.3 Kb.
ТипРегламент
источникhttp://aktobe.gov.kz/sites/default/files/Node_3015/Экологиялық сараптама бөлімі.doc






Жоба


Ақтөбе облысы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ


Қоршаған ортаны қорғау аумағындағы

электрондық мемлекеттік қызмет

регламенттерін бекіту туралы


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 – бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы №1033 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаны қорғау аумағындағы электрон-дық мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілсін:

1) «ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті;

2) «ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті;

2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ә. Үсенғалиев) электрондық мемлекеттік қызметтің регламентін басқарманың ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары

Р.Қ. Кемаловаға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыс әкімі А.Мұхамбетов


Ақтөбе облысы әкімдігінің

2012 жылғы «___»________

№ _____ қаулысымен бекітілген


«II, III және IV санат объектілері үшін
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламенті



1. Жалпы ережелер


1. «II, III және IV санат объектілері үшін
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі арқылы және «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 08 тамыздағы қаулысымен бекiтiлген «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттiк қызмет Стандарты негізінде көрсетіледі.

3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (медиа - алшақтықты қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет).

4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық қызмет.

5. Ұғымдар мен қысқартулар осы электрондық мемлекеттік регламентте пайдаланылады:

1) «электрондық үкiметтiң» веб-порталы - нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң бiрыңғай терезесiн бiлдiретiн ақпараттық жүйе (бұдан әрi - ЭҮП);

2) ақпараттық жүйе – аппараттық - бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өндеу, іздеу, тарату, тапсыру, және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);

3) медиа - алшақтық – құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керісінше нысанға өзгерту қажет кезінде қызметтерді көрсету үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуі;

4) пайдаланушы - оған қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшiн ақпараттық жүйеге жүгiнетiн және оларды пайдаланатын субъект;


5) құрылымдық – функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – белгілі бір сатыда электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері;

6) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;

7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;

8) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

9) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) - «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы», тікелей мемлекеттік электронды қызмет көрсететін мемлекеттік орган;

10) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

11) бизнес сәйкестендіру нөмері (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға үшін қалыптастырылатын бірегей нөмер;

12) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi - салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша бiрегей нөмiр, ол салық төлеушi ретiнде оны мемлекеттiк тiркеу және Қазақстан Республикасы Салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне ол туралы мәлiметтердi енгiзу кезiнде салық төлеушiге берiледi (бұдан әрi - СТН);
13) автоматтандырылған жұмыс орны - УО қызмет көрсету iшкi бизнес-процессiн iске асыруын қамтамасыз ету, мемлекеттiк мекемелердiң мониторингiсiне уәкiлеттендiрiлген қызметтердi тұтынушылар және мемлекеттiк органдарға мемлекеттiк қызмет көрсету статусы туралы ақпарат ұсыну (бұдан әрi - АЖО);

14) «электронды үкіметтің» аймақтық шлюзі (бұдан әрі - ЭҮАШ) ЖАО

ішкі жүйелері қосалқы жүйелері және ЖАО электронды қызметтері көрсету үдерісіне қатысушы сыртқы ақпараттық жүйелер арасында өзара ақпараттық іс – қимыл жасаушы қамтамасыз етуші ақпараттық жүйе;

15) Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығы ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҰКО АЖ) – «электрондық үкімет», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін куәландыру орталығы;

16) «электрондық үкiметтiң» шлюзi (бұдан әрi – ЭҮШ) – электрондық қызметтi iске асыру аясында «электрондық үкiметтiң» ақпараттық жүйелерiн интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;


2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет беруші әрекетінің тәртібі


6. ЖАО арқылы iшiнара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызмет берушінің осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес адымдық әрекеттері мен шешімдері:

1) тұтынушы қызмет алу үшiн өтiнiш және қажеттi құжаттардың түпнұсқаларымен ЖАО өтiнiш жасауы тиiс (Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызметті алушы келесі құжаттарды ұсынады: көзделіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметке тапсырыс берушіден (инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан еркін нысандағы ілеспе хатты; Кодекстiң 37- бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы; жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтінішті; Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығымен бекітілген Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу нұсқаулығына сәйкес әзірленген қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелерін; қоршаған ортаға теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттарын: жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері; мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары; су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде); жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар; жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жер асты сулар пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болғанда); орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган; балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін). Тұтынушының өтiнiші мен құжаттарының түпнұсқалығын ЖАО қызметкерi тексеруі;

2) 1-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін ЖАО қызметкерiнiң ЖАО АЖ ЖСН және парольді енгiзу (авторизациялау үдерісі) үдерісі;

3) 1-шарт – ЖСН және пароль арқылы ЖАО АЖ ЖАО тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;

4) 2-үдеріс – ЖАО қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЖАО АЖ авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру (СТН, БСН немесе ЖСН және пароль арқылы қызметкер деректерінің сәйкес келмеуі);

5) 3-үдеріс – ЖАО қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды

ескере отырып, нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу және сканерден өткізілген құжаттарды қосу);

6) 4-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді, қосылған сканерден өткізілген құжаттарды) ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ арқылы қол қою;

7) 2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестілігін, ЭЦҚ тіркеу куәлігінің мерзімін және ЖАО АЖ тіркеу куәлігінің қайта шақырылған (жойылған) тізімде жоқтығын тексеру;

8) 5-үдеріс – ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру (Өз деректерін қайталап енгізу);

9) 6-үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;

10) 7-үдеріс – ұсынылған МБҰ тұтынушының жазбаша келісімін қалыптастыру үдерісі және ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін (мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беруді) қалыптастыру.(Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға, оның ішінде құжаттар қабылдаудан және қарастырудан (мемлекеттік қызмет беруден) бас тартуға негіздеме: стандарттың 11 тармақтарында көрсетілген құжаттарда сенімсіз мәліметтер ұсынылған; материалдар нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болмаған жағдайларда бас тартуға негіз болып табылады.);

Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады. ЖАО қызметкері электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижелерін қолма-қол немесе тұтынушының электронды поштасына жіберу жолымен береді.

7. Қызмет берушінің ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі осы Регламентің 2-қосымшасына сәйкес адымдық әрекеттері мен шешімдері:

1) тұтынушы ЖСН және парольдің көмегімен ЭҮП тіркелуі жүзеге асырылады (ЭҮП тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының ЖСН және парольді ЭҮП енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);

3) 1-шарт – ЭҮП ЖСН және пароль арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЭҮП тексеру;

4) 2-үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы ЭҮП хабарламаны қалыптастыру;

5) 3-үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу, сканерден өткізілген құжаттарды қосу);

6) 4-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді, қосылған сканерден өткізілген құжаттарды) ЭЦҚ арқылы қол қою;

7) 2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестілігін, ЭЦҚ тіркеу куәлігінің мерзімін және ЭҮП тіркеу куәлігінің қайта шақырылған (жойылған) тізімде жоқтығын тексеру;

8) 5-үдеріс–тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік

қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуын) ЭҮШ немесе ЭҮАШ арқылы ЖАО АЖ жіберу және ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;

10) 7-үдеріс – ұсынылған МБҰ тұтынушының жазбаша келісімін қалыптастыру үдерісі және ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін (мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беруді) қалыптастыру. Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады және ЭҰП жеке кабинетке жіберіледі.

8. Осы Регламенттің 3-қосымшасында тұтынушыға мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтің экрандық нысандары келтірілген.

9. Алушының электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша орындау мәртебесін тексеру тәсілі: «электрондық үкімет» порталының «Алынған қызметтер тарихы» бөлімінде, сондай-ақ ЖАО жолыққан кезде.

10. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қажетті ақпаратты және кеңесті саll–центр ПЭП: (1414) телефоны бойынша алуға болады.


3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету

үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау


11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік мекемелерінің, ұйымдарының және АЖ тізбесі:

ЖАО, ЭҮП, АЖ, ҰКО АЖ, ЭҮАШ, ЭҮШ қызметкерлері;

12. Әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, ҚФБ іс-қимылы (рәсімдерінің, функцияларының, операцияларының) дәйектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 4-қосымшасында келтірілген (Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмi мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға алдын ала сараптамадан өткен қажеттi барлық құжаттама берiлген кезден бастап II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн бiр айдан аспауға тиiс.
Қайтадан мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмi тiркелген күнiнен бастап II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.Алдын ала сараптамадан өткiзу мерзiмi құжаттаманың мемлекеттiк экологиялық сараптамаға келiп түскен күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Табыс етiлген құжаттама толық болмаған жағдайда ол табыс еткен тұлғаға қайтарылуға жатады);

13. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Регламенттің 5-қосымшасына сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

14. Осы Регламенттің 6-қосымшасында электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі (шығыс құжаты) ұсынылуы тиісті хабарлама нысандарын қоса алғанда бланкілер үлгілері, қалыптары көрсетілген.

15. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;

2) қызметтiк борышты атқару кезiндегi заңдылық;

3) кәсiби этика мен мәдениеттi сақтау;

4) түпкiлiктi және толық ақпарат ұсыну;

5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы;

6) тұтынушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

16. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарттары: электрондық мемлекеттiк қызметке қол жеткiзудiң және көрсетудiң қолдайтын барлық құрылғылары (компьютер, ғаламтор, қоғамдық қолжетімді пункті, мемлекеттік мекеме).


Кесте. Шартты белгілер




Бастапқы хабарлама



Соңғы хабарлама



Аралық хабарлама



Қарапайым соңғы жағдайлар



Қате



Таймер-жағдайлар



Ақпараттық жүйе



Үдеріс



Шарт



Хабарламалар ағыны



Басқару ағыны



Нақты тұтынушыға берілетін электрондық құжат



«II, III және IV санат объектілері үшін
мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру» электрондық

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша





ЖАО АЖ арқылы «ішінара автоматтандырылған» мемлекеттік электрондық қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы


«II, III және IV санат объектілері үшін
мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру» электрондық

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша




ЭҮП арқылы «ішінара автоматтандырылған» мемлекеттік электрондық қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

«II, III және IV санат объектілері үшін
мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру» электрондық

мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша


Мемлекеттік электрондық қызмет көрсетуге өтініш берудің экрандық нысаны




Ақтөбе облысының табиғи ресурстар

және табиғиғатты пайдалануды реттеу

басқармасының бастығы:

_____________________________

(бастықтың ТАӘ)

Өтініш беруші:___________________

(өтініш берушінің ТАӘ)

Мекен-жайы:____________________

(өтініш берушінің мекен-жайы)

Телефон:____________________

(өтініш берушінің байланыс телефоны)


ӨТІНІШ


Сізден «___________» (жұмыс) жобасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беруіңізді

(жобаның атауы)

сұраймын.


Өтінішке қосымша құжаттар:


__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________


Ұйым басшысы (жеке тұлға) ________________  ______________________

                                  (жеке қолы)   (қолтаңбаның толық жазылуы)





«II, III және IV санат объектілері үшін
мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру» электрондық

мемлекеттік қызмет регламентіне

4-қосымша


1 кесте. ЖАО арқылы қызметтердің сипаттамасы

  1. Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) қызметі

1

Қызмет № (жұмыстар барысы, ағыны)

1

2

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

3

Іс әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің,

операцияның) атауы және олардың сипаттамалары.

Өтініш пен құжаттардың түпнұсқалығын тексеру, ЖАО АЖ жүйесіне мәліметтерді енгізу.


Мемлекеттік электрондық қызметті көрсету жүйесіне және сұраныс формаларын толтыруда ЖАО қызметкерлері

н авторизациялау.

4

Аяқтау формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Қызмет алуға өтініштер мен құжаттарды қабылдау.

Өтінішке нөмір бере отырып, сұранысты тіркеу.

5

Орындалу мерзімі

30 минуттан артық емес.

3 минуттан артық емес.

6

Келесі қызмет нөмірі

2

3




  1. Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) қызметі

1

Қызмет № (жұмыстар барысы, ағыны)

3

4

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

3

Іс әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің,

операцияның) атауы және олардың сипаттамалары.

Сұраныстың орындалуы. Мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу туралы шешімін қабылдау, не болмаса негізделген бас тартудың қалыптастырылуы.

Шығыс құжаттарының қалыптастырылуы.

4

Аяқтау формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысың, не болмаса негізделген бас тартудың қалыптастырылуы.

Жүйеде шығыс құжаттарының қалыптастырылуы.

5

Орындалу мерзімі

30 күннен артық емес.

3 күннен артық емес.

6

Келесі қызмет нөмірі

4

5




  1. Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) қызметі

1

Қызмет № (жұмыстар барысы,

ағыны)

5

6

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ


3

Қызмет (үдерістің, рәсімдердің,

операциялардың) атауы және олардың сипаттамалары.

Шығыс құжаттарын құрастыру

ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ шығыс құжатына қол қою.

4

Аяқтау формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім).

ЖАО қызметкерiмен қолма қол немесе тұтынушыға электрондық пошта арқылы электрондық мемлекеттiк қызметiнiң нәтижесiн шығару

ЖАО қызметкерімен ЭЦҚ қол қойылған шығыс құжаты

5

Орындалу мерзімі

30 минуттан артық емес

15 минуттан артық емес

6

Келесі әрекет нөмірі

6

-



3 кесте. ЭҮП арқылы қызметтердің сипаттамасы



  1. Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағымының) қызметі

1

Қызмет № (жұмыстар барысы, ағымы)

1

2

3

4

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЭҮАШ (ЭҮШ)

ЖАО АЖ

ЖАО

3

Қызмет (үдерістің, рәсімдердің,

Операциялар

дың) атауы және олардың сипаттамалары.

ЭҮП тұтынушыны авторизациялау, сұраныс формасын толтыру. Электрондық мемлекеттік қызмет алу үшін енгізілген мәліметтердің дұрыстығы.


АЖ-не сұранысты бағыттау.

Өтінішке нөмір беру және келіп түскеннің мәртебесін көрсету (енгізілген мәліметтердің дұрыстығы жағдайында).

Орындауға өтініш қабылдау (енгізілген мәліметтердің дұрыстығы жағдайында).


4

Аяқтау формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық –өкімдік шешімі).

Сұранысты сәтті қалыптастырылуының немесе сұралған электрондық

мемлекеттік қызмет көрсетуге бас тарту туралы хабарландырудың көрсетілуі.

Сұранысты бағыттау.

ЭҮП-ге хабарландыру жіберу (енгізілген мәліметтердің дұрыстығы жағдайында).

Орындауға өтінішті қабылдау (енгізілген мәліметтердің

дұрыстығы жағдайында).


5

Орындау мерзімі

30 минуттан артық емес.

30 минуттан артық емес.

30 минуттан артық емес.

1 сағаттан артық емес.

6

Келесі әрекет нөмірі

2

3

4

5




2) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) қызметі

1

Қызмет № (жұмыс тар барысы, ағымы)

5

6

7

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮП

3

Қызмет (үдерістің, рәсімдердің,

операциялардың) атауы және олардың сипаттамалары.

Сұраныстың орындалуы. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысың беру туралы шешімін қабылдау, не болмаса негізделген бас тартудың қалыптастырылуы.

Шығыс құжатының қалыптастырылуы.

Жұмыста мәртебесін көрсету.

4

Аяқтау формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім).

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысың беру, не болмаса негізделген бас тартудың қалыптастырылуы.

Жүйеде шығыс құжаттарының қалыптастырылуы.

Жұмыста мәртебесін

көрсету.

5

Орындау мерзімі

30 күннен артық емес.

3 күннен артық емес.

30 минуттан артық емес.

6

Келесі әрекет нөмірі

6

7

8




3) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) қызметі

1

Қызмет № (жұмыс тар барысы, ағыны)

8

9

10

11

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮАШ (ЭҮШ)

ЭҮП

3

Қызмет (үдерістің, рәсімдердің,

операциялардың) атауы және олардың сипаттамалары.

Шығыс құжаттарын құрастыру

ЖАО бастығының ЭЦҚ шығыс құжатына қол қою. ЭҮП қызмет көрсету мәртебесінің ауыстырылуы туралы хабарламаны қалыптастыру.

ЭҮП-на шығыс құжатты енгізу арқылы мәртебесінің ауысуы туралы хабарландыру

ды бағыттау.

Шығыс құжатын көрсету арқылы қызмет көрсетудің аяқталуы туралы хабарландырудың көрсетілуі.

4

Аяқтау формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім).

Қол қойылған шығыс құжаттар.

ЭҮП хабарландыру

дың шығыс құжаттармен бірге

жіберілуі.

Бағыттау.

Шығыс құжаттарының көрсету.

5

Орындалу мерзімі

1 күннен артық емес.

1 күннен артық емес.

30 минуттан артық емес.

30 минуттан артық емес.

6

Келесі әрекет нөмірі

9

10

11

-



Ескерту:

Осы кестеде ЭҮП, АЖ және ҚФБ әрекеттері (функциялар, рәсімдер мен операциялар) тізбектелген және электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің технологиялық жүйесінде келесі қызмет тәртібінің нөмірі, аяқталу формалары мен орындалу мерзімдері көрсетілген.


«II, III және IV санат объектілері үшін
мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру» электрондық

мемлекеттік қызмет регламентіне

5-қосымша


1-қосымша

Электрондық мемлекеттік қызметтің «сапалылық» және «қол жетімділік» көрсеткіштерін анықтауға арналған сауалнама түрі


«II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық

сараптама қорытындысын беру» ________________________________________

(қызмет атауы)


1. Сіз мемлекеттік электрондық қызмет көрсету үрдісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?

1) қанағаттанбаймын;

2) ішінара қанағаттанамын;

3) қанағаттанамын.


2. Сіз мемлекеттік электрондық қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сапасына қанағаттанасыз ба?

1) қанағаттанбаймын;

2) ішінара қанағаттанамын;

3) қанағаттанамын.


«II, III және IV санат объектілері үшін
мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру» электрондық

мемлекеттік қызмет регламентіне

6-қосымша





Мемлекеттік электрондық қызметті көрсетудің оң жауабының

(«II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын

беру») шығыс формасы


Серия А-W                       герб          № 00000

 

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ


Өтініш беруші (ұйым атауы)


Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы

__________________________________________________________

(құжаттың, жобаның атауы)

Дайындаған______________________________________________________

(жоба жасаушы ұйымның толық атауы)

Жобаға тапсырыс беруші__________________________________________

(тапсырысшы ұйымның толық атауы, мекенжайы)

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қарастыруына тапсырылғандар

________________________________________________________________

(жоба құжаттарының, тапсырылған кешенді мәліметтер аударымы, басқа құжаттардың атауы)


Қарастыруға _____________________20__ жылы түсті.


Жалпы мағлұматтар

Объект орналасқан ауданның физико-географиялық жағдайының қысқаша сипаттамасы, қоршаған ортаның (фондық) жағдайы, негізгі техникалық, технологиялық шешімдер, технологиялық үдерістің сипаттамасы, қоршаған ортаға тигізілетін кері әсерлер, қазіргі заманғы озық технологиялардың салыстырмалы баламалық нұсқаларын қарастыру.


Жобаланған әрекеттердің қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау

Объектінің атмосфералық ауаға, жер бетілік және жер асты суларына, өсімдіктер және жануарлар әлеміне, жер қойнауына әсерінің, (сонымен қатар), физикалық әсерлер, апаттық жағдайлардың мүмкіндігі және ықтималдығын, экологиялық қауіптің және т.б. сипаттамасы.

Архитектуралық-жоспарлық құжаттарды, елді-мекеннің инженерлік инфраструктуралық даму сызбасын, қолданыстағы кәсіпорынды ұйымдастыру жобасының есептік мерзімдегі қазіргі жағдайының барлық көрсеткіштері қоршаған табиғи ортаға әсерлер бөлімінде көрсетіледі.


Ескертулер мен ұсыныстар

Жобаға ескертпелерді дайындау кезінде болжанған экологиялық жағдайларды ескере отырып, белгіленген өндірісті орналастыру ауданына ерекше талаптардың қойылуы қажет.

Құжат бойынша ескертулер тізімі келесідей болып топтастырылуы қажет:

жобаның негізгі жағдайлар бөліміне ескертулер;

жобаланған әрекеттердің қорған ортаға әсерін бағалау бөліміне ескертулер, соның ішінде:

атмосфералық ауаны қорғау;

су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау;

жер ресурстарын қорғау;

өсімдіктер және жануарлар әлемін қорғау;

денсаулықты қорғау және халықтың социально-экономикалық жағдайы.


Қорытынды

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға тапсырылған құжаттарға келісім беріледі немесе берілмейді деп тұжырымдама қалыптастырылады.

 


Жергілікті атқарушы ұйымның

сараптама бөлімінің бастығы қолы Т.А.Ә.


Орындаған:

Сараптама жүргізген мемлекеттік

экологиялық сараптаманың

сарапшысы, (сараптама комиссиясы)

(тегі және аты-жөні, қызметі)






Похожие:

Регламенттерін бекіту туралы iconКөрсетілетін қызмет тер регламенттерін бекіту туралы №138/5 қаулысына
Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының...
Регламенттерін бекіту туралы iconҚоршаған ортаны қорғау аумағындағы электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы №1033 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы...
Регламенттерін бекіту туралы iconЕкiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Регламенттерін бекіту туралы iconРегламентін бекіту туралы
«Қазақстан Рес-публикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 9-бабына, Қазақстан Республикасы...
Регламенттерін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы
Және «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы...
Регламенттерін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Регламенттерін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Регламенттерін бекіту туралы iconТауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Регламенттерін бекіту туралы iconШетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою және миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №75 қаулысы
Кіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» №558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды...
Регламенттерін бекіту туралы iconӘлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница