Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған




НазваниеСелекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған
страница1/6
Дата конвертации10.02.2016
Размер1.01 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/transactions/370_suleymenov_a.a.._khurast_soltustik_khazakhstanda
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Агротехнология факультеті


Агротехнология кафедрасы


СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ СЕЛЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ

050801 Агрономия мамандығына арналған

Дәрістер жинағы





Павлодар


УДК 630.2(07)

ББК 41.3 я7

О – 69


Агротехнология факультетінің агротехнология

кафедрасы ұсынды


Пікір жазушы: а.-ш. ғ. докторы, профессор Ұ.Х.Әлмішев


Құрастырушы: а.-ш.ғ. кандидаты, профессор А.А.Сүлейменов


О-69 Солтүстік Қазақстандағы жаздық жұмсақ бидайдың селекциясының жетістіктері мен болашағы. – Павлодар,

2010. – 74 б.


Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған.


УДК 630.2 (07)

ББК 43 я7


© Сулейменов А.А. 2010

© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік

университеті, 2010


Алғы сөз

Дүние жүзі егіншілігінде жаздық жұмсақ бидай алдыңғы қатарда. Оны ұн алу үшін өндіреді, өйткені ұннан нан, кондитер және макарон өндіреді. Сонымен қатар бидай дәнінен әр түрлі жармалар дайындайды. Бидайдың арнайы сорттары, әр түрлі малдар мен құстарға, азық алуға қолданылады. Мал азығы ретінде сабағы да қолданылады.

Бидайды ең ірі өндіруші елдер қатарында Канада, Америка Құрама Штаттары, Ресей, Аргентина, Австралия, Мексика, Бразилия, ҚҚР, Индия, Франция, Италияда оны көп өндіреді.

Жаздық бидай Қазақстанда негізгі азық-түлік дақылы. Бұл дақылдың егістік көлемінен және астық жинаудан Қазақстан, Ресей Федерациясынан кейін екінші. Жаздық бидайдың егістіктерінің негізгі аумақтары республиканың солтүстік Қазақстандық далалы жерлері.Көпжылдық мемлекеттік сорт сынаудың мәліметі бойынша, тек осы жерлерде, жаздық бидайдың дәнінде ең көп ақ уыз бен клейковина болады.

Жаздық бидайдың өнімділігін көтеру жолдарының біреуі- жоғарғы өнімді сорттарды құрастырып өндіріске енгізе отырып, олардың тиімді өндіру технологияларын жасау. Сондықтан қазіргі уақытта дүние жүзінде бағалы сорттарды алуға көп көңіл бөлуде және селекция әдістері мен тәсілдерін жақсартып, теориялық негіздерін жетілдіруде.

Жаңа сорттар шығарудағы селекциялық жұмыс өто ұзақ процесс, көбінесе уақытпен байланысты. Осы заманның селекциясының алдында, бұрынғыға қарағанда, өте көптеген мәселелер тұр. Ол мәседелерді бір әлде бірнеше селекционерлер шеше алмайды.

Сондықтан сортты құру жұмыстарына фитопатологтар, физиологтар, технологтар, биохимиктер, генетиктер, биотехнологтар, цитологтар т.б. мамандар кірісу керек. Осы заманның селекциясы-қалыптасқан күрделі ғылым, яғни ғалымдардың, техниктердің және жұмысшылардың еңбегі. Бірақ басқа мамандардың еңбегін ескере отырып айта кету керек, сорттың конструкторы селекционер. Жұмыстың нәтижесіне оның ой өрісі, білімділігі және көп оқығандығы әсер етеді.

Селекция туралы ілімнің, ғылым ретінде, негізін қалаушы Н.И.Вавилов. Көптеген ғасырларда адам қолданатын тірі ағзаларды жақсарту өнер деп есептелінген. Бұл жағдай қазіргі уақытқа дейін өзгерген жоқ. Әр селекционер жұмысында өзіне тән әдіс пен жолды табады. Селекцияда шеберлік ақырғы орында емес, яғни сезгіштік, байқағыштық, көп жылдық тәжірибе және еңбектену-осының бәрі сортты құрастырудың негізі.

Өсімдіктерді жақсартатын және қолданатын ғылыми коллективтердің, жоспарлы мемлекеттік органдардың жұмысы селекциялық процестің нақтылы теориясында негізделіп қазіргі уақыттағы деңгейде шешілу керек.

Селекцияның теориялық негізі – генетика - ағзалардың тұқым қуалауы және өзгеруі туралы ғылым. Тұқым қуалау заңдарын білмей селекционер өз жұмысында дұрыс жол таба алмайды, Кейбір белгілер қалай тұқымда кездесетінін, бастапқы материал ретінде қолданылатын түрлер қандай генетикалық ерекшеліктермен болатынын білу керек. Селекцияның теориялық дәлелдерін тәжірибеде қолдану әрқашан кейін жүреді. Селекционерлер - тәжірибешілер сұрыптау әдістеріне, жыныстық будандастырудың тәсілдеріне, табиғи мутацияларды қолдануға сүйене отырып, ірі жаңалықтар ашып селекциялық процестің теориясын толықтыруда.

Басқа жаздық бидай өсіретін ірі аудандарға қарағанда Солтүстік Қазақстан климаты тұрақсыздықпен, шұғыл континенттігімен ерекшеленеді. Соған қарамай бұл жерде күшті және бағалы бидайдың жоғарғы өнімдерін алуға болады.

Солтүстік Қазақстанның 24 млн.га егістік жерінде қазіргі уақытта жаздық жұмсақ бидайдың селекциялық жұмысын бес ғылыми-зерттеу мекемелері атқарып отыр-академик А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Қарабалық, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар тәжірибе станциялары. Республикада астық өндіруді көбейту ісінде Солтүстік Қазақстан селекциясы көп үлесін тигізді. Өзінің аз дамуына қарамастан жаздық жұмсақ бидайдың сорттарының өнімділігін және құрғақшылыққа төзімділігін, технологиялық және пісетін нан сапаларын көтеруге ат салысты. Ал болашақта астық проблемаларын шешуде оның орны тіпті нығаяды. Бидай өсімдіктерінің өнімділігін әрі қарай дамыту мүмкіншілігін Солтүстік Қазақстан селекционерлері әлі бітірген жоқ, өйткені кеңінен қолданатын әдістері молынан бар, олармен қатар жаңа жолдарын іздестіруде. Ашылып жатқан күрделі өнімді құрастыратын негізгі проблемаларды шешетін өзгерістерді қолдана отырып жақын арада жергілікті топырақ-климаттық жағдайларға сәйкес бидайдың сорттары шығарылылатынында күмән жоқ.


Бидай дақылы Солтүстік Қазақстанда

Бидайды егіп өсірудің қысқаша тарихы

Өсімдіктер селекциясы егіншіліктің дүниеге келуі мен даму барысымен бірге болған. Даму тарихында бір жалпы заңдылықты байқауға болады. Өсімдіктердің өсу жағдайлары жақсартылса, оларды іске асыратын сорттар құрастырылады. Н.И.Вавилов /1935, 1960/ ескерген, егістік жердің мәдениеті, өсімдіктердің мәдениеті жалпы адамның мәдениетімен қатар жүрген.

Ертеден келе жатқан егіншілік жерлерінің өсімдіктерінің жаңа сорттарын өсіру тарихында селекцияны негізгі төрт кезеңге бөледі: жабайы, халықтық, өндірістік және ғылыми. Қазақстанның солтүстігінде егіншілік және бидай селекциясының дамуында өзіне тән тарихы бар. Оған бес жүз жылдай, сондықтан адам затының есінде. Бұл ертедегі егіншілік аумақтарының тарихындағы, өсімдіктер сорттарын өсіру эволюциясымен салыстырғанда, аз уақыт. Бірақ жабайы селекциясының даму уақыты Солтүстік Қазақстанда да болды.

Бидай Қазақстанның солтүстігінде, Андрон дәуірінде, яғни біздің заманымызға дейін 1200-1700 жыл бұрын егіп өсірілген. Бұл 1930 жылы Қостанай облысының Алексеевский поселкесінде жүргізілген археологиялық зерттеулермен дәлелденген. Ол уақыттың ескерткіш қазбаларының ішінде тас кетпендер, қола орақтар, бидайдың дәндері мен сабанының қалдықтары табылған. Табылған дәндер В.Е.Писаревтің айқындауымен жұмсақ бидайдың түріне жатады /П.М.Жуковский, 1957,

.А.Яхтенфельд, 1961/.

Бірақ ерте заманнан бидай өсірілсе де, айтылғандай тарихы қысқа. Бұл жағдай, егіншілік мәдениетінің төмендеуімен байланысты. Ал ол Солтустік Қазақстанда көптеген жылдар басқыншылардың болуы және көшпелі өмірмен байланысты. Ертедегі халық Қара және Азов теңіздеріне ығыстырылған, олармен бірге егіншілік мәдениеті де кеткен. Сол заманнан XIX ғасырдың басына дейін Солтүстік Қазақстан көшпенді халықтардың жолы болған.

Солтүстік Қазақстанда егіншіліктің қайтадан құрылуы 1723 жылғы "Ақтабан шұбырынды» уақытына жатады, бұл заманда қазақтар қалмақтармен соғысқаннан кейін бар малынан айрылып Ертіс езенінің бойына келіп егіншілікпен шұғылданған. Осы тарихи жағдай егіншіліктің басталуына әсер еткен.Солтүстік Қазақстан қазақтарының шаруашылықтарының бастапқы саласы мал шаруашылығы болып қала берді. Ал егіншілік орталықтары оңтүстікте болған / И.С.Сүлейменов, 1948, Е.Б.Бекмаханов, 1966/.

Орыс қоныс аударушылары Солтүстік Қазақстан егіншілігінің дамуына, оның ішінде бидайды өсіруте зор әсерін тигізді. Ол өзгерістер Қазақстанның Ресейге қосылғанынан кейін жылдамдатылды. Бастапқы кезде ел орыс казактарымен басқындалды, әскери қызметтегі олар мемлекеттік үлесте болды. Жергілікті халық мал бағумен болды, сондықтан жер өңдеумен айналыспады. Астықты Қазақстанға, көбінесе, Ресей әкеліп тұрды. 1755 жылы орыс казактарына қазыналық жер бөлінді, ал 1773 жылдан бастан бір адамға міндетті түрде он десятинадан берілді. Бұл азық-түлік проблемаларын шешуге әскери басшылардың қолданған шарасы болды. Бірақ одан еш нәтиже шықпады. Тек XIX ғасырдың басында енгізілген бүкіл әскерлік жерлер жағдайды түзетті. Ал 1846 жылы казактарға бөлінетін жер оннан отыз десятина көбейтілді. Бұл да егіншілік проблемасын шешпеді, ал дамуы, Есіл өзенінің бойын Орталық Ресейден келгендердің отарлауынан басталды.

Ресей үкіметінің отаршылдық саясатымен Солтүстік Қазақстан еркін басып алынды. Солтүстік Қазақстанның егістіктерінде бастапқы кезден бастап бидай егілді.Оның мағынасы жаңа келушілермен бірге көбейе бастады, өйткені тың жерлер жыртыла бастады. Ал XIX ғасырдың аяғында бидай егістіктері басқа дақылдарға қарағанда басым болды. Ол бұл жердің климаттық езгерістерімен байланысты, мысалы кектемгі аяздар тарының пісуіне әсер етті. Бидайдың суыққа төзімділігі, басқа дақылдармен салыстырғанда, оның негізгі орын алуына әсерін тигізді. Сонымен қатар бидай тек қана жергілікті азық ретінде ғана емес, тауар ретінде егілді / И.С.Сүлейменов, 1957,/.

Арнайы жолдардың болмауы, тауар сататын орындардың алыстығы Солтүстік Қазақстанның жаңа игеріліп жатқан жерлерінде ірі тауарлық егіншіліктің дамуына кедергі жасады. Жазық жерлерде құрғақшылық жиі болғандықтан, көбінесе шоқылы жерлерге бидай егілді, ол жерлерде өнім көбірек болды. Қалай болса да Солтүстік Қазақстанның кең жерлері мал шаруашылығын дамытуға пайдаланылды /Б.А.Федорович, 1960,/.

Солтүстік Қазақстанның егіншілігі дамудағы түпкілікті өзгерістер XX ғасырда болды. Жаздық бидайдың көлемін көбейтуге және тауарлық дақыл ретінде мағыналы болуына көп әсер еткен тың және тыңайған жерлерді 1954-1955 ж.ж. көтеру. Сол уақыттан бастап Солтүстік Қазақстан күшті бидайдың дүние жүзіндегі ірі өндірушісі және бұрынғы КСРО-ы жаздық бидай астығымен қамтушысы болды.

Солтүстік Қазақстандағы бидайлардың тегі, түрлері және түршелері

Бидайдың ескі егіншілік региондарынан Солтүстік Қазақстанға ауысуымен бұл жерге әр уақытта жаздық бидайдың әр түрлі экологиялық типтері әкелініп жатты, тез піскіш ылғал сүйгіштерден суармалы жерлердің оңтүстіктің ыстыққа төзімді түршелері мен түрлері. Көбі қоныс аударушылармен бірге әлде қандай да тұқым болса деп әкелінді. Олардың барлығы жергілікті бидайдың құрамына әсер етті, ал солтүстіктегі бидайлар аз да болса сорттық тазалыққа сенім артты /М.Ф.Терновский, 1927, В.И.Кандауров, 1976/.

Орынды есепке алынбағандықтан және егістік материалды араластырудан, ашық далада көп жылдар өсіргендіктен, аймақтың топырақтық-климаттық жағдайына икемделген бидайдың жергілікті түрлері қалыптасқан.

Бидайдың жергілікті сорттарының қалыптасуына көп әсер еткен, бәлкім, спонтандық будандастыру және Солтүстік Қазақстанның қатал климатында жүргізілген табиғи сұрыптаудағы өзгергіштік. Бұл факторлардың әсерімен басқа жерлердің бидайлары бастапқы ботаникалық құрамын өзгертті. Қазақстанның жергілікті бидайларын Н.И.Вавилов атындағы Ресейлік өсімдік шаруашылығы институтының дүниежүзілік коллекциясымен салыстыра отырып және бидайлардың өсіп-өнуін ботаникалық-географиялық жағынан зерттеп, Солтүстік Қазақстанның бидайларының географиялық шығу тегін анықтаған. Оның пікірі бойынша бидай Қазақстанның солтүстігіне Ресей Федерациясының батысы мен солтүстік-батысынан әкелінген. Архивтік құжаттарды талдай отыра И.С.Сүлейменов /1957,1971/ бидайлар келген орындарды нақтылы көрсетеді. Солтүстік Қазақстанға бидай батыс Сібірден /Ақмола, Атбасар, Петропавл уездеріне/, Оралдан /Қостанай уезіне/, ал Жайық бойынан Батыс Қазақстанға /Орал, Ақтөбе уездеріне/ әкелінген.

Қазақстанның солтүстігінде бидайдың түршелері аз кездеседі. Сонымен, XX ғасырдың 40-ншы жылдарында академик В.П.Кузьмин Т. аеstivum 63 түршелерінің Қазақстанда болатын тек қана тоғызын, ал Т. соmрасtum Ноst 20 түршелерінің тек екеуі кездесетінін ескертеді. Осындай ботаникалық құрамда құлдырауды тек қана климатымыздың өжеттігін көрсетеді.

Солтүстік Қазақстанға селекциялық сорттарды өндірістік егістіктерге енгізбей тұрғанда жаздык, бидай екі түршелермен ғана өркендеген - еutescens-А1 және milturum А1. Егістік көлемінде 50-55 процент жерді алқымдаған Lutescens А1. Көбінесе олар орташа уақытта пісетін сорттар болған /Полтавка, Улъка, Ноэ т.б/. Қазақстанда оларды жалпы ақ масақты деп атаған,

Ал егістіктің 25-40 процент алқабын алған milturum АЕ түршесі. Олар орташа кеш пісетін сорттардан тұрады және де олар сыртынан жалпы қызыл масақты деп аталып келген.

Егістіктерде қоспа ретінде басқа түршелер кездескен - егутrоsрегmum Коегп fеггіgіпеum А1, ал өте сирек ретінде аІЬіdиm А1, саеsіиm А1, һоstianum сlеm. В.П.Кузьминнің /1965/ ойынша бидайдың кеш пісетін сорттарының жиі кездесуі, олардың өнімділігінде, ерте пісетіндерге қарағанда. Кеш пісетін сорттардың көбінен таралуы егістіктің аздығынан және агротехникасының өздігі болуы /бункерлік егу, өнімді маялау/. Ол уақытта Қазақстанның солтүстігінде бидайдың орташа және кеш пісетін сорттары болғандығы сондықтан. Бұл жағдай осы уақытқа дейін болса да, қазіргі уақытта көзқарас өзгерді, өйткені егістік көлемдер ұлғайды, онымен қатар дақылды өсіру технологиясы өзгерді.

Солтүстік Қазақстандағы селекциялық жұмыстың тарихы

Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидайдың селекциялық жұмысы 1936-1937 ж.ж. үш облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе станцияларын, Қарабалық /Қостанай облысында/, Шортанды / Ақмола облысында/, Қарағанды /Қарағанды облысы/ ұйымдастырудан басталды. Бұл бірінші тәжірибе станцияларында селекционерлер аз және материалдық-техникалық жағдайлары да төмен болды.

Селекциялық жұмыстар басталған кезде Солтүстік Қазақстанның көптеген жеріндегі егістіктерде Сібір және Волга бойының селекциясының бидай сорттары /Мильтурум 321, Цезиум 111, Лютесценс 62, Эритроспермум 842 т.б / егіле бастады. Бұл сорттардың жергілікті селекциялық материалдарға ұқсас кемшіліктері бар, қолайсыз әсіресе құрғақ жылдары өнімін төмендетеді.

Бірінші жылдары селекционерлер жергілікті материалдарды зерттеумен болды. Онымен қатар шеттен келген коллекциялық материал зерттеліп жатты. Селекциялық жағынан сұрыптау жүргізіліп, оларды әр түрлі - жәй, күрделі, алыс және жақын шағылыстырулардан өткізді. Бастапқы материалды кеңінен зерттеп және климаттық жағдайларды тереңінен талдаудың нәтижесінде бірінші жылдары /1936-1938/ Солтүстік Қазақстанда селекциялық жұмыстың бағдары мен нұсқаушылығында кейбір ерекшеліктері белгіленді. Өнімнің деңгейі мен тұрақтылығы жағынан орташа және кешірек пісетін сорттар көзге түсті. Сондықтан сол типтес сортгарды шығаруға, жаздық жұмсақ бидайдың селекциясында, көп көңіл бөлінді /В.П.Кузьмин,1966, 1968/.

Солтүстік Қазақстанның жергілікті бидайларының түрлерінен сұрыпталған түрлер жағымды көрсеткіштер берген жоқ. Қарағанды, Қарабалық және Шортанды тәжірибе станцияларында сұрыпталған ең жақсы селекциялық үлгілер, суыққа, қуаңшылыққа төзімділігімен, агротехникалық жағдайларды талдамайтын болса да, олар Сібірде шығарылған сорттардан өнімділігімен басымдылық көрсетпеді. Тек Қарабалық тәжірибе станциясында селекционер Л.В.Пименова жергілікті бидайлардан сұрыптай отырып өнімді, құрғақшылыққа төзімді жұмсақ бидайдың сорттарын-Карабалыкская 1401,Белоколоска 13, Гостианум 7280 құрастыра алды.Жаздық жұмсақ бидайларының шеттен келген коллекциялық материалдарында да жергілікті жағдайларға икемделген сорттар болмады.

Тек будандастыруды кеңінен қолдану негізінде Қазақстанның солтүстігінде шаруашылық-биологиялық белгілері мен қасиеттері бар жаңа сорттарды құрастыру мүмкін болды. Бидайдың генетикалық, биологиялық жағынан жақын және алыс түрлерін шағылыстыруға қатыстырды. Солтүстік Қазақстан жағдайларына жақсы икемделген сорттарды құрастыруға көп теориялық және тәжірибелік үлес қосқан бұрынғы К.Б.Бараев атындағы Шортанды тәжірибе станциясы, соның негізінде болашақта, астық дақыддар және басқа ауыл шаруашылық дақылдарының Солтүстік Қазақстан селекциялық орталығы құрылды.Осы жерде академик В.П.Кузьминнің басқаруымен жаздық жұмсақ бидайының кептеген сорттары шығарылды.

1945 жылы аудандырылған Акмолинка-1 сортын В.П.Кузьмин Канада сорты Маркизді құрғақшылыққа және тұзға өте төзімді Украинаның күзгі бидайымен шағылыстырудың нәтижесінде алған. Ол сорт жазғы қуаңшылық пен көктемгі аяздарға өте төзімді.Келесі Шортандинка және Снегурка сорттары Акмолинка-1 сортының негізінде алынған. Бұл сорттар өнімділігі жағынан жергілікті және шеттен келген сорттардан 3,0-4,0 ц/га артық түсім берген.

Сонымен селекциялық жұмыстың бірінші кезеңінде /1936-1951/ Қазақстанның солтүстігінде құрғақшылыққа төзімді, жоғары өнімді жаздық жұмсақ бидайдың сорттары алынып аудандырылды. Ол сорттардың егістік алқаптары Қазақстанда 3,5 млн.га асты. Бірақ та сорттардың барлығының наубайханалық сапасы төмен болды. Тың және тыңайтылған жерлерді көтеруімен /1954ж/ Солтүстік Қазақстанның көптеген жерлері жыртылды, сондықтан жаздық бидайдың егістік алқаптары көбейді. Астық шаруашылығы жоғары тауарлы болды. Бұрынғы КСРО республикаларына экспортқа көп астық жіберіп отырды. Астықтың сапасына қойылатын талаптар көбейді. Тың және тыңайтылған жерлерді игергеннен кейін /1957-1970 ж.ж/ жаздық жұмсақ бидай селекциясында жоғарғы және жақсы наубайханалық қасиеттері бар сорттарды алу негіз болды. Бұл аумақтағы аудандырылған сорттар шеттен келген жоғары сапалы сорттармен алмастырылған, көбінесе Волга бойы селекциясының /О.С. Хориков т.б, 1977/.

Солтүстік Қазақстанда жоғарғы сапалы сорттарды құрастыру және топталуының объективтік себептері болды. ¥лы Отан соғысы кезінде одан кейінгі жылдары нанның жетіспеуі сезілді.Сол себептен Қазақстанның солтүстігінде, ең бірінші, жергілікті климаттың ерекшелігіне икемделген жоғары тұрақты өнім беретін сорттар құруға көңіл бөлінді. Қалай да болмасын өнімнің сапалық қасиеттерін белгілейтін селекциялық жұмыс ұмытылмаса да ең бастысы оларды бағалағанда өнімділік болды.

Астық өндіру өсе келе өнімді сорттармен қатар жоғарғы сапалы дәндері бар сорттар керек болды. Қазақстанның солтүстігінде күшті бидайлардың тобының біріншілері болған Қызыл Бас /Қарағанды МАШТС/ және Целиноградка /Қазақ АШҒЗИ/.

1973-1974 ж.ж Акмола, Көкшетау, Қостанай және басқа облыстарда Қазақ АШҒЗИ селекциясының жаздық жұмсақ бидайының Пиротрикс 28 сорты аудандырылды. Өнімділігімен Пиротрикс 28 аудандырылған сорттардан 3,0-3,5 ц/га асып түсті және кейбір жылдары 700 мың га алқаптарға егілді. Пиротрикс 28 дәнінің сапасына Англия технологиялық зертханасы жоғары баға. берді. Д.В. Кент Джонс және А.И. Амос: "Бұл бидай ұнның күшімен Манитоба көрсеткіштерінде, ал Манитобанікінен протеині көп. Протеиннің көп болуын, күштілігін және химиялық өңдеуге жақсы берілетінін еске ала отырып, Англияда қолданатын "күштілер тобына" енгізілуге бұл өте жақсы бидай ұсынылып отыр "-деді. /А.И.Бараев т.б. 1976,115-бет/.

Бірақ болып жатқан табыстарға қарамастан бидайдың сорттарының селекциясында Қазақстанның солтүстігінде селекциялық ұйымдары құрылғаннан кейін кемшіліктер мен артта қалушылық байқалды. Осының барлығы көбінесе материаддық жабдықтау, селекциялық орындардың ескіруімен байланысты. Техникалык, жабдықтаудың төмендігінен істелетін жұмыстардың көлемі азайып және жұмыстарды ұйымдастыру түрлері ескірді. Мысалы, көптеген облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе станцияларында селекцияны бір-үш ғылыми қызметкерлер атқарды. Көбінесе бір адам селекциялық жұмысты бірнеше дақылдармен жүргізді. Осының бәрі жаңа талаптарға сай болмады. Жоғарғы білікті мамандардың жетіспеуі, керек құралдардың жоқтығы, әсіресе қатарлас мамандардың -фитопатологтардың, технологтардың, биохимиктердің т.б жетіспеуі - тәжірибе станцияларының жемісті жұмыс істеуіне мүмкіндік бермеді. Сондықтан 1971 жылы Қазақстанның солтүстігінде Қазақ астық шаруашылық институтының негізінде /бұрынғы Шортанды тәжірибе станциясы/ Солтүстік Қазақстандық селекциялық орталығы құрылды. Бұл селекциялық орталықтың нұсқауымен 5 тәжірибе станциясы жұмысқа қосылды: Қарабалық, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар станциялары, Бұл бірнеше бөлек, кейбірі бір-бірінің жұмысын қайталайтын тәжірибе станцияларының орнына ең ірі ғылыми селекциялық орын құруға мүмкіндік берілді. Аймақта селекциялық орталықтың ашылуы жаңа сорттарды жасау жұмыстарын реттеуге жұмылдырды және ірі ғылыми комплекстер салуға әсерін тигізді. Қосымша тақырыптар ашылғандықтан Солтүстік Қазақстан селекциялық орталығына маман қызметкерлер алынды. Жұмыстарды ұйымдастыру түрлері, техникалық қамтамасыз ету өзгеруімен селекционерлердің жұмыстары өзгерді. Жалғыздардың уақыты өтті. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан селекциялық орталығы - өндірістік объектілері, энергетикалық және зертханалық жабдықтары бар, барлық мамандармен қамтамасыз етілген үлкен ұжым.

Солтүстік Қазақстан орталығы құрылғаннан кейін Мемлекеттік сорттық сынауға жаздық жұмсақ бидайдың жиырмадан астам сорттары берілді, олардың көбі аудандырылған - Целинная 20, Целинная 21, Целинная 26, Целинная 60, Целинная Юбилейная, Целинная Зс, Акмола 2. Солтүстік Қазақстан селекциялық орталығының құрастырған жаздык, бидайының сорттары жоғары өнімді және өте жақсы наубайханалық, технологиялық сапалары бар.Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан селекциялық орталығының бидай сорттары 1936 жылдан бері дәстүрлі селекцияның әдістерінің негізінде құрылған. Оларды құрастырғанда дәннің сапасы, өнімділігі, құрғақшылыққа төзімділігі, тез пісетіндігі, жапырағының көлемі, тамыр жүйесінің ерекшеліктері т.б. -аналитикалық және синтетикалық селекцияның әдістері қолданылды. Бірақ дәстүрлі селекция әдістерін қолданғанға негізделген селекциялық процесс өндірістің сортқа қоятын қазіргі уақыттағы талаптарына жауап бермейді. Оны көптеген себептермен түсіндіруге болады, ең бастылары - селекциялық процестің ұзақтығы, ұрпақтар ауысуы, зерттелетін селекциялық материалдың көптігі, жүргізілетін эксперименттердің қиындығы, сұрыпталатын өсімдіктер түрлерін интуитивті / болжамдап/ бағалау. Бір айтарлығы, бүгінгі уақытта Қазақстанның солтүстігінде жыныстық будандастыру әдісін қолдану мүмкіндігі мол.

Құрғақшылыққа төзімділік, тез піскіштік, қауіпті патогендерге төзушілік-аумақтағы астық дақылдарының селекциясындағы шиеленіскен проблемалар.

Кейінгі жыддары көптеген елдерде селекцияның жаңа тәсілдерінің теориялық негіздерін дамытуға бет бұрған, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің геномдарын жасуша, ұлпа және мүше деңгейінде тиімді қолдануға мүмкіндік берілді. Көптеген әдістер биологияның фундаментальдік жасауларына негізделген биотехнологияда бар. Биотехнологиялық зерттеулер көптеген елдерде кеңінен таралған. Олар ізденістерін көптеген салаларда жүргізеді. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің селекциясындағы зерттеулердің қоятын нысанасы - жаңа өсімдіктер құру әдістерін жасау, олар ауыл шаруашылық өндірісінде ғылыми-техникалық процестің негізін салу.

1987 жылы Ақмола аграрлық университеті негізінде Ақмола ауыл шаруашылық биотехнологиялық орталығы ұйымдастырылды. Оның негізгі бағдарламаларының бірі - ғылыми-технологиялық процесті селекцияға және өсімдік шаруашылығына енгізу. Қазақстанның солтүстігінде биотехнологиялық орталықты ұйымдастыру, ауыл шаруашылық дақылдарының селекциясында аумақта ауыл шаруашылық өсімдіктерін жақсартудағы көзқарастарды өзгертумен байланысты. Бірнеше ауыл шаруашылық дақылдарының селекциясында қазіргі уақытта сорттарды құрастырғанда физиологиялық, биохимиялық және генетикалық өнімдерді көтеретін аспектілерге көп көңіл бөліну керек.

Өсімдіктер селекциясында биотехнология әдістерін қолдану нәтижелерін 2000 жыл басталғаннан кейін күтуге болады. Қазіргі уақытта селекцияда биотехнология кеңінен қолданылады.

Дүние жүзінің көптеген елдерінде биотехиологиялық әдістер селекционерлерге жаңа сорттарды құрастыруға уақытты үнемдеумен бірге жұмыстарды жалғастыруға әрқашан материал береді.

Солтүстік Қазақстандағы бидай селекциясының негізгі шешетін мәселелері

Солтүстік Қазақстан егіншілігі үдету, топырақтың құнарлылығын көбейту және толық пайдалану жолдарымен даму керек.

Жергілікті климатқа жақсы икемделген бидай сорттары керек, олар жоғары енімді, тез пісетін, дәні сапалы, аурулар мен зиянкестерге төзімді болулары шарт
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған iconОблыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану
Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»...
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған icon30. 03. 11 г. №297 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы
Азақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет...
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған icon«химия және биология» факультеті «биология» кафедрасы» Микробиология және вирусология» пәнінен
Силлабус оқу бағдарламаға сәйкес құрастырылған. Кафедра мәжілісінде бекітілген. 26. 08. 2010ж
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған icon“Программаны әзірлеудің құрал-саймандары” пәнін оқытудың
«Есептеу техникасы және программалық камтамасыз ету» мамандығы бойынша оқитын студенттеріне арналған «Компьютерлік жүйелердің интерфейстері»...
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған iconРадиотехника және байланыс факультеті
Курс бағдарламасын Қр мжсб және мамандықтың квалификациялық сипатының мазмұнына, типтік бағдарламаға сәйкес Компьютерлік технологиялар...
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған iconРадиотехника және байланыс факультеті
Курс бағдарламасын Қр мжсб және мамандықтың квалификациялық сипатының мазмұнына, типтік бағдарламаға сәйкес Компьютерлік технологиялар...
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған iconЖоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
«Қаржы», 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5В051100 «Маркетинг» бакалавр мамандықтары студенттеріне оқылатын «Бухгалтерлік...
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған iconДиссертациялық жұмыс Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Аналитикалық зертханасында» жүргізілді
Физиологиялық және биохимиялық әдістерді күнбағыс селекциясы және тұқым өндірісінде пайдалану
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Шетел әдебиеті» пәнінен 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
Селекция және тұқым шаруашылығы пәнінен курста оқылатын типтік бағдарламаға сәйкес және пәнді жақсы игеруге арналған iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Шешендік өнер» пәнінен 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница